Көркемөнер халықтікі. Еңбек шілердің қалың бұқарасы арасына



жүктеу 3.53 Kb.
Pdf просмотр
бет6/8
Дата09.01.2017
өлшемі3.53 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8

РОЗА БАҒЛАНОВА 
Мың тоғыз жүз отыз екінші жылдың күзі. Оренбург 
қаласындағы пионерлер сарайында жасөспірім өнер-
паздардың олимпиадасы өткізіліп жатқан кез. Мойында-
рына қызыл галстук тақкан пионерлер кезекпен сахнаға 
шығып, көп алдында өнер жарысына түсуде. Осы кезде 
сахнаға аласа бойлы, талдырмаш, аққуба қазақ қызы 
шыға келіп, өзінің құлаққа жағымды сылдырлаған сұлу 
үнімен сызылта ән салып қоя берді. 
Тыңдаушылар бұл жас таланттың тамаша әншілік 
өнеріне өте сүйсінді. «Өнерлі жас өрен, өркендеп өсе 
бер, тек өмір жасың ұзақ болсын» — деп, қабаттаса 
шыққан үн біріне-бірі ұласып, клуб іші үлкен қуаныш 
сезіміне бөленгендей көпке дейін тынбай қойды. 
Бұл — Ташкент темір жолы бойындағы Қазалы 
станциясы мектебіне келген жас оқушы, он жасар Роза 
Тәжібайқызы Бағланова еді. 
Роза 1922 жылы кәзіргі Қызылорда облысы Қазалы 
ауданында, кедей шаруаның семьясында туды. Әншілік 
96 

өнері онжылдық мектепте оқып жүрген кезінен-ақ ерек-
ше көзге түсе бастаған Роза, мектеп жанындағы әншілер 
үйірмесіне белсене қатынасып, орындаушылық шеберлі-
гін жылдан-жылға төселдіре берді. 
Роза Бағланова орта мектепті бітіргеннен кейін кәзір-
гі ел дәстүріне айналған жоғары дәрежелі білім алуды 
аңсады. Сол мақсатпен 1938 жылы Қызылорда қаласын-
дағы педагогикалық институтының жаратылыс тану 
факультетіне түсті. Институтта оқуды өте жақсы оқып, 
2-курсінде жүрген кезінде оның әкесі Тәжібай қайтыс 
болады да, Розаның мұнда онан әрі оқи беруіне мүмкін-
шілік болмайды. 
Сөйтіп, ол 1940 жылы Ташкент қаласында тұратын 
ағасының қолына көшіп барады да, сондағы тоқыма 
фабрикасына жұмысқа кірмекші болады. Бірақ, оның 
әншілік өнерінен келешекте үлкен үміт күткен жанашыр 
ағайын-туғандары оның басқа жұмысқа кіруіне рұқсат 
бермей, өзінің жасынан сүйетін көркөмөнер жолына тү-
суіне жөн сілтейді. 
Ағаларының айтқан осындай ақылымен ол Ташкент-
тегі Өзбекстанның мемлекеттік филармониясының әйел-
дер ансамбліне әншілік қызметіне орналасады. Сол ан-
самбльге кірісімен-ақ оның үлкен әншілік қабілеті 
барлығын білген Өзбек ССР-нің Халық артискасы Гау-
һар Рахимова Розаны өз қамқорлығына алып, орындау-
шылық өсу жолына шын ниетімен көмек көрсете бас-
тайды. 
Бұрын көркемөнершілер дәрежесінде ғана көзге түс-
кен жас талант Роза енді тәжірибелі үлкен әншілермен 
бірге концерттерге шығып, тыңдаушыларын тамаша 
сүйсіндіретін дәрежеге жетті. Ол өзбектің «Ой жан», 
«Там башида» дейтін халық әндерін айтқанда елді аузы-
на қаратқандай, ерекше шеберлікпен орындайтын болды. 
Ташкент жұртшылығы сахнара жаңадан пайда болған 
жас әнші Розаның үлкен өнерпаздығына бір көргеннен-
7-1393 97 

ақ көңілдері өте риза болып, оның өнер шыңына қарай 
өрлей беруіне шын ниетпен тілектестік білдірді. 
Роза қызмет істейтін ансамбльдің көркемдік жағын 
басқарушы ілгеріде аталған Гауһар Рахимова Өзбек-
станның бірсыпыра дағдылы әншілерімен бірге ансам-
бльге қосып, Розаны гастрольге шығарды. 
Гастрольде жүрген сапарларында да ол өзінің асқан 
әншілік өнерін халыққа тағы да таныта білді. 
Өзбекстанның ауыл шаруашылығының түрлі салала-
рында, өнеркәсіп орындарында қызмет істейтін мыңдаған 
колхозшылар мен жұмысшылар арасында берілген ан-
самбль концерттерінде Роза ерекше көзге түсіп, елдің 
сый-құрметіне бөленді. 
Сол гастрольде жүрген сапарында Қатта-Қорған су 
қоймасының құрылыс басқармасы мақтау грамотасымен 
қоса бағалы сыйлық берді. 
Күн сайын тындаушылардан үлкен алғыс алып, ата-
ғы халыққа жайыла бастаған Роза өзінің шын әншілік 
өнеріне енді ғана сенгендей болып, сонан былай концерт-
тік репертуарын молайту ісімен шұғылданады, бұрын 
қазақша, өзбекше ғана айтатын ол енді орысша, украин-
ша және басқа халықтар тілінде де айту мамандығын 
меңгере бастайды. 
Өзінің бойына біткен табиғи талантымен ғана жаңа-
дан көріне бастаған жас әнші Розаның әншілік өнеріне 
өте сүйсінген Өзбекстан көркемөнер істерінің басқармасы 
оның теориялық біліммен де қарулануы үшін оны Мос-
квада Чайковский атындағы мемлекеттік консерватория-
ға оқуға жібермекші болады. Бірақ, 1941 жылы Ұлы 
Отан соғысы басталып кетуімен байланысты ол ізгі 
мақсат орындалмай қала берді. Өйткені бүкіл совет 
халқы еңбекші адам баласының қас жауы — фашизмге 
қарсы шығып, өзінің сүйікті Отанын қорғау жорығына 
аттанды. 
Міне, солардың қатарында Роза да майдандағы 
98 

жауынгерлер арасында жалынды ән шырқап, олардың 
күш-жігерін тасытқандай, арам ниет жау жүрегін жасыт-
қандай өзінің азаматтық үлесін қосты. 
Розаның совет солдаттары арасында көптеген кон-
церттер беріп, сіңірген бағалы еңбектері үшін Солтүстік-
Батыс майданындағы саяси басқарма Розаға алғыс 
жариялады. 
Роза бұдан басқа да майдан шебіндегі жауынгерлер 
арасында болып, көптеген концерттер берді. Қаһарман 
совет солдаттары қалың орман, қарлы окоптар ішінде 
отырғанда да оның көңілге қонымды, құлаққа жағымды 
сұлу үнімен жан тебренте шырқаған жалынды әнін тың-
дап, қыза жігерленді. 
Міне, осы сапарында Роза майдан қолбасшылары 
Коневтің, Рокоссовскийдің қабылдауларында болып, 
олардан алғыс алды. Сонымен қатар «Жауынгерлік ерлі-
гі үшін» медалымен екі рет наградталды. 
Ұлы Отан соғысы жылдарында Роза Украина жерле-
рін, Балтық теңізі жағалауындағы совет елдерін аралап, 
өзінің әншілік өнерімен үлкен сый-құрметке бөленді. 
Роза Ұлы Отан соғысы жеңіспен аяқталғаннан кейін 
1946 жылы Москвада болған эстрада шеберлерінің 
Бүкілодақтық жарысына қатынасты. Онда да ең таңдау-
лы орындаушылар қатарында конкурстың дипломанты 
деген құрметті атақ алып қайтты. 
Міне, осындай асқан өнерпаздығы ел аузына ілініп, 
бүкіл одақ көлеміндегі жақсы орындаушылар қатары-
нан орын ала бастаған Роза Бағланова 1947 жылы Қа-
зақстанға шақыртылып алдырылды. Бұл оның жиырма 
бес жаоқа толып, тұғырға қонған қырандай, өнер шыңы-
на өрлей қанат қаққан кезі еді. 
Қазақ көркемөнеріне жаңадан келіп қосылған жас 
талант Розаны астана жұртшылығы зор құрметпен қар-
сы алды. 
Қоқыр күз. Қазақтың Абай атындағы мемлекеттік 
7*
 99 

академиялық опера және балет театрына қарай тұс-тұс-
тан ағылған жұрт асыға басып, иін тіресе кіріп жатты. 
Мұнда бүгін Ұлы Отанымыздың алтын астанасы — 
Москваның 800 жылдығына арналған салтанатты мәжі-
ліс өткізілмек. Соңынан көркемөнер шеберлерінің кон-
церті болмақ. Бұған Роза Бағланова да қатынаспақшы. 
...Әртүрлі жанрда орындаушылар сахнаға шығып ән 
айтып, куй шертіп жатты. 
Бір кезде басында үкілі тақия, үстінде белін қынай 
пішкен қызыл барқыт камзол, желбір етекті ұзын, ақ 
торғын көйлек, өткір көзді, талдырмаш, ақ құба бір сұлу 
мүсін сахнаға шыға келді де, залдағыларға қыдырта көз 
тастап, әдеппен бас иді. Бұрын таныс емес, сахна төрінде 
тұңғыш рет көрінген бұл жас орындаушының келуін 
құрметтегендей отырғандар да ду қол шапалақтап қоя 
берді. 
Осы кезде Роза жайлап қана рояль жанына барып, 
өзінің жүрекке жылы, жібектей жұмсақ үнімен «Екі жи-
рен» әнін сызылта жөнелді. 
Розаның өте шебер орындаушылығына шын ниетпен 
ризалық білдірген тыңдаушылар «Сапарың сәтті бол-
сын жас талант» деп, тұс-тұстан үн қоса алғыс айтты, 
театр ішін жаңғырықтыра қол соғып, оны сахнадан 
жібермей қойды. 
Көпшіліктің сұрауы бойынша Роза тағы да бірсыпы-
ра әндер айтып, тыңдаушыларын тамаша сүйсіндірген-
дей болды. Бұл оның Алматы жұртшылығына көрсеткен 
ең алғашқы өнері еді. 
Міне, содан бастап, Розаның аты республикамыздың 
барлық жерлеріне әйгіленді. Өйткені қазақтың Жамбыл 
атындағы мемлекеттік филармониясы оның өз атына ан-
самбль ұйымдастырып берді, сол ансамблімен бірге Роза 
Қазақстанның көп жерін аралап, колхозшылар мен жұ-
мысшылар арасында көптеген концерттер беріп, көпші-
лікке өзін таныстыра білді. 
100 

Розаның әншілік өнері айқындалып, кең өріс алған 
аз жылдар ішінде айтарлықтай атаққа иеленіп, ерекше 
сый-құрметке бөленген ең табысты жылдарының бірі — 
1949 жыл болды. Бұл жылы май айында Москвада бол-
ған қазақ әдебиеті мен көркөмөнерінің онкүндігінде та-
маша талантты, ән шебері екендігін тағы да көрсетіп, 
Қазақ ССР Жоғарғы Советінің грамотасымен наград-
талды. Сол жылы август айында Венгер республикасы-
ның астанасы Будапеште болған бейбітшілік сүйгіш жас-
тардың халықаралық фестивалінде жер шарының әрбір 
түкпірінен жиналған өңшең өнерпаздар жарысына қат-
насып, фестиваль лауреатының дипломымен қоса күміс-
тен жасалған кубок алып қайтты. Фестиваль біткеннен 
кейін Роза бірсыпыра совет өнерпаздарымен бірге Чехо-
словакияның көптеген қалаларына барып, концерттер 
берді. Мұндағы айта кететін бір қызықты уақиға: 
— Бір күні, облыс орталығы Брно дейтін қаладағы 
үлкен бір бақшада көп адамдар қатысқан концерттен 
кейін сол бақшаның күзетшісі — бір қарт адам Розаның 
жолын тосып тұрып, «қарағым, сен Совет еліндегі қазақ-
тың өнерлі туған қызы екенсің, егер рұқсат етсең саған 
тапсыратын бір аманатым бар» дейді. 
Е, айтыңыз ата, деген Розаның жылы жауабын есті-
геннен кейін: 
— Ендеше, бала жасымнан айтып әдеттенген бір әнім 
бар, соны үйреніп, сәлемдеме ретінде еліңе ала барсаң 
қайтеді, —дейді. 
Қарттың бұл ұсынысын өте орынды екен деп тапқан 
Роза әнді нотаға жаздырып алып, үлкен бір олжа есебін-
де қазақ еліне әкеліп таратты, ол оның кәзіргі айтып 
жүрген «Биле-биле» дейтін чехтың халық әні болатын. 
Осы сапарында олар Австриядағы Вена қаласына да 
барды. Сол Венада болған бір үлкен концертте ән айтып 
тұрған кезінде бір төрт жасар бала сахнаға шығып, Ро-
заға сыйлық ұсынды. 
101 

Советтік Қазақстанның сан алуан әндерін шетел ха-
лықтарына өте шеберлікпен таныстырып, тамаша табыс-
тармен қайтқан Роза Москваға келгеннен кейін, сол жы-
лы 6 ноябрь күні, Үлкен театрда Ұлы Октябрь социалис-
тік революциясының мерекесіне арналған концертке қа-
тынасып, тыңдаушылардан тағы да өте жақсы баға алды. 
Роза Бағланова 1950 жылы Қазақстанның көркем-
өнер қайраткерлері делегациясымен бірге Қытай Халық 
Республикасының Синцзянь провинциясына барды. Он-
да Құлжа, Турфан, Үрімші қалаларында болып, көпте-
ген концерттер берді. Бұл да Розаның сәтті сапарлары-
ның бірі болды. Осы жолы ол Қытай халқының көсемі 
Мао Цзэ-дун туралы әнді қытай тілінде үйреніп келіп, 
бүкіл Совет Одағы халықтарына таратты. 
Роза ілгеріде айтылғандардан баақа да бірсыпыра 
шет елдерді аралап, концерттер берді. Соның бәрінде де, 
ол алғыстар алып, үлкен абыроймен қайтты. Міне, соның 
айғағы боларлықтай мынадай бір фактіні айта кетейік. 
1950 жылы Роза Үндістанға барып, оның ірі қалалар-
ын аралап концерттер беріп жүреді. Бір күні таңғы сағат 
жеті жарым кезінде Роза жатқан қонақ үй бөлмесінің 
терезесі қағылады. Роза тұрып сұрастыра келгенде бұ-
лар жұмысқа кетіп бара жатқан бір топ жұмысшылар бо-
лып шығады. 
— Осында қазақ қызы Роза Бағланова болуға тиіс, 
содан қазақтың бір ауыз әнін тыңдайық деп едік. Егер 
сіз Роза болсаңыз кешіріңіз! Біз өндіріске ерте барып, 
кеш келетін жұмысшылар едік. Сіз бүгін қайтады деген 
хабарды естіп, бір ауыз болса да қазақ әнін тыңдап 
қалуға өте құмарланып келіп едік деседі. 
Олардың шын ықласты пейілін түсінген Роза қап, ен-
ді бұлардың тілектерін орындамай болмас деген қортын-
дыға келіп, қазақтың «Ахау керім» дейтін халық әнін 
айтып береді. 
Розаның кішіпейілділікпен көрсеткен осы құрметіне 
102 

өте риза болған жұмысшылар үсті-үстіне алғыс айтады 
да, өздерінің бара жатқан жұмыстарына кете береді. 
Міне, әдетте бола бермейтін мұндай уақиғалар Роза-
ның шет елдерді аралап жүрген сапарларында үнемі 
кездесіп отырғанға ұқсайды. 
Розаның шет елдерді аралаудағы ең сәтті сапарының 
бірі — оның 1958 жылы, август айында Брюссельдегі бү-
кіл дүниежүзілік көрмеде болуы. Мұнда өткізілген 
СССР-дің ұлттық күндерінде Совет Одағының әр респуб-
ликасынан барған 450-ге жуық ең таңдаулы артистері-
мен бірге Роза 2500 адам сиятын көрменің үлкен залын-
да болған концертке қатынасып, тағы да жұрт таңданар-
лық тамаша табыстарға иеленді. 
Халықтардың сүйікті әншісі атанған Роза Бағланова 
бірсыпыра елдерді аралаумен бірге бүкіл Совет Одағы 
көлеміндегі ірі қалаларда болып, көптеген концерттер 
берді. Ол бір жолғы сапарының өзінде 70-ке жуық қала-
ға барып, бірсыпыра концерттер берді. Оның ішінде: 
Қиыр Шығыс облыстары, Сахалин, Куриль аудан орта-
лықтарында және Отанымыздың ұлы құрылыстарының 
бірі — Куйбышев су электр станциясы құрылысшылары-
на, Сталин атындағы үш орденді металлургия комбинаты 
коллективіне арнаулы концерттер берді. Міне, осының 
бәрінде де ол тыңдаушылардан орынды баға алып, твор-
честволық үлкен табыстарға ие болды. 
Роза осындай гастрольде жүрген сапарларында қазақ 
республикасынан тыс бүкіл Совет Одағы халықтарының 
және көптеген шетелдердің ірі қалаларында болып, он-
дағы халықтарға қазақ музыкасын таныстыруда да үл-
кен еңбек сіңірді. Сонымен қатар ол әр елдің музыка 
мәдениетімен танысып, олардың әндік мұраларын мұнда 
әкеліп таратуда да тамаша табыстарға жетуде. 
Роза қай елге, қай жерге барса да үнемі ән үйреніп 
қайтып отырады. Олардың ішінде ілгеріде айтылғандар-
дан басқа чехтың халық әні «Бірге бол менімен», ко-
103 

реяның халық әні «Бұлақ басында», негритянның халық 
әні «Козленок», үндінің халық әні «Жүрегімді тебрент-
тің» тағы осындай әндер бар. 
Розаның концерттік репертуарында кәзір жузге жуық 
әндер бар. Олардың ішінде халық әндерінен басқа Қа-
зақстан композиторларының шығармаларынан: Латиф 
Хамидидің «Жайлау», «Екі дос», «Жазғы таң» дейтін ән-
дері; Бақытжан Байқадамовтың «Комсомол», «Домбы-
ра», «Шаттық әні», Ғазиза Жұбанованың «Қалайша ұм-
ыттың», «Ақ сәулем», Аблақат Еспаевтың «Әлі есімде», 
«Қыз қуу», «Бейбітшілік сақталады»; Мұқан Төлебаев-
тың «Ақ мақта»; Садық Кәрімбаевтың «Ақ тамақ»; Нұр-
ғиса Тлендиевтің «Жаз келді», «Жан сәуле»; Евгений 
Брусиловскийдің «Бейбітшілік туы берік қолда» дейтін 
әндерін өте шебер орындайды. 
Розаның искусство саласындағы сапалы еңбектерін 
партия мен үкімет өте жоғары бағалап, оған 1950 жылы 
республиканың еңбек сіңірген артисткасы, 1956 жылы 
Қазақстанның Халық артисткасы деген құрметті атақтар 
берді. 
1958 жылы Москвада өткзілген онкүндікке байла-
нысты Ленин орденімен наградталды. 

ӘНУАРБЕК ҮМБЕТБАЕВ 
Көркемөнерімізді өркендету жолында күрделі еңбек 
сіңіріп, еліміздің игілігі үшін жемісті жұмыстар істеп 
келе жатқан талай-талай талант иелері халқымыздың 
зор мақтанышы болып отыр. 
Міне, солардың бірі — Қазақстанның Халық артисі, 
Сталиндік сыйлықтың лауреаты Әнуарбек Үмбетбаев. 
Әнуарбек 1914 жылы бұрынғы «Верный» атанған кө-
зіргі Алматы қаласында Бейсембай дейтін жұмыскердің 
семьясында туған. Бейсембай Үмбетбаев жарлы болса 
да жоқшылыққа мойымайтын, сауыққой, әрі әнші, әрі 
ақын адам болыпты. Сондықтан да әкесінің әншілік өне-
рі өзіне үлкен әсер еткен Әнуарбек жасынан әнге әуесте-
не бастайды. 
Әнуарбек Үмбетбаев мектепте оқып жүрген кезінде 
көркемөнер үйірмелеріне қатынасып, жасөспірім әншілер 
қатарына қосылады. Оның шарықтаған асқақ үнімен 
шырқата салған әсем әндері сол кездің өзінде-ақ тың 
даушыларға ұнай бастайды. 
105 

Бірақ та, ол бірыңғай әншілік жолына ғана түспей, ең 
алдымен оқу оқып, білім алу жағына көбірек көңіл бөле-
ді. «Ексең орарсың, іздесең табарсың» дегендей оның 
бұл талабы да текке кеткен жоқ, үзбей оқып жүріп, ол 
жоғары дәрежелі білім алды. 
1933 жылы Ленинградтағы оқу комбинатын, 1940 жы-
лы Қазақ ССР-нің мемлекеттік академиялық опера және 
балет театрының жанындағы актерлер дайындайтын 
театр студиясын, 1953 жылы Алматыдағы марксизм-
ленинизм кешкі университетін өте жақсы бағамен бітіріп 
шықты. 
Әнуарбек Үмбетбаев бір жағынан оқи жүріп, екінші 
жағынан өзінің жасынан сүйетін әншілік өнерін де да-
мыта берді. 1929 жылы Алматыда театр студиясы ашы-
лысымен-ақ ол сахнаға шығып, ән сала бастайды. Соны-
мен қатар жаңадан ұйымдасқан радио студиясына ән 
салушылардың да тұңғышы осы Әнуәрбек болды. Ол 
1931—1937 жылдары Совет Армиясы қатарында жүрген-
де де ән-күй ансамбльдерін басқарып, жақсы баға алып 
қайтты. 
Армия қызметінен қайтып келгеннен кейін Әнуарбек 
Үмбетбаев өзінің жасынан жақсы көретін көркемөнер 
саласында болуды ұйғарды. 1937 жылдан бастап осы уа-
қытқа дейін 22 жыл бойы қазақтың Ленин орденді Абай 
атындағы мемлекеттік академиялық опера және балет 
театрында артистік қызметін атқарып, көркемөнер қай-
раткерлері қатарынан көрнекті орын алып отыр. 
Әнуарбек Үмбетбаев театрға келгеннен бергі жылдар 
ішінде отыздан астам жауапты рольдер орындады. Олар-
дың ішінде «Жалбыр» операсындағы Қайрақбайдың, 
«Ер— Тарғын» операсындағы Тарғынның, «Қыз Жібек» 
операсындағы Төлегеннің, сондай-ақ советтік жаңа та-
қырыпқа жазылған «Гвардия алға» операсындағы гене-
рал Панфилов пен Қайраттың, «Дударай» операсындағы 
Думанның және «Абай» операсындағы Айдардың, «Наз-
106 

гум» операсындағы Бақидің рольдерін ойдағыдай жақсы 
орындады. 
Бұл айтылған Қазақстан композиторларының опера-
ларынан басқа Әнуарбөк туысқан республикалар компо-
зиторларының, сонымен қатар орыс және Батыс Европа 
классиктерінің бірсыпыра операларынан да басты роль-
дер атқарып келеді. 
Атап айтқанда, грузин композиторы Пялиашвилидің 
«Даиси» операсындағы Малхаздың, Азербайжан компо-
зиторлары Магомаевтың «Нергиз» операсындағы Альзар-
дың, Гаджибековтың «Аршын Малалан» атты музыкалы 
комедиясынан Аскердің, татар композиторы Жигановтың 
«Алтын шаш» операсындағы Жектің рольдерін орындау-
да әр халықтың өзіне тән салт-санасын толық сақтай 
отырып, сан алуан образдар жасай білді. 
Бұл айтылғандардан басқа Әнуарбек орыстың ұлы 
композиторы Чайковокийдің «Пиковая дама» операсын-
дағы Германның француз композиторы Бизенің «Қар-
мен» операсындағы Дунхозенің, Италия композиторы 
Пуччинидің «Чио-Чио-Сан» операсындағы Пинкертонның, 
«Флория тоска» операсындағы Каварадосидің рольдерін 
шебер орындау дәрежесіне жетті. 
Әнуарбек Үмбетбаев өзінің негізгі қызмет орны театр-
да істей жүріп, радио арқылы да 30 жылдан бері үзбей 
ән салып келеді. Оның атын мыңдаған радио тыңдаушы-
лар зор құрметпен атайды, концерт беруін сұрап, көпте-
ген хаттар жазады. 
Әнуарбек республикамыздан тыс басқа жерлерге де 
барып концерттер беріп жүр. Ол 1944 жылы Ташкент қа-
ласында болған Орта Азия республикалары мен Қазақ-
станның әдебиет және көркемөнер онкүндігіне, сондай-ақ 
1949 жылы Москвада болған онкүндікке қатынасты. 
Әнуарбек Үмбетбаев бұл айтылғандардан басқа туысқан 
Азербайжан, Қырғыз, Өзбек, Түрікмен, Башқұрт респуб-
107 

ликаларында, Москва, Ленинград калаларында концерт-
тер беріп қайтты. 
Әнуарбек Үмбетбаев Ұлы Отан соғысы жылдарында 
Совет Армиясының жауынгерлері үшін майданда да жә-
не тылда да талмай қызмет істеп, көптеген концерттер 
берді. 
Міне, осындай елеулі еңбектері үшін Әнуарбек бірне-
ше рет наградталып, халықтың сый-құрметіне бөленді. 
Үмбетбаев жолдастың көркемөнер саласындағы көр-
некті еңбектерін партия мен үкімет әр уақытта жоғары 
бағалап отыр. 
Әнуарбек Үмбетбаев 1943 жылдан республиканың ең-
бек сіңірген артисі, 1947 жылы Қазақстанның Халық 
артисі және 1949 жылдан Сталиндік сыйлықтың лауре-
аты деген құрметті атақтарға ие болды. 
Көркемөнер саласындағы сіңірген сапалы еңбектері 
нәтижесінде Әнуарбектің қол жеткен ең соңғы табыста-
рының бірі — ол қазақ әдебиеті мен көркемөнерінің 
Москвада болған онкүндігімен байланысты Еңбек Қы-
зыл Ту орденімен наградталды. 

БАЙҒАЛИ ДОСЫМЖАНОВ 
С овет мектебінде тәрбиеленіп, өнер-білім шыңына қа-
рай талпына қанат қаққан талай тамаша талант ие-
сі — көркемөнер шеберлері туды. Олардың әр қайсысы 
өздері сүйген мамандықтарына қарай бейімделіп, әнші, 
күйші, ақын, жазушы, музыкант, композитор деген сияқ-
ты алуан түрлі өнер иесі аталып еліміздің игілігі үшін 
елеулі еңбек етуде. Солардың бірі — Қазақстанның Ха-
лық артисі, Сталиндік сыйлықтың лауреаты — Байғали 
Досымжанов. 
Байғали 1922 жылы, Семей қаласында, жұмыскердің 
семьясында туды. 1927 жылы әкесі өлгеннен кейін Бай-
ғали Барнаул қаласындағы балалар үйінің тәрбиесіне 
алынды. Онда жеті жылдық мектепті бітірген соң ол 
өзінің жасынан аңсаған әншілік өнерін іздену жолына 
түскісі келеді. 
Міне, осы мақсатпен ол 1936 жылы, 15 жасында Ал 
матыдағы музыка училищесіне келіп, оқуға орналасады. 
Оны бітіргеннен кейін Қазақстанның көркем өнер істерін 
109 

басқаратын комитет Байғалиды Москва консерватория-
сы жанындағы опералық студияға оқуға жіберді. 
Ізденуге ерінбей, музыка білімін алу жолында өнер-
білімнің үлкен ордаларының бірі консерваторияның та-
балдырығын ең алғаш аттаған күннен бастап-ақ көңілі 
көкке өрлеп, ерекше бір қуаныш сезіміне бөленгендей 
болған Байғали енді жатса-тұрса да тек музыка маман-
дығын меңгеру ісімен ғана шұғылданды. Ол үшін ұлы 
орыс халқының классикалық музыка мұраларымен, 
оның ішінде Глинка, Чайковский, Римский-Корсаков, 
Рахманинов, Варламов сияқты атақты композиторлар-
дың шығармаларымен танысады, сонымен қатар Козлов-
ский, Лемешев сияқты көркемөнердің көрнекті қайрат-
керлерінің орындаушылық үлгісімен сызылта ән салуға 
талаптанады. 
Біраз оқығаннан кейін-ақ құлаққа жағымды лирика-
лы сүлу үнімен студенттер арасындағы концерттерге қа-
тынасып, өзінің шебер орындаушылық қабілеті барлығын 
көрсете білген Байғалидың беделі енді оқытушы, профес-
сорлар арасында да арта түсті. 
Сөйтіп, консерваторияның IV курсінде оқып жүрген 
кезінде 1941 жылы Ұлы Отан соғысы басталып кетуімен 
байланысты Байғали Совет Армиясы қатарына шақыр-
тылады. 
Армия қызметінен қайтып оралғаннан кейін Байғали 
қазақтың Абай атындағы мемлекеттік академиялық 
опера және балет театрының артистік қызметіне кіреді. 
Операға жаңа келген жас артист Байғали Досымжа-
нов аз уақыттың ішінде едәуір басты рольдерді ойдағы-
дай жақсы орындау шеберлігін меңгереді. Композитор 
Зильбердің «Бекет» операсындағы Самалдықтың және 
жас тұтқынның, композитор Брусиловскийдің «Қыз 
Жібек» операсындағы жігіттің, «Алтын астық» операсын-
дағы матростың, және композитор Коциктің «Айман — 
110 

Шолпан» операсындағы Ақынның рольдерін тым жақсы 
атқара білді. 
Операда біраз істегеннен кейін Байғали Қазақ Окру-
гінің шекарашылар ансамблінің әншілік қызметіне 
алынды, онда бір жылдай істеп, 1943 жылдың бас кезін-
де Бүкілодақтық шекарашылар ансамбліне шақырты-
лып Москваға барады. Байғали Досымжанов сол жылы 
Сталинградтан бастап, Брянскіге дейін төрт жарым ай 
бойы майдандағы жауынгерлер арасында жүріп, көпте-
ген концерттерге қатысты. 
Бұл ұзақ сапардан қайтқаннан кейін Байғали Москва 
қаласында және Москва облысындағы бірнеше ірі қала-
ларда концерттер берді. 
1944 жылдың бас кезінде Байғали ансамбльмен бірге 
Солтүстік Кавказдағы дем алып жатқан жауынгерлер 
арасында бір жарым айдай концерттерге қатысып жүрді. 
Сол сапарында Байғали Грузин ССР орталығы Тби-
лиси қаласында да болды. Қара теңіз жағасындағы Ба-
туми, Сухуми, Пота, Гори сықылды ірі қалаларды ара-
лады. 
Байғали Досымжанов осы ел аралап жүрген сапары-
ның барлығында және мыңдаған Совет Армиясы жауын-
герлері арасында өзінің асқан ән шеберлігімен ерекше 
көзге түсіп, тындаушылардан үнемі алғыс алып отырды. 
Сонымен қатар ол түрлі қазақ әндерін бүкіл Совет Ода-
ғына таныстыру жөнінде де бірсыпыра күрделі еңбек 
сіңірді. 
1944 жылы июнь айында Байғали қазақтың Абай 
атындағы мемлекеттік академиялық опера және балет 
театрына қайтадан шақырылып алынды. Содан бері осы 
театрда артистік қызметін атқарып келеді. 
Қайта оралған ол республиканың опера театрында 
он төрт жыл ішінде көптеген жауапты рольдер орында-
ды. Оның ішінде қазақ операларынан композиторлар 
Евгений Брусиловский мен Мұқан Төлебаевтың «Аман-
111 

келді» операсынан партизан Таранның, композиторлар 
Ахмет Жұбанов пен Латиф Хамидидің «Төлеген Тоқта-
ров» операсынан Рамазанның; «Абай» операсынан Ай-
дардың, Мұқан Төлебаевтың «Біржан — Сара» операсы-
нан Біржанның рольдерін өте жақсы орындады. 
Байғали Досымжанов тек қазақ операларының ғана 
орындаушысы емес, ол туысқан республикалар компози-
торларының операларынан да бірнеше басты рольдерді 
шебер меңгерді. Олардың ішінде грузия композиторла-
ры Палиашвилидің «Даиси» операсынан Малхаздың, 
татар композиторы Жигановтың «Алтын шаш» операсы-
нан Жектің рольдерін атап айтуға болады. 
Талантты артист Байғали Досымжановтың операда-
ғы творчестволық еңбектерінің ішінде ерекше көзге тү-
сіп, көпшіліктің көңілін аударарлықтай ең таңдаулы та-
быстары — орыстың және Батыс Европа классиктерінің 
операларынан орыс тілінде бірсыпыра үлкен рольдерді 
шебер атқаруы. 
Атап айтқанда, композитор Глинканың «Руслан мен 
Людмила» операсынан Боянның, композитор Чайков-
скийдің «Евгений Онегин» операсынан Ленскийдің, ком-
позитор Римский-Корсаковтың «Снегурочка» операсынан 
Берендейдің, «Май түні» операсынан Левконың, компо-
зитор Бородиннің «Князь Игорь» операсынан Владимир-
дің, композитор Рахманиновтың «Алеко» операсынан 
жас цыганның, композитор Гуноның «Фауст» операсынан 
Фаустың, «Ромео — Джульетта» операсынан Томеоның, 
композитор Берндидің «Риголетто» операсынан Герцог-
тің, «Травиата» операсынан Альфреттің, композитор 
Направниктың «Дубровский» операсынан Дубровский 
рольдері тағы басқалар бар. 
Байғалидың әншілік өнері бір ғана Қазақстанда 
емес, бүкіл Совет Одағы халықтарына мәлім болды. Ол 
1945 жылы декабрь айында Отанымыздың астанасы 
Москвада болған Бүкілодақтық әнші-музыкант орындау-
112 

шылар конкурсына қатынасып, дипломант атағын алды. 
Сондай-ақ 1951 жылы Берлинде болған бүкіл дүниежүзі-
лік жастардың үшінші фестиваліне қатынасып, фести-
вальдің лауреаты болды. 
Міне, бұл айтылған фактілердің барлығы да Байға-
лидыц көрнекті әнші екендігінің толық айғағы бола 
алады. 
Байғали 1950 жылы Қазақстанның, Өзбекстанның 
және Қырғызстанның көркемөнер шеберлерімен бірге 
Қытай Хальгқ Республикасының солтүстік аудандарын-
дағы: Құлжа, Үрімші, Хами, Турфан сияқты қалала-
рында болып, көптеген концерттерге қатысты. Бүкіл одақ 
көлемінде және шетелдерде де әншілік аты әйгілі бола 
бастаған Байғали бұл сапарында да тамаша сый-құрмет-
ке бөленіп, үлкен абыроймен қайтты. 
Байғали Досымжановтың атын республикамыздың 
қарттары да, жастары да үлкен сүйіспеншілікпен атайды. 
Өйткені ол 1936 жылы Алматыға келіп, музыка мектебі-
нің табалдырығын ең алғаш аттаған жылдан бастап-ақ 
радио аркылы шырқата ән салып, жұртшылыққа өзін 
жақсы таныта білді. 
Байғали Досымжановтың көңілге қонымды, құлаққа 
жағымды, жібектей жұмсақ лирикалы сұлу үнімен баяу-
лата бастап, шарықтата шырқайтын, қоңырлата қайы-
рып, тамылжыта тындыратын тамаша әсем әні тыңдау-
шылардың ойын тербеп, бойын сергітіп-ақ тастайды. 
Сондықтан халық оны өте сүйсіне тыңдайды, жиі-жиі 
концерттерге шығып, ән салуын сұрайды. 
Байғали Досымжановтың көркемөнер саласындағы 
сан алуан күрделі еңбектерін үкіметіміз әр уақыт жоға-
ры бағалап келеді. Оған республиканың еңбек сіңірген 
артисі, Сталиндік сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның 
Халық артисі деген құрметті атақтар берді. Ол 1958 жы-
лы қазақ әдебиеті мен көркемөнерінің, Москвада болған 
8—1393 113 

онкүндігімен байланысты Еңбек Қызыл Ту орденімен 
наградталды. 
Он бес жасынан бастап музыкалық білім алуды, көр-
кемөнер саласында қызмет істеп, халықтың қалаулы ән-
шісі болуды аңсаған Байғали Досымжанов сол ойлаған 
арманына жетіп, өзінің талмай ізденуі жолындағы твор-
честволық табыстарын еліміздің игілігі үшін тарту етуде. 
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет