Көркемөнер халықтікі. Еңбек шілердің қалың бұқарасы арасына



жүктеу 3.53 Kb.
Pdf просмотр
бет4/8
Дата09.01.2017
өлшемі3.53 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8

ЖАМАЛ ОМАРОВА 
Ән айту кемшілігі жаңа ғана айта бастаған жас талап 
сендер түгіл, талай жылдар бойы ән салып келе 
жатқан кейбір дағдылы, тәжірибелі әншілерден де кезде-
седі. «Ер қосы жүре түзеледі» дейтін емес пе еді? Сон-
дықтан азды-көпті орындаушылық өнеріңді олқысынбай, 
барыңды ортаға салудан жасқанба, бойға біткен жігерің-
ді жасытпа, жалындай бер, жарысқа түс, сонда ғана 
жарыққа шыға аласың, — деп Құрекең ағалық ақылын 
айтатын. Ол кезде мен Ташкенттегі халық ағарту инсти-
тутының жұмысшылар факультетінде оқитын едім,—дей-
ді Жамал өзінің жасындағы ән айта бастаған кезін әңгі-
ме еткенде. 
Шынында да сол кездегі институт жанындағы көр-
кемөнершілер үйірмесін басқаратын Құрманбек сияқты 
шебер сыншының алдына ән айтып, өнер жарысынан өту 
оған оңай да болған жоқ-ты. 
Дегенмен ауылдағы әнші әжесінің ұстаздығы және 
өзінің әуелден-ақ әншілік қабілеті барлығы оның жүрек-
59 

сінбей, астана жұртшылығының алдында сахнаға шы-
ғып, асқақтата ән салуына бекіндірді. 
Қоңыр күз. Студенттер жазғы демалыстан қайтып, 
институтта оқу басталған кез. Міне, осы кезде көркем-
өнершілердің концерті болғалы жатты. 
Ән мен биге әуелден әуесқой халық институт клубына 
лық тола жиналып, жас өнерпаздардың концерті баста-
луын асыға күтті. Осы кезде қолаң қара шашы беліне 
төгілген, өткір көзді, қара торы қыз сахнаға шығып, 
рояльдің жанына келді. Бұрыннан төселген дағдылы ән-
шілерше, залда отырған көрермендерге қыдырта бір көз 
тастап алды да, өзінің бала жасынан айтып әдеттенген 
«Қара торғай» әнін желдірте жөнелді. 
Осындай тыңдаушылары көп, сахнаға тұңғыш рет 
шыққан жас таланттың орындаушылық өнеріне өте сүй-
сінген халық қайта-қайта қол соғып, оны ұзақ уақыт 
сахнадан жібермей қойды. 
Бұл әншінің орындаушылық шеберлігіне өте сүйсін-
ген жұрт шынында да тамаша талант екен десіп, оған 
үлкен алғыс айтып тарасты. Кейін сұрастыра келсек, ол 
жас әнші Ташкент түбіндегі Қауыншы қыстағында туып 
өскен Жамал Омарова екен. 
Сөйтіп, өзінің әнші әжесінің тәрбиесінде өскен Жа-
мал қаршадайынан-ақ халық алдында ән айтуға құлшы-
на берді. Біздің ілгеріде сөз еткен көрінісіміз оның 
жиырмабесінші жылдардағы сахна табалдырығын тұң-
ғыш аттаған кезі болатын. 
Тартымды әншілік белгісі тыңдаушыларға ертеден-ақ 
біліне бастаған Жамал 1927 жылы Ташкент қаласында 
өткен Орта Азия республикасының балалар олимпиада-
сына қатысып, «Ақ дариға», «Бипыл» сияқты халық ән-
дерін өте шебер орындағаны үшін бас бәйге алады. 
Өзінің жанындай жақсы көретін ерке қызын, әуелде 
ақылын айтып, оку сапарына аттандырған да сол ақыл-
қой анасы еді. Бірақ та, басқа балаларынан ерекше 
60 

көретін сүйікті Жамалын соншалық сағыну салдарынан 
Ташкентте оқып жүрген кезінде үйіне шақыртып алады. 
Бұл жағдай оның ертерек оқу бітіріп, жоғары дәре-
желі білім алуына әрине, үлкен бөгет жасады. Амал не, 
көрмесе тұра алмайтын ата-ананың балаға деген мейір-
бандылығының бұ да бір түрі шығар деп қана түсінуге 
болады. 
Әншілік өнер де өте қымбат Бірақ, Жамал әлі де оқи 
түсуі керек деген дос-жарандарының ізгі кеңесіне енді 
қарт әжесі де қарсы бола қойған жоқ. Сөйтіп, оны 1932 
жылы Ташкентке оқуға жіберді. Бұл Жамалдың 20 
жасқа толған кезі еді. 
Жамал Ташкентке келгеннен кейін өзінің қалауы 
бойынша Кен-металлургия институтына түседі. Сонда 
оқып жүрген кезінде студенттердің ойын-сауық кештерін-
де, көркемөнершілердің концерттерінде өзінің асқан 
орындаушылығымен ерекше көзге түсіп, тыңдаушылар-
дан жақсы баға алады, Сөйтіп, оның әншілік өнері көп 
ұзамай-ақ Алматыға да естіледі. Сонын нәтижесінде 
Жамал 1934 жылы Алматыдағы тұнғыш ұйымдастырыл-
ған музыка театрына шақыртылды. 
Жамал Омарова театрда концерттерге қатыса жүріп, 
музыкалық спектакльдердегі бірнеше жауапты рольдер-
ді де шебер орындай біледі. Әсіресе, оның құлаққа жа-
ғымды қоңыр ғана орта дауысымен желпінте орындаған 
әсем әндерін тыңдаушылар тым жақсы ұнататын болды. 
Бір күні көптеген көркемөнер қайраткерлерінің қаты-
суымен Қазақтың музыка театрында үлкен концерт бері-
леді. Міне, осы концертке жиналған астана жұртшылығы 
Жамалдың орындаушылық өнеріне өте сүйсінеді. Әсіре-
се, оның жасынан өзі сүйіп айтатын «Екі жирен» әні көп-
шіліктің назарын ерекше аударады. 
Театрда екі жылдай қызмет істегеннен кейін 1936 жы-
лы қазақ әдебиеті мен көркемөнерінің Москвада болған 
онкүндігіне барып, астана жұртшылығының алдында 
61 

өзінің шебер орындаушылығын көрсете білді. Сол он-
күндіктің қорытындысы күні Үлкен театрдың сахнасында 
үкімет басшылары тыңдаған концертте қазақтың бірне-
ше халық әндерін айтып, Жамал тағы да тамаша жақ-
сы баға алды. 
Осы сапардан қайтып келгеннен кейін Жамал қазақ-
тың Жамбыл атындағы мемлекеттік филармониясының 
әншілігі қызметіне ауысады. 
Бұрын театрда актерлік жұмысын қоса жүргізіп кел-
ген ол, енді бірыңғай әншілік жолына түседі. Концерттік 
репертуарын молайту ісіне кіріседі. Қазақ әндерімен қа-
бат Совет Одағындағы барлық халықтың әндерін үйре-
нуге талаптанады. Міне, осындай қажымас еңбектің 
нәтижесінде Жамал әр тілде ән шырқады. 
Сөйтіп, Жамал өзбектің «Қайларға барай», «Айжан» 
дейтін халық әндерін, қырғыздың «Паризатой», «Ой то-
бо» дейтін халық әндерін, армяннің «Келе-келе», «Ахчи 
бахта-бар», татардың «Сағыну», «Гүлшара», башқырт-
тың «Байық», «Қос білезік», украинның «Менің ұйқым 
келмейді», «Барвиночек», белорустың «Ой ты, казаче», 
орыстың «Ой, сен кең дала», «Көңілді күндер болған 
еді» дейтін әндерін де айтатын болды. 
Жамалдың кәзіргі концерттік репертуарында 15—16 
тілде айтылатын көптеген әндер бар. Жамалдың әншілік 
өнері мен іздену жолындағы осындай үлкен табыстары 
тыңдаушысын тамаша сүйсіндіріп, халқымыздың зор 
мақтанышына айналды. Филармония Жамалдың атына 
арнаулы ансамбль құрып, Совет Одағының әрбір респуб-
ликасына гастрольге жіберіп тұрды. Сол гастрольге бар-
ған сапарларының бәрінде де ол үнемі жақсы баға алып 
жүрді. 
Халықтың сый-құрметіне бөленген Жамал жыл сайын 
репертуарын жаңартып, үнемі дайындық ісімен шұғылда-
нуда. Ол кезкелген әнді үйрене салу әдетінен мүлде ау-
лақ, өзінің даусына, айту ырғағына лайықты әндерді ға-
62 

на талғап үйренеді. Жамал соңғы жылдар ішінде қазақ-
тың халық әндеріне, және Совет Одағы халықтарының 
әндеріне қоса Қазақстан композиторларының да көптеген 
көркем шығармаларын үйреніп, өзінің концерттік ре-
пертуарын бұрынғысынан да молайта түсті. 
Жамал Омарова Отанымыздың күш-қуатын, халқы-
мыздың байлығын, бақытты совет адамдарының сәнді 
өмір, салтанатты тұрмысын, еліміздегі еңбек озаттары-
ның ерлік бейнесін сипаттайтын сан алуан әндерді тез 
үйреніп, тыңдаушылардың өскелең талаптарына сай, са-
палы орындауда. 
Жамал айтатын осы тақырыптағы әндердің ішінде 
композиторлар: Евгений Брусиловскийдің, Ахмет Жұба-
новтың, Мұқан Төлебаевтың, Латиф Хамидидің тағы бас-
қаларының талай тамаша әндері бар. Мысалы, Брусилов-
скийдің «Қазақстан», «Алтай», Ерзаковичтің «Балқаш», 
«Кел біздің ауылға», Хамидидің «Алматы вальсі», 
Кәрімбаевтың «Жетісу», «Оңтүстікте ақ алтын» дейтін 
әндерін халқымыз талай рет ұйып тыңдаған-ды. 
Міне, осы сықылды Қазақстан композиторларының 
көптеген әндерін халыққа жеткізу жөнінде де Жамал 
айтарлықтай күрделі еңбек сіңіруде. Ол өзінің ансамблі 
мен бірге кең байтақ республикамыздың колхоздары мен 
совхоздарында, өнеркәсіп орындарында сан жылдар 
бойы сапалы концерттер беріп, тыңдаушыларынан үнемі 
алғыс алуда. 
Кешегі Ұлы Отан соғысы кезінде Жамал майдандағы 
жауынгерлер арасына барып концерт беріп жүрді. 1942 
жылы республикамыздың бірсыпыра таңдаулы артис-
терімен бірге Солтүстік-Батыс майданда жан аямай, 
жауға қарсы қаһармандық күрес жүргізіп жатқан көп 
ұлтты совет жастарының ортасында талай тамаша жа-
лынды әндер айтып, олардың жауынгерлік күш-жігер-
лерін тасытқандай болды. 
Жамалдың осы сапарындағы өзімен бірге барған 
63 

орындаушылардан өзгешелік бір қасиеті, ол әр тілде ән 
айтып, әрбір ұлт жауынгерін ерекше қуанышқа бөледі. 
Жамал Омарова Москва, Ленинград, Киев, Саратов, 
Минск, Челябинск, Омск, Новосибирск, Красноярск, Ха-
баровск, Сахалин, Куйбышев, Уфа, Ташкент сықылды 
Совет Одағының көптеген ірі қалаларында да концерт-
тер берді. Оның ішінде Қиыр Шығыста төрт жарым ай-
дай жүріп, үлкен қалаларды аралады. 
Жамал өткен жылы республикамыздың бір топ өнер-
паздарын басқарып, Монғолияға барды. Бригада құра-
мында республиканың еңбек сіңірген артистері: Нұғыман 
Әбішев, Бәтима Балғаева, әнші Хапиза Абуғалиева бол-
ды. Бұл сапарында да ол тыңдаушылардан көп алғыс 
алып, үлкен абыроймен қайтты. 
1939 жылы Түркменстанның 15 жылдық, 1949 жылы 
Украинаның 30 жылдық тойларына Қазақстаннан барған 
делегация құрамында Жамал да болды. 
Жамалдың көркемөнер саласында көп жылдар бойы 
сіңірген күрделі еңбектерін партия мен үкімет өте жоға-
ры бағалап, 1942 жылы Республиканың еңбек сіңірген 
артисткасы және Қазақстанның Халық артисткасы деген 
құрметті атақтар берді және Еңбек Қызыл Ту ордені-
мен наградтады, сонымен қатар ол жиырмадан аса түрлі 
грамоталар мен наградтар алды. 
Жамалдың ең соңғы үлкен бір табысы — ол қазақ 
әдебиеті мен көркемөнерінің 1958 жылы Москвада өткен 
онкүндігіне байланысты Ленин орденімен наградталды. 

ЖҮСІПБЕК ЕЛЕБЕКОВ 
Солтүстік жақ сілемі Мыржық тауына барып түйісе-
тін жалпақ қоңыр адырдың күнбатыс жақ қойнауын 
қоныс еткен үш-төрт қораның орталығындағы аласалау 
кірпіш үйде ертелі-кеш асқақтата шырқалған әсем ән 
аспанға өрлей шарықтап, айналадағы тау-тасты жаңғы-
рықтыратын. Бұл ауылдың тұсынан өткен-кеткендер сірә 
мұнда үлкен бір той болып жатқан шығар деп те ойлай-
тын. 
Дұрысында онда той емес, бірақ, тойға бергісіз ду-
манды ән шеберлерінің арнаулы мектебі болатын. Демек, 
бір ұядан ұшқан өңшең өнерпаздар тобы өз орталарынан 
шыққан әйгілі әншіні қоршай отыра қалып, онан ән үй-
ренетін, орындаушылық өнерінен үлгі алатын. 
Бұл мектептің ұстазы сол кезде өзінің асқан әншілік 
өнерімен бүкіл Қарқаралы уезін аузына қарата бастаған 
—жас талант Жақыпбек еді. Ол әкесі Балғабайдан тара-
ған үлкен аға, кіші інілеріне ұстаздық етіп, үнемі ән үй-
рететін, олардың ішіндегі ең кішісі мұрыны сорайған 
5—1393
 65 

сары бала «Өсемін, өрге жүземін, көркемөнердің ең төрі-
нен орын аламын» дегендей қиялға көз тастап, жаңа ға-
на талпына қанат қаққалы отырған — жігерлі жас, 
Жақыпбектің нағыз өзіне тартқан әнші інісі — Жүсіпбек 
еді. 
Кейін өзінің орнын басып, әншілік дәстүрін ұстайтын 
мұрагері осы Жүсіпбек болатындығына кәміл сенген 
Жақыпбек оны ерекше тәрбиелейді, өзіне лайықты кіші-
рек домбыра жасаттырып беріп, үнемі әншілік өнеріне 
баулиды. Соның нәтижесінде Жүсіпбек 7—8 жасында-ақ 
домбыра шертіп, ән шырқауға әдеттенеді, әнші ағасынан 
үйренген әндерін бұлжытпай, тап өзініне айтып беруге 
талаптанады. 
Сөйтіп, «ұяда нені көрсең, ұшқанда соны ілерсің» де-
гендей ағасы Жақыпбектің әсем әншілігі үлкен әсер ет-
кен ол, көп ұзамай-ақ жиын-топтарда тартынбай ән шыр-
қап, көзге түсе бастайды. Бірақ, амал қанша, Жүсіпбек 
он төрт жасқа жаңа толған кезінде оның әрі тәрбиеші 
ұстазы, әрі арқа сүйер ағасы — Жақыпбек жиырма бес 
жасында мезгілсіз қайтыс болады. Бұл жағдай, бұлбұл-
дай сайрап, жаз гүліндей жайнап, жаңа ғана өсіп келе 
жатқан жас әнші — Жүсіпбекке әрине жеңіл тие қойған 
жоқ. Сөйтсе де жалынды жігер, дарынды өнер оны ешбір 
жасытпады. 
Жүсіпбек 1922 жылы 17 жасында Семей қаласына 
барып, ат айдаушы болып жұмысқа кіреді. 
Жүсіпбек Семейде біраз тұрғаннан кейін-ақ "ел құла-
ғы елу дегендей", осында бір әнші бала келіпті деген 
лақап бүкіл қала халқына тарай бастады. Оның ішінде 
сондағы театр басшыларының да құлағына шалынды. 
Міне, осындай хабармен ол бір күні театрда болатын 
концертке арнап шақыртылды. 
Ауыл адамдарынша жұпыны ғана киінген баланың 
театрда ән салуына күмәнданушылар да болды. Шынын-
да да әнді бұрын ауыл арасында ғана айтып, мұндай ұлы 
66 

дубір жарысқа түсіп көрмеген жас әнші — Жүсіпбеккс

бұл жағдай әрине жеңіл де бола қойған жоқ. Бірақ онын 
бойындағы талант, жігер оған «сен жүрексінбе, батыл 
бол, не де болса тәуекелге бел байла» дегендей ұғым 
тудырды. 
Оның алдында, бүрыннан төселген біраз тәжірибелі 
әншілер де ән салып жатты. 
Бір кезде, ауылдан ала келген ақ домбырасын қолы-
на кесе көлденең ұстаған жас әнші — Жүсіпбек те сахна-
ға шыға келді. Ол дағдылы әншілердің әдеттерінше 
театр залындағыларға қыдырта бір көз тастап, сәлемдесу 
ишарасындай бас иді де сахна орталығына қойылған 
орындыкқа отыра қалып Біржанның «Жамбас сипар» 
дейтін әнін шырқата жөнелді. 
Ауылдан келген жас әнші — Жүсіпбектің жібекше 
созылған, мөлдір судай түнық, кіршіксіз таза, сыңғырла-
ған сұлу дауысымен шырқата салған әсем әнін естіген 
жұрт бірден-ақ құлаққа ұрған танадай жым-жырт бола 
қалды. Ол әрбір әнді айтқан сайын қайта-қайта қол со-
ғып, оны сахнадан жібермей қойды. Сондықтан да ол 
көптің қалауы бойынша Балуан Шолақтың «Ғалиясы», 
Ақан серінің «Құлагері», Жаяу Мұсаның «Көк аршыны» 
сияқты таңдаулы әндер айтып, тыңдаушылардың құлак 
кұршын қандырғандай болады. 
Сол күні Семей театры сахнасында тұңғыш рет ән 
салған Жүсіпбектің орындаушылық өнеріне сүйсінген 
қала халқы оған үлкен алғыс айта тарасты. 
«Жүрген аяққа жөргем ілінеді» дегендей Жүсіпбек 
осы сапарында атақты әнші Әміре Қашаубаевпен таны-
сып, онан қазақтың «Ағаш аяқ» дейтін күлдіргі әнін үй-
ренді. Сондай-ақ Абай аулының әншісі болған Сәлма-
ғамбетке кездесіп, онан бұрын өзі шалалау білетін: «Се-
гіз аяқ», «Бойы бұлғаң», «Көзімнің қарасы», «Татьяна» 
дейтін Абай әндерін түзетіп, дұрыс калпына келтіріп 
алады. 
5* 67 

Сөйтіп, ол Семей қаласында біраз уақыт тұрғаннан 
кейін өзінің жұмыс істеп, тапқан азды-көпті ақшасына 
жетісінше азық-түлік, киім-кешек алып, сол жылы күзге 
қарсы еліне қайтты. 
Жүсіпбек 1926 жылы 22 жасында Түркістан темір жол 
құрылысын салушылар қатарында Аягөз станциясы 
маңында жұмыс істейді. Онда күндіз жұмыс істесе, кеш-
кілікте құрылысшыларды өзінің тартымды тәтті әнімен 
шаттық сезіміне бөлендіріп жүреді. 
Тұрмыс жағдайы біраз түзелгеннен кейін Жүсіпбек 
енді бірыңғай әншілік жолына түседі. Ел ішіндегі көпші-
лік бас қосқан жиын топтардың арнап шақырылатын 
тандаулы қонақтары қатарына қосылады. Өйткені оның 
әншілік өнерін жақсы бағалайтын жұрт өзін де аса құр-
меттейтін еді. 
Жүсіпбек әнді өзі айта жүріп, өзгелерден үйрену ісі-
мен де шұғылданады. Ел ішіндегі таңдаулы әншілерді 
тауып, соларды зор ықыласпен тыңдайды. Әсіресе, бұрын 
Арқа жақта жыл сайын жаз айларында болып тұратын 
атақты Қоянды жәрменкесінде көп жерлерден жиналған 
талай тамаша талант иелерімен танысты. Олардың ішін-
де атақты әнші — Қали Байжанов, марқұм Ғаббас Айт-
баев, Майра Уәлиева, Қуан Лекеров, көркемсөз шебері — 
Қалыбек Қуанышбаев сияқты сан алуан саңлақ өнерпаз-
дармен бірге болып, олармен орындаушылық өнерін 
ортаға салысып, творчестволық пікір алысты. 
Сөйтіп, әншілік өнері жыл сайын өрістей бастаған 
Жүсіпбектің аты ауылдан ауданға, ауданнан облысқа, 
облыстан астанамыз — Алматыға да жетті. Соның нәти-
жесінде ол 1931 жылы 27 жасында, Республикалық му-
зыкалы драма театрына шақыртылып алынды. Онда 
Күләш Байсейітова, Қалыбек Қуанышбаев, Серке Қо-
жамқұлов, Иса Байзақов, Әміре Қашаубаев, Құрманбек 
Жандарбеков сияқты өңшең көркемөнер қайраткерлері-
мен қол ұстаса қызмет істеді. 
68 

Жүсіпбек келген бетте театрда берілетін концерттер-
ге қатысып жүрді де, аздан соң сол кезде қойылатын 
Мұхтар Әуезовтың «Еңлік — Кебек» пьесасындағы Жа-
палдың ролін, «Айман — Шолпан» пьесасындағы Әлібек-
тің ролін ойдағыдай жақсы орындап шығады. 
Театр сахнасында 4—5 жылдай қызмет істегеннен 
кейін Жүсіпбек 1935 жылы жаңадан ұйымдасқан Қазақ-
тың мемлекеттік филармониясына ауысты. 
Жүсіпбек Елебековтың өмірлік есінде сақталатын әрі 
қызықты әрі құрметті сапарының бірі — ол 1936 жылы, 
май айында Отанымыздың астанасы Москвада болған 
Қазақстанның әдебиеті мен көркемөнерінің онкүндігіне 
барып, Үлкен театр сахнасында берілген концертте аста-
на жұртшылығынан жақсы баға алуы болды. Бұл жағдай 
оның ертеден аңсаған арманына жетіп, әншілік өнердің 
ең төрінен орын алғандығының шын айғағы сықыл-
данды. 
Жүсіпбектің көркемөнер саласындағы еңбектерінің 
ішіндегі тағы бір әрі маңызды, әрі жауапты істерінің 
бірі — Ұлы Отан соғысы кезінде майдан шебіне барып, 
жауынгерлер арасында концерттер беруі. Ол бұл сапа-
рында да өз міндетін абыроймен орындап, ондағы отанын 
қорғаушы жауынгерлерден үлкен алғыс алады. 
Жүсіпбектің осы сапарындағы үлкен бір олжасы 
Қазақстаннан майданға барған жауынгерлердің бірі — 
жас композитор — Рамазан Елебаевтың Совет Одағы-
ның батыры — Төлеген Тоқтаровқа арнаған «Жас қазақ» 
дейтін әнін үйреніп қайтты. Бұл ән халқымыздың сүйсіне 
тыңдайтын ең таңдаулы шығармалары қатарында осы 
уақытқа дейін шырқалып келеді. Бұл әнді композиторлар 
Ахмет Жұбанов пен Латиф Хамиди өздерінің «Төлеген 
Тоқтаров» операсына да енгізді. 
Міне осы «Жас қазақ» әнінің қалай жарыққа шығуы 
жөнінде 1957 жылы «Қазақ әдебиеті» газетінде ақын 
Мұзафар Әлімбаевтың мынадай бір өлеңі басылды: 
69 

Күз аспаны бірде күңгірт, бірде ашық, 
Сағынышты қам көңілмен ұласып. 
Бір жас қазақ отыр окоп ішінде, 
Елден келген әнші ағамен сырласып. 
Сағынғаны Сарыарқаның өлкесі, 
Сағынғаны Алатаудың өркеші. 
Сағынғаны Ақжайықтың толқыны, 
Сағынғаны кербез сұлу еркесі. 
Кең көсілер менде қандай шама бар. 
Көңіл күйін халқым өзі бағалар. 
Домбыраның кеудесіне қоңдырып, 
Бір баланың сәлемі деп ала бар. 
Сөзі қандай, өзі қандай сүйкімді. 
Шертер еді-ау жүрек сырын мың түрлі. 
Шабуылға кете барды жас қазақ, 
Әнші ағаның көзіне жас іркілді. 
Неткен көркем, неткен аянышты сөз десеңізші. 
Отан қорғау жолында ерлікпен қаза тапқан Төлеген 
туралы шығарған осы әнін елден барған әнші ағасы 
Жүсіпбекке окоп ішінде үйретіп отырған кезінде кенет-
тен жауға қарсы шабуылға аттанған жалынды жас 
композитор — Рамазан Елебаев сағынған ел жұрты-
на сәлемдеме ретінде осы аманатын қалдырып кете 
береді. 
Міне, Мұзафардың «Бір жас қазақ» деген осы өлеңі-
не лайық композитор Сыдық Мұхамеджанов өткен жылы 
өте бір көркем ән шығарып, оны тағы да Жүсіпбектің 
орындауына ұсынған болатын. Бірақ сол ән әлі күнге 
дейін жарыққа шыға алмай келеді. Ал, оның себебін ав-
торлардан сұрағанымызда: 
— Өздеріңіз де білесіздер, Жүсекең әуелден-ақ бір 
жұмсақ мінезді, көңілшек жан ғой. Сол әнді өзі де сонша 
үнатқанмен де оны айтуға келгенде өте жүрексінетін кө-
рінеді. Өйткені окопта отырып, ең алғаш өзінің «Жас 
70 

қазақ» әнін үйреткен совет жауынгері Елебаев Рамазан-
ның тар жерде көрсеткен соншалық тамаша талантты-
лығы, ел қорғау үшін аттанған сол сапарында өзі де 
ерлікпен қаза тапкандығы есіне түскенде ол еріксіз көзі-
не жас алады екен. Сондықтан да бұл жағдай концерт 
кезінде де кездесіп қала ма деп қатты күдіктенетін 
сияқты деп баяндайды олар. 
Жүсіпбек Елебеков еліміздің еңбекшілері алдында 
үнемі концерттер беріп, өзінің әншілік өнерімен халық 
үшін қажымай қызмет атқаруда. 
Жүсіпбек барып концерт бермеген республикамыздың 
колхоздары мен совхоздары, өндіріс, кәсіпорындары сірә, 
кем де кем-ақ болар. 
Жүсіпбектің аты бір ғана Қазақстанда емес, баска 
туысқан республикамызда да зор құрметпен аталады. 
Өйткені ол Өзбекстан, Қырғызстан, Түркменстан респуб-
ликаларында болып, көптеген концерттер беріп жүрді. 
Өздерінің қалап шақыртуы бойынша 1958 жылдың жа-
зында Қарақалпаққа барып, екі ай бойы концерттер бе-
ріп қайтты. 1950—1955 жылдары екі рет Қытай Халық 
Республикасының Синьцзян аймағында болып бірсыпы-
ра концерттер берді. 
Халқымыздың сүйікті әншісі Жүсіпбек Елебеков қай-
да барса да сый-құрметке бөленіп үнемі алғыс алуда. 
Жүсіпбектің ән салу өнерінің басқа әншілерден өзге-
шелігі жөнінде сан рет газет-журнал беттерінде де және 
ел аузында да аңыз болып айтылып келеді. 
Бұл жөнде есте қалған мынадай бір әңгімені айта 
кеткім келеді. 
Ұмытпасам 1933 жылдың күзі. Москвада болатын бір 
концертке жіберілу үшін Алматыдағы ең таңдаулы ән-
шілер шақыртылып, сол кездегі музыкалық драма теа-
трында сынақ жұмыстары жүргізіліп жатты. Бірсыпыра 
әншілер айтып біткеннен кейін, кәнігі әнші Қашаубаев 
71 

Әміреге кезек келді, ол өзінің ертеден айтып келе жатқан 
ең сүйікті «Ағаш аяқ» дейтін әнін айтып болды да, көп-
шілікке қарап: 
— «Мен қартайдым ғой, ендігі жолды мына Жүсіп-
бекке бергеніміз жөн болар, өйткені тап осы шақта ха-
лық әндерін, оның ішінде Арқада әннің туын тіккен кеше-
гі Біржан сал; Ақан сері, Жаяу Мұса сияқты халық 
композиторларының әсем әндерін осыдан жақсы айтатын 
жанды мен әзір кездестіре алмай жүрмін» — деп қолын-
дағы домбырасын жанында отырған Жүсіпбекке ұсын-
ғанын өз көзіммен көріп едім, дейді жиында болғандар-
дың бірі. 
Дұрысында да сол ертедегі халық композиторлары-
ның бағалы музыкалық мұраларын кәзіргі біздің зама-
нымызға әкеліп жеткізіп отырған кімдер деген сұраққа, 
солардың ішіндегі ең тандаулы мұрагерлердің бірі — 
Жүсіпбек десек те, әрине, жаңылмаған болармыз. 
Міне осындай асқан әншілік өнерімен де, жібектей 
жұмсақ, ұнамды мінезімен де қайда барса да халықтын 
сый-құрметіне бөленген Жүсіпбек туралы айтарлықтай 
тағы бір қызықты уақиғаның куәсі болдық. 
Жаз айы. Айнадай ашық аспан. Тау алқабында қаз-
қатар тігілген алпыстан астам шағаладай ақбоз үйлердің 
сәнді көрінісі ерекше көз тартады. 
Күн найза бойы көтеріліп, сәске түске айналған кез. 
Жан-жақтан топ-топ болып ағылған жұрт әлгі үйлерге 
бөліне түсіп жатты. Аздан соң-ақ, ауыл айналасы үлкен 
думанға айналды. Әр жерде ән шырқалып, түрлі ойын-
сауықтар жасала бастады. 
Бұл өткен 1958 жылы бүкіл Семей облысы малшыла-
рының бас қосқан үлкен бір салтанатты тойы еді. 
Жиналған жұрт асын ішіп жайланған кезде ортада-
ғы ақ үйден асқақтата шырқалған бір әсем үн естілді. 
Құлақтан кіріп бойды алар, 
Сұлу ән мен тәтті күй. 
72 

Көңілге түрлі ой салар, 
Әнді сүйсең менше сүй — 
деп ақын Абай айтқандай бұл әсерлі ән әуені айналаны 
аса бір шаттық сезіміне бөлегендей, тойшыларды тама-
ша сүйсіндіре түсті. 
Таныс емес әншінің аты-жөнін білуге асыққан кейбі-
реулер білетіндерден сұрастырып, тез білуге асығып тұр. 
Осы кезде үйден бір жастау жігіт шығып, жиналған 
жұртқа әншіні былай деп таныстырды. 
— Бұл Қазақстанның Халық артисі—республикамыз-
дағы ең таңдаулы әншілеріміздің бірі — Жүсіпбек Еле-
беков жолдас. Біздің облыс басшыларының осы малшы-
лар тойына әдейілеп шақыртуымен келген құрметті қо-
нағымыз. 
— Е бәсе, Кәдімгі Жүсіпбек әнші осы еді деңіз. Алыс-
тан атын естігеніміз болмаса, өзін бұрын көрмеген соң 
біз қайдан білейік қарағым. Ендеше өзімен танысқымыз 
келеді, деді бір қарт шопан. 
— Мақұл ата, айтайын деп, әлгі жігіт үйге қайта кі-
ріп кетті. Соның артынша көп кешікпей-ақ, іле-шала 
Жүсіпбек те далаға шығып, бір топ қарт шопандарға қол 
қусырып сәлем берді. 
— «Жақсыда жаттық жоқ» деуші еді ғой, жатырқа-
массың жаным. Әлде қалай ортамызға келе қалған екен-
сің, қадамың қайырлы болсын. Біздің тойымызға ән 
салып, тамаша жасағаның үшін үлкен алғыс айтамыз. 
Тек жасай бер жаным десті, шопандар. 
Осы мезгілде қолындағы қызыл жалауын желбірете 
көтерген бір жас жігіттің «Ат шабар-ат шабар» деген 
асқақ үні олардың өзара әңгімелерін бөліп кетті де, қа-
лың жұрт қарақшы тігілген жерге қарай қозғала бет 
алды. 
Көптен күтіп баптаған жал-құйрығы сүзулі жетпіс 
шамалы өңшең сәйгүлік жүйріктер де екшеле жөнелді. 
78 

Отыз шақырымдық алысқа айдалған аттар қайтқан-
ша: күрес, қыз қуу, жерден теңге ілу, жаяу жарыс сияқ-
ты түрлі қазақ ойындары ойнала берді. 
Күн қайтып, түс ауа берген кезде ат кеткен жақтан 
будақ-будақ шаң да көрініп қалды. 
«Әркімнің өзі шыққан тауы биік болсын» деген емес 
пе. Қай ауданның, кандай аты алдынан келер екен деген 
толқынды оймен жиын топтың жүрегіне қобалжу кіре 
бастады. 
Мыңдаған қалың қол қадала қарап тұрған кезде шаң 
ішінен бір күлді бадан ойқастап шыға келді. Біреулер, 
уау мынау Барнауылдың Буырлы ғой, біреулер жоқ, ол 
емес, Шыңғыстаудың Шұбары екен десіп, әркім әр түрлі 
саққа жүгіртіп, өздерінше жорамалдап тұрған кезде, 
ақыры оның бірі де емес, Шұбартаудың Нарқызылы бо-
лып шықты. 
Ат келіп, той тарқар алдында аудан жұртшылығы жа-
ңағы жетпіс аттан озып, алдында жеке келген Нарқы-
зылды кілем бастатқан тоғызымен қоса Жүсіпбекке әке-
ліп сыйлыққа тартты. 
Міне, бұл көрініс, әрине, халықтың Жүсіпбекке деген 
сүйіспеншілігінің тамаша бір фактісі сияқты демекпіз. 
Жүсіпбектің асқан ән шеберлігі және көптеген та-
лантты жастарды әншілік өнерге тәрбиелеп, үйреткендігі 
жөнінде жазылған хаттарды Қазақ радиосының музыка 
редакциясынан көп көреміз. Ол өз білгенін өзгелерге үй-
ретуден ешуақыт та жалыққан емес. Бұл оның бойына 
біткен негізгі қасиеттердің бірі. 
Жүсіпбек музыка мектебінде оқып, арнаулы маман-
дық білім алмағанмен де жасынан жан азығындай бо-
лып, бойына біте қайнаған қабілетті дарынмен халықтың 
сүйікті әншілері қатарынан орын алды. 
Жүсіпбектің репертуарында кәзір жүзден астам ән 
бар. Ол бірыңғай халық әндері мен халық композиторла-
рының шығармаларының ғана орындаушысы емес, соған 
74 

қоса Қазақстан совет композиторларының да көптеген 
көркем әндерін өте шебер орындайды. Оның ішінде елі-
міздің сәнді өмір, салтанатты тұрмысын, ұшан-теңіз мол 
байлығын бейнелейтін композиторлар: Мұқан Төлебаев-
тың, Бақытжан Байқадамовтың, Қапан Мусиннің, Сыдық, 
Мұхамеджановтың, Аблақат Еспаевтың және Садық, 
Кәрімбаевтың талай тамаша әндері бар. 
Жүсіпбектің көп жылдар бойы көркемөнер саласын-
дағы сіңірген еңбектерін партия мен үкімет өте жоғары 
бағалап, 1936 жылы республиканың еңбек сіңірген арти-
сі, 1942 жылы Қазақстанның Халық артисі деген құрмет-
ті атақтар берді және бірнеше рет орден, медальдармен 
наградталды. Сол сияқты ол 1958 жылы қазақ әдебиеті 
мен көркемөнерінің Москвада болған онкүндігімен бай-
ланысты Ленин орденімен де наградталды. 
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет