Конференция материалдары


Ернеуі және тұтқасымен бірге және жеке ернеулері сақталған қазан бөлшектері



жүктеу 8.95 Mb.
Pdf просмотр
бет5/89
Дата17.04.2017
өлшемі8.95 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   89

Ернеуі және тұтқасымен бірге және жеке ернеулері сақталған қазан бөлшектері.Жалпы саны 

8  дана.  Бірінші,  Түсі  ашық  қызыл  келген.  Арнайы  шарықта  жасалып,  сырртына  қарай  үш  бұрыш 

жасап иілген қазан ернеуінің сыртында екі қатар бедер бейнеленген. Екеуі де сағат тілінің бағытында 

салынған. Үстіңгі бедер нүкте тәріздес, ал төменгі бедер бағыттауы бедер ‹‹‹етіп түсірілген. 24-26 см 

аралығында. Тұтқасы да қызық орналасқан. Ернеуден 2 см төменде, сазды жалпақ етіп илеп, ортасын 

саусақпен батыра жоғары қарай езіп жапсырған. Тұтқадан гөрі жй сәндік бедерге көбірек ұқсайды. 

Беліне  таман  жапсырылған  екінші  құлақ  сынығы  бар.  Бұ  құлақ  сазды  ұзын  етіп  илеп,  екі  жерінен 

саусақпен батырып, жапсырған. Құлақтың ұзынығы 9 см. Ені 1,3-1,8 см аралығында ауытқиды. 



Қазан 1. Бүйірі шар тәріздес етіп жасалған қазан сынған жерінің қимасына қарап, құрамы майда 

құм және слюда араластырып жасалғанын байқаймыз. Қазан бірнеше бөлікке сынып, төменгі жағы 

жоғалған.  Қазанның  сақталған  бөлігіне  анықтап  қарау  нәтижесінде,  арнайы  шарықта  жасалғанын 

анықтадық. Қазан ернеуінің диаметрі 26 см құрайды. Қабырға қалыңдығы 0,8 см. Тұтқасы ұзын етіп 

жасалған. Саусақ іздері бедерленіп жасалған. Құлақтың ұзындығы 13,5 см. 

Қазан 2. Тек ернеуі ғана сақталған қазан сынығы құрамына майда құм араластырып, арнайы шарықта 

сапалы жасалған. Сақталған бөлігіне қарап, сипаттама берсек, бүйірі шар тәріздес болып келіп, ернеуіне 

жеткенде, аздап ішке қарай батырылып барып, сыртына қарай бұрыш жасап қайтарылған. Қазан ереуінің 

сыртында бүйіріне таман бірыңғай күйе іздері байқалады. Ернеуінің диаметрі 24-26 см аралығында. 



Қазан  3.  Құлағымен  бірге  сақталған.  Ернеуі  жоғарыда  сипатталған  қазан  ернеулерінен  өзгеше. 

Қабырғасы  жоғары  қарай  тіке  шығарылып  келіп,  сыртына  қарай  тік  бұрыш  жасап  иіліп  барып 

аяқталады.  Құрамына  ірі  құм  араластыра  отырып,  арнайы  шарықта  жасалған.  срытында  бірыңғай 

күйе іздері байқалады. Қазан ернеуінен 4,5-5 см төменде ұзындығы 5,4 см, ені 1,9 см тұратын құлақ 

жапсырылған. Құлақтың бетіне үш саусақ ізі батырылып түсірілген. Қазан қабырғасының қалыңдығы 

0,8-0,9 см. Ернеу диаметрі 25-26 см. 



Қазан 4. Жоғарыда сипатталған қазанға өте қатты ұқсайтын, бірақ, өлшемдері сәл үлкенірек келген 

қазанның түсі қызыл. Ернеу диаметрі 25-26 см, қабырға қалыңдықтары 1-1,2 см. Тұтқасының ұзындығы 

6,2 см, ені 2,2 см құрайды. 

Қазан 5. Бірінші сипатталған қазанға өте ұқсас. Жасалуында аздаған өзгерістер бар. Тұтқасындағы 

саусақ іздері 6 дана. Ернеуінің диаметрі 26 см. Тұтқасының ұзындығы 13 см. 



Қазан  ернеуі.  Арнайы  шарықта  жасалған.  Түсі  ақшыл  келген.  Қабырға  қалыңдығы  0,5-0,8  см 

аралығында. Құрамы құм араластырып жасалған қазан ернеуінің күйдірілуі бірқалыпты. 



Қазан 6. Түсі сары қоңыр келген. Бүйірі сыртына қарай аса көп шығарылмаған. Ернеуі қабырға 

бойымен тік шығарылып, тік бұрыш жасап, сыртына қайтарылып тоқтаған. Қазан бізге дейін әр жерінен 



24

сынған үш бөлігі жетті. Біреуі қазан орта тұсы тұтқасымен бірге, қалған екеуі ернеулері. Тұтқа арнайы 

сазды ұзынша етіп жасап келіп, қазанның иығына таман жапсырылған. Қолмен ұстар тұсына саусақты 

батырып ұстауға ыңғайлы із түсірген. Саусақ ізінің саны 7 дана. Қазанның сынған жеріндегі қимаға 

қарап, отта күйдірілуі бірқалыпты емес екендігін байқаймыз. Қазан ернеуінің сақталған жеріне қарап, 

ернеу диаметрі 28-30 см аралығында болған деп болжаймыз. қазан қабырғасының қалыңдықтары 0,7-1 

см аралығында. 

Шырағдан №1. Құрамы майда сұр құм аралстыра отырып, қолмен жасалған. сазды әбден илеп, 

аздап  сопақша  етіп  алып,  барлық  жағын  бірдей  көтере  отырып  жасаған.  Астынан  есептегендегі 

ұзындығы 14 см, үстіңгі ернеуінің ұзындығы 15 см. Ернеуінің домалақ артқы бөлігінің диаметрі 8-9 

см. Үшкірлене шығарылған тұмсығының ұзындығы 6,5 см құрайды. тұмсығының ернеуі ені 3,5 см. 

Қабырға  қалыңдығы  0,7  см.  Шырақтың  артқы  жағының  биіктігі  4,4  см,  алдыңғы  тұмсық  жағының 

биіктігі 3,2 см. Тұмсығында күйе іздерінің сақталуына қарап, тұрмыста жақсы пайдаланғанын көреміз. 



Шырағдан №2. Шырағданның тек ұшы яғни тұмсығы ғана сақталған. Құрамына майда құм мен 

слда  араластыра  отырып,  саздан  иленіп  жасалған  шырақтың  іргесінде  күйе  іздері  байқалады.  Асты 

бір тегіс келген. Мұндай шырағдандар Жетісу өңірінің басқа да ортағасырлық қалалардан кездескені 

ғылымда  белгілі  [4].  Сонымен  қатар,  тура  осы  секілді  шырағдан  2014  жылы  лакөл  жағалауындағы 

Қоскеліншек қаласын зерттеу барысында табылған. 

Ошақтың  бедерлі  сынығы.  Түсі  қызыл  қоңыр  келген.  Құрамына  слюда  және  қиыршық  тас 

аралыстыра отырып жасалған. Ошақтың бір бұрышы болуы мүмкін. Беткі жағына әртүрлі өрнектер 

түсірген.  Өрнектерді  екі  түрге  бөлеміз.  Біреу  штамп  болуы  мүмкін.  Ол  домалақ  келген  бедердің 

ортасына  +  белгісін  басқан  [5,  182-186  бб.]  Ошақ  сынығының  қалыңдығы  4,6  см.  Сынған  жерінің 

қимасына қарап, отта күйдірілуі бірқалыпты емес екендігін байқаймыз. 

Көзе.  Бүйірі  аздап  сыртына  шығыңқы  келіп,  иығына  келгенде  ішіне  қарай  қусырылып,  ернеуі 

сыртына қарай беті тегістеліп аяқталған. Жалпы биіктігі 11,6 см. Ернеуінің сыртынан есептегендегі 

диаметрі 12,2 см. Ернеуінің ішкі жағының диаметрі 6,6 см. Мойының диаметрі 9,3 см. Шар тәріздес 

келген белінің диаметрі 12 см. Доғалданып барып аяқталған түбінің диаметрі 10 см. Ернеу түбінінен 

иыққа дейінгі биіктігі 2,8 см құрайды. Көзе қолмен жапсырылып жасалған. Отта күйдірілуі бірқалыпты 

емес. 


Құтыша.  Ілмек  тәрізді  тұтқаның  жоғарғы  жағы  ернеуіне,  төменгі  жағы  құтының  беліне  барып 

жапсырылған. Құты мойнынан төмен қарай тарамдалған шашақ тәрізді бедерлер мен екі шетіне екеуден, 

алдына үш түйме тәрізді сазды жапсырған. Ернеуі сынып, жоғалған. Сақталған мойнының диаметрі 6 

см. Шар тәріздес белінің диаметрі 9,7 см. Түбінің диаметрі 5,8 см. Сақталған биіктігі 11,7 см. 



Шүмектер. Жалпы саны 3 дана. Екеуінің жасалуы бір-біріне ұқсас. Аталған екі шүмек ұзын етіп 

жасалған. Сақталған шүмектің ұзындығы 8,2 және 5 см. Бір қарағанда аң келбетіне келетін шүмектер 

қолмен жапсыру арқылы жасалған. Ішкі тесіктерінің диаметрлері 0,5-0,7 см. Үшінші шүмек шәугімге 

тиесілі болған болуы мүмкін. Аталған шүмек те қолмен жапсырылып жасалған. Ішкі тесігінің диаметрі 

1,5 см. Шүмектің сыртқы диаметрі 3-3,4 см аралығында ауытқиды. 

Сия  сауыт  немесе  құтыша.  Қолмен  жапсырылып  жасалған.  жалпы  биіктігі  2,5  см,  ернеуінің 

диаметрі 4,5 см. Түбінің диаметрі 3,4 см. Ішкі тереңдігі 1,7 см. Түсі қара қошөыл келген. Отта күйдірілуі 

бірқалыпты емес. Іргелерінде аздап жарылу бегілері байқалады. 

Көзе және көзелектер. Барлығы дерлік жартылай сақталған. Жалпы саны 6 дана. Түстері қызыл сары, 

қызыл қоңыр келген. Отта күйдірілулері бірсыпырасында бірқалыпты, енді берулерінде бірқалыпты 

емес. Ернеу диаметрлері 10-28 см аралығында. Биіктіктері 4,5-12,5 см аралығына ауытқиды. 

Қыш  ыдыс  ернеулерін  пайдалану  мақсатына  қарай  қазан  ернеулері,  құмыра  ернеулері,  хұм 

ернеулері, үлкен құмыра ернеулері. 



Қазан  ернеулері.  Қазан  ернеулері  өз  ішінде  бірнеше  топқа  жіктеледі.  Олар  ернеулері  үшбұрыш 

тәріздес етіп қайтарылған, тік бұрыш жасап қайтарылған ернеулер. Құрамына майда құм араластыра 

отырып,  арнайы  арықта  сапалы  жасалған  қазан  ернеулері  отта  күйдірілулері  бірқалыпты.  Қазан 

ернеулерінің диаметрлері 19-22 см аралығында. Қабырға қалыңдықтары 0,6-1 см аралығында ауытқиды. 



Ернеулері тік бұрыш жасап немесе доғалданып қайтарылған ернеулері. Жалпы саны 6 дана. Құрамына 

қиыршық құм аралстыра отырып, кейбіреулері шарықта енді біреулері қолмен жапсыру арқылы жасалған. 

Бірернеудің аяқталар ұшына қиғатап қатты затпен батырып, айналдыра із түсіріп шыққан.  

Құмыра  мойындары.  Жасалуына  қарай,  екі  топқа  топтадық.  Бірінші  топқа  ернеу  диаметрі 

үлкен  келген  құмыра  мойындары.  Саны  2  дана.  Ернеулерінің  диаметрлері  15-18  см  аралығыда. 

Қабырғаларының сынған жерінің қимасына қарап, отта күйдірілулері бірқалыпты екендігін көреміз. 


25

Сыртқы пішініне қарағанде екі ыдыс сынығы да арнайы шарықта жасалған. Екінші топқа жіктелетін 

ыдыстар мойындарының ұзынша түтікше секілді болып келуімен ерекшеленеді. Жалпы саны 7 дана. 

Ішінде біреуінің көлемі үлкен. Құрамына слюда мен құм араластырып жасаған құмыра мойыны отта 

жақсы күйдірілмеген. Ернеуінің диаметрі 10 см. Қабырғасының ернеуіне жақын жағының қалыңдығы 

0,6 см, беліне жақын маңының қалыңдығы 1,6 см. Құмыра мойыны тура беліне жалғасатын жерінен 

сынған.  Қалған  төрт  құмыра  мойындарының  түстері  қызыл  қоңыр,  сұрғылт  болып  келген.  Отта 

күйдірілулері  әрқилы.  Құмыра  мойындарының  ішіндегі  ерекше  келген  екеуі  бар.  Оларда  басқалар 

секілді емес, сыртында бедер түсірілген. Ең қызығы екі ыдыс сынығы бастапқыда бір ыдыс болғаны 

анықталды. Ыдыс қолмен жапсырылып жасалған. тұтқа құмыраның ернеуіне өте жақын орналасқан. 

Бірақ  тұтқа  жапсырылан  жерінен  сынып,  жоғалған.  Тұтқа  орнына  жақын  жерден  иректеліп,  саз 

балшықты  жапсырған.  Оның  астынан  қиғаштап  үш  сызық  түсірілген.  Анықтап  қарау  барысында, 

ернеуден сыртына төмен қарай бояу жағылған. Бұл молшылықтың ұғымымен байланысты дүние болуы 

мүмкін [6, 70-71 бб.].



Құтыша  ернеулері.  Жалпы  саны  3  дана.  Көлемдері  әрқилы  ыдыс  сынықтары.  Ернеулерінің 

диаметрлері  9,10,13  см аралығында  ауытқиді. Түстері сары, қызыл қоңыр  келген  құтыша ернеулері 

қолмен жапсырылып жасалған. біреуінің су ағар шүмегі болған. 

Ернеулері тік болып аяқталған ыдыс сынықтарының саны 6 дана. Түстері күнге ұзақ тұрғандықтаны 

ақшыл  сарғыш  тартқын  ыдыс  сынықтарының  барлығы  да  қолмен  жапсырылып  жасалған.  қабырға 

қалыңдықтары 0,8-2,5 см аралығында ауытқитын ыдыс ернеулері отта сапалы сүйдірілген. 

Үлкен көлемдегі құмыра ернеулерінің жалпы саны 9 дана. Құрамы майда, ірі, қиыршық құм және 

слюда араластыра отырып жасалған ыдыс ернеулері бірсыпырасы қолмен, енді кейбіреулері арнайы 

шарықта жасалған. Отта күйдірілуі бірқалыпты емес. Диаметрлері 19-28 см аралығында. 

Хұм ернеулері. Өз ішінде 4 топқа жіктеледі. Бірінші Әдеттегі, жиі кездесетін хұм ернеулері. Сыртына 

қарай еркін, немесе үшбұрыш жасап қайтарылған ернеулер. Диаметрі 30 см құрайды. Екінші топтағы 

Хұм ернеулерінің бітер ұшына саусақпен батырып із түсірген. Үшінші хұм ернеулері өзге ернеулер 

секілді сыртына қарай емес, керісінше ішіне қарай қайтарылып аяқталған. Төртінші топтағы ернеуден 

гөрі арнайы табақ, керсенге көбірек ұқсайды. Нақты қандай қыш бұйымның бөлшегі екендігін кесіп 

айта алмаймыз. 

Жайпақ  қаласына  жүргізілген  қазба  жұмыстары  барасында  өте  көп  мөлшерде  мал  сүйектері 

шыққанын біз әрбір қазбаға жеке тоқталғанда сандық мөлшерін көрсеткен болатынбыз. Енді төменде 

мал сүйектерінің барлығын жіктеп, санымен мөлшерін қала деңгейінде шығаруды дұрыс деп ұйғардық. 

Жалпы мал сүйектерін сақталуына қарай және орналасу ретіне қарай топтастырдық. Жайпақ қаласына 

жүргізілген 3 қазба орны мен 2 кесіктен шыққан мал сүйектерінің жалпы саны 537 дана. Оның ішінде 

ұсақ мал сүйектерінің сақталғандары саны – 80 дана болса, ұсақталып үгітілген, ұсақ мал сүйегі – 208 

дана. Төменде орналасу ретіне қарай мөлшері:

Ұсақ мал сүйектері

1

Жақ тіс 



12 дана

2

Омыртқа 



20 дана

3

Жамбас 



5 дана

4

Тоқпан жілік



14 дана

5

Қабырға 



14 дана

6

Жауырын 



9 дана

7

Жілік 



6 дана

 Ірі мал сүйектерінің сақталғандары: 82 дана. Ұсақталып үгітілгендері: 167 дана.



Ірі мал сүйектері 

1

Мүйіз 



2 дана

2

Тұяқ (жылқы)



1 дана

3

Тұяқ (сиыр)



5 дана

4

Тіс 



16 дана

5

Жамбас 



3 дана

6

Жауырын



7 дана

7

Қабырға 



5 дана

8

Жілік



5 дана

9

Аралық сүйек (тізе буын сүйегі)



25 дана

10

Жіліктің басы



5 дана

Жайпақ қаласына жүргізілген зерттеу жұмыстары барысында өте көп мөлшерде қыш бұйымдар мен 

мал сүйектері табылғанын жоғарыдағы мәліметтер дәлелдейді. Біз жоғарыда сол қыш бұйымдар мен мал 


26

сүйектеріне ғылыми сипаттама беріп, жіктеп, саралауға тырыстық. Бір ерекшелігі Жайпақ қаласының 

қыш ыдыстарында, бұған дейін біздің экспедиция тарапынан Асусай, Қоскеліншек қалаларына жүргізген 

зерттеу жұмыстары барысында табылған қыш бұйымдардан аздап айырмашылықтар байқалады. 



Біріншіден,  Жайпақ  қаласынан  табылған  қыш  бұйымдар  санының  молдығы.  Бұған  дейінгі 

зерттеулерден мұндай аз қазба кезінде мұндай көп мөлшерде қыш бұйымдар кездеспеген болатын. 



Екіншіден,  қыш  ыдыстармен  қатар,  тұрмыстық-шаруашылық  мақсаттағы  қыш  бұйымдар  саны 

артқанын көре аламыз. 



Үшіншіден, темір бұйымдар саны біршама артып отыр. 

Төртіншіден, мал сүектерінің мөлшері алдыңғы зерттеу нысандарынан табылған мал сүйектеріне 

қарағанда, біршама артқан. Міне осындай ерекшеліктеріне қарап, сонымен қатар қала құрылысы мен 

шаруашылық аймағының алып жатқан аумағының кеңдігіне қарап, Жайпақ қаласы қатардағы керуен 

сарай  немесе  шағын  қала  емес,  халық  тығыз  қоныстанған,  біршама  ұсақыт  өмір  сүрген,  өзіне  тән 

иррегациялық жүйелері бар, жерлеу орындары мен шаруашылық аймағы бар ірі қала деп атауға әбден 

болады.


_________________

1.  Ерзакович Л.Б. О позднесредневековом городище Аспара. // Новое в археологии Казахстана. – Алматы. – 1968.

2.  Төлеубаев Ә.Т., Талеев Д.Ә., Омаров Ғ.Қ., Шағырбаев М.С. Алакөл жағалауындағы Асусай қалашығында 2012 жылы 

жүргізілген археологиялық қазба жұмыстары // ҚР ҰҒА Хабарлары. – Қоғамдық және Гуманитарық ғылымдар сериясы. 5 

(297). – Қыркүйек-қазан. – 2014 ж. 

3.  Агеева Е.И., Пацевич Г.И. Из истории оседлых поселений и городов Южного Казахстана // ТИИАЭ АН Каз ССР. – 

Алма-Ата: Наука.– 1958. Том V. 

4.  Зиливинская Э.Д. Очаги жылого комплекса на городище Джанкент // ИзвНАН РК сер. Общ. и гуманитарных наук. 

– Алматы. – 2013. - №3. 

5.  Шағырбаев М.С. Керамика бұйымдарын атрибуциялау мәселесі // ҚазҰУ-дің Хабаршысы. – Тарих сериясы.– 2014ж. 

№ 4 (71).

6.  Байпақов К.М. Находка клада керамики на территории Алма – Аты. Қаз.КСР ҒА Хабаршысы. Алма – Ата. – 1974.      



             

                

                      Сурет -1. Кесік I                                                      Сурет-2.Кесік I, (қала қабырғасының қалыңдығы)



  

        

                         Сурет – 3. Кесік II                                                      Сурет – 4. Кесік II. (Кесіктің құммен толтырылған (су?) 

                                                                                                                                         астау секілді ортасы)


27

       

 

    Сурет – 5. Қазба 1.                                                               Сурет – 6. Қазба 2. (ошақ алды тұғыр)



                   

   Сурет – 7. Қазба 3. (шығыстан қарағандағы көрініс)                                      Сурет – 8. Қос құлақты амфора



              

                                    

                           Сурет – 9. Түбек

                                                                                

Сурет – 10. Құмған



М. Елеуов

МЫРЗАШӨЛ МЕН  ОРТАҒАСЫРЛЫҚ  ҮТІРТӨБЕ ҚАЛАСЫНЫҢ 

ЗЕРТТЕЛУ ТАРИХЫ

Жазба деректерде Жетісудың батысында «Қозы басы Шу» деген жерде Жәнібек пен Керей хандар 

бастаған Қазақ хандығының құрылғандығы халқымыздың тарихында белгілі. Көрсетіліп отырған жер 

Моғол хандығының жері еді. Алайда Моғол ханы бұл қазақ хандарын өз жеріне келулерін қуанышпен 

қарсы алған. Себебі Есенбұғы ханның інісі Жүніс хан Моғол хандығына осы жағынан қауіп туғызып 

отырған. Сондықтан енді Жүністің Моғол хандығының бұл жағынан қауіп туғыза алмайтынын біліп 

Жәнібек пен Керейдің өз жеріне келіп орналасуына ешбір кедергі жасамаған. Бұл жерге келгенге дейін 

қазақ сұлтандары қазақ хандары деген атауда да аталып жүрген. Мұнда келгеннен кейін қазақ хандары 

деген атаумен еркінде атала бастаған.


28

Халқымыздың егемендігін алып, еркін даму жолына түсуне байланысты қазақ хандығының алғашқы 

ту  тіккен  жерін  айқындау  үшін  1980жылы  автордың  басқаруымен  палеоэтнологиялық  экспедиция 

жұмысын жүргізген еді. Зерттеу барысында Қозы басы деген жер Қордай ауданының шығыс жағында 

екендігі  белгілі  болды.  Тұңғыш  ғалымымыз  Ш.Ш.  Уәлиханов  Верный  бекінісінде  болған  кезінде 

Қозыбасының бекіністен екі күндік жерде екендігін жазған болатын. Міне сол Қозыбасы жайлауында 

Керей  хан  болған,  Шу  деген  жері  қазіргі  Шу  станциясының  аумағы.  Шу  станциясының  терістік 

шығыс  жағында  Хантау  станциясының  аумағында  Жәнібек  хан  болған.  Өйткені  Үлкен  Хантаудың 

шығыс жағында Жәнібек ханның «хан қорасы» деген қора бар. Тағы басқа жер аттары туралы төменде 

айтамыз олардың аңыз емес тарихи шындық екендігіне назар аудару керек. Хантау, Жетісу аймағының 

солтүстік  батыс  жағында  Шу-Іле  Алатауының  оңтүстік  шығыс  жағалауындағы  сілімдері  болып 

табылады. Оңтүстік батыстан, оңтүстік шығысқа қарай 40 км дейін созылып жатыр, кеңдігі 10-15 км. 

Таудың  орташа  биіктігі  600-650  м  [1,  610  б.].  Ең  биік  шоқысы  1053  м.  Жергілікті  халықтың  айтуы 

бойынша, ол биік шоқыны «Сұңқар» шоқысы деп атайды. Шамасы таудың  биіктігін Сұңқар сияқты 

құстың аспандап биік ұшуына салыстырмалы түрде айтылған болуы керек. Хан тауы бір тұтас емес, 

бірнеше бөліктерден тұрады. Таудан ағып шығатын кіші-гірім өзендер, тау беткейлерін сай сала, жыра-

жылға етіп тілімдеген. Сондықтан да таудан шыққан өзен бойларында қойнауларында мал қыстауға 

қолайлы. Хантау солтүстік шығыс жағынан Жусанды даласымен, ал солтүстік батысынан Сексеуілді 

далаларының ортасында орналасса да малға пайдалы өсімдікке өте бай. Әсіресе тау етектері ақселеу, 

жусан,  еркек  шөп  сияқты  мал  жейтін  жұғымды  шөптер  әрі  биік  әрі  қалың  өседі.  Ал  тау  басында 

және  беткейлерінде  саркүйік  шөп  жайқалып  тұрады.  Хантаудың  қыс  қыстауға  және  бір  қолайлығы 

тау беткейлерінде қысқа отын болатын тобылғыақтаспа сияқты отқа жағатын қызуды жақсы беретін 

бұталы өсімдіктер өссе, ал Жусанды далада сексеуіл сияқты қызуы күшті баялыш өседі. Бұл өсімдіктің 

қызуы сексеуілден кем емес. Сонымен бірге сексеуілде Хантаудан онша алыс емес. Тұрғындар қыс 

кезінде отын жағынан таршылық көрмеген. Сол себептенде Хантау жеі қазақ халқының қыста тұрақты 

жай салып мекендеген басты жерлерінің бірі болған.

Халқымыздың жер, тау, өзен, көл немесе басқа бір нәрселерге ат қойғанда оның белгілі бір сыртқы 

көріністеріне немесе, себеп-салдарына, мағынасына қарап қоятындығы ертеден-ақ белгілі. Сондықтанда 

бұл таудың Хантау аталуы да бекер аталмандығы өзінен өзі айтып тұрғандай, тауда қазақ хандарының 

жайлағаны  белгілі  болып  отыр.    Оған  қосымша,  Үлкен  Хантау,  Орта  Хантау,  Бала  Хантау  (немесе 

Кіші Хантау) деген атаулардың  аталуын  бекер еместігін байқатады. Аталған таулардың басында хан 

отыратын «ханның тағы» деп біздің хабаршымыз таққа ұқсас үш тасты көрсетті. Әрине бұл аңыздың 

шындыққа қаншалықты жанасымды екендігіне күмән келтіруге болмайды. Хантауда  хандардың өмір 

сүргендігі жайлы аңыздарды дәлелдейтін басты бір айғақ, хантаудың солтүстік шығыс жағында «Хан 

қорасы»  деген  қораның  орны  бар  (1  сурет).  Табиғи  дөңгелек  қора  қора  тәрізді  жартастың  ортасын 

қораға  пайдаланғандық  көрініп  жатыр.  Нұрғиса  Мұқатаевтың  айтуы  бойынша  бұл  қорада  Жәнібек 

хан қыстайтын болған. Қораның қазіргі көрінісіне қарағанда ХХ ғасырдың 50-60 жылдарына дейін, 

одан  кейін  де  қора  есебінде  пайдаланғандық  көрініп  жатыр.  Қораның  тегістік  жағында  жартастың 

ортасында кеңдігі 1м30см ұзындығы 25 м жартасты қақ жарып үстіне көтерілетін саты тәрізді жерді 

«Хан  сатысы»  деп  атайды.  Шындығында  жартастың  арасынан  жоғары  қарай  көтерілетін  бұл  өткел 

сатыға өте ұқсас, оны хан қолдан жасатты ма, жоқ әлде табиғи пайда болған саты ма дәл айту қиын. 

Шамасы хан сатысымен көтеріліп төбеге шығып дем алып, бой сергітіп, жан-жаққа көз салатын болған. 

Сатының  оңтүстік  жағында  қораның  ішінде  30м  жердеханның  мініс  аттары  тұратын  ат  қорасының 

орны бар. Бұл жерде ұзындығы 10м биіктігі 2-3м үлкен бір тас тұр. Түбінде тастан жасалған ақыры 

бар. Хан қорасы осы мініс аттар тұратын жерден екі бөлікке бөлінеді. Бірінші   шығыс жағындағы  

қораның ені 18м, ұзындығы 24м. Ал екінші, батыс жағындағы қораның ені 16м, ұзындығы 20м. Бірінші 

қораның оңтүстік жағында қораға кіретін екі ашық жері бар. Мал кіріп шығатын қақпасы болу керек.

Егер қораның солтүстік-батыс, солтүстік және солтүстік-шығыс жақтары айналдыра табиғи биіктері 

50-60м кереге жартастар қоршап жатса, ал оңтүстік жағында доғаша иілген ұзындықтары 20-30м екі 

жартаспеен қоршалған. Екінші қораның батыс жағынан кішкене сай өтеді. Табанында жылтырап ағып 

жатқан суы бар. Сай мен қораның арасы 15-20м. Ал сайдың батыс жағынан 150-160м жерде оңтүстіктен, 

яғни  Шу-Іле  Алатау  жағынан  Солтүстікке  (Балқаш)  қарай  Хан  оры  өтеді.  Біздің  хабаршымыздың 

айтуына  қарағанда  да  ор  өзінің  басын  сол  Балқаш  көлі  жағынан  басталса,  аяғы  Шу-Іле  Алатауына 

дейінгі аралықта жалғасып жатыр дейді. Шындыққа көзімізді жеткізу үшін ордың бойымен оңтүстік 

жағынан машинамен 20км, солтүстік жағынан 15км жүріп көрдік, ор одан әрі қарай жалғасып жүре 

береді.  Ордың  бойымен  қуалап  жүре  беруге  мүмкін  емес,  бұта-бұтаның  түбіртектері  машинаның 



29

тезірек жүруіне мүмкіндік бермейді. Ал жәй жүріске күн ыстық машинаның моторы қызады. Сонымен 

ордың екі басына жа жетуге болмады. Ордың қазіргі сақталған көрінісі әрқалай, бір жерде тереңдігі 

90-100см болса, ал кейбір жерд одан таяз, кеңдігі 1,5-2 м. Хан оры туралы әртүрлі аңыз сақталған. 

Біздің хабаршымыздың айтуына қарағанда Жәнібек ханның құлан аулайтын оры болған тәрізді. Бұл 

ор туралы ХІХғ.ортасында бұл аймақта болған Ш.Ш. Уәлихановта [2, с. 344-345], ХІХғ.аяғында, қазақ 

халқының  жан  санымен  жер  жағдайының  экономикалық  жағын  есепке  алу  үшін  отарлау  саясатына 

байланысты есеп-қисап жүргізілген орыс деректерінде де кездеседі [3, с. 77-78]. Бұл екі деректерде 

де  бірін-бірі  қайталайды.  Сондықтанда  біз  Ш.Ш.  Уәлихановтың  жазған  аңызы  бойынша  деректі 

қарастырып көрелік. Ғалым орды қаздырғанханның аты Жәнібек болу керек деп жобалайды. Өйткені 

оған айтушылардың өздері бірі Жәнібек десе, ал кейбіреулері ханның атын айтып бере алмаған. Аңызға 

қарағанда қырғыздардың өздеріне хан болу үшін бір баласын беруін сұрап келген қырғыз елшілеріне 

Жәнібек өзінің Жошы деген баласын беріпті-мыс. Ал, шындығында Жәнібектің Жошы деген баласы 

болмаған. Жошының күмбезі Карақеңгір өзенінің бойында. Міне сол баланы қырғыздар өздеріне хан 

ету үшін алып бара жатқанда бала жолда жайылып жүрген құландарға қызығып қуып бара жатқанда 

бала қаза болады. Содан, Жәнібек хан құландарды осындай ор қаздырып қырғызыпты. Қан арығы деп 

аталуы содан қалған тәрізді. Ол да сол құландардың қырылуына байланысты ма деге ой туады. Ал 

екінші бір деректе Түркістан әуесқой археологтары қоғамының мүшесі Д.Жетпісбаев жазған хабарына 

қарағанда орды Ақсақтемір қазғызған тәрізді [4, с. 137-138]. Ақсақтемірдің бұл аймақта жорық жасап 

бернеше рет болғаны мәлім. Ал, Жошының өліміне келетін болсақ, ол Ұлытау жерінде аңда жүргенде 

қаза болған [5, с. 91]. Сондықтанда бұл орды қаздырған Жәнібек ханба деген ой беки түседі. Егер құлан 

аулайтын ор болса ол неге сонша ұзын болды. Ордың ұзындығы Ш.Уәлихановтың хабарына қарағанда 

Жоңғар Алатауынан басталып Шу Алатауына дейін шамасы 40-50 км аралықты қосып жатса, орыс 

деректерінде  де  бір  басы  Іле  бойындағы  Топардан  басталса,  ал  екінші  басы  Қордай  тауына  дейінгі 

аралықты алып жатыр. Құлан аулау үшін мұндай орасан ұзындықтың қажеті қанша. Екіншіден, ордың 

қазіргі  сақталған  кеңдігі  мен  тереңдігі  онша  айтарлықтай  емес.  Ал,  құландардың  ұзындыққа  қалай 

секіретіндігін  өлшемегенмен  шамамен  7-8  м  ұзындықты  еркін  алатындағын  білуге  болады.  Мына 

сақталған  ордың  кеңдігімен  тереңдігі  онша  көңіл  толтырмайды.  Мәселен  ордың  қазіргі  сақталған 

жердегі кеңдігі 1,5-2 м аспаса, тереңдігі өте шұңқыр деген жерлерде 1-3 м аспайды. Сондықтан бұл 

ордың Жәнібек құлан аулау үшін салғызды деген аңыз әзірше шындыққа онша жақындамай тұр. Сонда 

бұл орды кім қазғызды, не үшін? Бұл мәселе әлі де болса өзінің шешімін күтіп тұрған мәселе.

Хан қорасыныңоңтүстік жағында Ноғай құдық қыстауында болдық. Бұрын бұл жер төртінші бекет 

деп  аталса  керек.  Бірақ  та  бекеттің  үй-жайлары  сақталмаған.  Ал  Ноғай  құдықтың  іші  таспен  өріп 

шығарылған, қазірдің өзінде 8м теректе суы бар. Шамасы осы құдық сол бұрыннан келе жатқан бекет 

кезіндегі құдық болуы керек. Ал жердің ноғай аталуы, тарихи бекет кезінде татар халқының өкілдерінен 

бекетті  күтуші  адамның  ұлтына  байланысты  сияқты.  Бекеттер  бір  елмен  екінші  елдердің  арасына 

немесе сауда керуен жолдарының бойына салынатын жайлар. Онда суыт хабар алып жүрушілер көлік 

айырбастайды,  ал  сауда  керуені  дем  алып  көліктерін  тынықтырады.  Тарихи  зерттеулерге  қарағанда 

Ұлы Жібек жолының бір тармағы Іле алқабында оңтүстік батыстан, солтүстік шығысқа қарай өтетіндігі 

белгілі  [6,  14  б.].  Олай  болса  бұл  бекет  Хантау  бойынан  шығыстан  батысқа  қарай,  яғни  атақты 

Тараз қаласына қарай өтетін Жібек жолының үстінде жатқан бекет. Хантау жеріндегі қыстаулардың 

орналасуына сол Жібек жолының бойына жақын салынғандығын байқау қиынға соқпайды. Мұндай 

бекеттерді Керуен сарайы деп те атайды. Бұдан кейінгі керуен сарайлары бұл жерден 30-40км жерде 

Мұқатайдың кезеңі деген жерде салынған. Хан оры да осы керуен сарайыдың жанынан батысқа қарай 

өтіп жатыр. Сонымен Ноғай құдықтың жері ертеден келе жатқан тарихи орын болып табылады.

 Ортағасырлық Үтіртөбе қаласы  Сырдарияның сол жағасын жағалап жүрген ежелгі керуен жолдың  

Сырға Шыршық өзенінің құйған жеріндегі өткел мен Сүткенттің аралығындағы негізгі өткелдердің  

бірінің      басында  орналасқан,  сондықтан  да  оның  зерттелу  тарихын      Мырзашөлдің  тарихымен, 

географиялық,  археологиялық  зерттелуімен  байланысты  қарастыру  керек.  Қазақ  халқына  ежелден 

белгілі,  еліміздің  оңтүстік  шығысындағы  бұл  тарихи-географиялық  өлкеге  берілген  анықтамада: 

«  Мырзашөл  –  Сырдария  өзенінің  сол  жағасындағы    құмды  жазық.  Өзбекстандағы    Сырдария, 

Қазақстанның Шымкент облыстары  жерінде.  Ауданы 10 мың км2  Солтүстік,  солтүстік –батысында  

(оңтүстік, оңтүстік-шығысында – М.Е. ) Қызылқұмға  жалғасады»  – деп жазылған  [ 1, 244 ]. 

Мырзашөлдің  зерттелу  тарихына  қатысты  алғашқы  дерек  П.И.  Лерхте  кездеседі.  1867  жылы 

Сырдарияны  төменгі,  орта  ағыстарындағы  ортағасырлық  қалаларымен    танысқан  ол  Түркістан, 

Шымкент,  Ташкент  арқылы    Жызаққа  өткен.  Жызақтан  шығып  Жаңақорғанға  (Яны-Курган  )  барар 



30

жолда ол Жыланоты ( Джилан-Уты ) шатқалындағы  биік жартастағы екі жазудың көшірмесін түсіріп, 

олардың парсы тілінде 1424-1425 және 1571-1572 жылдарда  жазылғанын анықтаған [ 2,IX ].

1869  -1870  жылдарда  Мырзашөлдің  (    Голодная  степь  )  топографиялық  түсірісін  жасаған  бас 

штабтың офицері,  барон Аминов зерттеу барысында отырықшы өркениеттің қалдықтарын олардың 

суландыру жүйелеріне қатысты   деректер тапқан  [3, ], ал Н.А. Иванов Сырдариядан Бұхараға дейін 

қазылған    ежелгі    арықтың  ескі  арнасы  бар  екенін  анықтаған  [4].  1884  жылы    Сырдарияның    сол 

жағасында Қызылқұмда зерттеу жүргізген географ  А.П. Федченко өзінің « Заметки о степи  Кзыл-Кум 

» атты мақаласында  Сырдарияның сол жағасындағы суландыру жүйесінің іздері, Шардара, Сүткент, 

Байырқұм,  тағы басқа ортағасырлық  қалалар бар екенін көрсеткен [ 5,  242 ].

1885 жылы  Сырдарияның орта және төменгі  ағыстарында зерттеу жүргізген Е.Смирнов  Мырзашөл 

( Голодная степь ) туралы: «... Голодная степь между Чиназом и Джизаком  раныше    вовсе не было  « 

голодною », а хорошо орошенною и конечно, заселенною местностью. ... Ниже Чиназа из реки  Сыра 

было  выведено  много больших оросительных каналов, теперь  заброшенных конечно, и на одном из 

них находится  развалины  г. Сюткента, не исследванные в археологическом отношении, а далыше в 

Кызылкумах  находится  остатки  поселений, известных под названием Мынг-тобе, т.е. тысяча бугров» 

- деп жазған [6, 77-78].

Д.И.Эварницкийдің 1893 жылы баспалдан шыққан Бакуден Ташкентке дейінгі Орта Азия бойынша 

жолсерік кітабында Мырзашөлдің  сардобалары туралы деректер берілген. Сардобалардың құрылысы, 

олардың  аумағы  жөнінде  автор:  «  ...Путешественники  видят  у  многих  из  этих  станции  (Агачлы, 



Мурзарабад,  Малека  )  своеобразная,  точно  огромный  купол,  кирпичная  постройка    с  широкими 

отверствиями внизу для входа в них. Под этими куполами поделаны глубокая котловина, а в котловинах, 

на самой середине, вырыты глубокие колодцы. Это так называемая сардабы (сардоба- М.Е ), что с 

персидского на русский значит колодцы.  Одна из них, как например, сардаба у станции Агачлы, имеет  

в окружности до 95 аршин; другая, как например у станции Мурзарабада, до 256 аршин,  при них 

иногда (у того же Мырзарабада) стоят развалины караван -сараев » – деп көрсеткен [7,142].

1899 жылы археологияны ұнатушылардың Түркістан үйірмесінің мүшесі Н.В. Руднев  Сырдарины 

сол жағасындғы  Шардара бекінісінен бастап Түркістанның тұсындағы  Үшқайық ( Уч-куюк ) өткеліне 

дейінгі  аралықта  зерттеп 11 ежелгі  қалалардың орнын кездестірген, олардың қатарындағы  Кеты, 

Ұзыната,  Сүткент,  Байырқұм  Шардараға  жақын    орналасқан.  Ол  осы  қалалардың  бұзылу  себептері 

туралы былай дейді: «Весьма  возможно, что еще большое количество  древ. городов  погребено под 

передвигающимся Кызыл-Кумами, или же смыто волнами  реки,  или же обратились в дно прибрежных 

озер...» [ 8; 9; 10 ].

1914 жылы В.Ф. Караваев құрастырған «Голодная степь  в ее прошлом и настоящем»  атты еңбекте   

Мырзашөлде  осы  уақытқа  дейін  жүргізілген  зерттеулердің  нәтижесінде  ашылып,  есепке  алынған 

суландыру  жүйесінің  каналдары,  сардобалары  көрсетілген.  Автор    Мырзашөлдегі  басты  каналдар 

ретінде  Түйетартар (Тюя-Тартар) мен Орынбай мырза  (Урумбай  Мирза)  каналдарын суреттеп жазған: 

«Другой канал  Урумбай Мирза  (или  в верхнем  течении « Огузь ») выходит из Сыр-Дарьи в районе  

северо-восточный  части  Голодной степи, а именно  в верстах 50 выше  Чиназа, в урочище  « Шаль-

Тугай » из озера  и самой реки. Затем  он шел  параллельно  берега, отходя в глубь  степи  верет на 

5-7 (не более) и только  на высоте  Чиназа, в урорище  « Урумбай » отклонился  левее орощая  своими  

разводными  арыками  местности (что, впрочем, едва-ли  вероятно) почти до изгиба  р. Сыр-Дарьи у 

Чардары » [ 11, 13].

В.Ф.Караваев  Сырдарияның    жағасында  оның  шатқалдарында    көптеп  кездескен    ескерткіштер 

турлы былай дейді: «Трудно, конечно  отнести эти развалины  к какой– либо  определенной  эпохе, 

но  во всяком  случае  обилие их свидельствует о том, как густо   в прежнее время  были заселены  

берега  Сыра,  а в виду того, что  арыков,  можно утверждать, что народы, жившие  по Сыр-Дарье, были 

оседлыми и издавна занимались земледелием » [11, 10 ]

 В.В. Бартольд  осы еңбекке жазған  пікірінде  онда көрсетілген Орынбай мырза ( Урумбай  Мирза )  

каналының бағытына  сын көзбен  қарап оның басталған және  аяқталған  жеріне  күдік келтірген, бірақ 

ол жөнінде өзі нақты пікір, ұсыныс жазбаған [12, 302 ].

1948-1951  жылдарда    Оңтүстік  Қазақстан  археологиялық  экспедициясы  (    ОҚАЭ,  жетекшісі  

А.Н.Бернштам ) Сырдарияның сол жағасында Ақтөбе 1- Байырқұм аралығында барлау жұмыстарын 

жүргізіп 1900 жылы О.А.Руднев ашқан ортағасырлық Байырқұм қаласында 1948-1949 жылдарда, 1949 

жылы Сүткент 1-де  қайта зерттеу жүргізді [ 13, 340 ], ал 1950 жылы экспедиция  Сейіттөбе, Шардара, 

Ақтөбе елді мекендері мен қалаларын ашып[ 13, 341-343], Сүткент елді мекенін қайта зерттеген [ 14, 


31

334 ]. Осы экспедиция 1951 жылы ортағасырлық  Ақтөбе қаласын ашып жобасын түсіріп оның өмір 

сүрген уақытын  І м.ж. жартысы –ІХ–ХІІ ғғ. деп көрсеткен [15,116-117].

1948-1954  жылдар  аралығында  Мырзашөлді    игеру    мақсатында  жүргізілген  зерттеулер  кезінде  

И.А. Анбоев бірқатар  ескерткіштерді ашып зерттеу жұмыстарын іске асырған, олардың қатарында 

ортағасырлық Шардара қаласы, Жетіасай массивінен 1950 жылы  ашылған құдықтар бар. «К–25-5» 

деп аталатын каналдың сағасына жақын жердегі  өзектің табанында әр түрлі кезеңдерден  12 құдық  

сақталған. Құдықтардың төңіріндегі  топырақ үйінділерінен б.з.д І м.ж. ортасындағы, VIII-XII ғғ. мен  

XV-XVI ғғ. кезіндегі еңбек құралдары, ыдыс үлгілері кездескен [16, 51-54]. Құдықтардың  жанында  

шарықта  жасалған  ыдыстардың  шлактары,    күйдірілген  төртбұрышты  кесек  сынықтары  да    көп 

сақталған.  Зерттеушінің пікірі бойынша: « Наличие этих бугров  у группы  колодцев и остатков древней 

культуры в пределах не освоенной  Голодной  степи можно обьяснить  существованием  в прошлом 

пересекавшей  Голодную степь  караванной дороги,которая была приурочена  к балкам и логам,  где 

можно было добывать питьевую  воду и укрываться от сильных ветров.... Описанные  выше памятники  

не являются  единственными. Они  были обнаружены  и в соседних  районах  Голодной степи другими 

исследователями »[16, 55].

1958  жылы  Өзбек  КСР  ҒА  Ботаникалық    бағының  П.А.  Гомолицкий  басқарған  экспедициясы 

Ташкент-Сарыағаш  арқылы жүріп отырып Асықатаның  тұсындағы паром өткелімен Сырдарияның 

сол жағасына өтіп Асықата – Сүткент аралығында  зерттеу жұмыстарын жүргізген. Осы экспедицияның 

есепті  мақаласында ортағасырлық  Үтіртөбе не басқа қала, елді мекендер  туралы дерек жоқ. Мақалада  

бұрын есепке алынбаған Ақтөбе мен Көксу кесенелері  туралы тың дерек  айтылған [ 17 ]. Ақтөбе 

(Ақ-тепе) кесенесі  Асық ата өткелінен 8 км  оңтүстік-батыста  орналасқан.  Кесененің қыш кесектен  

қаланған  жобасында  төртбұрышты қабырғаларының ұзындығы  9 м,  үсті күмбезден жабылған.

Ақтөбе кесенесінен  45 км  солтүстікте, ескі  зираттың  шетінде тұрған  Көксу кесенесі де  қыш 

кесектен  қаланған, өкініштісі  сол, экспедиция кесенені  тек суретке түсірген, бірақ оның өлшемдерін 

көрсетпеген. Г.А. Пугаченкованың  болжамына  қарағанда Ақтөбе кесенесі ХVII-XVIII ғғ. кезінде,  ал 

Көксу  кесенесі  XIV ғ. кезіндегі  құрылыс болса керек [ 17, 203].

Т.К. Басеновтың 1959 жылы жарияланған « VII-XII ғасырлардағы Қазақстан архитектурасы » атты 

мақаласында Мырзашөлдегі  Мырза Рабад және Якка сардоболары туралы: « Сардобалар, демек құдық 

үстіне  салынған  құрылыстар...  Сардобалар  архитектурасында  ярусты  күмбез  стилі  жаслаған  мұның 

мұндай күмбезбен үлкен кеңістікті жабуға мүмкіндік береді » –деп олардың ерекшелігін көрсеткен [ 18, 

111-112; 19,244]. 1959-1963 жылдарда М.С. Мерщиев  ортағасырлық Ақтөбе 1  қаласының цитаделінде, 

шахристанында кең көлемде  археологиялық  қазбалар жүргізіп,   қаланың IV- XIII ғғ. басы аралығында 

өмір сүргенін анықтаған [ 20,120-173].

Сонымен, 1867– 1963 жылдар аралығында  Мырзашөлде  және оған  іргелес аудандарда жүргізілген  

археологиялық  зерттеулердің  барысында  бірқатар  ортағасырлық    ескерткіштер    ашылып    зерттелді,  

олардың  қатарында: елді мекендер, қалалар, суландыру жүйелері, сардобалар, кесенелер бар. Бірақ сол 

ескерткіштердің қатарында ортағасырлық Үтіртөбе қаласының аты кездеспейді.

Ортағасырлық  Үтіртөбе қаласы туралы алғашқы  мәлімет  М.С. Мерщиевтің 1965 жылы  жарыққа 

шыққан  «К  вопросу  о  генезисе  оседлых  поселений  (на  материалах  городище    Актобе  1)»  атты 

мақаласында кездеседі. Автор қауыншы  мәдениетінің таралу аймағында орналасқан  ортағасырлық 

қалалар  мен  елді мекендердің  тізімі  көрсетілген картада  Асықатадан солтүстік-шығыста  Отурул-

тобе (Үтіртөбе – М.Е. ) қаласын көрсеткен ( сурет 1 ),  бірақ  мақалада бұл қалаға  қатысты  ешқандай 

дерек берілмеген [21, 67].  

Ортағасырлық  Үтіртөбе  қаласының  ашылу  тарихы  жазба  деректерде  аттары  аталған  Винкерд, 

Неджакет қалаларымен  және « түрік өткелімен » байланысты. Винкерд пен Неджакет қалалары туралы 

деректер  Истахри  мен ибн Хаукальда кездеседі. Ибн Хаукаль  бойынша  Жызақтан  шыққан  Ұлы 

Жібек жолының  бірі бағыты  Винкерд елді мекені  арқылы  Сырдарияға  Шыршықтың  құйған жерінде 

жеткен [22,227] ал Истахриде  Хавастан шыққан жол ( бұлда Ұлы Жібек жолының бір бағыты – М.Е ) 

Сырдарияның оң жағасындағы  Бенакетке, онан Харашкетке, онан Шыршық өзенінің сол жағасындағы  

Джинанджкеттен Сырдарияның жағасына дейін 2 фарсах, Бенакетке 4 фарсах [ 22,226 ].

Винкерд  елді    мекенінің    тарихи  орны  туралы  бірнеше  болжам  бар.  В.Ф.  Караваев    Винкердті 

Сырдарияның  сол жағасындағы Орымбай  (Урумбай) шатқалында орналасқан деп көрсеткен [11,302 ]. 

В.В. Бартольд  Винкердтің  орналасқан жері туралы  бастапқы кезде: « Пространство от Дизака    до устья 

Чирчика приходили  в три дня.... дальше  проходили  в  Винкерд... Из слов Истахри, что Джинанджкет  

находился на дороге из винкерда в Винкет, можно заключить, что Винкет на левом берегу Чирчика или 



32

южнее, перед переправой через Сыр-Дарью » [22,227]. Дегенмен  кейін  В.В. Бартольд ибн Хаукаль  

суреттеп  жазған Жызақтан шыққан жолдың бағытында  Винкерд елді мекенінің  Сырдария өзеніне 

дейінгі аралықта  айтылғанын басшылыққа  ала отырып: « Более вероятно, что Винкерд, который  Ибн  

Хаукаль удаляет от Шашской реки  (т.е. Сырдарьи) как одну  из границ  обратываемой площади  Шаша 

и упоминает  далее как о месте, куда  приходили путешественники, перейдя  степь (причем ничего 

не говорится  о переправе через реку ), был расположен к югу  от Сыр-Дарьи, где  найдены остатки 

древних ирригационных каналов; полоса обрабатываемой земли южнее Сыр-Дарьи и северные  степи, 

возможно была включена в Шаш » – деген пікір айтқан [22,227 ] Ибн Хаукальде  Винкерд  елді мекенінің 

Сырдарияға    дейінгі  аралықта  аталығанына  сүйене  отырып    бізде  бұл    ортағасырлық  елді    мекен  

Сырдарияның сол жағасында  болса керек деген пікірдеміз.  Сондықтан да Винкердтің  тарихи орнын 

Мырзашөлдің  солтүстік жиегінен, Сырдарияға  жақын жерден  іздеген дұрыс болар еді. Ортағасырлық 

Үтіртөбенің    ашылу  тарихы    тікелей    Неджакеттің  орналасқан  жерімен,  оның  баламалануымен  

байланысты,  сондықтан  осы  қалаға    қатысты  жазба  деректерге,  оның  орналасқан  жері  туралы 

болжамдарға тоқсталсақ. Х ғасырдың авторы  географ Истахри  Неджакет  қаласының  орналасқан  жері 

туралы: « А  Неджакет – он на реке Шаша  (Сырдарье), и в его окресностях  собираются  воды  Парака 

(Чирчика ) » – деп жазған [ 23,31 ].  Жалпы  бұл қаланың  бірнеше  аты бар, оны кезінде  Нуджкет, 

Нуджакет, Ундакет  деп атаған, ал Макдисиде  ол Джинанджкет деп аталған [22,277]. Біз үшін  Истахри  

көрсеткен  Неджакеттің орналасқан жері ( орны ), оған қатысты божамдар  мен ұсыныстар маңызды. 

Мәселен,  Өзбек ССР ҒА акедемигі, профессор  Ю.Ф. Буряков  осы қаланың орналасқан жері туралы: 

« По собщениям различных древних источников, можно наметить три возможных  мест расположения 

этого  города: либо устье  Чирчика, на левом или правом берегу, либо на противополеженом берегу  

Сырдарьи » – деп көрсеткен [23,31].

ХІХ ғасырдың  соңында  археолог, өлкетанушы  В.Л. Вяткин  Шыршық өзенінің сол жағасында 

орналсқан Ульджакеттің  ортағасырлық Неджакет  (Нуджакет, Унджакет ) қаласымен баламалануды  

ұсынған болатын [ 24,156]. Бірақ В.Л. Вяткиннің бұл ұсынысы  В.В. Бартольд тарапынан  қолдау тапқан 

жоқ [22,227].

ХХ  ғасырдың    30-жылдарында    Ташкент  оазисінде  зерттеу  жүргізген  археолог  Г.В.  Григорьев  

Неджакет    қаласының    орнын,  өткелді    Шыршықтың    сол  жағасынан  іздеудің    нәтижесіз    екендігі 

жөнінде  былай  деп жазған: «Бессмысленно  было бы  переправится через  Сырдарью выше впадения  

в нее «Чирчика  ( делать при этом  лишний путь ), вязнуть  в болотах  поймы, а затем  через несколько  

киллометров  опять перепрватися  через многоводную и капризную  реку, тогда как  можно было бы 

избавиться  от лишней переправы,  переправившись через Сырдарью ниже  устья Чирчика » [25,10]. 

Дегенмен  жүргізілген зерттеулердің  барысында  Шыршықтың оң жағасынан  да  Неджакеттің орны 

табылған жоқ. В.Г. Григорьевтің пікірі  бойынша  бұл елді мекенді  Сырдарияның  сол жағасынан іздеу  

керек болды. В.Г. Григорьевтің  осы пікірін қолданған    археолог Ю.Ф. Буряков  бастаған Өзбек КСР 

ҒА Археология институтының Шаш-Илак тобы  1970 жылғы тамыз айында Шардара суқоймасындағы  

судың    деңгейі    төмен    түскен  кезде,  Сырдария  өзенінің    сол  жағасында    (Сырдарияға    Шыршық 

өзенінің  құйған жерінен төмен) археологиялық барлау жұмыстарын  жүргізу барысында  Сырға құятын  

ескі  өзектің    (Узяктың)  (Сорөзек–  М.Е)  жағасында  орналасқан,  жергілікті  бақташылар  Утурлытепе  

(Үтіртөбе– М.Е) деп аттап жүрген ортағасырлық қаланың  орнын ашып  онда зерттеу жұмыстарын  

жүргізген. Барлау  кезінде ашылған  ортағасырлық қаланы:  Ю.Ф. Буряков «... Однажды летом, когда 



спала вода мы выехали в царство  камышовых зарослей, с изобилирующих дикой птицей. Проехали 

один проток, впадавший  в Сырдарью, другой. И вот поднялись  мягкие  очертания холмов  древнего 

города, известного у местных  пастухов под названием  Утурлытепа. Он оказался  довольно  крупным 

площадью более 60 га. Город удобно  расположен  вдоль берега  Сырдарьи, прикрываясь  с трех сторон  

водоми  ее притока  Узяка.  Оборона  усилена и искусствеными  валами, и рвами, разделявшими  его на 

три территории.  За пределами города редкие  сельские постройки, а на  отдельном холме–городской  

некрополь» – деп суреттеген [23,32].

Зерттеуші қаланы суреттеп жазу барысында  оның цитаделі туралы: «...У впадения Узяка в Сырдарью 



слегка  возвышалась над городом небольшая  цитадель » – деп жазған [23,32]. Шамасы, Ю.Ф.Буряков 

бұл жерде  Сорөзекке құятын бір өзек,не сол өзектің  тармағы туралы  айтып отырған болса керек, 

себебі Сорөзек пен Сырдарияның  арасы 2 км.

Ю.Ф. Буряков өзі ашқан Утурлытепе (Үтіртөбе ) тарихи Неджакет емес деген қорытынды  жасап, ол 

туралы: «... Кажется,  все  ясно – город  найден, этапы его жизни совподают  с сообщениями хроник. 

Но есть еще один  важный фактор – караванных путей  Чача. Мало того, его  главная нить ведет 


33

за пределы  оборинетелених стен Ташкенсткого  оазиса. Значит, найденный интересный торговый  

и ремесленный пункт  не входит в состав Чачского государства, а скорее всего  является  одним  из 

городов его соседного владения – Фараба. Следовательно  все труды были напрасны, и поиски  нужно 

начинать заново» – дейді [ 23,34 ]. Сонымен, жазба деректердегі  Неджакет қаласын   іздеп жүрген  

Ю.Ф.  Буряков  ортағасырлық  Үтіртөбе  қаласын  ашып  берді,  ал  ол  іздеп  жүрген    қала  қазіргі  күнде 

Сырдария өзені мен Шыршықтың арналары аралығындағы Ульджакетпен баламаланып жүр [23,36].

Ежелгі  «түрік  өткелі»  деп  аталатын  өткелдің  нақты  қай  жерде  орналасқаны    туралы  деректерде  

айтылмаған.  Осы  өткелдің    орналасқан  жері  туралы  Ю.Ф.  Буряковта  былай  деп  жазылған:  «  Свой 

путь мы начали с Чиначкетта, лежавщего в низовьях  Чирчика, около которого  упоминается древняя 

« переправа тюрк »  Обычно  источники еще упоминют  о городе, стоящем  перед ним  где– то близ  

Сырдарьи,  –  Неджакет  или  Унджакете  »  [23,31].  Соныменқатар,  Ю.Ф.  Буряков    Жызақтан  шығып  

Шашқа келетін  Ұлы Жібек жолының  бағытын  суреттей отырып: «... а  основной более прямой путь  

проходил через Дизак, степные районы с рабатоми, снабженными колодцами,  и выводил  к устью 

Парака ( р. Чирчик) с городами Унджакат, Чинанчикет, Шутуркат, где сливаясь  с южной дорогой...» 

– дейді [26,54]. Дегенмен, солтүстіктен, оңтүстікке және оңтүстіктен солтүстікке жүрген  бұл жолдың 

бойындағы ежелгі «түркі өткелі» туралы нақты  мәлімет жоқ. Жолмен солтүстіктен оңтүстікке қарай 

жүргенде  Шыршықтың  төменгі ағысындағы  Чиначкеттың  төңірегінде ежелгі  « түркі өткелі » бар деген  

ғана мәлімет  кездестірдік, ал  Жызақтан келетін жол  Парақтың ( Шыршықтың ) сағасындағы ( Сырға 

құйған жеріндегі ) Унджакатқа  келгені туралы жазылған, бірақ « түрік өткелі » туралы айтылмаған. 

Сонымен ежелгі  « түрік өткелі » қай өзенінің бойында, Шыршықтың  ба, әлде Сырдарияның ба ?

Бұл өткелдің қай өзеннің бойында және қай жерде орналасқанын  анықтау үшін  біз сөздің  басын  

Шыршық өзенінің  атынан бастағалы отырмыз.

С.К. Караевтың «Худуд Ал-Алам» и древнетюрские  топонимы   «Чирчик- Ахангаранской долины » 

атты   мақаласында: « Река Чирчик ( кстати, слово Чирчик-тюрского  происхождения: Чир + чик  Малый 

Чирч, т.е. Сыр ) в «Худуд Ал-Алам » упоминается как Парак. Реку Парак  ( Фарак ) Истахри называет 

также  Тюркской  рекой – Нахр – и Турк» [27,49].    Демек, Шыршықтың–Түрік өзенінің Сырдарияға  

құйған жеріндегі өткел Сырдарияның бойындағы  ежелгі « түрік өткелі » болса керек, олай болса Ұлы 

Жібек жолының Жызақ бағыттында жүрген тармағы  ортағасырлар  кезінде  Шыршық өзенін жағалап  

келіп « түрік өткелі » арқылы Сырдарияның  сол жағасына өткен деуге толық негізі бар.

Сонымен 1970 жылы ортағасырлық Үтіртөбе қаласының орны табылып ғылымға белгілі болды. 

Үтіртөбе Сырдария өзеніндегі « түрік өткеліне » жақын аралықтағы өткелдің басында, шамасы, тарихи 

Винкерд елді мекеніне жақын жерде тұрған, тарихи аты бізге белгісіз қала болса керек.

Ортағасырлық  Үтіртөбе қаласы  Оңтүстік Қазақстан облысының Мақтарал ауданындағы  Ж.Ералиев  

ауылдық  округінде, Үтірлі ауылынан 12 км солтүстік-шығыста, Сырдария өзенінің  сол жағасынан  2 

км  жердегі  Сорөзектің  жағасында  орналасқан. Географиялық координаттары:  4103.797;  06825.809; 

теңіз деңгейінен биіктігі 250 м.

Сурет 1 – Сырдарияның орта ағысындағы археологиялық ескерткіштер ( М.С. Мерщиев бойынша)



34

1971  жылы    Өзбек  КСР    ҒА  Археология    институтының  Ю.Ф.  Буряков    басқарған  Шаш-Илак 

археологиялық тобы  Ташкент оазисінің батыс  аудандарының  тарихи–географиясы  мен топографиясын 

зерттеу  жұмыстарын  жалғастыру  барысында    1970  жылғы    тамыз  айында    ашылған  Утурлы  тепе 

қаласының  алып жатқан жерінің көлемі  60 га  болатынын   анықтап, оның әртүрлі бөліктерінде  қазба  

жүргізген [ 28, 1-3; 29,523-524 ]. Осы археологиялық топ 1974 жылы  Утурлы-тепе ( Үтіртбе– М.Е )  

қаласында  стратиграфиялық қазба салып,  қала зиратында зерттеу жұмыстарын жүргізді [ 30, 498 ].

Ю.Ф. Буряковтың  1978 жылы жарияланған  «По древним караванным путям  Ташкентского  оазиса 

» деген  еңбегінде  бұл қала  Утурлытепа  деген атпен жазылып, онда жүргізлген зерттеу жұмыстарына 

қысқаша шолу жасалған [ 26, 32-34 ], ал 1979 жылы  жарияланған « Могильник  Утурлик – Тепе » 

атты мақалада қаланың зираты, қаланы  мекендеген  адамдардың саны, олардың  орта жасы  туралы 

жазылған [ 31, 91 ].

2004  жылы    тамыз  айында  ортағасырлық    Үтіртөбе    қаласында    «Сырдария»  университетінің  

Сырдария археологиялық экспедициясы (жетекшісі тарих  ғылымдарының кандидаты  М. Қасенов ) 

археологиялық-этнологиялық  практика  өткізіп,    зерттеу    жұмыстарын  жүргізді.  Зерттеу  жұмыстары 

кезінде ортағасырлық  қаланың  тарихи–топографиялық  құрылымының жобасы сызылып ( сурет 2 ) , 

оның  әр түрлі бөліктерінде  5 қазба жұмыстары  іске асырылған [ 32 ].

2009–2010  және 2014-2015 жылдарда  апатты жағдайдағы ортағасырлық Үтіртөбе  қаласын зерттеуге  

«Сырдария» университеті (президенті  Е. С Аяшева ) қаржы бөліп,  археологиялық қазба жұмыстарын  

Әл  Фараби  атындағы  Қазақ  Ұлттық  университетінің  археология,  этнология  және  музеология  

кафедрасының  профессоры  М.Елеуов  жетекшілік  ететін  «Археолог»  халықаралық  ғылыми-зерттеу  

орталығы»  жауапкершілігі  шектеулі    серіктестігінің    Тұран  археологиялық    экспедециясы    жүргізді 

[33;34;35;36;37;38;39].



жүктеу 8.95 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   89




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет