Көркемөнер халықтікі. Еңбек шілердің қалың бұқарасы арасына



жүктеу 3.53 Kb.

бет5/8
Дата09.01.2017
өлшемі3.53 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8

МАНАРБЕК ЕРЖАНОВ 
Адамды
 адам етіп шығаратын ел мен заман, деп Алек-
сей Максимович Горький айтқандай Ұлы Октябрь 
революциясы тудырған талай тамаша талант иелері 
бар. Солардың бірі — әрі әнші, әрі күйші, әрі компози-
тор Манарбек Ержанов. 
Манарбек 1901 жылы, кәзіргі Қарағанды облысы, 
Қоңырат ауданында, кедей шаруаның семьясында туды. 
Манарбектің әке-шешесі бірдей ерте өліп, жастай жетім 
қалды. Жетім бала Манарбектің негізгі кәсібі Балқаш 
көлінің Қоңырат жиегінде балық аулау, байлардың үйін 
салу, қозысын бағып, қойын күзету болды. Ол байларға 
жалданып, мал бағу, үй салу және арық қазу жұмыста-
рында жүрген кезінде көрген бір жәбірлігін Манарбек 
былай деп баяндайды: 
— Көктемгі егіс кезі. Қолдан суарылу арқылы ғана 
өсетін Тоқырауынның атақты ақ бидайынан мол өнім алу 
үшін жан таласқан жұрт. Жоғарыдан құлай ағып Бал-
76 

қаш көліне құятын тасқынды су арнасынан жұрт жабы-
ла арық қазатын. 
— Бір күні, қаз-қатар қазылған көп арықтардың бі-
рінің екі арқан бойындай жері құлап су ақбастай бо-
лып мүлдем бітеліп қалыпты, соны аршып, қалпына кел-
тіру үшін тоғанбасы Темірбек дейтін кісінің шақыртуы 
бойынша көп адам көмекке барып, аз уақыттың ішінде-
ақ арықты ойдағыдай жақсы тазарттық та түске жақын 
ауылға қайттық. 
Тапсырмасы орындалып, көңілі судай тасыған Темір-
бек жұмысшыларға тамақ дайындатып, тамаша бір ойын-
сауық жасатбақшы болды да білетіндерге ән айттырып, 
күй тарттыра бастады, ең алдымен өзінің домбырашы 
әйелі Күлсімге кезек берді. 
— Мына бір күйді Жетісудың атақты домбырашысы 
Нұралы қожаның шәкірті — Кенже қожадан осы жаққа 
бір келгенінде үйреніп қалып едім деп, бір күйді бастау-
ын дұрыс бастаса да, аяқтауында аздап мүдіріп қалған-
дай болды. Осы кезде бізді бастап апарған бригада бас-
тығы орнынан ұшып тұра келіп: 
— Ендігі кезек біздің жас домбырашы Манарбекке 
берілсін, деді де, маған домбыра әкеліп ұсынды. Асқан 
домбырашылық өнерім болмағанмен үлкеннің тілін сый-
лайтын әдетпен ауылдас Күсембай қарттан үйренген бір-
аз күйлерді орындап, өз білгенімді ортаға салдым. 
— Е, бәсе, күйді осылайша тарту керек қой, жақсы 
білмейтін күйдің қадырын кетіріп, босқа әуре болғанша 
деп, біздің бригададан барған жігіттер ду ете түсті. 
Міне, осындай көтерме сөздерге көңілім көтеріліп, 
желіге күй шертіп отырғанымда жаңағы айтылған Темір-
бектің темірдей қатты қайың таяғы тас төбеме тақ ете 
қалғанын бірақ білдім. Бұрыннан да жаралы бастан ақ-
қан жылы қан жылжи ағып, лезде-ақ қойын-қонышымды 
толтырып жіберіпті де, аздан соң басым зеңіп құлап та 
қалыппын. 
77 

— Бұл не деген сұмдық. Сорлының тіл алып, домбы-
ра тартқаннан баоқа жазығы бар ма еді. Мұның домбы-
рашылық өнері озықтығына намыстанғанша өз әйелің 
өзінің әлін білмей әлектенуіне неге тиым салмайсың деп, 
ауылдас жігіттердің Темірбекке айтқан ашулы сөздері 
еміс-еміс қана естіледі. 
Ертеңінде есімді жиып, жан-жағыма қарасам өзіміз-
дің қоңыр лашығымызда жатыр екенмін. Ол кезде мен 
сияқты жәрдемсіз жалшының жазықсыз жәбірленгені 
кімнің жанына батсын. Мейманасы асқан мырзасымақ 
Темірбектің жауыздық қылмысы «Жабулы қазан жабу-
лы» дегендей сол бетімен қозғаусыз қала берді,— деп 
қынжылады Манарбек — өзінің өткен өмірден көрген 
осындай қиыншылығын айтқанда. 
Жастық шағын ауыр азаппен өткізген Манарбек қан-
шалық, қиындық көрседағы оған ешбір қажымай қайрат-
тана берді, өйткені бойындағы талант, жігер оны бос 
отырғызбайды. «Өмір мұңына өксімей, өнер шыңына қа-
рай өрлей бер» деп үгіттегендей болды. 
Сондықтан да ол қолындағы көсеуін домбыра етіп, ән 
шырқап, күй шертуін қоймайды. Мал бағып, жел өтінде 
жүргенде де, тастай қараңғы қара жаңбырлы түндерде 
қырық жамаулы қоңыр шекпен жамылып, ұзақ түнге 
кірпік қақпай, кой шетінде күзетте тұрғанда да асқақта-
та ән салып жүреді. 
Манарбектің аспанға өрлеген асқақ үні даланы басы-
на көтеріп, айналадағы тау-тасты жаңғырықтыратын еді. 
Оның көңілге қонымды, құлаққа жағымды, жүрекке жы-
лы тиетін кіршіксіз таза, көтеріңкі дауысымен ұйқысы-
нан оянған кейбір жігерлі жастар: 
— Әттең шіркін! Шерленген жүрек шаттанып, күр-
мелген тұсау шешілер ме еді. Шырқалған үн шыңға өр-
леп, өз еркінше көсілер ме еді, деп арман ететін. Үнің ас-
қақ, өрең кең, үлкен өнерлі жанның бірісің-ау Манарбек! 
78 

Бірақ та, амал не, сенің өскелең өнеріңе өгей өмір өре 
салып, өрісіңді тарылтып тұр ғой деп өкінетін олар. 
Жылдар өтті. Ұлы Октябрьдің жарқыраған алтын 
арай таңы атты. Жасынан күтіп аңсаған арманына жет-
кен Манарбек бұрынғы жетімдік пен жоқшылықтың ар-
қаға батқан ауыр азабын серпіп тастап, енді бір беткей 
өнер-білім іздену жолына аттанғысы келеді. 
Сол мақсатпен ол 1925 жылы жазғытұрым, Балқаш 
көлінің мұзы түспей тұрғаң кезде, Алматыға кәсіп іздеп 
барғалы жатқан жігіттермен ілесіп, сол көлдің оңтүстік 
жағына өтеді. 
Сөйтіп олар Балқаш бойын мекен еткен қалың үйсін 
елін аралап, біраз қонақтап жүреді. 
«Бұрын көрмеген жердің ойы-шұқыры көп» дегенден 
келген бетте тосаңсығанмен кең пейілді, меймандос ха-
льгқ жақсы қарсы алып, құрмет көрсете бастаған соң сол 
жерден кете алмай, бірсыпыра уақыт тұрып қалады, 
ауыл ішіндегі ойын-сауықтарға қатынасады. Асқақтата 
ән салып, ел еңбекшілерінен үлкен алғыс алады, сый-
кұрметке бөленеді. Бұл Манарбектің жасынан бойына 
біте қайнаған әншілік өнерін өрістете беру жолындағы 
ең алғашқы бастамасы еді. 
Сол жылы күзге қарсы Манарбек астанамыз Алматы 
қаласына келіп, балалар үйіне орналасып, оқуға түседі. 
Онда біраз уақыт оқып, сауатсыздығын жойғаннан кейін, 
мектеп жанындағы комсомолдар ұйымының көмегімен 
1928 жылы өзінің жасынан жаны сүйе, жақсы көретін 
көркемөнердің көрнекті бір саласы қазақтың мемлекет-
тік драма театрына артистік қызметіне орналасады. Он-
да қазақтың алдыңғы қатардағы таңдаулы әншілерінің 
бірі — Әміре Қашаубаевпен танысады, одан тағы да көп-
теген әндер үйреніп, өзінің концерттік репертуарларын 
бұрынғыдан да толықтыра түседі және оның асқан орын-
даушылық өнерінен үлгі алады. 
— Ауылдан Алматыға келіп, Әміремен кездескеннен 
79 

кейінгі меніц ән айтуымда үлкен өзгерістер болды, өйтке-
ні оның әншілік шеберлігі маған үлкен әсер етіп, содан 
былай әнді Әміренің үлгісімен айтуға талаптандым, кә-
зіргі халық аузында көбірек айтылып келе жатқан: «Ар-
дақ», «Ағаш аяқ», «Смет», «Келіншек», «Топай көк» сы-
қылды халық әндерін, сондай-ақ Біржанның «Жанбота-
сы», Ақан серінің «Балқадишасы», «Толыбайы», Жаяу 
Мұсаның «Ақ сисасы», Естайдың «Қорланы» сияқты көп-
теген әндері Әміренің өз аузынан есітіп, үйренген бола-
тынмын,— дейді Манарбек өзінің әншілік өсу жолын әң-
гіме еткенде. 
Манарбек жаңадан ұйымдасқан жас театрымызға 
республикамыздың тұс-түсынан келіп түскен талай тама-
ша талант иелерімен танысып, асқақтаған үні бар әнші-
лердің, аяғында желі бар бишілердің, ауызының ебі бар 
ақын-жыршылардың, өмір шындығын өте шебер сурет-
тей білетін кейіпкер орындаушылардың орталарынан кең 
орын алады. 
Манарбек осы республикалық театрда үш жылдай 
қызмет істегеннен кейін 1931 жылы кәзіргі Лениногор 
қаласындағы жұмысшылар театрына барып орналасады. 
Ондағы театр коллективі де Манарбекті құшағын жая 
қарсы алады. Клубта қойылған спектакльдер мен кон-
церттерде ол үнемі алдыңғы сапта болады. Сол Ленино-
гор заводының клубына жұмысшылар үшін ең алғашқы 
қойылған концертте Манарбек халық әні «Сметті» айт-
қанда жұмысшылар ду қол шапалақтап, оны сахнадан 
жібермей қойды. 
Манарбек әншілік өрісі кеңейіп, ой-санасы ұлғайған 
сайын көркемөнер саласындағы өнер-білімнің түрлі жа-
ғына үңіле көз тастайды. Бұрынғы орындаушылық өнер-
мен ғана тоқталып тұруды ол өзінің өскелең талабына 
тапшылық деп санайды да, оған қоса енді өз ойынан ән-
күй шығарып, композиторлық жолына түсуге талапта-
нады. 
80 

Творчестволық ең алғашқы адымын ол сол кезде Ле-
ниногор заводындағы тасты қашап, тау бұзған құрыш 
қолды еңбек қайраткерлерінің қарқынды ісі мен қажыр-
лы күшіне арнап «Жарыс» деген жаңа ән шығарудан 
бастайды. 
Міне, осы бірінші шығармасы жарыққа шығып, тың-
даушылардан жақсы баға алғаннан кейін-ақ, келешекте 
оның тағы да ән, күйлер шығара беруіне творчестволық 
ізденудің даңғыл жолы ашылғандай болады. 
Манарбек Лениногор заводы жұмысшылары арасын-
да екі жылдай қызмет істегеннен кейін 1933 жылы Алма-
ты театрына қайтадан шақырылып алынады. 
Мұнда ол, театрда сол кезде қойылып жүрген «Ай-
ман — Шолпандағы» Жарастың, «Қыз Жібектегі» Шеге-
нің, «Жалбырдағы» Елеместің, «Ер Тарғындағы» Сақан-
ның рольдерін ойдағыдай жақсы орындап, өзінің талант-
ты өнерпаздығын астана жұртшылығына шын мәнісінде 
тағы да көрсете біледі. Оның сахнада жасаған кейіпкер-
лік көріністері, аудандық, облыстық, республикалық жә-
не одақтық газет, журнал беттерінде жарияланып, жа-
рыққа шыға бастайды. 
Бүгін бесінші күн болды, Петропавлдың еңбекшілері 
театрға ағылып барып жатыр. Онда жұрт әдетте көріп 
жүрген ойындарына емес, операны тыңдауға таңсық. Қа-
зақстанның орденді халық артистері Манарбек Ержанов, 
Құрманбек Жандарбеков сияқты атақты артистердің 
ойынын көруге асық. 
— Қарағым-ау, мынау артист өзіміз көрген кәдімгі 
ақ жарқын, күлдіргіш жігіттен айнымайды. Біздің елде 
тап осындай бір жігіт болған еді, тіпті мен соның өзін кө-
ріп отырмын-ау деймін. Өзінің жүріс-тұрысы да, жайда-
ры жарқын мінезі де, әсерлете салған әні де тап сол тә-
різді деген еді, бір күні «Айман — Шолпан» музыкалы 
пьесасын көріп отырғанымызда оң жағымыздағы бір 
бәйбіше. 
6-1393 81 

Бүгінгі театрға жиналған жұрт «Жалбыр» операсын-
дағы Елемес ролінде ойнап жүрген Манарбек екенін 
бұлжытпай-ақ тани қойды. Жалбырдың туған інісі Еле-
местің образын жасаудағы Манарбектің актерлік ойыны 
жұртты бар ықласымен өзіне қаратты. Ол, Елеместің жа-
лынды бетін де, аянышты халін де шындықпен аудармай 
келтірді. Оның шарықтата салған әніне, сүйген жары 
Хадишамен қол ұстасып майданға аттанғанына жұрт өте 
сүйсінді. Қыршын жастың ол үшін жанын қиған аяныш-
ты халіне шын мәнісінде қатты күйінді. 
Манарбек Ержанов көп жылдар бойы театр сахна-
сында сапалы образдар жасау және халық әндерін, ха-
лық композиторларының көптеген көркем шығармала-
рын халыққа таратумен қатар өзінің композиторлық 
жолындағы творчестволық еңбегімен де көзге түсіп ке-
леді. 
Манарбектің әндік шығармаларында жеңімпаз ота-
нымыздың күш-қуатының молдығы, бейбіт өмір құша-
ғында шаттық пен қуаныштың қызығына бөленген еңбек 
сүйгіш еліміздің тамаша табыстары мен бақытты, сәнді 
тұрмысы суреттеледі. 
Манарбектің ең алғашқы шығарған әндерінің ішінде 
«Паровоз» дейтін әнін тыңдағандарыңызда Қазақстан-
ның кең даласымен кейде жылжи ағатын, кейде заулай 
шабатын заманымыздың жел жетпес жүйрігі — паровоз-
дың құйындай жүйткіген жүрісі көз алдарыңызға елес-
тегендей болады. 
Манарбектің ұлан байтақ жеріміздегі талай тамаша 
жетістіктерді және халық қазнасының молая беруіне 
маңызды үлестерін қосып отырған алдыңғы қатардағы 
еңбек озаттарының елеулі табыстарын таныстыратын 
«Туған жер», «Еңбек ерлері», «Қойшының әні» дейтін 
әндері бар. Сондай-ақ ол атақты Аманкелді батырға да, 
асқақ үнді ән шебері Біржан салға да арнап ән шығар-
ды. 
82 

Ер азамат жауға қарсы майданға аттанған кешегі 
Ұлы Отан соғысы күндерінде де Манарбек үйде бос қа-
рап отырмай, өзінің композиторлық жолындағы өнер-
білімін өткір құрал есебінде жұмсап, көппен бірге күрес-
ке аттанды. Майдандағы жауынгерлеріміздің жігер-кү-
шін тасытып, жеңіске, ұмтылдыратындай өткір тілді, 
әсерлі әндер шығарды. 
Ежелден жеңімпаз ел, тағы да жеқіп шығатындығына 
толық сенген Манарбек сол сұрапыл соғыс басталған 
күні-ақ «Біз жеңеміз» деген жауынгерлік ән жазды. 
Отанымыздың алтын астанасы Москва түбінде бол-
ған өлім мен өмір таласы арпалысында «Жан арым са-
дағасы» — деп борандай түтеген ажал оғына төсін тө-
сеп, қарсы ұмтылған, өздерінің сүйікті Отаны үшін жан-
дарын құрбан етіп, бірақ Москваны жаудан аман қорғап 
қалған халқымыздың қадірлі адал ұлдары — жиырма 
сегіз батырларға да арнап ән шығарған болатын. Сон-
дай-ақ Отан қорғау жолында жанын аямай, ерекше күш 
жұмсап, ерлікпен қаза тапқан Совет Одағының батыры 
Мәншүк Мәметова да Манарбектің творчестволық еңбегі-
нен орын алды. Бұлардан басқа «Отан үшін», «Парти-
зандар жорығы» деген әндерін де сол Отан соғысы кезін-
де шығарды. 
Ұлы Отан соғысы жеңіспен аяқталғаннан кейінгі елі-
міздің бейбіт өмір құшағында қол жеткен табыстарын 
таныстыру жөнінде де Манарбек елеулі үлес қосты. 
Олардың ішінде «Алтын өлке», «Қазақстан», «Волга — 
Дон», «Бейбітшілік жыры», «Сайра бұлбұл» сияқты ән-
дерін халқымыз сүйсіне тыңдайды. 
Манарбек Ержанов бірыңғай әндік шығармалардың 
ғана авторы емес, ол бірсыпыра көркем күйлердің де ав-
торы. 
Соңғы жылдар ішінде шығарған «Орталық», «Өр-
нек», «Жорға», «Би күйі», «Жетісу», «Жеңген солдат» 
сықылды күйлерінен басқа да бұрынғы өзінің жас өмірі-
83 

нен алып жазған «Балалық шақ», «Шалқар көл», «Теңіз 
кұстары», «Аққу» атты күйлерінің әрқайсысының арнау-
лы тарихы барлығы байқалады. 
Манарбектің «Аққу» дейтін күйінде өзінің балалық 
өмірін өткізген Балқаш көліндегі аққудың таң сәріде 
саңқылдаған тамаша әсем үнін, су сабалай ұшып, жай-
лап қана қанат жая қонуын домбыраның қос ішегін іл-
мелей тартып, қатарлана тағылған тіл пернелерін жоға-
ры-төмен термелей басумен-ақ түсіндіре біледі. Ал, «Ба-
лалық шақ» күйінде жасындағы өз басынан кешірген 
көңілсіз, жалшылық өмірдің өкінішті сыры сипатталады. 
Қорыта айтқанда, Манарбек өзінің композиторлық 
өнерімен қырық-елудей ән мен күй шығарды. Олардың 
ішінде «Қыз Жібек», «Ер Тарғын» сияқты қазақ опера-
ларында пайдаланылғаны да бар. 
Партия мен үкімет Манарбектің көркемөнер саласын-
дағы осындай сан алуан сапалы еңбектерін жоғары ба-
ғалап, 1936 жылы Қазақ ССР-нің еңбек сіңірген артисі, 
1937 жылы Республиканың Халық артисі деген құрметті 
атақтар берді. Сондай-ақ 1936 жылы Құрмет белгісі 
орденімен, 1945 жылы Еңбек Қызыл Ту орденімен жә-
не 1958 жылы қазақ әдебиеті мен көркемөнерінің Моск-
вада болған онкүндігімен байланысты Құрмет белгісі 
орденімен 2-рет наградталды. Манарбек кәзір Қазақс-
танның Жамбыл атындағы мемлекеттік филармониясын-
да әншілік қызметін атқарады. Ол жасының ұлғайып 
қалғандығына қарамастан қысы-жазы ел аралап, өзінің 
асқан әншілік өнерімен еңбеккерлер арасында ерінбей 
еңбек етуде. 

РАХИЯ ҚОЙШЫБАЕВА 
Бүкіл еңбекшіл адам баласының бақыты үшін Ұлы 
Октябрь социалистік революциясы орнаған шақта 
Рахия жасқа толмаған сәби еді. Ол Қарқаралы қала-
сында, отын тасып жан сақтайтын Рысбай Жылқайда-
ров дейтін жұмысшының семьясында туды. 
Рыспай жарлылыққа бой бермейтін, әділдікті сүйетін, 
орынсыз үстемдікке көнбейтін ер көңілді, батыр мінезді 
адам болыпты. 
Рахия бес жасқа ғана толған кезде, 1921 жылы Қар-
қаралы қаласын басып өткен атаман Дутовтың әскері 
әкесі Рысбайды атып өлтіреді де, бойы өсіп, бұғанасы 
қатпаған Рахия жастайынан жетім қалады. Шешесі 
Дәмеш бәйбіше қолында қалған жетім қызының қамы 
үшін 1924 жылы кәзіргі Лениногорскіге көшіп барып, өзі 
шахтада жұмыс істейді де, сегіз жастағы Рахиясын мек-
тепке түсіреді. 
Рахия жеті жылдық мектеп бітіргеннен кейін техни-
кумға орналасады. Осында оқып жүрген кезінде оның 
85 

әкесі Рысбайдың мейірімсіз жау қолынан қаза тауып, 
панасыз қалған жетімдігін еске алып, үкімет Рахияға 
арнаулы пенсия бергізіп тұрады. Бұл жағдай келешекте 
кызының оқу оқып, өз қаражатымен тұра беруіне мүм-
кіндік тудырғаннан кейін, шешесі Дәмеш бәйбіше 1932 
жылы Қарағанды шахтасында жұмыс істейтін еркек 
баласының қолына барып тұрады. 
Тұрмыс жағдайы жақсарып, техникумның 2 курсінде 
оқып жүрген жалғыз қызы Рахиясын көзінен таса қыл-
ғысы келмей, анасы Дәмеш оны Қарағандыға шақыртып 
алдырады. Онда барғаннан кейін Рахия қызмет істей 
жүріп, көркемөнершілер үйірмелеріне қатысады. Бұл 
оның жасынан ең жақсы сүйетін өнері болатын. 
Үйірмедегі өнерпаз жастар ортасында Рахияның ән-
шілік өнері көзге түсіп, концертке шыққан сайын тыңдау-
шылардан тым жақсы баға алады. Кешегі Рысбай мар-
құмның өзіне тартқан Рахия дейтін өжет қызы қатарда-
ғы әнші болуға айналыпты деген сөз ел аузында аңыз 
бола бастайды. Соның нәтижесінде ол 1935 жылдан бас-
тап бірыңғай көркем өнерге бет алады. Театр сахнасын-
дағы ең алғашқы тырнақ алдысын Рахия Қарағандыда-
ғы шахтерлер клубына қойылатын спектакльдерге қаты-
судан бастайды. Сонымен қатар сахналық концерттерге 
шығып, өзінің әншілік өнерін жыл сайын шыңдай түседі. 
Қарағанды театрында екі жылдай артистік қызметін 
атқарғаннан кейін Рахия 1935 жылы астанамыз Алматы 
қаласына келіп, мемлекеттік драма театрына орнала-
сады. 
Облыстық театрдан актерлік қызметіне үлкен әзірлік-
пен келген Рахия аз жылдың ішінде-ақ республикалық 
театрда бұрыннан істеп жүрген көркемөнер қайраткер-
лерінің қатарында түрлі жауапты рольдерді орындап, 
сахна шеберлігін меңгере біледі. 
Рахия Қойшыбаева өзінің үлесіне тиген рольдердің 
ішінде драматург Мұхтар Әуезовтың «Түнгі сарын» пье-
86 

сасындағы Жүзтайлақтың, Ақынжановтың «Исатай — 
Махамбет» пьесасындағы Алманың, Ғабит Мүсреповтың 
«Қозы Көрпеш—Баян сұлу» пьесасындағы Мақпал мен 
Күнікейдің, Шахмет Хұсайыновтың «Алдар көсе» пьеса-
сындағы Меңсұлудың, Әлжаппар Әбішевтің «Күншіл-
дік» пьесасындағы Қаманың, «Кім менің әкем» пьеса-
сындағы Жарқынның рольдерін орындауда өзінің шын 
кейіпкерлік шөберлігін астана жұртшылығына айқын 
көрсете алды. 
Рахия бірыңғай қазақ пьесаларында ғана емес, ол 
ұлы орыс және батыс классиктерінің де бірсыпыра пье-
саларында жауапты рольдер атқарып, айтарлықтай 
табыстарға иеленді, атап айтқанда, Гогольдің «Ревизор» 
атты пьесасындағы Анна Андрееваның, Островскийдің 
«Талант пен табынушылар» пьесасындағы Пантелеева-
ның, Погодиннің «Мылтықты адам» пьесасындағы На-
дежданың рольдерін де ойдағыдай орындау дәрежесіне 
жетті. 
Бір кездегі қарапайым қазақ қызының орыс және 
Батыс Европа халықтарының салт-сана, әдет-ғұрыптарын 
түсіне отырып, тамаша образдар жасай білуі қандай 
мақтанарлық, маңызды іс десеңізші. 
Рахия Қойшыбаева сахна шеберлігіне әбден шынық-
қан кезінде Мұхтар Әуезовтың «Абай» пьесасындағы 
Зеренің ролін өте жақсы орындағандығы үшін 1952 жы-
лы Сталиндік сыйлықтың лауреаты атағын алып, айтар-
лықтай абыройға ие болды. 
Театр сахнасының шебері Рахия халықтың сүйікті 
әншілері қатарынан да көрнекті орын алады. Оның әнші-
лік өнері елге радио арқылы ауа толқынымен тарады. 
Өйткені ол 1940 жылдан бастап, жиырма жылға жуық, 
осы орында үздіксіз ән салып келеді. 
Рахия Қойшыбаеваның айтқан әндерін радио тыңдау-
шылар қатты ұнатады. Оны біз қазақ радиосының музы-
ка редакциясына түсіп жататын көптеген хаттардан 
87 

көреміз. Бұған дәлел боларлықтай мынадай бір фактіні 
айта кетуге тура келеді. 
Қарағанды облысы, Ворошилов ауданы «Жаңа қала» 
колхозының мал жайылым участогындағы мұғалім 
Аллажар Абдразақов жолдас өзінің радиоға жіберген 
бір хатында былай депті: 
— Әттең шіркін Жүсіпбек, Роза, Манарбек, Рахия, 
Жамалдар біздің ортамызға келіп ән салар ма еді. Неме-
се осы аталғандардың түгел қатысуларымен радио ар-
қылы берілген концерттерді жиі есітіп тұрар ма едік 
деп, үйімізде отырғанда үлкен арман етеміз. Бұл біздің 
ойымыздағы шын ниетіміз. Мүмкін бұл пікірді басқалар 
да қостайтын болар. 
Ал, қайсыбір радио тыңдаушылар ілгеріде аталған-
дардың радио арқылы айтқан әндерін азырқанып, әлі де 
айта түспеді-ау дегендей өкініп қалатындықтарын да 
білдіреді. Міне, мұндай хаттар өте жиі кездеседі. 
Рахия Қойшыбаеваның концерттік репертуарында 
кәзір алпыстан астам ән бар. Оның ішінде Рахия әсіресе, 
халық әндерін шеберлікпен орындайды, өйткені ол әр 
әнді өзінің халықтық стилімен нағыз қалпынан бұзбай 
айтады. 
Рахия халық әндерін тамаша айтумен қатар соңғы 
жылдар ішінде Қазақстан композиторларының да сан 
алуан көркем шығармаларын үйреніп, оны халыққа тара-
ту жөнінде елеулі еңбек сіңіруде. Оның ішінде еліміздің 
мал байлығы мен жер байлығын сипаттайтын Бахытжан 
Байқадамовтың «Ақбидай» дейтін әні, Садық Кәрімбаев-
тың «Жетісу», «Оңтүстікте ақ алтын», «Біздің ән», «Шат-
тық әні», «Тракторшы қарындас», «Сауыншы жеңгей», 
«Жылқышы қыз» сияқты әндерін Рахияның орындауында 
халық өте сүйсіне тыңдайды. 
Рахия Қойшыбаеваның көркемөнер саласындағы көп 
жылдық сапалы еңбектерін партия мен үкімет үнемі жо-
ғары бағалап келеді. Оған 1943 жылы республиканың 
88 

еңбек сіңірген артисі, 1947 жылы Қазақстанның Халық 
артисі деген құрметті атақтар берді, сонымен қатар өт-
кен 1958 жылы қазақ әдебиеті мен көркемөнерінің Мос-
квада болған онкүндігімен байланысты Еңбек Қызыл 
Ту орденімен наградтады. 
Кешегі отыншының қызы болып өскен Рахияның 
Ұлы Октябрь социалистік революциясы жеңісімен бірге 
жасап, партия мен үкіметтің аталық қамқорлығы арқа-
сында көркемөнершілердің көрнекті қайраткерлері қа-
тарынан орын алып отыруын үлкен мақтаныш етеміз. 

ҒАРИФОЛЛА ҚҰРМАНҒАЛИЕВ 
Адам
 болар баланың кісесінен белгілі, ат болатын құ-
лынның мүшесінен белгілі, дегендей көркемөнер сала-
сындағы сан алуан өнерпаздарымыздың өсу жолына көз 
жіберсек, оның көпшілігі-ақ көркемөнерге жастайынан 
бейімделе, ойын-сауықтарда ән айтып, күй шертуге әуес-
тене бастағандықтары байқалады. Солардың бірі Ғари-
фолла Құрманғалиев. 
Ғарифолла 1909 жылы, Батыс Қазақстан облысы, 
Қаратөбе ауданында кедей шаруаның семьясында туды. 
Ол он жасынан бастап домбыраға әуестеніп, ән сала 
бастайды. Оның аспанға шарыктаған асқақ үні тыңдау-
шыларға сол кездің өзінде-ақ өте ұнап, келешегінен 
үлкен үміт күттірегін еді. 
Алғашқы кезде, ауыл ішінде ғана айтатын Ғарифолла 
14—15 жастарында көпшілік бас қосқан үлкен той-ду-
маңдарда жүрексінбей ән шырқап, жұртшылықтың көзі-
не түседі. 
90 

— Жасымда менің ән үйренген ұстаздарым: Шынтас 
Қаратаев, Ғұмар Абуғалиев, Шайқы Мұхитов дейтін ән-
ші, термешілер еді. Олар әннен гөрі де көбінесе халық 
термелерін басымырақ айтатын еді. Ал, ән жағын мен 
кейінгі кезде ел ішіндегі басқа да жақсы әншілерден 
көбірек үйреніп, концерттік репертуарымды жыл сайын 
толықтыра бердім,— дейді Ғарифолла өзінің ең алғашқы 
ән үйрену жолын әңгіме еткенде. 
Ғарифолла ең алғаш ән сала бастаған кезінде-ақ кө-
бінесе көңілді, күлдіргі әндерді нақышына келтіре, жел-
діре, тыңдаушыларын өте сүйсіндіре айтатын. Ол әнді 
соншалық шебер орындауының үстіне, сол әннің ырғағы-
на қарай көзқарасы, бет бейнесін кұбылтып, жұртты 
аузына қарата еріксіз өзіне тартып алатын, тағы да 
айта түссе екен дегізіп, тамаша қызықтыратын. 
Ғарифолла «Ыңғай-ау», «Аяй-ай-ау», «Бағила», «Ау-
ғайша», «Сәулем-ай», «Желкілдек», «Он алты қыз», 
«Көк айдай» сияқты көптеген күлдіргі әндерді айтқанда 
тыңдаушылар күлкіге де бір кенеліп қалатын. 
Әншілік өнері күн сайын өрістеп, елге аты әйгілі бола 
бастаған кезде Ғарифолла ауданнан асып, облыс көлемін 
аралады, шырқата ән салып, айтарлықтай шын өнерпаз-
дығын көрсете білді. Кей жерде ойын-сауық, той-жиын 
болса, ол арналып шақырылатын сыйлы қонақтар қата-
рынан орын алды. 
Халықтың осындай сый-құрметіне бөленген Ғарифол-
ла бір кездерде өз облысынан ұзап, іргелес отырған 
Орынбор, Ақтөбе, Орал, Гурьев облыстарына да барып 
ән салды. Ол өз әнін айта жүріп, сол елдердегі жақсы 
әншілерден көптеген әндер үйреніп, өзінің орындаушы-
лық өнерін жыл сайын жақсарта берді. Орындаушылық 
өнері осылайша қалыптаса келе, жасы жиырмаға толған 
кезде Ғарифолла көпшілік қоғам жұмыстарына да бел-
сене қатынасты. 1929 жылдан 1934 жылға дейін ол бес 
91 

жыл бойы ауыл Советтің секретары, одан кейін предсе-
дателі болып қызмет атқарды. 
Бірақ, мұндай қызметті атқарып жүрген кездерінде 
де өзінің әншілік өнерінен қол үзбей, ойын-сауық, той-
жиындарда бұрынғыша ән шырқау әдетін үдете берді. 
Соның нәтижесінде ол 1934 жылы май айында астана-
мыз Алматыда болған республикалық өнерпаздар жары-
сында озат шығып, 1-бәйгіні алды. 
Ғарифолланың судай тұнық, сынаптай толқыған сұлу 
үнімен шырқата салған әсем әнін астана жұртшылығы 
өте ұйып тыңдады. Әсіресе ол халық композиторы Мұ-
хиттың атақты «Айнамкөз» әнін айтқанда театр залында-
ғылар аса риза болып, үлкен алғыс айтты. 
Ғарифолланың бір ғана әншілік өнер емес, оның үс-
тіне актерлік образ жасауға да қабілеті жететіндігі 
байқалған соң ол кәзіргі Абай атындағы мемлекеттік 
академиялық опера және балет театрына артистік қыз-
метіне алынды. 
Алматыға бұл келуі өте сәтті сапарға айналған Ғари-
фолла өзінің жасынан аңсаған көркемөнер ордасының 
табалдырығын тұңғыш аттаған кезде зор қуанышқа бө-
ленді. Театрға жаңа ғана келіп орналасқан жас талант-
ты Күләш Байсейітова, Құрманбек Жандарбеков, Қана-
бек Байсейітов сықылды сахна жұмысына ысылған, 
көркемөнер қайраткерлері өздерінің қамқорлықтарына 
алып, оның творчестволық өсу жолына үлкен көмек көр-
сетті. 
Бұл жағынан өзі де тым қаражаяу емес Ғарифолла 
көп ұзамай-ақ жауапты рольдер ойнауға жарай бастады. 
Оның театр сахнасындағы ең алғашқы тырнақ алдысы 
Мұхтар Әуезовтың либреттосы бойынша жазған компо-
зитор Коциктің «Айман—Шолпан» операсындағы Жа-
растың және Арыстанның образдарын жасаудағы кейіп-
керлік өнер көрушілерге өте ұнағаннан кейін-ақ, ол 
92 

үлкен бір сыннан өткендей болып, сонан былай сахна 
шеберлігіне күн сайын төселе берді. 
Көптеген операларда сан алуан рольдер атқарып, 
солардың барлығында да жақсы баға алып отырды. 
Атап айтқанда, композитор Евгений Брусиловскийдің 
«Қыз Жібек» операсындағы Шегенің, «Жалбыр» опера-
сындағы Елеместің, «Ер Тарғын» операсындағы Қайрақ-
байдың, Сыпыра жыраудың және Сақанның, «Алтын 
астық» операсындағы Жамбылдың және басқа қазақ 
операларындағы түрлі рольдерді орындау шеберлігін 
ойдағыдай жақсы меңгере білді. 
Ғарифолла тек Қазақстан композиторларының ғана 
емес, өзге туысқан республикалар композиторлары опе-
раларында да әр халықтың өзіне тән ұлттық салт-сана-
сын сақтай отырып, ондағы адам образдарын жасауда 
да үнемі жақсы баға алып отырды. Оның ішінде грузин 
композиторы Палиашвилидің «Даиси» операсындағы 
Титоның, Азербайжан композиторы Магомаевтың «Нер-
гиз» операсындағы Латифтің, әсіресе орыстың ұлы ком-
позиторы Чайковскийдің «Евгений Онегин» операсында-
ғы Триконың ролін орындаудағы шеберлігі тыңдаушы-
лардың назарын ерекше аударады. 
Ғарифолла Құрманғалиев операдағы сахна шеберлі-
гінің үстіне өзінің асқан әншілік өнерін де қоса көрсетіп 
келеді. Ол, Қазақстанның барлық облыстарында болып, 
мыңдаған колхозшылар мен жұмысшылар, шахтерлер 
мен мұнайшылар, теміржолшылар мен құрылысшылар 
арасында көптеген ашық концерттер беріп жүр. Бұлар-
дың барлығында да ол халықтан үлкен алғыс алып, зор 
құрметке бөленуде. 
Ғарифолла осы Алматыға келгеннен бері жиырма бес 
жыл бойы радио арқылы да шырқата ән салуда. Мил-
лиондаған тыңдаушылар оның аоқан әншілік өнеріне өте 
ризалықтарын білдіріп, хат жазып отырады және оның 
концертті жиірек беруін сұрайды. 
93 

Ғарифолла Құрманғалиев республикамыздан тыс, 
Совет Одағының Фрунзе, Ташкент, Ашхабат, Киев, Ле-
нинград, Москва сияқты ірі қалаларында, сондай-ақ 
Қытай Халық Республикасында да болып, онда берген 
концертімен халықты қазақ музыкасымен таныстыру 
жөніңде едәуір еңбек сіқірді. 
Ғарифолла Құрманғалиев Ұлы Отан соғысы кезінде 
өзінің туған елін қорғау жолында жан аямай, жауға 
қарсы ерлік күрес жүргізіп жатқан жауынгерлер арасын-
да да көптеген концерттер беріп, ерекше көзге түсті. 
Оның бұл сапары да өте сәтті болып, «Қызыл жұлдыз» 
орденімен және медальдармен наградталды. Сөйтіп, ол 
мыңдаған жауынгерлерден алғыс алып, үлкен абыроймен 
қайтты. 
Ғарифолланың актерлік өнері мен әнге шеберлігі 
жөнінде аудандық, облыстық, республикалық және орта-
лық газеттерде де талай рет мақалалар басылғаны есі-
мізде. 
Ғарифолланың концерттік репертуарында кәзір жүзге 
жуық ән және халық термелері бар. Оның ішінде халық 
композиторы Мұхиттың «Айнамкөз», «Жайма қоңыр», 
«Паң көйлек», «Ақ иіс», «Үлкен ораз», «Кіші ораз» сы-
қылды көптеген әндерін ауылдан астанамыз Алматыра 
ала келіп, ашық концерттерде де және ауа толқынымен 
радио арқылы берілетін концерттерде де көбірек айтып, 
халық арасына кеңірек таратқан да осы Ғарифолла бо-
латын. 
Ғарифолла әншілік және актерлік өнерінің үстіне 
соңғы жылдар ішінде өз ойынан ән шығару ісімен де 
шұғылдануда. Кәзір оның ел аузында айтылып жүрген 
«Сүйген жар», «Нұржамал», «Жер ана», «Тыңнан тар-
ту», «Кел құрбым», «Жайық», «Алатау», «Тың көтеру» 
сияқты кәзіргі жаңа тақырыпқа жазған отызға жуық 
жақсы әндері бар. Бұлардың бәрі де республикалық 
радиокомитетте, филармонияда және халық творчество-
94 

сы үйінде қабылданып, әншілердің концерттік репертуар-
ларынан орын алды. Ғарифолла Құрманғалиев 1958 жы-
лы қазақ әдебиеті мен көркемөнерінің Москвада болған 
онкүндігіне барған жолында астана жұртшылығынан 
аса жақсы баға алып, үлкен абыроймен қайтты. 
Үлкен театр сахнасында қойылған композитор Мұқан 
Төлебаевтың «Біржан—Сара» операсындағы Естайдың, 
Ахмет Жұбанов пен Латиф Хамидидің «Абай» операсын-
дағы Нарымбеттің рольдерін ойдағыдай жақсы орындап 
шықты. Сондай-ақ онкүндіктің ең соңғы берілген қоры-
тынды концерттерінде қазақтың түрлі күлдіргі әндерін 
айтып, тыңдаушылардың ерекше назарын аударды. 
Міне, осы онкүндікке барғандағы көрсеткен бағалы 
еңбектері үшін Ғарифолла Еңбек Қызыл Ту орденімен 
наградталды. 
Ғарифолла Құрманғалиевтің 25 жыл бойы көркем-
өнер саласында сіңірген сан алуан еңбектерін партия 
мен үкімет үнемі жоғары бағалап келеді. Атап айтқанда 
оған 1939 жылы республиканың еңбек сіңірген артисі, 
1954 жылы Қазақстанның Халық артисі деген құрметті 
атақтар берді. Сонымен қатар ол қазақтың Абай атын-
дағы мемлекеттік академиялық опера және балет теат-
рына артистік қызметіне орналасқан күннен бастап, 
бүгінге дейін 40 шамалы грамоталармен және бірнеше 
медальдармен, значоктермен наградталды. 


1   2   3   4   5   6   7   8


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал