Конференция материалдары



жүктеу 8.95 Mb.
Pdf просмотр
бет1/89
Дата17.04.2017
өлшемі8.95 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   89
МАКЕТ0004.indd

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МЕМЛЕКЕТТІК ОРТАЛЫҚ МУЗЕЙІ

Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 

25 жылдығына

 

арналған 



«ҚАЗІРГІ ЖОҒАРҒЫ БІЛІМ ЖҮЙЕСІНДЕГІ АРХЕОЛОГИЯ, 

ЭТНОЛОГИЯ ЖӘНЕ МУЗЕЙТАНУ»

 

 атты 

«VІІІ Оразбаев оқулары» халықаралық ғылыми-әдістемелік

 

конференция



МАТЕРИАЛДАРЫ

1-2 сәуір 2016 жыл

МАТЕРИАЛЫ

международной научно-методической конференции 

«VIІІ Оразбаевские чтения» по теме 

«АРХЕОЛОГИЯ, ЭТНОЛОГИЯ И МУЗЕОЛОГИЯ В СИСТЕМЕ 

СОВРЕМЕННОГО ВЫСШЕГО ОБРАЗОВАНИЯ», 

приуроченной к 25-летию независимости Республики Казахстан

1-2 апреля 2016 г.

PROCEEDINGS

of International scientific and methodical conference «VIІI Orazbayev readings»:

«ARCHAEOLOGY, ETHNOLOGY, MUSEOLOGY 

IN THE SYSTEM OF PRESENT HIGHER EDUCATION»

 

dedicated to the 25th anniversary of the Independence 

of the Republic of Kazakhstan 

1-2 April, 2016

Алматы


«Қазақ университеті»

2016


Баспаға ҚР Мемлекеттік Орталық музейінің және әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық 

университеті тарих, археология және этнология факультетінің Ғылыми кеңестері ұсынған

Редакция алқасының төрағалары

Ғ.М. Мұтанов – техника ғылымдарының докторы, академик, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық 

университетінің ректоры;



Әлімбай Нұрсан – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Орталық музейінің директоры, профессор.

Редакциялық алқа:

Т.С.Рамазанов  –  әл-Фараби  атындағы  Қазақ  Ұлттық  университетінің  ғылыми-инновациялық 

жұмысы  жөніндегі  проректоры,  ф.-  м.ғ.д.,  профессор,  ҚР  ҰҒА  корр.-мүшесі;  А.Қ.  Жұмаділ  –  әл-

Фараби  атындағы  Қазақ  Ұлттық  университетінің  тарих,  археология  және  этнология  факультетінің 

деканы, т.ғ.к., доцент; Б.С. Қақабаев – ҚР Мемлекеттік Орталық музейі директорының мәдени-білім 

жұмысы  және  сыртқы  байланыстар  жөніндегі  орынбасары;  Б.Хинаят  –  ҚР  Мемлекеттік  Орталық 

музейі  директорының  ғылыми  жұмыс  жөніндегі  орынбасары,  т.ғ.к.;  Ғ.Теміртон  –  ҚР  Мемлекеттік 

Орталық  музейінің  ғалым-хатшысы,  филос.  ғ.к.;  Д.Қатран  –  ҚР  Мемлекеттік  Орталық  музейінің 

антропология  және  этнология  орталығының  жетекші  ғылыми  қызметкер,  т.ғ.к.;  Т.Е.Картаева  –  әл-

Фараби  атындағы  ҚазҰУ-дың    археология,  этнология  және  музеология  кафедрасы    меңгерушісінің 

орынбасары, т.ғ.к., доцент; Х.А.Айтқұл – ҚР Мемлекеттік Орталық музейі археология орталығының 

жетекшісі, Р.С.Жуматаев – әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың  археология, этнология және музеология 

кафедрасының PhD докторанты.



Жауапты редактор

А.Б. Қалыш – әл-Фараби атындағы ҚазҰУ археология, этнология және 

музеология кафедрасының меңгерушісі, т.ғ.д., профессор 



Құрастырушылар

А.Б. Қалыш, Б.Хинаят, Р.С.Жуматаев

«Қазіргі  жоғарғы  білім  жүйесіндегі  археология,  этнология  және  музейтану»  атты  «VІІІ 

Оразбаев  оқулары»  халықаралық  ғылыми-әдістемелік  конференция  материалдары  /  жауапты  ред. 

А.Б.Қалыш. – Алматы: Қазақ университеті, 2016. –  593 б.

ISBN 978-601-04-1776-2

 «Қазіргі жоғарғы білім жүйесіндегі археология, этнология және музейтану» атты «VІIІ Оразбаев оқулары» 

кезекті халықаралық ғылыми-әдістемелік конференция Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 25 жылдығына 

арналып отыр. Бұл жинақ аталмыш конференцияға қатысушылардың  археологияның, этнологияның және музей 

ісінің қазіргі өзекті мәселелеріне арналған баяндамалары мен хабарламаларының негізінде жарыққа шығарылды. 

Басылым тарих ғылымдарының салалық мамандарының кәсіби талғамын ғана емес, қалың көпшіліктің де 

танымдық сұранысын қанағаттандырады.

 

Очередная  международная  научно-методическая  конференция  «VIIІ  Оразбаевские  чтения»  по  теме 



«Археология, этнология и музеология в системе современного высшего образования», приурочена к 25-летию 

независимости Республики Казахстан. Сборник подготовлен на основе докладов и сообщений участников данного 

научного форума, отражающих современные актуальные вопросы археологии, этнологии и музейного дела. 

Представляет  интерес  не  только  для  специалистов  исторических  дисциплин,  но  и  для  широкого  круга  

общественности.

Regular  international  scientific-methodical  conference  «VIII  Orazbayev  readings»:  «Archaeology,  ethnology, 

museology in the system of present higher education» dedicated to the 25th anniversary of Independence of the Republic 

of Kazakhstan. The proceeding on the basis of reports and presentations of participants of scientific forum that reveal 

contemporary topical issuers of archaeology, ethnology and museology were prepared. 

  

ISBN 978-601-04-1776-2



© әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, 2016

3

ПЛЕНАРЛЫҚ МӘЖІЛІС / ПЛЕНАРНОЕ ЗАСЕДАНИЕ

Нұрсан ӘЛІМБАЙ

ҚАЗАҚ ҚОҒАМЫНДАҒЫ ПАРАҚОРЛЫҚ ПЕН СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ 

АНТРОПОЛОГИЯСЫ: ГЕНЕЗИСІ, ЭВОЛЮЦИЯСЫ ҺӘМ ҚАЗІРГІ СИПАТЫ

Кіріспе  ретінде.  Тәуелсіз  Қазақстанның  соңғы  онжылдығы  кезеңінде  сан  алуан  ақпараттық 

құралдарда да, соның ішінде, газеттер мен журналдардың беттерінде қоғамдағы орныққан одағай оқыс 

құбылыстар һәм жайттар аса өзекті мәселелер ретінде жиі қарастырылып жүр*. Әсіресе,  сыбайлас 

жемқорлық  пен  парақорлықтың  соңғы  кезеңде  айырықша  өрши  түскен  тенденциясы  қарапайым 

жұртшылықты  да,  билікті  де  ерекше  алаңдатып  отыр.  Расында  да,  сан  алуан  деректер,  әсіресе, 

баспасөз материалдары аталмыш құбылыстың қоғамның барлық саласын дерлік жайлап кеткендігін 

айғақтағандай  <ˑˑˑ˃.  Кейбір  мәліметтерге  сүйенсек,  әлемдегі  мемлекеттердің  арасында  Қазақстан  

сыбайлас  жемқорлық  пен  парақорлықтың  таралу  деңгейі  жағынан  123-ші  орында  екен.  Бұл  гәптің 

Президент әкімшілігі, Парламент, Үкімет, Бас Прокуратура сынды еліміздегі мәртебесі ең биік билік 

институттардың арнайы отырыстарында сан қарастырылуы, ең бастысы оның мемлекет қауіпсіздігіне 

орасан ойран әкелетін қатерлі фактор ретінде ресми бағамдалуы, сөз жоқ, бұл істің насырға шапқандығын 

дәлелдесе керек. 

Ен  байлықты  әртүрлі  жолмен  иемденген  кейбір  «жаңабайлар»  ақшасының  басым  бөлігін  шетел 

асырып жіберген. Экономикалық тақырыпқа аса қат мәселелерді жіті зерттеп-зерделеп жүрген белгілі 

журналист-зерттеуші  Төлеген  Асқаровтың    қисыны  ден  қойдырар  мәліметіне  қарағанда,  осыдан 

бірнеше  жыл  бұрын  Tax  Justice  Network  атты  халықаралық  беделді  мекеме  әртүрлі    оффшорларға 

аса  көлемді  қаржы  жөнелткен  20  мемлекеттің  қатарында  Қазақстанды  да  атап  өтіпті:  біздің  елден 

оффшорларға  «шығып»  кеткен  қаржының  жалпы  сомасы  138  млрд.  АҚШ  долларын  құрайды  екен. 

Яғни, Қазақстанның жалпы ішкі өнімінің жартысына жуықтайтын қаржы ұлттық экономикаға мүлдем 

жұмыс істемейді деген сөз [1]. Ен-тегін келген  осынау айран-асыр байлықтың буына мастанғандардың 

мұндай  оспадар  қылығы  мен  іс-әрекетінің  экономикалық-қаржылық  кесір-кесепаты  өз  алдына,  оны 

ел-жұртты көпе-көрнеу моральдық-психологиялық мазақтау, әсіресе, жастарды азғындыққа баулитын 

іріткі факторлардың бірі ретінде бағамдауға әбден болады. Сондықтан да болар, бітеу-жараға айналған 

бұл мәселеге, тіпті, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың өзіне тікелей араласуына тура келді: «Бұл мәселені мен 



баршаңызға сіздер елге қайтаруға тиісті ақшаға біздің өте-мөте мұқтаж болғандығымыздан ғана 

айтып отырған жоқпын. Осыған байланысты өз азаматтарымызға қылмыстық іс қозғап, оларды 

шетелде,  Лондонда  қашып-пысып,  тығылып-бұққан  қашқындарға  айналдырғымыз  келмейді.  Бұл 

жылдары әртүрлі жайттар, бәрі де болды. Иә, алғашқы қорлану, қор жинау адал бола бермейді... 

Ақшаны  қайтарып,  ел  экономикасына  салыңыздар.  Сіздер  қашып-пысып  жүрген  елдердің  бәрімен 

біздің тиісті келісім-шарттарымыз бар... 2017 жылдың 11-қаңтарынан бастап табыс пен шығысты 

жаппай декларациялау жүретін болады. Бұдан кейін қай елде болсын ашылған есептер мен активтерді 

тексеру басталады...» [2]. 

Президенттің әлгі «шығандап» кеткендерге арнайы айтылған осынау  әйгілі сөздерінен аталмыш 

іріткі  фактордың  әлеуметтік-экономикалық  жағынан  да,  моральдық-психологиялық  тұрғыдан  да 

сойқан салдарын айқын аңғарғандығын аңдау әсте қиын емес.  

Енді  қарастырылып  отырған  мәселенің  қамтылуға  тиісті  тақырыптық  өрісі  мен  онтологиялық 

һәм эпистемологиялық тарату барысын дәйектеу қажеттілігіне байланысты сыбайлас жемқорлық пен 

парақорлық  ұғымдарының  өзара  аражігіне  қысқаша  тоқталып  өтелік.  Арнайы  әдебиетте  сыбайлас 

жемқорлық  және  парақорлық  ұғымдарының  мазмұндық  (семантикалық,  этимологиялық)  шегі  мен 

шендесер шекарасы айқын ашылып беріле бермейді [3;4;5;6]. Осы ұғымдарға байланысты еңбектердің 

қисыны  төмендегідей  тұжырымдарға  саяды:  а)  пара  –  мемлекеттік  органдағы  лауазымды  тұлғаның 

екінші  субъектінің  әртүрлі  ахуалдық  кіріптарлығын  пайдалану  жолымен  одан  алатын  кез  келген 

құндылықтың (тардың) – ақшаның, бағалы қағаздың, қымбат бұйымдардың, акцияның және т.с.с. – 

жалпы  атауы.  Парақорлық  ұғымы  болса,  осы  жағымсыз  алыс-беріс  жайтының  атқарылу  үрдісі  мен 

социумдағы таралу деңгейін білдіреді. Басқаша айтқанда, қоғамның реттеуші және ұйымдастырушы 

нормалары  мен  принциптеріне  кереғар,  яғни,  заңнан  тыс  жеке  байланыстағы  материалдық  игілік 


4

түріндегі  алыс-берістің  атауы.  ә)  сыбайлас  жемқорлық  парақорлықтың  бірнеше  субъектілердің 

арасындағы мемлекеттік заң атаулыға мүлдем кереғар алыс-беріс байланысының ортақ атауы болып 

табылады. Демек, сыбайлас жемқорлық өзара мүдделес қылмыстық субъектілерді қамтитын ұжымдық 

сипатта болып келеді.

Мәселенің қазіргі дискурсивтік өрісі. Парақорлық пен сыбайлас жемқорлық құбылысы советтік 

жүйе құрдымға кеткеннен кейін құрылған тәуелсіз мемлекеттер достастығы (ТМД) елдерінде де ұлт, 

қоғам, мемлекет тағдырына қауіп төндіріп отырған асқынған әлеуметтік дерт ретінде бағаланып отыр. 

Қазір  әлгі  жат  құбылыстың  қоғамдағы  әлеуметтік  қатынасты  тегіс  жайлағандығын,  соның  ішінде, 

әсіресе, кісінің тіршілік мүдделерін тікелей қамтамасыз ететін салаларына әбден сіңісті болғандығын, 

ондағы  кез-келген  мәселелерді  «тиімді»  әбжіл    шешетін  әмбебап  «құрал-нормаға»  айналғандығын 

қалың көпшілік мойындайтындықтары өз алдына, ең сұмдығы, «ет үйренген» үйреншікті жайт ретінде 

қабылдайды <ˑˑˑ˃.   

Парақорлық пен жемқорлық құбылысын өте сирек, әрі жанама тақырып ретінде болса да қарастырған 

ғылыми еңбектерді де, қалың ақпарат құралдарындағы сан алуан аналитикалық материалды да мәселенің 

өрбітілу  қисынына  қарай  белгілі  шарттылықпен  субъективтік  және  институционалдық  топтарға 

жіктеуге болады. Бірінші топтағылар (бұлар сан жағынан да, тиісті материалдың көлемі тұрғысынан 

да мәселенің дискурсивтік кеңістігінің басым бөлігін құрайды), біздің жіктемеміз бойынша, аталмыш 

қылмыстық іс-әрекеттің салдарын таза субъективтік фактордың нәтижесі ретінде ғана қарастырумен 

шектеледі. Яғни, параның осыншама жалпылық сипат алуының себеп-салдары тиісті методологиялық 

қисынмен жіктеліп қарастырылмай, авторлар тұтылған парақорлардың қылмысқа баруының объективтік 

себебін олардың әрқайсысының бойындағы жағымсыз қасиеттерімен ғана (ашкөздік, мансапқорлық, 

опасыздық, тіпті, отбасындағы тәрбиесіздік және т.б.) түсіндіреді. 

Ал, екінші институционалдық ұстанымның (осы жолдардың авторының шартты атауы) ығындағылар 

аталмыш қылмыстың себебін, ең алдымен, тиісті мемлекеттік органдардың (құқық қорғау, басқарушы, 

заң  шығарушы  және  т.с.с.)  функциясының  жетімсіздігімен  және  (немесе)  қауқарсыздығымен 

байланыстырады. 

Рас,  екі  топтағы  материалдардың  әрқайсысында  да  тиісті  аспектінің  (аспектілердің)  өрбітілу 

қисынына байланысты өзіндік тақырыптармен қатар, «көрші» топтың еншісіндегі мәселелерді де жол-

жөнекей шолып өтетін жайттар кездеседі (мысалы, тақырыпты субъективтік факторлардың салдары 

желісімен өрбітетіндер институционалдық аспектілерді, ал соңғылар болса, субъективтік факторларды 

да сөз етеді деген сияқты). Десе де, аталмыш жол-жөнекей қарастырылған аспектілер, атынан көрініп 

тұрғандай, ашылмай қалатындығы түсінікті жайт болса керек.  

Айтылғандардан туындайтын қысқаша қисын: мәселенің дискурсивтік кеңістігіндегі аталмыш екі 

топқа  жататын  материалдың  қайсысы  болсын,  парақорлық  пен  сыбайлас  жемқорлықтың  қоғамдық 

организмді  ірітуші  салдарының  көзілікті  көріністері  ғана  осы  құбылыстың  себепкері  ретінде 

қарастырылып  жүр.  Мұндай  түсініктемелердің  әлгі  құбылыстың  себебінің  «бергі»  эмпирикалық 

көзілікті субьективтік қырларын ғана қамтитындығы сондықтан. 

Антропологиялық парадигманың қажеттілігі. Аталмыш мәселе ғана емес, қоғамдағы қатынас 

атаулының сан алуан қыр-сырын қазіргі замана талабына сай теориялық жітілікпен зерттеп-зерделеуге 

қазақстандық  әлеуметтік  ғылымдардың,  соның  ішінде,  әлбетте  отандық  этнологияның  да  қазіргі 

кезеңге  дейін  жинақталған  танымдық  тәжірибесі  тым  жеткіліксіз  болып  отыр**.  Тіпті,  отандық 

ғалымдар еліктейтін Ресейдің әлеуметтік ғылым салаларындағы (қазақ ғалымдарының біразы әлі күнге 

дейін осы елдің ғылымының «шапанынан» шықтық деседі) бізден «оқ бойы озық» деп бағамдалатын 

расында да аса ірі жетістіктердің өзі бұл мәселеде дәрменсіз болып шықты (бірақ осы айтылған уәжді 

Ресей ғылыми дәстүрінің, әсіресе, этнологиясының сан жылдық бай тәжірибесін кемшін бағамдау деп 

ұқпаған ләзім). Сондықтан да болар, соңғы кездері Ресейдің ғылыми кеңістігінде Еуропа, АҚШ және 

Жапон елдеріндегі ғылыми-зерттеу тәжірибесінің тікелей ықпалымен қоғамдық мәселелерді зерттеп-

зерделеудің соны парадигмаларына негізделген танымдық үдерістер қалыптасып келеді. Соның ішінде, 

бірер мысал ретінде әлеуметтік және мәдени антропологияға байланысты бірқатар іргелі зерттеулерді 

атауға болады [7; 8; 9; 10; 11 және т.б.]. 

Дейтұрғанмен,  жоғарыда  аталған,  әсіресе,  әлеуметтік,  мәдени  және  басқа  да  антропологиялық 

мектептердің  ірі  орталықтары  ретінде  танымал  елдер  мен  аймақтардағы  ғылыми  жетістіктердің 

контекстісінде  Ресейдегі  аталмыш  салалардың  методологиялық-теориялық  әуселесінің  әлсіздігін 

аңғару  қиын  емес  (осы  ретте  қазақстандық  ғылыми-білім  кеңістігінде  аталмыш  антропологиялық 

дәстүр атаулының ізі де жоқ екендігін амалсыз мойындауға тура келеді). Бұл гәпті соңғы кезде жарық 



5

көрген әлеуметтік және антропологиялық еңбектердің ішіндегі ең көрнектілерінің бірінің авторлары 

осы ғылыми салалардың әлі де болса қалыптасу үстінде екендігімен түсіндіреді [11, 9]. 

Сонымен,  қарастырылып  отырған  тақырып  өз  алдына,  қазақ  қоғамының  қазіргі  кезеңдегі 

басқа да сан алуан өзекті мәселелерінің замана талабына сай тиімді ғылыми шешімін табуының ең 

ұтымды  үлгілерінің  бірегейі  ретінде  батыстың  (осы  сөздің  географиялық  емес,  мәдени-өркениеттік 

мағынасында) өнегесі озық елдеріндегі әлеуметтік, құрылымдық және мәдени антропологияның сан 

жылдық бай тәжірибесін ерекше екшеп атаған ләзім. Тіпті, Қазақстан тарихының күні бүгінге дейін 

«бір  қайнауы»  жетпей  жатқан  тұстарын  жіті  зерделеуге  бірден  бір  мүмкіндік  беретін  құрылымдық, 

синергетикалық,  экзистенциялық,  әлбетте,  әлеуметтік  және  мәдени  антропологиялық  парадигмалар 

дер едім. Осы айтылған уәжді дәйектер дәлел ретінде қазір әлем мойындаған ғылыми туындылардың 

біразын атауға болады [12; 13; 14; 15; 16; 17; 18 және т.б.]. 

Әлбетте, мақаланың діттеген онтологиялық және эпистемологиялық өрісі батыстың сан салалы, әрі 

мейлінше мазмұнды ғылыми тәжірибесін, тіпті, қысқаша болса да таратып айтуға мүмкіндік бермесі 

хақ. Дейтұрғанмен, қарастырылып отырған мәселенің қисынын антропологиялық зердемен парықтасақ, 

оны  дәлелді  жүйемен  зерттеп-зерделеуге  бірден  бір  методологиялық  қауқарлы  бағыт  халықаралық 

ғылыми орта сөзсіз мойындаған һәм тиімді қолданып жүрген әлеуметтік антропологиялық және мәдени 

антропологиялық  парадигма  екендігін  бажайлау  әсте  қиын  емес.  Бұл  парадигма  зерттеу  объектісінің, 

һәм  нысаны  мен  зерттеуші  діттеген  мақсаттың  табиғатына  байланысты  «адам  –  мәдениет»  немесе 

«адам – социум» (әлеуметтік орта, болмаса қоғамдық қатынас) атты эпистемологиялық континиумдерге 

негізделеді  [11].  Осы  концептуалдық  тұжырымды  сәл  таратып  айтсақ,  кез  келген  антропологиялық 

зерттеудің мәні әлеуметтік-ғылыми мәселелерді «адам әлеуметтік-антропологиялық категория ретінде – 

қоғамдық қатынастың персонификацияланған түзілісі, ал, осы түзіліс, өз кезегінде, адамның әлеуметтік 

іс-әрекетінің  түзіліс-нәтижесі»  деген  әйгілі  ұстаным-қағида  тұрғысынан    зерделеуге  саяды.  Өйткені, 

әлемдік  ғылыми  ортада  айырықша  беделге  ие  болған  белгілі  неміс  антропологы  Никлас  Луманның 

сөзімен айтқанда, «адам әлеуметтік жүйеге толық енбейді. Ол [осы жүйеге] өзін әлеуметтік ортамен 



байланыстыруға дәнекер болатын өзіндік тұлғалық қыры һәм қадір-қасиетімен ғана кірігеді» [16; 11, 6].

Бұл  тұста  тәжірибелі  ғалымның  адам  әлеуметтік  ортаға  өзінің  тұлғалық  қырымен  (орысша 

мәтінде «личностная грань») және қадір-қасиетімен ғана кіріге алады деген сөз орамы адам өзінің 

әлеуметтік  субьект  ретіндегі  болмысын  белгілі  бір  әлеуметтік-мәдени  ортамен  байланыста  ғана 

түзейді,  яғни,  әлеуметтік  субьекті  ретінде  қалыптасады  және  жетіледі  дегенді  білдірсе  керек. 

Ғылыми зерттеулердегі әлеуметтік және мәдени антропологияның негізгі нысаны – адам мәселесі, 

нақтылап айтсақ, оның әлеуметтік-мәдени субьект ретіндегі болмыс-бітімінің уақыт пен кеңістіктегі 

өзгерімпаздық  қасиеті  деп  келетін  анықтаманың  Н.Луманның  жоғарыдағы  ой-тұжырымымен 

мағыналық және концептуалдық орайластығын аңғаруға болады [9, 5-26; 11, 5-10 және т.б.]. Сонда 

осы қисынға байланысты кез-келген әлеуметтік-мәдени ортаның, социумның болмысын, қоғамдық 

қатынастың құрылымдық және функционалдық ерекшелігін адамның (һәм адамдардың) әлеуметтік 

субьект (субьектілер) ретіндегі уақыт пен кеңістіктегі өзгерімпаздық қасиеті тұрғысынан зерделеу 

қажеттілігі туындайды. 

Антропологиялық  парадигманың  мән-мағынасын  дәйектейтін  осынау  өзекті  мәселені 

мүмкіндігінше  таратып  айтып  отырғандығымыздың  бар  себебі  –  бұл  анықтама-қағида  мақалада 

қаузалуға тиісті парақорлық пен сыбайлас жемқорлық сияқты қоғамға аса қауіпті іс-әрекет атаулының 

тек-тамырын социумның құрылымдық және функционалдық болмыс-бітімінен іздестіру қажеттілігін 

көрсетеді. Ал бұл қажеттілікті жүзеге асырудың бірден-бір мүмкін кепілі, автордың кәміл сенімі 



бойынша,  әлеуметтік  және  мәдени  антропологиядағы  «адам  –  мәдениет»  (яғни,  мәдени  орта), 

сондай-ақ, «адам – әлеуметтік орта» (социум, қоғамдық қатынас) деп аталатын континиумдердің 

эвристикалық қауқарын тиімді қолдану болып табылады.

Ізденістің категориялық-ұғымдық (логикалық-методологиялық) арқауы. Жоғарыда айтылған 

парадигманың  қисынына  байланысты  мақалада  қоғам,  социум,  қоғамдық  қатынас  сынды  іргелі 

категориялардан басқа, институционалдық қатынас, тұлғааралық байланыс және жеке байланыс 

деп аталатын ұғымдар да қолданылады***. Соңғы үшеуі тиісті мәліметтерді жинақтауға, сұрыптауға, 

реттеуге және талдауға тікелей қажетті ұғым-концептілер болып табылады.

Зерттеудің логикалық-концептуалдық контекстісінде институционалдық қатынас категориясы Батыс 

Еуропа, АҚШ, Жапония сынды мемлекеттердегі өнегесі озық тәжірибеден туындайтын демократиялық 

заңнаманың ілкімді нормалары мен принциптеріне негізделген және осы ұстанымдардың аясында ғана 

жүзеге асырып отыратын қатынастар жүйесін білдіреді. Сонымен бірге, бұл қатынастың құрылымына 


6

аталмыш нормалар мен принциптерді (яғни, қоғам мүшелерінің құқығын) қатаң сақталуын қамтамасыз 

ететін мемлекеттік және қоғамдық институттар да кіреді.

Ал  тұлғааралық  байланыс  болса,  мемлекеттік,  әлеуметтік-саяси,  шаруашылық-экономикалық 

сынды  жауапкершіліктер  мен  құқықтық  міндеттемелер  арқалаған  жеке  тұлғалардың  арасындағы 

ресми  байланысты  қамтиды.  Функционалдық  ерекшелігінен  көрініп  тұрғандай,  бұл  байланысты 

институционалдық  қатынастар  жүйесінің  құрамдас  бөлігі  ретінде  қарастырған  ләзім.  Егер 

институционалдық  қатынастың  қалыпты  функциясы  осы  тұлғааралық  байланысқа  негізделетіндігін 

ескерсек, бұл байланысты институционалдық қатынастар жүйесінің «субстанциясы» деуге де болады.

Енді жеке байланыс жөнінде қысқаша шолу жасалық. Бұл ұғым, атынан көрініп тұрғандай, қоғамдағы 

жеке адамдардың арасындағы бейресми байланысқа қатысты қолданылады. Бұл байланыстың өзі сан 

деңгейлі, сан салалы, сан түрлі болып келеді. Сонымен бірге, оның әрбір түрі, саласы және деңгейі 

тиістісінше өзіндік қағидалар мен ұстанымдарға негізделеді. 

Осылардың ішінен мақаланың көлемі мен ондағы мәселенің өрбітілу қисынына қарай ең көрнекі 

деген  үш  түрін  қысқаша  болса  да  атап  өтелік.  Біріншісіне  қазақ  социумының  барлық  саласында 

және деңгейінде өзінің әлі де болса қоғамдық ықпалын жоғалтпаған рулық, яғни, өздерін белгілі бір 

руға  жатқызатындардың  арасындағы  байланыс  жүйесін  жатқызуға  болады  (жүздік  һәм  жүзаралық 

байланыстар  ішкірулық және руаралық байланыстар арқылы жүзеге асып отырады). Латентті, астарлы 

(бірақ, әсте астыртын емес!) сан қатпарлы, қиыр-шиыры шексіз деуге болатын жеке байланыстың бұл 

түрі де сан деңгейлі әрі сегментті болып келеді. Осы тұста сегментті деуіміздің себебі – әрбір рудың өзі 

аталас деп аталатын генеалогиялық ұстанымға негізделген бірнеше сегменттерді қамтиды. Сонымен 

бірге,  әрбір  сегменттің  құрылымы  мен  функциясы  өзіндік  генеалогиялық  байланысқа  негізделеді. 

Демек, өздерін белгілі бір руға жатқызатындардың арасындағы, яғни рулық байланыстың құрылымы 

әлгі  ішкісегменттік  (аталастық  құрылым  ішіндегі)  және  сегментаралық  (аталастық  құрылымдар 

арасындағы) байланыстардан тұрады [24, 104-113; 29, 287-289; 30, 245-263].

Осы ретте ерекше ескерер гәп – аталмыш ішкісегменттік және сегментаралық байланыс руаралық 

немесе  жүзаралық  байланыстардың  құрылымдық  және  функционалдық  негізі  болса  да,  бұл  салада 

ешқандай  функция  атқармайды  деуге  болады.  Өйткені,  руаралық  немесе  жүзаралық  байланыстың 

субьектілері қалыптасқан ахуалға қарай өздерін тиісті рудың немесе жүздің адамы (адамдары) ретінде 

ұстанады [24, 104; 30, 245-263]. 

Осы айтылған ой-тұжырымдардың желісі, әлбетте, қазан төңкерісіне, дұрысы, орыстың отаршыл 

тәртібінің  орнығуына  дейінгі  қазақы  ортадағы  рулық  қатынастың  құрылымдық  ерекшеліктерін 

білдіреді [27, 12-17; 28, 317-326; 30, 245-263]. 

Ал, совет, бергісі тәуелсіздік кезеңдерінде бұл қатынастың сұлбасы ғана сақталып қалды. Өйткені, 

орыс ғалымы А.И. Левшиннің кезінде атап өткеніндей, қазақтардың «алтын ғасыры» болған замандағы 

[26,  367]  аталмыш  қатынас  социумның  құрылымдық-функционалдық  механизмдері  болған 




жүктеу 8.95 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   89




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет