Конференция материалдары



жүктеу 8.95 Mb.
Pdf просмотр
бет7/89
Дата17.04.2017
өлшемі8.95 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   89

Т. Омарбеков

ШЫҢҒЫС ХАН: ШЕЖІРЕЛІК ДЕРЕКТЕР НЕ ДЕЙДІ?

Ғасырлар  қатпарында  қалса  да  бүгінгілер  басты  тарихи  тұлға  ретінде  сипаттайтын  кісілер  бар. 

Солардың бірі және бірегейі Шыңғыс хан. Сондықтанда оның өміртарихын зерттеуге деген құлшыныс 

та аса зор. Кейбір мәліметтер бойынша дүниежүзінде ол туралы 2000-нан аса әдебиеттер, зерттеулер 

жарық көріпті. Дегенмен де әлі күнге дейін оның ғұмырнамашылары әртүрлі халықтарда таралған оның 

ататек шежірелеріне және оларды салыстыра қарастыруға жете мән бермей келеді. Мұның басты себебі 

отырықшылардың көшпелілер тарихы болып табылатын шежіре деректерін менсінбеуінен және оларға 

сондықтан да мән бермеулерінен екендігі құпия емес. Осындай біржақты ұстаным Шыңғыс ханның 

ататегін  анықтаудағы  басты  кедергі  де  болып  табылады.  Енді  осыған  қатысты  негізгі  мәселелерге 

тоқталалық.



Монғол – халықтың емес, жеке тұлғаның аты.

Ал  енді  Шыңғысхан  тұсында  «моңғол»  атанғандардың  бәрін  тұңғыс-маншжұр  тайпаларынан 

шыққандар  деп  қабылдау  үлкен  қателік.  Алғаш  «монғол»  атанғандар  Х  ғасырдан  баста  ғана  көріне 

бастады. Бұлар осыдан соң да біразға дейін азғана түтінді құрады. Тіптен 1175 жылы, яғни ХІІ ғасырдың 

соңғы ширегіне қарай қайтыс болған Шыңғыстың әкесі Есугейдің өзіне бар болғаны 40 000 шаңырақтан 

тұратын өздерін монғол әулетіне жатқызатындар бағынышты болды. Бұлар, тегінде, кезінде Мұсылман 



41

әулеттері тарихын жан-жақты зерттеген Лэн-Пуль Стенли айтқандай, тайпалық одақта жоғары мәртебеге 

ие Монғол деген кісіні құрметтеп, өздерін соның әулетіне жатқызып, соңының есімін малданғандар 

еді (қараңыз: Абуль-Гази-Багадур-хан. Родословное древо тюрков. Иоакинф. История первых четырех 

ханов  дома  Чингисова.  Лэнь-Пуль  Стенли  Мусульманские  династии.  М.-Т.-Б.,  1996.  435  б.).Монғол 

деген кісі  Түрік немесе қазақтың Алыншасы (Алашасы) және т.б. тәрізді есімі шежіреден берік орын 

алған тарихи тұлға. 

Рашид ад-дин келтірген әйгілі шежіре бойынша Алынша (Құрбанғали Халидта – Алаша хан осылай 

аталады) Түрік деген кісінің төртінші ұрпағы. Аланшыдан екі ұл – Монғол және Татар туған. (Рашид 

ад-Дин.Сборник летописей. М., 1956. 73-98 бб.). Бұлардан тарағандар кейін өздерін Монғолдың және 

Татардың  әулеттеріне жатқызатын болған. Құрбанғали Халид мұны төмендегіше нақтылап түсіндіреді: 

«…Алынша хан кезінде «мен пәленнің нәсілімін» деп,- айтуға тыйым салынып, кім хан болса, оның 

қауымы  «мен  пәленше  ханның  әулетімін»  деуге  бұйрық  шығарылған,  себебі  бір  ханға  ерген  халық 

«мен пәлен нәсілденмін» деп,- бөлектеніп, араларынан түрліше келіспеушілік туады деген. Бұл оларға 

біраз заман өтіп бабаларын, нәсілін ұмыттырып, тек хан аты есте қалатын. «Алынша хан әулетіміз», 

«Татар хан әулетіміз» деп. Оғұз ханға дейін аталып келіп, енді өзгертіліп сахаралық халықты «монғол», 

шаһар халқын «ұйғыр» деп атауға келісілген, басқаша атауға тыйым салынған. Ұйғыр аты қалай шықса 

шықсын,  бір  белгілі  руға  айтылмай,  бір  жерде  жиналып,  ұйымдасып  тұрғандарға  «ұйғыр»  атауын 

берген…». Құрбанғали Халид сонымен қатар Монғолдың 18-ші ұрпағы Қараханнан туған Оғұз ханның 

кезінде халықтардың үш топқа бөлініп, «монғол», «ұйғыр», «татар» атанғандарын, және Оғыз ханның 

8 ұрпағы Желханның (Елханның) тұсында монғол мен татар екі хандыққа бөлініп, Желхан тек монғолға 

ғана хан болып қалғанын жазған(қараңыз: Халид Құрбанғали Тауарих хамса:  (Бес тарих). Алматы, 

2006.-222-223 бб.). Желханды (Елханды) ұрпақтан ұрпаққа құрметтеген монғолдар кейініректе Персия 

аймағындағы  Жалайырлармен  бірігіп  құрған  өздерінің  мемлекетін  Елхандар  мемлекеті  деп,-  атады. 

Сонымен Монғол дегеніміз ең алдымен жеке адам есімі. 

Ол  тұрақты  мемлекетке  қол  жеткізе 

алмаған көшпелілер арманы - «Мәңгі ел» деген мағынаны аңғартады. 

Жоғарыда  айтқанымыздай,  о  баста  Монғол  -  халықтық  шежіреде  тарихи  тұлға  ретінде 

танылғандықтан,  және  ол  Түрік  деген  кісінің  ұрпағы  болғандықтан  оның  ұлдарымыз  дейтіндер 

түркітілдестер  арасында  да  көп  болды.  И.Н.Березин  аударған  Рашид  ад-диннің  еңбегінде  мынадай 

жолдар бар: “Племена, которыхъ ныне называютъ монгольскими, но которыхъ имя въ сущности 

не было Монголъ, такъ какъ это названіе они предъявили после эпохи ихъ (Монголовъ). Каждая 

ветвъ изъ этихъ ветвей произвела много ветвей, и у всякой явилось определенное имя 

(

Сборник 



летописей.  История  монголов,  сочинение  Рашид  ад-Дина.  Пер.  с  перс.  Н.И.Березина    //Труды  вост. 

отд. императорск. Археологич. общ. - Ч. Ү. - СПб., - 1858, - 7 б..) Алайда аз ғана монғол рулары Нирун 

(ақсүйек) атанып, билікті қолдарында ұстаса да,  ауызбірліктері жоқ, және «Түрік» атауын ХІ ғасырдан 

соң мүлде ұмытып, бұл этнонимді Ұйғыр, Қырғыз, Жалайыр, Найман, Керей, Меркіт, Ақ татар, Қоңырат, 

Қиян тәрізді жеке тайпалар мен ұлыстар атына ауыстырып, өзара бөлшектенген түркітілдестер Монғол 

үстіртінде көпшілік болды, және сондықтан да Шыңғысхан әскерінің негізгі бөлігін де, әскербасыларын 

да негізінен осылар құрады. 

Шыңғыс батысқа,  қазіргі қазақ жеріне аяқ басқанда оның соғыс қолы жергілікті Арғындардың, 

Наймандардың, Керейттердің, Үйсіндердің есебінен мүлде түріктене түсті. «...Рас, Шыңғыс қолында 

монғолдар да болды, олар бары-жоғы төрт жарым мың ғана адам еді. Одан басқа отыз екі мың татарлар 

бар-ды.  Татарлар  да  түрікше  сөйлейтін  жұрт  болатын.  Шыңғыстың  жарты  миллион  соғыс  қолы 

тегіс  түрікше  сөйлейтін...»  (Шапырашты  Қазыбек  бек  Тауасарұлы.  «Түп  тұқыйаннан  өзіме  шейін». 

Шежіре,естелік. - 2008.-824 б.). Алайда түркітілдестердің Шыңғыс жорықтары салдарынан батысқа 

ығысулары Тынық мұхиттан соғатын муссондардың бағыты өзгеруінен қолайсыз климаттық ахуалға 

тап  болған  шығыстағы  тұңғыс-маншжұртілдестердің  Монғол  үстіртіне  көптеп  қоныстануларына 

еркін жол ашты. 

Ал енді әскерлерінің негізін түркітілдестер құрай тұрса да, өзі де түрік тілінде 

сөйлейтін Шыңғыс «монғол» атауын неге көтермеледі, және өзін неге осы әулетке жатқызды, және 

бұрынғы  түркітілдестер  неліктен  монғол  атанды?  -  дегенге  жауап  іздер  болсақ,  мұндайда  мынаны 

ескерген жөн: Шыңғыстан әлдеқайда бұрын, маншжұртілдес Қидандар империясы тұсында өздерін 

монғол  әулетіне  жатқызатын  Нирундар(ақсүйектер)  аталған  тұңғыс-маншжұрлар  тобы  біртіндеп 

Гоби шөлінен терістіктегі және терістік-шығыстағы ел билігінде үстем күшке айналды. Енді олардың 

ықпалына түскен түркітілдес тайпалар да  өздерінің «моңғол» әулетіне жатқызып, онысын мақтаныш 

ететін болып алды. Түркітілдес тайпалардың  атауларының өзгеріске түсуінің айқын көрінісі ежелгі 

Жалайырларды құраған 10 рулар аттарының басым көпшілігінің моңғолша көптік жалғаумен көрсетілуі 


42

дер едік (Сборник летописей. История монголов, сочинение Рашид ад-Дина. Пер. с перс. Н.И.Березина 

//Труды вост. отд. императорск. Археологич. общ. - Ч. Ү. - СПб., - 1858, - 227 б.).

Алайда бұл айтылғандардан Шыңғысханның арғы тегіне қатысты асығыс қорытынды тумауы керек. 

Өйткені оның шығу тегі туралы мәселе сол заманның күрделі этно-әлеуметтік және дәстүрлі діни таным 

мәселелерімен тығыз байланысты. Қанша ұлы болса да Шыңғыста өз дәуірінің адамы. Бұрын түріктер 

үстемдік  жасаған  аймақта  -  Орталық  Азияда  Х-ХІ  ғасырларға  қарай  тұңғыс-маншжұр  тілдестердің 

билікке  келулеріне  байланысты  түркітілдестер  енді  керісінше,  «монғол»  атана  бастағандықтан  да 

Шыңғыс құрған мемлекет Түріктің емес, оның ұрпағы болып саналатын Монғолдың атын таңдады. 

Қиян мен Қиятты шатастыру - Шыңғыс ханның шығу тегін бұрмалауға алып келді.

Күні  бүгінге  дейін  Шыңғысханның  ататегін  зерттеушілер  Қиян  тайпаларын  Қияттардың  рулық 

бірлестігімен бірге қарастырып келеді. Тарихи деректер шын мәнінде бұлардың екі түрлі тайпалық 

одақтарды құрайтындарын көрсетіп отыр.  Ежелгі Ғұндардың ұрпақтары болып саналатын Қияндарды 

алғаш  көне  маншжұртілдес  Сәнбелер,  онан  соң  түркітілдес  Телектер  мен  Түріктер  жаулап  алды. 

Қияндар ҮІ ғасырда Сәнбе тайпалық бірлестігінің мұрагерлері  Тұйғындарға ата жау болды. Бұл кезде 

Қиян  руының  көсемі  Қиянсон  деген  кісі  болған  және  ол  Тұйғын  әулеті  көсемін  қанжармен  жарып 

өлтірді. Осы Қияндар алғаш Телектерге, кейіннен Түріктерге, ал онан соң Татарларға бағынуға мәжбүр 

болды. Әбілғазының «Түрік шежіресінде» Қияннан Шыңғыстың руы емес, оның әйелі Бөртенің руы 

Қоңырат  таратылады.  Одан  осы  айтылғандарды  дәлелдей  түсетін  мынадай  жолдарды  оқимыз:  «у 

одного человека из поколения Кыян (бөліп көрсеткен біз-Т.О.) было три сына. Старший сын назывался  

Чурлык-Меркан. У Чурлык-Меркана был сын по имени Конкират: от его рода произошло все поколение 

конкиратов». Ал Қоңырат ежелден түркітілдес тайпа.

Қияннан тарайтын Қоңыраттың монғолдарға қатысы жоғын қазақ шежіресінен де байқай аламыз. 

Мұнда Қоңыраттың шежіресі Сеңке биден басталады. ХІV ғасырдың шағатай тіліндегі дерегінде бұл 

кісі Конграт би углы Сенгелай деп көрсетілген. Бұған қарағанда Сеңке немесе Сеңгелай Қоңырат деген 

кісінің ұлы болып шығады. Яғни деректер бойынша: Ел хан одан Қиян. Қиянның үш ұлы болды. Олар 

Жорлық мерген, Құбай шыра, Тұсбұдай. Осы шежіреден көріп отырғанымыз: Қияннан монғолдардың 

бабалары тарамайды,түркітілдестер тарайды. 

Ал енді Қоңыраттардың бұрынғы атаулары жоғарыда аталып кеткен Қиянға тағыда қайта оралар 

болсақ, қытай жылнамаларына қарағанда Қиян мен Қият екі басқа рулар екеніне көзіміз жете түседі. 

Қияндар  біздің  заманымыздың  басында-ақ  ежелгі  этнос  ретінде  мәлім  болды,  және  олар  негізінен 

мал шаруашылығымен айналысып, көп тайпаларға бөлінді. Кейініректе Қияндардың бір бөлігі түркі 

тілдес  Телек  тайпалар  одағына  жатса,  ал  Қият  монғолтілдес  Шибей  (Шығай)  татарлары  одағына 

жатты. Шындығында байырғы Ғұндар заманынан бастау алатын, беріде түркітілдес Телек тайпалар 

одағына жатқан, және айтарлықтай өсіп-өнген Қияндардан VІІІ ғасырдың өзінде-ақ көптеген тайпалар 

бөлініп, тіптен олар дербес елдерге айналып кеткен болатын. Оларды қытай жылнамаларында Қиян, 

Қиянқа,  Нақиян,  Қызылсу  қияндары,  Салар  қиян,  Батыс  қиян  елдері  деп  жеке-жеке  атайды. 

Жоғарыда аталғандар арасындағы Нақиян ежелгі Ғұндар заманындағы Қияндардың бір бұтағы болып 

есептеледі.  Олар  кезінде  ғұндармен  көрші  болған.  Алғаш  Келентау  маңын  мекендеп,  ал  кейінірек 

Лобнор көлінің маңында, Алтыншоқы деген жерде Нақиян деген мемлекет құрған. (қараңыз: «Қытай 

жылнамаларындағы қазақ тарихының деректері» (б.з.б. 177-б.з. 222 жылдары. І кітап, А.,2006.- 233-

234,  274  бб.).)  Осы  деректерден  Қиян  атанғандарға  негізінен  түркітілдестер  жатқанын  аңғару  қиын 

емес, және кезінде Қытайдан батыстағы түркілер «Батыс қиян елдері» деп жалпылама аталған. Осыны 

аңғармаған  кейбір  зерттеушілер  қателесіп,  осы  екі  руды  (Қият  пен  Қиянды)  бір  деп  білген,  және 

жоғарыда айтқанымыздай, «т» жалғауының монғолша көптік жалғауды аңғартатынын ескеріп, және 

Рашид ад-диннің және оны қайталаған Әбіғазының: «Қият» «Қиянның» көпше айтылғаны» деген қате 

ескертпесіне тереңірек сын көзбен бойламаған. Бұл жердегі жаңсақтық: егерде «Қиянға» «т» жалғанар 

болса ол «Қият» емес, «Қиянут» болып кетер еді. Оның үстіне бұл екі атау тайпалар түсінігінде екі 

түрлі мағына береді. 

Мұндайда, «ал онда Қият деп аталатындар кімдер?»-деген сауалдың туындауы да заңды. Қияттар 

да  байырғы  тайпалар.  Қытай  жылнамасына  берілген  түсініктемеге  қарасақ,  ғұндар  арасындағы 

әртүрлі  рулардан  құралғандардың  Нұм-қияттар  деп  аталғанын  аңғарамыз.  (қараңыз:  «Қытай 

жылнамаларындағы қазақ тарихының деректері» (б.з.б. 177-б.з. 222 жылдары. І кітап, А., 2006.- 291 б.). 

Яғни, Қияттар деп өздерінің тайпаларынан бөлініп шығып, тәуелсіз, жаңа рулық бірлестікке біріккен 

рубасылар емес, жеке батырлар бастаған алуан түрлі тобырларды атады. Қалай десекте Қияттар кеңінен 

тарала қоймаған құрама шағын тайпалық бірлестіктерді құрады. Біздің ойымызша, Шыңғыстың үлкен 



43

атасы Қабұлхан тұсында оның төңірегіне біріккен алуан тайпалы батыр-нөкерлер жалпылама Қияттар 

деп аталды. Мәселе байыбына бару үшін Әбілғазының өзін оқиық: «Шыңғысханның арғы атасы Қабұл 

ханның алты ұлы болған: олардың бәрі өжет, батыл, жылдым еді. Халық осы батырларды Қият деп 

атады...». Бұдан шығатын қорытынды, Қабұлханнан бұрын моңғолдарда «Қият» деген ру болмаған. 

Бұл  шежіре  былай  таратылады:  Қабұлхан  –  Бөртанхан  –  Есугай  баһадур  –  Темучин  (Шыңғысхан). 

Қабұлханның  алты  баласынан  таралғандар  «Қияттар»  деп  аталса,  көздері  қой  көз  (бурджигин) 

болғандықтан Есугей баһадурдың руындағы кісілер Бурджигин-Қият аталған. Бұлардың бәрі Есугейдің 

туыстары емес, өз руларынан жырынды болып, бөлініп келіп қосылған жеке батырлар бастаған топтар 

бірлестігі еді. Арғы аталары осындай әртекті болғандықтан Қият атанғандар ешқашанда үлкен тайпалы 

елге айнала алған жоқ. Олар тіптен Есугей өлген соң оның қара шаңырағын тастап, аулақ көшіп кетті.

    Қияттың  Бөржығын  руының  Шыңғыстың  руы  болып  табылатыны  деректердің  бәрінде  ауызға 

алынады.    Шыңғысты  қазаққа  жақындатқысы  келетіндер  де  Қият  руының  қазақ  құрамында  бар 

екендігіне назар аударады. Бірақ мұндайда, осы шағын рудың қазаққа кірме екендігі, оның ешбір қазақ 

жүздеріне жатпайтындығы ескерілген емес. Оның үстіне бұл Қият жауынгерлік ұран ретінде Шыңғыс 

тұқымына  жатпайтын  «Арухан»  атын  иемденген.  Қияттың  «Қолтаңба»  аталатын  рулық  таңбасы  да 

Шыңғыс тұқымы болып табылатын Төрелер таңбасынан мүлде бөлек. (қараңыз: Ақселеу Сейдімбек. 

Қазақтың ауызша тарихы: Зертеу.-Астана,2008.-672 б.). Бұл енді бөлек әңгіменің арқауы.

  Қазіргі  татар  ғалымдары  өздерінің  жорналдарында  жариялаған  шежірелік  деректен  де  Қият 

руының Қияннан тараған Қоңыраттан бөлек екендігін аңғаруға болады. Онда Шыңғысханның қолынан 

тайпалық таңбалар алған 15 билер аталған. Бұл деректе  Қияттың Боданшар(Бөгдеден) ұрпағы болып 

табылатыны көрсетілген, және билердің бұл тізімін Боданшарұлы Қыят  бастайды да, ал Қоңыраттан 

туған Сенгелай (Сеңке) би Гираят (Керейт) биден соң алтыншы болып аталады. Яғни, аталмыш деректе 

алғашқы болып Қият бидің (Қиянның емес) аталатын себебі, ол, Шыңғыстың руы.  Демек, бұл дерек 

бойынша да Қият пен Қиян екі түрлі адам. Өйткені, Сеңке би Қиянның ұрпағы Қоңыраттан тараса, 

ал  Қият  би  Боданшардан  тарайды.  Олар  Шыңғысханды  хан  көтеру  рәсіміне  екі  түрлі  ру-тайпаның 

атынан қатысқан. Тарихи деректерге қарағанда бұл хан көтеру рәсімін Үйсін Майқы би (Қазыбек бек 

Тауасарұлында – Уран-Майқы би) басқарған. Ол шынында да тізімде бар. Бірақ ол, Қоңырат бидің ұлы 

Сеңгелайдан (Сеңкеден) кейін жетінші болып тұр (қараңыз:Ахмедзянов М.Ногайская Орда и ее роль в 

этнической истории татар.// «Идел.1991. -33-34 бб.»). 

Татардың  белгілі  тарихшысы  жариялап  отырған  осы  құнды  дерекпен  өзіміздің  Қазыбек  бек 

Тауасарұлы жазып кеткен деректе ұқсастық бары назар аудартады. Соңғыда алғашқы деректе аталатын 

Боданшарұлы Қият би, Қыпшақ би, Жұмарты (Джумарты) би, Кереит (Гираят) би, Қоңырат би ұлы 

Сенгелай, Мұйтан (Мұтан) би,Борқыт би,Темянджарұлы Катай, Салжұт би, яғни барлығы тоғыз бидің 

аты аталмайды. Ал бірақ Түмен (Тамьян би, ), Ұран-Майқы би(Уйшан Майки би), Орқаш (Урдадж) би, 

Бөрібек шешен (Берджан би), Қалдар би, Темірқұт (Тимеркотлы) би алтауы екі деректе де кездеседі. 

Сонымен қатар соңғы деректе Тулақ би, Арғын Қуандық Тоқым би беделді де белгілі тұлғалар ретінде 

қосымша аталады. 

Тарихымызға қосылып отырған осы, тың деректер Шыңғыс ханға қатысты бұрынғы көзқарастарды 

қайта қарауды қажет етеді. Тегінде, аталған билер Шыңғысты хан көтеруге жиналғандар. Бұл Шыңғыстың 

барлығы  үшінші  рет,  және  Ұлы  Далада  алғаш  рет  хан  көтерілуі.  Бұдан  бұрынғы  оның  Орхон-Онон 

бойындағы  екі  рет  хан  көтерілу  рәсімдері  тарихқа  жақсы  белгілі.  Сондықтан  да  оларға  тоқталып 

жатпаймыз. Ал енді Шыңғысты үшінші рет хан көтеру рәсімі қай жерде орын алды дегенге келсек,  оны 

Дегелең төңірегінде Наймантауда(Шыңғыстауда) Жалайыр, Арғын, Найман және т.б. рулар жақсыларының  

«ақ киізге орап хан көтеруі» хижра бойынша 605 жылы(яғни 1227 жылы) болғаны туралы дерек бар.

(қараңыз: «Шапырашты Қазыбек бек Тауасарұлы. Түп-тұқыйаннан өзіме шейін.Шежіре,естелік.Алматы: 

«Жалын» баспасы,2008, 823 б.»).) Бұл  Шыңғыстың өзі қайтыс болар қарсаңында, яғни оның таңғұттарға 

бағытталған  соңғы  жорығы  алдында  орын  алған  оқиға.  Мұның  өзі  батыста  Еділге  дейін,  оңтүстікте 

Гиндекуш  тауларына  дейінгі  аймақты  бағындырған  ұлы  ханның  жеңіс  салтанаты  еді.  Бұдан  бұрынғы 

жылдары ол, Найман мен Керейді қанға бояп, қуып таратқандықтан, Қыпшақтарды күшпен бағындырып, 

олардың  ұлыстарының  тоз-тозын  шығарғандықтан,  Найман  ханзадасы  Күшлікті  Бадақшанға  дейін 

қуалап, ақыры оның да басын алғандықтан Наймантауда (Шыңғыстауда) оны хан көтеру Шыңғыстың 

өшпес даңққа бөленген сәтіне - өмірінің соңғы айларына сәйкес келді. 

Шыңғысхан « Жалайырдың жетімі» ме, жоқ әлде Баяуттар ұрпағы ма??

Бұл  сөзді  айтуға  бізді  мәжбүрлеп  отырған  Шыңғыс  ханның  ататек  шежіресі.  Ол  монғолдарда 

Бөртешино деген адамнан басталады. Бұл ежелгі түркілер аңызындағы тұлға –Бөрі Ашина болуы да 


44

мүмкін.  Шежіре  дерегі  бойынша  бұл  адам  теңіздер  мен  таулардан  асып,  Монғол  үстіртіне  сырттан 

және  алыстан  келген.  Белгілі  монғолтанушы  ғалым  Зардыхан  Қинаятұлының  есептеуінше  Шыңғыс 

бұл  кісінің  22-ші  ұрпағы.  Алайда  осы  Бөртешинодан  Добу  мергенге  дейінгі  Қияттан  тарады  деп 

көрсетілетін 12 ұрпақтың Шыңғысханға тектік тұрғыдан қатысы шамалы.Өйткені Добу мергеннің ұлы 

деп айтылатын және Шыңғыс ханның 10-шы атасы болып табылатын Боданшардың тегі белгісіз. Себебі 

ол, некесіз қатынастан туған адам. Тек дерекке ғана сүйеніп жазатын З.Қиянатұлы оның әкесінің Мәлік 

Баяут руынан шыққан ер адам екендігін атап кетеді. (Қинаятұлы З. Шыңғыс хан және қазақ мемлекеті. 

Екі  томдық  ғылыми  зерттеу.  Алматы,2010.-66,69,72  бб.).  Деректерден  белгілісі  бұл,  кезінде  Есугей 

үйінде қызметші болып жүрген кісі.

Елге белгілі Рашид ад-дин де, әйгілі этнограф Р.Г.Күзеев те Баяут тайпасын монғолдарға жатқызады 

(қараңыз:  Рашид  ад-дин.  Сб.летописей.Т.1.Кн.1.-М-Л-,1960-78,150  бб.;  Кузеев  Р.Г.Происхождение 

башкирского  народа.Этнический  состав.История  расселения.-М.,1974.-328  б.).  Дорджи  Банзаровтың 

Сайшиялдың мәліметі бойынша көрсеткен түпкі монғол тайпасына жатқызылатындар тізімінде бұл 

тайпа «Баягут» деген атпен 13 болып тұр (қараңыз: Дорджи Банзаров. Собрание сочинений. М., 1955. -179 

б.). Мұндайда ескертетініміз:оғыз-түрікмендері құрамындағы М.Қашғари ХІ ғасырда атап көрсететін 

Баят  тайпасын  Баяут  тайпасымен  шатастырмаған  жөн.  (М.Қашғари.Түрік  тілінің  сөздігі:(Диуани 

лұғат-ит-түрік). Алматы:Хант.-1997. -86 б.). Алайда мынаны да ескермеуге болмайды: Баяуттар Оғыз 

Баяттардың монғолданған және шығыста бөлініп қалған бір бөлігі болулары да әбден мүмкін. Өйткені 

Баяттың да аты Баяут тәрізді монғолдың көптік жалғауымен көрсетілген. Қалай десекте  шығыстағы 

Л.Гумилев санап шыққан 15 түркітілдес  Баегу-Байырқу, Байси тәрізді  Бай тайпалары арасында  Баяут 

кездеспейді. Бұл енді Шыңғыстың бабасына қатысты әңгіме ғой. 

Ал  енді  Шыңғыстың  өзіне  оралсақ,  жоғарыда  айтқанымыздай,  оның  шығу  тегін  баяндағанда 

зерттеушілер  ол  шыққан  Қият  Боржығын  руын    Қиян    руымен  шатастырады.  Осыған  қатысты  кейінгі 

қазақтар  Шыңғысханның  тектік  шежіресін  қалай  таратады  дегенге  келсек,  бұл  бойынша  Шыңғыс 

Меркенің(яғни Жалайырдың) 26-шы ұрпағы. Бұл шежіре Жалайырдың баласы Манақ, одан-Орақты, одан-

Андас болып кете барады (қараңыз: «Шапырашты Қазыбек бек Тауасарұлы. Түп-тұқыйаннан өзіме шейін.

Шежіре,естелік.Алматы:  «Жалын  баспасы,2008.»).  Бір  қызығы  бұл  есімдер  Жалайырдың  қазіргі  елге 

таралған шежіресінде де кездеседі. Алайда мұнда олардың орындары ауысып кеткен. Яғни Жалайырдан 

жалғыз Манақ емес, үш бірдей Манақ (Шуманақ,Сырманақ, Бірманақ) қатар тарайды. Ал Андас жоғарыда 

айтылғандай  Орақтының  емес,  Шуманақтың  баласы  Маңғытайдың  үшінші  ұрпағы.  Ал  енді  Орақтыға 

келер  болсақ,  ол  жоғарыда  аталған  Манақтың  емес,  Шуманақтан  туған  Тұрлықожаның  шөбересі.  Бұл 

шежірелерден Орақты деген кісінің екеу екенін байқау қиын емес. Екінші Орақты батыр кейінгі Қазақ 

хандығы тұсында өмір сүрген Жалайырдың атақты батыры. Ал енді Манақтан туған Шыңғысханға 23 ата 

болып келетін Орақтыға келсек ҮІ ғасырдың бірінші жартысында өмір сүрген тұлға.  

Алайда  аталған  кісілердің  ешқайсысы  Шыңғысханның  монғолдық  шежіресінде  жоқ.  Дегенмен 

де монғолдық шежіредегі Шыңғысханның 11-ші атасы болып табылатын тегі белгісіз Боданшармен 

Қазыбек бек Тауасарұлы келтірген шежіредегі Шыңғысханның 15-ші атасы Бөгденің аттары «бөтен» 

деген  бір  мағынаны  білдіреді,  өмір  сүрген  кезеңдері  де  жақын..  З.Қинаятұлы  некесіз  туған  ер 

баланы монғолдардың «боданшар» деп айтатынын өзінің монографиялық еңбегінде арнайы сілтеме 

жасап көрсеткен(қараңыз: аталған еңбек, 66-беті). Мұның өзі Шыңғысханның байырғы, үлкен әжесі 

Алангүаның(Өлеңнің)  оның  бабасын,  яғни  Боданшарды  немесе  Бөгдені  некесіз  тапқанын  растай 

түседі.  Міне,  шежіренің  монғолдық  және  қазақтық  үлгілерін  біріктіретін  де  осы  жер.  Ал  енді  екі 

шежіредегі  жақындық  Шыңғыстың  әкесі  Есугейдің    ата  тегін  қуалап  қарастырғанда  да  байқалып 

қалады.  Мысалы,монғолдық  шежіреде  Есугейдің  әкесі  Бардамбатыр,  ал  қазақы  шежіреде  ол  Баян 

немесе Баянбатыр. Монғолдық шежіреде оның әкесі-Хабулхан, оның әкесі-Домбанай шешен.  Қазақы 

шежіреде  бұл  басқашалау:Баянның  әкесі-Дін,оның  әкесі-Тұмағұл,  оның  әкесі-Тұрымтай  шешен. 

Мұнда  назар  аударар  нәрсе:  Дін  деген  атау  монғол  тілінде  қолданыста  болмағандықтан  шежіреден 

шығып қалған. Ал Хабулымыз-ТұмағұлДомбанай шешеніміз-Тұрымтай шешеннің өзі. 

Біздіңше, арғы тегіндегі елге белгілі осындай жұмбақ бөгделік (монғолша айтқанда боданшарлық) 

кейінгі Шыңғысты өзінің шығу тегін сүйегі әлдеқашан қурап кеткен байырғы Монғол атты бабасынан 

іздестіруге  итермеледі.  Солай  бола  тұрса  да  ол,  түркітілдес  ел  арасында  «Жалайырдың  жетімі» 

аталып кетті. Мұндайда әрине, «неге?» деген сауал туындайды. Бұған мына жолдар жауап береді: «...

Темірдің(Шыңғыстың) әкесі Есугей ерте өліп, оның шешесі Өлең Қоңыраттың белгілі биі Меңлекеге 

тиген-ді. Өлеңнің Меңлекеден туған он ұлы Темірді бөлектеп шыдатпаған. Сонан соң ол олардан безіп, 

қайта  Жалайыр  ішіне  қашып  кетті.  Міне  Шыңғыстың,  жалпы  төрелердің  тарақ  таңбалы  болуы  да 



45

осыдан еді...» («Шапырашты Қазыбек бек Тауасарұлы. Түп-тұқыйаннан өзіме шейін. Шежіре, естелік. 

Алматы: Жалын баспасы,2008.-823 б.). Жалпы бұрын да ата-бабасына алғаш құл, соңынан туыс болып 

кеткен  Жалайырлар  Шыңғысқа  жақын  еді.  Сондықтан  да  басына  іс  түскенде  Шыңғыстың    оларды 

паналағаны рас. Алайда бұдан Жалайырлар түгелдей Шыңғысты қолдады десек, жалған сөйлер едік. 

Кезінде  Шыңғыстың  жан  досы  хандыққа  таласқан  тұста  Жалайырлардың  үлкен  бөлігі  Шыңғысты 

емес, Жамуханы хан көтерді. Бұл Шыңғыстың Жалайыр арасында өссе де, толыққанды Жалайыр бола 

алмағандығының айқын көрінісі.




жүктеу 8.95 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   89




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет