КӨне түркі жазба ескерткіштері тіліндегі көптік жалғауларының Қолданысы абилова Г. Б



жүктеу 43.31 Kb.
Pdf просмотр
Дата23.04.2017
өлшемі43.31 Kb.

WWW.ENU.KZ

 

 



КӨНЕ ТҮРКІ ЖАЗБА ЕСКЕРТКІШТЕРІ ТІЛІНДЕГІ КӨПТІК 

ЖАЛҒАУЛАРЫНЫҢ ҚОЛДАНЫСЫ 

 

Абилова Г.Б. 

3-курс студенті 

Ғылыми жетекшісі: ф.ғ.д., профессор Ж.О. Тектіғұл   

Ақтӛбе мемлекеттік педагогикалық институты, Ақтӛбе қаласы 

 

Қазақ  тілінің  шығу  тегін,  қалыптасуын  зерттеуде  кӛне  түркі  жазба 



ескерткіштері  тіліндегі  ерекшеліктерді,  оларды  қазіргі 

тіліміздегі 

қолданыстарымен,  даму  сипатымен  тарихи-салыстыра  зерттеудің  маңызы 

зор. 


Еліміз егемендік алғанға дейінгі кезеңде ежелгі әдеби жәдігерлер жүйелі 

түрде  зерттелген  емес.  Тек  жекелеген  түркітанушы  және  шығыстанушы 

ғалымдар  ғана  ежелгі  әдеби  жәдігерлерді  іздестіру,  кӛне  қолжазбалардың 

мәтінін  сараптау,  басқа  тілдерге  тәржіма  жасау,  жариялау  істерімен 

айналысты. 

Географиялық, тілдік және графикалық ерекшеліктеріне қарай кӛне түркі 

ескерткіштері Енисей, Талас, Орхон ескерткіштері болып үш топқа бӛлінеді. 

Орхон-енисей  ескерткіштерінің  зерттелу  тарихы  XVII  ғасырдың  екінші 

жартысынан  басталады.  Ең  алғаш  рет  (1662  ж.)  орхон-енисей  жазуын 

Амстердам  қаласының  бургомистрі  Н.  Витзен    анықтаған  болатын.  Ал  

белгісіз  жазуларды  оқып,  талдау  Дания  елінің  ғұлама  ғалымы  В.  Томсеннің 

үлесіне  тиді.  Орхон  ескерткіштері  ішіндегі  мазмұны  мен  кӛлемі  жағынан 

ерекше саналатын кӛне түркі жазбаларының бірі – Күлтегін ескерткіші. Ол -  

түркі халықтарының ұзақ ғасырлық мәдени тарихының жемісі. 

Біз  мақаламызда  түркі  жазба  ескерткіштер  тіліндегі  кӛптік  мәнді 

білдіретін  қосымшалардың  ерекшеліктерін,  сондай-ақ  қазіргі  қазақ  тіліндегі 

қолданылуын зерделеуге тырысамыз. 

Орхон-енисей  жазба  ескерткіштеріндегі  зат  есімнің  кӛптік  жалғауы 

заттардың  біреу  емес,  кӛп  екендігін  білдіреді.  Кӛптік  ұғымды  білдіретін 

жайттар ерте заманның ӛзінде-ақ қалыптасқан. 

Қазіргі замандағы түркі тілдері сияқты   кӛне түркі ескерткіштері  тілінде 

де  зат  есімнің  кӛптік  жалғауы  үш  түрлі  жолмен  жасалады:  морфологиялық, 

лексикалық және синтаксистік [1; 69]. 

Морфологиялық  тәсіл  арқылыкӛптік  мағынабілдіру  үшін  негізгі  және 

туынды  түбірлерге  –  лар,  -  лер  қосымшалары  жалғанады.  Дыбыс  үндестігі 

бойынша  түбірдегі  соңғы  буыны  жуан  болса  –лар,  жіңішке  болса  –лер 

қосымшалары жалғанады. Мысалы: Аңар кӛрү білің, түрк емті бүдун беглер

Бұған    қарап  білің,  түркінің  еңдігі  халқының  бектері!  (Кк,  11).  Ӛгім  қатун, 

улайу өглерімекелерім, келіңүнім, қунчайларым. Шешем-қатын, онан соңғы 

аналар, жеңгелерім, келіндерім, ханымдар (Кү, 49). 

Ескерткіш  тілінде  –лар,  -лер  қосымшасының  бір  ғана  фонетикалық 

варианты  кездесетін  болса,  қазіргі  қазақ  тілінде  сонымен  қатар  –дар,  -дер,  -



WWW.ENU.KZ

 

 



тар, -тер варианттары да қолданылады. Мысалы: Білгіш адамдардың пікірін 

кейде  ӛз  пікірі  қылып  сӛйлеп  жіберетін  де  жерлері  болушы  еді  (Ж. 

Аймауытов).  Алайда  соңғы  күндерінде  Қасеннің  сол  сӛзін  демеу  кӛріп, 

бұрынғысынан  кӛрі  кӛтеріліңкіреп  жүретін  болды  (С.    Торайғыров). 



Аттарын тежеп, қорқып шаппады ғой (Ж. Аймауытов). Жиналған жігіттер 

Біркенің ыңғайындағы бірсыпыра кедейлер еді (С. Кӛбеев). 

Кӛптік мағына беретін қосымшалардың бірі – т. Ол кӛне монғол тіліндегі 

д  кӛрсеткішімен  сәйкес  келеді.  Бұл  қосымша  кӛне  түркі  жазба 

ескерткіштеріндегі  атақ-дәрежені  қӛрсететін  аздаған  сӛздердің  құрамында 

кездеседі.  Мысалы:  берійе  -  шад-апыт  беглер,  иырайа  –  тарқат  буйрук 

беглер,  отыз.Оңымда  шад,  апа,  бектер,  солымда  –  тархан,  бұйрық  бектер, 

отыз (Кк, 1).  

М.Томанов:  «П. М. Мелиоранский Күлтегін ескерткішінде кейбір сӛздер 

құрамында  кездесетін  –т  қосымшасын  түбірден  бӛліп  алап  қарауға 

болмайды  дейтін  пікір  айтады.  Бірсыпыра  зерттеушілер  сүт,  алпауыт 

сӛздерінің құрамындағы –т-ны да кӛптік жалғау деп қарайды. Осы ізбен кете 

берсек, қазақ тіліндегі  сәлем-сауқат дегендегі –т да осы жалғау деп  қаралу 

қажет.  Ӛйткені,  қазақ  тілінде  оның  сауға  дейтін  –т-сыз  айтылатын  да 

варианты бар» деп кӛрсетеді [2;138].  

Кӛптік мағына беретін кӛне қосымшалардың бірі  бі-з, сі-з есімдіктерінің 

құрамында  келетін  –  з  кӛрсеткіші.  Н.  К.  Дмитриев  «...-  ыз,  -із  является 

архаичным показателеммножественности»деп жазды [1;70]. Мысалы: бегіміз 

–бегіміз,  марымыз  –  оқытушымыз,  қаныңыз  –қаныңыз,  ачыңыз  –апаңыз 

дегендегі  –ыз,  -із  тәуелдік  жалғау  қосымшалары  бір  кездерде,  тіпті  орхон-

енисей түркі ескерткіштері тілі қалыптасқанға дейінгі кӛптік жалғаудың ескі 

түрі болар деп кӛрсетеді Ғ. Айдаров [1;70].  Қағанын анта өлүртіміз, ілін анта 

алтымыз. Қағанын сонда ӛлтірдік, елін сонда алдық (Кү, 38). Шаңтүң йазықа 

тегі  сүледіміз.  Шаңтұң  жазығына  дейін  аттандық  (Кү,  17).  Келтіміз, 

сүңүсдіміз.  Келдік,  соғыстық  (Кү,  20).  Қырғыз  қағанын  өлүртіміз,  елін 

алтымыз. Қырғыз қағанын ӛлтірдік, елін алдық (Кү, 36).   

Мына  берілген  сӛйлемдерден  жіктік  жалғауының  кӛптік  нұсқасының 

етістік  баяндауыштардан  кейін  (өлүртіміз,  сүледіміз,  келтіміз,  алтымыз

жалғанып  келгеніне  куә  боламыз.  Бұл  құбылыс  қазіргі  біздің  тілдік 

қолданысымызда  мүлдем  кездеспейді,  яғни  ежелгі  дәуірдің  қалдығы  екенін 

анықтауға болады. 

М. Томанов: «Түркі тілдерін зерттеушілердің кейбірі –з қосымшасын ескі 

дәуірдегі  екілік  категориясының  қосымшасының  кӛрінісі  деп  те  қарайды. 

Айталық, ауыз, көз, егіз сӛздері жұп немесе екі бӛліктен тұратын заттардың 

атаулары,  сол  себептен  бұл  сӛздер  з  дыбысына,  екілік  категориясының 

қосымшасына бітеді деп қаралады. Алайда, түркі тілдерінің бірі қазақ тілінде 

екі бӛліктен тұратын атаулардың бәрі з-ға аяқталмайды. Мысалы, құлақ, аяқ, 

қол,  бет  т.б.  Мұндағы  з-ға  аяқталатын  атауыш  сӛздер  санаулы:  кӛз,  егіз  т.б. 

ғана. Екінші жағынан қазақ тілінде з-ға аяқталатын кей сӛздердің р-ға бітетін 

етістік  варианттары  бар.  Мысалы,  көз  –  көр,  семіз  –  семір  т.б.  сол  сияқты 


WWW.ENU.KZ

 

 



кӛне  түркі  тіліндегі  бедіз  сӛзінің  қазақ  тіліндегі  бедер  вариантын 

салыстырайық. Бұған қарағанда, з қазақ тілінде есім сӛздің кӛрсеткіші тәрізді 

де,  р  етістік  сӛздің  кӛрсеткіші.  Ал,  з-ға  аяқталатын  әлгі  сӛздердің  ешбір 

екілік, не кӛптік мән бермейтіні айқын. Бұған қоса ескертетін бір жайт: түркі 

тілдері  арасында  (чуваш  тілі  мен  басқа  тілдер  арасында)қалыптасқан  р//  з 

сәйкестігі.  Соның  кейбір  қалдықтары  қазақ  тілінде  де  кездеседі»  дейді 

[2;139]. 

 Қазіргі  қазақ  тілінде  –мыз,  -ымыз,  -міз,  -іміз  қосымшалары    тәуелдік 

жалғауы II жағының жекеше және кӛпше түрі ретінде жұмсалады, әрі заттың 

біреуге немесе бір нәрсеге тәуелді екенін білдіреді. 

Ескерткіштер  тілінде  кӛптік  категория  қазіргі  қазақ  тіліндегі 

қолданысындай  екі  түрде  жүзеге  асады:  алдымен  кӛптік  мағына  жеке 

сӛздердің  семантикасына  байланысты  болады  және  кӛптік  мағына  сӛз 

тіркестері арқылы да беріледі [1;70]. 

Орхон-енисей  жазба  ескерткіштері  тілінде  тӛмендегідей  сӛздер  кӛптік 

жалғауы жалғанбай-ақ, кӛптік ұғымды білдіреді. 

 Жазба  тілінде  ру,  тайпа,  халық  аттарын  білдіретін  кейбір  жинақтық 

ұғымды білдіретін сӛздер кездеседі. Мысалы, Бу йірде олурып, табғач будун 

бірле түзелтім. Бұ жерде отырып, табғаш халқымен дұрысталдым (Кк, 4). Ол 

йіргерү  барсар,  түрк  будун,  ӛлтечісісен.  Ол  жерге  барсаң,  түркі  халқы, 

ӛлмешісің (Кк, 8). 

Даралап  санауға  келмейтін  кейбір  зат  есімдер  кездеседі.  Алтун,  күмүш

кутай  буңсыз  анча  бірүр  табғач  будун  сабы  сүчіг,  ағысы  йымшақ  ерміс(Кк, 

5). Алтын, күміс, ӛнімді, жібекті сонша шексіз беріп жатқан табғаш халқы. 

Ескерткіш  тілінде  –лығ,  -ліг  (-лық,  -лік)  жұрнақтары  арқылы  жасалған 

кейбір дерексіз зат есімдер жеке ұғымда да, кӛптік ұғымда да кездесе береді. 

Мысалы:Иарақлығды  қағанқа  анчулады.  Қаруларды  қағанға  еншіледі  (Кү, 

32). Қағанлығығ қансыратдымыз. Қағандығын қансыраттық (Кү, 18).  

Орхон-енисей  ескерткіштері  тілінде  кӛптік  мағына  сӛз  тіркестері 

арқылы,әрі  олардың  берілу,қолданылу  жолдары  да  алуан  түрлі  болып 

келетініне  тілдік  деректер  келтіруге  болады.  Ондай  сӛз  тіркестері  сан 

есімдердің зат  есімдермен  тіркесі арқылы  келеді.  Салыстыр,  біріншіден,  зат 

есімнің алдында  оның қанша  екендігін  кӛрсететін сан  есімдер  болса,  оларға 

кӛптік жалғауы жалғанбайды. Қамұғы йеті йүз ер болмыс. Барлығы жеті жүз 

ер  болыпты  (Кү,  13).  Йырайы  Баз  қаған,  тоқуз  оғузбудун  йағы  ерміс. 

Солында  –  Баз  қаған,  тоғыз  оғыз  халқы  жау  еді  (Кү,  14).  Тіріліп  йетміс  ер 

болмас. Жиылып жетпіс ер бопты (Кү, 12). 

Екіншіден, зат есімдердің алдында анықтауыштық,сандық мәндегі сӛздер  

айтылса, оларға кӛптік жалғауы  жалғанбайды: Тӛрт булундақы будунығ қоп 

баз қылтым, йағысыз қоп қылтым, қоп, маңа кӛрті. Тӛрт бұрыштағы халықты 

бәрін бейбіт қылдым, тату қылдым, бәрі маған бағынды (Кү, 30). Аз будуныг 

үкіш  қылтым,  азу  бу  сабымда  ігің  барғу?  Аз  халықты  кӛп  қылдым.  Осы 

сӛзімде ӛтірік бар ма? (Кк, 10).  



WWW.ENU.KZ

 

 



Қорыта  келгенде,  кӛне  түркі  жазба  ескерткіштері  тілінде  кӛптік 

мағынаны  білдіретін  –лар,  -лер,  -т,  -з  (-ыз,  -із),  -лығ,  -ліг(-лық,  -лік) 

қосымшалары  кездеседі.  Бұлардың  ішінен  ескерткіштер  тілінде  жиі 

ұшырасатыны  –лар,  -лер  қосымшалары.  Қазіргі  қазақ  тілінде  жоғарыда 

аталған  қосымшалар  арасында  –лар,  -лер  жалғаулары  ескерткіштегідей  жиі 

қолданылатын болса, ал з (-ыз, -із) кӛрсеткіштерінің кӛптік мәнде тек жіктік, 

тәуелдіктің I, II жақтарында күрделі қосымша құрамында сақталып қалғанын 

анықтаймыз.  Ал  -т,  -лығ,  -ліг  (-лық,  -лік)  қосымшалары  кӛптік  кӛрсеткіші 

ретінде мүлдем қолданылмайды.  

 

Пайдаланылған әдебиет 

1.

 

Айдаров Ғ. Кӛне түркі жазба ескерткіштерінің тілі. – Алматы, 1986.  



2.

 

Томанов М. Қазақ тілінің тарихи грамматикасы.– Алматы, 1981. 



3.

 

Айдаров Ғ. Күлтегін ескерткіші. – Алматы, 1995. 



4.

 

Келімбетов Н. Ежелгі дәуір әдебиеті. – Алматы, 1991. 



5.

 

Қайдаров Ә., Оразов М. Түркітануға кіріспе. – Алматы, 1992. 



6.

 

Аманжолов С. Вопросы диалектологии и истории казахского языка. – 



Алматы, 1995.  

 

 



Каталог: repository -> repository2014
repository2014 -> Ислам мәдениеті мен білімін қолдау қоры имани гүЛ ҚАйрат жолдыбайҰЛЫ
repository2014 -> Гендерлік зерттеулер методологиясының ерекшеліктері қиқымбаев М. Ж
repository2014 -> Жыраулар поэзиясы – хандық дәуір айнасы А. Д.Әлтай
repository2014 -> Қазақ әдебиетіндегі шәкәрімтану немесе ақын шығармашылығының зерделенуі А. К. Жундибаева
repository2014 -> Бейнелілік құрылымдағы өлең және шешендік өлең Б. Жылқыбекұлы
repository2014 -> ҚАйымның МҰрасы қалай жинақталды?
repository2014 -> Әлем әдебиетінің таңдаулы драматургиялық туындылары – М.Әуезов аудармаларында
repository2014 -> Айтулы алаштанушы
repository2014 -> С. бегалин мұрасын жариялаудағы тұрсын жұртбай
repository2014 -> Мұратбек тоқТАҒазин әзілхан нұршайықов және қазақ журналистикасы

жүктеу 43.31 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет