Кӛркем сӛз және прагматика (М. С. Серғалиевтің еңбектері бойынша)



жүктеу 155.45 Kb.
Pdf просмотр
бет1/2
Дата10.02.2022
өлшемі155.45 Kb.
#17148
  1   2
KORKEM-SOZ-ZHANE-PRAGMATIKA
kazak grammatikasy fonetika sozzhasam morfologiia sintaksis


WWW.ENU.KZ

 

 



 

КӚРКЕМ СӚЗ ЖӘНЕ ПРАГМАТИКА 

(М.С.Серғалиевтің еңбектері бойынша) 

                                                                            



Әлханова Ж.Ж. 

3-курс студенті 

Ғылыми жетекшісі: ф.ғ.к., доцент Ж.Қ. Өмірбекова 

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті. Астана қаласы 

 

 



 

Прагматика  –  бүгінде  қазақ  тіл  білімінде  ӛрісі  кеңейіп  келе  жатқан 

салалардың  бірі.  Қазіргі  таңда  қолданыс  тіліндегі  стиль  мәселесін 

стилистиканың прагмастилистика саласы зерттесе, коммуникация бағытында 

тілдің 

субстанциялық-функционалдық 

қасиеттерін 

зерттеумен 

прагмалингвистика  саласы  шұғылданады.  «Реалды  ақиқатқа  құралған  ӛмір 

ситуацияларында  адам  қандай  жағдайда  таңбалар  арқылы  ӛзінің  ой-пікірін 

тыңдаушыларына немесе оқырманына жеткізе алатындығын үйретуді мақсат 

етеді.  Прагмалингвистиканың  зерттеу  нысанын  толық  тану  үшін  сӛйлеу 

тіліндегі дискурс пен мәтіннің мазмұндық-ақпараттық мәнін ашу керек» [1,12 

б].  


Халық  тілінің  байлығын  және  кӛркем  құралдарды    пайдалалану  арқылы 

кез-келген  жазушы  дүниеге  кӛркем  туынды  әкелуімен  қатар,  ол  ӛзінің 

суреткерлік  шеберлігі  әрі  шығармада  қолданған  кӛркем  сӛздің  эмоциялық 

бояуының басымдығы арқылы кез-келген оқырманға түрліше әсер ете алады. 

«Адресант  адресатқа    мәтіннің  мағыналық-ақпараттық  мазмұнын  толық 

жеткізіп, мәнін ашып беруде оның жан-дүниесіне әсер етіп, сезімін ояту үшін 

белгілі прагматикалық мақсатын қанағаттандыру үшін стилистика ғылымның 

«еншісіне» тиесілі тілдік стилистикалық амал-тәсілдерді пайдаланады» [1,13 

б].  Қазақ  халқының  тұла  бойы  табиғатына  тән  қасиет  –адамға  сӛз  арқылы 

ықпал ету. Сол себепті де қазақ тіл білімінде прагматикалық бағыттың пайда 

болуы кездейсоқ құбылыс емес.  

Кӛркем  сӛздің  табиғатын  саралау  негізінде  жасалған  прагматика 

саласының  кейбір  тұстарын  қазақ  тіл  білімінің  кӛрнекті  зерттеушісі  

М.Серғалиевтің  ғылыми  еңбектерінен  кӛре  аламыз.  Ғалым  ӛзінің 

еңбектерінде    қазақ  тілінің  дамуына  үлес  қосқан,  оның  икемді  әрі  бейнелі 

болуына  себепші  болған  кӛркем  сӛз  шеберлерінің  сӛз  қолдану  шеберлігіне, 

тілдік  ерекшелігіне,  стилі  мен  тіліне  ерекше  тоқталған.  «Кӛркем  әдебиет 

тіліне  қойылған  талап,  түптеп  келгенде,  жазушыға  тікелей  қойылар  талап. 

Сондықтан  да  мына  бір  ойдың  қисынымен  айтылғаны  кӛрініп  тұр:  «Қазақ 

жазушылары»  қазақ  тілінің  бір  заңын  ӛзіміз  кесіп-пішеміз».  «қайдан  құлақ 

шығарсақ,  соған  ерік    алған  қазынашымыз»  дей  алмайды.  Бірақ,  жазушы  ӛз 

дәуіріндегі әдебиет тілін ӛсіруге, саралауға, шеберлендіруге міндетті. Демек, 

кез-келген сӛзді ӛз қалауынша ӛзгерте беруге ерік берілмеген» [2,5 б],-дейді.  

Прагматикада  сӛйлеу  актісіне  тән  сипат  болмағанымен,  онда  тілдің 

жалпы  коммуникативтілік  қызметі  бар.  Себебі  мұнда  коммуникация  белгілі 



WWW.ENU.KZ

 

 



 

бір  тілдік  таңбалар  арқылы  жүзеге  асады.  Ғалым  бұл  жайында:  «Кӛркем 

әдебиет  үшін  әрбір  сӛздің,  әрбір  сӛз  тіркесінің,  әрбір  сӛйлемнің  былайғы 

оқырмандар байқай бермейтін мағынасын аша білу, сӛйтіп, сӛз мағынасының 

«күнгейі  мен  кӛлеңкесін»(Ғ.Мүсірепов)    айыра  білу  ерекше  роль 

атқарады»[4,142 б] деген пікір айтады.  

«Прагматикалық шарттарға коммуникативтік мақсат, рӛл, адресатқа әсер 

ету  тактикасы  мен  стратегисяы,  кӛркем  мәтінде  суреттелген  іс-әркет, 

оқиғадағы кейіпкерлердің эмоционалдық жағдай мен қатысы жатады».[5,156 

б].  Кез-келген  шығарма  прагматикалық    шарттарға  сай  келе  бермейді,  ол 

үшін  оның кӛркемдік  деңгейі  жоғары  болуы  қажет  әрі  оның прагматикалық 

әлеуетін кӛріктеуіш  құралдар арттырып отыру қажет. Бұл тұрғыдан келгенде 

ғалым  М.Серғалиев  ӛзінің  зерттеу  еңбектерінде  ӛз  ӛмір  сүрген  кезеңнің  ең 

үздік  әрі  осы  прагматикалық  шартқа  жауап  беретін    туындаларын  іріктеп, 

сұрыптап оның прагматикалық тұрғыда бізге талдап берген.  

Ғалым М.Серғалиевтің М.Әуезов, С.Мұқанов, Ғ.Мүсірепов, Ғ.Мұстафин, 

Т.Әлімқұлов,  М.Қаратаев,  Қ.Найманбаев  сияқты  сӛз  шеберлері  туралы 

жазғандары кӛркем сӛздің шырайын танытқан аса маңызды дүниелер болып 

табылады.  Ғалым  Ғ.Мұстафин  жайлы:  «Кӛркем  сӛздің  хас  шебері,  тегінде, 

ӛзінен  кейінгі,  қатарлас  немесе  ӛзіне  дейінгі  суреткелер  туралы,  жалпы 

әдебиет  теориясы  мен  сынына  қатысты  қандай  толғамды  ойларын  ортаға 

салғанда да, ӛз басының тәжірбиесіне сүйенбей тұрмайды. Үлгілі жайды  сӛз 

еткенде де, кемшін тұстарды тілге тиек еткенде де пікір тӛркіні осындайдан 

шығады деп қабылдауға хақылымыз. Кӛп қаламгерге тікелей қатысы бар осы 

жайды»  алыптар  шоғырының»  (Ғ.Мүсірепов)  құрамындағы  Ғабиден 

Мұстафиннің кӛркем сӛздің құдіреті туралы ойларымен байланыстыра айтуға 

әбден  болар  еді»,-  дейді.  Ал  ұлы  жазушы  Мұхтар    Әуезовтің  тілі  туралы 

былай  дейді:  «Табиғат  кӛрінісі  мен  жансыз  деп  есептелетін  кейбір  заттарға 

«жан  бітіріп»,  адам  әрекетімен  астастыра  бейнелеуі  жазушының  тағы  бір 

үлгілі жағын кӛрсетеді. Әдетте күн шығып жатады, кӛтеріліп жатады, мұның 

бәрі  адам  санасынан  тысқары  құбылыс  делік.  Бірақ  жазушы  оны  «қинала» 

немесе қысыла, яғни адамша әрекет жасағандай суреттейді: Таң атқанда жел 




жүктеу 155.45 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет