Көркемөнер халықтікі. Еңбек шілердің қалың бұқарасы арасына



жүктеу 3.53 Kb.

бет7/8
Дата09.01.2017
өлшемі3.53 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8

КҮЛӘШ СӘКИЕВА 
Ө ркені өскен елімізде талантты жастар үкімет пен пар-
тияның қамқорлығына бөленіп, өнер-білім үйреніп, 
алдыңғы саптағы өнерпаздар қатарынан тиісті орын алу-
да. Олар өздерінің творчестволық іздену жолындағы қол 
жеткен табыстарын халқымыздың игілігі үшін жұмсай-
ды. Міне, солардың бірі Күләш Сәкиева. 
Күләш 1920 жылы Зайсан қаласында, жұмысшы се-
мьясында туған. Ақпейіл ата-ананың әлпештеуінде кем-
шілік көрмей, еркін өскен ерке қыз Күләш жасынан-ақ 
ән салуға әдеттенеді. Мектепте оқып жүрген кезінде көр-
кемөнершілер үйірмесіне белсене қатысып, Сәкидің әнші 
қызы атанады. 
Туған жерінде жеті жылдық мектепті бітіргеннен ке-
йін ол үлкен қалаларға қарай, өнер-білім іздену сапары-
на аттанғысы келеді. «Ата — балаға сыншы» дегендей, 
жаста болса Күләштің келешегінен жемісті үміт күткен 
ата-аналары да оның бұл талабына қарсы бола қойған 
жоқ-ты. 
Сөйтіп, ол 1934 жылы Алматыға келеді. Алғашқы кез-
8*
 115 

де қазақ педагогика институтының Түргендегі жұмыс-
шылар факультетінде оқиды да, онан кейін өзінің жасы-
нан сүйетін өнерін үйренуге талаптанады. 
Күләш Сәкиева өзінің осы ойлаған мақсатын жүзеге 
асыру үшін 1937 жылы Алматыдағы театр училищесінің 
актерлер дайындайтын факультетіне оқуға түседі. Онда 
өзінің негізгі мамандық жұмысын үйрене жүріп, ән салу 
әдетін де тастамайды. 
Күләш Сәкиева 1941 жылы училищені бітіргеннен ке-
йін Жамбыл облыстық театрына жіберіледі. Онда алдың-
ғы қатардағы актерлік қызметін атқарып, түрлі жауап-
ты рольдерді ойдағыдай жақсы орындағаны үшін үлкен 
сый-құрметке бөленеді. 
Атап айтқанда, драматургтер Ғабит Мүсіреповтың 
«Қыз Жібек» пьесасындағы Қарлығаштың, «Қозы Көр-
пеш — Баян сұлу» пьесасындағы Баянның, Шиллердің 
«Зұлымдық пен махаббат» пьесасындағы кедей скрипач-
тың қызы Луизаның, Назым Хикметтің «Махаббат тура-
лы аңыз» пьесасынан Михмена банудың, өзбек жазушы-
сы Абдолланың «Ауру тістер» пьесасында Санавархан-
ның рольдерін аса шеберлікпен орындады. 
Бұл аталған пьесалардың ішінде Күләш, әсіресе, Мұх-
тар Әуезовтың «Еңлік — Кебек» пьесасындағы ескі әдет-
ғұрыптың құрбаны болған, еріксіз қазақ қыздарының бі-
рі — Еңліктің әменгерлік жолымен алмақ болып, 
озбырлық жасағысы келген Есен батырдың айтқанына 
көнбей, өзінің сүйгені — Кебекке еріп бара жатқан сапа-
рында өзінің ата-аналарына, туған ел, өскен жеріне қош-
тасуын айтқанда тыңдаушылардың сай сүйегін сырқыра-
тып, ой сезімін тебіренткендей болады. 
Күләш Сәкиева Жамбыл облыстық театрында оннан 
аса жыл қызмет істегеннен кейін 1952 жылы Семей об-
лыстық театрына ауысып, содан осы уақытқа дейін сол 
орында өзінің негізгі мамандық қызметін көңілдегідей 
жақсы атқарып келеді. Ол Семей театрында да көптеген 
116 

пьесаларда актерлік образдар жасаумен қатар концерт-
терге де қатысып тұрады. 
Күләш Сәкиева 1958 жылы июль айында Семей теа-
тры коллективімен бірге Алматыға келіп, драмалық пье-
салардан қойылған бірнеше спектакльдерге катысып 
қайтты. Оның түрлі образ жасаудағы асқан кейіпкерлі-
гін астана жұртшылығы өте ұнатты. Әсіресе, жазушы 
Әбділдә Тәжібаевтың «Майра» пьесасындағы Майраның 
ролін аса жақсы орындағаны туралы республикалық га-
зеттерде бірнеше мақалалар жазылды. 
Ал, енді Күләштің әншілік өнеріне келсек, оның ре-
пертуарында кәзір 50 шамалы әндер бар. Мұның көпші-
лігі халық әндері. Олардың ішінде «Жалғыз арша», 
«Әсеттің әні», «Көкем-ай», «Қос өрік», «Ғайни», «Хай-
ләйлім», «Маңмаңкер», «Ақ саусақ» сияқты өзінің жасы-
нан айтып келе жатқан көптеген төл әндерін ол тыңдау-
шыларын тамаша сүйсіндіре, өте жақсы айтады. 
Күләш Сәкиева халық әндерін орындаумен қатар 
кәзіргі Қазақстан совет композиторларының да көптеген 
көркем әндерін көңілдегідей жақсы айта біледі. Олардың 
ішінде Кәрімбаевтың «Қой өсірген келіншек», Байқада-
мовтың «Сауыншы жеңгей», Жамақаевтың «Шофер 
әндерін» айтқанда халық оны зор ынтамен тыңдайды. 
Бұрын облыстық ашық концерттерде ғана айтатын 
Күләштің асқақ үні соңғы жылдар ішінде радио арқылы 
ауа толқынымен бүкіл республика жұртшылығына да 
естіле бастады. Мыңдаған радио тыңдаушылар өздерінің 
өскелең талаптарына сай, талантты әншінің шырқата 
салған сан алуан әндеріне өте ризалықтарын білдіруде. 
— Біздер Күләш Сәкиеваның өмірбаяны мен твор-
честволық өсу жолын таныстыру ретінде радио арқылы 
берілген музыкалы хабарды тыңдадық. 
Бұл концерт бізге өте ұнады, мүмкін ол бізден бас-
қаларға да ұнаған шығар деп ойлаймыз. Өйткені оның 
сыңғырлаған сұлу дауысымен салған әндері адамның 
117 

шын сүйіепеншілік сезімін оятқандай, тыңдаушылардың 
көңілді дем алуына үлкен әсер етті. 
Бұрын жұмысшының семьясында өсіп, партия мен 
үкіметтің аталық қамқорлығы және өзінің жігерлі тала-
бы арқасында мамандық білім алып, мұншалық табыс-
тарға жетуі әркімді-ақ сүйсіндіруге тиісті,— деп хат 
жазыпты Семей облысынан бір топ совхоз қызметкер-
лері. 
Күләш Сәкиева соңғы кездерде өз ойынан өлеңдер 
жазып, ақындық өнеріне де талаптануда, оның бірсыпы-
ра өлеңдері облыстық газеттерде де басылып жүр және 
өзі айтатын: «Жеті арал», «Жайнашы құрбым», «Ақ 
саусақ», «Қос жеңгей» сықылды әндерінің текстерін ол 
өзі жазған. 
Күләш облыс орталығындағы негізгі қызметінің үсті-
не, сол облыстағы колхоз, совхоздарды аралап, еңбек-
керлер арасында да елеулі еңбек сіңіріп келеді. 
Соңғы кезде он адамнан құрылған мәдени бригада 
құрамында Шұбартау, Абай аудандарында болып, «Ар-
қарлы», «Қарабұлақ», «Екпін», «Доғалаң», «Қайнар» 
участоктарындағы колхоз, совхоздарды айлап аралап 
жүріп, көптеген концерттер беріп қайтты. 
Күләш Сәкиева еліміздің таңдаулы ұл, қыздары қа-
тарында 1955 жылдан 1958 жылға дейін Қазақ ССР 
Жоғарғы Советінің депутаты, 1958 жылы Семей облыстық 
Советінің депутаты болып сайланды. 
Таңдаулы қоғам қайраткері, талантты артистка, та-
маша ән шебері Күләш Сәкиеваның көркемөнер саласын-
да сіңірген сан алуан сапалы еңбектерін партия мен 
үкімет әр уақыт жоғары бағалап келеді. Атап айтқанда, 
1945 жылы Құрмет белгісі орденімен, екі рет Қазақ 
ССР Жоғарғы Советінің грамотасымен наградталды. 
Сонымен қатар 1947 жылы республиканың еңбек сіңір-
ген артисткасы, 1958 жылы Қазақстанның Халық артист-
касы деген құрметті атақтар берілді. 

БИБІГҮЛ ТӨЛЕГЕНОВА 
Семейдің жаңа қаласындағы кішіректеу бір кірпіш үй-
де түрлі музыкалар ойналып, ән шырқалып жататын-
ды. Бұл үйдің тұсынан олай-бұлай өткен адамдар мұнда 
бір концерт болып жатқан шығар деп те ойлайтын. 
Ал, дұрысында онда көпке арналған үлкен концерт 
емес, бір топ жұмысшылар өзара бас қосып, әрбір дем-
алыс күндерінде сауық кешін өткізетін-ді. 
Бұл топтың әрдайым жиналатын жері — сол қалада-
ғы орталық тиірменнің жүк тасушысы — Ахмет Төлеге-
новтың үйі еді. Өйткені ол домбыра, гармонь, балалайка, 
гитар және скрипка сияқты музыка аспаптарының бәрін 
де жақсы ойнай білетін және оның әйелі де гармоньға 
қосылып, қазақша, татарша ән салатын өте өнерлі адам 
болыпты. Сондықтан да олар өздерінің басқа да музы-
кант достарын жинап алып, әр кезде ойын-сауық құрып 
жатады екен. 
Бұл кезде, осы үйдегі жеті жасар, тұлым шашы жел-
біреген, қара торы қыз әрбір өнерпазға үңіле қарап, құ-
119 

лақ түре тыңдайтын да, соларға еліктеп, өзі де ән айтуға 
талаптанатын. 
Талапты жастың табиғи әншілік дарыны барлығы 
тыңдаушыларға сол кездің өзінде-ақ байқалғандай еді. 
Сонан былай ол өз үйінде де, балалар бақшасында да, 
мектеп жанындағы көркемөнершілер үйірмесінде де ән 
салуға әдеттеніп, өзінің орындаушылық өнерін өрістете 
беруге ұмтылады. 
Бірақ та, амал қанша, Бибігүл жаңа ғана талпына қа-
нат қаға бастаған кезінде оның әкесі өліп, шешесі ауыр 
сырқатқа душар болады да, семья асырау салмағы Би-
бігүлдің бір өзіне түседі. Өйткені өзімен бірге туған бес 
баланың бәрі де шиеттей жас, бір үйдегі жұмысқа жа-
райтын, ең бас көтерер үлкені осы Бибігүл болатын. 
Бұл кезде Бибігүл Төлегенова оқуды да, ән салуды 
да тоқтата тұрып, жұмысқа кіруге мәжбүр болады. Бұл 
Бибігүлдің 1945 жылы жеті жылдық мектепті жаңа ғана 
бітіріп шыққан кезі еді. 
Бибігүл Төлегенова ең алдымен Калинин атындағы 
Семей ет комбинатының клубында киномеханик көмекші-
сі болып істейді. Одан кейін 1947 жылы өзінің қалауы 
бойынша сол комбинаттың консерв заводына ауыстыры-
лады. Өйткені ол шаруашылық жағдайы біраз түзелісі-
мен-ақ өзінің жасынан сүйетін әншілік өнеріне қайта 
оралғысы келеді, ол үшін күндіз жұмыс істеп, кешке 
көркемөнершілер концертіне қатысуына бұл қызмет өзіне 
өте қолайлы сықылды көрінеді. 
Сөйтіп, ол бір жағынан істей жүріп, екінші жағынан 
үйірмеде үйреніп, сахналық концерттерде татарша әндер 
айта бастайды. 
Сахнада ән айтып, біраз төселгеннен кейін Бибігүл 
Төлегенова 1948 жылы Алматыда болған республикалық 
олимпиадаға қатынасады. 
Қазақтың Абай атындағы мемлекеттік академиялық 
опера және балет театрында қойылған қорытынды кон-
120 

цертте Бибігүл орыстың ұлы композиторы — Глинканың 
«Боз торғай» атты әнін, композитор Латиф Хамидидің 
«Қазақ вальсін» айтып, тыңдаушы астана жұртшылығын 
тамаша сүйсіндіреді. 
Республикамыздың тұс-тұсынан жиналған өңшең 
өнерпаздар жарысында озып шығып, 1-бәйгі алады. 
Бұрын қалалық көркемөнершілер арасында ғана ән-
ші атанған Бибігүл Төлегенова енді бүкіл республика 
өнерпаздарының алдыңғы сапында болып, өзінің әншілік 
өнерімен ерекше көзге түседі. Соның нәтижесінде ол ко-
миссияның ұйғаруы бойынша кәзіргі Құрманғазы атын-
дағы Алматы мемлекеттік консерваториясының вокаль-
дық факультетіне оқуға қалдырылады. 
Астанаға тұңғыш рет келген осы сапары өте сәтті 
болып, музыкалық оқу ордасының табалдырығынан ат-
тасымен-ақ ол өзінің жасынан аңсаған әншілік өнерін 
дамыта берудің даңғыл жолына түскендей болады. 
Бибігүл Төлегенова консерваторияда оқи жүріп, қа-
зақ радиосына әншілік қызметіне орналасады. 
Бұрын ашық концерттерде ғана айтатын Бибігүл енді 
ауа толқыны арқылы микрофон алдында да шырқата ән 
салып, мыңдаған тыңдаушыларға өзін таныта біледі. 
Радиода ән айтудың өте жауаптылығын жақсы түсін-
ген ол орындаушылық шеберлігін күн сайын шыңдай 
түседі және концерттік репертуарын жаңарта беру жағы-
на үлкен көңіл бөледі. 
Сөйтіп, ол аз жылдар ішінде-ақ қазақтың халық әнде-
ріне қоса, совет композиторларының, орыс және Батыс 
Европа классиктерінің көптеген әндері мен романстарын 
және опералық арияларын орындау шеберлігін толық 
меңгере алатын болады. Атап айтқанда, Рубинштейн, 
Даргомыжский, Чайковокий сияқты орыс классиктерінің, 
сондай-ақ Дунаевский, Новиков, Мокраусов, Будашкин 
сияқты көптеген совет композиторларының құнды шы-
121 

ғармаларын қазақ тілінде айтып, халыққа таныстыру 
жөнінде де күрделі еңбек сіңірді. 
Бибігүл Төлегенова 1954 жылы Алматы мемлекеттік 
консерваториясын бітіргеннен кейін қазақтың Абай атын-
дағы мемлекеттік академиялық опера және балет теа-
трына солистік қызметіне жіберіледі. 
Театрға барғаннан кейін ол түрлі жауапты рольдер-
де ойнай бастайды. Композитор Евгений Брусиловский-
дің қазақ музыкасы негізінде жазған «Қыз Жібек» опе-
расынан Қарлығаштың, итальян композиторы Вердидің 
«Риголетто» операсынан Джильданың, орыс композито-
ры Чайковскийдің «Пиковая дама» операсынан Приле-
паның рольдерін ойдағыдай жақсы орындады. 
Сөйтіп, опера театрында екі жылдай қызмет істеген-
нен кейін Қазақ ССР Мәдениет министрлігінің ұйғаруы 
бойынша Бибігүл Төлегенова 1956 жылы қазақтың Жам-
был атындағы мемлекеттік филармониясына әншілік 
қызметіне ауыстырылды. Сонан осы уақытқа дейін сол 
орында қызмет істеп келеді. 
Бибігүл Төлегенова көбінесе Құрманғазы атындағы 
музыка аспаптар оркестрінде солистік қызметін атқара-
ды. Бірсыпыра әндерді оркестрге қосылып та айтатын 
болды. 
Бибігүл Төлегенова филармонияға барғаннан бері 
республикамыздың көптеген қалаларында, колхоз, сов-
хоздарында, өндіріс, кәсіпорындарында көптеген концерт-
тер беріп, тыңдаушылардан үнемі алғыс алуда. Сондай-
ақ одақ көлеміндегі және шетелдердегі бірсыпыра ірі 
қалаларды аралады. 
1955 жылы Варшавада болған жастар мен студент-
тердің бүкіл дүниежүзілік фестиваліне қатынасып, жақ-
сы баға алып қайтты. Сол жылы Орта Азия жас орын-
даушыларының концерттік бригадасымен бірге Қытай 
Халық Республикасының Синьцзянь провинциясында 
көптеген концерт берді. 1957 жылы Құрманғазы атында-
122 

ғы оркестрмен бірге Қытай Халық Республикасына екін-
ші рет барды. Бұл сапарында ол өздерінің коллективімен 
бірге Мао Цзэ-дунның қабылдауында болып, үлкен сый-
құрмеже бөленді. 
— К. Е. Ворошилов пен Мао Цзэ-дунның біздің кон-
цертімізді тыңдап, сүйсіне қол соғулары менің өмірлік 
есімде сақталарлық уақиға болды,— деп үлкен қуаныш 
етеді Бибігүл Төлегенова. 
Жастардың өнер жарысында озып шығып, сан рет 
жүлде алған жас талант Бибігүл Төлегенова 1957 жылы 
Москвада болған фестиваль конкурсіне және 1958 жылы 
эстрадалық жас орындаушылардың Бүкілодақтық кон-
курсіне қатынасып, осы екі сапарында да лауреаттық 
атақ алып қайтты. 
Бибігүл Төлеғенова өзінің орындаушылық шеберлігін 
жақсартумен бірге жыл сайын жаңа репертуар дайындау 
ісімен де шұғылдануда. Кәзір ол әр тілде алпыстан ас-
там ән айтады. Оның ішінде Евгений Брусиловский, Ах-
мет Жұбанов, Мұқан Төлебаев, Бақытжан Байқадамов, 
Сыдық Мұхамеджанов сияқты Қазақстан композиторла-
рының да көптеген көркем әндері бар. 
Бибігүл Төлегенова 1958 жылы Москвада өткізілген 
онкүндіктің қорытынды концертінде ерекше көзге түсіп, 
астана жұртшылығынан аса жоғары баға алғандығы 
үшін оған Қазақстанның Халық артисі деген құрметті 
атақ берілді және Еңбек Қызыл Ту орденімен наград-
талды. 
Партия мен үкімет Бибігүлдің көркемөнер саласын-
дағы көрнекті еңбектерін жоғары бағалап, бұдан бұрын 
да Қазақ ССР Жоғарғы Советінің грамотасымен наград-
тады және республиканың еңбек сіңірген артисткасы 
деген атақ берді. 

РАБИҒА ЕСІМЖАНОВА 
Бұрын-соңды халық ортасынан шыққан сан алуан 
өнерпаздардың творчестволық өсу жолымен таныс-
қанымызда олардың бірсыпырасы өздерінің ата-аналары-
ның немесе туған-туысқандарының машықтанған өне-
рінен үлгі алып, солардыц дәстүрі бойынша жастайынан 
іздену жолына түскендіктерін көреміз. 
Соған қарағанда «Ұяда нені көрсең, ұшқанда соны 
ілерсің» дейтін осы бір нақыл сөз өте орынды айтылған 
екен-ау деген ойға келеміз. 
Міне, тап осыған сәйкес мынадай бір жәйді айта ке-
туге тура келеді. 
Өткен он тоғызыншы ғасырда, кәзіргі Ақмола облысы, 
Қорғалжын ауданында туып өскен Бабақ дейтін кісі жә-
не оның әйелі Өреке бәйбіше екеуі де қалыпты ел таны-
ған әйгілі әнші болыпты. Олардан туған төрт ұл, төрт 
қыз, атап айтқанда: Сейтжан, Есімжан, Қосымжан, До-
сымжан, Гүлжәмила, Бижан, Қанша, Бағира бәрі бірдей 
әншілік өнерін сүйген сауықшыл жандар екен. 
124 

Бір ұядан ұшқан осындай топты әншінің үлкен орда-
сы — Бабақ қарттың үйінде күн сайын ертелі-кеш тама-
ша ән шырқалып, күмбір-күмбір тартылған домбыраның 
әсем үні естіледі де жатады. Өйткені өздерінің өнерлі ұл-
кыздарын жинап алып, оларға кезекпен ән айттыру 
сауыққой ата-ананың дағдылы әдетіне айналған көрі-
неді. 
Міне, осылардың арасында тұлымы желбіреген, қар-
шыға көз бір қара торы қыз бала өз ойына болашақ 
өмірдің өнер кестесін тоқығандай құлақ түре, ән тыңдап, 
қадала қарайтын да отыратын. 
Ол, ілгеріде аталған Есімжан әншінің тұңғышы, Ба-
бақ қарттың немересі, осы кездегі шарықтата ән шырқап 
жүрген халқымыздың сүйікті әншілерінің бірі — Рабиға 
Есімжанова еді. 
Ал, енді осы Рабиғаның әншілік өнерінің өсу жолы-
мен танысайық. 
Рабиға Есімжанова сол әнші ағалары мен апалары-
ның үлгісімен жасынан-ақ ән салуға әуестене бастайды. 
Біраз төселіп, жаттықаннан кейін олардан үйренген ән-
дерін ол өзі де бұлжытпай орындай алатын болады. 
— «Шөп те шыққан жеріне шығады», дегендей, ән 
шеберлігінің желісі әлі де үзілмей, енді мына немересі 
Рабиғаға да жетіпті ғой,— дескен сөздер ел аузында үл-
кен аңызға айналады. 
Сөйтіп, Рабиға әншілік өнердің іздену жолына енді 
біржола бет бұрады. Ол ел ішіндегі ең таңдаулы әнші-
лердің айтқан әндерін тыңдап, солардан үйренуге үлкен 
көңіл бөледі. 
Бір кездерде Рабиға астанадан радио арқылы беріл-
ген концерттерде Әміре, Күләш, Жүсіпбек, Жамал, Ма-
нарбөк сияқты өңшең ән шеберлерінің асқақтата шырқа-
ған әсем әндерін естігенде: 
— Әттең шіркін! Алматыға барып, осылардан ән үй-
реніп үлгі алсам-ау, солармен қатар жүріп, көркемөнер 
125 

саласында қызмет істесем-ау деп, өз ойында үлкен ар-
ман етеді. 
Көп кешікпей-ақ ол өзінің жолын тауып, аңсаған 
арманына жетті. 1930 жылы Алматыға келіп, тұңғыш 
ұйымдасқан музыкалы драма театрының ірге тасын қо-
са қаласқан Әміре, Иса, Күләш, Жүсіпбек, Елубай, 
Серке, Құрманбек сияқты көркемөнер қайраткерлерімен 
танысты, солардың кеңесімен театрға артисткалық қыз-
метіне орналасты. 
Талапты жас артиска біраздан кейін сахнада ойнау 
шеберлігін меңгере бастады. Әсіресе, театр репертуарын-
дағы сол кезде қойылып жүрген драматург Мұхтар Әуе-
зовтың «Еңлік — Кебек» пьесасында Еңліктің ролін өте 
жақсы орындап жүрді. 
Республикалық театрда түрлі рольдер ойнап, төрт 
жылдай артисткалық қызметін атқарғаннан кейін Раби-
ға Семейдің облыстық театрына ауысты. Онда компози-
тор Коциктің «Айман — Шолпан» операсынан Айманның, 
Брусиловскийдің «Қыз Жібек» операсынан Жібектің, 
«Жалбыр» операсынан Хадишаның, «Қозы Көрпеш — 
Баян сұлудан» Баянның рольдерін орындауда түрлі об-
раздар жасаумен және асқақ үнді әншілік өнерімен ерек-
ше көзге түсті. 
Семейдің облыстық театрында екі-үш жыл қызмет 
істегеннен кейін Рабиға қайтадан Алматыға шақырты-
лып, республикалық опера және балет театрына кірді. 
Театр коллективімен бірге Рабиға Москва, Ленинград 
қалаларына барып, көптеген ашық концерттерге шықты, 
сондай-ақ радио арқылы берілген концерттерге де ка-
тысты. 
Сөйтіп, қазақтың халық әндерін туысқан басқа ха-
лықтарға таныстыру жөнінде Рабиға бұл сапарында да 
күрделі еңбек сіңіріп қайтты. 
Бұрын сахналарда ғана ашық концерттерде айтып 
әдеттенген Рабиға соңғы жылдарда бірыңғай радио ән-
126 

шілігіне ауысты. Ең алдымен ол 1940 жылы Қарағанды 
облыстық радиокомитетінің әншісі, соңынан 1942 жылдан 
бастап, республикалық радиокомитеттің әншісі болып, 
жиырма жылға жуық радио арқылы үзбей ән салып 
келеді. 
Ең алғаш радио әншісі болған кезден бастап-ақ Ра-
биға өзінің концерттік репертуарын молайту ісімен шұ-
ғылданады. Көптеген халық әндерімен қатар Ақан сері, 
Біржан сал, Жаяу Мұса сықылды атақты халық компо-
зиторларының әндерін де радио арқылы халыққа тарату 
жөнінде көп еңбек сіңірді. 
Рабиға Есімжанова халық әндерін нағыз өз қалпы-
нан бұзбай, өте шебер орындайды. Сондықтан да оның 
асқақтата шырқаған әсем әндеріне радио тыңдаушылар 
мейлінше сүйсінеді. Оны біз көптеген радио тыңдаушы-
лардың жазған хаттарынан көреміз. Міне, солардың 
ішіндегі қайсы бір хаттардың қысқаша мазмұнын айта 
кетейік. 
— Біз радио тыңдаушылар кейбір ән шеберінің сал-
ған әсем әндерін, оның ішінде Есімжанова Рабиғаның 
жүрекке жылы, көңілге қонымды, лирикалы сұлу үнімен 
айтқан әндерін сүйсіне тыңдаймыз, әсіресе оның «Жонып 
алды», «Гауһартас», «Әупілдек» сияқты әндерді айтуы 
бізге өте ұнайды. Сондықтан мұнан былай радио арқы-
лы Рабиғаның концерті жиі беріліп тұруын тілейміз, деп 
жазған Павлодар қаласындағы заң қызметкерлерінің бір 
тобы. 
Біздер радиокомитеттің әншісі Рабиға Есімжанова-
ның әншілік қабілеті туралы өзіміздің пікірімізді біл-
діргіміз келеді. 
— Радио аркылы берілетін концерттерде айтылатын 
әндердің ішіндегі бізге өте-мөте ұнайтыны Рабиғаның 
орындауындағы қазақтың халық әндері, өйткені ол қан-
дай ән болса да өзіне тән нақысын, түрлі ырғақтарын 
дұрыс келтіре өте шебер айтады. Оның жұмсақ үнімен 
127 

асқақтата салған сұлу әндері тыңдаушыларын еріксіз 
өзіне тартпай қоймайды. Сондықтан оның айтқан әнде-
рін жалықпай тыңдай бергіміз келеді,— деген Алматы 
қаласындағы кондитер фабрикасының жұмысшылары. 
Міне осындай көптеген радио тыңдаушылардың сұ-
раулары бойынша Рабиға Есімжанованың өмірбаяны 
мен әншілік өнері жәйінде радио арқылы берілген бір 
концерт-очеркті тыңдаған Алматы облысы Балқаш ауда-
ны, Бақанас селосындағы аудандық мәдениет бөлімінің 
меңгерушісі Сыдық Қоныспаев, аудандық мәдениет үйі-
нің директоры Батырчаев, аудандық кітапхана қызмет-
керлері Сегізбаев, Оспанова тағы басқалары былай деп 
хат жазған: 
— Рабиға Есімжанова туралы берілген музыкалы 
хабар бізге өте ұнағандығы сонша, бәріміз радиоқабыл-
дағышты қоршай отыра қалып, басынан аяғына дейін 
зор ынтамен тыңдадық. Сол кезде бізбен бірге отырған 
83 жастағы бір қарт ата мен 77 жастағы ана да өте ри-
залық пікірлерін білдіре, үлкен алғыс айтты. Әсіресе, 
Әупілдек, Әпиток, Жонып алды әндерін айтқанда, тіпті 
қарттықты ұмытып, бір жасарғандай болдық-ау десті 
олар. 
Рабиғаның әншілік өнерін сипаттайтын бұл сияқты 
хаттарды қазақ радиосының музыка редакциясынан жиі 
кездестіруге болады. 
Рабиға Есімжанова бірыңғай халық әндерінің ғана 
орындаушысы емес, соңғы жылдарда ол Қазақстан совет 
композиторларының да көптеген әндерін айтып жүр. 
Олардың ішінде өзінің ағасы Қосымжан Бабақовтың 
«Кел шырқалық жолдастар», «Завод», «Машина», «Қар-
қынды еңбек» дейтін әндері, Садық Кәрімбаевтың «Көк-
тем», «Қара көз», «Ақ ерке», «Сағындырған сәулем-ай» 
дейтін әндері, Аблақат Еспаевтың Абай сөзіне жазған 
«Өзгеге көңілім тоярсың», «Мен сәлем жазамын қарағым 
қалқама» дейтін әндерін тым жақсы орындайды. 
128 

Рабиға Есімжанованың көркемөнер саласында көп 
жылдар бойы сіңірген сан алуан елеулі еңбектерін үкі-
мет жоғары бағалап, 1958 жылы республиканың еңбек 
сіңірген артисткасы деген құрметті атақ берді және сол 
жылы қазақ, әдебиеті мен көркемөнерінің Москвада бол-
ған онкүндігімен байланысты Құрмет белгісі ордені-
мен наградталды. 


1   2   3   4   5   6   7   8


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал