Конспектісі №17-18 Кестелерді даярлау және түзету



жүктеу 71.65 Kb.
Дата12.02.2022
өлшемі71.65 Kb.
#17181
түріКонспект
03.04.2020 -18-20 Қолданбалы информатика
Delphi, Информатика кітап, СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТ НЕГІЗДЕРІ, УМК ИТ в сервисе.Оргтехника (гос 2 пок) (1), 28.03.2020-18-21 Қолданбалы информатика, 07.04.2020-18-20 Информатика, СӨЖ3, instrukciya portal rus

Сабақ конспектісі №17-18

Кестелерді даярлау және түзету

Кесте мәтіндері мен суреттері бар жолдар мен бағандардан, ұяшықтардан тұрады.

Кестелермен жұмыс істеу үшін Кесте (Таблица) менюі пайдаланылады. Кесте бойынша орын ауыстыру үшін ←, ↑, →, ↓ пернелері пайдаланылады.

Кестені құру үшін келесі әрекеттерді орындау керек:



Кесте (Таблица) менюінде Кірістіру (Вставить) командасын және содан кейін Кесте (Таблица) командасын орындау

Кестені кірістіру (Вставка таблицы) терезесінде жолдар мен бағандардың санын көрсету (1 сурет)

ОК батырмасын басу

1 сурет. Кесте менюі


2 сурет. Кестені кірістіру терезесі


Кестені қолмен де дайындауға болады – бұл тәсіл әдетте күрделі кестелерді дайындау үшін пайдаланылады. Кестені дайындау үшін Кесте (Таблица) менюінің Кестенің суретін салу (Нарисовать таблицу) командасын орындау керек (7.18 сурет).

Кестені тез безендіру үшін кестені безендіру мәнері таңдалатын таңдауға арналған терезені шақыратын Кестенің автоформаты (Автоформат таблицы) командасын пайдалануға болады (7.20 сурет).



3 сурет. Кестенің автоформаты терезесі
«Кестелер мен шекаралар» аспаптар тақтасы
Кестелер мен шекаралар (Таблицы и границы) аспаптар тақтасында кестелермен жұмыс істеуге арналған командалар бар .

Кестелермен немесе оның бөліктерімен қандайда бір әрекетті орындамастан бұрын оны ерекшелеп алу қажет.



4 сурет. Кестелер мен шекаралар аспаптар тақтасы
Кестелер мен шекаралар (Таблицы и Границы) тақтасы батырмаларының міндеті:

Кестені құру (Создать таблицу) – кестенің немесе оның элементтерін (жолын, бағанын, ұяшығын) дайындауға арналған

Өшіргіш (Ластик) – кесте шекарасының сызықтарын жояды

Сызықтар типі (Тип линии) – кесте шекарасының типін тағайындайды

Сызықтың қалыңдығы (Толщина линии) – кесте шекарасының қалыңдығын тағайындайды

Шекараның түсі (Цвет границ) - кесте шекарасының түсін тағайындайды

Шекара менюі (Меню Границы) – таңдалынған шекараларды ерекшелейді

Кестені кірістіру менюі (Меню Вставить таблицу) - жаңа кестені немесе оның элементтерін кірістіреді

Ұяшықтарды біріктіру (Объединить ячейки) –ерекшеленгендерді бір ұяшыққа біріктіреді

Ұяшықтарды бөлу (Разбить ячейки) – ерекшеленген ұяшықты (ұяшықтарды) бірнеше ұяшыққа бөледі

Теңестіру (Выравнивание) – ұяшықтардың ішінде мәтінді теңестіруді тағайындайды

Жолдарды теңестіру (Выравнивание строк) – жолдарды биіктігі бойынша теңестіреді

Бағандарды теңестіру (Выравнивание столбцов) – бағандарды ені бойынша теңестіреді

Автоформат – Кестелерді безендіру мәнерін тағайындайды

Мәтіннің бағыты (Направление текста) – ұяшықтағы мәтіннің бағытын өзгертеді

Сұрыптау (Сортировка) и - ерекшеленген ұяшықтардағы мәліметтерді өсуі және кемуі бойынша сұрыптайды

Автоқосынды (Автосумма) – ерекшеленген ұяшықтардағы мәліметтерді қосындылайды.

Компьютермен жұмыс

1 тапсырма : 6 бағанадан 5 жолдан тұратын кесте сыз, бағаналардың енін өз қалауларың бойынша өзгертіңдер

2 тапсырма: Кестеге екі бағана және екі жол қосыңдар

3 тапсырма: Кестеден екі бағана және екі жолды өшіріңдер

4 тапсырма : Кестеде бірінші жолдың және соңғы екі бағанның  ұяшықтарын біріктіріңдер
жүктеу 71.65 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет