Конкурс туралы АҚпараттық хат құрметті әріптестер!



жүктеу 43.11 Kb.
Pdf просмотр
Дата12.01.2017
өлшемі43.11 Kb.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ 

 «LD PRESS» ОҚЫТУ ЖӘНЕ ДАМЫТУ ОРТАЛЫҒЫ 

 

І республикалық конференция-конкурс туралы 



 

                                                     АҚПАРАТТЫҚ  ХАТ 

 

                                                              Құрметті әріптестер! 

Сіздерді  Қазақстан  Республикасы  Мемлекеттік  сыйлығының  және  Тәуелсіз  «Тарлан» 

сыйлығының 

лауреаты, 

Қазақстанның 

еңбек 


сіңірген 

қайраткері, 

жазушы                             

Сайын  Мұратбековтың  80  жылдық  мерейтойына  орай  өткізілетін    республикалық  ғылыми-

тәжірибелік конференция-конкурсқа шақырамыз.  

Тақырыбы:  Сайын  Мұратбеков  шығармашылығы:  ұлттың  рухани-мәдени  дамуындағы 

рөлі, зерттеулер және педагогикалық ізденіс. 



Өткізілу уақыты: 2016 жылғы 28-29 сәуір.  

Басталу уақыты: сағат 10.00.     

Өткізілетін  орны:  Қазақстан  Республикасы  Ұлттық  ғылым  академиясы.  Ғылым  ордасы 

(Ғалымдар үйі). Алматы қаласы Шевченко көшесі №28 (Қонаев көшесінің қиылысы). 

 

Қатынасушылар: 

ғалымдар, 

жазушылар, 

журналистер, 

ЖОО 

оқытушылары, 



докторанттар,  магистранттар,  студенттер,  арнаулы,  орта,  қосымша    білім  беру  мекемелерінің 

мамандары,  жазушы  шығармашылығына,  конференция-конкурсқа  қызығушылық  танытушы  

көпшілік қауым. Конференция-конкурсқа қатысу ерікті болып табылады.   

Конференция-конкурс мақсаты: Жазушы С.Мұратбеков шығармаларының ұлтымыздың  

рухани-мәдени  дамуындағы  рөлін,  жазушы  шығармалары  негізіндегі  зерттеулердің  қазіргі 

жетістігі  мен  болашақтағы  міндеттерін  сабақтастыра  талдау,  жазушы  шығармаларын 

оқытудағы  озық  педагогикалық  идеяларды  іздеу,  осы  бағытта  шығармашылықпен  жұмыс 

істейтін  дарынды  педагогтарды  анықтай  отырып,  өзекті  және  тиімді  инновациялық 

педагогикалық тәжірибелерді тарату, педагог қызметкерлердің кәсіби шеберлігін шыңдау. 



Конференция-конкурс  міндеттері:  

 



Республикадағы  шығармашыл,  зерттеуші  тұлғалар  мен  білім  беру  салалары  

мамандарының кәсіби қарым-қатынас ауқымын кеңейту; 

 

ғылыми-зерттеу  және  білім  беру  салалары  мамандарының  шығармашылық 



әлеуетін және тиімді жұмыс тәжірибесін көрсетуге  мүмкіндік жасау; 

 



ғылым, білім, шығармашылық саласы мамандарының кәсіптік шеберлігі мен кәсіби 

деңгейін көтеру уәждемесін арттыру;  

 

ғылым,  білім,  шығармашылық  саласы  мамандарының  зерттеуге,  ұтымды 



технологиялар  мен  әдістемелерді  қолдануға,  шығармашылықпен  айналысуға 

қызығушылығын арттыруға ықпал ету;  

 

ЖОО  оқытушылары  мен  арнаулы,  орта  білім  беру  мекемелері  мамандарының  



әдістемелік қорын толықтыру. 

Конференция-конкурс  жұмысының негізгі бағыттары: 

- жазушы шығармаларының ұлттың  рухани-мәдени дамуындағы рөлі

- жазушы шығармалары негізіндегі зерттеулер; 

- жазушы шығармаларын оқытудағы озық педагогикалық идеялар мен тәжірибелер. 



Конференция-конкурс  номинациялары:  «Руханият»,  «Филологиядағы  ізденістер», 

«Педагогикалық  жаңа  идеялар  мен  технологиялар»,  «Үздік  сабақ  жоспары»,  «Үздік  ашық 

сабақ»,«Үздік  видеосабақ»,  «Көркем  сөз  шебері»,  «Арнау  өлеңдер»,  «Туынды».  Бір  немесе 

бірнеше  номинацияға  қатысуға  және  таңдаған  номинация  түріне  бірнеше  жұмыс  тапсыруға 

болады.  Бір  жұмысты  бірнеше  номинацияға  ұсынуға  болмайды.  Материалдарды  таныстыру 

формасын  таңдау  автор  құқына  қадырылады:  баяндау,  оқу,  Word,  Роwer  Point  т.б. 

бағдарламаларда таныстырылым жасау т.б.  


1)  «Руханият»  номинациясына  С.Мұратбековтың  қазақ  әдебиетінің  дамуына  сіңірген 

еңбегіне,  шығармаларының  ұлттың    рухани-мәдени  дамуындағы  рөліне  талдау  жасау 

бағытындағы мақалалар қабылданады. 

2)  «Филологиядағы  ізденістер»  номинациясына  жазушы  шығармалары  негізіндегі 

зерттеулердің қазіргі жетістігі мен болашақтағы міндеттерін сабақтастыра талдау бағытындағы 

мақалалар қабылданады. 

3)  «Педагогикалық  жаңа  идея»  номинациясына  С.Мұратбеков  шығармалары  бойынша 

элективті,  арнаулы,  қолданбалы  курстарды  жүргізу  тәжірибесіне  қатысты  материалдар 

(жоспарлар, әдістемелік нұсқаулар,  конспектілер т.б.)  қабылданады. 

 

4)  «Үздік  сабақ  жоспары»  номинациясына:  1)  «Қылау»  әңгімесі  бойынша  (6-сынып) 



жасалған сабақ жоспары; 2) «Жусан исі» повесі бойынша (7-сынып) жасалған сабақ  жоспары 

қабылданады. Екі шығарма бойынша ұсынуға да, тек біреуі бойынша ғана қатысуға да болады. 

Сараптау комиссиясы әр шығарма бойынша жасалған сабақ жоспарларын бөлек арастырады.  

5)  «Шеберлік  сабағы»  номинациясына  1)  «Қылау»  әңгімесі  бойынша  (6-сынып);  2) 

«Жусан исі» повесі бойынша (7-сынып) өткізілген сабақ конспектісі немесе толық рефлексиясы 

(конкурстың  жабық  түріне  қатысушылар  үшін).  Ашық  конкурсқа  қатысушылар  аталған 

тақырыптар  бойынша  шеберлік  сабағын  жүргізеді.  Оқушылар  аудиториясы  қызметін 

қатысушылар атқарады. Қолданылатын көрнекіліктер түріне шек қойылмайды.  

6)  «Үздік видеосабақ» номинациясына 1) С.Мұратбеков шығармалары бойынша оқылған 

дәріс  видеосы;  2)  элективті,  арнаулы,  қолданбалы  курстарды  жүргізу  тәжірибесіне  қатысты 

видеоматериалдар; 3) «Қылау» әңгімесі бойынша (6-сынып); 4) «Жусан исі» повесі бойынша (7-

сынып)  өткізілген  сабақ  видеожазбасы  қабылданады.    Бір  видеоматериал  ұзақтығы  20-25 

минуттан аспауы тиіс.  

7)  «Көркем  сөз  шебері»  номинациясы  бойынша  өткізілетін  байқау  С.Мұратбековтың  кез 

келген шығармасынан алынған үзіндіні сахнада оқу шеберлігі бойынша жүргізіледі. Үзінді 200-

250  сөзден  аспауы  тиіс.  Келіп  ашық  байқауға  қатысуға  да,  оқылған  үзіндінің  видеонұсқасын 

жіберіп сырттай қатысуға да болады.   

8)  «Арнау  өлеңдер»  номинациясына  С.Мұратбеков  және  оның  шығармашылығы  арқау 

болған  арнау  өлеңдер  қабылданады.  Келіп  ашық  байқауға  қатысуға  да,  шығарылған  өлеңнің 

мәтінін я оқылған видеонұсқасын жіберіп сырттай қатысуға да болады. 

9)  «Туынды»  номинациясына  С.  Мұратбековтың  жеке  тұлғасы  мен  шығармашылығына 

қатысты қолөнер мен қылқалам туындылары (салынған сурет, тоқыма, зергерлік бұйымдар т.б.) 

қабылданады. Қатысуға сұраныспен қоса туындының фотосуреті және аннотациясы жіберіледі. 

Туындысын алып келіп қатысуға мүмкіндігі жоқ тұлғалар видеоға түсірілген нұсқасын жіберуге 

болады. Видеоматериалда жасалу процесінің кезеңдері көрсетілсе қосымша ұпай беріледі. 

Конференция-конкурс  номинацияларына  қарай  төмендегі  критерийлер  негізінде 

бағаланады: 

- идеяның өзектілігі;  

- өзіндік ерекшелігі; 

- инновациялық (жаңашылдық) бағыты; 

- авторлық жұмыстың іске асырылу нәтижесі; 

- сабақ мазмұнының белгіленген мақсаттар мен міндеттерге сәйкестігі;  

- заманауи педагогикалық технологияларды меңгеруі;  

- педагогикалық әдістер мен тәсілдердің айқын сипатталуы;  

- оқушылардың белсенді ізденіс қызметіне жағдайлар жасалуы;  

- материалдардың сапалы және сауатты рәсімделуі (әдістемелік мәдениетін көрсетуі, емле 

ережелері мен қазақ/орыс әдеби тілдерінің нормасын сақтауы).  

 

Конференция-конкурсты қорытындылау және марапаттау 



 Конференция-конкурс 

Ережесіне  сәйкес  Сараптау  комиссиясы  жеңімпаздарды 

анықтайды. Әр номинация бойынша жүлделі орындар (І, ІІ, ІІІ) беріледі. Конференция-конкурс 

жеңімпаздары  Дипломдармен,  белсенділік  танытқан  қатысушылар  Алғыс  хаттармен 



марапатталады. Қатысушыларға сертификат беріледі.  Конференция-конкурс қортындысы 2016 

жылғы 28-29 сәуір күндері жарияланады.  

Конференция-конкурс бойынша келесі мадақтау түрлері белгіленді:  

 



Конференция-конкурс жеңімпазының Дипломы

 



Белсенді қатысушыға Алғыс хат; 

 



Қызметкерінің  жаңа  идеясы  мен  тәжірибесін  таратуға  мүмкіндік  жасаған    мекеме 

басшысына Алғыс хат; 

 

Конференция-конкурсқа қатысқаны туралы Сертификат. 



Конференция-конкурс қорытындысы туралы БАҚ құралдарында ресми ақпарат беріледі. 

Конкурс-конференцияның  өткізілуін  ұйымдастыру  және  қаржыландыру,  оның  ішінде 

жеңімпаздарды  марапаттау,  қатысушыларға  сертификат  тапсыру  мәселелерін  осы  шараны 

ұйымдастырушылар жүзеге асырады.     

 

Қатысу тәртібі 

Конференция-конкурсқа  қатынасуға  сұраныс  және  материалдар  электрондық  нұсқада 

2016 жылғы 15 наурызға дейін 

 ldpress_conf @ mail.ru 

эл.поштасы бойынша

 

қабылданады. 



С.Мұратбеков  шығармашылығына  тікелей  қатысы  бар  материалдар  ғана  қабылданады.  

Интернеттен  алынған  дайын    және  бұған  дейін  басқа  жерде  жарияланған  материалдар 

қабылданбайды.  Ұйымдастыру  комитеті  ұсынылған  материалдарды  іріктеуді  өз  құзырына 

қалдырады.  Көрсетілген  мерзімнен  кеш  ұсынылған  және  талаптарға  сай  орындалмаған 

материалдар қарастырылмайды және кейін қайтарылмайды. 

Конференция-конкурс  келіп  қатысатындар  үшін  ашық  және  материал  жіберіп  сырттай 

қатысатындар үшін жабық түрде жүргізіледі. 

Конференция-конкурсқа қатысу туралы  

- сұраныс осы Ережеге тіркелген №3 Қосымша үлгісіне сай толтырылады;  

        - материалдар осы Ережеге тіркелген №4 Қосымша үлгісіне сай ұсынылады. 



Туындаған  сұрақтарға  төмендегі  телефон  нөмірлері  бойынша  жауап  алуға  болады:       

8 (727) 3-95-27-17; 3-06-98-08. +7-778-357-93-60; 8-702-648-29-40. 

Конференция-конкурсқа  жіберілген    материалдар  бойынша  жинақ  шығарылады. 

Материалдарды қазақ және орыс тілдерінде ұсынуға болады. 

Іссапар шығыны жіберуші мекеменің немесе қатысушының өз есебінен төленеді. 

Қатысушыға қажет болған жағдайда конференция-конкурсқа шақыру жіберіледі. 

Конференцияға  қатысу  жарнасы  (5  мың  теңге  көлемінде)  мына  реквизиттер  бойынша 

төленеді:  



Алушы (Получатель): «LD Press» Оқыту және дамыту оталығы» жеке мекемесі  

                                     (Частное учрежение «Центр обучения и развития «LD Press»)  

                                     БСН/БИН 150640016007 

Банк реквизиттері (Реквизиты банка): АО «Казкоммерцбанк» БИК KZKOKZKX 

Шот нөмірі (Номер счета): KZ72926180219T426000 

КБе – 18

 

КНП 



(код назначения платежа)

 - 861 


 

Төлем  мақсаты  (Назначение  платежа):  Ғылыми-практикалық  конференция-конкурсқа 

қатысу үшін (За участие в научно-практической конференции-конкурса). 



 

 

Ұйымдастыру комитеті 



 

 

 

 

 

 


жүктеу 43.11 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет