Коучинг сессиясын жоспарлау: коучинг құралдары және оның тиімділігін бағалау



жүктеу 2.32 Mb.
Pdf просмотр
бет1/3
Дата13.09.2017
өлшемі2.32 Mb.
  1   2   3

«

»

АЗА

АЕ

ЗИ

КЕ ЛІК МЕК Е

Е І Д

«

»

А

АЗА

АЕ

И

ЕЛЛЕК

АЛЬ ЫЕ ШК ЛЫ

AEO NAZARBAYEV INTELLECTUAL SCHOOLS

"

"

А ана


2016

ЛА И


А ИЕ К

ЧИ

Е



ИИ:

И

МЕ



Ы К

ЧИ

А



И

ЦЕ И А ИЕ Е

Э

ЕК И


И

К

ЧИ

Е

И

Ы

Ж

А ЛА :

К

ЧИ

АЛДА Ы Ж

Е

Ы

ИІМДІЛІ І

А АЛА

М ал м


к м к

омощь чи


лю

Help for the teacher



ӘОЖ 37.0

КБЖ 74.00

К14

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығының 

Әдістемелік кеңесі ұсынған 

Рекомендовано Методическим советом Центра педагогического мастерства

АОО «Назарбаев Интеллектуальные школы»

Пікір жазғандар:

Тукенова Н.И., п.ғ.к., І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің доценті

Туреханова Г.Б., Педагогикалық шеберлік орталығы Талдықорған қ. филиалының аға менеджері

К14  

Казыгулова Г.Я. 

 

Коучинг  сессиясын  жоспарлау:  коучинг  құралдары  және  оның  тиімділігін  бағалау. 



Әдістемелік нұсқаулық. / Г.Я. Казыгулова, Б.Т. Арынов. – Астана: «Назарбаев Зияткерлік 

мектептері» ДББҰ Пеагогикалық шеберлік орталығы, 2016. – 50 б.



ISBN 978-601-7780-42-5

Осы  әдістемелік  нұсқаулық  оқыту  және  оқу  үдерісінде  мұғалімдердің  кәсіби 

дамуына бағытталған коучинг қажеттіліктерін анықтаудың, педагогтің коучинг сессиясын 

жоспарлаудың,  коучинг  тиімділігін  бағалаудың  құралдары  мен  әдіс-тәсілдерінің 

әдіснамалық негіздемесін ұсынып және оның тәжірибедегі қолданыстарын сипаттайды. 

Әдістемелік  нұсқау  білім  беру  ұйымдарының  педагог  қызметкерлеріне,  педагог 

мамандарды  даярлайтын  ЖОО  оқытушыларына  және  педагогикалық  колледж  мұғалім- 

дері мен студенттеріне арналады.

В  данном  методическом  руководстве  описываются  методы  выявления  потребностей 

педагогов в коучинге, направленном на профессиональное развитие учителей в процессе 

преподавания и обучения, а также представлено планирование процесса коучинга, приемы 

и  инструменты  оценивания  эффективности  коучинга,  основанные  на  методологии, 

описывается применение данных теорий на практике.

Методическое  руководство  предназначено  для  педагогических  работников 

общеобразовательных  организаций,  преподавателей  высших  учебных  заведений  и 

гуманитарных  колледжей,  осуществляющих  подготовку  студентов  по  педагогическим 

специальностям.

ISBN 978-601-7780-42-5

ӘОЖ 37.0

КБЖ 74.00

© «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ

Педагогикалық шеберлік орталығы, 2016

© АОО «Назарбаев Интеллектуальные школы»

Центр педагогического мастерства, 2016


МАЗМҰНЫ

Кіріспе ............................................................................................................................4

Коучинг үдерісінің теориялық негіздері .....................................................................6

Коучинг сессиясын жоспарлау: коучинг құралдары 

және оның тиімділігін бағалау .....................................................................................9

Әртүрлі құрылымның өзі негізгі 4 элементті қамтиды .............................................25

Қорытынды ....................................................................................................................44

Пайдаланылған әдебиеттер ..........................................................................................46

Қосымша ........................................................................................................................47

Глоссарий .......................................................................................................................49



4

КІРІСПЕ

Қазіргі  заманда  оқыту,  білім  беру  саласында  өзгерістер  қарқынды  іске 

асырылуда.  Оқытуда  қолданылатын  инновациялық  әдіс-тәсілдер,  технологиялар 

тез  және  қарқынды  түрде  дамуымен  қатар,  олардан  туындаған  жаңа  өнімдер 

пайда болып, аз уақыт ішінде оларға деген сұраныс та артып отыр. Инновациялық 

әдіс-тәсілдерді  игеру  үшін  жаңа  біліктер  мен  дағдылар  қажет,  осы  қажеттілікті 

аз  уақыт  аралығында  қалай  қалыптастыруға  болады  деген  сұрақ  барлығымызды 

ойландырады. 

Зерттеушілер  тұжырымы  бойынша,  білім  дәрежесіне,  кәсібилік  деңгейіне 

қарамастан  кім  болмасын  өзінің  үздік  нәтижесін  өз  бетімен  үнемі  ұстап  тұра 

алмайды,  осы  ретте  Бірінші  деңгей  бағдарламасы  мұғалімдерге  әріптестерімен 

бірге  жаңа  тәсілдерді  пәнге  енгізу  үшін  коучинг  пен  тәлімгерлік  арқылы  жұмыс 

істеуге мүмкіндік беретін дағдыларды ұсынады (1). 

Көптеген зерттеушілердің пікірлері бойынша, кәсіби мамандардың дағдыларын, 

біліктіліктерін дамытуда коучинг үдерісі аса тиімді болып табылады. Бұл зерттеулер 

коучинг  арқылы  жеке  тұлғаның  ішкі  әлеуеттік  мүмкіндігі  анықталып,  жеке 

құндылықтары мен дағдыларының дамуына жол ашылатындығын дәлелдейді. 

Қазақстан  Республикасы  педагог  қызметкерлерінің  біліктілігін  арттыру 

курстарының  бағдарламасы  атап  көрсеткендей,  бірінші  (ілгері)  деңгей 

бағдарламасын  игерген  мұғалімдер  басшылығымен  коуч-мұғалімдер  оқыту  мен 

оқу  тәжірибесіне  жаңа  тәсілдерді  енгізуге  бағытталған  даму  бағдарламасын  іске 

асырады (1).

Осы  бағдарлама  аясында  коучинг  үдерістерін  тәжірибеге  енгізіп  отырған 

мұғалімдерден алынған сауалнама нәтижесі коучинг үдерісінің мұғалімнің кәсіби 

дамуына  және  оқушылардың  үздік  нәтижеге  қол  жеткізуіне  ықпал  ететініне  көз 

жеткізген. 

Сауалнамаға 172 мұғалім қатысты. Соның ішінде:

60%  –  Коучинг  үдерісі  барысында  өзара  тәжірибе  алмасудың  аса  маңызды 

тиімділігін; 

15%  –  Коучинг  сессиясына  қатысушылардың  қызығушылықтарының 

төмендігін;

25%  –  Коучинг  сессиясын  тиімді  жоспарлау  бойынша  қажеттіліктері  мен 

кедергілерін атап өтті.  

Ұсынылып  отырған  әдістемелік  нұсқаулықтың  мақсаты  оқыту  және  оқу 

үдерісіндегі  мұғалімдердің  кәсіби  дамуына  бағытталған  коучинг  үдерісін  тиімді 

жоспарлау, коучинг тиімділігін бағалаудың құралдары мен әдіс-тәсілдері бойынша 

кеңестер ұсыну. 

Әдістемелік нұсқаулық келесі міндеттерді шешуде пайдалы және тиімді:

Білім беру үдерісіндегі коучинг түрлерінің (жеке, триада, топтық) тәжірибеде 



қолданылуы;

Коучинг  сессиясын  жоспарлау  үшін  коучинг  үдерісіне  қатысушылардың 



қажеттілігін  анықтау  және  рефлексия  жасау  арқылы  коучинг  тиімділігін 

жетілдіру жолдары;



5

Коучинг құралдарын қолдану мүмкіндіктерін арттыратын әдіс-тәсілдердің 



(стратегиялардың) тәжірибеде жүзеге асырылуы.

«Жас  бала  анадан  туғанда  екі  түрлі  мінезбен  туады: 

біреуі-ішсем,  жесем,  ұйықтасам  деп  тұрады...  Біреуі 

білсем  екен  демелік...  «Ол  немене?»,  «Бұл  немене?»  деп, 

«Ол неге үйтеді?», «Бұл неге бүйтеді?» деп, көзі көрген, 

құлағы  естігеннің  бәрін  сұрап,  тыныштық  көрмейді. 

Мұның  бәрі-жан  құмары,  білсем  екен,  көрсем  екен, 

үйренсем екен деген...» (2).

.                                                                                            



6

КОУЧИНГ ҮДЕРІСІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

Коучинг дегеніміз не?

Коучинг  термині  алғашқы  рет  1830  жылы  Оксфорд  университетінде 

«Нұсқаушы  немесе  Тренер»  ретінде  студентті  емтиханға  үйретуші  «Жетелеуші» 

сленг мағынасында қолданылды. Бірінші рет осы коучинг термині спортқа қатысты 

1861  жылы  қолданыста  болды.  Коучингтің  даму  тарихы  /  эволюциясы  көптеген 

оқу салаларына оның ішінде LGAT (Large-Group Awareness Training), яғни Үлкен 

Топтардағы Оқу Тренингтері жеке тұлғаның дамуы, ересектерді оқыту, адамның 

әлеуетті  қозғалысы,  өзіндік  сана,  психология  және  көшбасшылық  салаларын 

қамтыды.  1990  жылдары  коучинг  тәуелсіз  және  кәсіби  бағытта  дамып,  Коучинг 

Ассоциациясы, Халықаралық Коучинг Ассоциациясы және Халықаралық Коучинг 

Федерациялары оқу стандарттары бойынша жинақтар әзірленді (3). 

Коучинг  адамдардың  қабілеттері  мен  біліктіліктерін  және  іс-әрекетті 

дамытудың  пайдалы  жолы  болып  табылады.  Ол  негізгі  мәселеге  келмес  бұрын 

алдымен  сұрақтарға,  тапсырмаларға  қатысты  көмек  көрсете  алады.  Коучинг 

сессиясы коуч және коучинке қатысушы мұғалім арасындағы әңгімеден басталып, 

мәселенің  жауаптарын  өзіне  тапқызуға  көмек  ұсынылады.  Кейбір  мекемелерде 

коучингті әлі де болса түзету құралы ретінде қабылдап, коучинг үдерісін қандай 

да  бір  әрекет  дұрыс  бағытта  болмаған  жағдайда  қолданылып  жатады.  Алайда, 

көптеген ұйымдарда коучинг қатысушыларға өздерінің мақсатын анықтауға және 

оған жетуіне көмектесетін, сынақтан өткен және жағымды тәсіл деп қарайды. Көп 

жағдайда ресми коучинг үдерісінде білікті маман өзінен тәлім алушылардың толық 

әлеуеттік мүмкіндігін ашуға, іс-әрекетті тиімді жүргізуге көмек көрсетеді. 

Коучинг – кәсіби оқудың бір түрі, ол – мұғалімнің қызметіне бағытталған ең 

тиімді оқу үдерісі. Коучинг үдерісі тәжірибесі, өтілім деңгейі әр түрлі мұғалімдердің 

үздіксіз дамуына ықпал етіп, басқару үдерісін табысты өзгертіп, ұжымның кәсіби 

дамуын қамтамасыз етеді. 

Коучинг – мұғалімдердің үздіксіз өз тәжірибелерін жақсартуына, мұғалімдердің 

мақсатқа  бағытталған  талқылауы  мен  әрекет  ету  тәсілі.  Білім  беру  саласындағы 

коучинг бағдарламасының түпкі мақсаты – оқушылардың жетістікке қол жеткізуі 

үшін ұжымның топтық бірлескен оқу ортасын қалыптастыру мен ұжымның үздіксіз 

дамуын және тәжірибелеріне рефлексия жасауын қамтамасыз ету. Коучинг үдерісі 

тек кез келген мәселені шешілу жолдарын табуға мүмкіндік беретін ұйымдасқан 

жұмыс түрі, ал қолданыста жеке тұлғаның жұмыс стилін қалыптастырушы екенін 

есте сақтау керек. 



Коучинг өзінің тиімділігін іс-тәжірибеде қолданылуы кезінде:

Оқыту үдерісіндегі жалпы (жоспарлау, моделдеу, құрастыру, жүзеге асыру, 



байланыстыру) мәселелерді шешудегі тәжірибеге жолбасшы бола біледі;

Оқу  стратегияларын  (тәсілдері  мен  амалдарын)  таңдау  мен  жүзеге  асыру 



арқылы  оқуға  деген  қызығушылықтың  артуы,  білім  сапасының  көтерілуі 

байқалады;



7

Мұғалімнің  (кез  келген  тәрбиешінің)  өзінің  ішкі  түйсігіндегі  болмыстық 



қажеттілікті  тану  арқылы  функционалдық  сауаттылығын  жетілдіруге 

бағытталған ішкі факторды дамытуына мүмкіндік береді.



Коучинг не үшін қажет?

1980 жылы Б. Джойс және Б. Шоуэрс мұғалімдердің кәсіби біліктілігін арттыру 

бойынша  жасаған  зерттеу  жұмысының  нәтижесінде  мұғалімдердің  тиімді  кәсіби 

дамуына  мүмкіндік  жасайтын  5  фактордың  топтамасын  анықтады.  Олардың 

зерттеуі бойынша осы факторлардың әрқайсысы кәсіби оқуға әртүрлі ықпал етеді, 

сыныпта тәжірибені қолдану аясына қатысты біреуі басқаларға қарағанда тиімдірек 

болуы мүмкін (4).

1-кесте 

Мұғалімнің тиімді оқуына мүмкіндік жасайтын 5 фактордың топтамасы

Компонентері

Ықпалы

Тәжірибенің сыныпта 

қолдану деңгейі

Теориялық таныстырылым

5% жуық Өте төмен 

Үлгісін көрсету немесе ұсыну 

10% жуық Төмен 

Үлгілендірілген жағдайдағы тәжірибе 

20% жуық Орташа 

Құрылымдалған және ашық кері байланыс  25% жуық Жоғары 

Коучинг 

90% жуық Өте жоғары 

Коучинг  үдерісі  туралы  зерттеушілердің  анықтамалары  мен  ой 

тұжырымдамалары коучинг үдерісінің қажеттілігін нақтылай түсуде.



Джон  Уитмордың  пайымдауы  бойынша  «Коучинг»    басқа  адамға  қандай 

да бір қиын жағдайда оның шешілуіне жол көрсететін, көмек ұсынатын құрал 

болып  табылады.  Коучтің  міндеті  –  коучинг  үдерісіне  тартылатын  адамға 

жауапкершіліктің  және  сананың  жоғарғы  деңгейіне  жетуге  көмектесіп,  сол 

адамның ішкі даналығына сүйене отырып, сенімді қарым-қатынасты құру және 

дамыту. 

Майлз  Дауни  өзінің  «Тиімді  коучинг»  кітабында  «Коучинг  –  басқа  адамның 

оқуына,  кәсіби  дамуына  көмектесіп,  нәтижені  арттыратын  өнер»  деп 

тұжырымдайды. 

CUREE  (Center  for  the  Use  of  Research  and  Evidence  in  Education)  «Ғылыми 

зерттеу және Білім берудегі Дәлелдемелер» орталығының коучинг сөзіне ұсынған 

анықтамасында «Коучинг  үйренуге ниеттенген адамның кәсіби тәжірибесінің 

арнайы саласын дамытуды қамтамасыз етуге арналған құрылымдалған тұрақты 

үдеріс» екендігін дәлелдей алған.

Мұғалімдер  коучингі    ол  мектептегі  өте  күрделі  кәсіби  рефлексивтік 

тәжірибенің үлгісі (түрі). Ол  оқушылардың оқуын жақсартуына, жетістікке 

жетуіне  бағытталған  мұғалімдердің  жеке  және  кәсіби  дамуын  кеңейтуге 

көмектесетін сұхбаттардың топтамасы (Julie Boyd in school based Professional 

learning, reflective practice and coaching, 2000).

8

Коучинг «сұрақтар қою, мәселені шешуге ойландыру және қарым-қатынас пен 

идеяны зерделеуге бағыттау» арқылы мұғалімдердің оқуына ықпал етеді (Cohen 

et al. 1993).

Коучинг    бұл  оқу,  өмір  бойы  оқу...  Ол  адамдарды  түзету  үрдісі  емес,  

ол-күш – жігермен әрекет ету дегенді білдіреді (Хоул, 2005).

9

КОУЧИНГ СЕССИЯСЫН ЖОСПАРЛАУ: КОУЧИНГ 

ҚҰРАЛДАРЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ТИІМДІЛІГІН БАҒАЛАУ

Коучинг үдерісін практикада қолдану

Коучинг  туралы  зерттеулерде  коучинг  әдістері  және  коучинг  құралдары 

бірін-бірі алмастыратын термин болып табылады. Коучинг құралдары (тәсілдері) 

дегеніміз – оқытушының (үйренуші, қатысушының) жеке тұлға ретінде дамуына 

мүмкіндік  тудыру  арқылы,  өмірдің  әр  түрлі  саласында  өзінің  ішкі  білім,  білік  –

дағдыларын қолдана алуына баулу, жоғары жетістіктерге қол жеткізуіне мүмкіндік 

тудыру болып табылады. 

Коучинг  құралдарына:  қарым-қатынас  жасау,  сұхбаттасу,  бағалау,  жоспарлау, 

бағамдау құралдары және тағы басқалар жатады. Коуч осы құралдарды біліктілікпен 

қолдануды үйреніп, өзінің жеке құралдар жиынтығын құруы мүмкін.

Коучинг  әдістері  –  осы  құралдарды  қолдану  өнері  немесе  құралдарды 

қолданудың тәсілі болып табылады. Тәжірибе көрсеткендей коучинг әдістері мен 

құралдарының түпкі мақсаты коучингке қатысушыларды өзгерту. 

Коучтің міндеті – ең жақсы, сенімді және тексеруден өткен коучинг әдістерін 

және құралдарын басқаларға ұсыну (5). 

Әрбір жеке тұлға өз қажеттілігі мен мүмкіндігін кез келген тәжірибелі коучтан 

жақсы  біледі.  Демек,  коучинг  барлық  мәселенің  шешілуін  қамтамасыз  етпейді. 

Ол тек түйінді идеяларды көтеріп, оның шешілуінің сан алуандығын әрбір жеке 

тұлғаның  танымына  (метатанымына)  жеткізу  тәсілі  екенін  білу  –  коуч  үшін  де, 

коучингке қатысушылар үшін де өте маңызды.

Аустралия Институты Оқыту және Мектеп көшбасшылығы (Australian Institute 

for Teaching and School Leadership. AITSL) Коучингтегі құралдардың жиынтығын 

(1-сурет) ұсынады.

 

Жоспарлау

Мен коуч ретінде 

қалай даярланамын? 

Коучинг үдерісі 

қалай жоспарланады? 

Мен қандай 

тәсілдерді 

қолданамын?  

Келісімге келу

Коуч пен коучингке 

қатысушының  

арасында қандай 

келісім шарт болуы  

міндетті?

  

Коучинг жүргізу

Коучинг 


сұхбаты қалай 

ұйымдастырылады? 

Іс-әрекет жоспары 

қалай құрылады?

  

Бағалау

Коучинг үдерісінің 

тиімділігі қалай 

бағаланады? Коучинг 

барысындағы 

қарым-қатынасқа біз 

қандай рефлексия 

жасаймыз?

1-сурет. Коучингтегі құралдардың жиынтығы

Жоспарлау:  Коучинг  адамдардың  ішкі  жан-дүниесіндегі  ең  жақсы  нәрсені 

сыртқа алып шығуға мүмкіндік береді. Коучингтегі өзара қарым-қатынастағы басты 

басымдылық коучингке қатысушыға бағытталып, таңдалған әрекеттер бақыланып 

отырады. Коуч коучингке қатысушыларды / қатысушыны таңдаған соң, жоспарлау 



10

құралдары  арқылы  коучингтегі  өзара  қарым-қатынасты  орнатады  және  коуч  пен 

коучингке қатысушылар алғашқы коучинг кездесу уақытын белгілейді. Коуч пен 

коучингке  қатысушы  мұғалім  өздеріне  қатысты  рөлдеріне  рефлексия  жасап,  не 

істеу қажеттігіне коучинг қарым-қатынасы арқылы қол жеткізеді. Әрқайсысының 

өзіне рефлексия жасауы және қарым-қатынас үшін міндеттерді нақтылауы коучинг 

келісімін жасауға көмектеседі. 

Келісім жасау. Табысты және жетістікке бағытталған қарым-қатынасты дамыту 

үшін келісім жасау маңызды. Коуч және коучингке қатысушылар өздерінің рөлдерін 

және коучинг жүргізу тәсілдерін, құпиялылықтың сақталуын, қарым-қатынастың 

қалаулы  нәтижесі  мен  мақсаттарын,  рефлексия  жасау  және  коучингтің  қарым-

қатынасын бағалау үдерістері бойынша мерзімін белгілеуді алдын ала келісу қажет.

Коучинг  өткізу.  Осы  кезеңнің  міндеті  коучингке  қатысушылардың 

даму  қажеттіліктерін  анықтау  және  коучинг  үдерісін  бастау.  Коуч  коучингке 

қатысушыларды қолдау бағытында сұрақтар топтамасын қолдана отырып, коучинг 

сұхбаттарының  тізбегін  жүргізеді.  Коучингке  қатысушылардың  мақсаттары 

анықталып, іс-әрекет жоспарланады. 

Бағалау. Бағалау кезеңі коучинг циклінің соңында немесе келісілген жағдайда 

ертерек  жүргізіледі.  Коучингтегі  қарым-қатынасты  бағалау  коучинг  үрдісінің 

кез-келген кезіне сәйкес келеді, себебі ол үрдісті жалғастыруға немесе тоқтатуға 

болады. Бағалау коучинг қарым-қатынасы бойынша жасалған рефлексияны қамтып, 

үдеріске  қайта  шолу  жасап,  мақсат  пен  нәтижеге  қол  жеткізілгені  анықталады. 

Коучинг циклінің соңында коуч пен коучингке қатысушы қарым-қатынастың қалай 

іске асырылғаны

 және оны жалғастыру қажеттілігі келісіледі (6). 

Зерттеулер коучингтің негізгі құралдары ретінде «сұрақтар қою, мәселе тудыру, 

рефлексия  жасауды»  ұсынады.  Коучингтің  негізгі  құралдары  «сұрақтар,  мәселе 

тудыру,  рефлексия»  стандарт  ретінде  ең  жақсы  коучинг  методологиясы  болып 

табылады Осы үш құрал коучтің алдына қойған мақсатына жетуге көмек болады. 

Оның ішіндегі ең маңыздысы – рефлексия. Рефлексия осы коучинг құралдарының 

ішіндегі үстемдік беретін құрал болып табылады.

Тек құралдарға сүйену жақсы коучті қалыптастырмайды, сондықтан коучинг 

тәсілдерін,  әдістерін  қатар  алып  жүру,  оны  өз  тәжірибесіне  бейімдеу,  өзіндік 

құралдар  топтамасын  құру  маңызды.  Коучинг  моделін  тәжірибеге  енгізу  ол 

мұғалімнің тәжірибесіндегі басқа тәсілдерден бас тартуы емес. 

Коучинг тез шешім қабылдауды көздемейді, оның орнына өзгерісті революция 

арқылы емес, эволюция арқылы жасайтын құралмен қамтамасыз етеді. Мектептегі 

мұғалімдердің  білімін  арттыру  біршама  күш  салуды  қажет  етеді.  Бұл  жұмысты 

жақсы атқару дегеніміз директорлар мен коучинг тобы олардың не үшін коучингтен 

өтіп жатқанын және сыныптағы оқушылар үлгерімінің өзгергенін қалай білетінін 

анық  түсінеді  дегенді  білдіреді.  Сондай-ақ,  коучингті  жүзеге  асыруға  қатысты 

нәрселерді жан-жақты білуі керек. 

Коучинг  сәтті  жүргізілген  уақытта  мұғалімдердің  кәсіби  білімінде  ойлардың 

бірігуі  негізгі  фактор  болып  табылады  және  оқушыларды  оқытудағы  рөлін 

түсінуге байланысты нақты дәлелдер болады. Мұғалімдер мен коучтардың коучинг 

практикасын дамыту үшін өздеріне лайықты құралдары болуы қажет. 



11

Бұған мыналар кіреді:

бейнетаспаны қолдану;



арнайы пән педагогикасына арналған коучинг нұсқаулықтарын дамыту;

коучинг көлемін сипаттайтын тіл;



Коучпен  жұмыс  жасап  жатқан  мұғалім  осы  үш  құралды  тұжырымдамалық 

негіз  бен  жүзеге  асыратын  жоспарға  сай  қолдана  білгенде  коучинг  мұғалімдерді 

жақсырақ жұмыс істеуге итермелейді (14).

Коучинг қажеттілігін анықтау қайдан бастау алады?

Коучинг  сессиясын  тиімді  жоспарлау  үшін  ең  алдымен  коучингке 

қатысушылардың даму қажеттіліктерін анықтау қажет.

Мұғалімнің кәсіби біліктілігін тұрақты арттыру үшін мұғалім өз тәжірибесіне 

үздіксіз рефлексия жасауы тиіс. Өзіңнің күшті жақтарыңа, кәсіби талпыныс және 

дамуды  қажет  ететін  салаларға  рефлексия  жасауға  көмек  болатын  төмендегі 

ұсыныстарды пайдаланыңыз (6).

                                                                       

Рефлексия жасаңыз

Бұрынғы іс-әрекетіңізге, тәжірибеңіз-

ге және дамуыңызға ұсынылған кері 

байланысқа рефлексия жасаңыз

Өзін-өзі  бағалау  құралын  қолданып 

өзіңіздің  оқыту  тәжірибеңізге  рефлексия 

жасаңыз

Сізді  таң  қалдырған  әріптестердің 



өзара  оқыту  аспектісіне  рефлексия 

жасаңыз


SWOT-талдауын қолдана отырып өзіңіздің 

оқыту тәжірибеңізге рефлексия жасаңыз

Оқушы  жетістіктерінің  нәтижесі-

не,  мектептің  зерттеуіне,  бақылау 

үдерісіне жасалған ресми кері байла-

нысқа рефлексия жасаңыз

Сіздің мектебіңіздегі мұғалімдердің тиімді 

оқыту туралы түсініктеріне рефлексия жа-

саңыз

Сіздің мектебіңіздің қоғамдастық мү-



шелерінің, яғни мектеп көшбасшыла-

рының, әріптестеріңіздің, ата-аналар-

дың және оқушылардың ұсынған кері 

байланыстарына рефлексия жасаңыз

Сіздің мектебіңіздің даму мақсаты мен ба-

сымдығына рефлексия жасаңыз

Оқушылардың  іс-әрекеттері  бойын-

ша мектептің деректеріне рефлексия 

жасаңыз

Зерттеу  объектісіннің  басымдығына  және 



бастамасына рефлексия жасаңыз


Каталог: upload -> iblock
iblock -> Қазан, 2014 жыл Газет 2004 жылдың 30 сәуірінен бастап шығады Ұлытау бағдары
iblock -> №22 (155), қараша 2013 жыл
iblock -> №20-21 (201-202), қараша, 2015 жыл Газет 2004 жылдың 30 сәуірінен бастап шығады
iblock -> Президент
iblock -> Исследование» научные доклады «Білім беру саясаты, тәжірибе және зерттеу»
iblock -> С. Торайгырова Ақпараттық-библиографиялық бөлім Информационно-библиографический отдел
iblock -> "Ү здік басылым " номинациясының
iblock -> Өтті Бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі (Жалғасы келесі санда) №11 (192), мамыр, 2015 жыл Газет 2004 жылдың 30 сәуірінен бастап шығады
iblock -> №18 (199), қазан, 2015 жыл Газет 2004 жылдың 30 сәуірінен бастап шығады
iblock -> №19 (200), қараша, 2015 жыл Газет 2004 жылдың 30 сәуірінен бастап шығады

жүктеу 2.32 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2   3




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет