Конкурс студенческих работ по следующим тематикам: «На зарбаев основатель государ ственной Независимости рк»


№ 12 (134)  желтоқсан, қоян жылы 2011



жүктеу 0.63 Mb.
Pdf просмотр
бет2/7
Дата28.04.2017
өлшемі0.63 Mb.
1   2   3   4   5   6   7

№ 12 (134) 

желтоқсан, қоян жылы 2011

3

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің газеті



Елбасы және Ел

Отанымызда биыл «Тұңғыш

Президенткүнін»мерекеленетіні

белгілі.Бұлқуаныштыжаңалыққа

халықшынриза.Қазақстанхалқы

ықыласпен қабылдаған мерекенің

шығу тарихы мен қажеттілігін

білу мақсатында Қазақстан Ре­

спубликасы Парламенті Мәжі­

лісінің депутаты, «Нұр Отан»

ХДП

фракциясының



мүшесі

М.М.Бегентаевпен сұхбаттасқан

едік.

–  Мейрам  Мұхаметрақымұлы,  мере-

ке нің шығу тарихына тоқталсаңыз...

  –  2011  жылы  ел  Тәуелсіздігінің  20 

жылдығына орай Парламент 1 желтоқсан 

күнін Тұңғыш Президент күні ретінде заң 

қабылдаған болатын. Себебі, 1991 жылы 

1  желтоқсанда  Қазақстан  тарихында 

тұңғыш рет Республика Президентін жал-

пы  халықтық  сайлауы  өтіп,  басым  дауы-

спен  (98,7)  Н.Назарбаев  жеңіске  жеткен 

болатын.  Осы  кезден  бастап  Қазақстан 

даму  мен  өркендеудің  даңғыл  жолына 

түсіп, ғасырға татырлық жұмысты 20 жыл-

да еңсергенін бәріміз де куә болудамыз.

–  Демек,  аталмыш  халықтық  мереке 

Елбасы  Н.Назарбаевтың  Президенттік 

жұмысын  бастаған  күннен  бастау 

алғаны ма? 

–  Иә.  Тәуелсіз  Қазақстанның  қалып-

тасуы  мен  даму  арнасына  түсуі 

Президенттің  қызметімен  тікелей  байла-

нысты.  Яғни,  Елбасының  байыпталған 

һәм  терең  зерттелген  ғылыми,  саяси 

ізденістерімен  байланысты  десек  те 

болады.  Бұл  –  шындық.  Бұл  –  ақиқат. 

Мұны  ешкім  де  жоққа  шығара  алмай-

ды.  АҚШ-тың  бұрынғы  президенті  Дж. 

Буш:  «Ол  болашақты  болжай  алады», 

–  деп  атағандай  бүгінгі  сәулелі  күнімізді 

сол  кезде  бағамдап,  бағдарлап,  өтпелі 

кезеңнен  аман-есен  алып  шықты.  1997 

жылы  «Қазақстан  –  2030»  стратегиялық 

бағдарламасы  жасалды.  Онда  еліміздің 

тұтастығы, 

қауіпсіздігі, 

халықтың 

әл-ауқаты, 

бәрі-бәрі 

қамтылған. 

Бағдарламада «Біз алдағы отыз жылдың 

ішінде  орта  дамыған  мемлекеттердің 

қатарына кіреміз» деген мақсат қойылған 

болатын.  Қазір  біз  отыз  жылдың 

ішінде  емес,  бар-жоғы  он  бес  жылдың 

ішінде  әлемдегі  дамыған,  өркениетті 

мемлекеттердің  қатарына  ендік.  Бұл  та-

быс  па?  Табыс!  Президенттің  еңбегі  ме? 

Еңбегі! Мұны қарапайым еңбек адамынан 

бастап, лауазым иелеріне дейін бір ауыз-

дан мойындайды. 

Бүгінде,  жаһан  жұрты  Н.Назарбаевты 

«Ғасыр  тұлғасы»  ретінде  мойындайды. 

Ол  кісінің  іскерлігі  мен  белсенділігімен, 

ақылдылығы  мен  табандылығы,  зеректігі 

мен кемеңгерлігінің арқасында Қазақстан 

биік-биік  асуларды  бағындырды.  Бүгінде 

Қазақстанды бүкіл әлем қуатты мемлекет 

ретінде қабылдайды.

Өзімнің  еңбек  жолымда  Елбасының 

ерекше  қамқорлығын  сезініп  келемін. 

Мәселен, 

білім-ғылым 

саласындағы 

Тұңғыш  Президент  –  Елбасы  Н.Назар-

баевтың  атқарған  істері  алмағайып. 

Біріншіден,  жастардың  әлемдік  бәсекеге 

қабілетті  болу  мақсатында  білімді 

де  дарынды  жастарды  «Болашақ» 

бағдарламасы  арқылы  шетелдің  үздік 

жоғары  мектептерінде  оқытты.  Бүгінде 

сол білікті «Болашақ түлектері» әр салада 

ел  дамуына  үлес  қосуда.  Астана  төрінде 

заманауи 

Назарбаев 

университеті 

білімді  жастардың  бағын  ашты.  Елбасы 

атағандай  енді  шетелден  білім  іздемей-

ақ, Назарбаев университетінен білім алса 

болғаны.  Одан  бөлек  бүлдіршіндердің 

балабақшамен 

толық 


қамтылуы 

және  орта  мектептер  мен  жоғары  оқу 

орындарының 

әлемдік 


стандартпен 

өркендеуін  жете  қадағалап  отырғанын 

білесіздер.

Сонымен  қатар,  «Жастар  –  ел  бола-

шағы  және  оның  стратегиялық  қазы на-

сы»,  –  деп  айтатын  Елбасының  жастар 

саясатына  қаншалықты  басымдық  беріп 

жүргенін білесіздер. Жақында ғана Аста-

нада  «Жас  Отан»  жастар  қанатының  ІІ 

съезінде  «Болашақ»,  «Жасыл  Ел»,  «Жа-

стар  –  Отанға!»,  «Дипломмен  ауылға», 

«Жастар  тәжірибесі»,  «Жас  мамандар 

қоры»  сияқты  көптеген  мемлекеттік 

бағ дарламалар  жүзеге  асырылып,  бо-

лашақта да жалғасын таба беретіні жай-

лы атап айтқанын бәрімізде естідік.

Ал  Елбасының  экономика  сала-

сын дағы  мемлекетшіл  істері  көлемді 

мо нографияларға  арқау  болар  жүк. 

Дегенменде,  Қазақстан  қуатты  индус-

трия лық-инновациялық  елге  айналу  ба-

рысында көп жұмыс жасап жатқанын ата-

сам да жеткілікті секілді. 

–  Яғни,  Нұрсұлтан  Назарбаев  Тәуел-

сіз еліміздің керемет сәулетшісі...

–  Әрине.  Елбасының  сыртқы  саясат-

тағы  салиқалы  қадамдары  ғибратқа 

толы.  Еліміздің  шекарасы  ұрыс-керіссіз 

бекіді. 

Одан 


бөлек 

Қазақстандық 

даму  жолы,  көпқырлы  сыртқы  саясат, 

ядролық  қарудан  бас  тарту,  ұлтаралық 

келісім  мен  діни  толеранттылық,  ШЫҰ, 

ЕурАзЭҚ,  СВМДА  сияқты  ұйымдардың 

бойына  қан  жүгірту,  ЕҚЫҰ,  ОИС,  ҰҚШҰ 

сынды  іргелі  ұйымдарға  төрағалық  ету, 

дәстүрлі  әлем  діндері  лидерлерінің  төрт 

съезінің  Қазақстан  жүрегі  –  Астанада 

өтуі  Қазақстанның  қысқа  мерзімде  алған 

белесі мен толайым табысы. Н.Назарбаев 

экономиканың  даму  үрдістерін  тани 

білетін және ондағы Қазақстанның орнын 

айғақтаған  саясаткер  ғана  емес,  нағыз 

ғалым,  кемеңгер  тұлға  екендігін  мойын-

датты. Осылайша нарықтық қатынастарға 

бейімделген «Назарбаев моделін» жүзеге 

асырды.  Осылай  қысқа  мерзім  ішінде 

Қазақстан  дүниежүзіндегі  қарқынды  да-

мып келе жатқан үш елдің қатарына енді. 

Сондай-ақ, жаһанда ХХІ ғасырда жаңа 

астанасын салған мемлекет жоқ. Осының 

өзі «Назарбаев феноменінің» асқақтығын 

мойындатса керек.

–  Тұңғыш  Президент  күнінің  басқа 

мерекелермен артықшылығы неде деп 

ойлайсыз?

–  Еліміздегі  барлық  мерекелердің 

өзіндік  орны  бар.  Мәселен,  «Тәуелсіздік 

күні»  еліміздің  бодандық  қамытынан 

шығып,  егемендік  жариялаған  күнді  еске 

түсірсе,  «Конституция  күні»  еліміздің 

Ата  заңын  құрметтеуге  үндейді.  Ал, 

Тұңғыш  Президент  күні  халықты  бір-

лікке,  ынтымаққа,  достыққа,  еңбекке, 

жаңашылдыққа шақыратын халықтық ме-

реке болғандығымен ерекшеленеді.

–  Мерекеге  байланысты  Қазақстан 

халқына айтар тілегіңіз...

–  Тұңғыш  Президент  күні  барша 

қазақстандықтарға құтты болсын! Ке мең-

гер Елбасы бастаған сара жолда әрқа шан 

шаттыққа,  молшылыққа  кенеліп,  бірлік 

пен  достықты  желеу  етейік.  Әрбіріңіздің 

отбасыларыңызға Алла Тағала амандық, 

тыныштық нәсіп етсін!



–  Келелі  де,  мағыналы  сұхбат  бер-

геніңізге  рахмет!  Елшіл  істеріңіз 

әрдайым  халықтың  көкейінен  орын 

ала берсін! 

Сұхбаттасқан Нұрлат БАЙГЕНЖЕ

–  Жұмабек  Жөкенұлы,  Тұңғыш  Пре-

зидент  күніне  байланысты  ойыңызды 

білу  оқырман  үшін  қызықты  деп  ой-

лаймын. 

–  Тұңғыш  Президент  күні  тарихи  күн. 

Себебі,  Отанымыздың  дамуы  сол  кісінің 

іскерлігі мен белсенділігімен тікелей бай-

ланысты.  Біздің  өндіріс  орынымыздың 

қалыптасып,  дамуына  Елбасының  сіңір-

ген еңбегі орасан зор. 

2007  жылы  «Қазақстан  электролиз 

зауытының» бір желісін іске қосу сәтінде 

Елбасы Н.Назарбаев: «Қазақстанда алю-

миний  өндіру  менің  ғана  арманым  емес, 

сіздердің  де  асқақ  армандарыңыздың 

орындалып  отырғанына  бәріміз  куә  бо-

лып отырмыз», – деп өзінің асқақ арманын 

айтып,  елдің  көркею  жолында  өндірістің 

орны зор екенін айтқан болатын.

Ол  кісі  жоғарыда  атағанымдай  өн-

дірістің  қалыптасуы  мен  дамуын  жете 

қа дағалап  отырады.  Зауыт  іргесі  қа-

ланғаннан  бері  Тұңғыш  Президент  –  Ел-

басы  Н.Назарбаев  төрт  рет  келген  екен. 

Келген  сайын,  біздің  еңбегімізді  жоғары 

бағалап,  жігерлендіріп,  ісімізге  стимул 

беріп отырады. 

2005 жылы зауыт іргесі енді қалыптасып 

жатқанда,  Елбасы  келіп  батасын  беріп 

кетті.  Алғашқы  келгенінде  құйылып 

жатқан  зауыт  ірге  тасына  қарап  тұрып: 

«Электролиз  зауытын  салып  жатқан 

азаматтарға қызығамын. Себебі, осындай 

керемет  іске  қол  тигізу  болашақ  ұрпаққа 

қалатын  –  ескерткіш  болып  қалады... 

Инша  Алла  уақыт  өтіп,  балаларыңызбен 

бірге  келіп,  іргелі  зауытты  мақтан 

ете,  «осы  зауытты  біз  өз  қолымызбен 

салғанбыз», деп ұрпақтарыңызға ұялмай 

айтатын  боласыздар»,  деп  айтқаны 

есімде қалыпты.

Бүгінде әлемде 200 ірі зауыттар бар бо-

латын болса, соның ішінде біздің зауыт 10 

үздік  кәсіпорындар  қатарына  еніп  отыр. 

Сонымен қатар, 2010 жылы «Ең үздік тау-

ар» марапатына ие болды. Ал 2009 жылы 

Ұлыбританияның  Лондондық  металл 

биржасына  тіркеліп,  2010  жылы  зауыт 

өндірген  алюминийдің  сапасының  өте 

жоғары  болғандығынан  Ұлыбританияның 

Оксфорд  қаласында  «Еуропалық  сапа» 

атағына  қол  жеткізілді.  2011  жылы 

Қазақстандағы  150  ірі  өндірістер  ара-

сынан  «Қауіпсіз  өндіріс»  сапасына  ие 

болдық. Мәселен, бізде мынандай түсінік 

қалыптасқан: «Еуропалық технологиялық 

жабдықтар  сапасы  өте  жоғары,  әлем-

дік  деңгейлі  сапа».  Ақиқатында  Еуропа-

дан  келген  жабдықтарымызға  өзі міздің 

инженерлеріміз 

өзгерістер 

ен гі зуде. 

Сол  себепті  де,  Қазақстандық  өндіріс 

орындарының  ішінде  біздің  инже нер-

леріміз  2011  жылы  «Үздік  рационализа-

тор» деген атақты еншіледі. 

Міне,  өндіріс  орнының  бұл  жетістік те-

рінің  бәрі  Тұңғыш  Президент  –  Елбасы 

Н.Назарбаевтың  қамқорлығының  арқасы 

деп білемін.

Демек,  Тұңғыш  Президент  күні  қоғам 

үшін  өте  қажет.  Өйткені,  Отынымыздың 

көркеюі  Елбасының  атымен  тікелей  бай-

ланысты.

– Тұңғыш Президент күніне байланы-

сты  қандай  шаралар  қолға  алмақсыз-

дар?

–  Тұңғыш  Президент  күніне  байланы-

сты  бір  күндік  жалақымызды  Қашыр  ба-

лалар  үйі  мен  аймағымызға  «Алғашқы 

ұстаз»  ескерткішінің  тұрғызылуына  қа-

ра жат  бөлеміз  деп  жоспарлаудамыз. 

Не гізінде  қоғамға  әлеуметтік  жобалар-

мен  қамқорлықтарымызды  әрі  қарай  да 

жалғастыра бермекпіз. 

–  Істеріңізге  сәттілік  тілейміз,  ниет-

тері ңізді Жаратқан қабыл етсін!

– Аумин! 



–  Тұңғыш  Президент  күнін  атап  өту 

халық үшін, қоғам үшін қажеттілігі қан-

шалықты еді?

– Өте қажет. 2004 жылы Түркия Респу-

бликасына жұмыс сапармен барғанымда 

түрік 


бауырларым 

Елбасын 


аса 

құрметтеп  Н.Назарбаевтың  Меккедегі 

қызықты оқиғасын айтқан еді. Сол естіген 

оқиғаны  мен  2005  жылы  Нұрсұлтан 

Әбішұлы  зауыт  жұмысшыларымен  кез-

десу  барысында  айтқан  едім.  Сонда:  Ол 

кісі 1994 жылы алғаш Меккеге барғанын-

да Сауд Арабия корольі қағбаға кіргізген 

екен. Елбасы оң аяғымен қағбаға кіре бе-

реген сәтте, Мекке маңына бұлт үйіріліп, 

күні бойы жаңбыр жауған көрінеді. Сонда 

осы сәтке куә болған жандар: «Мына кісі 

екі  дүниенің  адамы  екен.  Алладан  қазақ 

жеріне нұр, бақ болып берілген», – депті. 

Киелі  жерде  айтылған  сөздер  хақ.  Осы 

бақты қастерлеп, бағалауымыз қажет. 

Елбасымыз  әлемге  қазақ  деген  ел-

дің,  халықтың  барын  танытты.  Эко но-

ми калық-әлеуметтік  жағынан  да  дамып, 

ілгерілеп  келе  жатырмыз.  Дүние  жүзілік 

экономикалық 

форум 


мәлі меттеріне 

жүгінсек  Қазақстан  51  орынға  шықты. 

Әлі  де  Инша  Аллаһ  30-40  орындарға 

жетерміз. Сондықтан да, Президентіміздің 

амандығын тілеп жүрейік. Жылына емес, 

ай сайын осы мерекені тойласақ та аздық 

етпейді. 

–  Тұңғыш  Президент  күніне  орай 

оқырмандарға айтар тілегіңіз...

–  Тұңғыш  Президент  –  Елбасы 

Н.Назарбаев  ел  дамуы  үшін  сүбелі  үлес 

қосқан  тарихи  тұлға  екені  даусыз.  Кез 

келген  қазақстандық  азамат  болашақта 

«мен 


елімізді 

тұңғыш 


басқарған 

Президенттің  замандасы  болдым»  –  деп 

мақтана  алады  деп  есептеймін.  Әсіресе, 

егеменді  елдің  алғашқы  20  жылдығында 

дүниеге келген азаматтар бақытты. Олар 

бабаларымыздың  мыңдаған  жылдар, 

ғасырлар  бойы  аңсап  кеткен  тәуелсіз 

елдің ұрпақтары. 

Мен өз басым ол кісінің қолын төрт рет 

алдым. Омырауыма өз қолымен «Құрмет» 

төс  белгісін  тақты.  Осы  үшін  де  өзімді 

бақытты санаймын. Ол кісінің лебін, асқақ 

рухын  сезіндім.  Табиғатында  біреулер 

әулие,  біреулер  көріпкел,  біреулер  да-

рын  иесі  болады.  Ал,  Елбасымыз  біз 

үшін  Алладан  келген  сый.  Сондықтан 

да,  Елбасын  құрметтеуіміз  –  өзімізді 

құрметтеуіміз,  Елбасын  бағалауымыз 

–  өзімізді  бағалауымыз  деп  түсінейік 

ағайын.  Әрбіріңіздің  отбасыларыңызға 

риясыз  молшылық,  адамгершілік  бақыт, 

рухани  кемелдену  мен  қызықты  күндер 

тілеймін!  Елбасы  арамызда  аман-есен 

жүріп, елімізді биік-биік белестерге жете-

лей берсін деп тілеймін бір Алладан!

– Мағыналы әңгімеңізге рахмет!

Әңгімелескен  

Жанар ӘБДІҚАЛИҚЫЗЫ

Тұңғыш Президент күні достыққа, 

бірлікке шақыратын халықтық мереке

Ж.Камзин:

 

ЕЛБАСЫ АЛЛАДАН ҚАЗАҚ ЖЕРІНЕ НҰР

БАҚ БОЛЫП БЕРІЛГЕН

Павлодар облысы еліміздің да­

муына қуат беріп отырған

өндіріс орындарының көптігімен

ерекшеленеді.

Сондай


өндіріс

ошағының бірі «Қазақстан элек­

тролиз зауыты» АҚ­тың Вице­

президенті

Ж.Ж.

Камзинмен



Тұңғыш Президент күніне орай

әңгімелескенедік.



4

№ 14 (148) қараша, ұлу жылы 2012

Жаңалықтар желісі

«МӘШһҮРТАНУ» 

ІЛІМІ ЖАҢА ДЕҢГЕЙГЕ 

КӨТЕРІЛМЕК...

«Мәшһүртану»  ілімінің  өркен  жайуына 

С. Торайғыров  атындағы  Павлодар  мем-

лекеттік университетінің сіңіріп жатқан үлесі 

зор.  Сондай  шаралардың  бірі  қазақ  фило-

логия  кафедрасында  ғылым  департаменті 

ғылыми-әдістемелік  бөлімінің  атсалысу-

ымен  «Мәшһүр  Жүсіп  шығармаларындағы 

жоғары  мақсат  мәселелері»,  –  атты 

ғылыми-әдістемелік семинар өтті.

Шарада  филология  ғылымдарының  кан-

дидаты,  доцент  А.О.Кәріпжанова  оқытушы-

ғалымдар 

мен 

студенттерге 



арналған 

«Мәшһүр  Жүсіп  шығармаларындағы  жоғары 

мақсат  мәселелері»  атты  ғылыми-әдістемелік 

семинар  өткізді.  Семинарда  Мәшһүр  Жүсіп 

шығармаларындағы адам тәрбиесі, адам өмірі, 

адамның  дүниемен  және  қоршаған  ортамен 

қарым-қатынасы,  сонымен  қоса,  имандылық 

мәселесі  кең  көлемде  қарастырылып,  тың-

даушылар назарына ұсынылды.

Мәшһүр  Жүсіптің  ұрпаққа  қалдырған  мұ-

раларын,  жетілудің  төменгі  сатысынан,  келесі 

материалдық  жетілу  сатысына  көтерілу 

үшін  сан-алуан  өмірден,  белгілі  бір  жүйедегі 

тәртіпке бағынатын өмірге көшу керек екендігін 

ғалым атап кетті. Адам өмірін бір бағытқа бұру 

үшін ескіден келе жатқан адам бойындағы жа-

ман  әдет,  мінез-құлық,  іс-әрекет,  ой-өрістен 

құтылып,  тура  жолға  келгісі  келетіндігі  анық. 

Адам  өмірдің  бір  қалыпқа  түсіретін  жағын, 

тәртіптерін  қабылдап  сол  тәртіп  арқылы  өмір 

сүруге тырысады. Бұл оның санасын адамдық 

деңгейге көтереді, ал өзі адам сатысына өтуге 

мүмкіндік береді. Өмірді реттегіш тәртіптердің 

негізі имандылықта екенін айтты.

Ғалым семинарында имансыздың сегіз түрлі 

қасиетін атап көрсетеді:

 «Имансыз сол ұжмақты көрмес!» - дейді,

«Бір Құдай имансызды сүймес!» - дейді.

Бір Алла қаламына аян қылды:

«Адамдар сегіз түрлі кірмес!» - дейді.

Әуелі бір Құдайға серік қосқан,

Екінші - ұрлық қылып жолды тосқан.

Үшінші – кісі өлтірген нақақ жерде,

Төртінші – зинашы дүр, дінге дұшпан.

Бесінші – ел ішінде өсек айтқан,

Алтыншы - күншілдік қып діннен қайтқан.

Жетінші – залымдар дүр, рақымы жоқ,

Ғайбат айтып, әрқашан күнәсі артқан!

Сегізінші – әрдайым арақ ішкен,

Әрқашан жаманшылық күні кешкен.

Осылар дүр жұмаққа кіре алмайтын,

Тәуба  қылмай,  дүниеден,  босқа  көшкен»  – 

деп  имандылықтың  адам  өміріндегі  орны 

жоғары екенін атап көрсетеді.

Сонымен  қатар,  семинар  барысында  дә-

ріскер  А.О.Кәріпжанова  ақынның  ғылымға, 

ғалымға  қатысты  ойларын  да  назарға  сал-

ды.  Мәселен,  ғылым  да  әдепті,  жақсы  мінезді 

адамға  орнығады.  Жынды  көбелек  секілді 

көрінген отқа барып, жалп ете түсетін қулардан 

не алсын? Ондай адам оқыған оқуының қайда 

кетіп  қалғанымен  жұмысы  да  жоқ.  Оқымаған 

адамнан  күні  жаман  болып,  тойынған  жерінен 

кете  алмайтын  болған  соң  жүре  береді» 

дейді. Ол ғылымның ең үлкен пайдасы – адам 

мінезін жөндейтін үлкен күш екенін және адам 

бойындағы  төмендегі  қасиеттерді  жойған  кез-

де ғана білім-ғылым орнығатынын зерделейді:

-  мінез  бұзылғанда,  ашуланшақ  болумен 

бұзылады;

-  мінезді екінші бұзатұғын – күншілдік;

-  үшіншісі – қырыс дүние. Дүниеге махаббаты 

кеткен адамның көзі соқыр, құлағы керең бо-

лады;


-  мінезді бұзғыштың бірі – тәкаппарлық;

-  мінез бұзатынның бірі – нәпсіқойлық;

-  мінезді  бұзғыштың  бірі  -  өтегендік,  өрлік. 

Мұндай адамның мінезі адыр-бұдыр келеді;

-  мінез  бұзғыштың  бірі  –  кінә  сақтап,  кекшіл 

болу.


Бүгінгі  ғылыми  семинардың  қоры-

тындысы  ретінде  айта  кететін  жайт  – 

Мәшһүр  Жүсіп  мұрасында  жоғарыда  ай-

тылып  кеткендей  авторлық  афоризмдік 

сөздер,  қанатты  сөз  тіркестері,  мақал-

мәтел  іспетті  түйдектер  өте  мол  екеніне 

көзіміз  жетті.  Ғалым  зерттеуі  мұнымен 

ары  қарай  қанат  жаяды  деген  сенімдеміз. 

Қазақ 

филологиясы 

кафедрасының 

меңгерушісі Н.Қ. Жүсіпов сөз соңында А.О. 

Кәріпжанованың  семинарын  ары  қарай 

дамытып,  оқу  құрал  ретінде  студент-

терге,  мектеп  оқушыларына  әдістемелік 

сілтеу  ретінде  баспадан  басып  шығаруға 

болатындығын айта кетті.

Әсемгүл АЗАМАТ

В  Музее  Воинской  Славы  совместно  с  научной 

библиотекой  им.  академика  С.  Бейсембаева  ПГУ 

им.  С. Торайгырова  прошел  творческий  вечер,  по-

священный  военной  тематике  барда,  поэта  и  му-

зыканта Булата Окуджава. В мероприятии приняли 

участие  студенты,  преподаватели  кафедры  «Исто-

рия» ПГУ им. С. Торайгырова, студенты Павлодар-

ского  машиностроительного  колледжа,  учащиеся 

областной  многопрофильной  школы-лицея  для 

одаренных детей.

Вечер начался с песни Булата Окуджава «Мы за це-

ной  не  постоим»  в  исполнении  под  гитару  студентов 

Павлодарского  машиностроительного  колледжа  Шай-

муратова  Мади  и  Докуова  Руслана.  Библиотекарь  чи-

тального  зала  библиотеки  народа  Казахстана  Елена 

Анатольевна  Лиханова  и  библиотекарь  сектора  худо-

жественной литературы Марал Аблайхановна Тажено-

ва  рассказали  о  жизненном  и  творческом  пути  поэта. 

Особенно они акцентировали внимание на творчестве 

поэта о Великой Отечественной войне. Также ими была 

представлена  вниманию  гостей  выставка  сборников 

стихов и песен Булата Окуджава.

В исполнении студентов-историков ПГУ им. С. Торай-

гырова  звучали  стихи  «Не  вели  старшина,  чтоб  была 

тишина»,  «Июнь,  клонился  к  вечеру  закат»,  «Не  верь 

войне, мальчишка» и др.

Гости  услышали  песню  барда  «Грузинская  песня»  в 

исполнении  ученицы  10  «В»  класса  областной  много-

профильной  школы-лицея  для  одаренных  детей  (при 

ПГУ)  Саткуллиной  Айгерим.  Собравшиеся  смогли  по-

смотреть и видеоклипы «Песенка о пехоте», «Песенка 

о солдатских сапогах».

Мыслями и впечатлениями о творчестве поэта поде-

лился доцент кафедры «История» Ернур Кендибаевич 

Рахимов, старший преподаватель Алексей Витальевич 

Маликов. Выступил заместитель директора Областно-

го  историко-краеведческого  музея  им.  Г.Н.  Потанина 

Манат Бейсенович Кельдыбеков. О воспитательном ха-

рактере мероприятия высказалась главный хранитель 

фондов Алия Зарлыковна Жомартова, подчеркнув, что 

стихи и песни о войне Булата Окуджава передают ат-

мосферу, царившую на фронтах Великой Отечествен-

ной войны, и настроения солдат Советской Армии.

Заведующий музеем Аслан Дыбысбекович Азербаев 

и специалист музея Диана Амангельдиевна Утетилеу-

ова  разработали  методику  воспитательной  работы  с 

подрастающим поколением, используя творчество по-

этов,  писателей  и  музыкантов.  Тем  самым,  изучение 

поэзии, прозы и музыки сохранит в сознании молодежи 

память об отваге и героизме наших солдат, величии на-

шей Победы.



Аслан АЗЕРБАЕВ,

зав. музеем Воинской Славы

2012  жылдың  қараша  айының 

3-8  жұлдызы  аралығында  Аста-

на  қаласында  дәстүрлі  ХV  Ша-

быт  халықаралық  фестивальі 


жүктеу 0.63 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет