Кӛркем сӛз және прагматика (М. С. Серғалиевтің еңбектері бойынша)



жүктеу 155.45 Kb.
Pdf просмотр
бет2/2
Дата10.02.2022
өлшемі155.45 Kb.
#17148
1   2
KORKEM-SOZ-ZHANE-PRAGMATIKA
kazak grammatikasy fonetika sozzhasam morfologiia sintaksis
басылып, жауа бораған боран айығыпты. Алыстағы ақ белден көрінген күн 

қып-қызыл  екен.  Қысылып,  қиналып  шыққандай.  (Абай,1)»  [2,31  б].  Мұнда 

ғалым    М.Әуезовтей  ұлы  жазушының  сӛз  қолдану  шеберлігі  кез-келген 

адамды  бей-жай  қалдырмаса  керек,  оны  оқыған  оқырман  сӛз  құдіретінің 

сиқырына таңғалып, ӛзінше әсер алатындығын айтқысы келеді. Ғалымның әр 

сӛз  зергерінің  шығармашылығындағы  сӛздің  терең  сырына  аса 

талғампаздықпен  қарауы  арқылы  оның  кӛркем  сӛздің  прагматикалық 

әлеуметіне бойлағанын бірден байқаймыз.  

Халықтың сӛздік қорындағы кӛркем сӛзі тілдің түрлі бейнелеу-мәнерлеу 

құралдарын  (троптар  мен  стилистикалық  айшықтауларды)  жазушының 

орынды  әрі  тиісінше  кӛркем  қолдауына  байланысты  байып  отырады.  Бірақ 

бұдан    бір  ғана  жазушы  халық  тілін  жасайды  деген  ой  тумауы  қажет. 



WWW.ENU.KZ

 

 



 

Асылында,  белгілі  деңгейде  оның  кӛркеюіне  себепші  болары  анық.  Бұл 

жайында ғалым:  «Сонымен, жазушының қайсысына да қойылатын ең басты 

міндеттердің  бірі  –  сӛз  саптау  тұрғысынан  ӛзгеге  ұқсамайтын  ерекшелігінің 

болуы. Әрине, жазушы қандай ірі тұлға болғанымен, бір автордың тілі халық 

тілін  жасай  алмақ  емес.  Солай  бола  тұра  халық  тілін  байытуға  классиктер 

ғана емес, жазушылықты мұрат еткен адамның қайсысы болса да үлес қосуға 

міндетті. Оның аты – сӛз қолдануда, жекелеген сӛз жасауда, сӛз мағынасын 

жіті  аңғаруда,  сол  қажетті  мағыналық  қырды  орайымен  кірістіруде  ӛзіндік 

қолтаңбасы болуы керек деген сӛз» [3,145 б] дей келе «Сӛз қолдануда ӛзіндік 

даралығы  жоқ  жазушының  шығармасы  кӛркем  деп  бағаланбайды»,  -  дейді. 

Ғалым  ӛзінің  еңбектерінде  кӛркем  сӛз  иесіне  қоятын  талабын  осылайша 

айқындайды. Ал, осы  кӛркем сӛздің кӛркеюіне, дамуына, жетілуіне себепші  

болған  сӛз  зергері  оқырманына  түрліше  жолдар  арқылы  әсер  ету  мүмкін, 

соның негізінде олардың арасында прагматикалық байланыс орнайды. Мұны 

біз ғалымның М.Әуезовтің «Қорғансыздың күні» әңгімесін талдау барысында 

аңғарғандығын  кӛреміз:  «Жас  М.Әуезовтің  тапқырлығы  мен  аңғарғыштығы 

осы орайда кӛзге анық түседі. Шындығында келгенде, Арқалық атырабында 

алты  ай  қыста  аз    күн  болса  да,  май  тоңғысыз  болмағанымен,  жалтырап 

күннің кӛзі кӛрінер де кездесер, боранның сейілтер шағы да ұшырасар, бірақ 

сондай  ызғарлы,  қорқынышты,  аянышты    ортаны  табиғат  құбылысының  да 

сұрапыл  сәтін  барынша  кӛрнекті  суреттеу  сұмдық  оқиғаның  алдындағы 

увертюрдай  әсер  береді.  Алғашқы  сӛйлемдерден-ақ  оқырмандарын  баурап 

алып,  сезімге  бӛлеп,  дәлірек  айтқанда,  таң  қалдырып,  тіпті  еріксіз  жетелеп 

отырады» [2, 46 б], - дейді.  

Қазақ  тілінде  прагматикалық  бағыт  кешеуілдеп  пайда  болғанымен,  осы 

уақытқа  дейін  бұл  бағытты    «прагматика»  деп  нақты  атамағанмен  қазақ  тіл 

білімінде  бұл  туралы  пікірлер  оған  дейін  айтылмады  деп  үзілді-кесілді 

қорытындыға  келуге  болмайды.  Бұл  туралы  алғашқы  пікірді  қазақ  тілі  мен 

әдебиетінің теориялық  негізін қалаушы    А.Байтұрсынов:  «Айтушы  ойын  ӛзі 

үшін  айтпайды.  Ӛзге  үшін  айтады.  Сондықтан  ол  ойын  ӛзгелер  қиналмай 

түсінетін  қылып  айту  керек.  Оның  үшін  айтушы  сӛйлейтін  тілін  жақсы 

қолдана  білу  тиіс.  Яғни  әр  сӛздің  мағынасын  жақсы  біліп,  дұрыс  сӛйлемді 

тізе білу  тиіс» [3,178 б].-дейді. Ғалым  А.Байтұрсыновтың бүгінде  осы пікірі 

қаншалықты құнды болса, ғалым М.Серғалиевтің де жоғары да осы тұрғыда 

айтылған пікірі сол пікірдің жалғасы іспеттес.  

«Мәселен,  академик  М.Серғалиев  Мұхтар  Әуезовтің  тіл  туралы 

пікірлерін  талдағанда  қазақ  әдеби  тілі,  оған  Абай  шығармаларының  әсері 

туралы  ұлы  жазушының  айтқандарын  Сәбит  Мұқановқа,  жалпы 

шығармашылық  ізденістер  табысын  басқа  да,  ақындар  поэзиясының  тіліне 

қатысты  сүйсіне  талдағанын  дәйектей  келе,  М.Әуезов  айтқан  ой  ұшқынын 

сәулелендіріп  жібереді.  Сыншы  ретінде  ол  М.Әуезов  пікіріне  жаңа 

мысалдарды  тізбектеп,  ойға  ой  қосады,  дамытады,  дәлелдейді.  Мұнысы 

Ғабең,  Ғабит  Мүсіреповтың  «бір  сӛз  бір  сӛзге  жарығын  түсіріп  тұрады» 




WWW.ENU.KZ

 

 



 

дейтін  әйгілі  афоризмін  еске  түсіреді»  [5,8  б]  деп  айтпақшы,  ой  ұшқынын 

сәулелендіру,  «бір  сӛз  бір  сӛзге  жарығын  түсіру»  арқылы    сӛздің  кӛркемдік 

қуаты артады, сол арқылы оның оқырман қауымына деген әсері де күшейеді. 

М.Серғалиевтің  кӛркем  сӛздің  сыр-сымбатын  тереңнен  бойлап  зерттеуі, 

кӛркем  сӛзге  талап  қоюы,  кешегі  зертеушілер  пікірімен  сабақтастыра 

отыруының  ӛзі  ғалымның  кӛркем  мәтінді    талдаудағы  сӛзсіз  шеберлігі  деп 

білеміз.  

Ғалым  ӛзінің  еңбегінде  сӛздің  кӛркемдік  қуатын  арттыратын  құралдарға 

тілдің  бейнелеу  құралдары  жатады  деп  кӛрсетеді.  Бұл  бейнелеу  құралдарын 

қолдану  кӛркем  әдебиет  стилінің  ерекшелігі  деп  таниды.  «Жазушы 

шығармаларынан  тілдік  құралдарды  қолданудың  тамаша  үлгілері  кӛзге 

түседі.  Қайсыбір  суреткерлердің  сӛз  қолданудың  саналу  түрлерімен 

шектелетіні бар. Айталық, біреулері метафораны үйіп-тӛгіп  пайдаланады да, 

троптың  басқа  түрлеріне  соншалықты  мән  бере  бермейді;  екіншілері 

сӛзжасамға    қабілетті  келеді  де,  кӛркемдік  құралдардың  ӛзге  түрлері 

бәсеңдеу  таныла  береді.  Енді  біреулері  «ӛз  ауылының  тіліне»  кӛбірек  кӛңіл 

бӛліп,  суреткерге  қойылатын  шарттарды  тең  ұстамайды.  Ал  Мұқаңның 

ұлылығы  сӛз  қолданудың  әр  тараптылығынан,  әр  сӛйлемнен  байқалып 

отырады.  Демек,  М.Әуезов  туындыларындағ  мағынасы  кӛмескі  сӛздерді 

жаңарту  да  бар,  жалпы  қолданыстағы  сӛздердің  былайғыларына  біліне 

бермейтін  сырын  ашу  да  бар,  синоним,  антоним,  омонимдердің  ішкі 

мазмұнын дәл тану да бар, тосын сӛз тіркесі мен  дағдыдан тысқары жалғау 

да  бар,  әр  кейіпкердің  аузынан  айтылатын  аңғал  сӛз  де,  ұлағатты  ой  да  бар 

және  осылардың  бәрі  ӛз  орнында  ӛте  бір  қисынмен  жарасымын  тауып 

отырады»[2,  29  б]  деп  суреткерлердің  сӛз  қолдану  шеберлігі  түрліше  болуы 

мүмкін,  кӛркем  сӛздің  ӛрнегін  кестелеп  беру  бұл  суретшінің  қылқаламен 

салған  ғажап  туындысы  тәрізді  болуы  керектігін  де  айтып  ӛтеді.  Кӛркем 

сӛздің  табиғатына  мұншалықты  мән  беріп,  ӛзі    ӛмір  сүрген  уақыттың  үздік 

туындыларын  сұрыптап  алып,  оған  сын  тұрғысынан  қарап,  кем-кетігін 

толықтырып  кӛркем  шығарманы  қай  қырынан  алып    талдап-таразылауда 

ғалым алдына жан салмады.  

Ғалым  сонымен  қатар  кӛркем  сӛздің  әсерін  ғана  емес,  ана  тіліміздің 

сиқыры мен құдіретін түсінуде жас та, жасамыс данышпан да Абайдан тәлім 

алу  керектігін  айтады.  «....ұлы  ойшыл  қандай  елеусіздеу  кӛрінетін  адами 

мәселенің  тӛңіргінде  сӛз  қозғалса  да,  жүрекжарды  сырын  санаға  жеткізсе, 

талдап, санамалап айтады, демек философ-ақынның ойының сыртқа шыққан 

мазмұнында  ойдың,  оны  түсінікті  етіп  тұрған  сӛздің  байлығы  да,  тазалығы 

да,  қисындылығы  да,  тіпті  әуені  мен  интонациясы  да  барынша  айқын 

сезіледі.  Соның  арқасында  оқырман  ӛзін  бейжай  ұстай  алмайды,  әлде  бір 

жақсы әркетке ұмытылады, яғни данышпанның ойы сӛздері орнымен, әсерлі 

қолдануы  нәтижесінде  логикалық  қуатымен,  психологиялық  ықпалымен 

еріксіз  баурап  алады»  [2,184  б]  дей  келе  кӛркем  сӛздің  құдіреттілігі 



WWW.ENU.KZ

 

 



 

соншалық, ол тек оқырманына әсер етіп қана қоймайды, жақсыға ұмытылуға 

тәрбиелейтінін айтады.  

Сӛзімізді  қорыта  келе,  күллі  ғұмырын  ғылымға  арнаған  ғалым  

М.Серғалиевтің  қазақ  тілінің  қай  саласында  болмасын  атқарған  еңбегі 

ӛлшеусіз.  Ғалымның  еңбектерін  оқып  отырсақ,  әрі  тілші,  әрі  сыншы,  әрі 

әдебиетші, әрі аудармашы ретінде танимыз. Бүгінде ғалымның «Сӛз сарасы», 

«Кӛркем  әдебиет  тілі»  «Кең  ӛріс»,  «Ой  ӛрнегі»  деген  сияқты  еңбектерін 

филология  мамандығынын  студенттері  мен  магистранттары  үшін  оқыту  аса 

маңызды.  Бір  сӛзбен  айтсақ,  ғалымның  ғылым  мен  білімге,  адебиет  пен 

мәдениетке қосқан еңбегі еш уақытта маңызын жоймас.  

 

Пайдаланылған әдебиет 

1)Алкебаева.Д.А. Қазақ тілі стилистикасының прагматиасы. Алматы, 2005 

2)Серғалиев.М Кӛркем әдебиет тілі. - Астана, 2006. 

3) Байтұрсынов А. Әдебиет танытқыш. – Алматы: Атамұра, 2003.- 208 б 

4)Серғалиев.М Стилистика негіздері.- Астана, 2006. 

5)  Тіл  білімі  ҚР  ҰҒА  академигі  М.С.Серғалиевтің  70  жасқа  толуына  орай 

ӛткізілген    қазақ  тілінің  стилистикасы  және  тіл  мәдениеті  атты 

республикалық  ғылыми-теориялық  конференция  материалдары.  Астана, 



2008. 

 

жүктеу 155.45 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет