Көркемөнер халықтікі. Еңбек шілердің қалың бұқарасы арасына



жүктеу 3.53 Kb.

бет3/8
Дата09.01.2017
өлшемі3.53 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8

ЕРМЕК СЕРКЕБАЕВ 
Алуан
 түрлі таланттардың алға қойған мақсатта-
рына жетуіне тамаша жағдай жасап отырған советтік 
дәуірімізде талай-талай жас өнерпаздар көркемөнер 
шыңына қарай қанат қағып, ел-жұртының игілігі үшін 
елеулі еңбек етіп келеді. Олар өздерінің өскелең өнері-
мен ерекше көзге түсіп, халықтың сый-құрметіне бө-
ленуде. 
Міне, осындай көркемөнер саласындағы көрнекті 
қайраткерлеріміздің бірі — Совет Одағының Халық ар-
тисі Ермек Серкебаев. 
Ермек 1926 жылы Солтүстік Қазақстан облысы, 
Петропавл қаласында туды. Оның әншілік қабілеті бар-
лығы жастайынан-ақ байқала бастайды. Өйткені ол 
орта мектепте оқып жүрген кезінің өзінде мектеп жанын-
дағы көркемөнершілердің үйірмесіне қатысып, концерт-
терге шыққанда өзінің кең диапозонды асқақ үнімен 
тыңдаушыларын еріксіз өзіне тартып отырды. Соның 
нәтижесінде ол көп кешікпей-ақ өзі тұратын қала халқы-
ның арасында әнші Ермек атанады. 
38 

Мектеп бітіріп, орта дәрежелі білім алғаннан кейін 
Ермек енді өзінің жасынан сүйетін көркемөнер саласын-
да қызмет істеуді аңсады. Ол үшін ең алдымен музыка-
лық білім алуды алдына зор мақсат етіп қойды. 
Жігерлі жас Ермектің бұл ізгі талабы, әрине, төкке 
кеткен жоқ, ол өзінің ойындағы аңсаған арманына жетті, 
Ал, енді осы Ермектің іздену жолы мен творчество-
лық өсу кезеңдерін шолып өтейік. 
Ермек Серкебаев 1945 жылы Алматы қаласына келіп, 
музыка училищесінің скрипка класына түседі. Осы учи-
лищеде оқи жүріп, ол қазақ радиосында дикторлық 
қызметін атқарады. Сонымен қатар микрофон алдында 
ән айтуға да әдеттенеді. 
Радио арқылы айтқан әндері тыңдаушыларға бірден-
ақ ұнай бастаған Ермек енді бұрынғы оқып жүрген 
скрипкалық кластан әншілік жағына қарай ауысуды 
ұйғарды. Сөйтіп, ол 1946 жылы Алматы мемлекеттік 
консерваториясының әншілер дайындайтын факультетіне 
түсті. Мұндағы оның қамқор ұстазы атақты қарт әнші, 
доцент Александр Матвеевич Курганов болды. 
Жас талант Ермек Серкебаевтың оқуға өте зейінді-
лігін танып, келешегінен үлкен үміт күшен Александр 
Матвеевич әншілік өнердің қиын да, қырлы да түрлі сыр-
ларымен таныстырып, оны толық меңгере білуіне шын 
ағалық көңілімен үнемі көмектесіп отырды. 
Ермек Серкебаев сол консерваторияда оқып жүрген-
нің өзінде-ақ жастардың өнер жарысында сан рет озып 
шығып жүрді. 
Сондай өнерпаз жастар жарысының бірі — 1949 жы-
лы Отанымыздың ұлы астанасы Москвада болған әнші 
студенттердің бүкілодақтық байқауы еді. Бұл Ермектің 
әншілік қабілетін анық айыра білетін жұртшылық сы-
нына тұңғыш рет түсуі еді. 
Москваның театр сахнасында ең алғаш ән салған бұл 
жас таланттың орындаушылық өнері астана тыңдаушы-
39 

ларына өте ұнады. Оның ішінде Нежданова, Козловский 
сияқты ең таңдаулы ән шеберлері Серкебаевтың орын-
даған әндеріне тым жоғары баға берді. 
Алматы мемлекеттік консерваториясының студенті 
Ермек Серкебаев бүкілодақтық жастар жарысында өзі-
нің шебер орындаушылық өнерін шын мәнісінде толық 
көрсете білді. Әсіреое, ол «Долданба тентек жел» дейтін 
орыстың халық әнін өте жақсы айтты деп жазды 
РСФСР-дің Халық артисі, профессор Свешников. 
1951 жылы консерваторияны өте жақсы бағамен бітір-
геннен кейін Ермек қазақтың Абай атындағы мемлекет-
тік академиялық опера және балет театрына солистік 
қызметіне алынды. 
Ермек Серкебаев астанамыздағы ойын-сауықтың үл-
кен ордасы — опера театрының табалдырығын аттасы-
мен түрлі рольдерде тың образдар жасау жағына талап-
танады. Соның нәтижесінде ол жасаған әрбір жаңа 
образдар бұрын байқалмаған соны ерекшелігімен көрі-
ніп, көрушілеріне тым тәуір әсер етіп отырды. 
Талантты жас актер Ермектің басқалардан бөлегірек 
өзінше жасаған осы тың образдары туралы, яғни компо-
зиторлар Ахмет Жұбанов пен Латиф Хамидидің «Абай» 
операсындағы Абайдың ролін болсын, Евгений Брусилов-
скийдің «Дударай» операсындағы Артемнің ролін болсын 
немесе Құддыс Қожамьяровтың «Назгум» операсындағы 
Гүльматтың ролін болсын Ермектің орындауындағы 
өзгешеліктерді ұзақ әңгіме етуге болар еді. 
Жоғары дәрежелі білім алып, музыкалық өнер тех-
никасымен жете қаруланған Ермек Серкебаев енді 
бірыңғай қазақ операларында ғана емес, орыс және Ба-
тыс Европа классиктері операларында да әр қырлы, әр 
сырлы жауапты рольдерді ойдағыдай жақсы орындап, 
аз жылдың ішінде-ақ айтарлықтай табыстарға ие болды. 
Ермек Серкебаев ілгеріде айтылғандардың ішінде 
композиторлар Чайковскийдің «Пиковая дама» опера-
40 

сындағы Елецкийдің, «Евгений Онегин» операсындағы 
Онегиннің, Вердидің «Травиата» операсындағы Жермон-
ның, Россинидің «Севильский Цирульник» операсындағы 
Фигароның және совет композиторы Мейтустің «Жас 
гвардия» операсындағы Олег Кошевойдың рольдерін, 
алуан-алуан қалыптағы бейнелерін бар колоритімен біз-
дің тыңдаушыларымызға жеткізе білді. 
Жас талант Ермек Серкебаевтың өзгеден ерекше ел 
мақтанышы боларлықтай тамаша табыстарының негізгі 
бір саласы — ол бүкіл одақ көлемінен тыс бірсыпыра 
шетелдерді аралап, өзінің асқан әншілік өнерін үнемі 
таныстыруда. Халқымыздың гүлдене өскен көркемөне-
рін баоқа елдерге де көрсету жөніндегі оның сіңірген 
еңбегі де өз алдына бір сала әқгіме. 
Міне, осы жәйді анықтарлық біраз фактілерге тоқ-
тала кетуге тура келеді. 
Ермек Серкебаев 1955 жылы жастар мен студенттер-
дің Бухаресте болған бүкіл дүниежүзілік IV фестиваліне 
қатысты. Онда жер шарының әр түкпірінен жиналған 
кілең өнерпаздар жарысына түсіп, конкурстің лауреаты 
атағын алды. Шетелге барған оның бұл тұңғыш сапары 
өте сәтті болып, тамаша сый-құрметке бөленді. Әр ха-
лықтың өнерлі жастарымен танысып, олармен достық пі-
кір алысты. 
Фестиваль біткеннен кейін румын үкіметі Совет 
елінің өнерпаздарын румын халқының бостандық күніне 
арналған мерекесіне шақырды. Ермек онда да асқақтата 
ән шырқап, көпшіліктің назарын аударды. 
Ермек Серкебаев осы барған жолында басқа да 
совет өнерпаздарымен бірге Румыния Халық Республи-
касының бірсыпыра ірі қалаларын аралап, көптеген кон-
церттерге қатысты. Соның бәрінде де ол өзінің орындау-
шылық өнерімен үнемі көзге түсіп, үлкен абыроймен 
қайтқан болатын. 
1956 жылы Ермек Серкебаев бір топ совет жастары 
41 

делегациясымен бірге Үндістан республикасы тәуелсізді-
гінің мереке күніне барды. Совет делегациясы Дели 
қаласында болған салтанатты парадқа қатысты. Соның 
кешінде президент сарайында үкімет мүшелерімен кез-
десті. Келесі күні премьер Нерудің қабылдауында болып, 
жылы шырай, достық ниетпен кеңес құрды. 
Совет делегациясы Үндістанда болған 50 күн ішінде 
көптеген қалаларды аралап, үнемі концерттер беріп жүр-
ді. Үнді жұртшылығы совет өнерпаздарының, оның ішін-
де Ермек Серкебаевтың әншілік өнеріне өте ризалық 
пікірлерін білдіріп, үлкен алғыс айтып отырды. Сөйтіп, 
үнді халқы совет елінен барған кұрметті қонақтарын 
асқан сый-құрметпен аттандырды. 
Ермек Серкебаев 1957 жылы совет делегациясы 
қатарында Пакистанға барды. Онда бір ай бойы берілген 
концерттердің бәрінде де ол өте жақсы баға алып отыр-
ды. Совет делегациясының құрамында бұл жүрген 
саяхатында француз тыңдаушылары да Ермектің орын-
даушылық өнеріне өте ризалықтарын білдіріп, жылы 
шыраймен қарсы алды. 
Бұл жүрген сапарларында Ермек орыс және Батыс 
Европа классиктерінің, совет композиторларының шы-
ғармаларын орындаумен қатар қазақтың халық әндерін 
басқа елдерге таныстыру жөнінде де күрделі еңбек 
сіңірді. 
— Шетелдерді аралаудағы маған аса ұнап, үлкен 
әсер еткен, ең қызықты сапардың бірі — туысқан Қытай 
Халық Республикасына баруымыз болды деп баяндай-
ды — Ермек өзінің әр елде болған саяхатында көрген 
уақиғаларын әңгіме еткенде. 
Совет делегациясы осы сапарында Қытай Халық Рес-
публикасының бірсыпыра ірі қалаларында болып, талай 
тамаша концерттер берді. Оларды тыңдаған қытай 
жұртшылығы тым жақсы ұнатып, үнемі алғыс айтып 
отырды. Осы жолындағы Ермектің бір олжасы ол қы-
42 

тайдың «Арлан-Шень» тауы дейтін әнін үйреніп қайтты. 
Ермек Серкебаев Қытай елінен қайтқаннан кейін 
жастар мен студенттердің Москвада болған бүкіл дүние-
жүзілік VI фестиваліне қатысты. Онда әр елден келген 
өңшең өнерлі жастар жарысында оның дауыс байлығын 
және орындаушылық шеберлігін жоғары білімді музыка 
сыншылары өте жақсы бағалады. Олардың ішінде жюри-
дің председателі — Италияның атақты әншісі Тито жас 
таланттың өскелең өнеріне үлкен ризалық білдіріп, оған 
келешекте творчестволық сәт сапарын тіледі. Сол сапа-
рында Ермек тағы да алдыңғы қатардан орын алып, 
фестивальдің лауреаты атағына иеленді. 
Ермек Серкебаев өткен 1958 жылы Брюссельдегі 
бүкіл дүниежүзілік көрмеде өткізілген СССР-дің ұлттық 
күндерінде Совет Одағының әр республикасынан барған 
450-ге жуық таңдаулы артистерімен бірге көрменің үлкен 
залында болған бірнеше концерттерғе қатынасты. Сон-
дай-ақ, ол Азия мен Африка елдері жазушыларының 
Ташкент конференциясында берілген концерттерге қаты-
насып, үлкен абыройға жетті. 
Қорыта айтқанда Ермек қай елге, қай жерге барса да 
өте жақсы бағамен тыңдаушылардан үнемі алғыс алып 
отырды. Ол биыл 33 жаста ғана. Міне, осы жасында 
Совет Одағының көптеген ірі қалаларында және бірсы-
пыра шетелдерде болып, өзінің асқан әншілік өнерімен 
осыншалық тамаша табыстарға жетуі және бүкіл дүние-
жүзілік өңшең өнерпаз жастар жарысында сан рет озып 
шығып, үнемі жүлде алуы қандай қуаныш, қандай сүй-
сінерлік іс десеңізші. 
Талантты жас Ермек Серкебаевтың аз жыл ішіндегі 
көркемөнер саласында сіңірген сапалы еңбектерін пар-
тия мен үкімет өте жоғары бағалап, оған 1954 жылы рес-
публиканың еңбек сіңірген артисі, 1958 жылы Қазақ-
станның Халық артисі деген құрметті атақ берген 
болатын. 
43 

Ел мақтаны Ермектің осындай бақытты өміріне ла-
йық құрметті тағы бір ат қойылды. Ол қазақ әдебиеті 
мен көркемөнерінің Москвада болған онкүндігіне байла-
нысты СССР Жоғарғы Советінің Указы бойынша Совет 
Одағының Халық артисі деген ұлы атаққа ие болды. 
Біздің елімізде адал еңбек әрқашан ерекше бағалана-
ды, абырой, атақ әперіп, сый-құрметке бөлендіреді 
дейтініміз міне осы. 
Ендігі тілек — Ермек Серкебаев бұдан былай да 
еліміздің игілігі үшін жемісті жұмыстар істеп, табыстан-
табысқа жеге берсін дейміз. 

ҚАЛИ БАЙЖАНОВ 
Қазақтың әндік мұраларын халыққа тарату жөнінде 
күрделі еңбек сіңірген талай тамаша талант иелері 
туды. Солардың бірі халыққа әйгілі әнші — Қали Бай-
жанов. 
Қали Байжанов 1877 жылы, кәзіргі Павлодар облысы, 
Баянауыл ауданы, «Қайың көл» деген жерде, кедей 
шаруаның семьясында туған. 
Қалидың туған жері Баянауыл болғанымен өскен 
жері қазіргі Қарағанды облысы, Қу ауданындағы Балық-
бай ауылы болады. 
Ата-ананың балаға деген қамқорлығына мейірімсіз 
ажал ара түскендей болып, Қали жастайынан жетім 
қалады. 
Бойы өсіп, бұғанасы қата қоймаған кезіндегі жетім-
дік пен жоқшылықтың қабаттай тиген соққысы, Қалиды 
бірсыпыра қиыншылыққа ұшыратып, кисе киімге, ішсе 
тамаққа жарымастай халге түсіреді. 
Өйтсе де жасынан әншілік өнерге бейім талантты Қа-
45 

ли жоқшылық ауырмалдығына жасымай, қолына домбы-
ра алып, ән айтуға әдеттенеді. 
Ел ішіндегі таңдаулы әншілердің айтқан әндерін 
құмарта тыңдап, оны үйреніп алуға талаптанады. Бір 
кезде мендағы осылардай ел сүйсінерлік жақсы әнші 
болар ма екенмін деп, өз ойында үлкен арман етеді. 
«Ексең орарсың, іздесең табарсың» дегендей Қалидың 
творчестволық іздену жолындағы бұл талабы текке кет-
кен жоқ, аз жылдар ішінде-ақ ол жасынан аңсаған ар-
манына жетеді. 
Қалидың құлаққа жағымды, көңілге қонымды қоңыр 
дауысымен ауыл арасында айтқан әндері тыңдаушылар-
ға жақсы ұнағандықтан да, келешекте Байжанның осы 
жетімі де үлкен әнші болар-ау сірә, дескен сөздер ел 
аузына іліне бастайды. 
Бұрын от басында, ошақ қасында қолындағы көсеуін 
домбыраша қағып, оған қосыла ән айтатын Қали енді 
ел ішіндегі той-думан, ойын-сауықтарға арнап шақыры-
латын әншілер қатарынан орын алады. 
— Маған ең алғашқы ән үйретіп, ұстаз болған Арқа-
дағы атақты әншілердің бірі — Жарлығапберлі еді. Мен 
18 жасымнан бастап Жарлығапберліден ән үйреніп, 
оның орындаушылық өнерінен үлгі-өнеге алдым. Осы 
кездегі ел аузында айтылып жүрген «Ардақ», «Алтыба-
сар», «Алғарайкөк», «Аққұм», «Топайкөк», «Шама», 
«Үш дос», «Қарға», «Қанафия», «Жалғыз арша» сықыл-
ды көптелен халық әндерін мен сол ұстазым Жарлығап-
берліден үйренген болатынмын,— дейді Қали өзінің жа-
сындағы ән үйрену жолын әңгіме еткенде. 
Сөйтіп, ол ел ішіндегі бірсыпыра таңдаулы әншілер-
ді тыңдап, ән айту әдісіне жыл сайын жаттыға түседі. 
Арқада әннің туын тіккен атақты ән шеберлері Біржан 
мен Жаяу Мұсаға да кездесіп, олардың асқақтата сал-
ған әсем әндерін өз құлағымен естігенде ерекше әсер 
алатындығын Қали өз алдына бір суре етіп баяндайды. 
46 

Жаз айы. Жас кезім. Бір күні басқа жақтан келе 
жатқан бір топ кірешілерге ілесіп Қоянды жарменкесі-
не келдім. Бірінші көрген бұл жарменке маған соншалық 
қызықты әсер етті. Әр жердегі жиын топтарға қыдырта 
көз тастап, төңірекке құлақ түре, таңырқана қарап келе 
жатқанымда таяу жердегі бір қымызшының үйінен ас-
қақтата ән шырқап отырған бір әншінің әсем үні құла-
ғыма келіп, саңқ ете қалды. 
Ән тыңдауды ең таңдаулы табысым деп санайтын 
әуесқой басым тұра жүгіріп, жаңағы ән айтылып жатқан 
жерге ілезде-ақ келіп қаппын. 
Алты қанат ақ үйдің ішінде ине шаншардай бос орын 
жоқ, лық толы адам. Үйге симағандар сыртта тұрып, 
жабықтан, босағадан қарауға иін тіресе таласуда. 
Барған бетте ішке қарай кіре кету маған тым оңай 
да бола қойған жоқ, дегенмен сол жиын топтың ара-ара-
сымен ұмтыла жылжи отырып, әрең дегенде кіреберіс 
есік алдына таман келіп жеттім. Ондағы мақсатым үй 
ішіндегі әншінің түсін көріп, жөнін білу еді. 
Бір кезде аспанға өрлеген асқақ үнді әншіге көзім 
түсе кетті. Басында күләпәрәсі бар салдарша сәнді 
киінген, сымбатты қара сұрлау кісі екен. Сұрастыра кел-
генімде, бұл аспандағы аққуға шарықтата үнін қосқан, 
Арқадағы әйгілі ән шебері — кәдімгі Біржансал ғой десті 
жанымда жақын тұрған жігіттер. 
Бұрын сырттан атын естіп, өзін көре алмай жүрген 
Біржанға ойда жоқта кездесіп қалуым маған үлкен 
бір бақыт сықылданды. 
Біржанның сондағы айтқан сан алуан әндері осы 
күнге дейін менің есімде берік сақталуда. Бірақ та, амал 
не? Шіркін кедейліктің салдарынан бірыңғай әншілік 
жолында жүре алмай, сол бір көргеннен кейін Біржан-
мен қайта кездесе алмауымды өз ойымда үлкен арман 
етемін. 
Ал, Жаяу Мұсаны Біржаннан гөрі мен жақсы біле 
47 

мін, өйткені, онымен біз бір жерде тудық, төскейде мал, 
төсекте бас қосылғандай ауыл арасы тым жақын бола-
тын. Өзінен ән үйреніп, оның алдында өзімде талай рет 
ән айтқанмын дейді Қалекең. 
Жасынан жарлы болып өскен Қали машықтанып ке-
ле жатқан әнін айта жүріп, адал еңбекпен кәсіп іздеу 
жолына түседі. 
Сөйтіп, ол 1895 жылы он бес жасында «Екібастұз» 
заводына барып, шахтер болып істейді. Онда екі жылдай 
істегеннен кейін «Желтау», «Казмедстрой» құрылыста-
рында тас қалаушы болып қызмет істейді. 
Міне, осындай еңбектегі адал табысымен тұрмыс жағ-
дайы біраз түзелгеннен кейінгі жерде Қали енді бірың-
ғай әншілік өнері жолына түседі. 
Қалидың сол кездегі көбірек тұрағы кәзіргі Қараған-
ды облысы, Қу ауданындағы Күдері ауылы еді. Өйткені, 
ол ауылдың адамдары малға бай болмағанмен де 
сері мінезді, ойынсауықшыл болатын. 
Бір жылы Қали сол Күдерінің Нұрлан дейтін бала-
сының қасына еріп, Абай аулына да барады. Әсем әнді 
соншалық қадірлейтін сыншыл Абай Қалидың әншілік 
өнеріне өте сүйсініп, жақсы баға береді. Бұл жағдай 
оның әншілік өнерін өрістете беруіне үлкен әсер етеді. 
Бұрын ауыл арасындағы жеңіл-желпі той-думандар-
да ғана айтып, алысқа ұзай алмай жүрген Қали енді 
әйгілі әншілер қатарына қосылады. Оның осындай үлкен 
өнерпаздық даңқы қанаттас отырған Қарағанды, Ақмо-
ла, Павлодар, Семей облыстарына түгел жайылады. 
«Ел құлағы елу» дегендей, бірден бірге тарап, Қали-
дың аты астана жұртшылығына да мәлім болады. 
Міне, осындай лақаппен Қали 1926 жылы республи-
калық театрға шақыртылып алынады. Мұнда келісімен-
ақ Әміре Қашаубаев, Иса Байзақов, Қалыбек Қуаныш-
баев сықылды достарымен кездесіп, басқа да көрнекті 
48 

көркемөнер шеберлерімен қол ұстаса қызмет істей 
бастайды. 
Жасынан аңсаған көркемөнер ордасының табалдыры 
ғын енді ғана аттағандай болған Қалидың театр сахна-
сында айтқан әндерін тұңғыш рет тыңдаған халық өте 
риза болады. 
Бұрын өзі туып-өскен орталарында, немесе кейбір 
жеке қалаларда ғана айтып әдеттенген Қали енді Қазақ-
станның астаналық театры сахнасында да көпшілік 
алдында асқақтата ән шырқау шеберлігіне күннен күнге 
төселе түседі. Сонымен қатар ол театр артистерімен бір-
ге ел аралап, өзінің асқан әншілік өнерін көрсете біледі. 
Орындаушылық қабілеті артып, халықтың қалаулы 
әншілері қатарына қосылған Қалидың көркемөнер сала-
сында көбірек қызмет істеген орны Қарағандының об-
лыстық радиосы болды. 
Бұрын сахналарда болатын ашық концерттерде ай-
туға жаттықан Қалидың асқақ үні, енді радио арқылы 
берілетін концерттерде де ауа толқынымен араласып, 
облыс көлемін аралай бастайды. 
Қалидың Қарағанды радиосында қызмет істеп жүр-
ген кезінде есте қаларлықтай бір уақиғасын Қазақстан-
ның Халық артисі Борис Александрович Орлов былай 
деп баяндайды: 
— 1936 жылы Қарағанды облыстық радиосының хо-
ры мен солистері Москваға барып, театрдың үлкен сах-
насында концерт беріп жатты. 
Бір кезде қоңыр домбырасын қолтығына қысып, 
сахнаға Қали да шықты. Ортаға қойылған орындыққа 
жамбастай отыра қалып «Жалғызарша», «Алтыбасар» 
әндерін айтқанда, отырған жұрт ду қол шапалақтап, 
Қалиды көпке дейін сахнадан жібермей қойды. 
Ақырында Қали көпшіліктің қалауы бойынша өзінің 
ертеден сүйіп айтатын төл әндерінің бірі «Шаманы» 
4—1393
 49 

шырқап, өзінің орындаушылық шеберлігін шын мәнісінде 
көрсете білді. 
Бір кезде атақты сыншы және композитор Александр 
Затаевич сахна сыртында Қалидың қолын алып, құттық-
тады да, бізге қарап былай деді: 
Әншілер арасында мұндай диапазоны кең даусты мен 
сирек кездестіретін едім. Байжанов жолдастың бүгінгі 
шыққан үні, шырқаған әні маған өте ұнады. Еліміздің 
басқа да өнерпаздары қатарында қазақтың да осындай 
өнерлі ұл, қыздарының өркендеп, өсе беруіне тілектесті-
гімді білдіремін. 
Музыка мәдениетінің белгілі маманы Александр 
Затаевичтің Қалиға бұлайша баға беруі біз үшін үлкен 
мақтаныш, зор қуаныш болды. 
Александр Затаевич Қалименен мұнан кейін де бір-
неше рет кездесіп, сол барған сапарында: «Бүркітбай», 
«Екі жирен», «Көкпай», «Қызыл бидай», «Тоқсанбай» 
сықылды бірнеше таңдаулы әндерін нотаға түсірді. 
Қали Байжанов көп жылдар бойы Қарағандының 
облыстық радиосында өзі айтумен бірге Ибраев, Қарта-
баева, Жұбанова сықылды көптеген талапты жастарды 
да тәрбиелеп өсірді. Сондай-ақ Қали өзімен қатар өскен 
талантты әншілердің талайына үлгі болды. Бір кезде ән-
ді Қалиша айтамыз деп еліктеу ел ішіндегі әншілер ара-
сында да үлкен әдетке айналды. 
Қали жасы ұлғайып, даусы кеми бастаған кезде, Қа-
зақ ССР Ғылым академиясы көркемөнер секторының 
шақыртуы бойынша Алматыға келіп, елу шамалы халық 
әндерін жаздырып қайтқан болатын. Оның бұл еңбегі 
қазақ көркемөнерінің бағалы қазынасы есебінде сақта-
луға тиісті. 
Қалекең биыл 82 жаста. Ол өмірінің көпшілігін ән-
шілік жолында жүрумен өткізді. Сондықтан да қазақтың 
әндік мұраларын халыққа тарату жөніндегі оның алатын 
орнын ең алдыңғы қатарда деп толық айта аламыз. 
50 

Ұзақ жылдар бойы көркемөнер саласында талмай 
қызмет істеп келген Қалидың осындай күрделі еңбекте-
рін партия мен үкімет өте жоғары бағалап, оған 1938 
жылы республиканың еңбек сіңірген артисі, 1945 жылы 
Қазақстанның Халық артисі деген құрметті атақтар 
берді. 
Халықтың қалаулы әншісі Қалидың мектебінен тара-
ған талай талапты әншілеріміз ұстазының үлгісімен ән 
шырқап, оның тамаша орындаушылық өнерін ұрпақтан-
ұрпаққа тарата бермек. 

КЕНЕН ӘЗІРБАЕВ 
ұ 
лы Октябрь революциясының арқасында бүкіл еңбек-
ші адам баласы бақыт нұрына бөленіп, өздерінің 
творчестволық еңбектерімен елеулі үлестерін қосқан та-
лай тамаша талант иелері жарыққа шықты. 
Міне, осындай халық таланттары қырықтан астам 
жылдар ішінде талай қырдан асып, жұртшылықтың өске-
лең талаптарына сай сан алуан құнды шығармалар бер-
ді. Солардың бірі әрі ақын, әрі композитор, әрі әнші аза-
мат Кенен Әзірбаев. 
Кенен 1884 жылы кәзіргі Жамбыл облысы, Қордай 
ауданында туды. Әкесі Әзірбай жасы алпыстан асқанша 
бала көрмей, бас пен малға бірдей жарлы болды. Бірақ 
та, еті тірі, ер көңіл қарт жоқшылыққа қажымай, әйелі 
Ұлдар бәйбішесімен екеуі аздаған ешкі-ылақтарынын 
ағымен жан сақтап отыра берді. 
Осыдан біраз уақыт өткеннен кейін қарт ата-ананың 
тұңғыш перзенті Кенен туды. 
52 

Жастары ұлғайған кезде көрген бұл қызық жағдай-
мен олар қарттықты мүлдем ұмытып, қайта жасарғандай 
болады. Ауыл шетіндегі қоңыр күркеде отырып, бұлар 
ертелі-кеш Кененді ермек етуші еді. Бірақ, Кенен жеті 
жасқа келгенде анасы Ұлдар бәйбіше қайтыс болып, 
ол жетім қалды. 
Жасы жетпіске жетіп, қайраты қайтқан әкесі Әзір-
бай өзім қарт, балам жас, жан сақтау жағы сірә қиынға 
соқты-ау дегендей ойын сыртқа шығармағанмен де іші-
нен қынжылып та қояды. 
Міне, осындай тұрмыс ауырлығы Кененді он екі — он 
үш жасынан бастап-ақ тамақ үшін көршілес байдың қо-
зысын бағуға мәжбүр етті. Сөйтіп, ол он бес — он алты 
жасқа келген кезінде бұрынғыдай қозы бағуды қойып, 
енді жылына қой-серкеш ақы алатын қойшылық жағына 
ауысады. 
Бұл жағдай олардың тұрмысына аздап та болса же-
ңілдік жасағандай болады. 
Жасынан әнге әуес Кенен жоқшылықтың желке бас-
тылығына жасымай, ел ішіндегі белгілі әншілерді ынта-
лана тыңдап, солардан ән үйренуге талаптамады. 
Қой шетінде, жел өтінде жүргенде де қолындағы 
қайың таяғын домбыраша қағып, шырқата ән салады. 
Сол қойшылық кезінде кездескен бір қызықты уақи-
ғасын Кенен өзі былай деп баяндайды: 
— Жаз уақыты. Жасым жаңа ғана он жетіге жеткен 
кез. Бір күні жайлауда қой жайып жүргенімде жақын 
жердегі иек артпа белестен бір топ қыз-келіншек, жас 
жігіттер шыға келді. Олардың ортасында мінгені жорға, 
кигені торқа, бір жерде қоныстас отыратын Сыйқымбай 
дейтін байдың ақын қызы Шарафия шаттана ән салып 
келеді екен. 
Жасымнан әнге құмар, әуесқой басым үстімдегі қо-
ңыр шекпеннің қырық жамау шоқпытына қарамастан, 
бағып жүрген қойымды қасымдағы Аямбай дейтін қой-
53 

шының қойына қоса салдым да астымдағы шабандау көк 
шолақ атты тебіне түсіп келе жатқан жастар тобының 
алдынан шықтым. 
Менің алдарынан келе жатқанымды көрісімен-ақ та-
қаббар бай қызы Шарафия тоқтай қалып, менің мінген 
ат, киген тонымды келемеждеп өлең айта бастады. 
Мінгенің қырсау шабан көк шолақ ат, 
Кигенің қырық жамау, қабат-қабат. 
Жоламай жанымызға жаман қойшы, 
Жүре бер өз жолыңмен, жөніңе тарт 
— деп, тым тиісе сөйлеген соң мендағы шыдай алмай, 
шырқай қоя бердім. 
Рас, менің мінгенім көк шолақ ат, 
Кигенім қырық жамау, қабат-қабат. 
Қойшыдан сен де талай дәм татқансың 
Құрбекер кесірленбей тіліңді тарт. 
Уа, аспанда бұлт басқан ай бола ма, 
Ат-тоны қойшылардың сай бола ма. 
Келгенше жиырма беске күйеуің жоқ, 
Сұлу ат, сәнді киім бай бола ма? 
— деппін. 
Бұрын мұндай кекесін сөз естіп көрмеген шалдуар 
бай қызы қатты шамданып кетті де: 
Қорадағы ешкінің бәрі тоқал, 
Әріптесім сен болсаң адыра қал. 
Аспандағы жұлдызға қол созбай-ақ, 
Жел жағымнан сасытпай әрі жоғал 
— дегенде, соған орай мендағы былайша жауап бердім: 
Сиқымбайдың қызы едің өтпей жүрген, 
Қырсық шалып басыңнан кетпей жүрген. 
Несіне мақтанасың сорлы жазған, 
Қол созып, қоншыға да жетией жүрген 
- деп, мен де онан тілімді тарта койғаным жоқ. 
54 

Айтуға сөз таппай әбден амалы құрыған Шарафия 
қайыра сөз айта алмай, жақын жердегі той болып жат-
қан ауылға қарай жөнеле берді. 
Жеңдім-ау сірә дегендей, жаңағыдан гөрі шоқтығым 
көтерілгендей болып, мендағы жанамалап, жандарынан 
қалмай, еріп келемін. 
Жол-жөнекей тағы да айтыса отырып, ауылға таян-
ған кезде, менен кұтыла алмасын білген жақсы атты-
лар, маған жеткізбей жарыса жөнелді. 
Жазы-қысы үстінен ертоқым түспей, қырсау тартқан 
көк шолағым ілесе алмай калғанына қатты қынжылдым 
да, сол жерде қолма-қол ән шығардым. Кәзіргі халық 
аузында айтылып жүрген менің «Көк шолақ» дейтін әнім-
нің жарыққа шығу себебі де міне, тап осы уақиғаға бай-
ланысты еді — дейді Кенен. 
Көк шолақтың шабандығы салдарынан жете алмай, 
артта қалуыма үлкен өкінсемдағы, өшіккен қыздан кек 
алу мақсатымен әлден уақытта той болып жатқан ауыл-
ға мен де жеттім. 
Қалың топты қақ жара іздеп жүріп, бір үйде ән са-
лып, ойын-сауық құрып отырған бағанағы жастар тобы-
на тағы кездестім. 
Бұрынғы шалдуар мінезді Шарафия мені көргеннен-
ақ күлімсірей сөйлеп, құрмет көрсете бастады. — Ал, жо-
рары кел Кенен аға! Қойшы деп қомсынуды біз қоялық, 
өткен-кеткенге кектеніп, өкпе етуді сіз де қойыңыз, сөй-
тіп, көп алдында сайыспай-ақ, оңашада сырласармыз,— 
деп өз қасынан орын берді. 
Әуелде кекірттене сөйлеп, келемеж еткен такаббар 
қыз біраз тіл қатқаннан кейін-ақ беті қайтып, қыры сын-
ғандығын білдірген соң мендағы ескі жараның аузын 
қайта тырнауды қойып, оған сыпайылық жасадым да, 
жай ғана ән салып отыра бердім. 
Осы тойға жиналған жұрт Кененнің сыңғырлаған сұ-
55 

лу үнімен шырқата салған әсем әнін тыңдап, тамаша 
сүйсінеді. 
Бұрын ел көзіне түспей жүрген жас әншінің бұл өне-
рін халық өте жоғары бағалап, сонан былай оған әнші 
Кенен деген ат қояды. 
«Ел құлағы елу» дегендей Кененнің әншілік өнері енді 
көпке тарап, ауыл ішіндегі тойдумандарда әнші Кенен 
деген атпен төрден орын алады. 
Бір жылы ел ішіндегі мырзасымақтар он тоғыз жас-
тағы Кененді Қырғыз Шабден батырдың асына апарып, 
ән айттырады. Кенен бұл сапарында да сан жүйріктер-
мен сайысқа түсіп, жүлде алады. 
Ең алғашқы қадамын ақындық пен әншілік өнерден 
бастаған Кенен өзінің қойшылық өміріне сай біраз ән де 
шығарады. Оның ішінде ілгеріде айтылған «Көк шолақ» 
сияқты, «Боз торғай» «Ірит қойым ірит» дейтін әндері 
бар. 
Кенен жасы жиырмаға толып, жігіт болған кезінде 
бірыңғай творчестволық іздену жолына түседі. Ел ара-
лап, өлең айтып, ойын-сауықтың туын тіккендей болады. 
Жүрген жері той-думанға ұласып, Кенен сері атанады. 
Ауыл ішіндегі ақындар айтыстарында да үнемі алдыңғы 
қатардан орын алып отырады. 
— Менің творчестволық өсу жолыма жөн сілтеп, үл-
кен көмек көрсеткен кәдімгі елге әйгілі Балуан Шолақ 
еді, — дейді Кенен өзінің бір әңгімесінде. 
Шынында да Арқадан Жетісуға келіп қайтқан сапа-
рында Балуан Шолақ Кененді шақыртып алып, ән айт-
тырады, оның әншілік өнері өзіне өте ұнағандықтан жа-
нына ертіп жүріп ән салдырады. Сонымен қатар ол өзі-
нің де әндерін үйретіп, оның келешегінен үлкен үміт 
күткендей болады. 
Балуан Шолақтың «Құлан кісінес», «Діңкілдек», 
«Ыңғай төк», «Желдірме», «Жай қоңыр», «Кенже қоңыр», 
«Көкшетау», «Қос перне», «Қос қалқа», «Қос барабан» 
56 

сықылды көптеген әндерін үйреніп алып, Кенен оны ел 
арасына тарата бастайды. 
Міне, осындай әншілік және ақындық өнерімен жұрт-
қа ұнаған Кенен, жасы ұлғайып қалған кезінде Базар, 
Назар дейтін екі баласы бірдей шешек ауыруынан өліп, 
үлкен аянышты халге ұшырайды. 
Қатар өсіп келе жатқан қос қалкасының күйігі Ке-
неннің жанына қатты батады. Бұрынғыдай ойын-сауық-
тың бәрін де қойып, күндіз-түні уайым, қайғыда болады. 
Көктем. Мал төлдеп жатқан кез. Күн еңкейіп ұясына 
кіруге таянған мезгілде, іштегі көңіл шерін тарату үшін 
ауылға таяу жердегі кішірек төбешікке шығып, табиғат-
тың тамаша көріністеріне үнсіз сырласқандай, жан жа-
ғына сүйсіне көз тастап, қам көңілді Кенен отыр. 
Осы кезде оның да егіз туған екі лағы қабат өліп, 
соларды жоқтағандай, өзге малдан оқшауырақ ауылға 
қарай бет алған бір ақ ешкінің маңыраған мұңды зары-
на ет жүрегі елжіреп кеткен Кенен қос қалқасынан ай-
рылған, қанатынан қайрылған сен де мендей бір сорлы-
сың ау дегендей: 
Сорлы ақ ешкі жылайсың лағыңа, 
Емшегіңді емізген шырағыңа. 
Кел екеуміз қосылып, зарланайық, 
Жетермекен халықтын, құлағына 
— деп, сол жерде Ақ ешкі дейтін мұңды ән шығарады. 
Міне, осындай ауыр қайғыдан соң айлар өтті. Ауыл 
ішіндегі жаны ашыр ағайындардың айтуларымен де жә-
не өз ойынша да өткенге өкінуден өнер іс болмайтынына 
көзі жеткен Кенен белін бекіте байлап, бұрынғы қалпы-
на түседі, ел аралап ән шырқап, халықтың сый-құрметіне 
бөленеді. 
Жасынан әділдік аңсап, үстемдікке жиіркене қарай-
тын Кенен 1916 жылы қазақ жастарын қара жұмысқа 
алу туралы патша жарлығына қарсы шыққан халық кө-
57 

терілісі кезінде Әли батырдың жанында бірге болады. 
Еліміздің есінде мәңгі сақталатын Әлидің сол көтеріліс-
тегі ерекше ерлік істерін суреттей жазған Кененнің тоғыз 
жүз жолдай поэмасы 1949 жылы басылып шыққан. 
Кенен өзінің «Аттан қос егіз» дейтін әнін де 1916 жыл-
ғы халық көтерілісіне арнап шығарған көрінеді. 
— Ұлы Октябрь революциясының жеңіс туы желбі-
реп, еңбекші адам баласының бақыт таңы жарқ етіп 
атқаннан кейін-ақ менің жігерім тасып, творчестволық 
өрісім ұзара түсті. Өйткені Коммунист партиясының ата-
лық қамқорлығы бойыма қуат, ойыма саналы сезім қос-
қандай болды. Сондықтан да мен өзімнің соңғы қырық 
жыл ішіндегі ең таңдаулы ақындық және композиторлық 
шығармаларымды сәнді өмір, салтанатты тұрмысымызға 
және оны бізге орнатып берген кемеңгер көсеміміз Ле-
нинге арнадым, — дейді Кенен өзінің бір әңгімесінде. 
Дұрысында да оның көркем шығармаларының көпші-
лігінде көңілді өмір, көрікті тұрмысымыздың сан алуан 
сәнді бейнелері суреттелетіндігін көреміз. 
Кененнің Ұлы Отан соғысы күндерінде шығарған 
«Аттан жауға», «Біздің отан жеңеді», «Батыр Москва» 
сықылды көптеген әндері еліміздің ерлік тұлғасын көз 
алдымызға әкеліп елестеткендей болады. Сондай-ақ Ұлы 
Отан соғысы жеңіспен аяқталғаннан кейін шығарған 
«Жеңіс жыры», «Балқұйылды», «Еңбек ерлері», «Нұрлы 
жаз» дейтін көптеген әндері бар. 
Кененнің көркемөнер саласында осындай сапалы ең-
бектерін партия мен үкімет жоғары бағалап, 1956 жылы 
оған Көркемөнердің еңбек сіңірген қайраткері деген 
құрметті атақ берді. 
Кенен кәзір жетпіс бес жаста, оның жетпіс бес жыл-
дығын республика жұртшылығы зор кұрметпен атап 
өткізді. 
68 


1   2   3   4   5   6   7   8


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал