Конференция материалдары


Ә.Т. Төлеубаев, Р.С. Жуматаев, М.С. Шагирбаев



жүктеу 8.95 Mb.
Pdf просмотр
бет4/89
Дата17.04.2017
өлшемі8.95 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   89

Ә.Т. Төлеубаев, Р.С. Жуматаев, М.С. Шагирбаев

ЖАЙПАҚ ҚАЛАСЫНДА 2015 ЖЫЛЫ ЖҮРГІЗІЛГЕН АРХЕОЛОГИЯЛЫҚ ҚАЗБА 

ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ КЕЙБІР НӘТИЖЕЛЕРІ МЕН ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ

Жоңғар қақпасы, Алакөлдің оңтүстік жағалауы ежелден түркі халықтары қоныстанған құтты мекен 

десек те болады. Бұлай деп кесіп айтуымыздың себебі, аталған аймақта соңғы жылдары жүргізілген 

археологиялық  барлау  жұмыстары  барысында  ондаған  ерте  орта  ғасырлық  қалалардың  орындары 

анықталып,  соның  үшеуіне  үлкен  көлемде,  тағы  бірнешеуіне  барлау-анықтау  мақсатында  зерттеу 

жұмыстары  жүргізілді.  Әл  Фараби  атындағы  Қазақ  Ұлттық  Университетінің  профессоры,  т.ғ.д. 

Ә.Т.Төлеубаев басқарған экспедиция тарапынан жүргізілген барлау жұмыстары барысында анықталған 

қалалардың қатарында Ақтүбек, Қайнар, Жайпақ I, Жайпақ II, Ақши, Асусай, Қоскеліншек, Ырғайты, 

Тау Ақши, Найманқала, Еміл (Омыл) секілді қалаларды атауға болады. 2015 жылғы зерттеу маусымында, 

аталған экспедиция ортағасырлық Жайпақ қаласына зерттеу жұмыстарын жүргізді. Ерекше атап өтетін 

мәселе, аталған қалаға бұған дейін ешқандай қазба жұмыстары жүргізілмеген. Бір қызығы бұл жерде 

екі қала қатар орналасқан. Біз бұл қалаларды жергілікті елді-мекеннің атауымен Жайпақ деп, орналасу 

реті мен өлшемдеріне қарап шартты түрде Жайпақ I, Жайпақ II деп белгіледік. 

2015 жылғы зерттеу мауысымында негізгі қазба жұмыстары Жайпақ I қаласына жүргізілді. Жайпақ 

I  қаласы,  Жайпақ  II  қаласынан  бірнеше  есе  үлкен.  Жайпақ  I  қаласының  жалпы  пішіні  трапеция 

тәріздес.  Қаланың  географиялық  координаттары  С.45º59’44.19»;      Ш.  81º11’34.20».  Жайпақ  қаласы 

Үшарал  ауданы,  Жайпақ  ауылынан  оңтүстік  батысқа  қарай  6  шақырым  жерде  орналасқан.  Жайпақ 

қаласының сыртқы қоршау қабырғасының орналасу реті мен ерекшеліктері, нақтырақ айтсақ, батыс 

қабырғаның орта тұсы сыртына қарай сүйірлене шығып барып, ауызы ашық күйінде қалуына қарап, 

қала қақпасы батысқа қарауы мүмкін деп болжаймыз. сыртққы дуалының құландысының биіктігі 1,5-

2 м шамасында. Құлаған қабырғасының жайылған топырағы 8-9 метрден бастап, кей жерлерінде 22 

метрге дейін жайылған. Сыртқы дуалының оңтүстік және шығыс бөлігін тау шатқалдарына шығатын 



19

маусымдық ағын сулар шайған. Осы тұста айт кетер мәселе, қаланың сумен қамтамасыз етілуі де осы 

таудан келетін ағын сулармен тікелей байланысты болуы мүмкін. Себебі таудан ағатын судың орындары 

бүгінге дейін терең ор болып сақталып қалған, әрі су жүретін ірі жылға қаланың оңтүстігінен келіп, 

шығыс қабырғаны сыртынан бойлай отырып, солтүстігіне қарай жайылып жоғалады. Мұндай жүйе 

оңүстік өлкелердегі қалаларда жиі байқалады. Мәселен, ортағасырлық Аспара қаласының да сырты 

тура Жайпақ секілді арнайы су ағатын  ормен қоршалып, ағын суды қала іргесінен өткізген [1]. Жайпақ 

қаласы тек қала ішінде құрылыстармен шектеліп қалмайды. Қаланың сыртын айнала бірнеше жүздеген 

метрге  дейінгі  аймақта  үйілген  төмпешіктер,  қаланың  оңтүстік  батысында  шамамен  200-250  метр 

жерде көп мөлшерде жерлеу орындары (сақталғандары 180-200 шамасында), сонымен қатар, қаланың 

шығысында үлкен ірі көлемдегі, іргесі ірі тастармен қаланған  кесенелер орналасқан. Қала сыртының 

шаруашылық аймағы жөнінде біз, төменде арнайы мақсатта жүргізілген зерттеулерімізге тоқталғанда 

толығырақ айтамыз. 

Кесік I. Қалашықтың қорғаныс құрылысының жүйесін анықтау мақсатымен батыс  қабырғаның 

орта  тұсына  қима  салынды.  Батыстан  шығысқа  қарай  сыртқы  қабырғаны  қиып  өткен  кесіндінің 

ұзындығы 18 м., ені 2 м., тереңдігі 2,3 метрді қамтыды. Қимадағы стратиграфиялық қыртыстардың 

көрсетуіне  қарағанда  қорғаныс  қабырғасы  арнайы  үйіліп,  тапталған  топырақтан  түзілген  тұғырдың 

үстіне  салынған.  Қабырға  пахса  блоктарынан  немесе  қам  кесектерден  қаланып  тұрғызылмаған. 

Таза  сары  топрақтан  иленген  балшықтан  домбаздап,  тұтас  етіп  ұру  тәсілімен  тұрғызылған.  Оның 

бастапқы бөлігінің қалыңдығы төменгі жағында 3,5 м, жоғарғы жағында 2,5 м болады. Қабырғаның 

құланды топырағының құрамы бірыңғай қоңыр топырақ пен қиыршық тастар аралас келеді. Қиманың 

құрылымына  қарап,  құланды  топырақ  екі  жаққа  да  бірдей  мөлшерде  жайылғанын  көруге  болады.

Қиманың ішкі жанай отырып ашу барысында байқағанымыз, қала қабырғасының ішкі жағын жағалай 

құрылыстар салынғанын байқадық. Қиманың ішкі жағын бөлігінде, құрылыс еденінде үлкен көлемде 

арнайы  кесек  плита  (қазан  тұғыр  болуы  да  мүмкін)  шықты.  Аталған  плита  ошақтың  дәл  алдына  

орналасқан. Тұрқы П әрпі тәріздес. Ортасына қарай еңістеліп барып, шұңқырлана айқталады. Плита 

көлемі  80х80  см.  Қалыңдығы  шамамен  3-4  см,  диаметрі  35  см.  Қимадан  табылған  қыш  бұйымдар 

негізінен ас үйлік және асханалық ыдыстар  топтамасына кіреді. Жақсы сақталғандары аз. Кейбір ыдыс 

түптері мен ернеулеріне қарап, табақ, қазан және құмыра сынықтары болуы мүмкін деп болжаймыз.

Кесік II Жайпақ қаласының солтүстігінде, қаланың сыртқы қабырғасынан 40 метр жердегі ұзын 

жалға  түсірілді.  Жал  батыстан  шығысқа  қарай  созылған  күйі  сақталған.  Сақталған  жалдың  жалпы 

ұзындығы шамамен 500 м шамасында. Бірнеше жерден үзіліп, қайта жалғанады. Біздің ойымызша бұл 

қабырға қаланың сыртқы қорғанысы үшін салынған болуы мүмкін. Сыртқы қорғаныс қамал қабырға 

қаланың шығыс бұрышына жеткенде үзіліп жоғалады. Мұның себебін біз, кейінгі жылдары жүргізілген 

егін-шаруашылық жұмыстары барысында бұзылған болуы мүмкін деп болжаймыз. Сыртқы қорғаныс 

қамал  қабырғанң  батыс  бөлігі  бірнеше  жерден  үзіліп,  қайта  жалғанып  барып,  шамамен  300-350 

метрден кейін тегістелген. Бұл жағының да бұзылуын егін суғару мақсатында салынған ірі көлемдегі 

арықтардың салынуымен байланыстырамыз. Кесік II жалпы ұзындығы (солтүстіктен оңтүстікке қарай) 

15 м, ені 3 м. Кесік екі сатылы болып, арнайы техниканың көмегімен жасалды. Ішкі, негізгі кесіктің 

ені 143 см, сыртқы екінші сатысының ені сәйкесінше 157 см. Кесіктің жалпы құрылымы өте қызық. 

Кесік шетінен ортасына дейін бірыңғай қатты топырақ болып келеді де, шамамен 3 метрден кейін тура 

бур астау секілді майда құммен толтырылған қабатқа ұласады. Ішкі астау секілді қабаттың ұзындығы 

шамамен түбі жағы 1,5-2 метрден басталып, жоғары қарай кеңейе береді. Одан әрі бірінші бөлік секілді 

қатты  өабатқа  ұласады.  Ортағасырлық  мамандардың  пікірінше,  мұндай  қабырғалар  ортағасырлық 

қалаларда  кездескен.  Кесіктің  астау  секілді  құмды  қабатының  астынан  өте  қатты  темір  тотығы 

секілді  топырақ қабаты шықты. Әрбір қабаттың топырағынан химиялық таладу мақсатында арнайы 

түйіршіктер  алынды.  Қабырғаның  мәдени  қабатын  анықтау  мақсатында  кесіктің  екі  шеті  мен  нақ 

ортасынан шурф салынды. Оңтүстік шурфтың жалпы өлшемдері 170х140х110 см. Солтүстік шурфтың 

өлшемдері 137х132х111 см. Кесіктің ортасына салынған шурфтың өлшемдері 210х140х93 см. Кесіктің 

жалпы орталық бөлігінің ең терең жері 170 см құрайды. Кесіктің беткі қабатынан бірнеше қыш бұйым 

сынықтары мен мал сүектері кездесті. Оның ішінде, 3 ыдыс тұтқасы (1 қазан тұтқасы), 3 дана ернеу 

және  ыдыс  түптері.  Мал  сүйектерінен  3  дана  жілік,  1  дана  жамбас  және  1  дана  асық.  Сүйектердің 

барылығ да ұсақ малға тиесілі. 

Қазба I қаланың оңтүстік қабырғасын бойлай, ішкі жағына салынды. Қазбаның көлемі 14х15х1 м. 

Қазбаның қақ ортасында, батыстан шығысқа қарай 0,5 м арнайы жал қалдырылды. Қабырғаға іргелес 

жерден  3  бөлме,  қазбаның  шығыс  жағынан  1  бөлменің  орны  шықты.  Қабырғаға  іргелес  салынған 



20

бөлмені қабырға қалыңдықтары  кей жерлерінде 110 см, енді бер жерлерін 35 см аралығында ауытқиды. 

Бөлме қабырғаларының кейбіреулерінің сыртында арнайы жағылған сылақтың сақталған бөлшектері 

кездеседі.  Бөлмелердің  барлығының  еденінен  күл  шықты.  №1  бөлменің  қабырғасының  солтсүтік 

қабырғасына жанаса ошақ пен алдында арнайы шоқ қоюға арналған, арнайы жасалған шаршы тәріздес 

шұңқыр шықты. Ошақтың жалпы диаметрі 40 см. Ошақ қабырғасының қалыңдығы 5 см. Ал, арнайы шоқ 

немесе күл қоюға арғанған шаршының қалыңдығы 5-6 см, биіктігі 6 см. 2-ші бөлме мен 3-ші бөлменің 

қиылысқан жерінде ірі суфа орналасқан. Суфаның үстіне үлкен тандыр ошақ орналасқан. Суфаның 

солтүстігінде  тағы  бір  ошақ,  шығыс  жағында  бір  жағымен  қисайтып  қойған  үлкен  құмыра  секілді 

ыдыс  шықты.  Ыдыс  сынып,  тек  жартысы  ғана  сақталған.  Ошақтың  ауызы  солтүстікке  қаратылған. 

Жалпы өлшемдері: сыртқы ені 47 см, ішкі ені 25 см, қабырғаларының ұзындықтары 10х10 см, жалпы 

ұзындығ 110 см. Тандыр ошақтың жалпы өлшемдері төмендегідей болып шығады. Сақталған биіктігі 

33 см, ернеуінің диаметтрі 50 см, түбінің диаметрі 65 см, қабырғасының қалыңдығы 2,3 см аралығында 

ауытқиды. қазбаның солтүстік бөлігінен 3 шұңқыр шықты. Диаметрлері 70х90х110 см аралығындағы 

дөңгелек  тәріздес  шұңқырлардың  тереңдіктері  15-20  см  аралығында  ауытқиды.  Қазба  I  мәдени 

қабатының  тереңдігін  анықтау  мақсатында,  қазбаның  солтүстік  батыс  бұрышына  стратиграфиялық 

шурф салынды. Өлшемдері 220х110х80 см болып келетін шурфтың қабырға стратиграфиясына қарасақ, 

жердің беткі қыртысынан материкке дейінгі дейінгі тереңдігі 80 см екендігін байқадық. Негізгі топырақ 

құрылыс  қабырғасының  құланды  топырағы  екендігі  анықталды.  Шурфтан  шыққан  материалдар 

негізінен қыш бұйымдар. Оның ішінде қызын ернеуінің сынықтары мен ыдыс түптері. Барлығы дерлік 

арнайы шарықта жасалып, сапалы күйдірілген. Қазба I шыққан материалдар негізінен тұрмыстық және 

шаруашылық мақсатта пайдаланған қыш бұйымдар, өзеннің жұмыр және жақпарлы-қатпарлы тастары, 

арнайы өңделген тастар, дән үккіштер мен дән үгуге арналған тоқпақ тастар. Қазба I шыққан тастарды 

сыртқы пішіндері құрылымына қарап, тау тасы және өзеннің жұмыр тасы деп екіге бөліп сипаттама 

беруді дұрыс деп ұйғардық. тау тастарын көбінісіне жақпарлы болып келуіне байланысты құрылысқа 

пайдаланған. Ал, өзен тастары көбіне тұрмыстық-шаруашылық мақсатта пайдаланылған. 



Қазба I шыққан материалдар

Таудың жақпарлы тастары 

26 дана

27х18х9 см; 19х10х7 см



Өзеннің жұмыр тастары 

24 дана


20х13х12 см; 13х8х7 см

Арнайы өңделген тастар

10 дана

25х15х30 см



Дән үккіштер

6 дана


25х15х30 см

Диірмен тас (жартылай сынған)

1 дана

32х15х9 см



Тоқпақ немесе келі сап (тас құрал)

9 дана


18х10х7 см (орташа өлшемі)

Бала ойыншығы н/е домалақ жұмыр тастар

3 дана

5,5х4,52,5 см



Қазба I шыққан қыш бұйымдар 

1 Тұтқа (ілмек тәріздес)

90 дана

2 Қазан құлағы (жартыай тәріздес) 36 дана



3 Ернеулер

125 дана


4 Ыдыс түптері

135 дана


5 Қақпақ тұтқалары

13 дана


6 Шүмектер 

2 дана


7 Ыдыс мойыны

8 дана


Мұнда  біз  қыш  бұйымдардың  жапы  санын  ғана  көрсетіп  отырмыз.  Төменде  қала  керамикасы 

жөнінде  кеңірек  тоқталғанда,  аталған  қыш  бұйымдардың  жжасалу  ерекшеліктері  мен  пайдалану 

мақсаттарын толық ашық қарастырамыз. 

Қазба II,сектор 1қаланың батыс қабырғасына түсірілген Кесіктің екі шетін ала, қабырғаның ішкі 

жағына түсірілді. Қазба кесіктің екі бетіне түсірілгендіктен, кесіктің оңтүстік жағындағы бөлігі шартты 

түрде  сектор  1,  кесіктің  солтүстік  жағы  шартты  түрде  сектор  2  деп  алынды.  Қазба  II,  сектор  1-ге 

жүргізілген  қазба  барысында  құрылыс  қабырғасы  жақсы  сақталмағаны  байқалды.  Барлық  құрылыс 

қала  қабырғасына  жанай  салынған.  Қала  қабырғасына  жанай  санылған  жерлерінен  аса  анық  емес 

шикі кірпіш іздері байқалады. Қазба II, сектор 1-дің жалпы көлемі оңтүстіктен солтүстікке қарай 8,7 

м, батыстан шығысқа қарай 7 м құрайды. аталған сектордың едені жақын маңнан бірдей тереңдікте 

6  тандыр  және  3  жай  ошақ  шықты.  Тандыр  ошақтың  2-ің  төменгі  жағының  жалпы  құрылысы  өте 

жақсы сақталған, қалған 4-ің тек болар болмас іздері ғана байқалады. Қазба II, сектор 1-дің солтүстік 

шығыс бөлігінен табылған ошақтың бітімі бөлек. Ауызы оңтүстік батысқа қаратып жасалған. Ошақ 


21

ауызына әсемдеп арнайы өрнектер жасалған. ауызының сыртынан алғандағы диаметрі 60 см, жанынан 

алғандаңы диаметрі 50 см. Ішкі диаметрі 45 см құрайды. ауызына түсірілген өрнектер бұған дейін, 

Асусай қаласынан табылған ошақтардағы өрнектерге[2, 154-166 бб.]және кейбір көркемдік нақыштары 

ортағасырлық Жанкент қаласының  ошақтарының өрнектеріне ұқсас [3, 100-108 бб.]. Қазба II сектор 

1-ден  табылған  қыш  ыдыстардың  дені  сынған,  жартылай  сақталған.    Ішінара  археологиялық  бүтін 

ыдыстар да кездесті. Ыдыстардың барлығы дерлік арнайы шарықта, енді біреулері қолмен жапсырылып 

жасалған.  Қазба  II,  сектор  1-ден  шыққан  материалдар  негізінен  қыш  бұйымдар,  құрылысқа  және 

тұрмыста пайдаланған тастар мен мал сүйектері. Тастардың барылығы да таудың жақпарлы тастары. 

Өшемдері ең ірілері 19х17х13 см, орташаларының өлшемдері 21х12х11 см, ең кішілерінің өлшемдері 

15х12х6 см аралығында ауытқиды. қазбадан шыққан мал сүйектерінің барылығының жалпы саны 20 

дана. Оның ішінде 1 дана ұсақ малдың жауырыны, 6 дана ұсақ малдың жілігі, 2 дана ұсақ малдың 

омыртқасы.  Қалғандары  ірі  малға  тиесілі  сүйектер.  Қыш  бұйымдарының  көпшілігінің  сынғанын 

жоғарыда айттық. Толығырақ сипататп айтар болсақ, 7 дана ыдыс тұтқасы, оның ішінде қазан және 

құмыра тұтқалары басым. 2 дана қазан ернеуі және 2 дана ірі құмыра ернеуі. Ыдыстардың көпшілігі 

отқа  қатты  күйген.  Қазба  II  сектор  1-дің  мәдени  қабатын  анықтау  мақсатында  қазбаның  солтүстік 

шығыс бұрышына шурф түсірдік. Жер бетінен есептегендегі шурфтың тереңдігі 105 см, қазба еденінен 

есептеген 60 см тереңдіктен материк шықты. Шурфтың жалпы көлемі 150х75 см. Шурфтан 5 дана қыш 

ыдыс сынығы және тандыр ошақ сынығы, 1 дана ірі мал, 6 дана ұсақ малдың сүйегі шықты. Шуфртың 

солтсүтік қабырғасынан малта тас көрінді. Біздің ойымызша ары қарай құрылыс жалғасқан болуы тиіс. 

Қазба II, сектор 2-нің жалпы көлемі 1-ші секторға қарағанда әлдеқайда үлкен. Бұл бөлікте сектор 

бір секілді тандыр ошақ көп кездеспеді. Керісінше құрылыс іздері анық байқалды. Қала қабырғасына 

перпендикуляр түрде жанастыра салынған құрылыс 4-5 метр ішке созылып барып аяқталады. Бірнеше 

кішкене  бөлме  орындары  анық  байқалды.  Бөлменің  ортасындағы  қабрғаға  жанастыра  жасалған 

ұзындығы шамамен 1,8 м, ені 60-70 см болатын суфа орны анықталды. Суфаның жанына иін тірестре 

отырып, тандыр ошақ салған. Тандыр ошақ жер бетінен 30-35 см биіктікке дейін жақсы сақталған. 

Қазбаның бұл бөлігінен қыш бұйымдар аса көп кездеспеді. Керісінше мал сүйектері өте көп кездесті. 

Біз  ақпарат  беретін,  сақталуы  дұрыс  деген  40-тан  астам  мал  сүйгені  талдауға  алдық.  Төменде  мал 

сүйектерінің жіліктелуіне қарай талданған кестеден нақты мөлшерін білуге болады.

Қазба II сектор 2-ден шыққан мал сүйектері 

1

Жақ сүйек



Ұсақ мал

4 дана


2

Жауырын


Ұсақ мал

3 дана


3

Жамбас сүйек

Ұсақ мал

1дана


4

Омыртқа 


Ұсақ мал

2 дана


5

Жілік 


Ұсақ мал

2 дана


6

Қабырға 


Ірі мал

2 дана


7

Жамбас сүйек 

Ірі мал

2 дана


8

Тістер 


Ірі мал

6 дана


9

Жілік 


Ірі мал

7 дана


10

Сирақ-жілік аралық сүйектер

Ірі мал 

3 дана


11

Уатылған сүйектер

?

8-9 дана


Қазба II сектор 2-ден шыққан тастардың жалпы саны 12 дана. Төменде ортақ өлшемдері беріліп отыр.

1

Тау тасы 

7 дана

18х11х7 см; 26х21х5 см



2

Өзеннің малта н/е жұмыр тасы

6 дана

30х15х12 см, 18х15х5 см



Қазба III жайпақ қаласының оңтүстік батысына қарай, шамамен 100 жерден бастапқы өлшемдері 

7х5  м  етіп  түсірілді.  Жоғарыда  айтып  өткенімдей,  Жайпақ  қала  қоршауының  ішкі  жағымен  қатар, 

сыртқы аймағы да құрылыстарға толы. Яғни қала халқы негізінен Жайпақ қаласының сыртқы аймағына 

орналасқан болуы мүмкін. Біз алғашқыда анықтау барлау мақсатында түсірілген қазба уақыт өте келе, 

көлемін өзгертіп, біршама кеңітілді. Қазбаның бастапқы өлшемдері салынған кезде, екі қабат алынғаннан 

кейін ақ құрылыс іздері біліне бастады. Қазбаның қақ ортасында батыстан шығысқа қарай созылған 

қабырға ізі байқалды. Қабырға толық сақталмаған. Бірақ, ұзындығы шамамен 3метр. Қалыңдығы 50 см 

шамасында. Құрылыстың мәдени беткі қабаттан шамамен 15-20 см тереңдіктен басталып, еденге дейін 

40-50 см аралықта ауытқиды. Шаруашылық аймақтың мәдени қабатын анықтау  мақсатында қазбаның 

батыс шетіне қазбаның орталық бөлігіне шурф салынды. Қазбаның батыс қабырғасына іргелес жерден 

мәдени қабатты анықтау мақсатында 100х150х110 см көлемдегі шурф салынды.  Қазбаның оңтүстік 


22

жағынан бөлме орны байқалып, орта көлемдегі тандыр ошақы шаққандықтан, құрылысты оңтүстікке 

қарай 2 м жылжытуға мәжбүр болдық. Нәтижесінде тандыр ошақ, одан батысқа қарай тағы бір нашар 

сақталған тандыр ошақ шықты. Қазбаның шығыс жағынан құрылыс кірпіштері, нақтырақ айтсақ, шикі 

кірпіштер қалдығы біліне бастағандықтан, қазба шығысқа қарай 2 метр жылжытылды. Нәтижесінде 

нашар  сақталған  ошақ  қалдығы  мен  шикі  кірпіштерден  арнайы  қаланған  суфа  орны  белгілі  болды. 

Қазба оңтүстікке қарай тағы 2 метрге жылтылып, зерттеу жұмыстары жалғасты. Нәтижесінде, тағы 

ошақ қалдығы мен құрылыс қалдықтары белігілі болды. Сонымен қазбаның соңында жалпы көлемі 

10х10 болып тоқтатылды. Зерттеу нәтижесінде Қазба III-тен көп көлемде қыш бұйымдар, тұрмыстық-

шаруашылық мақсатта пайдаланылған жұмыр тастар, күйдірілген құрылыс кірпіштері, ірі көлемдегі 

шикі кірпіштер, қайрақ тас, өте жақсы сақталған ұршық басы және темір істік секілді бұйым шықты. 

Қыш бұйымдар негізінен асханалық және ас үйлік ыдыстар. Оның ішінде қазан сынықтары, диірмен 

тас сынығы, хұм ернеуі, құмыра мойыны, құмыра сынықтары, табақ, көзе, көзелек секілді ыдыстар мен 

қатар, өте әдемі өрнектермен көмкерілген амфора секілді құмыра сынығын ерекше айтуға болады. Қазан 

сынықтары бір жерден табылды, әрі барлығы бір-біріне қатты ұқсайды, яғни бір қазанның бөлшектері 

екені анық. Мұны біз кейін камералық зерттеу барысында анықтап, қайта қалпына келтіруге тырыстық.

Мұндай бір топтамалы қазан сынықтары осы қазбадан тағы кездесті.

Қазба III шыққан қыш бұйымдардың жалпы сандық үлесі

1

Қазан сынықтары (1)



22 дана

2

Қазан сынықтары (2)



15 дана

3

Ыдыс ернеулері



12 дана

4

Ыдыс түптері



14 дана

5

Хұм қабырға сынықтары



12 дана

6

Тұтқалар 



10 дана

7

Қазан құлақтары



3 дана

8

Күйдірілген кірпіш сынықтары



11 дана

9

Шикі кірпіштер



5 дана

10

Диірмен тас



1 дана

11

Дән үккіш тастар



2 дана

12

Дән үккіш тоқпақ тас



1 дана

13

Темір істік, темір бұйымдар



3 дана

14

Ұршық бастары



1 дана

15

Өрнекті амфора



1 дана

Қыш бұйымдарының көпшілігі арнайы шарықта жасалған, ішінара кейбіреулері қолмен жапсыру 

тәсіліне сүйенген. Ыдыстардың көпшілігі сынған, енді біреулерінің те фрагменттері ғана сақталған. 

Жалпы Қазба III-тің құрылысы мен материалдары аса жақсы сақтала қоймаған. Мұның негізгі себебі, 

құрылыстардың жер бетіне жақын орналасуынан болса керек. Техногендік табиғат әсеріне ұшыраған 

жер бедері тарихи құрылыстар ықпал етіп, жаңбыр мен еріген қар суының сіңу тереңдігі біздің зерттеу 

нысанымызға тез жетіп, бүлінушілікке ұшыратқан.

Қазба III шыққан ұсақмал сүйектерінің жалпы сандық үлесі

1

Тістер



Ірі мал 

Ірі мал 


6 дана

2

Тоқпан жілік



Ірі мал

Ірі мал


3 дана

3

Буын сүйектері



Ірі мал

Ірі мал


2 дана

4

Қабырға сүйектері



Ірі мал

Ірі мал


4 дана

Жалпы Қазба III шыққан мал сүйектері ірі және ұсақ малдардың үлесіне шақсақ аса үлкен алшақтық 

байқала  қоймайды.  Екеуінің  де  үлестік  пайзы  тең.  Әрине  аз  ғана  аймақтан  шыққан  материалдар 

негізінде  тұщымды  пікір  айтып,  біржақты  ойды  кесіп  аййту  қиын.  Бірақ,  алынған  материалдарды 

талдап қарар болсақ, Жайпақ қаласындағы тіршілік тек қала ішінде емес, қала айналасында да кең 

етек алғанын көре аламыз. Қазбадан түрлі көлемдегі және әртүрлі мақсатта қолданылған ыдыстардың 

көптеген сынықтары табылды. Солардың арасында бүтін және жартылай бүтін сақталғандары да бар. 

Оларды біз жоғарыда табылған жеріне қарай топтастырып, енді төменде сол аталған қыш бұйымдарға 

толығырақ  сипатама  береміз.  Табылған  керамикалық  ыдыстардың  бір  бөлігі  қарапайым  жапсырма 

әдіспен жасалса, бірсыпыралары арнайы шарықта жасалғандығы айқын көрінеді. Шикізат құрамына 

қарағанда қолданыста болған ыдыстар жергілікті жерде жасалып, осында күйдірілген. 

Жайпақ қаласына жүргізілген зерттеу жұмыстары барысында табылған қыш бұйымдар пайдалану 

мақсатына қарай, жасалу ерекшеліктеріне қарай және төмендегідей топтастырып, жіктеуді дұрыс деп 

санадық. 

1. Ас үйлік ыдыстар: қазан, шәугім, қазан қақпақтары, тегеш сынықтары, көзе сынықтары және т.б.

2. Асханалық ыдыстар: табақ, таба сынықтары, саптыаяқ, құмыра, су құюға арналған ыдыстар



23

3. Шаруашылық-тұрмыстық мақсаттағы бұйымдар: хұм сынықтары,  шырағдандар, үлкен көлемдегі 



құмыра сынықтары, көзелер және т.б.

Амфора. Жайпақ қаласына 2015 жылы жүргізілген қазба жұмыстары барысында, қаланың батыс 

қабырғасына  түсірілген  кесіктің  солтүстігіне  жүргізілген  қазба  барысында  екі  тұтқалы,  су  құюға 

арналған құмыра табылды. Құрамына майда құм, слюда араластыра отырып арнайы шарықта жасалған 

құмыра, тура бүйірінен төмен қарай сынып жоғалған. Осы себептен біз, құмыраның нақты биіктігін 

айта  алмаймыз.  Құмыраның  негізгі  өлшемдері  төмендегіше  болып  шығады:  Ернеуінің  диаметрі 

(сыртқы жағы) 11,2 см, ернеуінің диаметрі (ішкі жағы) 9,2 см, ернеу қалыңдығы 1 см болса, құмыра 

мойынының диаметрі (сырт жағы) 9,5 см. Құмыра ернеуінің бір шетін саз кеппей тұрып иіп жасаған 

суағары бар. Ернеуден 2 см төменде құмыра тұтқалары 90° бұрыш жасай отырып, 6-7 см-ден кейін 

аздап  доғалдана  отырып,  еркін  иіліп  келіп,  төменгі  құмыраның  иығына  барып  жалғасқан.  Құмыра 

тұтқасының  қалыңдығы  2,1-2,3  см  аралығында  ауытқыса,  жалпақтығы  5,2  см  құрайды.  Тұтқаның 

төменгі құмыра иығына барып жалғасқан жерінен, жоғарғы тік бұрыш (аздап доғалдау) иілген жеріне 

дейінгі биіктігі 11-11,4 см аралығында. Құмыраның иығынан ернеуге дейінгі биіктігі 11,2 см құрайды. 

Бүйірі  шар  тәріздес  келген  құмыраның  сынып,  жарылған  жерінің  қимасына  қарап,  отта  сапалы 

күйдірілгенін байқай аламыз. Құмыра бүйірінің қалыңдығы 0,9 см құрайды. Құмыра иығынң сыртын 

айналдыра бір қатар білінер-білінбес етіп бедер түсіріліп шыққан. Біздің ойымызша бедер құмыраның 

шарықта айналып тұрған сәтінде түсірілген болуы мүмкін. Себебі бедерде ешқандай ауытқушылық 

байқалмайды. Түсі қызыл қоңыр келген құмыра ас үйлік мақсатта пайдаланған болуы кәдік. Құмыра 

тұтқаларының  бірінің  төменгі  иығына  барып  жанасқан  жерінің  астында  қатты  заттпен  түсірілген 

бедерді байқауға болады. анықтап қарасақ, бедер көлденең түсірілген бір сызық және одан қиғаштай 

тармақталған бірнеше сызықты көруге болады. Әрине нақты бір өсімдік бейнесін немесе басқалай бір 

композицияны береді кесіп айту қиын. Бірақ бір қарағанда шырша бейнесіне ұқсатуға болатын секілді. 



жүктеу 8.95 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   89




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет