Коммерциялық емес акционерлік қоғам



жүктеу 89.82 Kb.
бет2/18
Дата15.02.2022
өлшемі89.82 Kb.
#17264
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Мамандыққа кір силлабус (1)
«Мамандыққа кіріспе» пәні БП/ТК пәндер циклына кіреді.

Бағдарламаның мақсаты – биология мамандығына кіріспе пәні негізгі ұғымдарын, заңдарын, міндеттері мен принциптерін түсіндіру, кәсіби-педагогикалық іс-әрекет теориясын терең ұғыну біліктілігін қалыптастыру, болашақ биологтарға өзіндік кәсіби іс-әрекетті жүйелі байқау біліктілігін қалыптастыру, кәсіби мәдениетінің негізін қалау, жеке тұлғалық және кәсіби тұрғыда өзін-өзі жетілдіруге деген қажеттіліктерін қалыптастыру.

Бағдарламаның міндеттері: болашақ биолог мамандарына биологиялық мамандықтың қыр - сырын, кәсіби біліктіліктер мен тарихи тұрғыдан негізделген биологиялық дүниетанымды, биологиялық категорияларды жете ұғыну біліктілігін қалыптастыру: студенттерді болашақ биолог мамандарды даярлаудың негізі ретіндегі кәсіби-биологиялық іс-әрекет теориясы туралы білімдермен қаруландыру; студенттерде өздігінен білім алу, инновациялық және шығармашылық ғылыми-зерттеу іс-әрекеттеріне дайындығын дамыту; мамандықтар типтері туралы мағлұмат бере отырып биология саласының мамандықтардың ерекшеліктерін таныстыру.

Басқа пәндермен байланысы: биология, зоология, экология, микробиология.

Пререквизиттер: Жалпы білім беретін орта мектептің биология және зоология пәндері.

Постреквизиттер: ботаника, өсімдіктер систематикасы, микроорганизмдер систематикасы.

Күтілетін нәтижелер: қазіргі қоғамдағы өмірді ғылыми тұрғыдан зерттейтін биология саласында арнайы әлеуметтік мәні туралы түсіне біледі; болашақ мамандықтарының мазмұнын түсінеді; мамандыққа кіріспе курсын түсініп оқиды. Биолог-маманның кәсіби қызметі және оның биологиялық және педагогикалық мәнін; биолог-маманның болашақ іс-әрекетінің объектісі жайлы; биолог-маманның табысты іс-әрекеті үшін үздіксіз білім алу қажеттілігі туралы біледі; биологиялық талдау мен сараптаудың негізінде кәсіби қызметтер саласында туындайтын мәселерді шешуге бейімделеді; зерттеулер және жүргізілген тәжірибелік жұмыстардың нәтижелерін дұрыс қорытындылай алады, мәліметтер жинақтап, оның қолдану аясын түсіндіре алады, нәтижелерді, ақпараттарды компьютерде дұрыс өңдейді, қателерді таба біледі және дұрыстайды.


жүктеу 89.82 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет