Көркемөнер халықтікі. Еңбек шілердің қалың бұқарасы арасына



жүктеу 3.53 Kb.
Pdf просмотр
бет1/8
Дата09.01.2017
өлшемі3.53 Kb.
  1   2   3   4   5   6   7   8

"Көркемөнер халықтікі. Еңбек-
шілердің қалың бұқарасы арасына 
ол мейлінше терең тамыр жаюға тиіс. 
Көркемөнер осы бұқараға түсінікті 
және сүйікті болуға тиіс, ол осы бұ-
қараның ой сезімін және жігерін 
біріктіріп, оларды алға ұмтылдыруы 
керек" 
(В. И. ЛЕНИН) 
АЛҒЫ СӨЗ 
Бұл кітапшада Ұлы Октябрь социалистік революция-
сынан кейін Коммунистік партияның аталық қамқорлы-
ғы арқасында қайта туған қазақ халқының түрі ұлттық, 
мазмұны социалистік көркемөнерінің гүлдене өсуімен 
байланысты, осы салада елеулі еңбек сіңіріп келе жатқан 
бір топ көркемөнер шеберлерінің творчестволық өсу жо-
лы баяндалады. 
Мұндай шағын кітапшада республикамыздағы көр-
кемөнер шеберлерін түгел қамти жазу мүмкін емес 
екендігін айта кетуге тиіспіз. 
Алайда, осы кітапшада сөз болатын өнер иелерінің 
тәрбиеленіп өскен мәдениет ордалары туралы алдымен 
қысқаша шолып өтуді дұрыс көрдік. Мұнда, әрине, ең 
алдымен ауызға драма театры түседі. Өйткені бұл театр 
совет өкіметі тұсында туған қазақ көркемөнерінің ең 
тұңғышы, ең үлкен қара шаңырағы болып саналады. 
Ұлы орыс халқының театрлық өнерінен үлкен әсер 
алып, әуелде, 1925 жылы Қазақстанның бұрынғы аста-
насы Қызылорда қаласында ұйымдасқан осы театрға 
республикамыздың әр жеріндегі өнерпаз халық талант-
з 

тары жиналды, олардың ішінде басқалардан бұрын теа-
трдың ірге тасын өз қолдарымен қаласқан көркемөнер 
қайраткерлері Қалыбек Қуанышбаев, Әміре Қашаубаев, 
Иса Байзақов, Серке Қожамқұлов, Елубай Өмірзақов, 
Қали Байжанов, Құрманбек Жандарбеков және бүкіл 
дүние жүзінің чемпионы —Қажымұқан Мұңайтпасов бар 
еді. 
Міне, осы аталған таланттар тобының қатысуымен 
1926 жылы 13 январьда жас театрдың тұңғыш рет сах-
на шымылдығы ашылды. Бұл күні театр коллективінің 
шама-шарқына қарап, сол тұста жарыққа шыққан дра-
матург Мұхтар Әуезовтің «Еңлік — Кебек» пьесасының 
1-актісі ғана қойылды да, соңынан концерт берілді. Пье-
са толық қойылмаса да, театр ойынын тұңғыш көруші-
лерге халық таланттарының өнерпаздық қабілеттіліктері 
өте ұнады. Әсіресе, постановкадан соңғы берілген кон-
церттегі атақты әнші Әміре Қашаубаевтың асқақтата 
шырқаған әсем әндері мен Иса Байзақовтың жел маяша 
желдірте жөнелетін жалынды желдірмелері, сондай-ақ 
сан алуан күлдіргі сықақ сөздердің авторы — Қалыбек 
Қуанышбаевтың белгілі «Қыз ұзату» дейтін әңгімесі тың-
даушыларды мейлінше сүйсіндірді. 
Сөйтіп, басында он-он бес адамнан ғана ұйымдасып, 
әзірге көркемөнершілер дәрежесінде ғана жұмыс істей 
бастаған жас коллектив жылдан-жылға өсіп, жаңа кадр-
лармен толыға бастады. 
Осыдан төрт жыл өткеннен кейін театр коллективі 
Қазақстанның жаңа астанасы Алматыға көшіп келді. 
Бұл қарсаңда Күләш Байсейітова, Қанабек Байсейітов, 
Шара Жиенқұлова, Манарбек Ержанов, Жүсіпбек Еле-
беков, Рабиға Есімжанова, Сәбира Майқанова, Шәкен 
Айманов, Жағда Өгізбаев, Камал Қармысов, Сейфулла 
Телғараев, Ғаббас Қалиев, Шәріп Мәденов, Хасен Ба-
йырманов сияқты жас өнерпаздар тобы біртіндеп келіп, 
қосыла берді. 


Жылдан-жылға мәдениеті артып, көркемөнер істеріне 
ерекше көңіл бөле бастаған астана жұртшылығының 
талаптарына сай қазақ көркемөнерінің сан алуан сала-
ларын қатарға қосу жұмысы қолға алына бастады. Осы-
дан келіп ең алдымен 1933 жылы республикалық музыка 
студиясы ұйымдастырылды. 
Жаңадан ұйымдасқан бұл жас студияға бұрыннан 
музыкаға бейім, әншілік қабілеті бар Темірболат Арғым-
баев, Абдолла Айтбақин, Әнуарбек Үмбетбаев, Жамал 
Омарова, Нұғыман Әбішев сияқты талапты жастар тобы 
келді. Оларға қоса бұрыннан істеп келе жатқан драма 
театры кадрларынан Күләш Байсейітова, Құрманбек 
Жандарбеков, Қанабек Байсейітов, Жүсіпбек Елебеков 
сияқты дарынды ән шеберлері музыка студиясына ауыс-
тырылды. Міне, осыдан бір жыл өткеннен кейін бұл сту-
дия Қазақтың мемлекеттік музыка театры атанды. 
Сөйтіп, бұл коллектив Жұмат Шанин мен Құрманбек 
Жандарбековтың басқаруында Мұхтар Әуезовтың «Ай-
ман—Шолпан» атты музыкалы пьесасын дайындауға 
кірісті. Бұл пьесаның музыкасын қазақтың халық музы-
касынан құрастырып, композитор И. В. Коцик жазды. 
Дайындық жұмысы әбден пісіп жетілді-ау деген кез-
де 1934 жылы осы «Айман—Шолпан» пьесасымен қазақ 
музыка театрының тұңғыш шымылдығы ашылды. Мұнда-
ғы ең басты рольдерді Күләш Байсейітова, Қанабек 
Байсейітов, Жүсіпбек Елебеков, Құрманбек Жандарбе-
ков, Елубай Өмірзақов ойдағыдай жақсы орындап 
шықты. 
Ең алғашқы адымы сәтті болып, сыннан сүрінбей өт-
кен театр коллективі енді Бейімбет Майлиннің музыка-
лы «Шұға» пьесасын дайындап, оны да сол 1934 жылдың 
июнь айында қойып үлгерді. Бұл пьесаның да музыка-
сын жазған И. В. Коцик болатын. 
Аз жылдың ішінде-ақ сапалы істерінің нәтижесін 
көрсете білген қазақ көркемөнерінің тұңғыштары Қалы-


бек Қуанышбаевқа, Құрманбек Жандарбековке, Күләш 
Байсейітоваға және Қанабек Байсейітовке сол жылы 
республиканың еңбек сіңірген артисі деген құрметті атақ 
берілді. 
Ілгеріде айтылған «Шұға» пьесасының премьерасы 
сол қарсаңда Алматыда болған Қазақстанның халық 
музыкасы өнерпаздарының республикалық 1 слетінің 
ашылуына арналып қойылды. 
Бұл тұңғыш шақырылған 1 слет қазақ көркемөнерінің 
өркендеп өсе беруіне едәуір септігін тигізді. Өйткені рес-
публикамыздың әр түпкірінен слетке келген көптеген 
өнерпаздардың ең таңдаулылары сұрыпталып алынып, 
театрларға, музыка техникуміне қалдырылды. Олардың 
ішінде Ғарифолла Құрманғалиев, Әли Құрманов, Жа-
ңыл Қартабаева сияқты әншілер, Қали Жантілеуов, 
Лұқпан Мұхитов, Уәһап Қабиғожин, Науша Бөкейханов 
Жаппас Қаламбаев, Дәулет Мықтыбаев, Сқақ Уәли-
ев сияқты сыбызғышы, қобызшы, домбырашылар бар 
еді. 
Мұның өзі біріншіден, жаңа ұйымдасқан театрды 
кадрлармен толықтыруға, екіншіден, қазақтың халық 
музыка аспаптар оркестрінің ұйымдасуына үлкен мүм-
кіндік тудырды. 
Алғашқы ұйымдасқан кезінде қазақ пьесаларын ға-
на қойып, біраз шыңдалып, буыны бекігеннен кейін мем-
лекеттік драма театрының коллективі Гогольдің қазақ 
тіліне аударылған «Үйлену», Пушікиннің «Каменный 
гость», Погодиннің «Менің досым», Треновтың «Любовь 
Яровая» пьесаларын да қоя бастады. Бұл кездерде көр-
кемөнер шеберлері қатарына Әбікен Хасенов, Рахия 
Қойшыбаева, Қалыкен Әділшинов, Абдрахман Әсім-
жанов, Атайбек Жолымбетов, Айша Абдуллина сияқты 
бірсыпыра жаңа кадрлар да келіп қосылған еді. 
Творчестволық өнер жарысында қатар өсіп келе 
жатқан екі коллективтің бірі — музыка театрының қой-


ған 3-музыкалы пьесасы Ғабит Мүсіреповтың «Қыз Жі-
бек» пьесасы болды. Мұнық музыкасын қазақтың халық 
музыкасы негізінде жазған композитор Евгений Бруси-
ловский. Бұл Брусиловскийдің Ленинград консервато-
риясын бітіріп, Алматыға келгеннен кейінгі қазақ опе-
раларын жазудағы ең бірінші тырнақ алдысы бола-
тын. 
Кейіннен операға айналған Ғабиттың осы «Қыз Жі-
бек» пьесасы 1934 жылы 7 ноябрьде Ұлы Октябрь мере-
кесі күні астана жұртшылығына алғаш рет көрсетілді. 
Мұнда Қыз Жібектің ролін Күләш, Төлегеннің ролін Қа-
набек, Шегенің ролін Манарбөк, Бекежанның ролін Құр-
манбек орындады. 
Театр коллективінің бұл «Қыз Жібектен» кейінгі 
койған төртінші спектаклі — Бейімбет Майлиннің 
«Жалбыр» атты музыкалы пьесасы. Қазақтың халық 
музыкасы негізінде бұл пьесаның музыкасын компози-
тор Евгений Брусиловский жазған болатын. Мұнда 
басты рольдерді орындаушылар: Жалбыр — Құрман-
бек, Хадиша — Күләш, Елемес — Манарбек тағы тағы-
лар болды. 
Ілгеріде аталған осы «Айман — Шолпан», «Шұға», 
«Қыз Жібек» және «Жалбыр» спектакльдері театр кол-
лективінің творчестволық өсу жолындағы ең алғашқы 
бастамасы болып саналады. 
Сөйтіп, алдымен музыка студиясы, соңынан музыка 
театры атанғанына екі жыл ғана болған қазақтың жас 
көркемөнерінің коллективі өздерінің аз жыл ішіндегі 
творчестволық табыстарын көрсету үшін 1936 жылы 
май айында Отанымыздың ұлы астанасы Москваға бар-
ды. Бұл қарсаңда театрға тағы да көптеген жаңа кадр-
лар келді. 
17 май күні Үлкен театр сахнасында қазақ көркем-
өнері мен әдебиетінің онкүндігі ең бірінші рет Ғабит 
Мүсіреповтың «Қыз Жібегімен» ашылды. 


Бұл тұңғыш көрсетілген спектакль театрға келген 
астана жұртшылығына түгел ұнады. Әсіресе, мүнда 
«Қыз Жібек» роліндегі Күләштің, Төлеген роліндегі 
Қанабектің, Бекежан роліндегі Құрманбектің, Шеге 
роліндегі Манарбектің, Базарбай роліндегі Қалыбектің 
рольді орындау шеберліктері ерекше көзге түсті. 
«Қыз Жібектен» кейін қазақ театрының коллективі 
Бейімбет Майлиннің музыкалы «Жалбыр» пьесасын 
кероетті. Мүнда да Қүрманбек Жандарбеков Жалбыр-
дың, Күләш Байсейітова Хадишаның, Манарбек Ержа-
нов Елеместің, Елубай Өмірзаков Қайрақбайдың, Шәкен 
Айманов Алашордашының, Қапан Бадыров уезд на-
чальнигінің рольдерін өте жаксы орындап шықты. 
23 майкүнгі берілген ең соңғы қорытынды концертте 
қазақ халқының жүз жасаған үлы ақыны Жамбыл өзі-
нің жалынды жырымен Москва халқына Советтік Қа-
зақстанның жолдаған туысқандық сәлемін айтып берді; 
қазақ көркеменерінің көрнекті қайраткерлерінің бірі — 
Ахмет Жұбановтың басқаруындағы жаңадан ұйымдас-
қан халық музыка аспаптар оркестрі қазақтың бірнеше 
көңілді күйлерін сәнді сазымен орындап, тыңдаушылар-
ды тамаша сүйсіндірді. 
Сейтіп, қазақтың жаңа өсіп келе жатқан көркем-
өнерінің аз уақыт ішінде қол жеткен творчестволық та-
быстарын Москва халқы аса жоғары бағалады. Осы он 
күндікте өздерінің өте шебер орындаушылығымен ерек-
ше кезге түскен бірсыпыра көркемөнер қайраткерлері 
ордендармен, медальдармен наградталды. Олардың 
ішінде: Қалыбек Қуанышбаев, Күләш Байсейітова, 
Құрманбек Жандарбеков, Серке Қожамқүлов, Елубай 
Өмірзақов, Манарбек Ержанов, Қанабек Байсейітов бар 
еді. 
Бұл барған сапарлары сәтті болып, сыннан сүрінбей 
өтіп, үлкен қуанышпен қайтқан театр коллективі енді 
өздерінің кунделікті жүмыстарына барынша белсене 


кірісіп, творчестволық өнерлерін күннен-күнге шыңдай 
түсті. 
Міне, осыдан бір жыл өткеннен кейін композитор 
Евгений Брусиловский жазған қазақтың «Ер Тарғын» 
атты тұңғыш операсы жарыққа шықты. Бұл опера театр 
сахнасында ең бірінші рет қойылғаннан кейін 1937 
жылы бұрынғы музыка театры қазақтың мемлекеттік 
опера театры болып аталуы жөнінде Үкіметтің арнаулы 
қаулысы болды. 
Осыған байланысты театрға жаңа артистер алу жа-
ғы мықтап қолға алынды. Соның нәтижесінде Мүслім, 
Ришат Абдуллиндер, Серғали Әбжанов, Мұрат Толы-
баев, Нұрмағамбет Әбішев, Рақымбай Қарымбаев, Би-
дахмет Сарманов сияқты бірсыпыра жас артистер қата-
ры молая бастады. Олар осы театрмен бірге өсіп, бірге 
жасасып келе жатқан бұрынғы аты әйгілі артистерден 
соңғы көркемөнеріміздің орта буынды жаңа туындыла-
ры еді. Қазақтың операсы «Ер Тарғыннан» кейінгі театр 
репертуарына біртіндеп қосыла бастаған компози-
торлар Надировтың «Терең көл», Великановтың «Тұтқын 
қыз», Зильбердің «Бекет», Брусиловскийдің «Алтын ас-
тық», «Гвардия алға» операларының барлығы да ілгері-
де аталған жаңа кадрлардың қатысуларымен қойылып 
отырды. 
Советтік Қазақстанның көркемөнері жыл сайын гүл-
дене өсіп, көрнекті табыстарға жетумен қатар ондағы 
кадрлардың орындаушылық өнер шөберлігі де күннен-
күнге төселе түсті. Басында көркемөнершілер үйірмеле-
рі дәрежесінде ұйымдасқан қазақ театры енді көптеген 
профессионал орындаушылармен толықты. 
Халқымыздың күнделікті өскелең талабына сай ар-
наулы музыка мектептерінде, консерваторияда оқып, жо-
ғары дәрежелі білім алған Ермек Серкебаев, Роза Жа-
манова, Кәукен Кенжетаев, Байғали Досымжанов, Ша-
бал Бейсекова, Бекен Жылыспаев, Бибігүл Төлегенова, 


Айсұлу Байқадамова сияқты нағыз музыка шеберле-
рі туды. Бұлар — соңғы жылдар ішінде өнер шыңына өр-
леп қанат қаққан көркемөнеріміздің өрен жас түлек-
тері. 
Міне, осындай жас талаптылардың аралас катысуы-
мен театрдың соңғы жылдар ішінде дайындаған Ахмет 
Жұбанов пен Латиф Хамидидің «Абай» операсы, Евге-
ний Брусиловский мен Мұқан Төлебаевтың «Амангелді» 
операсы, Төлебаевтың «Біржан-Сара» операсы, Бруси-
ловскийдің «Дударай» операсы, Құддыс Қожамьяровтың 
«Назгум» опералары қойылды. 
Қазақ операсы қатарға қосылып, кемеліне келген 
кезде орыс, Батыс Европа классиктерінің және басқа 
туысқан республикалар композиторларының операларын 
қоюды да толық меңгере білді. Олардың ішінде Чайков-
скийдің «Евгений Онегин» операсы, Рубенштейннің 
«Демон» операсы, Пуччинидің «Чио-Чио-Сан» операсы, 
Бизенің «Кармен» операсы тағы осындай бірсыпыра опе-
ралар бар. 
Тағы бір мақтаныш етерлік іс — опера театры мен 
мемлекеттік филармония коллективіне кейіннен келіп 
қосылған жас таланттар тобының шетелдерге барып, өз-
дерінің өскелең өнерлерін өте орынды көрсетіп, асқан 
абыройға ие болды. Демек, бұлар 1948 жылы Будапеште, 
1950 жылы Берлинде, 1953 жылы Бухаресте, 1955 жылы 
Варшавада, 1957 жылы Москвада болған бүкіл дүние-
жүзілік жастардың өнер жарысында үнемі алдыңғы қа-
тардан орын алып отырды. 
Міне, осындай ұлы дүбір жарыста озып шығып, ел 
мақтанышы болған жас орындаушылардың ішінде Роза 
Бағланова, Байғали Досымжанов, Бәтима Балғаева, Ер-
мек Серкебаев, Бибігүл Төлегенова сияқты тамаша жас 
таланттар кәзіргі кезде көркемөнеріміздің көрнекті кадр-
лары қатарына қосылып отыр. 
Сөйтіп, Ұлы Октябрь социалистік революциясынан 
10 

бұрын басы бірікпей, жеке домбырада ғана орындалып, 
от басы, ошақ қасынан ұзай алмаған қазақ күйлері тек 
совет өкіметі тұсында ғана үні көкке өрлеп, өрісі кеңіді. 
Оның даңқы бір ғана совет елінде емес, бүкіл жер жүзіне 
жайылды. Міне, осы айтылғандардың барлығы да қазақ 
көркемөнерінің творчестволық өсу жолындағы аса жоға-
ры көрсеткіштерінің бірі болып саналады. 
Республикамыздың Жамбыл атындағы мемлекеттік 
филармониясында істейтін Жамал Омарова, Шара Жиен-
құлова, Жүсіпбек Елебеков, Манарбек Ержанов, Қали 
Жантілеуов, Жаппас Қаламбаев, Роза Бағланова, Нұ-
ғыман Әбішев, Гүлнәрфис Баязитова, Бәтима Балғае-
ва сияқты көркемөнер шеберлері өздерінің орындаушы-
лық өнерлерімен кейінгі жастарға үлкен үлгі болып ке-
леді. 
Қазақ көркемөнерінің жан-жақты өсуінің тағы бір ай-
ғағы — астанамыз Алматыда кейіннен ұйымдасқан қазақ 
киностудиясы, жасөспірімдер театры және мемлекеттік 
ән-би ансамблі, хор капелласы, симфония оркестрі, Абай 
атындағы мемлекеттік академиялық опера және балет 
театрының хоры мен оркестрі сияқты орындаушылар кол-
лективі бар. Бұл коллективтерді басқаратын Ғазиз Ду-
ғашев, Нұрғиса Тлендиев, Шамғон Қажығалиев, Галина 
Виноградова, Фуат Мансуров, Евгений Манаев, Тұрғұт 
Османов, Василий Лисица сияқты музыка мамандары — 
дирижерлер қатары жыл сайын өсіп келеді. 
Қазақ көркемөнерінің және осы салада жұмыс істеп, 
өніп-өсжен көптеген өнерлі кадрлардың отыз үш жыл 
ішіндегі творчестволық тамаша табыстары таразыға тар-
тылғандай тағы бір үлкен сыннан өтті. Ол, 1958 жылы де-
кабрь айында қазақ әдебиеті мен көркемөнерінің Мос-
квада болған онкүндігі еді. Бұрынғы 1936 жылы болған 
онкүндікке қарағанда соңғы жиырма екі жылдың ішінде 
көркемөнеріміздің үлкен өзгеріп, өскендігі Москва жұрт-
шылығына бірден-ақ байқалғандай болды. 
11 

Бұрынғы онкүндікте «Қыз Жібек», «Жалбыр» музы-
калы пьесалары ғана көрсетілген болса, бұл жолы ірі 
формалы опералық шығармалардан: Мұқан Төлебаев-
тың «Біржан-Сара» және Ахмет Жұбанов пен Латиф 
Хамидидің «Абай» операсы қойылды. Сонымен қатар 
ұлы қытай халқы мен Совет Одағы халықтарының досты-
ғы жөнінде жазылған Нұрғиса Тлендиев пен Степанов-
тың «Достық жолымен» деген жаңа балеті көрсетілді. 
Бұл — біздің көркемөнер саласындағы ең сонғы жанр-
лардың бірі. Міне, осы спектакльдердің бәрі де көруші-
лер мен тыңдаушыларды тамаша сүйсіндірді. 
Осы онкүндіктің ең соңғы қорытынды концертінде 
Ришат, Мүсілім Абдуллиндердің, Жамал Омарованың, 
Ғарифолла Құрманғалиевтің, Роза Бағланованың, Би-
бігүл Төлегенованың, Ермек Серкебаевтың, Роза Жама-
нованың, Құрманғазы атындағы халық музыка аспаптар 
оркестрінің, хор капелласының, мемлекеттік ән-би ансам-
блінің орындауындағы қазақтың ән, күйлері, әсіресе, 
Мұқан Төлебаевтың «Коммунизм шұғыласы» атты кан-
татасы аса жоғары баға алды. 
Міне, бұл онкүндіктің тамаша өрлеу үстінде өте жақ-
сы өтуі нәтижесінде қазақ көркемөнерінің қарт қайрат-
керлері — Қалыбек Қуанышбаев, дарынды композитор 
Мұқан Төлебаев, сахна шебері және кинофильмдер ре-
жиссері Шәкен Айманов, талантты жас актерлер: Ермек 
Серкебаев, В. Б. Харламова және Роза Жаманова Совет 
Одағының Халық артисі деген ең құрметті атақ алды. 
Қазақстанның көркемөнер саласында сан жылдар бойы 
сагталы еңбек сіңіріп келе жатқан көптеген талант иелері 
ордендармен, медальдармен наградталды, олардың ішін-
де Серке Қожамқұлов, Елубай Өмірзақов, Құрманбек 
Жандарбеков, Қанабек Байсейітов, Жүсіпбек Елебеков, 
Жамал Омарова, Шара Жиенқұлова, Роза Бағланова, 
Хадиша Бөкеева, Евгений Диордиев, Евгений Брусилов-
ский, Құддыс Қожамьяров, Лидия Чернышева сияқты ал-
12 

дыңғы қатардағы көркемөнер қайраткерлері ең жоғарғы 
награда — Ленин орденін алды. Сондай-ақ осындай көр-
некті көркемөнер кадрларының тәрбиеленіп өскен үлкен 
мәдениет ордасы — қазақтың Абай атындағы мемлекет-
тік академиялық опера және балет театрына да Ленин 
ордені берілді. 
Енді, кітапшамыздың бас жағында айтылғандай, оқу-
шыларымызды көркемөнердің бір топ шеберлерімен же-
келеп таныстырайық. 

ҚАЛЫБЕК ҚУАНЫШБАЕВ 
Өз қалпынан өзгеріп, өзге адамның мүсінін жасау 
немесе жақсының жағымды, жаманның жиренішті 
мінезқұлқын бұлжытпай көрсете білу неткен кейіпкер-
лік қасиет десеңізші. 
Қоңыр күз. Елдің алды жаңа ғана қыстауға қона 
бастаған кез. Кәзіргі Қарағанды облысы, Қу ауданы, 
бұрынғы Сартау болысы, 6-ауылдағы «Шормақай» дейтін 
жерде тұратын Ауғамбай аулына күн бата берген кезде 
оншақты салт аттылар сау ете түсті. 
— Уа, бұлар кім болады екен? деген ауыл адамдары-
ның сұрауларына, бұлар сайлау өткізу үшін ауданнан 
келген уәкілдер көрінеді деп жауап берді, қонақтардың 
атын байлап, соларға араласып жүрген бір жігіт. 
— Ал, уәкілдің қасындағылары ше? 
— Олар: әнші — Ғаббас, кәдімгі пері Қалыбек, қал-
ғандарын өзім де біле қоймадым,— деді ол. 
Қонақтар жайланып біраз отырғаннан кейін шай да 
14 

дайын болды. Бірақ, үйдегі қонақтардың бірі Қалыбек 
жоқ. 
Апырау ол қайда? Әлде ауыл қыдырып кетті ме 
екен? — деген оймен қатарлас отырған үйлерді қарасты-
рып жүргенімізде, әскерше киінген, бурыл сақалды, орта 
жастағы бір адам үйдің алдына ат ойнатып жетіп келді. 
Келгеннен-ақ ол ақыра сөйлеп, ауыл адамдарының ап-
шысын қуырып барады. Сондағы айтатын сөзі: сендер 
Қышқаш дейтін қашқынды тығып отырсыңдар, соны тез 
шығарып беріңдер, әйтпесе біріңді қалдырмай ауданға 
жаяу айдап кетемін, Екінің бірі, екінің бірі, қалаған-
дарыңды алыңдар,— деп зірк-зірк етеді. 
Бөгде адамның зілді еөзінен зәресі ұшып, жандарын 
қоярға жер таппай, қорыққандар ауыл сыртындағы 
«Шормақай» бұйратына қарай бет ала, біртіндеп қашып 
та жатыр. 
Бұрын көрмеген ауыл адамдары түгіл өзімен бірге 
келген жолдастары да тани алмай сәлем беріп, амандаса 
бастаған кезде ғана Қалыбек шыдай алмай күліп жібе-
ріп, аттан секіріп түседі. 
Сөйтсек ол қонақтарға сойылып жатқан сұр серкенің 
терісінен сыдырып алған бұшпақтың қылын қайшымен 
қырқып, кәдімгідей сақал, мұрт жасап алыпты да, түсін 
бояп, сөзін бұзып, әлде бір әскери адамның қалпына түсе 
қойыпты. 
Оның ойда жоқта осындай образ жасауы осы күнге 
дейін менің ойымда қалыпты,— дейді өзінің бір заманда-
сы Қалыбектің актерлік жәйін әңгіме еткенде. 
Міне, бұл Қалыбектің жасынан бойына біте қайнаған 
нағыз актерлік қасиет еді. 
Ол кезде театрдың өзі түгіл, атын да естіп көрмеген 
бұл талант иесінің ауыл ішінде жүріп түрлі образдар 
жасау ісімен шұғылдануы, әрине, жәй бір кездейсоқ жағ-
дай ғана емес, дарынды ой толқынынан туған тамаша 
тапқырлық демекпіз. 
15 

Ал, енді, Қалыбектің өмірбаяны мен творчестволық 
өсу жолына тоқталалық. 
Қалыбек Қуанышбаев 1893 жылы 26 апрельде, кәзір-
гі Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, Сартау село-
лық советіне қарайтын «1-Май» колхозындағы «Қара 
қопа» дейтін жерде, кедей шаруаның семьясында туды. 
Әке тәрбиесінде болған жас кезінде ауыл ішіндегі 
дүмше молдалардан оқып, арапша хат таниды. Бірақ, 
кейіннен оны пайдасыз деп тауып, оқуды тастап кетеді 
де, өзінің жасынан сүйетін ойын-сауық, той-думан жағы-
на көбірөк көңіл бөледі. Сөйтіп ол аздап та болса өлең, 
тақпақ және күлдіргі сөздер айтып, ауыл адамдарының 
көзіне түсе бастайды. 
Қалыбек 1916 жылы, 23 жасында қазақ жастарын 
қара жұмысқа алу туралы патша жарлығы шыққан қар 
саңда жұмысқа барып, қайтқаннан кейін өз тұсынан кә-
сіп іздеп, жан сақтау қамына кіріседі. Сол мақсатпен 
ол Омбы қаласындағы тері заводына барып орналаса-
ды. Онда төрт айдай істегеннен кейін сол қалада ат ай-
дау жұмысына ауысады. Сонымен, аяулы жас өмірінің 
бір бөлегін түрлі жұмыстар істеумен өжізген Қалыбек 
енді өзінің жасынан көксеген өнеріне бет бұрады. 
Қалыбек Қуанышбаев сол кездегі даңқты Қоянды 
жәрмеңкесінде әнші Қали, ойыншы Зәрубай, күлдіргі 
Омар сияқты сыйлас серіктерімен бірге жүріп, ойын-сау-
ықтың туын тіккендей болады. Көпшілік бас қосқан жи-
ын-топтарда түрлі өнерлерін көрсетіп, халықтың сый-кұр-
метіне бөленеді. Олар сол Қоянды жәрмеңкесінде балуан 
Қажымұқан, керекулік әнші Майрамен танысып, талай 
сауық кештерін бірге өткізеді. 
Ол кезде қазақтың театры, филармониясы, киносы 
сияқты ойын-сауық орындары бола қоймағандығы, әри-
не, бәрімізге де мәлім. Сондықтан жаңағы айтылған көр-
кемсөз өнерпаздарының көрсеткен ойындарының өзі де 
халықты соншалық қызықтыратын. 
16 

Міне, осы жәйді анықтай түсу үшін көз көрген мына-
дай бір жәйтті айта кетуге тура келеді. 
Июнь, июль айларының ми қайнатқан ыстық күнде-
рінде болатын сол Қоянды жәрменкесінде қымыз сауда-
сы да өте қыза түсуші еді. Онда Ақмола, Көкшетау, 
Баянауыл, Қарқаралы, Семей сияқты жерлерде жапсар-
лас отыратын елдерден әдейі қымыз сатуға келгендер өз 
алдына қатар- қатар киіз үйлер тігіп алатын да, күндіз-
түні тынбай қымыз сататын. 
Үнемі сонымен кәсіп ететін жырынды сатушылар кы-
мыэдары өтімді болу үшін әлгі Қалыбек бастаған бір 
топ өнерпаздарды үйлеріне таласа шақыратын, өйткені 
олардың көрсеткен ойындарын, асқақтата шырқап сал-
ған әсем әндерін тыңдауға жиналған жұрт күніне әлде-
неше саба қымыз ішіп кететін-ді. 
Жасынан-ақ жарқын мінезді, әзілқой Қалыбек өзінің 
дос-жарандарының арасында күлдіргі сөз шебері болу-
мен бірге, сол кездегі бай-манап, мырзасымақтардың сан 
алуан сұрқиялық мінез-құлықтарын сықақ етіп, қатты 
сынайды. Оның бұл сырын сырттан білетін кейбір бай-
шігештер мінімді айтып, бетіме басар-ау дегендей қор-
қып, Қалыбекті көрсе анадайдан қашып жүретін. 
Бір жылы тағы да сол Қоянды жәрменкесіне бұрын-
нан бір дуан елге аты әйгілі Ақайдың Хасені келіпті 
деген хабармен сол түскен үйге өзі бастас өңшең қасқа 
мен жайсандар жинала қалыпты. 
Міне, осы топтың үстіне Қалыбектер де кіріп келеді. 
Біраздан кейін-ақ ол ежелгі әдет бойынша отырғандар-
ды өткір тілмен сықақ ете бастайды. Осы кезде, жаңада 
ғана саудамен байыған Орынбасар Матақов орнынан 
ұша тұра келеді де, алақанын екі рет соғып, он сауса-
ғын нұсқайды. Бұл оның кейін он сомдықтан екі черво-
нец беремін, мені сынай көрме деп, жалынған ишараты 
екен. 
Міне, Қалыбектің осы сияқты күлдіргі әңгімелері ай-
2—1393 17 

та берсе таусылмайды. Ал, енді келелі мәселелерге ке-
лелік. 
Жылдар өтті. Қалыбектің өнерпаздық даңқы ауыл-
дан ауданға, ауданнан облысқа, одан асып республика-
мыздың астанасына да келіп жетті. 
Бір күні, сол кездегі көркемөнер істерін басқаратын 
орынның арнаулы шақыртуымен Қалыбек Қызылорда-
дағы жаңадан ғана ұйымдасқан қазақ театрының ак-
терлік қызметіне келіп орналасты. Бұл 1925 жылдың аяқ 
кезі болатын. 
Қалыбек Қызылордаға барысымен республикамыз-
дың әр түкпірінен театрға түсу үшін жиналған өңшең 
талант иелерімен танысты. Олардың ішінде Әміре Қа-
шаубаев, Иса Байзақов, Елубай Өмірзақов, Серке Қо-
жамқүлов, Құрманбек Жандарбеков сияқты көркемөнер 
саңлақтары бар еді. Қалыбек солармен қол ұстаса жұ-
мыс істей бастады. 
Сөйтіп біраз дайындықтан кейін 1926 жылы 13 ян-
варь күні жаңадан ұйымдасқан жас театрдың тұңғыш 
рет сахна шымылдығы ашылды. 
Алғашқы күні Мұхтар Әуезовтың «Еңлік — Кебек» 
пьесасының 1-актісі қойылып, соңынан концерт бөлімі 
берілді. Қонцерт кезінде Қалыбек өзінің «Қыз ұзату» 
дейтін күлдіргі әңгімесін айтып, тыңдаушыларды тама-
ша сүйсіндірді. Әсіресе бір өзі үш-төрт дауыспен сөйлеп, 
түрлі образдар жасауы оның дарынды актерлік қабілеті 
молдығын әбден толық танытқандай болды. 
Астана жұртшылығының алдындағы ең алғашқы сах-
налық өнері өте сәтті болып шыққаннан кейін-ақ Қалы-
бек енді түрлі пьесалардағы жауапты рольдерді орын-
дауға кірісті. Театр сахнасында тұңғыш рет қойылған 
драматург Мұхтар Әуезовтың «Еңлік — Кебек» пьеса-
сындағы Кебектің, Қараменде бидің және Көбейдің 
рольдерін ойдағыдай жақсы орындау шеберлігін жақсы 
меңгере білді. 
18 

Қалыбек Қуанышбаев отыз жылдан астам театр 
сахнасында жүз алпыс түрлі рольдер атқарып, асқан ак-
терлік шеберлігін шын мәнісінде көрсетіп келеді. Оның 
ішінде: Мұхтар Әуезовтың «Түнгі сарыныидағы» халық 
көтерілісінің басшысы Данекенің, Шахмет Хұсайыновтың 
«Алдар көое» пьесасындағы Шораяқтың, Әуезов пен 
Әбішевтің «Намыс гвардиясындағы» генерал Панфилов-
тың, Ғабит Мүсіреповтың «Ақан сері — Ақтоқты» пьеса-
сындағы мылқау балуанның рольдерін орындаудағы 
кейіпкерлік шеберлігін атап айтуға болады. 
Әсіресе, тілсіз мылқаудың ролін үнсіз ойнап, оның 
ішкі ой дүниесі мен көздеген мақсатын, іс әрекетін жә-
не сыртқы көрініс образдарын жасаудағы тамаша ше-
берлігі көрушілерді еріксіз тандандырады емес пе? 
Қалыбек тек қазақ пьесасында ғана емес, сонымен 
қатар орыс және Батыс Европа классиктерінің бірсыпы-
ра пьесасындағы түрлі үлкен рольдерді де ойдағыдай 
жақсы орындап келеді. Мысалы, Погодиннің «Ақсүйек-
тер» пьесасындағы лагерь бастығының, Гогольдің «Реви-
зорындағы» дуанбасының рольдерін ойнаудағы асқан 
актерлік шеберлігін мейлінше мақтанарлық өнер деуіміз 
керек. 
Қалыбектің өзгелерден озық актерлік қасиеттері то-
лып жатыр, оның өмір шындығын өз қалпында дұрыс бе-
ре алатындығы, қай халықтың болса да өзіне тән салт-
санасына сай образдар жасай білетіндігі, өзінің бойына 
біткен дарынды өнерімен әрбір рольдің өзіне лайықты 
дауыс кұбылысын өте орынды пайдаланатындығы, бір-
ыңғай, халыққа сүйікті кейіпкерлердің ғана емес, соны-
мен қатар жексұрындар образдарын да шебер жасай 
алатындығы және сахнада сөйлеу әдісіне өте жетіктігі 
жан сүйсіндіреді. 
Қалыбек Қуанышбаев осындай актерлік өнерімен 
жазушылық талантын да қоса көрсетіп келеді. Ең ал-
ғашқы адымын ертеде ауылда жүрген кезінде күлдіргі 
2*
 19 

сықақ өлеңдер жазудан бастаған ол, соңынан сахналық 
пьесалар жазу ісімен де шұғылданады. 
Бұдан бұрынырақ жазған бірнеше шағын пьесалары-
нан басқа драматург Шахмет Хұсайыновпен бірлесіп 
жазған «Шаншарлар» атты пьесасы 1948 жылы жарық-
қа шығып, театр сахналарында қойыла бастады. 
Қалыбектің сан алуан күлдіргі әңгімелері мен өлең-
дері газет-журнал беттерінде және түрлі жинақтарда 
жыл сайын жарияланып жүр, олардан басқа өзінің жеке 
кітапшалары да басылып шықты. 
Қалыбөк Қуанышбаев өзінің орындаушылық және 
жазушылық өнерінің үстіне ол тәрбиеші, көпшілік қо-
ғам қайраткері. Ол театр коллективіндегі көптеген жас 
актерлердің кемшіліктерін түзетумен қатар өз білгенін 
үнемі үйретіп, оларға көп жылдар бойы ұстаздық етіп 
келеді. 
Қалыбек 1947 жылдан 1958 жылға дейін, он екі жыл-
дай, СССР Жоғарғы Советінің депутаты болды. 
Ұлы Октябрь социалистік революциясының жеңісі 
нәтижесінде қайта туған қазақ халқының түрі ұлттық, 
мазмұны социалистік көркемөнерін өркендету жолында 
отыз жылдан астам актерлік қызметін атқарудағы сіңір-
ген ерекше еңбектерін партия мен үкімет өте жоғары ба-
ғалап, Қалыбекке 1934 жылы республиканың еңбек сіңір-
ген артисі, 1936 жылы Қазақ ССР-нің Халық артисі де-
ген құрметті атақтар берді. Сонымен қабат 1936 жылы 
Құрмет белгісі орденімен, Қазақстанның жиырма бес 
жылдығында Еңбек Қызыл ту орденімен және Мемле-
кеттік драма театрының жиырма бес жылдығында 
Ленин орденімен наградталды. Сондай-ақ «Абай» 
спектаклінде Құнанбайдың образын өте жақсы жасаған-
дығы үшін 1951 жылы Қалыбекке Сталиндік сыйлықтың 
лауреаты атағы берілді. 
Жақында Қалыбектің шат өміріне сай, әрі қызықты 
әрі қуанышты тағы бір тамаша жаңалық болды. Ол — 
20 

қазақ әдебиеті мен көркемөнерінің Москвада болған 
онкүндігіне байланысты Совет Одағының Халық артисі 
деген ең құрметті, ең жоғары атаққа иеленді. 
Жасы алпыстың алтауына жетіп, кемеліне келіп 
отырған кезінде кездескен бұл абыройлы атақ халқы-
мыздың ардагері Қалекеңнің атына қандай лайықты, 
кандай жарасымды мәртебе десеңізші. 
Міне, осының бәрі оның ұзақ жылдар қажымай-тал-
май істеген адал қызметінің қымбатты жемісі. 
Ал, ендігі айтарымыз еліміздің осындай қадірлі ақса-
қалы, көркемөнердің көрнекті қайраткері Қалыбек әлі 
де көп жылдар бойы жасай берсе екен дейміз. 

Каталог: saryarka -> karaganda -> book
book -> Қ а з а қ сср ғ ы л ы м а к а д е м и я с ы м. О. ӘУезов атындағЫ
karaganda -> Евней Букетов:…қазақи қалпымда ойланамын
karaganda -> Қарағанды тас көмірін алғаш тапқан Апақ Байжанов туралы алып-қашты əңгімелер төңірегінде
karaganda -> Кешегі кеніш көркем əдебиетте Қазыналы қарашаңырақ
book -> Летопись трудовых
book -> Мәннан Тұрғанбаев XX ғасырдың бас кезінде қазақ халқының мұңын жоқтап, ұлт-азаттық қоз
karaganda -> Желтоқсан жаңғырығы Қазыналы қарашаңырақ

жүктеу 3.53 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет