Конференция материалдары



жүктеу 8.95 Mb.
Pdf просмотр
бет3/89
Дата17.04.2017
өлшемі8.95 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   89

Қол  пара  –  пара  берушінің  өз  мүддесін  көздеген  істің  оңтайлы  шешімін  табу  үшін  белгілі  бір 

билік иесіне беретін құндылықтың атауы. Ол ақша, қымбат бұйым (бұйымдар) немесе мал түрінде де 

беріліп отырылды. Параның бұл түрі тек қазақтар арасында ғана емес, орыс шенеуніктері мен кіріптар 

жергілікті адамдардың арасында да кең тараған құбылыс болды. 

Ал,  жүз  пара  дегені  –  туыстық-рулық  байланыс  негізінде  оңтайлы  шешім  шығару  үшін  билік 

иесіне берілетін параның атауы. Жүз пара тек қазақтардың арасында орын алды.  С. Мұқанов өзінің 

«Халық мұрасы» атты кітабында параның осы аталған түрлері жайында нақты мысал келтіре отырып, 


12

былай деген еді: « ... әділетсіздік байқалғанда, «тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ» дейді. 



Мұндағы «туған жоқ» дегені, жақынына тартпай, «жүз пара», «қол пара» дегендерге бұрылмай, істі 

әділдікпен шешеді дегені. Бірақ, осындай билер мен әкімдердің көбі «жүз параға», яғни жақынына 

тартпай қоймаған. «Қол пара» дегеніміз алым. Қарсы жақты алым беру арқылы тарту ерте заманнан 

келе жатқан салт... Сібірдегі Көшім хандығы Ермак басқарған орыс әскерімен соғысып жеңілгеннен 

кейін,  патша  әкімдері  қолға  түскен  Маметқұлды  Москва  абақтысына  қамаған.  Істі  қуып  барған 

інісі сол кездегі орыс патшасы төртінші Иванға мың бұлғынның терісін өткізіп, ағасын аман алып 

қайтқан деседі. ... ХІХ ғасырдың орта кезінде Көкшетау дуанының аға сұлтаны болған Зілқараның 

Әлібек есімді баласы қылмысты болып абақтыға түссе, ағасы Тұрлыбек Петербургқа барады да, «ақ 

патшаға» жолығып, сұлулығы сүліктей, меңсіз қырық қара атты параға өткізіп, інісін ит-жеккенге 

айдаудан құтқарып алады» [23].

Осы тұста айта кетер гәп – орыс әкімшілігі тарапынан қазақ өлкесіне отаршыл басқару жүйесінің 

жергілікті тетіктері ретінде орныққан би, болыс, ауылнай сияқты лауазым-қызметтер енді парақорлық 

және  басқа  да  бұрын  дәстүрлі  қазақы  ортаға  мүлдем  жат  құбылыстарды  жаппай  таратудың 

«институционалдық» негізіне айналды. Орыстың отаршыл билік жүйесінде бұрынғы қазақ социумінде 

аса маңызды функция атқарған  институттар өзінің ежелгі беделінен мүлдем айырыла бастады. Қазақтар 

өздеріне үйреншікті болып келген бидің билігінің ежелгі болмыс-бітімін орыстың билік жүйесінде жаңа 

тәртіп негізінде қызмет атқарып отырған билер соты, халық соты, болыс сияқты жаңадан орныққан 

институттардан мүлдем басқа болғандығын айғақтау мақсатында соңғыларына, тіпті, жаңа атауларды 

да ойлап тапты. Мысал ретінде жоғарыда аталған  «жаңа би» терминін айтуға болады.

Жоғарыда  айтылғандай,  орыстың  отаршыл  реформаларының  тікелей  нәтижесі  болып  табылатын 

пара беру, пара алу үрдісінің материалдық ауыртпалығы өз алдына, оның, әсіресе, мәдени-рухани және 

саяси салдары қазақ қауымына айырықша ауыр тиді. Қызметке парамен қолы жеткен жаңа билер мен 

болыстар, ауылнайлар мен молдалар (молдалыққа тағайындалу үшін үміткер пешкеш деп аталатын пара 

берді) іс жүзінде жергілікті жерде орыс билігінің отарлық саясатын жүргізуге үлкен мүмкіндік берді 

[21, 77-104; 24, 86-87 және т.б.]. Тіпті, әлгі жаңа лауазым-қызмет иелері көп жағдайда орыстандыру 

саясатын  жүзеге  асырушыларға  да  айналды.  Қазақтың  әдет-ғұрыптық  дәстүрін  зерттеушілердің  бірі 

болған А.Зуевтың 1907 ж. жарық көрген еңбегінен төменде жоғарыда айтылған жайтқа байланысты аса 

маңызды деген бір тұсы келтіріліп отыр. Еңбек, әсіресе, осы үзінді орыс отаршылдығына дейін қазақ 

социумінің аса қауқарлы институттарының бірі болған «бидің билігінің» ХІХ ғ.-дың екінші жартысында 

жүргізілген  реформалардан  кейінгі  пұшайман  күйін  дәлме-дәл  сипаттауымен  құнды.  Қазақтардың  

сағынышпен күрсіне еске алуына қарағанда, – деп атап көрсетті А.Зуев, – халық соты ертеректе (орыс 

отаршылдығына дейін – Н.Ә.) көшпелілердің кіршіксіз тіршілігі сияқты шыншыл, әділ, таза болды

«Халықтың  (қазақтардың – Н.Ә.) халықтың өміріне енген эволюциядан кейін онсыз да бишара күйге 

түскен бұрынғы би енді жаңа тіршіліктің ми батпағында шыға алмастай малтығуға тиіс еді. Кезінде 

билігі жетіп артылған өркеуде би уақыты өткеннен кейін құдыретті  (орыс – Н.Ә.) билеушілерінің 

азғындыққа  баулуының  арқасында  айналасына  өзінің  түпсіз  қалтасының  қалтарысы  тұрғысынан 

қарауды үйреніп, әлгі билеушілердің алдында құлдық ұрар пендеге айналуға мәжбүр болды. Сөйтіп, 

бұрынғы  көшпелілер  сотын  ашық  дөрекі  дүлей  күшке  негізделген  сот  ығыстырды.  Ал,  соңғысы 

алдап-арбаудың,  сатқындықтың,  өтірік-өсектің  сотына  айналды.  Жаңа  билер  халықтың  арасында 

енді  қарақан  басын  күйттеген  парақор  рубасылардың  көңілінен  ғана  шығатын  тиісті  партиялық 

«шындықты» таратушылар болды. Сонымен бірге, рубасылардың партиялық мүдделерінің арасындағы 

қақтығыстар, бітіспес қайшылықтар, түптеп келгенде, халықтың ежелгі таза ғұрыптық заңды пір 

тұтқан санасын, осы арқылы дәстүрлі сот жүйесін бұзып бітті» [25, 172-173].

Орыс  шенеуніктеріне  амалсыз  берілетін  пара  мөлшерінің  молдығы  соншалықты,  сайлауға 

түскендердің біразы жері мен мал-мүлкін сатып, тақыр кедейге ұшырады. Отаршыл билік иелерінің 

параны алатын өзіндік жолы да қалыптасты: әлгілер параны алуды өздерінің қазақы ортадан шыққан 

тілмаш, поштар сияқты жақын көмекшілері арқылы ұйымдастырып отырды [24, 89-90; 564-565]. 

Сонымен, ХІХ ғ.-дың екінші жартысынан бастап пара беру, пара алу қазақ қауымы мен орыстың 

отаршылдық жүйесінің  арасындағы байланыстың ең жансебіл формасына айналды. Пара бір жағынан, 

ең алдымен, қазақ қоғамының орыс билігіне мүлдем тәуелділікке түскендігінің айғағы болып табылады. 

Екінші жағынан, патшалық билік жүйесі қазақ жұртын өз жерінің, өз мәдениетінің, өз тіршілікқамы 

жүйесінің, өз тілінің, өз ділінің толық мәнді табиғи-тарихи субьектісі емес, тек уақытша ғана пайдаға 

асатын ен-тегін табыстың объектісі ретінде қарастырғандықтарын айғақтайды (орыс отаршылдығының 

қызыл заманға дейінгі кезеңінде тәуелсіздігінен айырылған империя құрамындағы бүкіл халықтардың, 



13

соның ішінде, қазақтардың да «инородцы», яғни, бөтен, жат, бұртана деген ресми атауға ие болулары 

көп жайтты аңғартса керек. «Бұртаналар» өз жерінде өз бетімен, өз тарихының ретімен тіршілік құрып 

отырса да). Үшінші жағынан, пара алудың, пара берудің  қазақ тіршілігіне, жоғарыда айтылғандай, 

әкелген  материалдық  шығыны  өз  алдына,  бұл  одағай  үрдіс  қазақ  социумінде  ерекше  маргиналдық 

топтың  қалыптасуына  алып  келді.  Шынтуайтында,  парақорлық  үрдісінің  орыс  әкімшігі  мен  қазақ 

қауымы  арасында  жаңадан  пайда  болған  байланыстың  сіңісті  атрибут-нормасына  айналуы,  сайып 

келгенде, әлгі құбылыстың осы байланыстың қазақы ортадан шыққан субьектілерінің – жаңа билер мен 

болыстардың, рубасыларының, ауылнайлардың да үйреншікті дағдысына айналуы болып табылады. 

Яғни, дәстүрлі қазақ социумінде ата-баба жолының ұстанымдарынан тайған азғындаған әлеуметтік топ 

пайда болды. Өз кезегінде бұл жайтты қазақ социумінің тарихи тағдырының таусылуының көрсеткіші 

ретінде де бағамдауға болады (осы ретте пара беру, пара алу орыс шенеуніктерінің басым көпшілігі 

үшін бұрыннан тіршілік нормасы болғандығы арнайы айтпаса да түсінікті жайт). 

ХІХ ғасырдың бірінші жартысына дейінгі қазақ қоғамындағы парақорлықтың кездеспегендігі 

жөнінде. Осы ретте, жоғарыда айтылғандай, орыс отаршылдығына дейінгі кезеңдерде дәстүрлі қазақ 

социумінде де пара беру, пара алу, парақорлық үрдісінің мүлдем кездеспегендігінің себептері жөнінде 

заңды  сұрақ  туындайды.  Расында  да,  әлгіндей  парақорлық  және  осы  құралыптас  басқа  да  одағай 

жайттарға  әлеуметтік  негіз  болады  деп  есептелінетін  жеке  байланыс  көшпелі  ортадағы  қоғамдық 

қатынас жүйесінің негізгі желістері болып табылады. Бірақ, басты гәп осы қоғамның шаруашылық-

экономикалық және институционалдық табиғатында жатыр. 

Біріншіден, шаруашылық-экономикалық харекеттің тікелей обьектісі де, құралы да, нысаны да мал 

болғандығы  қоршаған  табиғи  ортаны  осы  харекеттің  негізгі  обьектісіне  айналдырды.  Демек,  адам-

субьект пен табиғат-обьект арасындағы орныққан байланыс атаулының басты мақсаты ұдайы өсіріліп

өндіріліп отырылатын мал мен оның өнімдерін әлгі адам-субьектінің биоәлеуметтік қажетіне жаратуды 

ұдайы, тікелей (!) қамтамасыз етіп отыру болды. Яғни, көшпелі ортада табиғатты игеруді биологиялық 

(мал)  құралмен  және  жолмен  жүзеге  асыру,  осының  нәтижесінде  алынған  табиғи  өнімдердің  (мал 

өнімдерінің) көшпелілердің тікелей тұтынысына түсуіне байланысты, онда, тұтыныс қатынасы үстемдігі 

абсолюттік  сипат  алды.  Субьектаралық  салада  орын  алатын  айырбас  қатынасы  көшпелі  социумде, 

көбінесе,  институционалды-ғұрыптық  мәнді  болып  келетіндігі  сондықтан.  Ал,  көшпелі  қоғамның 

көршілес отырықшы елдермен сауда-саттық байланысына келетін болсақ, бұл айырбас қатынасының да 

көшпелі қоғамның жоғарыда аталған шаруашылық-экономикалық және институционалдық табиғатына 

байланысты капиталистік қоғамға тән қорлану үдерісінің факторына айнала алмады. Өйткені, айырбас 

қатынасының  да  нәтижесі  –  өнімдері  көшпелілердің  тұтынысына  тікелей  жаратылып  отырылды.  

Көшпелі  ортадағы  мұндай  айырбас  қатынасы  тұтыныс  қатынасына  ұласып  кетіп  отыратындығы 

сондықтан. Демек, мұндай қоғамдық ортада пара беру, пара алу, парақорлықтың өзін елестету мүмкін 

емес. Яғни, аталмыш құбылыстың пайда болуына көшпелі ортада ежелден орныққан шаруашылық-

экономикалық қатынастың жоғарыда ішінара болса да айтылған табиғаты еш мүмкіндік туғызбады.

Екіншіден, көшпелі этноэкожүйеде жан баласы өзін тіршілік еткен ортасынан – ру-қауымнан тыс 

елестеткен де емес. Өйткені, көптеген көшпелітанушылардың қисыны келіскен пікірінше, Еуразияның 

аса қатал экологиялық жағдайында малды қоршаған табиғи ортаның биоэнергетикалық тепе-теңдігін 

қатаң сақтау негізінде ұқсатып күтіп-баптауға ұйымдасқан ұжымның ғана қауқары келетін еді. Яғни, 

ру-қауымның.  Сондықтан  да,  жеке  байланыстың  өзі,  соның  ішінде,  шаруашылық-экономикалық 

саласы да, қауым-социумнің іргелі институттары арқылы реттелініп отырылды (мысалы, адамның жас 

мөлшерін, жынысын, туыстығын әйгілейтін категориялар, ұғымдар мен атаулар (ақсақал, шал, жігіт 

ағасы, жігіт, бозбала, еркек, әйел заты, отағасы, ата, әке, шеше, күйеуі, әйелі, бәйбішесі, тоқалы, қызы, 

баласы, ағасы, інісі, әпкесі, қарындасы, сіңлісі және т.б.) ата-баба жолының ұстаным-өсиетіне сәйкес 

ру-қауым мүшелерінің іс-әрекетінің нормалары мен принциптерінің функциясын да атқарды. Себебі, 

ру-қауым  мүшесінің  тиісті  атауы,  түптеп  келгенде,  оның  рулық  және  туыстық  мәртебесін  айғақтау 

ғана  емес,  отбасылық  һәм  қоғамдық  тәртібінің  де  ежелден  орныққан  ұстанымының  (нормасының, 

принципінің) шегі мен мазмұнын құрайды). Демек, көшпелі социумде жеке қатынастың нормалары 

мен принциптері социумнің үйлесімді қызметін қамтамасыз етуге бағытталды. Басқаша айтқанда, бұл 

нормалар  мен  принциптердің  «ата-баба  жолының»  ұстанымдарын  қамтамасыз  етуге  бағытталған 

функциясы  социумнің  институционалдық  әлеуетінің  кепілі  болды.  Сонымен  бірге,  социумнің  сан 

алуан  институттарының,  принциптерінің,  нормаларының  қалыпты  функциясы  жеке  тұлға  аралық 

байланыстың да үйлесімділігін қамтамасыз етіп отырды. Олай болса, көшпелі қоғамда параның пайда 

болуына ешқандай институционалдық та мүмкіндік болған емес. 



14

Ал, жоғарыда айтылған ХІХ ғ.-дың ІІ-жартысы кезеңіндегі қазақ қоғамына дендеп енген пара беру, пара 

алу үрдісінің гәбі мүлдем басқа. Дәстүрлі қазақы орта үшін бұрын оңды-солды болмаған бұл одағай оқыс 

жайт (және басқа жағымсыз құбылыстар да) орыстың отарлаушы билігінің көшпелі қоғамның ежелден 

орныққан тіршілік тәртібін зорлық-зомбылықпен түбегейлі өзгертуге алып келген сан алуан реформа-

тәжірибелерінің нәтижесі болып табылады. Демек, пара беру, пара алу, парақорлық құбылысын Ресей 

отаршылдық жүйесінің қазақ өлкесінде орнығу үдерісінің заңдылығы ретінде қарастырған ләзім.  

Түйін. Сонымен, қазіргі қазақ қоғамындағы парақорлық пен сыбайлас жемқорлыққа байланысты 

сан  алуан  мәліметтерді  және  қалыптасқан  дискурсты  тиісті  қоғамдық  контексте  антропологиялық 

парадигманың  қисынымен  талдау  қарастырылған  мәселенің  ғылыми-танымдық  һәм  ғылыми-іс-

тәжірибелік төмендегідей желісін таратуға мүмкіндік берді: 

–  қоғамдық  қатынас  құрылымында  жеке  байланыстар  жүйесінің  «ұйымдастырушылық»  және 

«реттеушілік» қауқарының айырықша күшеюі социумның тиісті салалары мен деңгейлерінің арасында 

үнемі дисбаланстық құбылыстар туғызып отырады (мысалы, қала мен ауыл арасындағы, әсіресе, соңғы 

кезде  ұлғая  түскен  әлеуметтік-экономикалық  және  мәдени-рухани  алшақтық,  әлеуметтік  құрылым 

жүйесінде пауперлену һәм маргиналдану үдерісінің күшеюі деген сияқты). Мұндай жағдайда нарықтық 

экономиканың  заңдылықтары  (принциптері)  тиісті  деңгейде  функия  атқара  алмайтындығы  түсінікті 

жайт (өйткені, мысалы, жеке байланыстар жүйесінің «бел баласы» болып табылатын экономикалық 

және институционалдық мүмкіндігі мол кландық бизнестің өкілдері нарықтық экономиканың қозғаушы 

күштері – шағын және орта бизнестің дамуына құлық таныта бермейді);

–  ең  алдымен,  қоғамдық  қатынас  жүйесінде  жеке  байланыс  үстемдігінің  һәм  осы  байланыс 

субьектілерінің  астамшыл  өктемдігінің  ерекше  бел  алуы  ондағы  одағай  жайттардың,  соның 

ішінде,  әсіресе,  парақорлық  пен  сыбайлас  жемқорлықтың  жаппай  таралып  орнығуына  айрықша 

«институционалдық» мүмкіндік ашып отыр;

–  демек,  өнегесі  озық  елдердегідей  қазақ  қоғамында  институционалдық  қатынас  түбегейлі 

орнықпайынша,  яғни,  қазақ  қауымының  іс-әрекеті  институционалдық  қатынасқа  түбегейлі 

негізделмейінше еліміз ешуақытта өркениетті мемлекеттердің қатарына енбек емес; 

–  өйткені,  әлемдік  тәжірибе  айғақтап  отырғандай,  тек  институционалдық  қатынас  жүйесіне 

негізделген қоғамда ғана өрескел одағай жайт атаулының етек алуына жол берілмейді;

– сонымен бірге, институционалдық қатынас орнығып, тиісті функциялар атқарған кезеңге көшу 

қазақ  қауымының  қазіргі  нағыз  жаулары  болып  табылатын  бойкүйездік,  өсекшілдік,  керенаулық, 

немқұрайдылық,  патернализм,  конспирологиялық  пиғыл  һәм  қылық,  кержалқаулық,  мансапқорлық, 

атаққұмарлық, жікшілдік һәм күншілдік сияқты қасиеттерден арылуына бірден-бір себепкер болар еді;

–  сөйтіп,  қазақ  жұрты  институционалдық  қатынас  түбегейлі  орныққанда  ғана  тарихи  үдерістің 

шынайы  жасампаз  субьектісіне  айнала  алады.  Ал,  институционалдық  қатынас  этностың  қауқарлы 

қорғаныс механизмі ретінде ұйымдастырушы һәм реттеуші функциялар атқарар еді.

Ескерту.

* Осыған орай, әсіресе, Central Asia Monitor, Деловая неделя, Жас Алаш, Панорама,  Мегаполис, Капитал 

сынды  тағы  да  басқа  газеттердің  беттерінде  жиі  жарияланған  сан  алуан  аналитикалық  және  статистикалық 

материалдарды ерекше атауға болады. Мысал ретінде соңғы кезде парақорлық пен сыбайлас жемқорлық мәселесі 

өз  алдына,  құрылыс,  соның  ішінде,  тұрғын-үй  салу  саласынан  бастап  көлік  қозғалысына  байланысты  кейбір 

лауазымды шенеуніктер мен ірі бизнес өкілдерінің немесе олардың алыс-жақынды туыстарының мемлекеттік 

заңды өрескел бұзу фактілерін, тіпті, қоғамда қызу дау-дамай туғызған қылмыстық іс-әрекетке бару жайттарын, 

сондай-ақ құқық қорғау органдарының кейбір қызметкерлерінің заңнан тыс әсіре әрекеті сияқты біраз келеңсіз 

кептерді айтуға болады.   

** Мақаланың қисыны тұрғысынан қазіргі қазақ қоғамының әлеуметтік құрылымы, ондағы институционалдық, 

тұлғааралық  және  жеке  байланыстар  жүйелерінің  әрқайсысының  орны  мен  рөлі  һәм  өзара  балансы  мәселесі 

мүлдем зерттелмегендігін ерекше екшеп айтқанды жөн санап отырмын – автор.

***  Қазіргі  қазақы  ортадағы  жеке  байланыстың  басқа  да  түрлері  мен  деңгейлері  мәселесі  де  ғылыми-

танымдық жағынан болсын, қоғамдық іс-тәжірибе тұрғысынан болсын өз зерттеушілерін күтіп отырған аса қат 

антропологиялық күрделі тақырып болып табылады – автор. 

****  Информациялық  байланыс  және  информациялық  өріс  («инфосвязь»,  «информационное  поле») 

ұғымдарының онтологиялық және эпистемологиялық жөн-жосығы жөнінде алғаш таратып жазған көрнекті ресей 

этнологы С.А.Арутюнов [31].    

*****  Автордың  сан  жылғы  әртүрлі  әлеуметтік  жіктер  мен  топтардың  арасынан  тікелей  жеке  бақылауы 

нәтижесінде  жинақталған  мәліметтер  жан-жақты  білімді  һәм  өз  ісін  жете  меңгерген,  кәсібіне  ерекше  мығым 

адамдар, әдетте, трайбалистік пиғылдан ада екендігін айғақтайды. 


15

__________________________________

1. Аскаров Толеген. Где деньги, Зин? Украденные миллиарды возвращать пока не хотят // Central Asia Monitor.  Республиканская 

общественно-политическая газета. 9-15 октября 2015. №40 (564).

2.  Новая газета. Казахстан. № 48 (544).

3.  Большой словарь иностранных слов. 35 тысяч слов. Изд. 2-е, испр. – М.: «Мартин»,

 

2008.


4. Большой юридический словарь. Третье издание. М.: Инфра – М., 2007.

5. Дэвид Джери, Джулия Джерри. Большой толковый социологический словарь. Т. 1,2. – М.: Вега-Аст, 2001.

6. Румянцева Е.Е.  Новая экономическая энциклопедия. В торое издание. М.: Инфра – М., 2006

.

7. Очерк социальной антропологии. Отв. Ред. В.В. Шаронов. – СПб., 1995.



8.  Минюшев  Р.И.  Социальная  антропология.  Учебное    пособие  для  студентов  высших  учебных  заведений.  –  М.: 

Академический проект; Фонд «Мир», 2004.

9. Арутюнов С.А., Рыжакова С.И. Культурная антропология. – М.: Весь мир, 2004.

10. Социальная антропология. Учебник. – М.: Инфра – М., 2008.

11.  Социокультурная  антропология.  История,  теория  и  методология.  –  М.:  Академический  проект;  Культура;  Киров; 

Константа, 2012.

12. Клод Леви-Стросс. Структурная антропология. – М.: Наука, 1985.

13. Масионис Джон. Социология. 9-ое изд. – СПб.: Питер, 2004.

14. Аронсон Эллиот. Общественное животное. Введение в социальную психологию. – М.: Аспект Пресс, 1998.

15. Мертон Роберт. Социальная теория и социальная структура. – М.: Аст: Аст Москва: Хранитель, 2006.

16. Луман Никлас. Социальные системы. Очерк общей теории. – СПб.: Наука, 2007.

17. Парсонс Талкотт. О структуре социального действия. – М.: Академический проект, 2000.

18. Парсонс Талкотт. О социальных системах. – М.: Академический проект, 2002.

19. Encyclopedia of Social and Cultural Antropology. Ed. by A. Barnard, J. Spencer. L., NY., 1997.

20. Никишенков А.А. История британской социальной антропологии. – СПб.: Наука, 2007.

21. Валиханов Ч.Ч. Записка о судебной реформе // Валиханов Ч.Ч. Собрание сочинений в 5-ти томах. Т. 4. – Алма-Ата: 

Казахская советская энциклопедия, 1985.

22. Ибрагимов И.И. Заметки о киргизском суде // ЗИРГО ОЭ. Т.I. Сборник народных юридических обычаев. – СПб.: Тип. В. 

Киршбаума, 1878.

23. Мұқанов С. Халық мұрасы (тарихи-этнографиялық шолу). Таңдамалы шығармалар. ХV том. – Алматы: Жазушы 1979.

24. Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. Ғылыми редактор 

және жоба жетекшісі Нұрсан Әлімбай. 5-том. Ө-Я. – Алматы: «Азия Арна», 2014.

25. Зуев А. Киргизский народный суд // Туркестанский сборник. Т.460. – Ташкент, 1908.

26. Левшин А.И. Описание киргиз-казачьих, или киргиз-кайсацких орд и степей (под общей редакцией академика 

М.К.Козыбаева). – Алматы: Санат, 1996. 

27. Alimbay Nursan. Community as a Principle Organizational Form of Social Relations of Nomads // Journal of Eurasian Studies. 

Journal of the Cábor Bálint de Szentkatolna Society Founded: 2009. – Volume I., Issue 1. / January – March 2009. – pp. 12-17. 

28. Алимбай Нурсан. Кочевая община казахов: проблемы этносоциологической реконструкции // Известия Российского 

государственного педагогического университета им. А.И. Герцена. – №96. – СПб., 2009. – С. 317-326. 

29. Alimbay Nursan. Social structure of the nomadic (traditional) community of Kazakhs: problems and metods // Төв Азийн 

тууль – ІІ симпозиум, Naadam. Central Asian Epic symposium festival – II. Улаанбаатар, 2013.

30. Әлімбай Нұрсан. Жетіаталық экзогамиялық бірлестік – ру: құрылымы, демографиялық мөлшері, ру және социум 

ретіндегі болмысы // Қазақ болып қалыптасқан ғасырлар. – Тараз: DanAi, 2015. – 245-263 бб.

31. Арутюнов С.А. Народы и культуры. Развитие и взаимодействие. – М.:Наука, 1989. 

32. Адилов Серикжан. Кто объявляет бойкот Президенту? // Central Asia Monitor.  Республиканская общественно-

политическая газета. 26 февраля – 3 марта 2016. №8 (584).



А.А.Тишкин

О ВОЗМОЖНОСТЯХ ПРИМЕНЕНИЯ РЕНТГЕНОФЛЮОРЕСЦЕНТНЫХ 

СПЕКТРОМЕРОВ ДЛЯ ИЗУЧЕНИЯ ДРЕВНИХ И СРЕДНЕВЕКОВЫХ 

ИЗДЕЛИЙ ИЗ ЦВЕТНОГО МЕТАЛЛА, ОБНАРУЖЕННЫХ 

НА ТЕРРИТОРИИ ЗАПАДНОГО АЛТАЯ

*

В настоящее время в археологии активно внедряется междисциплинарный подход, который базируется на 

широком использовании методов разных наук и направлен на получение объективных данных, расширяющих 

исследователям  информационное  поле  при  воссоздании  исторического  прошлого.  Для  специалистов, 

изучающих  сложные  процессы  становления,  развития  и  трансформации  древних  и  средневековых 

культур, одной из актуальных задач является установление химического состава обнаруженных изделий 

и реконструкция способов изготовления предметов из цветных металлов (меди, золота, свинца, серебра, 

      *   Работа выполнена при финансовой поддержке гранта Комитета Науки МОН РК №1038/ГФ4 «Древние и 

средневековые кочевники Юго-Западного Алтая: междисциплинарные исследования»


16

бронзы и т.д.). В таких изделиях содержатся важные сведения о возможном месте добычи руды, навыках 

литейщика, приемах обработки, истории использования вещи, ее ремонте и многом другом [1, с. 62].

В  течение  длительного  времени  на  территории  Западного  Алтая  и  его  предгорий  (Восточный 

Казахстан) изучались археологические памятники или были обнаружены отдельные находки. Материалы, 

полученные в разные годы, отложились в музеях бывшего Советского Союза. Такие собрания имеются 

в Алматы, Санкт-Петербурге, Астане, Москве, Усть-Каменогорске, Семипалатинске и других городах. 

Часть экспонатов не опубликована, другие предметы требуют исследований на современном уровне. В 

связи с выполнением гранта Комитета Науки МОН РК №1038/ГФ4 «Древние и средневековые кочевники 

Юго-Западного  Алтая:  междисциплинарные  исследования»,  обозначилась  необходимость  не  только 

получения новых сведений, но и более детального изучения уже имеющихся результатов, в том числе 

древних и средневековых изделий из цветных металлов. Находки, как уже было отмечено, в основном 

хранятся в музеях. Для установления химического состава их сплавов наиболее оптимальным является 

рентгенофлюоресцентный анализ, являющийся одним из методов, который все шире используется в 

археологической и музейной деятельности [1–10 и др.]. При этом используются различные приборы: 

портативные и стационарные. Специфика их работы отражена в научной литературе, а также широко 

представлена в интернете. На этом нет смысла отдельно останавливаться.

Существует целый ряд аналитических методов изучения металлических находок. Наиболее известным 

и  многократно  апробированным  является  оптический  (эмиссионный)  спектральный  анализ  [4;  11;  12, 

с.  45–49].  Одним  из  перспективных  и  развивающихся  в  последние  годы  становится  уже  отмеченный 

рентгенофлюоресцентный анализ. Многие исследователи предпочитают его использовать для получения 

данных по элементному составу сплавов. Ренгенофлюоресцентные спектрометры применяются в Институте 

археологии РАН (г. Москва), Государственном Эрмитаже (г. Санкт-Петербург), Институте минералогии 

УрО  РАН  (г.  Миасс),  Московском  государственном  университете  и  некоторых  других  учреждениях.  В 

настоящее время в Алтайском государственном университете (г. Барнаул, Россия) имеются два прибора. 

Кроме широко апробированного портативного рентгенофлюоресцентного спектрометра ALPHA SERIES

ТМ

 

(модель Альфа-2000, производство США) [1, 6, 8, 10 и др.], развернут стационарный комплекс X-Apт M 



(фирма-изготовитель «Комита», Россия), который сначала работал в тестовом режиме и демонстрировал 

качественные характеристики археологических находок, а затем на нем была установлена программа для 

фиксации количественных параметров основных цветных металлов. Стоит надеяться, что использование 

двух  приборов  позволит  не  только  сравнивать  и  контролировать  получаемые  показатели,  но  и  более 

эффективно  изучать  разнообразные  изделия.  Полученная  объективная  информация  даст  возможности 

существенно продвинуться в процессе реконструкции особенностей технологического прогресса [9].

Портативный  рентгенофлюоресцентный  спектрометр  Альфа-2000  в  комплекте  с  испытательным 

стендом,  с  КПК  и  другими  приспособлениями  позволяет  решать  значительный  спектр  научных 

задач. Прибор безопасен и предназначен для количественного неразрушающего анализа содержания 

химических элементов методом рентгенофлюоресцентной спектрометрии в образцах и самих изделиях 

из  цветных  металлов,  сталей,  разных  сплавов,  контроля  химического  состава  руд,  почв,  жидких  и 

порошковых проб. Он обнаруживает наличие тех или иных элементов до сотой доли одного процента 

при аналитическом режиме работы и свыше тысячной – при горнорудном. Сведения о достоинствах и 

недостатках рентгенофлюоресцентного анализа уже излагались в научных изданиях [1, 2, 3, 7 и др.]. 

Опираясь  на  имеющуюся  информацию,  отметим  отдельные  моменты,  позволяющие  использовать 

портативный спектрометр для работы в казахстанских музеях, научных центрах и экспедициях.

Ренгенофлюоресцентный  анализ  имеет  целый  ряд  преимуществ  [1,  с.  63–64].  Положительной 

стороной является то, что он относится к неразрушающим методам. Прибор не оказывает воздействия, 

которое бы изменило изделие или образец. Кроме этого, нет необходимости высверливать пробу или 

отламывать кусочек от изделия, что весьма существенно, особенно когда объектом изучения является 

предмет, для которого нежелателен отбор даже минимального количества вещества. Это принципиально 

важно,  так  как  археологи  найденный  и  обработанный  материал  должны  передавать  на  хранение  в 

музей. Каждая вещь, поступившая в фонды, становится потенциальным экспонатом, который порой 

трогать не рекомендуется, не говоря о том, что нужно взять от него пробу. Указанный метод тем и 

привлекателен, что позволяет предмету оставаться в его «первозданном» виде.

В  тех  случаях,  когда  все  же  нет  возможности  проводить  работу  с  целыми  вещами  (например, 

затруднена  транспортировка,  предмет  не  входит  в  камеру  стенда,  необходимо  исследовать 

труднодоступные для прибора участки и т.д.), результаты можно получить, отобрав очень маленькую 

по размерам пробу, которая, в свою очередь, не разрушается и может храниться в специальном банке 


17

образцов. Для изучения крупных предметов (например, металлических котлов) эффективно применять 

портативные приборы.

К  неоспоримому  достоинству  рентгенофлюоресцентных  спектрометров  относится  быстрота 

проведения измерения (для получения одного анализа достаточно 30–120 секунд и еще некоторое время 

требуется на фиксацию полученных показателей). За день можно исследовать несколько предметов. 

Указанная  скорость  позволяет  производить  изучение  археологических  находок  неоднократно  и  в 

разных  местах,  что  обеспечивает  набор  данных  для  более  объективной  информации  и  детального 

рассмотрения особенностей каждого составляющего элемента изделия. Следует обратить внимание на 

важность получения серии результатов в случаях, когда древние и средневековые мастера использовали 

специальные  приемы  внешнего  оформления  изделий  (лужение,  серебрение  и  т.п.).  С  помощью 

рентгенофлюоресцентного анализа удается также выявить  наличие  на бронзовом изделии позолоты 

даже в тех случаях, когда визуально в силу каких-либо причин данная особенность не устанавливается. 

Не менее важные, а порой даже неожиданные результаты получаются при тотальном исследовании 

металлических изделий одной категории находок, коллекции из одного погребения или всего памятника 

[2]. В ходе такой работы спектрометр позволяет реконструировать цветовую гамму разных предметов, 

что особенно существенно при изучении комплектов украшений.

Еще одно преимущество заключается в том, что после выполнения рентгенофлюоресцентного 

анализа  результаты  сразу  демонстрируются  на  экране  компьютера  в  двух  видах  (таблица 

и  график).  Используемые  современные  приборы  имеет  значительную  широту  диапазона 

одновременно  определяемых  элементов.  Стоит  отметить  еще  одно  обстоятельство,  которое 

обеспечивает  возрастающую  популярность  метода,  а  также  широкое  использование  портативного 

рентгенофлюоресцентного спектрометра, особенно среди археологов. Уже в экспедиции прибором 

можно достоверно сортировать археологические материалы и получать химический анализ выявленных 

находок. К концу полевого сезона может быть обработана вся коллекция или ее значительная часть. 

При  определенном  подходе  результаты  анализа  позволяют  датировать  археологические  находки, 

выявлять подделки, отмечать технологические особенности и многое другое.

Следует понимать, что любой научный метод, наряду с преимуществами, имеет какие-то изъяны и 

погрешности [1, с. 64–65; 7, с. 147–148]. Но при работе с рентгенофлюоресцентными спектрометрами 

они могут корректироваться или компенсироваться. Основная проблема заключается в том, что анализ 

определяет состав не всего изделия сразу, а только того участка, куда направлено излучение. При этом 

нужно понимать, что поверхностный слой каждой находки формировался по-разному. Он может нести 

результаты  специального  покрытия,  контактирования  с  внешней  средой  или  с  другими  металлами, 

химического воздействия и т.д. Поэтому для представления объективной картины содержания химических 

элементов  в  предмете  необходимо  в  разных  местах  осуществлять  неоднократное  тестирование. 

При  всем  этом  желательно  иметь  участки,  где  металл  был  бы  без  патины,  окислов  или  коррозии.  В 

большинстве  случаев  эта  проблема  решается  наличием  на  изделиях  царапин,  сломов,  трещин  или 

следов от уже взятых сверлом проб. Для других требуется аккуратное механическое удаление окислов. 

При  рентгенофлюоресцентном  анализе  необходимо  обозначить  разницу  или  сходство  результатов, 

полученных при изучении поверхности в разных местах каждой находки и при тестировании участков 

с механическим снятием продуктов окисления. Второй исследовательский вариант музейные работники 

предпочитают  не  выполнять,  считая,  что  экспонату  будет  нанесен  вред.  Однако  нужно  совершенно 

четко понимать, что при реставрации, которую так или иначе необходимо осуществлять (в ряде музеев 

мира вообще не демонстрируются не отреставрированные предметы), в первую очередь будут разными 

способами  сняты  продукты  окисления  и  коррозии,  которые  существенным  образом  наносят  ущерб 

археологическому предмету.

Специалистам  приходится  сталкиваться  с  музейными  экспонатами,  которые  оказались  уже 

очищены  от  окислов  химическим  путем.  Данный  вариант  имеет  свои  минусы.  Дело  том,  что  такое 

воздействие  нарушает  или  изменяет  химический  состав  поверхностного  слоя,  что  сказывается  на 

искажении и, соответственно, достоверности результатов рентгенофлюоресцентного анализа. Задача 

всех исследований – без ущерба для предмета получить объективные показатели. Поэтому желательно 

рентгенофлюоресцентный  анализ  осуществлять  до  любого  предполагаемого  воздействия  (очистка, 

консервация, реставрация и т.п.). На самом деле, несмотря на кажущуюся простоту работы, существует 

масса нюансов при работе с каждой находкой. Важно получить несколько определений для проведения 

сравнения и сопоставления результатов. Следует также указывать, каким образом производилось то 

или иное тестирование и для чего это делалось [1, с. 64–65].



18

Из кратко изложенных сведений становится понятно, что применение рентгенофлюоресцентного 

спектрометра приобретает особое значение при изучении разных археологических находок из металла. 

Для реализации такого подхода нужна конкретная исследовательская программа.

________________________________________________

1.  Тишкин  А.А.,  Серегин  Н.Н.  Металлические  зеркала  как  источник  по  древней  и  средневековой  истории  Алтая  (по 

материалам Музея археологии и этнографии Алтая Алтайского государственного университета). – Барнаул : Азбука, 2011. 144 

с.: ил.


2.  Тишкин  А.А.,  Хаврин  С.В.  Использование  рентгенофлюоресцентного  анализа  в  археологических  исследованиях  // 

Теория и практика археологических исследований. Вып. 2. – Барнаул : Изд-во Алт. ун-та, 2006. – С. 74–86.

3.  Ениосова  Н.В.,  Митоян  Р.А.,  Сарачева  Т.Г.  Химический  состав  ювелирного  сырья  эпохи  средневековья  и  пути  его 

поступления на территорию Древней Руси // Цветные и драгоценные металлы и их сплавы на территории Восточной Европы 

в эпоху средневековья. Ч. 2. / А.А. Коновалов, Н.В. Ениосова, Р.А. Митоян, Т.Г. Сарачева. – Москва : Восточная Литература, 

2008. – С. 107–154.

4.  Черных  Е.Н.,  Луньков  В.Ю.  Методика  рентгено-флуоресцентного  анализа  меди  и  бронз  в  лаборатории  Института 

археологии // Аналитические исследования лаборатории естественнонаучных методов. – Москва : Ин-т археологии РАН, 2009. 

Вып. 1. – С. 78–83.

5. Горбунова Т.Г., Тишкин А.А., Хаврин С.В. Средневековые украшения конского снаряжения на Алтае: морфологический 

анализ, технологии изготовления, состав сплавов.–Барнаул : Азбука, 2009. 144 с.: ил.

6. Тишкин А.А. Опыт использования рентгенофлюоресцентного спектрометра при изучении древних и средневековых 

находок Сибири и Монголии // Труды III (XIX) Всероссийского археологического съезда. Т. II. Санкт-Петербург; Москва; 

Великий Новгород : Ин-т истории материальной культуры РАН, 2011. – С. 408–409.

7.  Ениосова  Н.В.,  Митоян  Р.А.  Рентгеноспектральный  метод  анализа  археологического  металла:  преимущества, 

ограничения и ловушки в процессе измерения и интерпретации // Труды IV (XX) Всероссийского археологического съезда в 

Казани. Т. IV. Казань : Отечество, 2014. – С. 146–149.

8. Сенотрусова П.О., Мандрыка П.В., Тишкин А.А. Металлическая гарнитура поясных наборов монгольского времени в 

ангарской тайге  // Археология, этнография и антропология Евразии. 2015. №2 (43). – С. 116–125.

9.  Тишкин  А.А.  Использование  портативного  рентгенофлюоресцентного  спектрометра  при  изучении  древних 

и  средневековых  изделий  из  цветного  металла  с  территории  Большого  Алтая  //  Геоархеология  и  археологическая 

минералогия–2015. Миасс : Ин-т минералогии УрО РАН, 2015. –   С. 34–37.

10.  Тишкин  А.А.  Перспективные  возможности  проведения  рентгенофлюоресцентного  анализа  изделий  из  цветных 

металлов в музеях Алтайского края // Современные решения актуальных проблем евразийской археологии. – Барнаул : Изд-во 

Алт. ун-та, 2013. – С. 93–98.

11. Черных Е.Н. Древнейшая металлургия Урала и Поволжья. – Москва : Наука, 1970. – 180 с. 

12. Рындина Н.В., Дегтярева А.Д. Энеолит и бронзовый век. – Москва : Изд-во Моск. ун-та, 2002. – 226 с.



жүктеу 8.95 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   89




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет