1
МАЗМҰНЫ
Компания туралы
3
«KEGOC» АҚ Директорлар кеңесі төрағасының сөзі
6
«KEGOC» АҚ Басқарма төрағасының сөзі
7
2016 жылғы негізгі оқиғалар
9
Нарыққа шолу
11
Мемлекеттік реттеу. Қазақстан Республикасы электр энергетикасының
құрылымы
11
Қазақстан Республикасы электр энергетикасының нарығы
12
Электр энергиясының теңгерімі
13
«KEGOC» АҚ
ЖЫЛДЫҚ ЕСЕБІ
2016 ЖЫЛ
2
«KEGOC» АҚ Даму стратегиясы
14
1-мақсат ҚАЗАҚСТАН БЭЖ-нің СЕНІМДІ ЖҰМЫС ІСТЕУІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
16
Өндірістік қызмет
16
Электр энергиясын жеткізу
16
Техникалық диспетчерлендіру
16
Электр энергиясын өндіру
-тұтыну теңгерімін ұйымдастыру
16
Электр энергиясын сатып алу
-сату жөніндегі операция
17
Инвестициялық қызмет
17
Технологиялық даму
19
2-мақсат КОМПАНИЯНЫҢ ТҰРАҚТЫ ҚАРЖЫЛЫҚ ДАМУЫН ЖӘНЕ АКЦИОНЕРЛЕР
МЕН ДАМУ ҮШІН АҚША АҒЫНДАРЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
21
Қаржы
-экономикалық көрсеткіштер
21
Тариф саясаты
23
Корпоративтік басқару
24
Акционерлік капитал
24
Акционерлердің жалпы жиналысы
25
Дивидендтік саясат
26
«KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің қызметі туралы есеп
26
«KEGOC» АҚ Басқармасы
35
Ішкі аудит қызметі
37
Тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау
39
Ақпараттық саясат
40
«KEGOC» АҚ Корпоративтік басқару кодексі ережелерінің сақталғаны
туралы ақпарат
42
Халықаралық ынтымақтастық
62
3-мақсат ТҰРАҚТЫ ДАМУ
63
Кадр саясаты
63
Қоршаған ортаны қорғау
65
Өндірістік қауіпсіздік
66
«KEGOC» АҚ Бизнесті трансформациялау бағдарламасы
68
ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕПТЕМЕ
69
1-қосымша. «KEGOC» АҚ еншілес компаниялары
70
2-қосымша. 2017 жылға арналған корпоративтік күнтізбе
71
3-қосымша. Глоссарий
72
БАЙЛАНЫС АҚПАРАТЫ
73
3
КОМПАНИЯ ТУРАЛЫ
«Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан Компаниясы» (Kazakhstan Electricity Grid
Operating Company) «KEGOC» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – «KEGOC» АҚ, Компания)
«Қазақстан Республикасының энергетика жүйесін басқаруды құрылымдық қайта құру жөніндегі
кейбір шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 28 қыркүйектегі № 1188
қаулысына сәйкес құрылды. «KEGOC» АҚ-ның бастапқы мемлекеттік тіркелген күні — 1997
жылғы 11 шілде.
2006 жылға дейін «KEGOC» АҚ акцияларының 100%-ы мемлекеттің меншігінде болды.
2006 жылы мемлекеттік акциялар пакеті (100%) «Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару
жөніндегі Қазақстан холдингі» АҚ орналастырылған акцияларын төлеуге берілді. 2008 жылы
«Қазына» Орнықты даму қоры» мен «Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі
Қазақстан компаниясы» акционерлік қоғамдарының бірігуі жолымен «Самұрық» мемлекеттік
активтерді басқару жөніндегі Қазақстан холдингі» АҚ-ның құқық иеленушісі болып табылатын
«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ құрылды.
2014 жылғы 18 желтоқсанда «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік
қоғамының (бұдан әрі – «Самұрық-Қазына» АҚ) еншілес және бағынысты ұйымдарының акциялар
пакеттерін бағалы қағаздар нарығына шығару бағдарламасын іске асыру шеңберінде
Компанияның 25 999 999 дана жарияланған акциялар пакеті жазылым жүргізу жолымен
Қазақстанның қор биржасында орналастырылды.
2016 жылғы 31 желтоқсандағы жай-күй бойынша «КЕGОС» АҚ жарияланған және
орналастырылған жай акцияларының жалпы саны 260 000 000 дананы құрады, олардың
234 000 001 данасы (90% плюс бір жай акция) «Самұрық-Қазына» АҚ-ға, 25 998 609 данасы
миноритарлық акционерлерге тиесілі және 1 390 данасын миноритарлық акционердің талап етуі
бойынша «KEGOC» АҚ сатып алды.
Мекенжайы: 010010, Астана қаласы, Алматы ауданы, Тәуелсіздік даңғылы, 59-ғимарат.
Компанияның миссиясы – қазіргі заманғы техникалық, экономикалық, экологиялық
талаптарға, кәсіби қауіпсіздік және денсаулықты қорғау стандарттарына сәйкес Қазақстан БЭЖ-
інің сенімді жұмыс істеуін және тиімді дамуын қамтамасыз ету.
Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамасына сәйкес
«KEGOC» АҚ Қазақстан Республикасы Біртұтас электр энергетикалық жүйесінің (БЭЖ) Жүйелік
операторы бола отырып, мынадай негізгі қызмет түрлерін жүзеге асырады:
•
ұлттық электр торабы арқылы электр энергиясын жеткізу;
•
электр энергиясын желіге босату мен тұтынуды техникалық диспетчерлендіру;
•
электр энергиясын өндіру-тұтынуды теңгерімдеуді ұйымдастыру.
Жоғарыда көрсетілген қызмет түрлері табиғи монополиялар саласына жатады, соған
байланысты, «KEGOC» АҚ қызметі «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы»
Қазақстан Республикасының Заңымен реттеледі.
«
KEGOC» АҚ өз қызметін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асырады.
Компанияның құрылымына 9 «Жүйеаралық электр тораптары» (ЖЭТ) филиалдары, Жүйелік
оператордың Ұлттық диспетчерлік орталығы (ЖО ҰДО) филиалы және
«
KEGOC» АҚ Алматы
қаласындағы өкілдігі кіреді. ЖЭТ филиалдары филиалдың жедел басқару аймағында жүйелік
қызметтер көрсетеді. ЖО ҰДО Қазақстан Республикасы БЭЖ-ін орталықтан диспетчерлік
басқаруды жүзеге асырады. Орталықтан жедел диспетчерлік басқару ЖЭТ филиалдарының
құрылымдық бөлімшелері болып табылатын 9 өңірлік диспетчерлік орталықтың (ӨДО) ЖО ҰДО
тікелей жедел бағынуы схемасы бойынша ұйымдастырылды.
Ақмола ЖЭТ
10 ҚС
8137 МВА
ӘЖ 4230км
Ақтөбе ЖЭТ
7 ҚС
2426 МВА
ӘЖ 967км
Алматы
ЖЭТ
11 ҚС
4229 МВА
ӘЖ 3551км
Шығыс
ЖЭТ
6 ҚС
3695 МВА
ӘЖ 1161км
Батыс ЖЭТ
5 ҚС
950 МВА
ӘЖ 1682км
Сарыбай
ЖЭТ
8 ҚС
6570 МВА
ӘЖ 2444км
Солтүстік
ЖЭТ
8 ҚС
3521 МВА
ӘЖ 3379км
Орталық
ЖЭТ
10 ҚС
3742 МВА
ӘЖ 3482км
Оңтүстік
ЖЭТ
13 ҚС
3395 МВА
ӘЖ 4201км
ЖО
ҰДО
9 ӨДО
31.12.2016 ж. жай-күй бойынша ЖЭТ филиалдарында мыналар пайдалануда болды:
жалпы ұзындығы 25096,597 км (тізбектер бойынша) габариті 0,4-1150 кВ болатын 360 әуелік
электр жеткізу желілері;
4
трансформаторларының белгіленген қуаты 36 662,55 МВА, кернеуі 35-1150 кВ-тық 78
қосалқы электр станциялары.
«KEGOC» АҚ қосалқы станцияларында мыналар пайдаланылуда:
•
273 күштік трансформатор және 1150-10 кВ автотрансформатор (олардың 8-і – тараптық
ұйымдардың балансында);
•
1150-35 кВ-тық 184 шунттаушы реакторлар (олардың 9-ы – тараптық ұйымдардың
балансында);
•
1150-35 кВ-тық 1 570 ажыратқыштар (ауалық, май, элегаздық, вакуумдық) (олардың 97-сі
тараптық ұйымдардың балансында);
•
1150-35 кВ-тық кернеу трансформаторларының 1 581 фазасы (олардың 75-і тараптық
ұйымдардың балансында);
•
1150-35 кВ-тық ток трансформаторларының 3 699 фазасы (олардың 238-і тараптық
ұйымдардың балансында);
•
111 аккумуляторлық батареялар (олардың 2-еуі тараптық ұйымдардың балансында);
•
52 компрессорлық қондырғылар;
•
қатты оқшаулағыш пен трансформатор майын өңдеуге арналған 108 қондырғылар мен
құралдар;
•
62 199 бірлік РҚА және АА құрылғылары;
•
31 194 өлшеу құралдары.
«KEGOC» АҚ еншілес ұйымдар - «Энергоинформ» АҚ мен «Жаңартылатын энергия
көздерін қолдау жөніндегі қаржы-есеп айырысу орталығы» ЖШС-ның бас компаниясы болып
табылады. «Жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі қаржы-есеп айырысу орталығы»
ЖШС 2013 жылы жаңартылатын энергия көздері (ЖЭК) секторына инвестициялар салынуды
ынталандыру және мемлекет тарапынан барлық (өзі үшін аталған қолдау схемасын таңдаған) ЖЭК
объектілерінен тіркелген тарифтер бойынша электр энергиясын орталықтан сатып алуға кепілдік
беру жолымен Қазақстанның энергия балансында ЖЭК-ті пайдалану үлесін арттыру мақсатында
құрылды. Еншілес ұйымдар туралы толық ақпарат 1-қосымшада берілді.
Сонымен қатар, «KEGOC» АҚ «Батыс-Транзит» АҚ-ның серіктес құрылтайшысы (20%
акциясы) болып табылады. Бұл акционерлік қоғам 2005 жылы «Солтүстік Қазақстан-Ақтөбе
облысы өңіраралық электр жеткізу желісін салу» жобасын іске асыру үшін құрылды.
ҚАЗАҚСТАН РЕСУПБЛИКАСЫ БЭЖ 1150
-500-220-110кВ ЭЛЕКТР ТОРАПТАРЫНЫҢ КАРТА-СХЕМАСЫ
5
Бұл Жылдық есепте көрсетілген жоспарларға қатысты кез келген ақпарат болжамдық
сипатта және «KEGOC» АҚ-ның алдағы болатын оқиғаларға қатысты ағымдағы көзқарасын
көрсетеді, «KEGOC» АҚ бизнесіне, қаржылық жағдайына, операциялық нәтижелеріне, өсу және
өтімділік стратегиясына жататын басқа да тәуекелдерге, тұрлаусыздық пен ұйғарымдарға бейім
келеді.
6
«KEGOC» АҚ ДИРЕКТОРЛАР КЕҢЕСІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ СӨЙЛЕГЕН СӨЗІ
2016 жылы «KEGOC» АҚ ірі акционер - «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-
ның үмітін толығымен ақтады.
Компанияның қызметі ең жоғары корпоративтік стандарттарға сәйкес келетін басқару
моделін дұрыс таңдағанын растады. Есептік жылы «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесі Қордың
өкілдері Сүйншлік Тиесов пен Жанна Егімбаеваның келуімен күшейтіліп, тәуелсіз директорлар
мен «Самұрық-Қазына» АҚ өкілдерінің саны бойынша теңгерімделді.
Директорлар кеңесі мен Компания топ-менеджерлерінің келісілген жұмысы жақсы
қаржылық нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік берді. 2016 жылды Компания 27,59 млрд.
теңгеден астам мөлшерде пайдамен аяқтады. Бұл «KEGOC» АҚ бүкіл даму тарихындағы ең
жоғарғы көрсеткіш болып табылады.
2016 жылғы нәтижелер «KEGOC» АҚ акционерлерінің сенімін ақтады. Қазіргі уақытта
Компанияның акциялары Қазақстан қор биржасындағы ең өтімді қаржы құралы болып
табылады.
Акцияларының
тартымдылығы
Компанияның
тұрақтылығымен
және
орнықтылығымен, сонымен қатар дивиденд саясатының тиімділігімен негізделеді. «KEGOC»
АҚ акцияларын бағалы қағаздар нарығына шығарған сәттен бастап Компания шамамен 17.5
млрд. теңгені дивидендтерді төлеуге жіберді.
Ұлттық электр торабын жаңғыртуға және жалпы алғанда Қазақстан Республикасының
энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған инфрақұрылымдық жобаларды іске
асыруда «KEGOC» АҚ-ның тәжірибесі мол. «KEGOC» АҚ командасы 2016 жылы да өз кәсіби
деңгейінің өте жоғары екенін растады. 500кВ «Екібастұз-Семей-Өскемен» ӘЖ-ні жоспарланған
мерзімнен бір жылға ерте пайдалануға берді.
«KEGOC» АҚ Қор бастама жасаған Бизнесті трансформациялау бағдарламасын табысты
іске асыруда. Осылайша, 2016 жыл қорытындысы бойынша Бағдарламаны іске асырудан алған
қаржылық пайдалар 7 150 млн.теңгеден астам мөлшерді құрады. Бұл жопарлаған көрсеткіштен
1 920 млн.теңгеге көп.
Директорлар кеңесі «KEGOC» АҚ 2017 жылға жоспарланған барлық міндеттерді
табысты шешіп, стартегиялық мақсатына - әлемдік деңгейдегі Компания және электр
энергетикасының өңірлік ауқымдағы құзырет орталығы болуға қол жеткізуге маңызды қадам
жасайтынына сенімді.
«KEGOC» АҚ Директорлар
кеңесінің төрағасы
Қуаныш Бектеміров
7
«KEGOC» АҚ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫНЫҢ СӨЙЛЕГЕН СӨЗІ
Қазақстан Республикасы үшін мерейлі 2016 жыл «KEGOC» АҚ-ның даму тарихында да
атаулы жыл болып қала бермек. Бұл жыл барлық мүдделі тұлғалардың назарынан тыс
қалмайтындай оқиғаларға толы болды.
Жүйелік оператор ретінде «KEGOC» АҚ басты міндетін табысты орындап, Қазақстан
Республикасы Біртұтас электр энергетикалық жүйесінің сенімді жұмысын қамтамасыз етті.
Есептік кезеңде Қазақстанда 2015 жылмен салыстырғанда электр энергиясын өндіру-тұтыну
көлемі артты. Электр энергиясының өндірісі 3,6%-ға немесе 3,3 млрд. кВт•сағатқа өсіп, 94,1
млрд.кВт•сағ. құрады. Электр энергиясын тұтыну көлемі 1,6%-ға немесе 1,4 млрд.кВт•сағ. өсіп,
92,3 млрд.кВт•сағ. құрады. Ұлттық электр торабы арқылы электр энергиясын жеткізу бойынша,
электр энергиясын желіге босату мен тұтынуды техникалық диспетчерлендіру бойынша, сонымен
қатар электр энергиясын өндіру-тұтынуды теңгерімдеуді ұйымдастыру бойынша біз көрсеткен
қызметтер көлемі де артты.
Сыртқы теріс факторларға қарамастан 2016 жыл оң қаржылық көрсеткішпен аяқталды.
Тиімді менеджмент және кедергілерге жылдам әрекет ету нәтижесінде Компания тарихында 27.59
млрд. теңге мөлшерінде өте жоғары пайда алынды.
Компания акционерлердің сенімін ақтауды жалғастыруда. Бірінші жарты жылдық
қорытындылары бойынша шамамен 6,5 млрд.теңге сомасына дивидендтер төленді, бұл бір жай
акцияға есептегенде 25 теңгені құрайды. Жалпы алғанда «KEGOC» АҚ-ның Қазақстан қор
биржасындағы акциялары бағаланатын акциялардың бірі болды. 2016 жыл соңында бір акцияның
бағасы шамамен 1160 теңгені құрады, бұл оның бастапқы бағасынан екі есеге көп.
Инвестициялық бағдарламаларды іске асыру шеңберінде «KEGOC» АҚ Елбасының 500кВ
«Солтүстік-Шығыс-Оңтүстік» жоғары вольттық желілерін салуды тездету туралы берген тікелей
тапсырмасын орындауда. Аталған жобаның бірінші кезеңі - 500 кВ «Екібастұз-Семей-Өскемен»
ӘЖ-ні салу бір жылға ерте аяқталып, 2016 жылғы 6 желтоқсанда Қазақстан Республикасының
Тәуелсіздігіне 25 жыл толу қарсаңында пайдалануға берілді.
Біздің Компания халықаралық ынтымақтастықты табысты дамытуда. «KEGOC» АҚ 2016
жылы Кернеуі жоғары үлкен электр желілері жөніндегі Халықаралық Кеңестің (Conseil
International des Grands Reseaux Electriques – CIGRE) ұжым мүшесі атанды. Ол электр
энергетикасының барлық саласында жұмыс істейтін 1000-нан астам ұйымдарды және 6000-нан
астам сарапшыларды біріктіреді. Астана қаласында «KEGOC» АҚ-ның төрағалық етуімен өңірлік
электр энергетикасындағы ең маңызды іс-шаралардың бірі – Орталық Азияның Үйлестіру Электр
энергетикалық Кеңесінің (Орталық Азияның ҮЭК) 25-ші отырысы өткізілді. Оған Қазақстан мен
Орталық Азия энергетикалық жүйелерінің бірінші басшылары қатысты.
«KEGOC» АҚ үшін ең маңызды қызмет бағыттарының бірі бұл әлеуметтік-еңбек
қатынастары болып табылады. 2016 жылы «KEGOC» АҚ мен еңбек ұжымы арасында 2016-2020
жылдарға арналған жаңа Ұжымдық шартқа қол қойылды. Бұл Ұжымдық шарт Қазақстан
Республикасының еңбек заңнамасына енгізілген өзгерістер есепке алынып, сонымен қатар жұмыс
беруші мен қызметкерлер арасындағы өзара қарым-қатынастардағы әлеуметтік серіктестіктің рөлі
күшейтіліп әзірленді.
Жалпы алғанда «KEGOC» АҚ жүргізіп жатқан кадр саясаты оң нәтижелер беруде.
«Самұрық-Қазына» АҚ компаниялары тобындағы әлеуметтік тұрақтылық рейтингінің жоғары
болуы (82%) осының дәлелі болып табылады.
2016 жылы TUV NORD Cert (ГФР) сертификаттау органы «KEGOC» АҚ біріктірілген
менеджмент жүйесінің сапа менеджменті (ISO 9001), экология менеджменті жүйесі (ISO 14001),
кәсіби қауіпсіздік және денсаулық қорғау менеджменті жүйесі (ISО IEC 27001) саласындағы
халықаралық стандарттардың талптарына сәйкестігін растап, Компания жұмысының тиімділігін
дәлелдеді.
2017 жылы «Солтүстік-Шығыс-Оңтүстік транзитінің 500кВ ӘЖ-сін салу» ірі ауқымды
инвестициялық жобасының екінші кезеңін іске асыруды жалғастыратн болады. Келешекте біз
Батыс аймақты Қазақстан Республикасының Біртұтас электр энергетикалық жүйесімен біріктіру
8
мақсатында Ұлттық электр торабын дамыту жөніндегі бірқатар жобаларды іске асыруды
жоспарлап отырмыз.
«KEGOC» АҚ Бизнесті трансформациялау бағдарламасы бойынша жұмыс жалғасуда және
2017 жылы Бағдарламаның шешуші кезеңіне – 26 жобаны қамтитын Жобалар портфелін іске
асыруға кірісеміз. Жобаларды іске асыру резервтерді тиімді пайдалану арқылы Компания құнын,
еңбек өнімділігін арттыруды қамтамасыз ету және озық басқарушылық тәжірибені ендіру
бойынша әлеуеті жоғары перспективалық қызмет бағыттарына назар аударуға мүмкіндік береді.
Жалпы алғанда 2017 жылы «KEGOC» АҚ барлық қызмет бағыттарының тиімділігін арттыру
үшін жұмысты жалғастыратын болады және саладағы өз көшбасшылық ұстанымын және
акционерлер мен серіктестердің сенімдерін сақтайтынына сенімдімін.
«KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы
Бақытжан Қажиев
Поделитесь с Вашими друзьями: |