Конкурс студенческих работ по следующим тематикам: «На зарбаев основатель государ ственной Независимости рк»



жүктеу 0.63 Mb.
Pdf просмотр
бет3/7
Дата28.04.2017
өлшемі0.63 Mb.
1   2   3   4   5   6   7

өтті.  Шығармашыл  жастардың 

бә се кесіне университет студент-

тері де қатысқан болатын.

Фестивальдің  «Бейнелеу  өнері» 

номинациясына бес жүз үміткердің 

ұсынысы  түскенімен,  екі  бірдей 

іріктеу  турынан  соң  170-сі  ғана 

Астана  қаласының  қазіргі  зама-

науи  бейнелеу  өнері  мұражайына 

туындыларын  қою  мәртебесіне  ие 

болды.

Олардың  арасында  біздің  уни-



верситеттің  Кәсіптік  оқыту  ка-

федрасының  «Бейнелеу  өнері 

және  сызу»  мамандығының  сту-

денттері 

Г. Хуат, 

Р. Жакупова, 

М. Агиманова  мен  Е. Мурга  да 

бар.  Фестивальдің  «Бейнелеу 

өнері» номинациясындағы бағ дар-

ламасында:  кескіндеме  мен  гра-

фикадан  байқау-көрме,  шеберлік-

кластар  мен  өнер  дә ріс тері 

ұйымдастырылды.

Атақты  суретші  А.Қазығұлов 

кескіндемеден шеберлік сабағын 

өткізсе, 

мұражайдың 

өнер 


зерт теушілері: 

«Қазақстанның 

бейне леу 

өнеріндегі 

қазіргі 

заманауи 

ерекшеліктері», 

Францияның  бейнелеу  өнері 

жайында  «Өмірге  деген  махаб-

бат»  және  «Күміс  ғасыр»  атты 

бейненовеллалар  мен  дәрістер 

өткізді.


Болашақ  ұстаздар  «Акварель 

сиқыры»  атты  көрмедегі  Ре-

сейдің  Еңбек  сіңірген  суретшісі 

С. Андриакидің  керемет  туынды-

ларымен  танысып,  бір  апта  бойы 

түрлі  концерттер  мен  «Поэзия», 

«Би»,  «Вокал»,  «Балет»,  «Цирк» 

номинациясына  қатысушылардың 

өнерімен сусындады.

Тәуелсіз еліміздің ертеңі жарқын 

екендігін,  «Шабыттан»  шабытта-

нып келген жастардың болашаққа, 

өнер  әлеміне  қалықтап  қанат 

қағуынан сезінеміз .



 М. ЫҚЫЛАСОВА,  

Кәсіптік оқыту кафедрасының  

аға оқытушысы

ЖАСТАР ШАБЫТТАН ШАБЫТТАНЫП КЕЛДІ

2012  жылы  7  қараша  күні 

С.Торайғыров  атындағы  Павло-

дар  мемлекеттік  университетіне 

АҚШ елшілігінің ағылшын тілі жо-

балары  бойынша  Орталық  Азия 

аймағының басшысы Дженнифер 

Ухлер жұмыс сапарымен келді.

Аймақтық 

ұйым 

Орталық 


Азияның  Қазақстан,  Қырғызстан, 

Өзбекстан,  Түркменстан  жә-

не  Тәжікстан  елдерімен  жұ-

мыс  жасайды.  Аталмыш  жоба 

үйлестірушілері  АҚШ  Мем ле кет-

тік Департаментінің ағылшын тілі 

бағдарламалары туралы ақпарат 

беріп,  ағылшын  тілі  пәнінің 

мұғалімдеріне  семинарлар  мен 

тренингтер  өткізіп,  кәсіптік  ассо-

циациялардың  қызметіне  қолдау 

көрсетеді.

Еліміздің  Тұңғыш  Президенті 

Н.Назарбаевтың 

«Үштұғырлы 

тіл»  саясатын  іске  асыру  мақ-

сатында  бұл  ұйымның  атқарар 

ісі  зор.  Қазақстанды  бүкіл  әлем 

үш  тілді  бірдей  пайдалана-

тын  білімді  мемлекет  ретінде 

тануының  да  ауылы  алыс  емес, 

сірә.


Орталық Азия елдерінде ағыл-

шын тілі бойынша жобаларды іске 

асыруды  міндет  еткен  Д.Ухлер 

ханым  университет  мұражайы 

мен  археологиялық  мұражай 

экспонаттарымен  танысты.  Қа-

зақтың  тұрмыс-тіршілігінен,  дәс-

тү рінен  қызықты  мәлімет  алып 

қана  қоймай  университет  ға-

лымдарының  көп  жылғы  еңбек 

жемісі  археологиялық  бай  қазы-

наларынан да қанық болды.

Құрметті  қонақ  С.Торайғыров 

атын дағы 

ПМУ 

ректоры 


С.М. Өмір баевтың қабылдауында 

болып, 


әңгімелеріне 

өзекті 


тақырыпты арқау етті.

ДЕРЕК КӨЗІ:

Орталық 

Азия 


елдерінде 

ағылшын тілі бойынша жобалар-

ды  іске  асыру  кеңсесі  ұсынып 

отырған бағдарламалар:

1.  АҚШ-тан  академиялық  бір 

жыл ға  ағылшын  тілінің  мама-

нын 

ұсынатын 



бағдарлама. 

Бұл  бағдарлама  білім  және 

мә дениет  байланыс  бюрола-

ры  арқылы  АҚШ  мемлекетімен 

қаржыландырылады  және  мә-

де ние таралық  білім  Ор та лығы 

мен  Джоржтаун  уни вер ситетінің 

даму орталығы әкімшілігі арқылы 

жүзеге  асады.  Осы  бағдарлама 

бойынша  АҚШ-тың  140-қа  жуық 

ағылшын  тілі  мұғалімдері  жылы-

на сексенге тарта әлем елдеріне 

жол тартады.

2.  АҚШ-тан  ағылшын  тілі  ма-

манын  шақырту  бағдарламасы. 

Жобаның  міндетіне  қарай  2-16 

апта  мерзіміне  ағылшын  тілінің 

білікті мамандарын қабылдау.

3.  Ағылшын  тілі  пәнінің  мұға-

лімдерін қашықтықтан оқыту кур-

сы.

4.  Жасөспірімдерге  арналған 



Ac cess  микростипендиялар  бағ-

дар ла масы.  Әлеуметі  тө мен 

отбасынан  шыққан  13-20  жас 

ара лығындағы  дарынды  жет-

кіншектерге  екі  жылдық  сти пен-

диялық оқу ұсынады.



Түйін  сөз.  «Үштұғырлы  тіл» 

идеясы  бүгінгі  күннің  талабы. 

Жаһанда  ең  көп  қол да ны ла-

тын  тілді  білу  заманның  қа-

жет ті лігі. Сонымен қатар, тіл – 

достық  дәнекері,  береке  мен 

ынтымақтастықтың  құ ра лы. 

Әйт седе,  осы  сынды  бағ дар-

ламалар  ел  азаматтарын  бә-

секеге  қабі летті  білім  алуына 

кепіл берер деген сенім бар.

Жанар ЕЛЕШОВА

ЕЛ АРАСЫН ЖАҚЫНДАТҚАН – БІЛІМ

БУЛАТ ОКУДЖАВА О ВЕЛИКОЙ 

ОТЕЧЕСТВЕННОЙ ВОЙНЕ

№ 12 (134) 

желтоқсан, қоян жылы 2011

5

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің газеті



Құндылық

ЖАСТАРДЫҢ 

ЭЛЕКТОРАТТЫҚ 

БЕЛСЕНДІЛІГІ

2012 жылдың 22 қаза­

нында университет қа­

бырғасында Қазақстан Ре­

спубликасыОрталықсайлау

комиссиясы студенттерге

насихаттық

бағдардағы



кездесуөтті.

Шараның  мақсаты  ҚР  жа-

стары  электораттық  бел-

сенділігінің  дамуына  үлес 

қосып,  саяси  мәдениетін 

дамыту.  Жастармен  кезде-

су  барысында  ҚР  Орталық 

сайлау  комитетінің  бас  са-

рапшысы,  саясаттану  ғы-

лымдарының докторы, про-

фессор  В.А. Жек сембекова, 

саясаттану 

ғылымдары-

ның  докторы,  профессор 

Ғ.Н. Иренов,  педагогика  ғы-

лым дарының 

докторы, 

профессор  Е.Ө. Жұ матаева 

қоғамдағы 

жастар 

сая-

сатының  көкейтесті  мәсе-

лелерін  атап,  оның  шешу 

жолдарына тоқ талды.

Сайлау  –  демократияның 

ең  маңызды  институты, 

халықтың  өз  еркін  біл ді руі-

нің  және  мемлекетті  бас-

қаруға  қатысуының  басты 

нысандарының  бірі.  Елі-

міздің әрбір азаматы сайлау 

құқығын  жүргізуге  құқылы. 

Бұл  құқық  –  Қазақстан 

азаматтарының  ҚР  Кон-

ституциясы  кепілдік  еткен 

айырықша  құқығы.  Бұл 

сайлау  құқығын  жастар 

қаншалықты  саналы  әрі 

жауапты  атқарса,  елінің 

болашағына  соншалықты 

үлес  қосатыны  сөзсіз.  Кез 

келген  жас  буын  өкілі  От-

анына  деген  махаббаты-

нан,  мемлекеттік  құн ды-

лықтарды  және  ұлттық 

мәдениетті 

дәріптеуінен, 

Елбасына  деген  құрметті 

бойына  сіңі руінен  элек-

тораттық  бел сенділік  ту-

ындайды.  Жас  азаматтар 

сайлауға  қа ты насып  қана 

қоймай, сайлау жұмыстары-

ның  ұйым дас тырушылық 

жұ мыс та ры на 

белсене 

араласуы  жас тар дың  сая-

сатқа 

қызы ғу шы лы ғын 

тудырады. 

Сайлаудан 

кейінгі 

социологиялық 

зерттеу  жұмыстары,  интер-

нет  арқылы  үгіттеу,  саяси 

партиялар  мен  жергілікті 

қоғам дық  ұйымдармен  бір-

лесе  қызмет  ету,  саяси 

байқауларға  қатынасуы  – 

белсенді  жас  электорат-

ты  тәрбиелеуге,  болашақ 

тізгінін  ұстайтын  сенімді 

азамат өсіруге ықпал етеді.

Тәуелсіздік  алғаннан  бері 

жастардың 

көзқарастары 

мен құндылықтары өзгеріп, 

жас  азаматтың  болмысы-

на  әсерін  тигізіп  жатқанын 

ескерсек,  әр  кезеңдегі  сай-

лаудың  ерекшеліктері  де 

алуан 

түрлі 

болатыны 

шарт.  Жас  элктораттардың 

белсенділігін байқасақ: 2005 

жылы  –  28%,  2007  –  50%, 

2011  –  87%,  2012  –  65%.  Де-

мек,  жастардың  саясатқа 

құлшынысы  артып  келеді. 

Сол  себепті,  келешегіміздің 

саналы азаматтары ретінде 

олар  бүгінгі  күннен  бастап 

саяси белсенді болуы және 

елінің  жарқын  болашағына 

үлес  қосуы  маңызды.  Бұл 

шара  жастарға  мағлұмат 

беріп 

қана 

қоймай, 

құқықтық  мемлекеттің  бір 

парасы  сайлау  құқығын 

білетін  еркін  және  ерікті 

азамат  тәрбиелеуге  септігін 

тигізеді.

Аталмыш  ведомствоның  тапсырысы 

бойынша  «Колыбель  солидарности»  қо-

ғамдық  бірлестігі  мен  университеттің 

«Қазақ  тілі  кафедрасының»  ұйымдас-

тыруымен  «Мемлекеттік  тілді  насихат-

тау  бойынша  кешенді  іс-шараларды 

ұйымдастыру»  атты  қазақ  тілінің  мәр-

тебесін ұлықтайтын шаралар кешені өтті. 

Мәселен,  2012  жылдың  25  қазанында 

«Қазақстандықтардың 

тілдік 


қоры» 

дөң гелек  столы,  «Мемлекеттік  тіл  қа-

жеттілігін  жетілдіру»  семинары  өтті.  Ал 

31  қазанда  «Мемлекеттік  тілді  білудегі 

ұлттық  ынтымақтастық»  дөңгелек  үстелі 

мен «Қазақстандықтардың тіл мәдениеті» 

семинарына  тіл  жанашырлары,  зиялы-

лар  мен  ғалымдар  және  студент  жастар 

қатысты.

ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ҚАЖЕТТІЛІГІН 

ЖЕТІЛДІРУ

Бұл жиынның осыған дейін атқарылған 

шаралардан өзгешелігі пікір-талас алаңы 

тек  қазақ  тілінің  шын  жанашырлары  мен 

шын  ниеттес  қамқоршыларына  яғни, 

қазақ тілді аудиторияға арналғандығы.

Дөңгелек  столға  Павлодар  облысы 

Тілдерді  дамыту  жөніндегі  басқарма 

бастығының 

орынбасары 

Қ.Еділбай 

және  Павлодар  қаласының  жалпы 

білім  беретін  мектептерінің  ұстаздары 

қатысты.  Тіл  мамандары  мен  ғалымдар 

өз  баяндамаларында  қазақ  тілінің 

бүгінгі  жай-күйіне  баса  назар  аударып, 

қызықты  мәліметтер  мен  тұшымды 

ұсыныстарымен қатысушыларға терең ой 

салды.

Қ.Еділбай «Павлодар облысында қазақ 



тіліне  және  мемлекеттік  тіл  саясатына 

өзге  ұлт  өкілдері  тарапынан  қарсылық 

білдіріп,  қиянаттық  танытқан  жағдайлар 

орын алған емес», – деді өз сөзінде. Де-

мек,  қазақ  тілінің  дамуына  қарсылық  та-

нытып жатқан ешкім табылмаса, тіліміздің 

көркейіп өсуіне кім кедергі тигізуде деген 

заңды  сұрақ  туындайды.  Бұл  тақырып 

төңірегінде  баяндамашы  былайша  тіл 

қатты:  «Еліміздің  Тұңғыш  Президенті  – 

Елбасы Н.Назарбаевтың «қазақ қазақпен 

қазақ  тілінде  сөйлессін»  деген  сөзі  кез 

келген  қазақтың  жүрегінен  орын  алып, 

іске  асуы  қажет».  Яғни,  қазақ  тілінің  биік 

белесті бағындыруы, қазақ азаматтарына 

ғана жауапты іс.

География  ғылымдарының  докторы, 

профессор, топономист ғалым Қ.Сапаров 

баяндамасына 

«Павлодар 

облысы 

ойконимдерін  зерттеу  және  қалпына 



келтіру мәселесін» өзек етті. Ғалым «1991 

жылдан  қазіргі  уақыт  аралығына  дейін 

облыс  аймағындағы  барлық  елді  мекен 

атауының  (425)  15,5%-ы  ғана  яғни,  69 

атау ғана өзгертілді. Дегенмен де, Павло-

дар  облысының  оң  жағында  орналасқан 

Железин, Шарбақты, Қашыр, Успен, Пав-

лодар  аудандарында  бұл  нәтижелер  ең 

төмен көрсеткішке ие болуда» - деп топ-

шылады  географ  ғалым.  Қазақтың  дар-

хан  даласының  атауларын  қазақ  тілінде 

сайрату  мақсатында  тіл  саясатын  осы 

салада  да  ұтымды  қолдану  бізге  міндет 

болар.


С.Торайғыров  атындағы  ПМУ  қазақ 

филологиясы  кафедрасының  доценті, 

филология  ғылымдарының  кандида-

ты  Г.Кәріпжанова  «Мемлекеттік  тілді 

мәтін  арқылы  меңгеру»  баяндамасын 

оқыды.  Қазақ  тілін  орыс  тілді  балаларға 

неғұрлым  қарапайым,  неғұрлым  түсінікті 

жеткізуді  мақсат  тұтқан  ұстаз  тілді 

оқытудың нақты бағдарламасын ұсынды.

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ БІЛУДЕГІ 

ҰЛТТЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

«Мемлекеттік  тілді  білудегі  ұлттық 

ынтымақтастық»  атты  дөңгелек  столы 

«Қазақстандықтардың тіл мәдениеті» се-

минарымен жалғасын тапты. Бас қосудың 

мақсаты  Павлодар  өңірінің  ұлт  пен 

ұлыстары арасындағы ынтымақтастықты 

нығайту  арқылы  мемлекеттік  тілдің 

мәртебесін асқақтату.

Семинардың 

қонақтары: 

Павло-


дар  қалалық  әкімдігі  Тілдерді  басқару 

секторының  меңгерушісі  М.Нұғман,  Пав-

лодар облысы «Ана тілі» оқу-әдістемелік 

орталығының  бөлім  бастығы  П.Ташева, 

Бұхар 

жырау 


атындағы 

мұражай 


кешенінің бастығы Р.Игібаева.

М.Нұғман  өз  сөзінде  қаламызда 

мемлекеттік тілдің мәртебесі қаншалықты 

бағаланып,  қала  тұрғындары  тілдік 

қатынасты  қаншалықты  іске  асыруда 

деген  сұрақтарға  жауап  берді.  «Пав-

лодар  қаласының  мемлекеттік  тілінің 

қолданысы,  игерілуі  білім  ордалары  мен 

мәдени  шаралардан  ғана  көрініс  тауып, 

салалық  яғни  кәсіптік  тұрғыдан  ақсап 

тұр», - деді өз сөзінде. Яғни, тұрғындарға 

қызмет көрсету саласы өкілдерінің әлі де 

мемлекеттік тілді қолдану аясын кеңітпей 

отырған жайы бар.

ҚАЗТЕСТ  жүйесі  жайында  мол  мағ-

лұмат  берген  «Ана  тілі»  оқу-әдіс-

темелік  орталығының  бөлім  бастығы 

П.Ташеваның 

мәлімдемелері 

білімін 


шыңдап,  білікті  маман  болуды  мақсат 

еткен студенттерді қызықтырғаны сөзсіз. 

«Бұл  жүйе  заңды  жүзінде  2014  жыл-

дан  бастап  өз  жұмысын  бастайды.  Ал, 

бүгінгі  мемлекеттік  қызметкерлер  тапсы-

рып  жатқан  ҚАЗТЕСТ  бақылауы  сынақ 

ретінде  қабылдануда.  Мемлекеттік  қыз-

меткер  болуды  мақсат  етсеңіз  неме-

се  «Болашақ»  бағдарламасымен  білім 

алғыңыз  келсе,  міндетті  түрде  осы  жүйе 

бойынша  бақылаудан  өтіп,  сертификат 

алуыңыз  шарт»,  -  деді  П.Ташева  ханым. 

Бұл жүйе нәтижелі болса, ҚР тілді дамы-

ту және қолданудың 2011-2020 жылдарға 

арналған  мемлекеттік  бағдарламасының 

нысанына  сай  2014  жылға  қарай  –  20%, 

2017  жылға  дейін  –  80%,  2020  жылға 

дейін  –  95%  ересек  азаматтарымыз 

мемлекеттік тілді меңгеруі тиіс деген бол-

жамы іске аспақ.

Р.Игібаева 

өз 


баяндамасында 

мұражай 


саласындағы 

мемлекеттік 

тілдің  деңгейі  мен  бүгінгі  ахуалына 

тоқталды.  С.Торайғыров  атындағы  ПМУ 

Қазақ  тілі  кафедрасының  меңгерушісі, 

филология 

ғылымдарының 

канди-


даты,  профессор,  ҚР  Педагогикалық 

Ғылымдар  Академиясының  корреспон-

дент  мүшесі  А.Зейнулина  «Кәсіби  қазақ 

тілін оқыту технологиясы», С.Торайғыров 

атындағы ПМУ Қазақ тілі кафедрасының 

оқытушысы  Г.Акумбаева  «Қазақ  тілі 

сабағында 

интерактивті 

әдістерді 

қолдану  ерекшеліктері»,  С.Торайғыров 

атындағы ПМУ колледжінің қазақ тілі мен 

әдебиеті  пәнінің  мұғалімі  Б.Оразбаева 

«Кәсіби  қазақ  тілін  оқытудың  тиімді 

әдістері»  тақырыптарында  баяндамалар 

оқыды.

Орыс  топтарының  студенттері  қазақ 



тілінде  өз  қаласы,  Отаны,  мемлекеттік 

тілді  игеруге  атсалысып  жатқаны  ту-

ралы  ойлары  мен  тәжірибесін  көпшілік 

қауыммен бөлісті. 



ШАРАНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ МЕН 

ҰСЫНЫСТАРЫ

1.  Бала  бақша,  орта  мектеп,  жоғары 

оқу  орындарында  оқылатын  қазақ 

тілі  мен  әдебиеті  пәндері  бойынша 

жазылған  стандарттарға  түзетулер  мен 

толықтырулар енгізу.

2.  Оқыту  әдістемелері  бойынша  оқу  – 

әдістемелік  әдебиеттерді  сауатты  жазу 

және жарыққа шығуын қамтамасыз ету.

3. Тілді оқыту мен үйрету жобасы бой-

ынша  электронды  оқулықтарды  жазуды 

қарқынды түрде жүргізу.

4.  Оқу  бағдарламасына  «Аймақтық 

ономастика», «Өлкетану», «Ертіс өңірінің 

тарихы,  әдебиеті,  өнері»  атты  элективті 

курс енгізу.

5. Мемлекеттік тілді насихаттайтын жо-

балар мен хабарларды БАҚ жүйелі түрде 

жариялап отыру.

6. Көркем әдебиет материалдарын бро-

шюра – кітап ретінде қоғамдық ортада на-

сихаттау.

7.Тіл 

мәдениетін 



қалыптастырып, 

жетілдіретін  жұмыстардың  белсенділігін 

арттыру.

8.  Мемлекеттік  тілді  насихаттау  бой-

ынша  жоспарланған  іс-шараларды  іске 

асырудың  тиімділігіне  қол  жеткізу  үшін 

қажетті  нормативтік-құқықтық  базаны 

жетілдіру  және  негізгі  бағдарламалық  іс-

шараларды  мемлекеттік  органдардың 

стратегиялық жоспарларына кіріктіру.

9.  ҚАЗТЕСТ  жүйесі  бойынша  курс 

ұйымдастырып, 

білімді 

бағалау 


өлшемдері бойынша түсініктеме беру.

10.  Жарыссөзде  айтылған  түйін  бой-

ынша,  Қазақстан  Республикасының  әр 

азаматы мемлекеттік тілді саналы түрде 

еркін меңгеруді өзінен бастау керек .

11.  Жарыссөзде  айтылған  түйін  бой-

ынша, 

Қазақстан 



Республикасында 

өткізілетін іс – шаралар аудармасыз таза 

қазақ тілінде жүргізілуін қадағалау қажет.

P.S.  Шаралардың  нәтижесінде  тіл 

мамандары  қазақ  тілінің  өрісі  өткен 

жылдармен  салыстарғанда  біршама 

өсіп,  өркенін  жайып  келетінін  сөзге 

тиек  етті.  Бұл  қуантарлық  жайт.  Дей 

тұрғанымен,  америкалық  профессор  Дэ-

вид Харрисонның: «Тілдің аман қалуы не-

месе жоғалып кетуі, алты жасар баланың 

қолында»,  –  дегенін  қашанда  қаперде 

ұстау  қажет.  Олай  болмаса,  күнара 

әлемде  жойылатын  тілдердің  қатарынан 

қазақ тілін көруіміз де ғажап емес.

Бетті дайындаған Жанар ӘБДІҚАЛИҚЫЗЫ

Н. Назарбаев: «Ұлтты 



күшейтудің бірінші 

тетігі – тіл»

С. ТОРАЙҒЫРОВ АТЫНДАҒЫ ПАВ­

ЛОДАР МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ИММУНИТЕТІН АРТ­

ТЫРАТЫНШАРАЛАРДЫКӨПҰЙЫМ­

ДАСТЫРУЫМЕН

ЕРЕКШЕЛЕНЕТІНІ

СӨЗСІЗ. СОНДАЙ ШАРАЛАРДЫҢ БІРІ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МӘ­

ДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ МИНИСТР­

ЛІГІНІҢТАПСЫРЫСЫМЕНӨТТІ.


№ 14 (148) қараша, ұлу жылы 2012

6

Сіз белесіз бе?



ЕЛБАСЫНЫҢ 

ҚАНАТТЫ СӨЗДЕРІ

Тарих пен тіл – тамырлас.

Біздің  бүкіл  тарихымыздан  мен 

екі  олжамызды  бөліп  атар  едім. 

Оның  біріншісі,  әрине,  –  ата-ба-

баларымыз өздерінің қа нын төгіп, 

жанын  беріп  жүріп,  ақ  найзаның 

ұшымен,  ақ  білектің  күшімен 

қорғап  қалған  қазақтың  қасиетті 

жері.  Тағы  бір  олжамыз  –  сол 

ата-бабаларымыздың  арқасында 

бар  бояуымен,  сырлы  сазымен 

осы  күнге  аман-есен  жеткен  тұп-

тұнық, мөп-мөлдір қазақ тілі.

Өз  тілімізбен  өмір  сүрейік!»  – 

бұдан  артық  қалай  айтуға  бо-

лады?  Қажет  десеңіздер,  одан 

да  оңайлатып  айтайын:  «Қазақ 

қазақпен қазақша сөйлессін!.

Ұлтты күшейтудің бірінші теті гі – 

тіл.

Қазақстанның болашағы – қа зақ 



тілінде.

Уақытты  таңдамайды  –  онда 

өмір сүреді.

Адамдарға  ақыл-парасат  өз 

өмірін жақсарту үшін берілген.

Қазір  –  ынтымақтасу  мен  іскер-

лік  кезеңі.  Қазір  адам дар дың 

өмірін  жақсартуға  бағытталған 

шағын  қадамдың  өзі  шалқыған 

даңғаза  ұраншылдық  пен  үде-

ре  үндеушіліктен  әлдеқайда  ма-

ңызды.


Діннің  тұтастығы  –  елдің  тұ-

тас тығы:  діни  алауыздық  ұлт тық 

алауыздыққа апарып соқты ра ды.

Мұсылман  діні  мен  христи-

ан  діні  –  Қазақстанның  рухани 

дүниесінің қос қанаты.

Маған  рухани  күш,  яғни  адам-

ның  ішкі  жан  дүниесінің  та за-

лығы  мен  діни  сенім  бір-бірімен 

тығыз байланысып, қатар жүретін 

сияқты  көрінеді  де  тұрады.  Мен 

адам  Құдайға  жақын  болу  үшін 

оған қарай өмір бойы сапар шегуі 

керек дегенді жұбаныш етемін.

Қазақ  халқы  жиырмасыншы 

ғасырдың  бүкіл  өнбойында  өзге 

халықтар  түсінде  көрсе  шошып 

оянардай  қасіретті  оқи ғаларды 

бастан кешірді. Мен өз халқымның 

көнбеске  көніп,  шыдамасқа  шы-

дай  алатын  қайратына  қаламын 

қаламын.


Иә,  мен  біздің  кең  байтақ  От-

анымызда  тыныштық  пен  бей-

бітшілік  болғанын  қалаймын. 

Ол  миллиондаған  қазақстандық 

отбасылар  үшін  қажет.  Мен 

қайғыдан  шашы  ағарып  кет-

кен  әзіз  аналардың  мырыш  та-

быт  құшақтап  отырып,  егіліп 

перзенттерін  жоқтағанын,  жас-

тардың  жалыны  тұтанбай  жа-

тып,  қанаты  қиылып,  мүгедек 

болғанын,  қариялар  жермен  жек-

сен болған үйлерінің орнын іздеп 

шарқ  ұрып,  нақақтан  көз  жасын 

төккенін қаламаймын.



жүктеу 0.63 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет