Конференция материалдары



жүктеу 8.95 Mb.
Pdf просмотр
бет2/89
Дата17.04.2017
өлшемі8.95 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   89

сан алуан институттардансан деңгейлі, сан салалы туыстық, территориялық, шаруашылық-

экономикалық,  материалдық,  әртүрлі  салт,  әдет-ғұрып,  ырым-тыйымдар  сынды  ру-қауым 

мүшелерінің әлеуметтік энергиясын жұмылдыратын қоғамның энергетикалық нүкте-тораптары 

іспеттес тағы да басқа элементтерден тұратын. 

Совет  заманында  болса,  әсіресе,  қазіргі  уақытта  бұл  қатынастың  туыстық  байланыстан  басқа 

жоғарыда аталған құрамдас салалары мен компонеттері һәм атрибуттары тарих қойнауына мәңгілікке 

сіңіп кетті. Оның өзінде де қазақ қоғамындағы бүгінгі туыстық байланыстың шынайы жұмыс істейтін 

«генеалогиялық тіршілік кеңістігі» әрі кеткенде екі-үш атадан ғана қосылатын адамдардың арасындағы 

байланыстармен шектеледі. Рас, әртүрлі той-томалақ немесе өлім-жітімге байланысты атқарылатын іс-

шараларда өздерін бір руға телитіндердің аталмыш кеңістігіндегі қатары көбейеді әрі осы қатынастың 

информациялық  өрісі  мен  тығыздығы  артады****.

 

Яғни,  әлгі  кеңістіктің  аясы  кеңиді.  Бірақ,  бұл 



жайт – шынтуайтында, «орайы келген сәтте» ғана іске қосылатын эпизодтық құбылыс қана. Себебі, 

бұрынғы дәстүрлі қазақы ортадағы бүкіл тіршілік кеңістігінің негізгі механизмдерінің бірегейі болған 

рулық  байланыс  құрылымынан  қазір  іс  жүзінде  екі-үш  атадан  қосылатын  туыстардың  арасындағы 

байланыстан басқа жоғарыда аталған ешқандай элементтер мен салалардың сілемі де қалған жоқ. 



Жоғарыда ішінара айтылған тиісті институционалдық-ұйымдық, шежірелік-идеологиялық, 

территориялық,  шаруашылық-экономикалық,  салт-сана,  әдет-ғұрыптық  негіздері  мен 

негіздемелерінен ада күйге түскен мұндай туыстық байланыстың бұрынғыдай жұртшылықты 

ұйымдастырар  һәм  жұмылдырар  қоғамдық  қауқарының  түпкілікті  түгесілгендігі,  әлбетте, 

түсінікті жайт болса керек. Бірақ, антропологиялық (этнологиялық) тұрғыдан айрықша ден қойдырар 

7

бірегей құбылыс – ол, сөз жоқ, «біратаның ұрпақтарымыз», «ата-бабамыздың жері» немесе «кір жуып, 

кіндік қан тамған жер» сынды ежелден жасап келе жатқан идеологема-концептілерден туындайтын (және 

соларға негізделген) ұстанымдар мен қағидалар, олардың тарихи кеңістік пен уақыт тезінде әрбір ру 

немесе жүз деңгейіндегі әлі де болса «талайы таусыла қоймаған» ұйымдастырушы һәм жұмылдырушы 

әуселесі. Түптеп келгенде, өздерін белгілі бір рудың, әрісі жүздің адамдарымыз деп санайтындарды 

байланыстыратын  ұрпақаралық-этникалық  байланыс-арна  арқылы  беріліп,  «отбасы  ошақ  қасынан» 

санаға  сіңіп  кеткен  аталмыш  идеологема-концептілер  ғана.  Демек,  «орайы  келген  сәтте»  ғана  (той-

томалақ,  өлім-жітім  сияқты  сан  алуан  басқа  да  іс-шаралар)  қалыптасатын  руластардың  жоғарыда 

аталған  генеалогиялық  кеңістігіндегі  байланысын,  іс  жүзінде,  әлгі  идеологема-концептілерінің 

функциясы ретінде қарастырған жөн. 

Бұл  тұста  да  ерекше  екшеп  айтар  жайт  –  руаралық  және  жүзаралық  байланыстарда,  әсіресе, 

орыстың  отаршылдық  тәртібіне  кіріптар  болған  заманда  «жесір  дауы,  жер  дауы»  сияқты  ішінара 

кикілжіңдер  орын  алғанымен,  қайшылықты  болған  емес.  Ал,  совет  һәм  тәуелсіз  кезеңдерінде  бұл 

байланыстардың «аражігі» латентті сипатқа ие болды. Жоғарыда айтылған идеологема-концептілердің 

рулық  байланыс  түрінде  функция  атқаратындығы  сияқты,  осы  «аражікті»  де  тек  руаралық  немесе 

жүзаралық  байланысқа  «түскен»  субьектілердің  әрқайсысында  пайда  болатын  таза  ахуалдық  мәнді 

психологиялық  түйсік  немесе  сезім  ретінде  ғана  бағамдаған  ләзім.  Осы  қисынға  байланысты  әлгі 

руаралық немесе жүзаралық байланыс саласын аталмыш субьектілердің өздерін тиісті рудың немесе 

жүздің  өкілі  ретінде  сезінетін  идентификациялық  өріс  ретінде  қарастыруға  болады.  Демек,  бұл 

байланысты тұрақты, һәм «менмұндалаған», ашық райлы көрнекі құрылым деуге мүлдем келмейді. 

Шынтуайтында,  бұл  байланысты  өздерін  бір  ру  немесе  жүзге  жатқызатындардың  санасында 

отбасынан сіңісті болған ұстанымдар мен қағидалардың (мысалы, «біратаның балаларымыз» 

деген  сияқты)  жоғарыда  айтылған  ахуалдық  «идентификациялық  өрістегі»  ментальдық-

психологиялық  (функционалдық)  көрінісі  ретінде  қарастыру  керек.  Бұл  байланысты  жоғарыда 

латентті, астарлы сипатта болып келеді деуіміздің себебі осында.

Бірақ, дәстүрлі қазақы ортада көшпелілер тіршілігінің тарихи кеңістік пен уақыт континумындағы 

жасампаздығы һәм жансебілдігінің басты механизмдерінің бірегейі болған рулық-жүздік құрылымның 

идеологиясы  іспеттес  әлгі  идеологема-концептілер  (осы  мазмұндас  басқа  да  ұстанымдар  мен 

қағидалар),  өкінішке  орай,  енді  қазіргі  постақпараттық  заманда  бүгінгі  қазақ  болмысына  мүлдем 

кереғарлық  етіп  отыр.  Өйткені,  осындай  ұғым-түсініктерге  негізделген  жеке  байланыстың  бұл  түрі 

қазақ қауымын сегменттейтін, осы арқылы социумдегі қатынастар жүйесін де сегменттеуге едәуір әсер 

тигізер факторға айналды. Яғни, жеке байланыстың осы түрін қазақ қауымының қоғамдық қатынастың 

біртұтас белсенді субьектісіне айналуына, демек, оның субьектілік миссиясын әлсіретуге әжептәуір 

себепкер болып отырған жайт ретінде қарастыруға болады. 

Ең «ғажабы», осындай кереғар гәпке ұйтқы болып отырғандар – қарапайым халық емес, өздерін 

белгілі бір ру немесе жүздің «ығайлары» мен «сығайлары» санайтын зиялылар деп аталатын қауым 

(әлбетте, бәрі болмаса да). Олардың ішінде үлкен жауапты іс һәм қызметтің басында отырғандар да 

аз  емес.  Басқаша  айтқанда,  аталмыш  жеке  байланыстың  негізгі  субъектілері  –  әлгі  оқығандар  мен 

тоқығандар*****. Бұл өкінішті гәп қазақ ұлтының тарихи үдерістің біртұтас қауқарлы субьектісі 



ретінде  этникалық,  мәдени,  экономикалық,  геосаяси,  технологиялық  шиеленісі  мейлінше 

шиыршық  атқан  қазіргі  заманның  тегеурініне  төтеп  берер  өзіндік  бейімделу  тактикасы  мен 

стратегиясының (механизмдерінің) қалыптаса қоймағандығын айғақтаса керек.

Осындай  түсінік-концептілер  тәуелсіздік  жылдары  билікке  қолы  жеткендер  мен  ен  байлықты 

еркін емгендердің кейбіреулерінің өздерінің экономикалық немесе мансапқорлық мүдделерін жүзеге 

асыру үшін «генеалогиялық» жолмен кландық топтасуының идеологиялық негіздемесіне де айналды. 

Өкінішке  орай,  мұндай  топтасу,  көбінесе,  заңнан  тыс  іс-әрекетке  барудың  институционалдық  аясы 

болып отыр.

Мақаланың  қисынына  сәйкес,  автордың  типологиялық  жіктемесі  бойынша,  жеке  байланыстың 

келесі  екінші  түріне,  көбінесе,  сауда-саттық  орындарында  тәуелсіздік  жылдары  қалыптасқан 

бейформалды  ахуалдық  құрылымдарды  жатқызуға  болады.  Мысал  ретінде,  тәуелсіздік  жылдары 

Алматы қаласының жанындағы әйгілі «Алтын Орда» деп аталатын сауда-саттық орнында қалыптасқан 

халық арасында «құлбазар» деген атаумен танымал құбылысты (яғни, ахуалдық сипаттағы құрылым) 

айтып өтелік. Біздің жүргізген шағын этносоциологиялық мониторингіміз көрсеткендей, «құлбазар» 

деп айналадағы халық өзінің жұмыс күшін сатушылардың тобын атайды екен. Құрамы үнемі өзгеріп 

отыратын  осы  «құлбазардың»  құрылымы  әлгі  еңбегін  сатушылардың  арасындағы  және  сатушылар 



8

мен оларды жалдайтындардың арасындағы байланыстардан тұрады. Бұл байланыстың бірінші түрінде 

жалданушылардың физикалық күш-қуаты, кәсіби мүмкіншілігі, кезекке тұрған мерзімі, жасы, жынысы 

кейде,  қайдан  келгендігі  сияқты  параметрлер  қатаң  ескерілсе,  екіншісінде  мәселенің  тиісті  шешімі, 

әлбетте, жалдаушыларға тікелей тәуелді болып келеді.

Жеке  байланыстың  өзіндік  ерекше  ұйымдық  формасы  болып  табылатын  осындай  және  осы 

құралыптас басқа да бейресми құрылымдар кей жағдайда қоғамдағы әртүрлі девианттық қылық пен 

іс-әрекеттің әлеуметтік аясына айналып отыр. 

Мемлекеттік  қызмет  пен  экономикалық-шаруашылық  салаларында  «генеалогиялық»,  әріптестік, 

жерлестік,  сыныптас-курстастық  сияқты  сан  алуан  жолдармен  орныққан  бейресми  байланыстарды 

жеке байланыстың үшінші түрі ретінде қарастыруға болады. Сан деңгейлі, сан салалы болып келетін 

бұл  байланыс,  көбінесе,  аралас  күйде,  яғни,  екі-үш,  кейде  бірнеше  жолмен  орнығады  (мысалы, 

байланыстың  ядросы  генеалогиялық,  «орбитасындағылар»  жерлестер  немесе  сыныптас-курстастар, 

тіпті, соңғылары бірге деген сияқты).   

Осы  ретте,  әлемдегі  елдердің  тарихи  тәжірибесі  де,  тәуелсіз  кезеңдегі  қазақ  қоғамының  даму 

үлгісі де айғақтап отырғандай, жеке байланыстың социумның барлық салаларында кездесетіндігін, ал 

оның кейбір түрлерінің қоғамның анағұрлым ұйымдасқан, реттелген деп есептелінетін сегментерінде, 

мысалы,  билік  жүйесінде  де  орныққандығын  ерекше  екшеп  айтқан  ләзім.  Аталмыш  тәжірибе  мен 

қазақы  қоғамдық  үлгіден  туындайтын  тағы  бір  қисын  –  кез  келген  социумның  қалыпты  қызметі 

ондағы жоғарыда аталған институционалдық қатынас пен жеке байланыс жүйесі арасындағы балансқа 

байланысты болып келеді. Тағы да өнегесі озық Еуропа, АҚШ, Жапония сынды елдердегі тәжірибеге 

сүйенсек, институционалдық қатынас жүйесінің абсолюттік үстемдігі ғана қоғамға, оның мүшелеріне 

әлем мойындаған демократиялық ұстанымдар мен қағидаларға сай, яғни, бақуатты тіршілік кешуіне 

мүмкіндік береді. Егер жеке байланыс жүйесі үстемдік алған жағдайда, бұл жайт қоғамдағы әлеуметтік-

экономикалық теңсіздіктің һәм әлеуметтік-саяси әділетсіздіктің, соның ішінде, мысалы, парақорлық 

және сыбайлас жемқорлық сияқты одағай оқыс қылықтар мен іс-әрекеттің өршуіне алып келеді. Яғни, 

мұндайда  жеке  байланыс  жүйесі  қылмыстық  іс-әрекеттер  мен  сан  алуан  девианттық  қылықтардың 

әлеуметтік аясына һәм институционалдық негізіне айналады.         



Мәселенің антропологиялық  ракурсы.  Сонымен, ТМД  елдерінде, соның  ішінде, Қазақстанда, 

мысалы,  біздің  мақаламыздың  нысаны  болып  отырған  парақорлық  пен  сыбайлас  жемқорлықтың 

күнделікті  тіршілікте  орныққандығы  соншалықты,  оған  қоғам  мүшелері  көпшілігінің  немқұрайлы 

қарайтындығының себебі қайда деген түйткіл сұрақ туындайды. Негізгі гәп, біздіңше, ТМД елдерінде, 

әлбетте, қазақ қоғамында тәуелсіздік жылдары орныққан әлеуметтік қатынастың табиғатында жатқан 

сияқты.  Әңгіме,  осы  мемлекеттердің  әлеуметтік  жүйесі  озық  өнегелі  батыс  елдеріндегі  сияқты 

қоғамның  үйлесімді,  әрі  қарқынды  дамуын  қамтамасыз  ететін  институционалдық  қатынасқа  емес,  

жеке  байланыстарға  негізделгендігінде  болып  отыр.  Яғни,  институционалдық  қатынасқа  қарағанда, 

әлгі жеке қатынастың «реттеуші» және «ұйымдастырушы» пәрмені басым.

Расында  да,  тарихи  тәжірибе  айғақтап  отырғандай,  қазіргі  қоғамда  жеке  қатынас  құрылымдық 

жағынан  болсын,  функционалдық  тұрғыдан  болсын  үстемдігі  жүріп  тұрған  жағдайда  ондағы 

заңдық-институционалдық жүйенің ұйымдастырушы, реттеуші, жұмылдырушы, тіпті, мәжбүрлеуші-

жазалаушы функциялары тиімді нәтиже бере алмайды. Соның ішінде, әсіресе, мемлекеттік органдарда 

жеке байланыстың «ұйымдастырушы», «реттеуші» функциясы қауқарлы болуы бұл институттардың 

әуселесін әлсіретіп жіберіп отыр. Мұндай қатынас жүйесінде «өзіміздің адам», «жерлес», «рулас», «бірге 

оқығандар», «әріптестер», «туыс», «жекжат-жұрат», «құдалар» сияқты толып жатқан өзіндік «реттеуші» 

және  «бағыттаушы»  тораптары  қалыптасады.  Өзара  қым-қуыт  себеп-салдарлық  байланыстағы  бұл 

«тораптарды» жеке қатынастың «механизмдері» ретінде қарастыруға болады. Бұл және осы құралыптас 

басқа да «механизмдер», түптеп келгенде, әлгі жеке байланыстың субьектілерінің жеке мүдделерінің 

(экономикалық,  материалдық,  әлеуметтік  (мысалы,  мансап  деген  сияқты),  тіпті,  саяси  және  т.б.) 

жүзеге асуына қызмет етеді. Түпкі мақсаты да, мән-мазмұны да, айналып келгенде, жеке мүдделердің 

нәтижелілігін қамтамасыз ету болып табылатын аталмыш жеке байланыс қоғамдық тәртіптің ығына, 

заңның  дегеніне  бағына  бермейді.  Тіпті,  Қазақстан  Республикасы  Президенті  Н.Ә.Назарбаевтың 

сөзсіз  жүзеге  асырылуы  тиіс  тапсырмалары  дер  кезінде  орындала  бермейтіндігі,  кейде  орындалмай 

жататындығы  жасырын  емес  (осыған  орай,  Алматы  қаласының  бұрынғы  әкімі  А.Есімовке  қаланың 

экологиялық  маңызды  аймақтарына  кезінде  заңсыз  тұрғызылған  үйлер  мен  мейрамханаларды  сүріп 

тастау жөніндегі әйгілі тапсырмасының аяқсыз қалғандығы еріксіз еске түседі). Бұл жағымсыз жайтты 

Елбасының өзі де жариялауға мәжбүр болды: «2013 жылдың қазан айында біз 9 айдың қорытындысын 



9

шығардық,  өзекті  мәселелерді  талқыладық,  сөйтіп,  мен  нақты  тапсырмалар  бердім.  Орындалу 

мерзімі  басталып  кеткен  33  тапсырманың  небәрі  11  ғана  толық  орындалды.  Қалғаны  сапасыз 

дайындалған немесе орындалу үстінде ғана. Ал, «көлеңкелі экономиканы» қысқарту жөнінде ешқандай 

іс-шара атқарылмаған. Жергілікті органдарды табыс көздерімен қамтамасыз ету саласында нақты 

көзқарас  жоқ.  Мемлекеттік-жеке  серіктестік  жобаларына  даму  институттарының,  зейнетақы 

қорларының, қаржы ұйымдарының қаржыларын тарту жөніндегі ұсыныстарды Үкімет пен Ұлттық 

банк тарапынан жүзеге асыруға байланысты дайындық жұмысы жүргізілмеген. Ауылшаруашылығы 

туралы мәселелер кешені іс-жүзінде дайындалмаған» [32].

 

Әлбетте,  Елбасының  осы  және  басқа  да  тапсырмаларын  орындалмағанына  тиісті  жауапты 



қызметтердегі  адамдардың  кінәлі  екендігіне  еш  шүбә  тумаса  керек.  Бірақ,  осынау  өкінішті  гәптің 

байыбына бойлап бақсақ, оның басты себебі қоғамды шырмауықтай шандыған жеке байланыстарда 

жатқандығына көз жеткізу әсте қиын емес. Сонда, мақаланың авторы С.Әділов айтқандай, Президентке 

бойкот  жариялаған  нақты  жауапты  қызметкерлер  емес,  аталмыш  тапсырмаларды  тұншықтырып, 

құрдымға жіберген ешкімге дес бермейтін  әлгі жеке байланыстар болып шығады!

Жеке байланыс жүйесінде кәсіби біліктілік пен елге сіңірген еңбектен гөрі, атақ, дәреже, қызметтік 

статус,  байлық  адамның  ерекше  мәртебесінің  айғақ-символдары  ретінде  аса  жоғары  бағаланады. 

Ел-жұрт  әлі  күнге  дейін  жыр  қылып  айтатын  «Ғылым  туралы»  жаңа  заң  күшіне  енгенге  дейінгі 

Қазақстандағы,  әсіресе,  қазақтардың  арасындағы  ғылым  кандидаты  мен  ғылым  докторы  дәрежесін 

алуға ұмтылғандар санының күрт өскен жайтын аталмыш ой-тұжырымның айрықша көрнекі мысалы 

ретінде келтіруге болады.

Ал, мемлекеттік органдардағы жеке байланыстың жоғарыдағы айтылған (және басқа да) «торап-

механизмдері»  осы  салада  кландық  жүйенің  қалыптасуына  алып  келеді.  Кландық  жүйе  болса 

мемлекеттік  органдардағы  жеке  байланыс  саласының  ең  басты  ұйымдастырушы,  реттеуші  және 

бағыттаушы  ұйымдық  немесе  өзіндік  «институционалдық»  формасы  болып  табылады.  Мұндай 

жүйеде, жоғарыда ішінара айтылғандай, ең алдымен, адамның кісілігі мен кәсіби біліктілігінен гөрі, 

жоғары билік иелерінің көңілінен шыға білетін пысықай қасиеті бағаланады. Осылайша мемлекеттік 

органдарда білімі таяз, кәсіби деңгейі «онша емес» болса да, «ұстараның жүзінен» өте білетін ылдым-

жылдым субьектілердің жауапты қызметтерді иемденіп отыруы сирек жайт емес. 

Мемлекеттік  органдардағы  жеке  байланыстың  жоғарыда  айтылған  (және  басқа  да)  «торап-

механизмдері» және осы механизмдерге негізделген кландық жүйе мемлекеттік институттардың өзін сан 

алуан айла-шарғымен жеке мүдделерге қызмет еткізеді (мысалы: мемлекеттік лауазым жеке мүдденің 

діттеген мақсатын жүзеге асыратын аса тиімді құралға айналып кетеді). Осындай қатынас жүйесінде, 

әсіресе,  жоғары  лауазым-қызмет  оның  иесінің  «шексіз  мүмкіншілігінің»  және  институционалдық 

«артық мәртебесін» әрі қол астындағы қызметкерлердің (және басқалардың да) кіріптарлығын әйгілеп 

тұратын символға айналады. Мұндайда, әсіресе, қарапайым адамдарға қатысты байланыс саласында 

жоғары лауазым иелеріне тән менмендік, өзімшілдік, һәм өзімбілемшілдік сияқты эгоизмнің шектен 

шыққан түрлері қалыптасады. Аса қымбат жеке тұтыныс бұйымдары (үй, автомобиль, тіпті  қолсағат 

және т.б.)  осындай лауазым қызмет иелері  мен  олардың отбасы  мүшелерінің басқалардан, әсіресе, 

қарапайым «қараша» халықтан өздері кәміл сенетін «артықша туған қадір-қасиетін»  әйгілеп тұратын 

«символдар» іспеттес. Адами азғындық деп қана бағамдауға болатын мұндай құбылыс «балық басынан 

шіриді» деген белгілі заңдылық бойынша, әлеуметтік қатынастың орта, тіпті, төменгі сегменттерін де 

жайлайды. Осы деңгейлердегі шенеуніктердің біразы үшін жоғарыда айтылған, үлкен лауазым-қызмет 

иелерінің дағдыға айналған одағай қылықтары, әлеуметтік-материалдық жай-күйінің қалыптасу гәбі 

үлгі-модель іспеттес – көп жағдайда айна-қатесіз қайталанады. Бірақ, аталмыш деңгей-сегменттердегі 

лауазым-қызмет иелерінің ауқымы мен қолжетер қауқары, әлбетте, шағын... 

Осы ретте ерекше екшеп айтар жайт – жеке байланыстың мемлекеттік институттар саласындағы 

тағы  бір  ерекшелігі  ретінде  оның  көпсатылы  иерархиялық  сипатын  атау  керек.  Осындайда 

әлеуметтік-экономикалық, саяси харекет һәм шешім атаулы үлкен лауазым-қызмет иелерінің атымен 

байланыстырылатындығы,  яғни,  тұлғалануы  (персонификациялануы)    заңды  құбылыс.  Мұндай 

жағдай, әрине, парақорлық және сыбайлас жемқорлық үрдісіне үлкен «институционалдық» мүмкіндік 

ашады. 

Пара  сияқты  заңнан  тыс  алыс-беріске  негізделген  әлгі  жеке  байланыс,  түптеп  келгенде,  оның 



субьектілерінің арасындағы әлеуметтік-материалдық және саяси-институционалдық статустарының 

(мүмкіндіктерінің)  теңсіздігінің  көрсеткіші  әрі  айғағы  болып  табылады.  Өйткені,  пара  беретін 

адам міндетті түрде аталмыш байланыстың кіріптар субьектісі ғана. Демек, ТМД елдеріндегі және 


10

Қазақстандағы  қарастырып  отырған  жеке  байланыс  субьектілерінің  арасындағы  теңсіздік  осы 

байланыстың типологиялық ерекшелігі деуге болады. 

Өркендеген елдердегі жеке байланыс жөнінде. Қоғамдық қатынастың бұл түрі (саласы, деңгейі) 

әлемдегі  ең  дамыған  мемлекеттердің  де  әлеуметтік  жүйесінде  бұрыннан  орныққан,  осы  жүйенің 

құрамдас маңызды саласы болып табылады. Бірақ, аталмыш байланыс қоғамдық тәртіптің институттары, 

нормалары,  қағидалары  мен  принциптерінің  аясында  ғана  тиісті  функциялар  атқарады.  Алайда, 

бұл  жайтты  жеке  байланыстың  институционалдық  қатынас  жүйесіне  кіріптарлығы  деп  қабылдауға 

болмайды.  Қайта,  саяси,  әлеуметтік,  экономикалық  өнегесі  озық  елдерде  институционалдық  жүйе 

(қатынас), түптеп келгенде, баршаға белгілі «жеке адамның құқығын» қорғауды қамтамасыз ететін негізгі 

механизм болып табылады. Демек, бұл қатынастың тиімді қызметі – сайып келгенде, жеке байланыс 

саласының қалыпты қызметінің де ең негізгі кепілі. Бір жағынан, институционалдық қатынастың ең басты 

ұйымдастырушы және реттеуші тетіктері болып табылатын атқарушы, заң шығарушы, сот биліктерінің 

арасындағы  өзара  қарама-қарсылықтың  тепе-теңдігі  принципі  мемлекеттік  институттарға  әлгі  жеке 

адамның  құқығын,  осы  арқылы  қоғамдағы  бүкіл  заңдылықтың  қатаң  сақталуын  тиімді  қамтамасыз 

етуге  мүмкіндік  береді.  Екінші  жағынан,  аталмыш  принцип-механизм  жеке  тұлғаға  да  қоғамдағы 

үдерістердің белсенді субьектісі болуға үлкен мүмкіндік ашады. Дамыған елдерде жеке байланыстың 

институционалдық  қатынастан  оқшауланбайтындығы,  оған  кереғар  келмейтіндігі  сондықтан. 

Керісінше,  әлеуметтік  қатынастың  осы  типі  әлгі  институционалдық  қатынастың  ұйымдастырушы, 

бағдарлаушы, реттеуші сияқты сан-алуан функцияларының үйлесімділігін қамтамасыз етіп отырады. 

Осы  қисынға  байланысты,  бір  есептен,  өркендеген  елдердегі  жеке  байланысты  институционалдық 

қатынастың функционалдық күйі десе де болады. Дамыған елдердегі институционалдық қатынас пен 

жеке  байланыстың  арасындағы  бірін-бірі  толықтырып  отыратын  өзара  үйлесімдік  соңғы  байланыс 

саласындағы шектен шыққан дейтіндей заңсыз әрекеттердің, мысалы, пара беру, пара алу, сыбайлас 

жемқорлық сияқты одағай құбылыстың жалпы қоғамдық дертке ұласуына әсте мүмкіндік бергізбейді.

Осы ретте қазақ қоғамында советтік және қазан төңкерісіне дейінгі кезеңдерде аталмыш қылмыстық 

қылық пен іс-әрекет орын алды ма, болса қандай деңгейде орнықты деген заңды сұрақ туындайды. 

Бұл мәселені таратып айту, біріншіден, қазақ қоғамындағы парақорлық пен сыбайлас жемқорлықтың 

генезисін  һәм  эволюциясын  түсінуге,  екіншіден,  осы  арқылы  осынау  қоғамдық  дерттің  қазіргі 

ерекшелігін  һәм  оның  алдын  алу,  мүмкіндігінше  жою  механизмдерін  парықтауға  зәредей  болса  да 

мүмкіндік береді деген ойдамыз.

 Советтік дәуірдегі ахуал. Аталмыш қылмыстық қылық пен іс-әрекет қазақ елінде совет дәуірінде 

де  орын  алды.  Бірақ,  осы  тоталитарлық  жүйедегі  әлеуметтік-экономикалық,  саяси-идеологиялық, 

мәдени  қатынастың  субьектілерінің  арасындағы  әйгілі  теңгерме,  яғни,  өзара  теңдік  принципі,  оны 

жүзеге  асыру  идеологиясы  мен  практикасы  парақорлық  пен  сыбайлас  жемқорлықтың,  әсіресе,  дәл 

қазіргі кезеңдегідей жойқын мөлшерде орнығуына мүмкіндік бермеді. Біріншіден, совет қоғамында 

әлгі  қылмыстың  жеке  тұлғаның    материалдық  және  саяси  мүддесін  заңнан  тыс  қамтамасыз  ететін 

институционалдық,  саяси,  экономикалық,  әлеуметтік,  тіпті,  мәдени  негізі  болмады.  Екіншіден, 

коммунистік партия мен советтік билеу жүйесі парақорлықтың қоғамдық қатынасқа сіңісті атрибут-

нормаға айналуының бүкіл социалистік тоталитарлық құрылыстың «іштен ірейтін» аса қауіпті факторы 

екендігін айқын түсінді. Өйткені, жеке тұлғаның материалдық және саяси мүддесін заңсыз қамтамасыз 

етуге  тиісті  пара  беру,  пара  алудың  жалпы  үрдіске  айналуы  осы  құрылымның  табиғатына  мүлдем 

кереғар  әлеуметтік-экономикалық  және  саяси  жіктеліс  туғызатын  пәрменді  факторға  ұласуы  әбден 

кәдік еді. Осыған байланысты,  үшіншіден, советтік жүйенің парақорлық пен сыбайлас жемқорлықты 

басып жаншитын  аяусыз жазалау аппараты тиімді жұмыс істеп тұрды. Төртіншіден, «еңбекші халық 

– қоғамның қозғаушы жасампаз күші», «халықтар достығы – лениндік ұлт саясатының салтанаты», 

«барлығы да адам үшін» деген сияқты т.б. сан алуан жалған ұран болса да  халықтың  көңілін аулауға 

бағытталған идеологемаларды  насихаттайтын саяси институттардың пәрмені қуатты болды. 

Орыс  отаршылдығының  дендеп  орныққан  кезеңіндегі  қазақ  қоғамындағы  парақорлық 

үрдісі  (ХІХ  ғасырдың  екінші  жартысы).  Осы  ретте  тәптіштеп  айтуды  қажет  ететін  бірер  гәп  – 

қарастырып  отырған  кезеңде  сыбайлас  жемқорлықтың  мүлдем  болмағандығын  айрықша  атап  өту 

қажет. Ал парақорлық жайты дәстүрлі қазақы ортада ХІХ ғасырдың екінші жартысынан бастап орныға 

бастағандығын қазан төңкерісіне дейінгі қазақ жеріндегі орыстың отаршылдық билік жүйесінде қызмет 

атқарған  орыс  шенеуніктері  мен  зерттеушілері  өздері  мойындады.  Расында  да,  сан  алуан  деректер 

параның аталмыш ғасырдың екінші жартысынан бастап қазақ өлкесінде орыстың отаршыл билігінің 

күштеп,  төтенше  жүзеге  асырған  әртүрлі  шаруашылық-экономикалық,  саяси-әкімшілік,  әкімшілік-


11

басқару,  әкімшілік-территориялық  реформалардың  нәтижесінде  қалыптасқан  құбылыс  екендігін 

айғақтайды. Қазақ жұртшылығы үшін бұл одағай оқыс жайттың экономикалық-материалдық қана емес, 

моральдық-этикалық жағынан да зардабы мол болғандығын қазақ өлкесінде әртүрлі қызмет атқарған 

орыс шенеуніктері мен зерттеушілерінің кейбір өкілдері ресми мойындады да. Деректерге қарағанда, 

пара,  ең  алдымен,  орыс  әкімшілігі  орнатқан  қазақ  өлкесін  басқару  жүйесінде  орнықты.  Әсіресе, 

қазақ  қауымы  мен  жергілікті  орыс  әкімшілігінің  арасындағы  сан  салалы,  сан  деңгейлі  байланысты 

«реттеудің» құралына айналды. Енді қазақтар үшін отаршылдық басқару жүйесіне қызметке орналасу 

тек  параның  пәрменімен  ғана  мүмкін  болды.  Себебі,  бір  жағынан,  арандату,  алдап-арбау,  зорлық-

зомбылық,  себепсіз  жазалау  сияқты  «қасиеттерге»  негізделген  отаршылдық  басқару  жүйесі  орыс 

шенеуніктері үшін жергілікті халық өкілдерін пара беруге мәжбүрлеудің институционалдық негізіне 

айналды (осы тұста орыстың басқару жүйесі зорлық-зомбылық, алдап-арбау, ретсіз жазалау сияқты 

сорақы әрекеттерге негізделді деп отырғандығымыздың айғақты мысалы ретінде Ш.Ш. Уәлихановтың 

әйгілі  «Сот  реформасы  жайында  хат»  атты  еңбегінде  айтылған  төменгі  жайтты  келтіруге  болады: 

«сібірліктер  мен  сібірдің  бұртана  халықтары  исправник,  заседатель  мен  поптарға  көлік  берудің 

ауыртпалығын осы күнге дейін айтады. Қазақтарда лау беру ешбір жүйесіз, тәртіпсіз жүргізіледі. 

Көптеген чиновниктер 40-60 атқа дейін лау алып, лаушыға [қазаққа] ақы төлемейді, сылдыр құрғақ 

уәдемен шығарып салады...    Кейбір «майорлардың» (қазақтар орыс чиновниктерін осылай атайды) 

алған көліктерін иесіне қайтармаған жағдайы жиі ұшырайды (құрғақ уәде де бермейді)» [21, 77-104]. 

Екінші  жағынан,  орыстың  озбыр  тегеуірінді  билігінің  алдында  мүлдем  дәрменсіз  қазақтар  ел-

жұрттың негізгі ризығы – мал-мүлік пен жерін сақтау үшін әлгі биліктің шенеуніктеріне амалсыз пара 

беруге мәжбүр болды. Бұл одағай жайт, әсіресе, болыс, би, ауылнай сияқты лауазымды қызметтерге 

қазақтар арасында сайлау, тағайындау науқаны жүрген кезде жаппай етек алды. Тіпті, орыс әкімшілігі 

өкілдері алатын параның түрлері, мөлшері, механизмі мен жолдары да қалыптасты. Мысал ретінде, 

дәстүрлі қазақы ортаға ұланасыр материалдық шығыны өз алдына, ең алдымен, моральдық-этикалық 

ойсыратқан ойран әкелген жоғарыда аталған болыстыққа сайлау үрдісін айтуға болады. ХІХ ғ.-дың 

екінші  жартысы  –  ХХ  ғ.-дың  алғашқы  он  жылдығына  қатысты  әртүрлі  деректер  орыс  әкімшілігі 

қазақтар арасына енгізген болыс сайлаудың баламалы принципі, шынтуайтында, орыс шенеуніктері 

үшін әлгі лауазым-қызметке үміткерлердің әрқайсысынан неғұрлым көбірек пара алудың аса «тиімді» 

механизмі болғандығын айғақтайды. 

Сонымен  бірге,  пара  беру,  пара  алу  енді  көшпелі  этностың  қорғаныс  механизмінің  ең  қауқарлы 

реттеуші  тетігі  болып  табылатын  әдет-ғұрыптық  құқық  саласын  да  жайлады.  Орыс  әкімшілігінің 

күштеуімен және төтенше араласуымен көшпелі ортада ежелден жасап келе жатқан би институтының 

табиғи-тарихи  болмыс-бітімі  енді  оңалмастай  өзгеріске  ұшырады.  Кезінде  Абай,  Ш.Ш.  Уәлиханов, 

Ә.Бөкейхан  сынды  қазақ  зиялылары  жан-тәнімен  қарсы  болған  қазақ  қоғамындағы  орыс  билігі 

озбырлықпен жүргізген әртүрлі құқықтық реформаларға сәйкес билер орыс әкімшілігінің ұсынысымен 

ғана сайланды. Оның үстіне бидің билігіне енді ежелгі әдет-ғұрыптық нормаларды үздік білетін, әрі 

ұғынықты жеткізе алатын, әрі «ата-баба жолының» ұстанымдарына сәйкес іс кесуге машығы мол ел-

жұртқа беделі жүретін тұлға емес, орыс билігінің «тілін» тапқан  бай қазақтар да сайлануға мүмкіндік 

алды [21, 77-104; 22, 233-257 және т.б.]Бұл дәстүрлі қазақы ортада ежелден ерекше қасиетті саналатын 



«тура биде туған соң, туғанды биде иман жоқ» принципін қатаң ұстанған  бидің билігінің бұрынғы 

әлеуметтік-саяси әуселесінің мүлдем құрдымға кеткендігінің айғағы еді. Дәстүрлі құқықтық салаға орыс 

билігінің өктемдікпен араласуы қазақ қауымының орыс әкімшілігіне деген кіріптарлығын күшейтіп, 

оның ең сорақы нәтижесі, функционалдық белгі-көрінісі пара алу, пара беру үрдісінің орнығуына алып 

келді.  Отаршыл  билік  жүйесіндегі  пара  беруші,  әрине,  отаршылдық  режимге  мүлдем  тәуелділікке 

түскен қазақтар да, пара алушы – жергілікті орыс билігінің өкілдері. Ал, қазақы ортада орыс билігінің 

тетігіне қолы жеткендер (мысалы, жаңа биболысауылнай және т.с.с.) әлгі тетікті – қызмет-лауазымын 

кіріптар қазақтардан пара алудың құралына айналдырып жіберді. Деректерге қарағанда, параның қол 



пара және жүз пара деген түрлері болған. 


жүктеу 8.95 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   89




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет