Көркемөнерден білім беру



жүктеу 1.07 Mb.

бет8/10
Дата31.05.2017
өлшемі1.07 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

 

 

 

 

 

 

 

 

 

66



ШОҚАН  УƏЛИХАНОВ ХАЛЫҚТЫҚ  ПЕДАГОГИКАНЫҢ 

ЖАСТАРДЫҢ ЭСТЕТИКАЛЫҚ  ТƏРБИЕСІНДЕГІ  МАҢЫЗЫ  

ТУРАЛЫ 

 

Б.Н. Бекенова– 

академиялық живопись кафедрасының аға оқытушысы  

Абай атындағы ҚазҰПУ 

 

Халықтық  тəлім-тəрбиенің  қайнар  көзі – ауыз  əдебиеті  (фольклорлық 



шығармалары) үлгілері – ертегілер, эпостық жырлар, ақындар айтысы, аңыз-

əңгімелер,  өлең-жырлар,  жаңылтпаштар,  жұмбақтар,  мақал-мəтелдер, 

қанатты 

сөздер 


жас 

ұрпақты 


адамгершілікке 

 

(отаншылдыққа, 



бауырмалдылыққа,  жолдастыққа,  достыққа,  кішіпейілдікке,  сыпайылыққа, 

үлкенді  сыйлауға,  ата-ананы  құрметтеуге)  тəрбиелеу,  ақыл-ой    санасын 

дамыту,  дене  тəрбиесі  (мəдени-гигиеналық    дағдыларын  қалыптастыру, 

денсаулығын нығайту), еңбек тəрбиесі (күнделікті тұрмыс-тіршілік, мал, егін 

шаруашылығы  аңшылыққа  баулу),  сонымен  қатар  эстетикалық    (қол  өнері,  

жан  жəне  тəн  сұлулығы)  т.б.  тəрбиесінің  жүзеге    асырылуына  бағытталған. 

Өйткені халықтық тəрбие дəстүрі фольклорлық шығармалар арқылы көрініс 

тауып  отырған.  Сондықтан  да  сан  ғасырлық  халқымыздың  ең  асыл  рухани-

мəдени  қазынасына  айналған  халық  ауыз  əдебиеті  өз  кезінде    жастарға 

эстетикалық  тəлім-тəрбие  беру  ісінде    қоғам  өмірінде  айрықша  мəні  болған 

еді. 

Дала  даналары  өздерінің  даналық  (шешендік)  сөздерімен  ұрпақты 



адамгершілікке тəрбиелеп отырған.  Сөзі қылыштың  жүзіндей, кесіп түсетін 

өткір, ойы терең,  қиыннан қиыстырып сөз қисынын таба білетін шешендер 

шешендік сөздерімен, қаралаушысы мен ақтаушысы жоқ заманда ел ішіндегі 

даулар мен келіспеушіліктерді, дау-жанжалдарды əділ шешіп отырған.  

Қазақ ағартушыларының бірі – Шоқан Уəлиханов  эстетика  саласында 

арнайы  еңбек  жазып  қалдырмағаны  белгілі.  Алайда,  өзінің  саяси-қоғамдық, 

ғылыми жəне əдеби еңбектерінде қазақ халқының эстетикалық мəдениетінің, 

өнерінің  даму  барысына  аса  көңіл  бөлді.  Халық  шығармашылығын  жинап 

зерттеу  арқылы  қазақтардың  эстетикалық  талғам  деңгейін,  болмысқа  деген 

эстетикалық  көзқарасын  көрсете  білді,  эстетикалық  тəрбиеге  байланысты 

көптеген құнды пікірлер айтты. 

Қазақ  ағартушыларының  эстетикалық  көзқарастары  мен  орнықты 

пікірлері 

халықтың 

дүниетанымдық 

көзқарастарымен 

тығыз 

байланыстылығы  сол  өздері  өмір  сүрген  дəуірдегі  тарихи  жағдайлардан 



туындап  отыр.  Бұл  жердегі  басты  мəселе  ағартушылардың  эстетикалық 

тəрбиені  жан-жақты,  жүйелі  талдап  зерттеуінде  емес,  керісінше, 

мүмкіндігінше  сол  проблемалар  жайлы  сөз  қозғап,  өз  көзқарастары  мен 

пікірлерін айтып тұжырымдауында.   

Шоқан  Уəлихановтың  ағартушы  ретінде  айтқан  ой-пікірлері,  кейбір 

ескертпелері  мен  болжамдары  қазақ  халық  шығармаларына  байланысты. 



 

 

67



Мысалы,  халықтың  поэтикалық  өнерінің  адамгершілік  тəрбиесіне  ықпалы 

туралы  пікірін    өлең,  мақал-мəтелдер,  эпостар    жинағынан  кездестірсек, 

өнердің  эстетикалық    тəрбиедегі  рөлі  жайлы  пікірін  əн-күйлер  мен 

архитектуралық 

құрылыстар 

суреттемелерінен 

көреміз. 

Сондай-ақ 

табиғаттың  да  адамгершілік-эстетикалық  тəрбиесіне  деген  пайдасы  оның 

күнделіктерінде,  сапарнама  тұрғысынан  жазған  еңбектерінде  тұжырымды 

берілген.  

Халық шығармашылығының тəрбие саласындағы (адамгершілік, ақыл-

ой,  эстетикалық,  дене,  еңбек)  маңызды  рөлін  ескере  отырып,  Шоқан 

шығармашылығына  бойламас  бұрын,  Шоқанның  өз  дүниетанымдық,  

адамгершілік,  эстетикалық  көзқарасының  қалыптасуына  осы  халықтың  бай  

мұрасының  əсері  қандай    болғанына  тоқтала  кеткен  жөн.  Өйткені,  халық 

тəрбиесінің    ықпалында  болмай,  оның  қайнар  бұлағынан  сусындамай,  таза 

сана-сезіммен түсініп  қабылдамай, жүйелі, терең білімі болмай, ол жөнінде 

құнды пікір айту да мүмкін емес.  

Шоқанның  халық  шығармашылығына  деген  сүйіспеншілігінің 

қалыптасуына,  көркемдік  талғамының  жетілуіне,  ой-өрісінің,  рухани 

əлемінің  кеңи  түсуіне  бірнеше  факторлар  əсер  етті:  өскен  ортасы,  отбасы, 

əке-шешесі, əжесі, табиғат, туыс, жолдас, өнер адамдары,  т.б. 

«Ата  көрген  оқ  жонар»  дегендей,  Шоқанның  көркемдік  талғамының 

қалыптасуына əкесі Шыңғыстың ықпалы айрықша болды. Шыңғыс – қырғыз-

қайсақтардың  (қазақтардың – Ұ.С.)  салт-дəстүрін,  тұрмыс-тіршілігін, 

мəдениетін,  өнерін  зерттеген    орыс  ғалымдарымен,  жазушыларымен 

байланысты  болды,  оларға  қажетті  материалдар  жинауға  көмектесті. 

Мəселен, орыс география қоғамы Кеңесінің өтінуімен Шыңғыс Уəлиев 1850 

жылы  қырғыз-қайсақ  ерлер  киім-кешегінің  үлгілерін,  Петербургте  өткен 

ориенталистердің 

ІІІ 


конгресіне 

арнап 


экспонаттар 

(ХҮІІ-ХҮІІІ 

ғасырлардағы қазақтың қолөнер саласынан сирек кездесетін заттар (барлығы 

41  зат)  жіберген.  Зерттеушілердің  өтініші  бойынша  халықтың  ауызекі 

шығармашылығы  нұсқаларын  жинауға  атсалысқан.  Мұның  бəрін  жүзеге 

асыруда  бала  Шоқанның  көмегі  аз  болмаған.  Қазақ  халқының  өлең-

жырларын, 

аңыз 


əңгімелерін, 

мақал-мəтелдерін 

полковник 

М.В.Ладыженскийдің  сұрауы  бойынша  өтініштерін  орындау  барысында 

Шыңғыс  əйгілі  ақын-жыршыларды  үйіне  шақыртып,  халықтың  өлең-

жырлары мен аңыздарын баласы Шоқанға жаздырып алып, Омбыға жіберіп 

отырған.  Осындай  ұлағатты  іске  Шоқанның  бала  кезден  араласуы  өз 

халқының мəдениетін, əдебиетін, өнерін ерте танып білуіне себепкер болды, 

халық  байлығын  көзінің  қарашығындай  сақтауға  үйретті,  естігенін  қағаз 

бетіне  түсіре  білу  дағдысын  қалыптастыруды,  халықтың  өмірін  терең, 

тиянақты зерттеуге итермеледі.  

Ш.  Уəлихановтың  орыс  мəдениеті  мен  ғылымының  атақты 

қайраткерлерімен  достығы  жəне  олармен  жақын  араласуы  оның 

ағартушылық қызметі мен қоғамдық, эстетикалық көзқарасына дұрыс бағыт 

берді  /1/. 


 

 

68



Данышпан  ғалым  қазақ  халқының  жаттап  алу  қабілетін,  шешендігін 

жоғары  бағалады  да,  сондай  қабілеті  бар  халыққа  сауаттылық  пен  ғылым 

үйренудің қажет екенін дəлелдеп берді.  

«Халықтың  мұңы  мен  сырын,  арманын  талғайтын  жыраулардың 

жырлары - өнегелік  бірден  бір  құнды  құбылыс» - дейді  Шоқан /2/. Ол 

жыраулардың  шығармаларын  зерттеп,  жыршылардың  ерекшеліктерін 

айқындайды. 

«Елдің  елдігін  сақтайтын - əдебиеті,  тарихы,  жол-жорасы», - деп 

жазады  Мағжан  Жұмабаев.  Шынында  да,  халқымыздың  өлең-жыр,  кең 

тынысты эпостық, лирикалық дастандарын былай қойғанда, өте ерте заманда 

жасалған  таңғажайып  ертегілерінен  бастап,  бертінгі  дау-шараларда 

қолданылатын  шешендік  қара  сөздеріне  дейін  термелеп,  тақпақтап  айтуға 

ыңғайлы, əрі көркем, əрі образды болып келген.  

Ол  қазақ  даласындағы  тəлім-тəрбиенің  басты  құралы – жыр  (өлең, 

терме,  тақпақ,  т.б.)  деп,  жырдың  түрлеріне  (қалың  өлең,  қара  өлең,  терме, 

эпостық жырлар, ғашықтық жырлар) талдау жасап, олардың дүниетанымдық, 

тəрбиелік  мəнін  жоғары  бағалады.  Қазақ  халқының  ғарыштық  ұғымдарын 

Шоқан  дүниетанымдық  үрдістер  деп  бағалады, «жұлдызды  адам», «темір 

қазық», «жеті  қарақшы», «үркер», «құс  жолы», «ай»  туралы  халықтық 

ұғымдардың  астрономиялық  мəні  зор  екенін  айта  келіп,  халық  мектебінің 

дүниетанымдық  мəнін  ашып  көрсетті.  Шешен,  өнерпаз,  меймандас,  ырым-

тыйымы  мол  халыққа  білім  беретін  мектептер,  академиялар  керек  екенін 

армандаған Шоқан өз ұсынысымен Қостанайда бірнеше мектептің ашылуына 

себепші болды.  

Шоқанның  «Алты  шаһардың  жай-жапсары», «Абылай», «Қазақтың 

шежіресі», «Қазақтың  көші-қоны», «Даладағы  мұсылмандық», «Шаман 

дінінің  сарқыншықтары»,  т.б.  ғылыми  еңбектері – қазақ  халқының  мəдени 

тарихын  айқындап,  ағарту  жəне  ұлттық  тəлім-тəрбие  ісіне    себін  тигізетін 

бағалы  еңбектер    болды.  Ол  ауыз  əдебиетінің  əр  алуан  нұсқаларын  өз 

халқының  рухани  мəдениетінің,  эстетикалық  талғамының  аса  бай    көрінісі 

деп  біледі.  Шоқан  ертедегі  мəдени  мұралардың  адам  сезіміне  əсер  ететін 

эстетикалық  күші  жөнінде  өзінің  «Ыстықкөл  сапарының  күнделігі»  атты 

еңбегінде:  «Мен  Аякөзді  сүйемін  жəне  таң-тамаша  көремін.  Бəлкім,  бұған 

бір кезде осы  өзеннің бойында  болған сұлу Баянның алтын айдарлы Қозы 

Көрпешке  ғашықтығы  жайындағы    тамаша    аңыздың  да    əсері    аз  емес 

шығар», - деп  тебіренеді.  Бұдан  біз  оның    халық    ауыз  əдебиетінің  өмір 

танытушылық  күшін  жоғары  бағалап,  онда    халықтың  арман-тілегі,  ой-

сезімін  шынайы  шындық  шеңберінде  көркем  бейнелегендігін  көреміз /3/. 

Дарынды ғалымның данышпандық ой-мақсаттары – қазақ халқының ұлттық  

педагогикасына бір арна болып қосылған асыл мұра болып табылады.  

Ұлтжанды  Шоқан  өз  құлағымен  Орынбай,  Жанақ,  Шөже,  Нысанбай 

сияқты айтыс ақындарының жырларын тыңдап, Біржан, Ақан, Үкілі Ыбырай 

т.б.  əнші  ақындардың  жырлары  мен  əндерін  бағалап,  Тəттімбет,  Тоқа, 

Қанқожа  т.б.  күйшілердің  күйін  тыңдап,  қазақтың  ақындық,  өнерпаздық 



 

 

69



ерекшеліктерін  жоғары  бағалады.  Қазақ  халқының  ақындық,  өнерпаздық 

дарынын ол ұлттық мəдениетіміздің негізі деп түсінді. Ол ұлттық мəдениетті 

дамыту үшін, мемлекеттік дəрежеде ұлағатты ұйымдастырушылық жұмыстар 

қажет деп,  сондай игілікті жұмыстардың ұйымдастырылуын армандады.  

Ұлтының  келешегін  ойлаған  Шоқан  халықтың  көне  мұраларын 

қадірлеудің  қажеттілігін  отаршыларға  да,  ел  басшыларына  да    ескертіп 

отырды.  Ол  Самархан,  Ташкент,  Ферғанадағы  кітапханалар  мен 

обсерваториялардың,  архитектуралық  көне  ескерткіштердің  күтімсіз  қалып, 

жойыла бастағандығына қынжылды.  

Шоқан  халықтардың  салт-дəстүрлері  мен  əдет-ғұрыптарындағы  озық 

үлгілерді мəдени мұра етуді мақсат тұтып, надандыққа қарсы күрес ашты. Ол 

бодандықтан құтылу жолдарын халыққа білім беру ісінен, ұлттық мəдениетті 

дамытудан  іздеді. «Құйрықты  жұлдыздай  жарқ  етіп,  тез  сөнген»  қазақ 

ғалымы  өз  халқының  болашағына  сеніммен  қарап,  əсіресе,  қазақ  халқының 

ауыз  əдебиеті  мен  игі  дəстүрлерін  бағалай  біліп,  ұлтының  ұлы  қасиеттерін 

дамыта беру қажет екендігін дəйекті материалдар арқылы дəлелдеп берді /4/. 

Ол  өзінің    зерттеу  еңбектерінде  жинаған  ауызекі  шығармашылығы  арқылы 

халықтың арман-тілегін, тұрмыс-қарекетін, көзқарасын баяндады, ұмытылып 

бара жатқан мəдени дəстүрлерге (поэтикалық, музыкалық, сəндік қолданбалы 

өнер  т.б.)  көңіл  аударып,  оны  халық  эстетикалық  тəрбиенің  құралы,  əдіс-

тəсілі  ретінде  пайдаланғанын  көрсетті.  Олардың  қай  дəуірде  болмасын 

құндылығы  жойылмайтынын,  əрқашан  халық  үшін,  жеткіншектер 

тəрбиесінің  игілігі  үшін  қызмет  ететінін  өзінің  көзқарасы,  ой-пікірі, 

қатынасы арқылы дəлелдеді.  

Халық  эпостық  шығармаларды  тəрбие  ісінің  аса  маңызды  құралдары 

деп қарайды,  ол жырларды қастерлеп, жаттап алып, ұрпақтан-ұрпаққа мұра 

етеді» /5/. Қазақ  эпостары  да  басқа  ұлттардың  эпостары  сияқты    халықтың 

қалаулы  ұлдары  мен  аяулы  қыздарының  өнегелі  істерін,  сүйкімді  келбет-

пішіндерін,  келешек  ұрпағына  үнемі  үлгі  етіп  ұсынып  отырған.  Ол,  өз 

кезегінде  жастардың  саяси  жəне  эстетикалық  көзқарасы  мен  талғамының 

дамуына  игі  əсерін  тигізді.  Қорытындылай  келе  жастарды  ұлттық 

құндылықтарды  сақтай  білуге,  оны  əрмен  қарата  дамыта  білуге    үйретуіміз 

қажет. Сонымен қатар, бүгінгі таңда өз жалғасын табуда, қоғамның жаңаруы, 

жеткіншек  ұрпақтың  адамгершілік  қасиеттерін,  эстетикалық  талғамын 

қалыптастыруда маңызды роль атқара түсуге тиіс.  

 

1.



 

Ұзақбаева  С.А.  Тамыры  терең  тəрбие.-  Алматы:  Білім, 1995. - 

43-44 беттер. 

2.

 

Таңдамалы шығармалары. – М., 1987. - 173-бет. 

3.

 

Əбілова З. Əсемдік сенің серігің. – Алматы: Жалын, 1977.-20-бет. 

4.

 

Табылды  Ə.  Қазақ  этнопедагогикасы  жəне  оқыту  əдістемесі.- 

Алматы: Білім, 2004. -166-бет. 

5.

 

Серікқалиұлы  З.  Дүниетану  даналығы.  Ғылыми  жəне  көркемдік 

тану  ерекшеліктері. – Алматы: Білім, 1994. - 110-бет. 

 

 

70



                                                Резюме 

Статья  посвящена  роли  народной  педагогики  в  эстетическом 

воспитании подрастающего поколения. Приводятся работы, научные взгляды 

просветителя  Ч.Ч.Валиханова  о  роли  казахской  народной  педагогики  для 

молодежи. 

 

Summary 



Clause is devoted to a role of national pedagogic in aesthetic rising 

generations. To be resulted works scientific views of educator C.C. Valikhanov 

about a role of the Kazakh national pedagogic for youth. 

 

 



 

 

 



БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІ ПƏНІ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ 

ДҮНИЕТАНЫМЫН  ҚАЛЫПТАСТЫРУ 

 

У.К. Дастанова - 

«Бейнелеу өнері жəне сызу» мамандығының I курс магистранты 

 

Əрбір  адам  жастайынан  дүниені  танып  біле  бастайды,  заттар  мен 

құбылыстар  жайында  білімдер  жинақтайды,  ара-арасында  ол  заттар  мен 

құбылыстар  неге  олай,  дүние  неге  бұлай  құрылған,  адамзаттың  жаратылуы 

мен  өлімі,  бақыты  мен  қайғы  қасіретінің  себебі  неде  деген    мыңдаған 

сұрақтар туындайды. Сөйтіп, əрбір адамның санасында біртіндеп ол сұрақтар 

жөнінде  бірнеше  əр  түрлі    ой-пікір  мен  көзқарастар  қалыптаса  бастайды. 

Адамның  дүниетанымы  дамып,  тереңдеген  сайын  ақиқат,  оны  жалған 

дүниеден,  сонымен  қатар  қателесуден  қалай  айыруға  болады?,  ар,  намыс, 

борыш,  жауапкершілік,  əділеттілік  пен  əділетсіздік,  зұлымдық  пен 

қайырымдылық  дегеніміз  не?  деген    əлеуметтік  сұрақтар  да    ой  санада 

қалыптаса бастайды. 

Осы сияқты сұрақтарға жауап беру үшін бұлар жөнінде дұрыс ұғымдар 

мен  дүниенің өзгерісі, оның дамуының кең  көлемді  көзқарастары мен  ой-

пікір қажет. Сондай-ақ  адам өзінің  іс-əрекетінің мақсаты мен мəн-маңызын - 

ол  не  себепті  басқаша  емес?,  неге  дəл  осылай    жасайтынын  түсінуі,  бұдан 

қандай  пайда  барлығын      түсіне  білуі  қажет.  Дүние  жəне  адамның  ондағы 

орны жайындағы түсініктердің жиынтығын дүниеге көзқарас - деп аталады.  

Дүниеге  көзқарас – адамзат  санасының,  дүниетанымының  қажетті  бір 

бөлігі. Білім мен біліктің, ақыл-ой мен терең сезімнің, көңіл-күй мен мақсат-

мүдденің, үміт пен ниеттің т.б. əртүрлі жақтарының біріңғай жаппай бірігуі 

болып  табылатын  дүниеге  көзқарас  адамдардың  қоршаған  орта  мен  дүние, 

сонымен қатар өздері туралы біртұтас ұғымдардың жиынтығы деуге болады 

/1; 9/. 


 

 

71



Сонымен,  дүниеге  көзқарас  дегеніміз - шындық  дүние  мен  адам 

туралы,  адамның  мінез-құлқы  мен  іс-əрекеттері  туралы    жалпы  ұғымдарды 

айқындап  беретін  пікірлер  мен  тұжырымдамалардың  жиынтығы  екен. 

Дүниеге  көзқарастың  өзегі  білім    болғандықтан,  білім  мазмұнының 

ақиқаттығы мен тереңдігіне, дəлелдігі мен жүйелілігіне қарай ол күнделікті- 

тəжірибелік жəне теориялық болып екіге бөлінеді. 

Алуан  түрлі  күнделікті  тəжірибеге  негізделген  дүниеге  көзқарастық  

ой-пікірлер мен тұжырымдамалар ғасырлар бойы,  бүгінгі таңда  да ол үлкен 

рөл  атқарып  келеді.  Кейде    «өмір  философиясы»  деп  аталатын  бұл  дүниеге 

көзқарас  стихиялы  түрде    қалыптаса  отырып,  қалың    бұқара  халықтық  

дүниетаным    мен  ақыл-ой  байлығын  жинақтайды.  Күнделікті-практикалық 

дүниеге  көзқарас  біркелкі  емес,  өйткені  оның  иесі  болып  табылатын 

адамдардың  білімі,  ақыл-ойы,  мəдениеті,  ұлттық  дəстүрлері    мен  діни 

сенімдері жағынан алуан түрлі. Сондықтан ол  «өмір философиясының» өрісі 

де ерекше кең болады. Мұндай көзқараста қателесу, адасушылық пікірлер де 

жоқ емес /1; 10/. 

Дүниетаным  мен  халықтық  педагогиканың  эстетикалық,  имандылық, 

ізеттілік тұрғыдағы тəрбиедегі ролі жөнінде көптеген ғылыми зерттеулер бар.  

Оның ішінде атап айтсақ оқушының дүниетанымын фольклор  мен əн өнері, 

табиғат құбылыстарымен таныстыру арқылы дүниетанымдық көзқарастарды 

қалыптастыруға Н. Албытованың, Ұ. Асанованың, Р. К. Дүйсенбінованың, Б. 

С.  Өтемұратованың,  сəндік  қол  өнері  негізінде  көркемдік  талғамын 

жетілдіріп,  эстетикалық  қызығушылығын  қалыптастыру  мүмкіндіктеріне  С. 

Жолдасбекова  мен  Ф.  Жұмабекованың,  халықтық  педагогиканың  озық 

үлгілерін  пайдалану  арқылы  адамгершілікке  тəрбиелеп,  олардың  танымдық 

белсенділіктерін  дамытуға  Т.  Қоқымбаеваның,  Р.  К.  Төлеубекованың,  Т. 

Қоңыратбаеваның,  Ə.  Ашайұлының,  т.  б.  диссертациялық  зерттеулерін 

көрсетуге болады /2; 4/. 

Баланың  өзін  қоршаған  дүниені  өнер  арқылы  танудың  бір  жолы - 



бейнелеу  өнері  болып  табылады.  Бейнелеу  өнері  дегеніміз – біздің  өзімізді 

қоршап  тұрған  дүниені  көре  отырып,  жанды-жансыз  заттарды  кеңейтіп 

түсінуді  бейнелеу  өнері  (сурет,  живопись,  сəнді  қолданбалы  өнер,  сəулет, 

графика,  мүсін)  дейміз.  Дүниедегінің  бəрін  айнытпай  бейнелеуге  болады. 

Жан-жануарларды,  табиғатты,  тіпті,  əрбір  адамзат  атуының  мінез-құлқында 

айнытпай  бейнелеуге  болады.  Мектептегі    сурет  сабағы  бейнелеу  өнерінің 

негізі болып табылады /3; 199/. 

Бейнелеу  өнері  құралдарына:  сурет,  түр,  түс,  пластика  (соғу  өнері), 

жарық  пен  көлеңке    жəне  т.  б.  жатады.  Бейнелеу  өнері -  қоғамдық  рухани 

қажеттіліктің бірі. 

Өнер  иелерінің  еңбектері  арқылы  оқушылар  өз  туған  өлкесінің  сұлу 

табиғатын,  өз  елінің  өткені  мен  бүгінгісін,  халқымыздың    мол-мұрасы  мен 

тұрмыс-салтын,  əдет-ғұрпын,  мəдениетін  тани  түсуге  мүмкіндік  алуда /3, 

200/. 


Бейнелеу  өнерінің    эстетикалық    тұрғыда  тəрбие  берудегі 

 

 

72



жұмыстарының нəтижелі болуы - ол жалпы орта мектептегі  бейнелеу өнері 

пəнінен    сабақ  беретін  мұғалімге  тікелей  байланысты  болса,  екіншіден  сол 

мектептің  оқушылар ұжымдарының бейнелеу өнерінен  көрнекі құралдарды 

суреттеп  қана  қоймай,  өмірді  өнер  арқылы  танудың  құралы  деп  қарағанда 

ғана,  іске асатынын дəлелдемекпіз /3, 201/. 

Қорыта  келгенде,  бейнелеу  өнерінің  өзіндік  бір  ерекшелігі  бар – ол 

əсемдік  əлемін  көзбен  көріп,  көрнекі  түрде  сезімге  əсер  ете  алады. 

Сондықтан  бейнелеу  өнері  арқылы  оқушылар  тек,  эстетикалық  лəззат  алып 

қана  қоймай,  сонымен  қатар  ақиқат,  шындық    тұрғысындағы    дүниенің  бір 

көрінісінен білім де ала алады – сөйтіп бір көзқарас пайда болады. 

Оқушылардың  қазақ  халқының  сəнді  қолданбалы  өнерін  пайдалана  

отыра  жүргізілген  жұмыс  түрлерінің  қандай  формасы  болмасын,  оның 

эстетикалық  тұрғыда білім беруде мүмкіндігі мол. Себебі ақиқатта  дүниені 

көркемдік  жағынан  тануда  қазақ  халқының  сəнді  қолданбалы  өнерін 

пайдалану  арқылы  жүргізілгендіктен  оның  тақырыбы  да,  жанры  да 

оқушыларға түсінікті, бұл өнер туындыларында бейнеленген халық тұрмысы, 

əдет-ғұрпы,  табиғат  көрінісі  бейнеленген  əр  түрлі  образдар  оқушыларға 

таныс,  өздерін  қоршаған  ортаның  шындық  дүниесінің  құбылыстарынан 

алынып  отыр.  Сондықтан  бейнелеу  өнері  арқылы  оқушыларға  эстетикалық 

білім  беруде,  алдымен,  оқушының  қабылдауына,  түсінуіне    жеңіл  

тақырыптар  түрінен  бастай  отыра,  біртіндеп  кең-байтақ  ұлы  Отанымыздың 

аты  əйгілі  болған  өнер  иелерінің  еңбектерімен  таныстыруға  дейін  жеткізуге 

тиістіміз /3; 225/. 

Қазақ  халқының  төл  өнерімен  таныстыру  оқушылардың  айнала 

қоршаған  ортаға  деген  эстетикалық  қарым-қатынастарын  жетілдіріп 

отырумен  қатар,  оның  шығармашылық  іс-əрекеттерін  дамыта  түседі. 

Бейнелеу  өнері  пəні  үрдісінде  оқушылардың  дүниетанымын  қалыптастыру, 

олардың  рухани  жəне  эстетикалық  тəрбие  деңгейлерін  жоғары  дəрежеде 

көтере отыра, болашақта толыққанды жас тұлғаның үйлесімді де  жан-жақты 

дамуын қамтамасыз етеді.  

 

1.

 

Тұрғынбаев   Философия: оқулық. -  Алматы, 2005.- 160 б. 

2.

 

Ақбаева 

Ш.Ə. 

Қазақтың 

дəстүрлі 

өнерінің 

негізінде 

оқушылардың көркемдік талғамын қалыптастыру: Автореф. дисс. ...к.п.н. – 

Алматы, 2005.-20 б. 

3.

 

Əбілова З. Оқушыларға кластан тыс жұмыстарда өнер арқылы 

эстетикалық тəрбие беру. -  Алматы, 1970.-180б. 

 

Резюме 



В  статье  рассматривается  роль  изобразительного  искусства  в 

формировании мировоззрения и миропонимания  в эстетическом  воспитании 

учащихся  на  уроке  изобразительного  искусства  в  общеобразовательной 

школе. Дается краткое описание понятию мировоззрения и возможности его  

формирования при помощи изобразительного искусства.  


 

 

73



Summary 

The article examines the role of fine arts in shaping the philosophy and 

aesthetic education of primary school children in a secondary school. A brief 

description of the concept of worldview and its formation by means of fine art. 

 

 

 



 

 



1   2   3   4   5   6   7   8   9   10


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал