Көркемөнер халықтікі. Еңбек шілердің қалың бұқарасы арасына



жүктеу 3.53 Kb.

бет2/8
Дата09.01.2017
өлшемі3.53 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8

КҮЛӘШ БАЙСЕЙІТОВА 
Баласы бақытты елдің ұл 
мен қызы 
Жібектей ширатылған 
жайнап жүзі. 
Есейді өнер-білім 
құшағында, 
Секілді жаңа туған таң 
жұлдызы 
деп, жыр атасы Жамбыл ақын айтқандай Совет өкіметі 
тұсында талай тамаша дарынды талант иелері туды. 
Солардың бірі Күләш Байсейітова еді. 
Ұлы Октябрь революциясының алтын арай бақыт 
таңы жарқырап атқан кезде Күләш бес жасар бала бо-
латын. Сондықтан да ол «Біз бақыт бесігіне бөлене ту-
дық, есіміз кіріп, етек-жеңімізді жинасымен-ақ өрге жү-
зіп, өнер-білім шыңына ұмтылдық, өйткені партия мен 
үкіметтің аталық қамқорлығы бізді тап осыған үйретті» 
дейтін еді. 
Шынында да, туысымен үкімет тәрбиесін көрген Кү-
ләш өнер-білім үйрену ісіне жасынан-ақ талаптана бас-
тады, оның су толқынындай тасыған талантты жігерін, 
өнер сүйгіш жалынды жүрек сезімін жақсы түсіне білген 
өзінің ата-анасы да әлпештеген Күләшінің көркемөнер 
істеріне бейімделе өсіп, өркендей беруіне үлкен жәрдем-
ші болады. 
Бала күнінде басқалардан үйренген әсем әндерін үй-
де отырып шырқағанда «Шырағым Күләш жан! Мүмкін, 
22 

келешекте көркемөнердің көрнекті бір шебері де болар-
сың, осыдан бастап шырқата бер әніңді» — деп, әкесі де 
оның көңілін көтермелеп қоятын. 
Алғыр ойлы, аса зерек Күләш оқып жүрген кезінде-
ақ көркемөнерпаздар үйірмесіне қатысып, көп алдында 
тартынбай ән айтуға төселе берді. Оның бұлбұлдай сай-
раған толқынды үнін тыңдағандар бүгінгі бақыт таңы-
ның таңдаулы жыршысы, талантты өнер иесі болып өсе-
тіндігіне күмәнсіз сенетін-ді. 
1930 жылы мемлекеттік драма театрына артистка 
болып кірген Күләш театрдың ірге тасын қоса қаласып, 
бірге жасасып, келе жатқан сахна шеберлері Қалыбек, 
Елубай, Серке, Құрманбек, Қанабек, Парижда болған 
бүкіл жержүзілік әншілер жарысында 2-бәйгі алып, қа-
зақ музыкасын әлемге таныстыра білген атақты әнші 
Әміре, ақын Иса сияқты сан алуан көркемөнер қайрат-
керлерімен қол ұстаса қызмет істеп, шебер өнерпаздар 
қатарында шыңға өрлей қанат қақты. 
Алғашқы кезде театр сахнасында түрлі образдар жа-
сап, шын кейіпкер бола алу тосыннан келіп түскен жас 
артистка Күләшқа тым қиындау да соқты, оның ұзақ ой-
ланып, көп толғануына тура келді. Бірақ та, туғаннан 
біте қайнасып, бойына біткен күшті дарын, жалынды 
жігер алдағы қиыншылықтардың барлығын да жеңіп 
шықты. 
Қазақстанда тұңғыш рет ұйымдасқан жас театрдың 
сахнасына Күләш драматург Мұхтар Әуезовтың сол кез-
де қойыла бастаған «Еңлік — Кебек» пьесасындағы 
Еңліктің ролін орындаумен көрінді. 
Театрға жиналған астана жұртшылығы Күләштің ең 
алғашқы көрсеткен сахналық тырнақ алды өнеріне өте 
риза болып тарасты. 
Осы айтылған Еңліктің ролін орындауда Күләш ер-
тедегі қазақ қыздарының бастарынан кешірген ауыр аза-
бын, сүйгеніне бара алмай, теңсіздік торына шырмалға-
23 

нын, өмір өгейлігін көріп, өлуге де мәжбүр болғанын 
шын мәнісінде өте шеберлікпен көрсете білді. 
Міне, сол күннен бастап Күләш театр сахнасының 
таңдаулы өнерпаздары қатарынан орын алды. 
Сөйтіп, бірнеше жылдар бойы қойылған драмалық 
пьесаларда түрлі жауапты рольдерді орындап, үлгілі 
образдар жасаған Күләш 1933 жылы астанамызда жа-
ңадан ұйымдасқан мемлекеттік музыка театрына 
ауысты. 
Бұл театрда ең алғашқы қойыла бастаған «Айман — 
Шолпан» операсындағы Айманның, «Қыз Жібек» опера-
сындағы Жібектің, «Ер Тарғын» операсындағы Ақжүніс-
тің рольдерін ойдағыдай жақсы орындап, үлкен табыс-
тарға жетті. 
Бұл рольдердің барлығында да Күләш болған уақи-
ғалардың мазмұнына терең түсініп, ұмытылмастай образ-
дар жасады. Опера сахнасында бірінші рет орындаған 
«Айман— Шолпандағы» Айманның ролі өте сәтті болып 
шыққаннан кейін-ақ Күләштің шынайы образ жасауда-
ғы терең ой, өткір сезім хиялы көкке өрлеп шарықтай 
берді. 
Сүймесе де сүйдіртіп, өзінің қара күшімен көндірмек 
болған Бекежанның озбырлық әрекетіне бой бермей, нақ 
сүйері Төлегенді өмірлік жар етуді көксеген Жібектің 
дегеніне жете алмай, арманда қаза тапқандығын қандай 
керемет кейіпкерлікпен көрсете білді десеңізші. 
Сондай-ақ, ескі әдет-ғұрып бойынша ата, анасының 
қырық жеті алып, қатын үстіне атастырған әрі бай, әрі 
болыс Сүгірге барғысы келмей, жарлы болса да арлы 
туған Елемеске көңіл қосқан Хадишаның «Жалбыр» 
операсындағы ерлік істерін шын мәнісінде көз алдыңа 
әкеліп елестеткендей болды. 
Күләш сахна шеберлігін жаңа ғана меңгеріп, өнер 
шыңына енді ғана шарықтап қанат қаққан кезінде әрі 
қиын, әрі қызықты бір үлкен сыннан өтуіне тура келді, 
24 

Ол, 1936 жылы Отанымыздың астанасы Москвада бол-
ған қазақ әдебиеті мен көркемөнерінің оңкүндік сы-
нағы еді. 
Май айының тамылжыған сәнді бір кеші. Үлкен театр-
дың залы лық толы халық. Қазақ көркемөнерінің жетіс-
тіктерін көруге жиналған астана жұртшылығы сол күні 
қойылатын «Қыз Жібек» операсының басталуын асыға 
күтті. Бір кезде үкімет басшылары да келіп, арнаулы 
орындарына отырысымен-ақ сахна шымылдығы да жай-
лап ашыла бастады. Театр залы тым-тырыс, құлаққа ұр-
ған танадай бола қалды. 
Осы кезде біздің өнерпаздарымыз да өздерінің орын-
даушылық шеберліктерін айтарлықтай жақсы көрсете 
білді. Олардың ішінде, әсіресе, Жібектің роліндегі Кү-
ләштің жасаған образдары залда отырғандарды тамаша 
таңдандырып, ерекше көзге түсті. Сол күнгі театрға кел-
ген Антонина Васильевна Нежданова, Иван Михайлович 
Москвин, Константин Сергеевич Станиславский сияқты 
Совет Одағының ең көрнекті көркемөнер қайраткерлері 
Күләштің асқан өнерпаздығына өте риза болып, шын 
жүректерінен жалынды алғыстарын айтты. 
«Қазақ көркемөнерінің қадырлы өнерпазы — Күләш-
тің сандуғаштай сайраған әсем үні маған үлкен әсер ет-
ті. Мен оған теңдес тамаша әншілер аттарын аздап қана 
атай алатын сияқтымын. Сондықтан да мен оны Қазақ-
станның ғана емес, бүкіл Совет Одағының мақтанышы 
десем де жаңылмаған болармын» деп жазды Совет Ода-
ғының Халық артисткасы Валерия Владимировна Барсо-
ва. Сонымен қатар ол Күләшқа армянның «Қарлығаш» 
дейтін лирикалы әнінің нотасын сыйлыққа тартты. Сол 
ән Күләштің негізгі концерттік репертуарының бірі 
болды. 
Қыз Жібек ролін ойдағыдай жақсы орындаған Кү-
ләштің өте өнерпаздығы жөнінде «Правда» газеті: үлкен 
талант иесінің сахнадағы қимыл әрекеті, әсерлі әндері-
25 

мен көрушіні сендіргендігі сонша, тыңдаушы халық қа-
зақ тілін білмесе де, уақиғаның желісіне, түйінді кезең-
деріне түгелдей түсініп отырды, деп жазды. 
Ән маржанын шашқандай, 
Күй теңізі тасқандай. 
Аялап Отан өсірген, 
Мыңдаған қыз бен ұлым бар. 
Отанымның бір гүлі, 
Құс дауысты бұлбұлы, 
Күләш сынды қызым бар — 
- деп жүз жасаған Жамбыл да Күләштің бұлбұлдай 
сайраған тамаша сұлу үнін өзінің жалынды жырына 
қосқан болатын. 
Күләштің көркемөнер майданындағы осындай күрде-
лі еңбектерін партия мен үкімет өте жоғары бағалап, 
Москваға осы барған сапарында оған Совет Одағының 
Халық артисткасы деген кұрметті атақ берді. Сонымен 
қатар Еңбек Қызыл Ту орденімен наградтады. 
Москвадан қайтқаннан кейінгі театр коллективінің 
дайындаған «Ер Тарғын» операсында Күләш хан қызы 
Ақжүністің ролін де асқан шеберлікпен орындап, астана 
жұртшылығынан тағы да үлкен алғыс алды. Бұрынғы 
рольдерде үнемі халыққа жағымды героиналардың об-
раздарын жасауға әдеттенген ол, бұл жолы екі жүзді 
айлакер, мейрімсіз қатал хан қызы Ақжүністің образын 
мейлінше дұрыс көрсете білді. 
Сахна шеберлігіне жыл сайын жаттығып, орындау-
шылық өнері өрістей түскен Күләш соңғы жылдар ішін-
де жарыққа шыққан Қазақстан композиторлары опера-
ларының қайсысында болса да өзіне тиісті рольдерді үне-
мі жақсы орындап, халықтың сый-құрметіне бөленіп 
отырды. Оның ішінде композиторлар: Ахмет Жұбанов 
пен Латиф Хамидидің «Абай» операсындағы Ажардың 
ролін орындауда тамаша талант иесі айтарлықтай та-
бысқа жетті. 
26 

Композитор Мұқан Төлебаевтың «Біржан — Сара» 
операсындағы Сараның образын жасауда да текіне ко-
сыла алмай, өзінің сүйген жары үшін өмірмен бір жола 
қош айтысып, жанын қиған арудың жан тебіренткендей 
жәйін жалынды жырмен ұштастыра, үлкен бір трагедия-
лық уақиғаны шын мәнісінде өте шеберлікпен орындап 
шықты. Осы «Біржан — Сара» операсындағы көрнекті 
еңбегі үшін Күләш Сталиндік сыйлықтың лауреаты ата-
ғын алды. 
Күләш тек қазақ операсының ғана шебері емес, ол 
ұлы орыс және Батыс Европа классиктерінің, сондай-ақ 
Совет Одағы халықтарының атақты композиторлары 
жазған талай операларда ойнап, өзінің асқан өнерпаз-
дығын халыққа таныта білді. Мысалы, орыстың ұлы 
композиторы — Чайковскийдің «Евгений Онегин» опера-
сындағы Татьянаның, итальян композиторы Пуччинидің 
«Чио-Чио-Сан» операсындағы Мадам Баттерфляйдің, 
Азербайжан композиторы Магомаевтың «Нергиз» опера-
сындағы Нергиздің, татар композиторы Жигановтың 
«Алтыншаш» операсындағы Алтыншаштың, грузин ком-
позиторы Палиашвилидің «Даиси» операсындағы Маро-
ның рольдерінде орындау шеберлігін толық меңгеру дә-
режесіне жетті. 
Күләш бірыңғай опералық орындаушы ғана емес, ол 
әсем ән шебері. Оның концерттік репертуарында көпте-
ген әндер де бар. Күләштің шарықтата шырқаған сан 
алуан шаттық әндерін, ауыл шаруашылығының түрлі са-
лаларындағы жұмысшылар мен колхозшылар да, Эмба-
нефтінің мұнайшылары да, оңтүстіктің мақташылары да, 
өнеркәсіптің үлгілі озаттары да өтө сүйсіне тыңдады. 
Күләш республикамыздан тыс, одақ көлеміндегі Мос-
ква, Ленинград, Киев сықылды бірсыпыра ірі қалаларда, 
сондай-ақ шет мемлекеттерде де концерттер беріп, мил-
лиондаған тыңдаушыларға қазақ музыкасын таныстыру-
да, сонымен қатар олардан үйреніп келген әндерін 
27 

республика жұртшылығына таратуда айтарлықтай көп 
еңбек сіңірді. 
1950 жылы бейбітшілікті жақтаушылардың бүкіл дү-
ниежүзілік өкінші конгресінде делегат болып, Варшава-
ға барған сапарында Күләш поляктың «Қыз келеді» 
деген халық әнін үйреніп қайтты. 
Қай елге, қай жерге барса да Күләш үлкен құрмет-
пен, үнемі жақсы баға алып отырды. 
1951 жылы өздерінің 30 жылдық мерекесімен байла-
нысты Монғол Халық Республикасы үкіметінің арнап 
шақыртуы бойынша бір топ совет артистері Ұлан-Батор-
ға барды. Олардың ішінде Күләш те болды. Ондағы 
опера және балет театрының сахнасында бұлбұлдай 
сайраған Күләштің мінсіз сұлу үні мен әсем әндері кон-
цертті тыңдаған монғол жұртшылығына өте жақсы ұна-
ды. Концерт аяқталғаннан кейін моңғол халқының кө-
семі маршал Чойбалсан Күләшқа монғолдың ұлттық 
костюмін сыйлыққа тартты. 
Күләш көп жерлерді аралап, көп елдердің көркемөне-
рімен, мәдениетімен танысты. Өздерінің арнап шақыртуы 
бойынша Грузияның орталығы Тбилиси қаласында да 
болды. Ондағы опера және балет театрында қойылған 
композитор Палиашвилидің «Даиси» операсына қатна-
сып, Мароның ролін көңілдегідей орындап, үлкен абы-
ройға ие болды. 
1952 жылы, жаз уақытында Күләш қазақтың Құр-
манғазы атындағы халық музыка аспаптары оркестрімен 
бірге бірсыпыра ірі қалаларға барып, концерттер беріп 
жүрді. Оның осы сапарында концерттік репертуарында 
қазақ әндерінен басқа орыстың халық әні «Қоңырау», 
армянның халық әні «Қарлығаш», чехтың халық әні 
«Пастушок», белорустың халық әні «Жапанда өскен қы-
зыл тал» сықылды әр халықтың әндері болды. 
Партия мен үкімет Күләштің көркемөнер саласында-
ғы еңбектерін әр уақыт жоғары бағалады, құрметті атақ-
28 

тар берді. Ол Еңбек Қызыл Ту орденімен, Құрмет белгі-
сі орденімен және ең жоғары награда—Ленин орденімен 
наградталды, екі рет Сталиндік сыйлықтың лауреаты 
атағын берді. 
Күләш тек көркемөнер шебері ғана емес, сонымен 
қатар ол көрнекті қоғам қайраткері болды. 1938 жылдан 
бастап, өзі қайтыс болғанға дейін Қазақ ССР Жоғарғы 
Советінің депутаты болып үзбей сайланып келді. 
Бейбітшілікті қорғаудың Бүкілодақтық комитетінің 
мүшесі болған Күләш еліміздің қоғамдық өмірін өркен-
дету ісіне үнемі белсене қатысып отырды. 
Міне, осындай қоғам қайраткері, қазақ көркемөнері-
нің асқан өнерпазы, Қазақстанның бұлбұлы атанған аяу-
лы Күләшті мейірімсіз ажал арамыздан алып кеткеніне 
кәзір үш жылға айналды. 
Күләшті әркім-ақ есіне алып, сырлы сөзбен жалынды 
жырына қосты. 
Қазақтық көзін жұмды бұлбұл қызы, 
Үзілді сабағынан гүл — қырмызы. 
Жарқ етіп көрінді де ағып түсті, 
Алматы аспанының бір жұлдызы. 
Сөнгендей Ақжүніс пен ақын Сара, 
Сөнгендей Қыз Жібек пен Татьяна. 
Аққуы айдын көлдің асыр салған, 
Оқ тиіп құлағандай қапияда. 
Таранып өскен тоты күн нұрына, 
Ұқсаған үні бұлақ сыңғырына. 
Сылаңдап сахнаға қайта шығып, 
Қонарма кербез сұлу тұғырына 
деп, жазды ақын — Сырбай Мәуленов. 
Сондайақ қазақ көркемөнерінің ірге тасын Күләшпен 
бірге қаласқан қарт қайраткеріміздің бірі Қалыбек Қуа-
нышбаев қария да: 
29 

Қайрымсыз ажал қармады, 
Қабырғам кетті қайысып. 
Суық ұрып, солды гүл, 
Бағында өскен майысып. 
Хош, Күләшжан, елің бар, 
Ел ішінде гүлің бар. 
Гүлді әніңді солдырмас, 
Сіңлің, баурың, інің бар, 
деп жырлады. 
Қүләш көптеген өнерпаздардың өнерге ұмтылып, іл-
гері басуына үлкен еңбек етіп еді. Күләштің өзі ортамыз-
да болмаса, да оның әсерлі әні көкейімізден кетпейді. 
------------

МҰҚАН ТӨЛЕБАЕВ 
Мың тоғыз жүз отыз төртінші жылдың. қоңыр күзі. 
Астанамыз Алматы қаласында халық өнерпаздары-
ның бүкілқазақстандық IV слеті болып жатқан кез. Рес-
публикамыздың әр түкпірінен жиналған өңшең өнерлі 
жастар театр сахнасына шығып, алуан түрлі өнерлерін 
ортаға салуда. 
Міне, осы топтың ішінде Алматы облысы, Бөрлітөбе 
ауданынан келген жас талант Мұқан Төлебаев та болды. 
«Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» дегендей өзі-
нің әнші анасы Тәжібаланың тәрбиесінде өсіп, жасынан 
музыка біліміне бейімделе бастаған Мұқанның өнер жа-
рысындағы осы тұңғыш сапары өте сәтті болып, слет 
соңынан Москва консерваториясы жанындағы қазақ сту-
диясына оқуға жіберілді. Бұл оның жиырмадан жаңа ға-
на асқан кезі болатын. 
Талапты жастың творчестволық қабілеті барлығын 
бірден-ақ байқаған консерваторияның музыка маманда-
ры Мұқанды мейлінше ұнатып, оқуға орналастырады. 
31 

Барған бетте ол вокальдық бөлімге түсіп, кейіннен өзінің 
негізгі мамандығы композиторлық бөлімге ауысады. 
Ауылда жеке домбыраға қосылып қана ән айтуға 
әуестенген жас талапкер талмай ізденуі нәтижесінде 
өзінің арнаулы орнын тауып, Отанымыздағы өнер-білім-
нің үлкен ордасы Москва консерваториясына келіп кіруі 
игілікті-ақ іс десеңізші. 
Сөйтіп, әуелден аңсаған арманына жаңа ғана жеткен-
дей болған Мұқан Төлебаев консерватория табалдыры-
ғынан аттасымен-ақ творчестволық білім алудың даңғыл 
жолына түседі. Онда композитор Глиердің басшылығы-
мен біраз оқып, жаттыққаннан кейін ол өз тұсынан му-
зыка жазу жағына көңіл бөледі. 
Болашақ композитор Мұқан Төлебаев творчестволық 
еңбектегі өзінің ең алғашқы тырнақ алдысын қазақтың 
халық әндерін нотаға түсіріп, оны өңдеуден бастады. 
Одан кейін өзінің «Кешкі аспан» дейтін тұңғыш әнін 
жарыққа шығарды. 
Аздап та болса музыкалық шығармалар жазып, ком-
позиторлық қаламы жаңа ғана ұштала түскен кезде 
1941 жылы Ұлы Отан соғысының басталып кетуі Мұқан-
ның онан әрі оқи беруіне үлкен бөгет жасады. 
Еліміздің жауынгер ұл, қыздары қатарында Мұқан да 
Отан қорғау жорығына аттанды. Москва жасағында бір-
аз қызмет істегеннен кейін денсаулығының нашарлы-
ғына байланысты сол жылы Алматыға қайтарылды. Со-
дан былай ол бұрыннан тәжірибелі композитор Евгений 
Брусиловскийдің басшылығымен өзінің творчестволық 
жұмыстарын жүргізе береді. 
Ұлы Отан соғысы жылдарында Мұқан бірсыпыра 
тартымды әндер шығарды. Олардың ішінде: «Соқ бара-
бан», «Жорық», «Жеңіс» сияқты әндерін халық өте сүйсі-
не тыңдайды, сондай-ақ оның Совет Одағының Батыры 
Зоя Космодемьянскаяға арналған әні Отан соғысы тура-
32 

лы шығарылған әндердің республикалық конкурсінде 
сыйлық алған болатын. 
Отан қорғау жолында ерлікпен қаза тапқан осындай 
батырларымыздың ерлік бейнесін музыка тілімен шебер 
суреттей білген Мұқан сол Отан соғысы майданында 
болған жауынгер ақын Асқар Лекеровтың елдегі жарына 
жолдаған «Кестелі орамал» атты өлеңіне лайықты сұлу 
лирикалық ән жазды. 
Мұқан Төлебаев тағы да сол Отан соғысы кезінде 
жаңағы айтылған «Кестелі орамал» әні тақырыптас 
«Тос мені» дейтін романс жазды. Мұнда да сүйген жа-
рына жолдаған жауынгер жігіттің сағынышты жүрек 
сыры айтылады. 
Соғыс аяқталғаннан кейін бұл романсқа ақын Нұт-
фолла Шакенов басқа текст жазып, соңғы жылдарда 
«Сүйгенім сен» деген атпен де айтылып жүр. 
Өзінің композиторлық жолындағы творчестволық 
еңбектерін ең алдымен ән мен романстар жазудан бас-
таған Мұқан Төлебаев біраз қаламы төселіп, қатарға 
қосылуға айналғаннан кейін енді музыканың түрлі жанр-
ларын жазуға кірісті. Оның бірінші рет жазған камера-
лық шығармаларының ішінде скрипка үшін поэма, ішекті 
аспаптар квартеті үшін фантазия және скрипка мен фор-
тепиано үшін «Еске алу» атты шығармалары бар. 
Мұқан Төлебаевтың Ұлы Отан соғысы кезінде шығар-
ған бірсыпыра әндері мен романстарының ішінде Сұл-
танмахмұт Торайғыровтың «Көп жүрдім» атты өлеңіне 
жазған лирикалы романсы жан тебірентіп, жүрек қы-
лын шерткендей тыңдаушыларға тамаша әсер етеді. 
Мұқан осы романсын өзінің кейіннен жазған «Бір-
жан — Сара» операсының 2-актысында айтылатын Жан-
ботаның ариясына да пайдаланды. 
Баритон дауысқа лайықты бұл романстың бірде қал-
қып, бірде шалқитын асқақ әуені құлакқа өте жағымды 
естіледі. 
3—1393
 33 

Тек қана талант тербеп, бірталай тартымды шығар-
малар жазғанымен де ілгеріде айтылғандай, оқып жүрген 
кезінде Отан соғысының басталып кетуімен байланысты 
композиторлық жоғары дәрежелі білім ала алмауын үл-
кен арман ететін Мұқан 1947 жылы Москва консервато-
риясына қайта оралып, оны 1951 жылы жақсы бағамен 
бітіріп шықты. 
Мұқан Төлебаев Москвада оқып жүрген кезінде де 
бірсыпыра сапалы шығармалар жазды. Олардың ішінде 
ансамбль үшін камералық музыка, хор үшін сюита және 
симфония оркестрі үшін «Қазақстан» атты поэмасын атап 
айтуға болады. Бұл поэма идеялық және көркемдік жа-
ғынан өте құнды шығармалар қатарынан орын алады. 
Мұнда социалистік құрылыс жолындағы советтік Қазақ-
станның байлық бейнесі суреттеледі. 
Мұқан Төлебаевтың мұнан соңғы жарыққа шыққан 
симфониялық шығармаларының бірі лирикалық фанта-
зия. 
Мұқан Төлебаевтың творчестволық еңбектерінің ішін-
де әсіресе әндік шығармалары кең орын алады. 
Ұлы Отан соғысы жеңіспен аяқталғаннан соңғы шық-
қан әндерінің көпшілігінде кәзіргі бейбіт өмір сүріп 
отырған бақытты еліміздің байлық бейнесі, сәнді тұрмы-
сы суреттеледі. Олардың ішінде: «Амудария туралы 
баллада», «Дала әні», «Қырманда», «Шахтер әні», 
«Жылқышы әні», «Қойшының әні», «Ақ мақта» сияқты 
көптеген көркем әндер халық арасына тез тарап, тың-
даушылардан тым жақсы баға алуда. 
Композитор Мұқан Төлебаевтың хорға жазған шы-
ғармаларының ішінде мектеп балаларының өміріне ар-
налған: а) Костер жыры, б) Тоғай арасында, в) Шаң-
ғышылар, г) Шаттық әні деп аталатын 4 бөлімді хор 
сюитасы бар. Бұл сюитаны мектептер жанындағы көр-
кемөнершілер үйірмелеріндегі талантты жастар тамаша 
ұнатып, сүйсіне орындауда. Әсіресе, оның партия тура-
34 

лы, Отан туралы патриоттық әндері Отан сүйгіш халқы-
мыздың ең құмарта тыңдайтын таңдаулы әндеріне ай-
налды. 
Композитор Мұқан Төлебаев түрлі кинофильмдер мен 
музыкалы-драмалық пьесаларға да арнаулы музыка 
жазды. Мысал үшін оның радио арқылы кәзіргі айтылып 
жүрген «Мен сүйемін» дейтін әні драматург Әлжаппар 
Әбішевтің «Достық пен махаббат» атты пьесасында май-
дандағы жауынгер досын сағынған жас арудың жалын-
ды жыры болатын. 
Композиторлық жолындағы творчестволық еңбектері 
тыңдаушылардан жақсы баға алған сайын Мұқан да 
сатыдан сатыға көтеріліп, музыкалық өнер шыңына өр-
лей түсті. Бұрын вокальдық, камералық және симфония-
лық шығармалар жазуға ғана дағдыланған Мұқан енді 
опера жазуға талаптанады. 
Талантты жас композитор Мұқан Төлебаев опера жа-
зудағы ең алғашқы тырнақ алдысын бұрын бірнеше 
опералары жарыққа шығып, қаламы әбден төселген 
тәжірибелі композитор Евгений Брусиловскиймен бірігіп, 
1916 жылы қазақ жастарын қара жұмысқа алу туралы 
патша жарлығына қарсы халық көтерілісін бастаған қа-
зақ батыры Аманкелдіге арнаулы опера жазудан бас-
тады. 
Опера жазуда мамандығы мол, таңдаулы компози-
тормен бірлесіп жазған тұңғыш еңбегі Мұқан Төлебаев-
тың алдағы уақыттарда өз алдына жеке опера жазуына 
үлкен сабақ болып, сара жол ашты. 
Сөйтіп, көп толғанудан туған күрделі творчестволық 
ой талантты композиторды тамаша табысқа жеткізді. 
Демек, жазушы Қажым Жұмалиевтің либреттосы бойын-
ша жазған «Біржан—Сара» операсы өте сәтті шығып, 
1946 жылы театр сахнасынан ойдағыдай орын алды. 
Операның негізгі сюжеті белгілі халық әншісі Біржан 
мен ақын Сараның айтысынан құрылған. 
35 

Әйгілі Қоянды жәрмеңкесі. Қазақстанның кең байтақ 
жерінің әр тупкірінен жиналған халық. Бұлардың ішінде 
атақты Естай ақын бастаған жастар тобы ойын-сауық 
пен қызықты думан жасауда. Естай термелей ән шырқап, 
сол жерге жақында Біржан мен Сара келетіндігін, екеуі-
нің айтысы болатындығын баяндайды. 
Осы кезде өзінің белгілі Айтбай дейтін әнін айтып 
келе жатқан Біржанның дауысы естіледі. Жиын топ жақ 
жазбай, үнсіз тыңдай қалады. Алыстан шырқалған ән 
бірте-бірте жақындай түсіп, сол жиынға Біржан да келіп 
жетеді. 
Қалың топ Біржанды қошаметпен қарсы алады, оның 
айтып тұрған Айтбай әнінің қайырмасына бәрі қосылып, 
бүкіл Қоянды жәрменкесін басына көтереді. 
Міне, осы қызу думанның үстіне Сара келеді. Кезде-
суді көптен аңсаған екі жүйрік кезекпен айтыса жөнеле-
ді. Олардың айтыстарын кұмарта тыңдаған халық зор 
қуаныш сезіміне бөленеді. Бірақ бұл ән думаны Жанбо-
та болысқа ұнамайды. Бұлбұлдай сайраған өнерпаздар-
дың үні оның өңбеніне қадалған оқтай тиіп, оларға тиым 
салуға әрекеттенеді. Өзінің атарман-шабармандарына 
әнді тоқтат, жиынды тарат деп әмір етеді. 
Жанботаның бұл зұлымдық ісіне қатты жәбірленген 
Біржан сол жерде Жанбота атты жалынды ән шығара-
ды. Жиналған жұрт Біржанды қостап, Жанботаға қар-
ғыс айтады. 
Амал не, аяқтап келгенде Біржан мен Сараның ара-
ларындағы өмірлік шын махаббат достығына ара түскен 
Жанботаның зұлымдық ойы іске асып, опера жазықсыз 
жан Біржанның арманда ажал торына шырмалуымен 
аяқталады. 
«Біржан—Сара» операсы театр сахнасында екі жыл-
дай қойылғаннан кейін-ақ 1948 жылы композитор Мұқан 
Төлебаев және операның басты рольдерінде ойнаған бір 
36 

топ көркемөнер қайраткерлері Сталиндік сыйлықтың 
лауреаты атағын алды. 
Өткен 1958 жылы декабрь айында қазақ әдебиеті мен 
көркемөнерінің Москвада болған онкүндігі осы «Бір-
жан — Сара» операсымен ашылды. Бұл операны көрген 
Москва жұртшылығы оған өте жоғары баға берді. Сол 
кезде шыққан орталық газеттерде операның идеялық жә-
не көркемдік жағын дәріптеген музыка сыншыларының 
бағалы мақалалары басылды. 
«Біржан—Сара» операсынан басқа Мұқанның онкүн-
дікте орындалған «Коммунизм таңы», «Партияның даң-
қы арта берсін» атты күрделі кантаталары да онкүндік-
тің концерттік репертуарының ішінде ерекше көзге түсіп, 
тыңдаушыларын тамаша сүйсіндірген болатын. 
Міне, осындай сапалы шығармалар жазудағы Мұқан-
ның творчестволық еңбектері өте жоғары бағаланып, 
онкүндіктің қорытындысында оған Совет Одағының Ха-
лық артисі деген ең құрметті атақ берілді. Бұдан бұрын 
ол 1945 жылы Қазақстан көркемөнершілерінің еңбек 
сіңірген қайраткері деген атақ алған еді. 
Мұқан Төлебаев 1948 жылдан бастап Бүкілодақтық 
совет композиторлары одағының мүшесі, кәзір ол Одақ-
тық және Қазақстандық композиторлар одағының бас-
қарма мүшесі. 
Мұқан кәзір Қазақ ССР Жоғарғы Советінің депу-
таты. 
Талантты композитор Төлебаев осы кезде «Москваға 
сәлем» атты кантата және «Қозы көрпеш — Баян сұлу» 
атты опера жазу ісімен шұғылдануда. 


1   2   3   4   5   6   7   8


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал