Көркемөнерден білім беру



жүктеу 1.07 Mb.

бет5/10
Дата31.05.2017
өлшемі1.07 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

 

М.Ғ–М. Канленов - 

Абай атындағы ҚазҰПУ көркемсурет–графика факультетінің графика 

жəне дизайн кафедрасының аға оқытушысы 

 

Аквантита  (латын  сөзінен  алғанда agua–cу, tinta–түс)–деген  сөздің 

мағнасын береді.  Бұл көлемді, əр түрлі жазықтықтағы түстік ерекшеліктерді 

бере алатын офорттың негізгі бір мəнері.  Акватинта тондық ерекшеліктерді 

жақсы көрсете алатын жəне кенінен таралған офорттың негізгі мəнері болып 

саналады.  Акватинта  мəнерінде  жасалған  суреттің  басылымы  сулы  бояу, 

акварельмен салынған жұмыстарға ұқсайды. Мəнердің аталуы осыдан пайда 

болған. 


 

 

38



Акватинтадағы  ойылудың  ұстанымы  мынада,  металл  тақтасының 

бетіне  қышқылға  төтет  беретін  ұнтақ  канифоль,  лак  себіліп  тор  көздердің 

пайда  болуын  жасайды.  Осы  тор  көздерің  ашық  жерлерін  қышқыл  əр  түрлі 

терендікте  күйдіріп  кішкентай  дақтар  арқылы  түстік  көріністер  береді.  Бұл 

мəнерде  дақтар  əр  қилы  болып  шығуы  мүмкін,  себебі  күйдіру  кезінде  лак 

немесе  канифоль  ұнтақтарын  сепкен  кезде  өзіне  керекті  реңдік  дақтарды 

шығаруға болады. 

Офорт  өнерінде  акватинтаны  басқа  да  мəнерлермен  араластырып 

қолданады жəне онда жақсы үйлесімін табады, көбіне жеке таза өзімен ғана 

жасалады.  Тақтаны  дайындау.  Акватинтаны  əртүрлі  материалдарда 

орындауға  болады,  бірақ  көбіне  қышқылға  жақсы  көнетін  мырышқа 

орындаған дұрыс.  Металл тақтасының бетіне шайырды жақпас бұрын тақта 

бетін  спирт,  ацетон  немесе  суға  езілген  бормен  майлы  дақтардан  жақсылап 

тазартып  алады.  Тақтаға  акватинта  қолданбай  тұрып  тақта  бетіне  суретті 

дұрыс орналастырып алу керек. 

1.Егер  сурет  көмек  ретінде  қызмет  атқарса  онда  реңдік  көріністерді 

тақта  бетіндегі  төсемде  инемен  қыру  арқылы  дақтарды,  көріністерді 

орындауға  болады.  Жобаны  инемен  қатты  бастырып  түсірсе  басылымын 

алған  кезде  қышқылмен  күйдірмей  ақ  сурет  айқын  түседі.  Айқын  басылған 

суреттің жобасы акватинта төсемінің астынан жақсы көрінеді. 

2.Егер  бірінші  кезеңде  акватинта  арқылы  реңдік  шешімін  табу  керек 

болса,  онда  таза  тақта  бетіне  графит  қарындашымен  сурет  жобасын  салып 

алғаннан кейін акватинта қолданылады. Алдын ала сурет жобасын салу əдісі 

қышқылда  жылдам  күйетін  мырыш  металында  қолданылады,  ал  қышқылда 

күйдірілуі  ұзақ  болатын  мыс,  темір  металдарында  графит  қарындашымен 

салынған  сурет  жайылып  көрінбей  кетеді.  Сол  себептен  бұл  металдарда 

суретті  инемен  ақырын  басып  орындаған  дұрыс.Металға  литографиялық, 

түсті  немесе  майлы  қарындаштармен  салу  қажеті  жоқ,  өйткені  қышқылмен 

күйдіру  кезінде  майлы  жерлер  қышқылға  көпке  дейін  берілмейді  де  ол 

жерлер ұзақ қүйдіріледі. Осыдан ойлаған сызықтарын дұрыс шықпайды. 



Тақта  бетіне  канифольды  немесе  шайырды  жағу.  Канифоль–  

қалқанды  ағаш  шайырын  скипидармен  араластырып  қайнатқаннан  қалған 

қалдығы. Түсі ашық сарыдан қара қоңырға дейін болады. 

Асфальт–табиғи  қазба  шайыры  немесе  битумға  қою  қара  қоспа 

қосындысы.  Ерітілген  канифоль  жəне  асфальт  метал  бетіне  жақсы 

жабысады,  қышқылға  күймейтін  төзімді.  Мыс  пен  темір  тақталарын  

асфальтпен  жаққан  дұрыс,  ол  қышқылға  төзімді  жəне  ұзақ  мерзімде 

қышқылда  күйдіруге  болады.  Канифоль  жылдам  ериді  оны  көбіне  мырыш 

металына  қолданады.  Канифоль  мен  асфальтты  ұнтақтап  оны  əр  түрлі 

ұсақтықта сұрыптап ірі, ұсақ жəне тозаң түрінде жеке бөліп аламыз. 

Акватинтаны  қолдану  əдісінің  екі  түрі  бар,  олардың  əр  қайсысы 

өздерінше ерекшеленеді. 



Механикалық  əдіс.  Бұл  əдіспен  жұмыс  жасау  үшін  біріншіден  арнайы 

 

 

39



ауа  сорғыш  қорап  дайындап  алу  қажет.  Ауа  сорғыш  қораптың  өлшемі  əр 

түрлі болуы мүмкін ені 70–80 см., ұзындығы 100–120 см, биіктігі 60–70 см. 

деп  өзіміздің  көзқарасымызға  байланысты  өлшемін  аламыз.  Бұл  қораптың 

ішіне суретке арналған тақта еркін сиып жан-жағынан кеңістік қалуы керек. 

Қораптың  төменгі  жанынан  желдеткіш  орнатылады,  желдеткіш  қораптың 

ішіндегі  ауаны  сыртқа  шығарып  тазартып  отырады.  Қораптың  алдыңғы 

бетіне  ішкі  көрінісін  көру  үшін  шыныдан  немесе  мөлдір  оргалиттен 

ашылатын есік жасалады. 

Қораптың 

ішіне 


үгітілген 

канифоль 

ұнтақтарын, 

тозаңын 


себеміз.Осыдан  кейін  сурет  салынған  тақтаны  қораптың  ортасына,  бетін 

жоғары  қаратып  орналастырамыз.  Қораптың  есігін  жауып  желдеткішті 

қосамыз. 

Желдің 


əсерінен 

көтерілген 

канифоль 

тозаңы 


пайда 

болады.Желдеткіш сөндірілгеннен кейін тозаң ақырындап отырады. Осындай 

əдіспен  орындалған  канифоль  тозаңы  тақта  бетіне  бір  қалыпты  отырып, 

қышқылмен  күйдірген  кезде  əдемі  реңдік  көрініс  береді.  Бұндай  əдіспен 

канифольдің  ірі  ұнтақтарын  себе  алмаймыз,  сол  себептен  көбіне  ондай 

ұнтақтарды қолымен немесе сүзгімен орындайды. 



Қолымен орындау əдісі. Акватинтаны қолымен сеуіп орындауды офорт 

өнерінде жие қолданады.  Ұнтақталған канифольды матадан жасалған қапқа 

салып  аузын  түйіншектеп  қояды.  Матаның  тығыздығы  əр  түрлі  болуы 

мүмкін,ол ұнтақталған канифольға жəне оны сұрыптап бөлуге байланысты. 

Тозан шашатын тақтанын асты қара бояумен боялған немесе қара қағаз 

төселу  керек,  сонда  тақта  бетіне  түскен  тозаң  анық  көрінеді.Ұнтақталған 

канифольі бар қапшықты ағаш немесе темір таяқпен ақырын ұрғанда қапшық 

тесіктерінен канифоль тозаңы тақта бетіне тегіс түседі. Қапшықтың ішіндегі 

ірі үгінділерін қолымен алып себуге болады. Тозаңды тақта бетіне түсіргенде 

жан  жағынан  жел  соқпағаны  дұрыс.  Егер  тақта  бетіне  себілген  тозаңнын 

үстіне тас түйіршіктері түсіп кетсе онда пинсетпен немесе саусағынды сулап 

ақырын түйіршікке тигізіп алып тасталынады. 



Канифольды  балқыту.  Акватинта  мəнерінде  канифольді  балқыту 

жауапты жұмыстың бірі.  Тақтаны қыздырып дайындау үшін электроплитка, 

майшам,  керосин  шамын  т.б.  қолдануға  болады.  Ол  үшін  қыздыратын 

плитканың  үстінен 10–15 см.  биіктікте  майыспайтын  тегіс  темір  тақтасын 

орнатамыз.  Сол  тақтаның  үстіне  салынған  сурет  тақтасы  қойылады,  сонда 

канифоль бір тегіс ериді. 

Канифольді бірнеше кезең бойынша еріту үлгілері қолданылады. Жеңіл 

еріту  кезінде  ұсақ  бөлшектер  жиырылып  ашық  мөлдір  түске  айналады, 

канифольдың  ұсақ  бөлшектері  бір-біріне  бірігеді.  Еріту  аяғына  дейін 

жеткізілмесе  канифоль  нашар  жабысып  күйдіру  кезінде  ұзақ  мерзімге  төтет 

бере  алмай  осал  болады  жəне  ара  қашықтықтары  алшақ  болып  орналасады. 

Ал одан əрі қыздырсан канифоль жайылып тақтаға нық жабысып дөңгеленіп 

түскен мөлдір дақтар айқын көрінеді жəне металл тақтасының ашық жерлері 

азаяды.Тағы  да  ұзағырақ  қыздырса  канифоль  жайылып  ирелендеген  жалпақ 



 

 

40



дақтарға  айналады  да  өзінше  ерекше  көріністер  пайда  болады.  Осындай 

көріністерді  суретшілер  шығармашылық  жұмыстар  жасаған  кезде  көп 

қолданады. Канифольдың еруін қадағалай отырып өзіне керекті бір деңгейге 

жеткізіп  қыздыруды  тоқтату  керек.  Қыздырылған  тақтаны  плиткадан 

алғаннан  кейін  де  канифоль  еруін  жалғастырады,  əсіресе  мыс  тақтасы  ұзақ 

суиды,  соны  ескеріп  қыздыруды  уақытында  тоқтатуын  қадағалау  керек. 

Қызып тұрған тақтаны жылдам суыту үшін суланған салқын матаның үстіне 

тақтаны қоюға болады. 



Тақтаны  төсеммен  жабу.  Күйдірілген  офорт  сызықтарына  қарағанда 

акватинта  төзімсіз.  Сол  себептен  акватинта  қышқылда  аз  ұсталады,  соған 

байланысты  тақтаның  шетін,  артқы  бетін  жылдам  кебетін  лакпен  жабуға  да 

болады. 


Күйдіру. Офортқа қарағанда акватинтаға арналған қышқылды əлсіздеу 

жасау керек. Қышқылы мықты болса онда канифоль металдан ажырап кетеді.  

Акватинтада  реңдік  көріністі  беру  үшін  дайындалған  тақтаны 1–2 секунд 

қана  қышқылда  ұстаймыз,  ал  реңді  қарайту  керек  болса  қышқыл  құйып 

мықтылығын беру қажет емес, тек сол қышқылда көбірек ұстаса болды. 

Тақта  бетінде  нақты  керекті  реңдер  шығару  үшін  алдымен  бір  тақта 

бетіне əртүрлі уақыт өлшемі бойынша күйдіру орындалады. Қанша уақытта 

қандай  реңдік  көріністі  көрсететінін  біліп  отырамыз.  Ол  үшін  акватинта 

себілген  тақтаны  бірнеше  бөлікке  бөліп  бірінші  бөліктің  бетін  лакпен 

жабамыз  да  тақтаны  қышқылға  саламыз.  Уақытты  белгілей  отыра  əр  бес 

секунд сайын бір бөліктің бетін рет–реті бойынша лакпен жауып отырамыз. 

Сонда  əр  бөлік  уақыт  ұзақтығы  арқылы  қандай  рең  беретінін  білеміз.  Əр 

бөліктің  астына  қарындашпен  уақытын  белгілеп  отырамыз.  Осы  шкала 

бойынша  өзіне  керекті  реңді  табу  жеңіл  болады.  Жұмыс  жасар  алдында 

осындай  шкала  орындалады  жəне  сол  қышқылда  жұмыс  күйдіріледі.  Келесі 

күні ол қышқылдың құрамы өзгеріп басқаша болуы мүмкін. 

Ақ  жерлерін  лакпен  жауып  рең  берілетін  жерлеріне  акватинта 

қолданылады. Бірінші ақшыл реңнен бастап күйдіріледі. Осыған байланысты 

офортист  қанша  рет  күйдіру  керек  екенін  жəне  қанша  ұзақтықта  қышқылда 

ұстау керегін анықтайды. 

Күйдіру  кезінде  тақта  бетіндегі  сызықтардан  көпіршіктер  пайда, 

көпіршіктер  ауа  жібермей  күйдірілу  бəсендейді  оны  қаздың  қауырсынымен 

немесе  қылқаламмен  ақырын  сүртіледі.  Əр  күйдіруден  кейін  тақтаны  сумен 

жуып  кептіреді.  Белгіленген  жерлерді  шкала  бойынша  күйдіріп  болғаннан 

кейін  тақтаны  жақсылап  сумен  жуамыз  да  тақта  бетіндегі  лак  пен 

канифольды тазартуға көшеміз. Лакты керасин немесе  скипидармен тазалап 

канифольды скипидар немесе ацетонмен жақсылап тазалаймыз. 

Акватинтаны қағазға басу. Офортқа қарағанда акватинтаны басуда өте 

сақ  болу  керек.  Тақтадағы  бедерлер  қатты  қысыммен  басылғанда  жіңішке 

бедер  сызықтар  жалпайып  сурет  бұзылып  кетуі  мүмкін.  Сондықтан 

станоктың қысымын ақырындатып, басылған алғашқы басылымдарын негізгі 



 

 

41



басылым ретінде сақтаймыз.  

Офортқа қарағанда акватинтада бояу сұйықтау болғаны дұрыс. Бояуды 

сызықтардың арасына теріден жасалған тампон арқылы нығыздап жағады. 

Тақтадағы  суретті  түзету.  Акватинта  баспа  тақтасының  өзінің 

ерекшелігі  бар.  Мыс  пе  мырыш  тақтасында  түзету  жұмыстарының  жеңіл 

жолдары мынандай. Тақта бетін құмқағазбен тегістеуге болады. Акватинтада 

қайта  күйдіру  жұмыстың  сапасын  жоғалтады,  сондықтан  түземейтін 

жерлерін  лакпен  жауып  құмқағазбен  тазаланған  жерлерін  инемен  сызып 

немесе қайта акватинта орындауға болады.  



Дымқыл акватинтаДымқыл акватинтаның екі түрі бар. Осы акватинта 

түрінің аталуы сұйық заттармен араластыру нəтижесінде шыққан. 

1.Қою  ерітіндіні  канифоль  мен  спиртті  араластыру  арқылы  жасалады. 

Ерітіндіні  тақта  бетіне  жағар  алдында 1:1 мөлшерде  канифоль  мен  спиртті 

араластырып  дайындайды.  Тақта  бетін  майлы  дақтардан  кетіріп,  ерітіндіні 

тақта  бетіне  құяды.  Тақтаны  тегіс  жазықтық  бетіне  орналастырып,  тақта 

бетіндегі ерітіндінің спирті кепкенге дейін ұстаиды. Ерітіндінің спирті ұшып 

кеткенне  кейін  метал  бетінде  акватинтаның  əртүрлі  үгінділері  жабысып 

қалады.  Оны  балқыту  қажет  емес.  Келесі  атқарылатын  жұмыстар 

акватинтаның алдында жасалған жолдары бойынша орындалады. 

2.Ұнтақталған  канифольды  шыны  құтыдағы  суға  салып  жақсылап 

араластырамыз. Ірі ұнтақтар құтының астына түсіп ұсақтары сумен араласқан 

күйінде  болады.  Тақтаны  көлбей  ұстап  жалпақ  қылқаламмен  тақта  бетіне 

канифольмен  араласқан  суды  жағамыз.  Су  ағып  кетеді  де  канифоль  тақта 

бетінде  қалып  қояды.  Канифольді  қылқалам  арқылы  керекті  жеріне 

жинақтауға  болады.  Кей  кезде  тақта  бетіндегі  су  кепкеннен  кейін 

канифольдің  ұсақ  ұнтақтарын  керекті  жерлерге  қолымен  себуге  де  болады. 

Бірақ сумен аққан əдемі канифоль көріністері суретке өзінше əсемдік береді. 

Тақта  кепкеннен  кейін  канифольді  балқытамыз.  Одан  кейінгі  орындалу 

барысы алдында жасалған жолдар бойынша орындалады. 



Көпқабатты  акватинта.  Тəжірибелі  офортшылар  күрделі  жұмыс 

шығару  үшін  кей  кездері  көпқабатты  акватинтаны  қолданады.  Тақтада 

белгіленген жерлерді акватинтаның əртүрлі үгіндісі арқылы бірнеше күйдіру 

əдісін  қолданады.  Бұл  орындалудың  ерекшелігі  ұсақталған  канифольдің 

əртүрлі  өлшемдегі  ұнтақтарын  бір  дақта  қолдана  білу  жəне  əдемі  көрініс 

шығару.  Акватинтаның  барлық  əдістерін  бір  композициялық  шешімде 

қолдану ол суретшінің үлкен шеберлігін қажет етеді. 

 

Резюме 



В  данной  статье  рассматриваются  особенности  техники  выполнения 

офорта,  в  частности  манеры  акватинто.  Автором  выделены  необходимые 

профессиональные  навыки  и  умения  будущих  графиков.  Техника  офорт 

автором  рассматривается  как  одна  из  интересных  и  насущных  техник 

графики. 


 

 

42



Summary 

In given clause features of technics of performance of an etching, in 

particular manners акватинто are considered. The author allocates necessary 

professional skills and skills of the future schedules. The technics an etching is 

considered by the author as one of interesting and essential техник schedules. 

 

 



 

ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕ СƏНДІК-ҚОЛДАНБАЛЫ 

ӨНЕР НЕГІЗІНДЕ БАСТАУЫШ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНА 

КӨРКЕМ-ЭСТЕТИКАЛЫҚ ТƏРБИЕ БЕРУ  

 

К.К.Келденова 

академиялық живопись кафедрасының аға оқытушысы 

 

Егеменді  еліміздің  бүкіл  əлемдік  өркениет  кеңістігінде  өз  орны  бар 



мемлекет  деңгейінде  дамуы  мен  өркендеуі  халқымыздың  менталитетінің 

болмысына,  əсіресе  жас  ұрпақтың  бүгінгі  тəлім-тəрбиесіне  тікелей 

байланысты.  Қазіргі  кезеңдегі  нарықтық,  саяси-экономикалық  жағдайдағы 

іргелі  бетбұрыстардың  қоғамдағы  əлеуметтік  жағдайларға  əсер  етуі, 

ғаламтану үрдісінің рухани өмірімізде қарқынды дамуы, жеке адам мен қоғам 

арасында  жаңа  қатынастар  қалыптастыруда.  Мұның  өзі  мəдени 

құндылықтарға  жаңаша  көзқарастар  туғызады.  Осы  ретте  мектеп 

оқушыларының  көркемдік  талғамын  қалыптастыру,  қазақ  халқының  сəндік-

қолданбалы  өнеріне  деген  қызығушылығын  дамытып,  өнер  үлгілерін 

қастерлеуге,  бағалап,  талпындыру,  көркем-эстетикалық  тəрбие  беру  жалпы 

білім білім беру жүйесінің көкейкесті мəселелерінің бірі болып саналады.  

Бүгінгі  күні  орта  мектептерде  жүргізіліп  жатқан  маңызды 

реформалардың бірі, білім жүйесін гумантаризациялау болып табылады. Жас 

ұрпақтың 



 

көркем – эстетикалық  тəрбиесінде  халықтық  қолөнердің  алатын 

орны  ерекше.  Халықтық  қолөнер  мен  сəндік-қолданбалы  өнер  жұмыстарын 

оқып-зерттеу,  оқу  тəрбие  үдерісінде  қолдану,  жеке  тұлғаның  бойындағы 

мəдени  құндылықтардың  қалыптасуына  мүмкіндік  береді.  Сонымен  қатар, 

жас  ұрпақ  бойында  патриоттық  сана  сезім,  патриоттық  іс-əректтерді 

қалыптастыру бүгінгі күнгі өзекті мəселелердің бірі болып саналады. 

Қазақстан Республикасының Орта білімді дамыту тұжырымдамасында 

бұрынғы кезде кеңестік дəуірде «барлық республикалардағы орта мектептер 

бір үлгіде болғандықтан олар ұлттық мəдениет бастауларынан алыстап қана 

қоймай,  əлемдік  білім  беру  кеңістігінен  де  оқшауланды», - делінген.  Яғни, 

орталықтан  ұсынған  бейнелеу  өнері  бағдарламалары,  оқулықтары  жас 

жеткіншектерді өз халқының мəдени жетістіктерімен сусындатуға мүмкіндік 

бермеді.  Бірақ  соның  өзінде  осы  мəселелерімізге  қатысты  еңбектер  біраз 

баршылық. Сəндік-қоладанбалы өнерін мектепке дейінгілер мен жалпы білім 


 

 

43



беретін  мектеп  оқушыларының  көркем-эстетикалық  тəрбие  меңгеру 

құралдары  ретінде    пайдалану  ТМД  елдерінің  С.П.  Сакулина,  А.П.  Усова, 

Ч.А.  Флерина,  З.Г.  Богатаева,  Ч.И.  Васильева,  Ю.В.  Максимов, 

Л.Н.Любарская  жəне  т.б  ғалымдаының  еңбектерінде  зерттелген.  Халықтық 

қолөнердің  көркем  мəдени  мұралық  ерекшеліктерін  Ə.  Марғұлан,  М. 

Мұханов,  Х.  Арғынбаев,  С.  Қасисанов,  Ə.Тəжімұратов,  Қ.  Əмірғазин, 

Қ.Ералин  ашып  көрсеткен.  Қазақ  халқының  сəндік  қолданбалы  өнерінің 

білімдік,  тəрбиелік  мүмкіндіктерін  педагог-ғалымдар  Б.Əлмұханбетов, 

Ж.Балкенов,  Қ.Ералин,  Ə.  Қамақов,  С.  Жолдасбекова,  Б.  Ижанов, 

Ұ.Əбдіғаппаров,  Е.Асылханов,  С.Аманжолов,  А.Сихаев,  Т.Мүсалимов, 

М.Абдрасылов,  И.  Симснов,  Д.  Кемешов,  А.Павловский,  М.Тəңірбергенов, 

М. Матаева ерекше бағалаған.   

Алайда,  бұл  зерттеулерде  қосымша  білім  беру  жүйесінде  сəндік-

қолданбалы  өнер  негізінде  бастауыш  мектеп  оқушыларына  көркем-

эстетикалық тəрбие беру мəселелері мүлде қарастырылмаған. Демек, бүгінгі 

қоғам  сұранысының  талабына  сай  қосымша  білім  беру  жүйесінде  сəндік-

қолданбалы  өнер  негізінде  бастауыш  мектеп  оқушыларына  көркем-

эстетикалық тəрбие беру мəселелері теориялық тұрғыдан шешу қажеттігі мен 

бұл  проблеманың  ғылыми  тұрғыдан  жеткіліксіз  зерттеліп,  арнайы 

əдістемелік  жағынан  қамтамасыз  етілуі  арасындағы  жетіспеушіліктер  бар 

екені анық байқалады.  

Қазақ  халқы  сан  жылдар  бойы  аса  биік  талғампаздықпен  жасалған 

ғажайып  ұлттық  өнер  туындыларын  кейінгі  ұрпаққа  мұра  етіп  қалдырды. 

Бүгінгі күні мектепте ағаштан, теріден, жүннен, сүйектен, металдардан жəне 

т.б. табиғи материалдардан жасалған көркемдік құндылығы өте жоғары əсем 

бұйымдар  халық  игілігіне  айналмай,  тек  мұражай  экспонаттары  ретінде 

сақталуда.  Жалпы  білім  беретін  орта  мектептердің  барлық  оқу  жоспарлары 

бейнелеу өнері пəніне бөлінген сағат жүктемелерінің шектеулі болуы, типтік 

оқу бағдарламаларының мазмұнында қазақтың дəстүрлі мəдениетін тереңірек 

оқып-үйренуге  назар  аудармауы  оқушылардың  рухани  қазыналарына  шет 

қалуына əкеп соғуда. 

Соңғы  жылдары  түрлі  этностардың  жас  буынға  білім  мен  тəрбие 

беруде  жинақтаған  педагогикалық  тəжірибесін  оқу-тəрбие  үдерісінде 

пайдалану  бойынша  көптеген  ғылыми  еңбектер  жарық  көрді.  Олардың 

қатарында 

этнопедагогикалық 

теориялы-əдіснамалық, 

тəжірибелік 

мəселелері қарастырылған. Г.Н.Волков секілді педагог-ғалымдардың ғылыми 

зерттеулерін  ерекше  атап  өткен  жөн.  Сонымен  бірге  Қазақстан  ғалымдары 

ішінен  халықтың  ұрпақ  тəрбиелеудегі  педагогикалық  білімін,  ауызекі 

əдебиетін,  əн-күйін,  сəндік-қолданбалы  өнерін,  салт-дəстүрін,  даналық  ой-

пікірін,  кəдесіне  жарату,  амал-жолдарын  іздестіру  бойынша  өз  үлестерін 

қосқан  Қ.  Жарықбаев,  С.  Қалиев,  С.А.  Ұзақбаева,  М.Х.  Балтабаев, 

А.Мұхамбаева, 

Т.А.Қышқанбаев 

жəне 

т.б. 


ғалым-педагогтардың 

 

 

44



еңбектерінде,  қазақ  этнопедагогикасының  теориялық-əдістемелік  мəселелері 

бойынша өз шешімдерін тапқан деп айтуға болады. 

Еліміздің  нарықтық  қатынастар  жағдайы  жас  жеткіншек  тəрбиесіне 

қатысты  көптеген  педагогикалық  мəселелерді  өмірге  əкеліп,  ғалым- 

педагогтардан  оларды  шешу  жолдарын  табуды  қажет  етуде.  Солардың  бірі 

ретінде  орта  білім  беру  орындарындағы  оқыту  үдерісінде  қазақ  сəндік-

қолданбалы  өнері  арқылы  мектеп  оқушыларға  көркем-эстетикалық  тəрбие 

берулеудің əдістемелік құрылымын анықтау, қосымша білім беру жүйесінде 

халық  өнерінің  дəстүрлі  үлгілерін,  бастауыш  мектеп  оқушыларына  көркем-

эстетикалық  тəрбие  беру  мəселелерін  зерттеу  қажеттігі  танылады.  Сəндік-

қолданбалы өнер арқылы көркем-эстетикалық тəрбие беру мəселесін ұтымды 

шешу  болашақ  бейнелеу  өнері  мұғалімдерін  қолданбалы  өнер  арқылы, 

ұлттық өнері арқылы дайындау мəселесімен тығыз байланысты.  

Ұлттық  өнер,  сəндік-қолданбалы  өнер,  мəдениет  жөнінде  айтқанда, 

біріншіден,  тарих  тезінен  өтіп,  өзіндік  сипатын  сақтап  келген  халықтың 

рухани  қазынасын  айтамыз.  Бұл  қазіргі  мұражайларда  тұрған  тарихи  көне 

ескерткіштер  болса,  екіншіден  қазіргі  халық  шеберлерінің  қолынан  шыққан 

көркем  бұйымдар.  Үшіншіден,  осы  халықтық  бұйымдардың  қазіргі  кезеңде 

жаңаша  көрініс  табуы.  Төртіншіден,  осы  құбылыстардың  оқушылардың 

көркем шығармашылдығында өз қырынан сомдалуы. Егер осы жағдайды енді 

тікелей  мектепке  жанамалап  айтатын  болсақ,  əрине.  Бұл  оқушылардың 

халықтық  мұраны,  ұлттық  өнерді,  дəстүлі  өнерді,сəндік-қолданбалы  өнерді 

өзінше  қабылдауы,  пайымдауы,  бағалауы.  Көркемдік  талғамның  мектеп 

оқушыларына  көркем-эстетикалық  тəрбие  берудің  сапалы    түрде 

орындалуына тікелей байланысты. 

Ұлттық  сəндік-қолданбалы  өнер  қазақ  халқының  дəстүрлі  өмір 

салтымен,  материалдық  жəне  рухани  дүниесімен,  ұлттық  тəрбиесімен, 

халықтың психологиясымен ерекшеленетін əлем мəдениетіндегі өз орнымен 

сипатталады.  Ерте  жəне  орта  ғасырдағы  қала  құрылыстары,  кешендері, 

Айша-Бибі,  Қозы  Көрпеш-Баян  Сұлу,  Жошы  хан,  Алаша  хан,  Қожа  Ахмет 

Йасауи  жəдігерлерін,  Есік  қорған,  Маңғыстау  монументтік  ескерткіш 

түрлерін,  түркі  кезеңінен  келе  жатқан  тас  мүсіндерді  сөз  етіп  отырмыз. 

Бұлардың  көркемдік  пластикасы,  эстетикалық  сымбаты,  түзілімдік  сипаты, 

тарихи-рухани-мəдени  дүниемізде  алатын  орны  қазірге  дейін  мектеп 

бағдарламалары  мен  оқулықтарда  жөнді  қарастырылған  емес.  Олардың 

көркем-эстетикалық  талғамның  қалыптасуына  əсері  жөнінде  мəселе  ретінде 

көтеріліп, жеке зерттеулер де болған емес.  

Барлық  халықтарда  дамудың  төменгі  сатыларында  болатын  жəне 

барлық негізгі аспектілерде тығыз сабақтастық сақталатын сақталатын өнер. 

Оның 


айрықша 

ерекшелітері: 

шығармашылығының 

кəсіби 


сипат 

алмағандығы,  оның  жеке  басқа  тəуелсіздігі,  мифологиялық  символикаларға 

толы болуы, бүкіл діни табыну комплексімен ажырағысыз байланыстылығы. 

Олай  болса  қазақтың  ұлттық  сəндік-қолданбалы  өнері  дегенді  халықтың 



 

 

45



тіршілік  етуі  барысында  дамып  қалыптасқан  өмір  құбылыстарын,  қоғамдық 

болмыс,  сана  нəтижелерін,  адамның  іс-əрекетімен  көңіл-күйін,  сезімі  мен 

рухани  дүниесін  көркем  тілі  (түрлі  бояудағы  образдар,  пластикалық 

образдар,  көлемдік-кеңістік  формалары,  сурет  пен  реңдер,  жарық  пен 

көлеңке сызықтары) бейнеленетін форма мен қатынасы деп түсінеміз.  

Эстетикалық 

талғам 

«түрлі 


эстетикалық 

сапа-қасиеттерге 

эмоциональды  баға  берудегі  адамның  қоғамдық  практика  барысында 

қалыптасқан  қабілеті»,  өмір  мен  өнер  сфераларында  сұлу  құбылыстардағы 

сұлулықты  түсіну,  баға  беру,  əлемдік  пен  парықсыздықты  ажырата  білу, 

пайымдау,  баға  беру  қабілеті  ретінде  көрінеді.  Сондай-ақ  философиялық 

сөздікте  айтылғандай  «егер  өнертуындыларына  баға  бергенде  ондай  талғам 

көркемдік талғам» болып табылады. 

«Сəндік-қолданбалы  өнер  негізінде  бастауыш  мектеп  оқушыларына 

көркем-эстетикалық тəрбие беру - халықтық көркемдік образдар арқылы өмір 

құбылыстарын бейнелейтін əлуметтік-мəдени мұрасындағы нағыз сұлулықты 

түсініп, қабылдауы, баға беру жəне шығармашылық түрде меңгеру қабілеті» 

деп түсінеміз. 

 Жалпы  алғанда  ұлттық  өнер  арқылы  оқушылардың  біліктілігін, 

іскерлігін,  машықтылығын,  дағдысын  жетілдіру,  оның  көркем-эстетикалық 

көзқарасы  мен  талғамын  дамытып  қана  қоймай,  сонымен  бірге  жалпы 

адамзаттық  мұраны  ұғуға,  ұятжандылық  қасиеттердің  артуына  мол 

мүмкіндіктер жасайтыны сөзсіз. 

Қазақтың сəндік-қолданбалы өнерініің негізінде оқушылардың көркем-

эстетикалық  талғамын  қалыптастыру  жəне  олардың  көркем  шығарманы 

орындаудағы  қызығушылықтарының  пайда  болуына  əсер  етеді.  Қазақтың 

сəндік-қолданбалы  өнерініің  негізінде  оқушылардың  көркем-эстетикалық 

талғамын  қалыптастыру  барысында  оқу  жəне  шығармашылық  міндеттер 

ажыратылмауға тиіс. Олай дейтініміз халық шеберлерінің жəне олар жасаған 

бұйымдарын  пайдаланушы  адамдар  əдемі  етіп  шебер  жасай  білуді  де, 

осының негізінде пайда болған заттарды да өнер деп таниды. Сондықтан да 

олар 

үшін 


өнер 

шығармасы 

шеберлік 

пен 


өнертапқыштықтың, 

шығармашылық шешімінің қосындысы.  

 Біз бұған дейін бағдарламалар мен мектеп үшін жазылған оқулықтарға 

сүйенсек,  мұнда  жетекші  орын  бейнелеу  өнер  түрлерінің    ішінде  суреттің 

алатын орнын байқаймыз. Сəндік-қолданбалы өнер мүмкіндіктері жалпылай 

айтсақ  реалистік  бейнелеу  өнерімен  ғана  шектелмейді.  Егер  нақтырақ 

айтатын  болсақ  ондағы  негізгі  мазмұндық  айқындаушы  белгі,  оның 

пластикалық  сипаты  жəне  осы  пластикалық  сипаттан  туындайтын  рəміздік 

негіздерге  сүйенеді.  Рəміздік  негіз  біздің  біздің  жағдайымызда  əлемнің 

ұлттық бейнесі арқылы оқылады. 

Оқушылардың жалпы адамзаттық құндылықпен тығыз байланысы жəне 

де  одан  туындап  қалыптастасатын  дүниенің  модельдік  үлгісі:  вертикалді 

үштік;  кеңістік;  көлбеу  төрттік  кеңістік,  əлеуметтік  таным  түрлері:  тұрмыс-


 

 

46



салт;  ырым-жоралар;  əдет-ғұрып,  діни  мифологиялық  таным:  мифтік,  діни, 

фольклорлық  болып  қарастырылып  оған  қатысты  сəндік-қолданбалы  өнер 

мүмкіндіктеріне қол өнері, ою-өрнек өнері, зергерлік өнер, сəулет өнері, бояу 

түсін  қарастырды.  Оқушылардың  көркемдік  талғамын  қалыптастыруда 

сəндік-қолданбалы өнердің көркемдік мүмкіндігі негізінде тəрбие беру жəне 

көркем-эстетикалық қабылдау, көркем-образды тілді меңгеруі, түйсіну болып 

табылады.  Бұлардың  негізінде  сəндік-қолданбалы  өнердің  синтездік  сипаты 

қалыптаса  келе  сəндік-қолданбалы  өнердің  басқа  пəндермен  тығыз 

байланыста  болатынын  дəлелдейді.  Олар  өзін-өзі  тану,  қазақ  тілі  жəне 

əдебиет,  көркем  еңбек,  қазақстан  тарихы,  дүниетану,  математика  т.б. 

мысалы:  əн  сабағында  қазақтың  дəстүрлі  əн-жырлары,  өлеңдеріне  деген 

оқушылардың  сезімдерін  оята  отырып,  əн  арқылы  көркемдік  талғамын 

қалыптастыру,  өзін-өзі  тану  пəнінде  оқушылардың  сəндік-қолданбалы  өнер 

арқылы  көркем-эстетикалық  талғасын  қалыптастыруында  қоршаған  ортаны 

тануға деген ізгіліктің қатынастарына тəрбиелеу. 

Сонымен  бастауыш  мектеп  оқушыларына  бойында  жеке  тұлғалық 

қасиеттерін  дамытып,  оларға  көркем-эстетикалық  тəрбие  беруде  сəндік-

қолданбалы өнердің алатын орны зор. 

1.

 

қазақтың сəндік-қолданбалы өнердің əлеуметтік жағдайларға байланысты 



қалыптасу  ерекшелігі  мен  даму  жолы,  олардың  түрлі  ой-санаға, 

дүниетанымдық түсініктерге, əсемдік сипатына жəне рəміздік белгілеріне 

қатысты  мазмұндық  ашылуы,  оқушылардың  ақыл-ойын  жетілдіріп,  білім 

береді; 


2.

 

қазақтың  сəндік-қолданбалы  өнерді  тереңірек  меңгеріп,  олармен  іс-



тəжірибе жүзінде шұғылдану, өнерді дұрыс қабылдап, түсінуге, көркемдік 

талғаммен  басқа  өнердің  арасынан  жоғарысын  таңдай  білуге,  жақсы  мен 

нашарды айыра білуге, жеке жəне ұжымдық еңбекке деген жаңаша көркм 

талғамын қалыптастыруға тəрбиелейді; 

3.

 

қазақтың сəндік-қолданбалы өнер арқылы бастауыш мектеп оқушыларына 



көркем-эстетикалық  тəрбие  беру  оқушылардың  теориялық  білімдерін 

жетілдіреді,  практикада  оларды  еркін  қолдана  білуге  үйретеді,  оларды 

шығармашылық  ізденістерге  итермелейді,  сөйтіп  жеткіншектің  бойында 

эмоциональды  екпінділікті,  рухани-білімпаздылықты,  жеке  тұлғалық 

сапаны дамытады. 

 

1.



 

Арғынбаев Х. Қазақ халқының қолөнері.-Алматы, 1987. 

2.

 

Амиргазин К.Ж. Теоретические основы и методика обучения школьников 

казахскому декоративно-прикладному искусству. - М., 1994. 

3.

 

Марғұлан А.Х. Қазақ ұлттық қолөнері: в 3 т. - Алма-Аты, 1994.  

4.

 

Шацкая  В.М.  Общие  вопросы  эстетического  воспитания  в  школе. - М., 

1974. 

5.

 

Шпикалова Т.Я. Народное искусство на уроках декоративного рисования. 

-М., 1979. 

 

 

47



Резюме 

В  статье  рассматриваются  проблемы  художественно-эстетического 

воспитания детей в системе дополнительного образования. Автор раскрывает 

психолого-педагогические  аспекты  методики  художественно-эстетического 

воспитания  и  обучения  детей  младшего  школьного  возраста  в  системе 

дополнительного образования на материале национального искусства. 

                                                         

                                                           Summary  

          This article discusses the problems of art and aesthetic education of children 

in the system of supplementary education. The author reveals the psychological 

and pedagogical aspects of how art and aesthetic education and training of primary 

school-age children in supplementary education materials for the national art. 

  

 

 




1   2   3   4   5   6   7   8   9   10


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал