Көркемөнер халықтікі. Еңбек шілердің қалың бұқарасы арасына



жүктеу 3.53 Kb.

бет8/8
Дата09.01.2017
өлшемі3.53 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8

БЕКЕН ЖЫЛЫСБАЕВ 
Жасынан өнер жарысына түсіп, талай сындардан сүрін-
бей өткен сан алуан шеберлеріміздің қатары өсіп, 
бақытты еліміздің өскелең талабына сай қажырлы еңбек 
етуде. Солардың бірі республиканың еңбек сіңірген ар-
тисі Бекен Жылысбаев. 
Бекен Жылысбаев 1923 жылы, кәзіргі Қарағанды об-
лысы, Шет ауданында кедей шаруаның семьясында туды. 
Жасынан әншілік өнеріне бейім Бекен мектепте оқып 
жүрген кезінің өзінде-ақ көркемөнершілер үйірмесіне 
қатысып, аудандық клубта концерт беріп жүрді. 
Тыңдаушылар ол талапты жастың орындаушылық 
өнеріне өте ризалықтарын білдірумен қатар, келешекте 
оның жақсы әнші болып шығатындығына зор сеніммен 
қарайтын болды. 
«Халық айтса, қалт айтпайды» дегендей халықтың сол 
күткен сенімі көп кешікпей ақталып, Бекен өзінің әнші-
лік өнерін жылдан жылға өршіте түсті. 
Сөйтіп, шын мәнісінде шебер орындаушылық қабілеті 
130 

барлығын халыққа айқын көрсете білді. Демек, ол өз ор-
тасындағы талапты жастардың өнер жарысында үнемі 
алда болып, ерекше көзге түсе бастады. 
Аудан ішіндегі көркемөнершілер жарысында үздік 
шығып, бірнеше рет жүлде алған Бекен 1936 жылы Ал-
матыда болған пионерлер олимпиадасына қатысып, 
республикамыздың әр түкпірінен жиналған өңшең өнер-
паз жастар жарысында тағы да алда болып, бірінші бәйгі 
алды. 
Бекен осындай республикалық олимпиадаға мұнан 
кейінде екі рет қатысып, ең таңдаулы орынға ие болды. 
Аудандық және республикалық жарыстарда сан рет 
озып, жүлде алған Бекен 1939 жылы Алматыдан жібе-
рілген ең таңдаулы өнерпаздар қатарында Отанымыздың 
ұлы астанасы Москвада болған бүкілодақтық олимпиа-
даға қатысып, бұл жолы да үлкен абыроймен қайтты. 
Бұл Бекеннің он алты жастағы ғана кезі еді. 
Астана жұртшылығының алдында тұңғыш рет асқақ-
тата ән шырқап, өңшең ән шеберлерінің сынынан сүрін-
бей өткен Бекен енді өзінің дарынды өнерімен ел аузына 
іліне бастайды. Сөйтіп ол Москвадан қайтып келісімен 
қазақтың Абай атындағы мемлекеттік академиялық опе-
ра және балет театрына солистік қызметіне орналасады. 
Театрда бір жылдай кызмет істегеннен кейін Бекен 
енді оқу оқып, музыка білімімен қаруланғысы келеді. 
Сол мақсатпен ол 1940—1941 оқу жылдарында Москва 
консерваториясы жанындағы қазақ студиясына түседі. 
Бекен Жылысбаев Москвада оқып жүрген кезінде 
Ұлы Отан соғысы басталуымен байланысты 1942 жыл-
дан 1945 жылға дейін Совет Армиясы қатарында өзінің 
азаматтық борышын аткарады. 
Армия қызметінен қайтқаннан кейін Бекен Алматы-
дағы мемлекеттік консерваторияның вокальдық факуль-
тетіне оқуға түседі. Онда республиканың еңбек сіңірген 
артисі, доцент Александр Матвеевич Кургановтың класы-
131 

нан оқып, 1950 жылы консерваторияны толық бітіріп 
шығады. 
Бекен сол консерваторияда оқып жүрген кезінде бір-
неше жылдар бойы қазақ радиосында әншілік қызметін 
де атқарады. Сондықтан да оның әншілік өнері бүкіл 
республика еңбекшілеріне түгел әйгілі. 
«Ізденген жетер мұратқа» дегендей жасынан талпы-
нып, жоғары дәрежелі музыкалық білім алуды аңсаған 
Бекен көздеген мақсатына жетіп, консерваторияны бітір-
геннен кейін сол консерваторияның педагогтік қызметіне 
алынды. Содан бері ол өзі сияқты музыка сүйгіш көпте-
ген талантты жастарды әншілік өнеріне төселдіре тәрбие-
леп, оларға ұстаздық етуде. 
Бекен Жылысбаев консерваторияда оқытушылық 
қызметін атқарумен қоса қазақтың Жамбыл атындағы 
мемлекеттік филармониясында көптеген ашық концерт-
терге қатысып және ауа толқынымен радио арқылы да 
шарықтата ән шырқап келеді. 
Бекеннің концерттік репертуарында қазақ әндерімен 
қатар орыс және Батыс Европа композиторларының да 
көптеген әндері мен романстары және опералық арияла-
ры бар. 
Ең алғаш әншілік адымын көркемөнершілер үйірме-
лерінде қазақтың халық әндерін айтудан бастаған Бекен 
жоғары дәрежелі білім алып, музыка техникасымен то-
лық қаруланғаннан кейін кәдімгі профессионал әншілер 
қатарында классикалық көркем шығармаларды орындау 
мамандығын да меңгеріп отыр. Бұл жағдай әрине, өте 
сүйсінерлік іс. 
Бекен Жылысбаевтың көркемөнер саласындағы са-
палы еңбектері жоғары бағаланып, оған республиканың 
еңбек сіңірген артисі деген құрметті атақ берілді. 
Бекен Жылысбаев 1957 жылдан бастап Алматы мем-
лекеттіқ консерваториясының доценті. 

РОЗА ЖАМАНОВА 
Москва. 1958 жыл. 12 декабрь. Кешкі сағат 7 ден бы-
лай астана халқы үлкен театрға қарай лег-легімен 
ағыла бастады. Олардың аузындағы сөз біреу ғана, бү-
гін Қазақстанның әдебиеті мен көркемөнерінің онкүндігі 
ашылады екен, соны барып көруіміз керек деседі. 
Москва уақыты бойынша кешкі сағат жеті жарым. 
Театр залы лық толы халық. Бұл кезде Никита Сергеевич 
Хрущев бастаған үкімет мүшелері де келіп, арнаулы 
орындарына орналасқан болатын. 
3-звонок беріліп, театр сахнасының шымылдығы да 
жайлап ашыла бастады. Осы кездегі сахна төріндегі көрі-
ніс: Қоянды жәрмеңкесі. Біржан мен Сараның келуін 
күткен жастардың ән шырқап, би билеген қызу думан, 
ойын-сауықтары болып жатады. 
Аздан соң осы топтың ішіне Біржан мен Сара келіп, 
үлкен айтысқа кіріседі. 
Міне, осындай көңілді ойын-сауықпен басталып, ақы-
ры трагедиялық уақиғамен тынатын композитор Мұқан 
133 

Төлебаевтың осы «Біржан — Сара» операсы басынан ая-
ғына дейін астана жұртшылығына аса ұнайды. Оның 
ішінде операның бас кейіпкерлері Біржан мен Сараның 
рольдерін орындаушылар, әсіресе Сара образын жасау-
шының өнері ерекше көзге түседі. Ол, Совет Одағының 
Халық артисткасы, Үлкен театр сахнасына тұңғыш рет 
шыққан жас талант Роза Жаманова болатын. 
Розаның сол күнгі қойылған «Біржан — Сара» опера-
сындағы Сараның ролі өте жақсы орындалғандығы жө-
нінде келесі күннен бастап-ақ «Правда», «Советская 
культура» және басқа орталық газеттерде көптеген ма-
қалалар басылды. Сондай-ақ 14 декабрьде қойылған 
композиторлар Ахмет Жұбанов пен Латиф Хамидидің 
«Абай» операсындағы Ажардың ролін орындауда да Ро-
за москвалықтардан айтарлықтай жақсы баға алды. 
«Советская культура» газеті сол кездегі өзінің бір 
номерінде: өз героинасының ішкі дүниесін шынайы сезіне 
білген, тамаша даусы бар Роза Жаманова «Абай» опе-
расындағы Ажардың бейнесін таңғажайып жасады және 
аса әсерлі етіп көрсетті деп жазды. 
Осы онкүндік кезінде Москвадағы көркемөнер қыз-
меткерлерінің үйінде болған бір концертте Роза орыстың 
ұлы композиторы Чайковскийдің «Мен емеспем далада 
гүл боп өскен» дейтін белгілі романсын орындағанда 
залда отырған еліміздің әйгілі әншілерінің бірі Валерия 
Владимировна Барсова орнынан тұрып, сахна сыртына 
барады да, Розаның маңдайынан сүйіп, қолына гүл ұс-
татады. 
— Мен сені 1957 жылы жастар мен студенттердің 
Москвада болған Бүкілодактық VI фестивалінде ең бі-
рінші рет тыңдаған едім. Міне содан бергі аз уақыттың 
ішінде сен қандай жақсы болып өскенсің Роза. Осындай 
творчестволық тамаша табыстарыңды құттықтаумен бір-
ге келешекте, советтік көркемөнердің көрнекті бір қай-
134 

раткері болуыңа шын ниетпен тілектестік білдіремін деп, 
жылы шыраймен хош айтысты ол. 
Осы онкүндіктің 23 декабрьде болған қортынды кон-
цертінде Роза итальян композиторы Пуччинидің «Чио-
Чио-Сан» операсындағы Чио-Чио-Санның ариясыи ай-
тып, тыңдаушылардың ерекше назарын аударды. 
Қорыта айтқанда Роза Жаманованың қазақ әдебиеті 
мен көркем өнерінің онкүндігіне барған осы сапары өте 
сәтті болып, 1959 жылы 3 январьда Совет Одағы Жоғар-
ғы Советі Президиумының Указы бойынша Совет Одағы-
ның Халық артисткасы деген құрметті атаққа ие болды. 
Жасы 31 ге биыл ғана толған жас таланттың осындай 
үлкен мәртебеге жетуі қандай қуаныш, қандай мақтанар-
лық іс десеңізші. Бұл жағдай бір ғана Розаның өз қуа-
нышы емес, бүкіл республика жұртшылығын сүйсіндіріп 
отыр. Бұған ел еңбекшілерінің кұттықтау телеграммала-
ры мен көптеген газет мақалалары толық айғақ бола 
алады. 
Ал, енді Розаның өмірбаяны мен творчестволық өсу 
жолына біраз тоқталайық. 
Роза Жаманова 1928 жылы 6 апрельде Ақтөбе қала-
сында туды. Ата-анасынан жастайынан айрылған Роза 
жетімдік көрмей, Орал қаласындағы балалар үйінің тәр-
биесіне алынады. Аздан соң қаладағы 7 жылдық музыка 
мектебінің жанындағы интернатқа ауысып, онда форте-
пиано класынан оқу оқиды. 
Жасынан әншілік өнерге бейім Роза 1945 жылы жа-
ңада ашылған музыка училищесінің әншілер даярлайтын 
бөліміне түседі. 
Розаның әншілік кабілеті барлығы сол кездіқ өзінде-
ақ байқала бастайды. Мектеп жанындағы көркем өнер-
шілер концертіне қатысып, тыңдаушылардан сан рет ал-
ғыс алады. 
1949 жылы Оралдағы музыка училищесін бітірісімен 
Роза Алматы мемлекеттік консерваториясының вакаль-
135 

дық факультетіне келіп, оқуға орналасады. Онда қарт 
педагог Алексей Матвеевич Кургановтың ағалық көмегі-
мен оқуды өте жақсы оқып, келешекте өзінің опералық 
артистка бола алатындығын шын мәнісінде көрсете біле-
ді. Соның нәтижесінде ол 1953 жылы консерваторияның 
IV курсіндегі кезінде-ақ қазақтың Абай атындағы мем-
лекеттік академиялық опера және балет театрына шақы-
рылады. 
Театр табалдырығын тұңғыш рет қана аттаған жас 
талантқа төселген егде артистердің ортасында, опералық 
рольдерді бірден орындап кету әрине, онша оңайға 
да түсе қойған жоқ-ты. Бірақ, Күләш Байсейітова, Құр-
манбек Жандарбеков сияқты көркемөнер қайраткерлері-
нің көмегімен көп кешікпей-ақ Роза жұрт көзіне көріне 
бастады. 
Ең алғашқы рет композитор Евгений Брусиловскийдің 
«Ер Тарғын» операсындағы Ақжелеңнің ролін ойдағыдай 
жақсы орындап шыққаннан кейін ол енді бұрынғыдан 
гөрі буыны бекігендей болып, басқа рольдерді де орын-
дауға жүрексінбей, батылырақ кіріседі. 
Роза Жаманова келесіде Брусиловокийдің «Қыз Жі-
бек» операсындағы Төлегеннің қарындасы Қарлығаштың 
ролін де көңілдегідей орындап, көпшілікке ұнай бастады. 
1954 жылдың көктемінде Роза консерваторияны өте 
жаксы деген бағамен бітіреді де, енді ыңғай творчество-
лық өнер жолына түсу үшін қолына жолдама алып, 
қазақтың Абай атындағы мемлекеттік академиялық опе-
ра және балет театрына артисткалық қызметіне орнала-
сады. 
Консерваторияда оқып жүрген кезінде ең алғашқы 
тырнақ алдысын Ақжелең мен Қарлығаштың рольдерін 
ойнаудан бастаған Роза аздан соң-ақ операдағы ең 
жауапты үлкен рольдерді орындау мамандығын да толық 
меңгеріп кетті, атап айтқанда, композиторлар: Ахмет 
Жұбанов пен Латиф Хамидидің «Абай» операсындағы 
136 

Ажардың, композитор Мұқан Төлебаевтың «Біржан— 
Сара» операсындағы Сараның, композитор Құддыс Қо-
жамьяровтың «Назгум» операсындағы Назгумның роль-
дерін айтарлықтай жақсы орындап, тыңдаушылардан 
тым жақсы баға алды. 
Музыка білімімен толық қаруланған жас талант Ро-
за Жаманова бірыңғай Қазақстан композиторларының 
ғана емес, енді орыс және Батыс Европа классик компо-
зиторларының да көптеген операларындағы жауапты 
рольдерді өте жақсы орындап, үлкен табыстарға жетуде. 
Мысалы, орыстың ұлы композиторы Глинканың «Руслан 
мен Людмила» операсындағы Гориславанын, Чайков-
скийдің «Евгений Онегин» операсындағы Татьянаның, 
«Пиковая дама» операсындағы Прилепаның, неміс ком-
позиторы Вердидің «Фауст» операсындағы Маргарита-
ның, итальян композиторы Пуччинидің «Чио-Чио-Сан» 
операсындағы Чио-Чио-Санныц рольдерін де өте шебер-
лікпен орындуда. 
Айналасы 5—6 жыл ішінде ғана осыншалық зор 
табыстарға ие болу, әрине, екінің бірінің қолынан келе 
бермейді, демек, бұл талантты жас Розаның тамаша 
тапқырлық, асқан алғырлық өнерінің үлкен айғағы деп 
айта аламыз. 
Роза Жаманова тек опералық артистка ғана емес, 
ол ашық концерттерде де алдыңғы қатардағы әнші, 
оны анықтау үшін мынадай фактілерді айта кетуге тура 
келеді. 
1957 жылы Роза жастар мен студенттердің Москвада 
болган бүкілодақтық конкурсіне қатынасып, фәсти-
вальдің лауреаты деген кұрметті атақ алып қайтты. 
Роза Жаманова Совет Армиясының 40 жылдығына 
байланысты Қазақстанның концерттік бригадаеы кұра-
мында Балтық теңізі жағасындағы моряктарға арнап 
берілген концерттерге де қатысты. Онда композитор 
Глиердің «Біз жасай береміз» дейтін романсын, композн-
137 

тор Хамидидің «Қазақ вальсін» және басқа да әндер мен 
романстар орындап, ерекше көзге түсті, сол сапарында 
ол мақтау грамотасын алды. 
Роза Жаманова қазақ әдебиеті мен көркемөнерінің, 
Москвада болған онкүндігіне барып қайтқаннан кейін 
Қазақстан көркемөнер шеберлерінің Фрунзеде Қырғыз 
ССР көркемөнер қызметкерлерімен кездесуіне 
барып, онда да туысқан кырғыз республикасы халықта-
рының алдында өзінің асқан әншілік өнерін өте шебер-
лікпен көрсете білді. 
«Советтік Киргизия» газетінің 7 июньдегі нөмірінде 
Розаның әншілік өнері біраз сыпатталған, әсіресе орыс-
тың ұлы композиторы Чайковскийдің «Мен емеспем да-
лада гүл боп өскен» дейтін әйгілі романсын және Қазақ-
стан композиторы Нұрғиса Тлендиевтің «Нұрлы күн» 
атты әнін аса шебер орындағандығы атап айтылған. 
Роза Жаманованың көркем өнер саласындағы сапа-
лы еңбектері жоғары бағаланып, 1958 жылы ноябрь 
айында Қазақ ССР Жоғарғы Советі Президиумының 
Указы бойынша оған республиканың еңбек сіңірген ар-
тисткасы деген құрметті атақ берілген болатын. 
Роза Жаманова өзінің негізгі қызметіне қоса көпші-
лік қоғам жұмыстарына да белсене қатынасуда, ол кәзір 
Алматы қалалық Советінің депутаты. 
Аз жыл ішінде айтарлықтай аброй-атаққа ие болып, 
советтік көркемөнердің көрнекті қайраткерлері қатарына 
қосылған Роза Жаманова алдағы уақытта да творчест-
волық өрлеу үстінде, табыстан табысқа жете берсін 
дейміз. 
* * * 
Коммунистік партияның қамқорлығы арқасында шат 
өмір сүріп отырған совет халқы әсем әнді, тәтті күйді 
күнде естігісі келеді; көркем суретті, алуан тақырыпты 
кино-картиналарды, постановкаларды жиі-жиі көруге 
құмартады. 
138 

Халқымздың осындай өскелең талаптарын орындау 
жолында үлкен абыройға ие болып, көрнекті еңбек сіңі-
ріп келе жатқан көркемөнер шеберлерінің бір топ саң-
лақтарымен осы кітапшамызда оқушыларымызды азды-
көпті таныстырғандай болдық. 
Халқымыздың күн санап өсіп отырған мәдени тілек-
терін орындау жолында осында аты аталған көркемөнер 
шеберлерінің бұдан былай да зор абыройға жете беруле-
ріне шын ықыласпен ниет білдіреміз! 

М А З М Ұ Н Ы 
Алғы сөз  . .  . . . . 3 
Қалыбек Қуанышбаев 14 
Қүләш Байсейітова 22 
Мұқан Төлебаев  . . .  3 1 
Ермек Серкебаев 38 
Қали Байжанов 45 
Кенен Әзірбаев ......................................... 52 
Жамал Омарова  . .  5 9 
Жүсіпбек Елебеков ............................................................................... 65 
Манарбек Ержанов ........................ 76 
Рахия Қойшыбаева ...................................... 85 
Ғарифолла Құрманғалнев ......... 90 
Роза Бағланова ...................................................................................... 96 
Әнуарбек Үмбетбаев 105 
Байғали Досымжанов 109 
Күләш Сәкиева  . . . 115 
Бибігүл Төлегенова 119 
Рабиға Есімжанова 124 
Бөкен Жылысбаев 130 
Роза Жаманова  . . . 133 
Мақсутбек Майчекин 
МАСТЕРА ИСКУССТВА 
(На казахском языке) 
Редлктор Н. Косаев. Художник Ю. Сапожников. 
Худож. редактор П. Дубов 
Техн. редактор М. Злобин, Корректор X. Абдрахманова
Сдано в набор 28/ІХ 1959 г. Подписано к печати 10/ХІ 1959 г. 
Формат 70+108
1
/
32
,- 4,375 = 5.96 п. л. (5,68 уч.-изд. л.). Тираж 4000. 
УГ01038. Казгосиздат, г. Алма-Ата, ул. Панфилова, 143. 
Цена 1 руб. 10 коп. 
Заказ № 1393. Типография №2 Главиздата Министерства культуры КазССР, 
г. Алма-Ата, ул. Карла Маркса, 63. 


1   2   3   4   5   6   7   8


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал