Кредиттік технология жүйесінде жоғары техникалық ОҚу орындарында математикалық білім берудің жаңа моделі



жүктеу 38.95 Kb.
Pdf просмотр
Дата25.05.2017
өлшемі38.95 Kb.
#10014

УДК 515. 956.2

О.С. Сатыбалдиев, ҚазҰТУ

КРЕДИТТІК ТЕХНОЛОГИЯ ЖҮЙЕСІНДЕ ЖОҒАРЫ ТЕХНИКАЛЫҚ ОҚУ

ОРЫНДАРЫНДА МАТЕМАТИКАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУДІҢ ЖАҢА МОДЕЛІ

В  работе соответсвии  с кредитной технологией обучения строится новая модель

методической системы изучения математических курсов в техническом вузе.

 New model of methodical system in mathematical courses for technical HEI study is

designed in accordance with credit technology.

 Біз  жоғары  техникалық  оқу  орындарында  математика  курстарын  оқытудың

əдістемелік жүйесі ретінде элементтері оқытудың мақсаты, мазмұны, əдісі, формасы мен

құралы болып келетін құрылымды түсінеміз.

Əр  педагогтің  өз  пəнін  алғаш  оқыту  мезгілінде  оқытудың  əдістемелік  жүйесінің

толық моделін құрмаса да, ең болмағанда, оның құрамдас бөліктерін құруына тура келеді.

Бұл модельді бастапқы модель деп аталық. Егер əдістемелік жүйенің барлық бес құрамдас

бөліктері  түгел  енсе, онда  бастапқы  модель  нəтижелі  болады, себебі, кері  жағдайда,

модель олардың элементтерінің араларындағы көптеген өзара ішкі байланыстарын есепке

алмай  құрылады. Мысалы, оқытудың  мақсатын  анықтамай  тұрып  бастапқы  модельді

(яғни, студенттерді нəтижелі оқытуға) нəтижелі етіп құруға болмайды.

Оқытудың  мақсатын  анықтауда  қоғамның  əлеуметтік  заказын; болашақ

мамандардың  жалпы  мəдени  деңгейлерін  анықтайтын  арнайы - кəсіптік  білімдер  мен

іскерліктерді қалыптастырудың қажеттіліктерін ескеріп отыру керек.

Оқытудың  мазмұнын  құруда  жалпы  теориялық  принциптерді, оқытудың  мазмұнын

құру  мен  сұрыптау  əдістерін, жоғары  оқу  орындарындағы  оқытудың  мазмұнын

қалыптастыру  принциптерін, оқулықтарды, оқу  құралдарын, əдістемелік  талдауларды,

кафедраның  жəне  оның  оқытушыларының  тəжірибелерін  басшылыққа  алған  жөн.

Оқытудың мазмұнын құруға оның əдістері, формалары мен құралдары əсерін тигізеді.

Дербес дидактикалық əдістер оқытудың мақсаты мен мазмұнын, пəндер мен келешек

мамандықтарының  ерекшеліктерін  ескерумен  анықталады, сонымен  қатар  оқытудың

формасы мен құралы оның əдісін таңдауға əсер етеді.

Оқытудың  ұйымдастыру  формалары  оқытушылар  мен  студенттердің  жəне  оқу

процесіндегі  өзара  əрекеттестік  əдістерді  анықтайды. Оқыту  формаларын  ұжымдық

(лекция, практикалық сабақтар жəне т. б.) жəне өзіндік (студенттердің өзіндік жұмыстары,

жеке  консультациялар  жəне  т. б.) əрекеттеріне  бейімдеу  қажет. Оқытудың  кез  келген

формасы  қарастырылып  отырған  кезеңдегі  оқытудың  мақсаты  мен  мазмұнына  сəйкес

оқытушылар  мен студенттердің өзара əрекеттестіктеріне жəне əрбір студентпен  белсенді

жұмыс  жүргізуге  үйлесімді  жағдай  туғызуы  тиіс. Мұндай  жағдайда, жетістік  көбінесе

оқытудың  əдісін  дұрыс  таңдауға  байланысты. Оқытудың  құралдары (оқулықтар, оқу

құралдары, оқытудың  программалық  құралдары, электрондық  есептеу  техникасы  жəне

т.б.) оқытудың  мақсаты  мен  мазмұны  жəне  таңдалынып  алынған  формасы  мен  əдістері

арқылы анықталады.

Осы 


айтылған 

тұжырымдардан  жоғары  техникалық 

оқу  орындарында

математикалық курстарды  оқытудың бастапқы моделін айқындау үшiн келесі мəселелерді

жүзеге асыру қажет деген қорытындыға келеміз:

- оқытудың мақсатын тұжырымдау;

- теориялық  жəне  практикалық  материалдарды  сұрыптау, оларды  баяндаудың

қатаңдық деңгейлерін анықтау;

- нақты тақырыптардың ішінен негізгі материалдарын бөлу;

- оқытуды мотивациямен қамтамасыз ететін шаралар жүйесі;



- пропедевтикалық өлшемдер жүйесі;

- математиканың əдіснамалық жəне тарихи мəселелерін бөлу;

- студенттердің өзіндік жұмыстарын ұйымдастырудың жүйесі;

- жеке жəне ұжымдық тапсырмалар жүйесі;

- студенттердің ғылыми зерттеу жəне өзіндік жұмыстары бойынша шаралар жүйесі;

- зерттеу тапсырмаларының жүйесі;

- математикалық үлгілер мен алгоритмдер жүйесі;

- проблемалық оқытумен қамтамасыз ететін өлшемдер жүйесі;

- пəндердің  өзара  байланыстары  мен  олардың  өз  іштеріндегі  байланыстарының

жүйесі;


- оқу процесін ұйымдастырудың ұжымдық жəне жеке формалар жүйесі;

- кері байланысты ұйымдастыру жүйесі.

Құрылған оқытудың əдістемелік жүйесінің бастапқы моделін ары қарай жетілдірудің

нақты бағдарын анықтау аса маңызды проблеманың бірі болып табылады.

Оқытудың  əдістемелік  жүйесінің  басқа  құрамдас  бөліктерімен  салыстырғанда

оқытудың мақсатының жетекшілік рөл атқаруына байланысты жүйенің кез келген өзгерісі

оқытудың  мақсатымен  санасып  отыруы  тиіс. Осыдан, оқытудың  əдістемелік  жүйесін

жетілдірудің  басты  принципі  мақсатқа  бағыттаушылық  принципі  деген  қорытындыға

келеміз. Əдістемелік  жүйені  жетілдірудің  бағыты, сипаты  жəне  нəтижесі  тұтас  алғанда

оқытудың мақсатына пара-пар болуы тиіс.

Қазіргі  жоғары  оқу  орындарының  негізгі  міндеті  –  студенттерді  оқыту  мен

тəрбиелеудің тұтастығын жүзеге асыру. Олай болса, оқыту мен тəрбиелеудің тұтастылық

принципі əдістемелік жүйені жетілдірудің өте маңызды принципінің бірі болып табылады.

Оқытудың əдістемелік жүйесін жетілдіруде оқытудың дидактикалық жəне тəрбиелік

жақтарының  тұтастығын, педагогика  мен  психологияның  озық  жетістіктерін  ескеріп

отыру қажет. Бұл идея жоғары оқу орындарында негізінен оқытудың əдісі арқылы жүзеге

асады.

Əдістемелік  жүйені  жетілдіруде  жүйелілік  тəсілдің  өзінен  шығатын  белгілі  бір



талаптарды  ескермеуге  болмайды. Жоғарыда  атап  көрсеткеніміздей  əдістемелік  жүйенің

бір құрамдас бөлігінің өзгерісі жүйе құрылымының тұтас өзгерілуіне əкелуі мүмкін. Осы

пікірден (ойдан) өзара  байланыстылық  принципі  келіп  шығады. Əдістемелік  жүйенің

құрамдас бөлігінің  біреуінің  өзгерісіне  байланысты  басқа құрамдас  бөліктердің  өзгерісін

анықтап, оларды ескеріп отыру қажет.

Бұл  принциптің  əдістемелік  жүйеге  тұтас  түрде  ғана  емес, сонымен  қатар  көлемі

жағынан  əртүрлі  жеке  бөліктеріне, мысалы, оқытудың  əдістеріне, қолдану  мүмкіндігі

туралы  білген  жөн. Сонда, жүйенің  барлық  өзара  байланыстарын  толық  ескеру  қажет.

Осыдан  əдістемелік  жүйені  жетілдірудің  тағы  бір  принципі – толықтылық  принципі

болуға тиіс деп қорытынды жасаймыз.

Оқытудың  əдістемелік  жүйесін  жетілдіруде  оның  құрылымының  əрбір  элементіне

назар аудару керек.

Оқытудың  əдістемелік  жүйесі  өзінен-өзі  іске  аспайды, ол  бұрыннан  құрылған  оқу

жүйесінің шеңберінде жүзеге асады. Олай болса оқытудың əдістемелік жүйесін жетілдіру

жоғары  оқу  орындарында  қалыптасқан  оқу  жүйелеріне  сүйенуге  жəне  олармен  табиғи

байланыста болуы тиіс. Сондықтан, əдістемелік жүйе мен оның элементтері ұласымдылық

принципі деп аталатын талаппен анықталуы керек.

Осы тұжырымдалған ережелердің негізінде оқытудың əдістемелік жүйесін ары қарай

дамытудың негізгі бағыттары төмендегідей деген қорытындыға келеміз:

- əлеуметтік өзгерістерді, оқытудың əдістемелік жүйесінің бастапқы моделін жүзеге

асыру  тəжірибесін, жүйенің  басқа  құрамдас  бөліктерінің  өзгерістерінің  əсер  етулерін

ескере отырып оқытудың мақсатына түзетулер енгізу;

- болашақ  инженер  мамандарды  дайындауда  маңызды, оқыту  мазмұнының

талаптарына  сəйкес  дидактикалық  тұрғыдан  өңделген  теориялық  жəне  практикалық

мəселелерді енгізу;


- оқытудың  мазмұнын  қалыптастыру  принциптеріне  сəйкес  келмейтін  кейбір  жеке

мəселелерді алып тастау;

- материалдарды баяндаудың қатаңдық деңгейлеріне түзетулер енгізу;

- материалдарды баяндаудың əртүрлі тəсілдерін енгізу;

- қойылатын талаптарға сəйкес есептер мен жаттығулар жүйелеріне түзетулер жасау;

- негізгі материалдардың  мазмұнына түзетулер жасау;

- техникада, инженерлік  салада  математиканың  қолданылуларын  көрсететін

материалдарды енгізу;

- қосымша əдіснамалық жəне тарихи мəселелерді енгізу;

- қосымша пропедевтикалық материалдарды енгізу;

- оқытуды мотивациямен қамтамасыз етуді ұлғайту;

- студенттердің  өзіндік, жеке  жəне  ұжымдық  тапсырмалары  мен  зерттеу

жұмыстарын ұйымдастыру жөніндегі шаралар жүйелеріне түзетулер жасау;

- жаңа алгоритмдер мен модельдерді құру, бұрынғы қолданылып жүргендерді қазіргі

жағдайға сай өзгерту немесе алып тастау; программалы оқытудың құралдарын дайындау;

- студенттердің  болашақ  мамандықтарын  біртіндеп  ұғу  мен  кəсіби  шеберліктерінің

негізін  қалыптастыру  жөніндегі  мəселелері  бойынша  математикалық  курстың  қосымша

мүмкіндіктерін айқындау;

- қосымша пəнаралық байланыстарды, пəннің өзінің ішкі байланыстарын айқындау;

- оқу  процесін  ұйымдастырудағы  қосымша, ұжымдық  жəне  жеке  формаларды

енгізуді жүйелеу;

- бақылау шараларының жүйелеріне түзетулер енгізу;

- оқу-əдістемелік материалдарды дайындау;

- оқытудың қосымша құралдарын айқындау.

Динамикалық құрылым ретінде оқытудың əдістемелік жүйесі құрылғаннан кейін ол

жаңа  тұрпатқа  ие  болады. Сонымен, біз, оқытудың  əдістемелік  жүйесі  дамуының  келесі

орамына  негіз  болатын  жаңа  моделін  аламыз. Демек, оқытудың  əдістемелік  жүйесін

дамыту  процесі  əрбір  қадамы  дидактикалық  құрылым  болатын, келесі  құрамдас

бөліктерден  тұратын  дидактикалық  баспалдақ  болып  табылады  деген  қорытындыға

келеміз:


Ескерту. Бұл баспалдақты төменнен жоғары қарай жүзеге асыру қажет

Сұрыпталған кемшіліктерді ескере отырып, оқытудың əдістемелік

жүйесінің алдағы даму бағдары анықталынады.

Оқытудың əдістемелік жүйесінің сапасына баға берудің көмегімен

анықталған қорытындылардың негізінде олардың кемшіліктері

сұрыпталынады.

Оқу процесінде жүзеге асырылған оқытудың əдістемелік жүйесінің бастапқы

моделінің сапасы кері байланыстың көмегімен анықталған талдаулардың

нəтижелері арқылы бағаланады.

Құрылған модель оқу процесінде жүзеге асырылады.

Психологиялық – педагогикалық талдаулардың нəтижелерін ескере отырып бастапқы модельге

түзетулер жасалынады.

Бастапқы модельдің құрамдас бөліктерінің өзара байланыстарына психологиялық – педагогикалық

талдаулар жасалынады.

Оқытудың əдістемелік жүйесінің бастапқы моделі құрылады.


ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1. Виленкин  Н.Я., Мордкович  А.Г.  Подготовку  учителей  математики  на  уровень

современных требований  //Математика в школе. 1986. № 6.

2. Луканкин  Г.Л.  Научно-методические  основы  профессиональной  подготовки

учителей математики в педагогических институтах   в свете требований реформы школы

//Актуальные вопросы совершенствования школьного математического образования /Ред.



Г.Л. Луканкин   М.: Изд-во НИИ школ МП РСФСР, 1987.

Мақаланы ұсынған техн. ғыл. д-ры, проф., Ж.О. Отарбаев



06.10.2005 ж.

Каталог: sites -> default -> files -> articles
files -> Образованная страна
files -> Тіркеу кеңсесі отдел-офис регистрации
files -> Алпысбай Мұсаев Әдебиеттанушы ғалым библиографиялық
files -> Аға оқытушы Мағжан жаны сыршыл ақын
files -> Тасимова Айслу Педагог ғалым
files -> Сборник материалов международной научно-практической конференции
articles -> Бағдарламасы мұғалімнен жоғары деңгейдегі педагогикалық шығармашылық еңбекті талап етеді
articles -> Ұлттық ойындарды оқу жүйесінде пайдалану

жүктеу 38.95 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет