Комитетінде тіркеліп 24. 12



жүктеу 2.26 Mb.

бет6/22
Дата09.01.2017
өлшемі2.26 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22

 

 

 



Сонымен,  мәдени-әдеби  мұраны  маркс-

тік-лениндік  методология  негізінде  игеру-

дің  арқасында  қазақтың  сыншылдық-ғы-

лымдық  ой-пікірі  осындай  асуларды  асып, 

толыса  бастағанын  көреміз.  Абайтанудың 

жеке  бір  ілім  саласына  айналу  процесі - 

бүкіл  қазақ  әдебиеттану  ғылымының  үлкен 

жеңісі. 


Абайтанудың алғашқы кезеңі ұзақ сонар 

баяндалуының бір себебі - Абай жайындағы 

ғылыми-сыншылық  ой-пікірдің  эволюция-

сын  көрсету  мақсатынан  туса,  екінші 

жағынан,  жеке  ақын-жазушылардың  твор-

чествосын  игеру  ісі  тап  осындай  болма-

ғанымен,  осыған  ұқсас  процесті  басынан 

өткергенін  аңғарту  еді.  Бұл  жөнінен 

Сұлтанмахмұт  Торайғыров  төңірегінде  бол-

ған  әңгімелерді  баяндап  жатудың  қажеті 

шамалы. 1932 жылы  С.  Мұқановтың  «Сұл-

танмахмұт  қандай  ақын?»  деген  алғы  сөзі 

мен «XX ғасырдағы  қазақ  әдебиеті» 

кітабындағы  арнайы  тарауды,  одан  кейін 

жарияланған  еңбектерді  талдау  қажетсіз 

қайталауға  ұрындырары  анық.  Сол  сияқты, 

Махамбет  Өтемісов,  Мұрат  Мөңкеұлы, 

Ыбырай  Алтынсарин,  Ақансері  Қорам- 

 

 

 



 

 

 



 

саұлы,  Ығылман  Шөреков,  бертінгі  Бай-

мағамбет  Ізтөлин  мен  Шолпан  Иманбаева-

лар  жайында  жазылған  мақалалар,  олардың 

шығармаларын 

жариялау 

қаншалықты 

мәнді екенін ескергенмен, олардың да тану, 

танылу  процестері  Абай  творчествосының 

өткелдеріне ұқсас болуы айдананық.  

Сондықтан  жалпы  әдеби  мұраны  дұрыс 

игеру,  әсіресе,  жеке  ақын-жазушының 

тарихи  орнын  айқындау  процесінде  Абай 

творчествосының  шешуші  сипаты  болды, 

кейбір  дарын  тағдыры  осы  үлгімен  пішіліп, 

әде-биет  тарихынан  тиісті  орын  алды. 

Әрине, әрбір дарынның алға тартар әңгімесі 

де,  көтерер  проблематикасы  да  Абаймен 

деңгейлес емесі өзінен өзі түсінікті. 

Қазақ  халқымен  талай  ғасырдан  бері 

бірге  жасап,  рухани  байлығы  болған  ауыз 

әдебиетінің  озық  үлгілері  мен  жеке 

дарындардың, әсіресе, Абай сияқты даныш-

пан  ақынның  творчествосын  игеру  бары-

сында  қазақ  әдебиет  сыны  өсу  дәуірінде 

екені  танылып  қана  қоймай,  қазақ  әдебиет-

тану  ғылымының  туып,  қалыптасып  келе 

жатқандығы аян болды. 

 

 

 



 

 

 



 

 

                                                                       



 

* * * 


 

 

 



 

 

 



 

 

 



Абай институтының хабаршысы.  № 3 (9). 2011                                                                                          

 

 

24



 

 

 



АБАЙ АДАМ МЕН ЗАМАН ТУРАЛЫ 

                                       

                                             

 

 

 

 

 

Ж. Дәдебаев                   

АБАЙ АДАМ МЕН ЗАМАН ТУРАЛЫ 

Аннотация.  Мақалада  қарастырылған  мәселелер.  Абай  адам  мен  заман  туралы.  Абайдың 

антропологизмі. Ақынның дүние туралы көзқарасы. Абай шығармаларының онтологиялық қырлары. 

Кемел адам келбеті. 

Тірек сөздер. Адам, заман, дүние,адамгершілік, надандық, кемел адам. 

Ж.Дадебаев 

АБАЙ О ЧЕЛОВЕКЕ И ОБЩЕСТВЕ 

Аннотация.  Вопросы,  рассматриваемые  в  статье.  Абай  о  человеке  и  обществе. 

Антропологизм  и  психопоэтика  Абая.  Миропонимание  поэта.  Онтологические  вопросы 

творчества  Абая.  

Ключевые слова: поэт, человек, время, миропонимание, онтология, творчество. 

Zh.Dadebaev 

ABAI ABOUT MAN AND TIME 

Abstract. The issues dealt in this article.

 

Abai’s time and his critique of time. Anthropologism and 

psychopoetry of Abai. World perception of the poet. Ontological direction in Abai’s works. 

Keywords:

 

man, time, peace, humanity, stupidity,

 

creation. 

 

А

байдың  заманында  елдің  билігі  жаттың 

қолында  болды.  Жат  жарылқамады.  Жамандық 

көрсе,  оны  қолымен  де,  сөзімен  де,  жүрегімен 

де  түземеді.  Билеуші  де,  билеу  жүйесі  де  қазақ 

қоғамының  дәстүрлі  мәдениетіне  жат  бағытты 

ұстанды, елді бірлік пен ынтымаққа, жақсылық 

пен  ізгілікке  ұйытпай,  жамандыққа,  надан-

дыққа,  жаулыққа  жол  ашты.  Қу  мен  сұм  белең 

алды.  Ар  ойлайтын  адам  азайып,  пайда 

ойлайтын сабырсыз, арсыз, көрсе қызар, жалма-

уыз  жандар  шықты. Сырттансынбақ, қусынбақ, 

өршілденбек  бұлардың  ажарын  ашатын  айрық-

ша  көрікке  айналды.  Алашқа  сыртынан  күліп, 

ішінде жаулық сақтады, жақынын тіріде аңдып, 

өлсе өкіріп жылайтын әдет тапты. Терін сатпай, 

телміріп  көзін  сатып,  теп-тегіс  аларман  болды. 

Ұрлықпен  мал  табатын,  егессе,  ауыл  шабатын 

құдай  атқандар,  бойы  бұлғаңдар,  сөзі  жылмаң-

дар,  басында  ми  жоқ,  өзінде  ой  жоқ,  күлкішіл 

кердең  надандар  қатар  түзеді.  Өсек,  өтірік, 

мақтаншақ,  еріншек,  бекер  мал  шашпақ  өріс 

алды,  қулық - өнерге,  ұрлық  кәсіпке  айналды. 

«Ісі білмес, кісі білер», - деген мақал туды. Бас- 

 

басына  би  болған  өңкей  қиқым  елдің  сиқын 



бұзды. Ел арасы бүлінді. Жақсылардың үстінен 

бекер,  өтірік  «шапты,  талады»  деген  әр  түрлі 

қылмыстық  іс  көрсеткен  арызқойлар,  жала-

қорлар,  пәлеқорлар  белең  алды.  Ақты  қара 

деуші,  көрмегенді  көрдім  деуші  жалған  куәлік 

берушілерге  жол  ашылды.  Бұлардың  көздегені 

мен  көксегені  дүние  болды.  Дүние  көз  бен 

көңілдің құртына айналды, үйсіздерге үй болды, 

күйсіздерге  күй  болды.  Жан  біткен  да  соған 

ұмтылды.  Надандар  сол  үшін  жауласты, 

жамандар сол үшін дауласты, арамдар сол үшін 

арбасты,  алдасты.  Біреулер  сол  үшін  тер  төкті, 

біреулер  сол  үшін  қан  төкті.  Ақынның  қадірлі 

басы  мен  қайратты  жасы  осылармен  тартыста 

өтті.  Олардың  ішкі  мұзын  көздің  жасымен  де, 

жүректің  қанымен  де  еріту  мүмкін  болмады. 

Ақын  адаммын  деген  надандардың  қара 

ниетінен  шошып,  бетін  басты.  Мұңдасарға  сөз 

ұғарлық  кісі  таппады.  Ақырында,  қалың  елінің 

ортасында  отырса  да,  бақсының  моласындай 

жалғыз  қалды.  Заман  сынын  адам  болмысы, 

адам  арқылы  таныған  ақын  өмірдің  мәнін  де 

адам табиғатын тану барысында, адамның тәнін 


Абай институтының хабаршысы.  № 3 (9). 2011                                                                                          

 

 

25



 

емес, 


жанын 

тану 


нәтижесінде 

ашады. 


Заманынан  озған,  заманының  адамынан  озған, 

ортасының  надандығынан,  қоғамының  қараң-

ғылығынан  көңілі  қалған,  тіршілікте  өзінің  де, 

өзгелердің де қылып жүрген ісінің бәрінің баян-

сыздығына,  байлаусыздығына  көз  жеткізген, 

бәрінің  қоршылық  екенін  білген,  қажыған  жан 

қалған  өмірінде  адамның  адами  қасиеттеріне, 

«ыстық қайрат», «нұрлы ақыл», «жылы жүрек» 

шындығына  үңіледі.  Жүрегінің  тереңінен  тап-

қан шындық сырды ғана шын асыл деп таниды. 

Адамның  жан  әлемінен,  рухынан  тыс  дүниәуи 

тіршіліктің мәнсіздігін, баянсыздығын, адамның 

жан әлеміндегі, рухани өміріндегі ақыл, қайрат, 

жүрек қызметінсіз заман ағымын түзеуге, қоғам 

өмірін өзгертуге талпынудың бос әурешілік еке-

нін  аңғарады.  Осыдан  келіп  Абайдың  антро-

пологизмі  мен  психопоэтикасы  туралы  ойлар-

дың желісі тартылады. 

Ақынның  фәни  тіршіліктің  көз  қыздырып, 

көңіл  арбайтын  қызығының  бәрінен  бой 

тартатыны  рас.  Оның  негізінде  ақынның  дүние 

туралы  көзқарасы  жатыр.  Дүние  адам  баласы 

үшін  үлкен  сынақ  екені  рас  [Құран: 18:7]. 

Лұқман  хакім  баласына  айтқан  бір  өсиетінде 

былай  деген  екен: «Балам,  бұ  дүние – терең 

теңіз.  Оның  түбіне  талайлар  кеткен.  Одан  аман 

шығам  десең,  Алланың  алдындағы  қор-

қынышың  кемең  болсын.  Оған  тиеген  жүгің 

Аллаға деген иманыңнан болсын. Оның желкені 

Алладан  күткен  үмітіңнен  болсын.  Сонда,  бәл-

кім,  аман  шығарсың,  бірақ  біржола  құтылып 

кетерсің  деп  ойламаймын» [1,144]. Лұқман 

хакім  адамның  фаниден  дүниеге  бой  алдырмай 

өтуі  мүмкін  еместігіне  мегзейді.  Адам  мен 

заман, бақи мен фани арасы туралы хакім Абай 

да осындай ойда. Ақылға салғанда, Абайдың ел 

бағудың да, мал бағудың да, ғылым бағудың да, 

бала  өсірудің  де  баянсыздығы  жайлы  ойының 

негізінде  тіршілік  сырын,  адам  табиғатын 

Лұқман  хакімше  жете  таныған  кісілік  кемелдік 

барына  көз  жеткізуге  болады. «Балаларымның 

өзіне  ілгері  өмірінің,  білімінің  пайдасын  ты-

ныштықпен  көрерлік  орын  тапқаным  жоқ, 

қайда бар, не қыл дерімді біле алмай отырмын, 

не  бол  деп  бағам?» [2, 128], - деп  күйзеледі 

ақын.  Ақынның  «таппай  отырған  орны»  жер 

емес,  мекен  емес,  ауыл-аймақ  та  емес, 

адамдардың 

ортасы, 

қоғамдық 

орта. 

Надандардың  емес,  көкірегінде  көзі  бар, 



ақылында  сәуле  бар  адам-дардың  ортасы. 

Заманының,  ортасының,  қоға-мының  болмыс-

бітіміндегі қатпар-қатпар қасаң сырды адамның 

бойынан  көріп,  оның  сыр-даңдығын,  өзі  асыл 

тұтқан  мұратына  жаттығын  білу,  оны  түзеуге 

мүмкіндігінің  жоқтығын  сезіну  ойшыл  жанды 

күйзелтіп  қана  қоймайды,  түңілдіреді. «Ауру 

жүрек  ақырын  соғады  жай»  өлеңінде  осындай 

күйзелу  мен  түңілу  сал-дарынан  ауру  тапқан 

жүректің хәлі сипат-талады. 

Ақылы жоқ, ары жоқ шуылдақты 

Күнде көріп, тұл бойы жиіркенген [3, 285] 

немесе 

Ауру жүрек ақырын соғады жай, 



Өз дертін тығып ішке, білдіре алмай [3, 285], - 

 

секілді  мұң  мен  дерт  басқан  жүректің  хәлінен 



ақынның өзінің рухани күйі көрініс беретіні рас. 

Ақынның  мұңды  қалпы  мен  дертті  жағдайы, 

күйзелуі  мен  түңілуі  оның  дүние,  тіршілік 

шегіндегі  өзінің  жеке  басының  сұраныстары 

мен  қажеттіліктерінің,  өз  жеке  басының  жақсы 

көрген,  мұрат  тұтқан,  ұмтылған  игіліктеріне 

жете  алмауының  салдарынан  туатын  күй  емес. 

Ақынның  рухани  әлеміндегі  мұң-зар  оның  өз 

жеке  басының  қамынан  емес,  халықтың  қамын 

ойлаудан, заман сипатындағы, адам бойындағы, 

көптің 

болмысындағы 



жамандық 

пен 


надандықтың  зардабынан  шығады.  Сол  жа-

мандық 


пен 

надандықтың 

ауыртпалығы 

ақынның өз  жеке  басына тіктеп  келіп  түспейді. 

Ақын  өз  басымен  өзі  қайғы  болып  кететіндей, 

кінәмшіл,  жекешіл,  өзімшіл  емес.  Жамандық 

пен  надандықтың  бар  ауыртпалығын  көтеретін, 

зардабын шегетін – көп, халықтың өзі. Абайдың 

жанын жаралап, қанын қарайтатын, көзінен жас 

болып,  тілінен  зар  болып  шығатын  шер - осы 

көптің,  халықтың  басындағы  күннің  қайғысы. 

Ақын 


дүниетанымының 

жалпыадамзаттық 

өрісінде  оның  жеке  басының  қайғысы  дейтін 

қайғы  жоқ.  Сондықтан  да  Абайдың  мұң-зары 

түпсіз  тұңғиық  іспетті,  шетсіз  әрі  шексіз. 

Мұндай  түпсіз  тұңғиықтан,  мұндай  шетсіз  бен 

шексізден  Абайды  ақындық  даналығы,  шығар-

машылық  қуаты  алып  шығады.  Ақындық 

даналықтың алды ашық, ол Жаратушыдан басқа 

ешкімге  тәуелді  емес,  Жаратушыдан  басқа 

ешнәрсеге  мұқтаж  емес.  Абайды  дүниәуи 

тіршіліктің жарқылдаған алдамшылығынан сақ-

тап,  жеке  басының  өзімшіл  тілектерін  басқан, 

сөйтіп  ақыл,  қайрат,  жүректі  бірдей  ұстау 

биігіне  көтерген  қуат  көзі  ақындық  даналықта. 

Болмыстан,  заманнан,  адамнан  көңілі  қайту, 

соларға  жаны  ашып,  солардың  ортасында 

тұрып,  соларды  сүйіп  тұрып,  өзіне - оларды, 

оларды өзіне жат санау ақынды шындық құбы-

лыстарды  даналық  таныммен  жинақтауға, 

даналық  пайыммен  типтендіруге  бастайды. 

Нақты  тұлғасымен  нақты  бір  мезгіл  мен  мекен 

шегіндегі  нақты  қоғамда,  нақты  адамдар 

ортасында ғана өмір сүру, одан тыс бола алмау, 

сөйте  тұра  солардың  бәрінен  сырттау,  жаттану, 

сөйте тұра сол қоғамға, сол қоғамның адамына, 

халыққа жаны ашып, оларды жақсылық жолына 

шақыру  Абайдың  азаматтық  және  ақындық 



Абай институтының хабаршысы.  № 3 (9). 2011                                                                                          

 

 

26



 

тұлғасының трагедиялық әрі қаһармандық сипа-

тын танытады.  

Ақынның  фәниден  көңілі  қайтқаны  рас. 

Бақидың  жүзіне  де  қаймықпай,  тура  қараған. 

Қалған өмірінде ел бағу, мал бағу, ғылым бағу, 

бала  бағу,  дін  бағу  секілді  қызмет  салаларын 

саралап,  сараптан  өткізгенде,  өз  заманында 

солардың бәрінің баянсыздығын көреді. Достан 

да, дұшпаннан да көңілі қалғанда, сенісерге жан 

таппағанда,  Аллаға  жалбарынатыны  рас.  Мұ-

сылманшылық  жайын,  дін  негізін  қозғайды, 

софылық  хақында  да  айтатыны  бар.  Бірақ  дін 

жайын,  софылық  жайын  қозғағанмен,  өзі 

дүниеден  теріс  айналып,  тек  қана  дін  бағып 

қалған,  софылық  қылған    жан  емес.  «Не 

көңілде,  не  көрген  күніңде  бір  тыныштық  жоқ, 

осы  елде,  осы  жерде  не  қылған  софылық!» [2, 

128], - дегенде,  ақын  өз  заманы  шегіндегі 

күйзелісті күйін, күйінішті жайын, жарлы емес, 

зарлы  хәлін  білдірген.  Дүниәуи  тірліктен 

біржола  бет  бұрып,  жердің  астына  түсіп 

кетпесе, Абай заманында қазақ ішінде софылық 

шарттарын ұстаудың да мүмкіншілігі жоғы рас-

ты. Осының бәрі кісіні күйзелтпей, түңілдірмей 

қойматын  қайшылықтар  еді.  Абай  түңіле, 

күйзеле  отырып  та  елінің  болашағын  ойлайды, 

елдің  өсер  өркенін  оң  жолға  бастар  ғибратын 

айтады,  даналық  үлгі  көрсетеді.  Заманның, 

қоғамның,  елдің,  адамның  осы  болмысын  тану, 

оның 

түбіне 


терең 

бойлау 


Абайдың 

дүниетанымына,  дүниеге  көзқарасына  айрықша 

философиялық мазмұн дарытты. Ақынның адам 

мен заман туралы концептуалдық ұстанымының 

негізі  терең,  толық  болып  тұжырымдалуының 

себебі осында. 

Заман жайы, адам құлқы Ахмед Йүгінекидің 

«Ақиқат  сыйында»  нақты  көрініс  тапқан. «Бұл 

күнде бү дүниеде кісілік өте сирек», «Кім (таза) 

жолды тұтса, оның жолы кем болды, Кім (арам) 

жолды  ұстаса,  оның  жолы  кең  болды»  секілді 

сөздердің  Йүгінеки  заманының  шындығын 

көрсететіні  анық.  Жақсыдан  жаманның  көптігі, 

адамнан наданның көптігі білімді жан үшін қай 

заманда  да  белгілі  болған.  Алайда  заман 

сырына,  адам  болмысына  Абайдай  терең 

бойлаған  ақынды  қазақ  әдебиетінің  тарихынан 

іздеп  табу  қиын.  Әркім-ақ  өзін  биікке  құлаш 

сермеп, тереңге сүңгіп жүргендей сезінуі ғажап 

емес. Оған шек қоюға болмайды. Бірақ әркімнің 

шырқап  шығар  биігінің  шегі  бар,  әркімнің 

сүңгіп жүрген те-реңінің түбі  бар. Абайда адам 

мен 

заман 


хақындағы 

ойлары 


мен 

толғаныстарында мұның екеуі де жоқ. Абайдың 

тереңінде түп жоқ, Абайдың биігінде шек жоқ. 

Елдің 


ұйытқысы, 

маңызы 


секілді 

мыңғыртып  мал  айдаған  байлар,  елдің  билігін 

ұстап,  ат  үстіне  мінген  әкімдер,  сауда  жасап, 

кәсіп  қуған  еті  тірі  пысықтар,  ел  ішінде  өз 

кәсібін дәреже көріп, мақтан тұтып жүрген ұры-

қарылар - бәрінің  тапсам  деп  іздеп  жүргені, 

бәрінің  жетсем  деп  қуып  жүргені  бар.  Ол - 

«төрт  аяқты  мал».  Ақынның  сыншыл  танымы 

осылардың қай-қайсысының да іші-сыртындағы 

басты белгілерді нақты да затты суреттейді. 

 

Жаны аяулы жақсыға қосамын деп, 



Әркім бір ит сақтап жүр ырылдатып

 [3, 52], –  

 

дейді  ақын.  Мал  таппақшы  болып  жүрген 



жандардың бірінің ісі осындай. Бұлай да мал та-

буға болады. Ақын осыдан, көз алдында болып 

жатқан  шындық  құбылыстан,  адамның  сыры 

мен  заманның    сынынан  көргені  мен  көңіліне 

түйгенін  жеп-жеңіл,  қарапайым  түрге  түсіріп, 

даналық  пайыммен  сараптайды.  Өлеңнің  екі 

жолынан  екі  түрлі  тұлға  арасындағы  қатынас 

сипаты  белгілі  болады: «әркім»  және  «жаны 

аяулы жақсы». Екі түрлі тұлға. Оларды шартты 

белгілер  арқылы  сипаттайтын  болсақ,  мынадай 

жүйе  шығады:  А - Б. «А»  жалқы  ұғымды 

беретін болса, «Б» көптік ұғымды береді. Ақын 

суреттеп  отырған  қатынастың  бір  басында 

жалқы  тұрса,  екінші  басында  жалпы,  көп  тұр. 

Алайда  осы  екі  тармақтағы  суретті,  образды 

әркім әрқалай түсінеді. Жас өзінше, кәрі өзінше. 

Өмірде  көргені  көп,  білгені  мол  адам  бір 

деңгейде, көргені аз, білгені белгісіз адам басқа 

деңгейде  қабылдайды.  Оның  мәнісі  ақынның 

адам  мен  заман  туралы  ойының  мағыналық 

деңгейлеріне,  сөздің,  ұғымның  образдылығына 

байланысты. «Жаны  аяулы», «жақсы»  сөз-

дерінің  әрқайсысын  әркім  өзінің  өмір  тәжі-

рибесіне  сүйеніп  парықтайды.  Ал  бұларды 

ақынның 

антропологизмі, 

шығармашылық 

ұстанымы,  эстетикалық  көзқарасы,  ақындық 

дүниетанымы  негізінде  пайымдау  құбылыстың 

сыртқы  сипатын  танудан  оның  ішкі  мәніне 

бойлауға  бастайды.  Осы  тұрғыдан  келгенде, 

«жаны аяулы жақсы» ұғымының бірнеше мағы-

налық  деңгейі  барына  көз  жеткізуге  болады. 

Сыртқы  мағыналық  деңгей  құбылыстың  нақты 

сипатымен  тығыз  бірлікте  айқындалса,  түпкі 

мағыналық  деңгей  құбылыстың  жинақталған, 

жалпыланған, сол арқылы дараланған, айрықша 

сапаға  айналған  сипатымен  ерекшеленеді.  Осы 

ерекшелік  ақын  өлеңіндегі  сөз  бен  ұғымның 

тереңдегі  мәнін,  ой  түбіндегі  асыл  мағынасын 

ашады.  Екі  тармақ  көлемінде  көрініс  тапқан  әр 

ұғым да, екі тармақтың  тұтас болмысы да  мән 

мен  мағынаның  осындай  бірнеше  деңгейлі 

табиғатымен сипатталады. 

Ақынның  сөзінен  туындайтын  мазмұннан 

ақынның  ойынан  туындайтын  және  қабыл-

даушының  интерсубъективті  ойлау  қызметі 

деңгейінде  ғана  ашылатын  жасырын  мағына 



Абай институтының хабаршысы.  № 3 (9). 2011                                                                                          

 

 

27



 

әлдеқайда  күрделі,  терең.  Шығарма  жүйесінде 

мағынаның жасырынулы, дерексіз күйде көрініс 

табуы  көркемдік  ойлаудың  қуаттылығының, 

суреттілігінің,  бейнелілігінің  ерекше  белгісі, 

маңызды  көрсеткіші  болып  табылады.  Ақын 

шығармаларының  мұндай  онтологиялық  қыр-

лары  оның  көркемдік  әлеміндегі  жұмбақ 

сырының терең екендігін көрсетеді. 

 

 



Күшік иттей үріп жүр, 

Кісіден кеммін демейді...

 [3, 82] - 

 

деген  екі  тармақта  «сабырсыз,  арсыз,  еріншек, 



көрсе  қызар  жалмауыз»  жанның  бір  қыры 

көрініс  тапқан.  Алайда  үріп  жүрген  ол  емес. 

Осындағы  сөздердің  мағынасын  тура  қабыл-

дайтын болсақ, үріп жүрген - күшік. Иттей үріп 

жүрген  де  күшік.  Күшік  басымен  иттей  үріп, 

кісіден  кеммін  демейтін  де  сол.  Бірақ  бұл 

күшіктің  затты  образы  емес.  Бұл - «сабырсыз, 

арсыз,  еріншек,  көрсе  қызар  жалмауыз» 

жандардың нақты, затты бейнесімен қатар ұсы-

нылған  жасырынулы,  бүркемеленулі  образы. 

Құбылыстың 

затты 


және 

бүркемеленулі 

образдарының  тоғысуынан,  бірінің  екіншісіне 

көлеңкесін  түсіруінен  күрделі,  көп  қабатты 

түсінік туады. Түсінік ұғымға ұласады. Ұғым да 

жалаң  емес,  астарлы,  ашық  емес,  перделі. 

Сондықтан  да  оның  мағынасы  терең,  мазмұны 

бай, мәні зор. 

Мына  төрт  тармақ  өлеңдегі  поэтикалық  ой 

ақынның  өмір  құбылыстарын  өзге  арқылы  та-

нып,  таразылауы  нәтижесінде  емес,  тікелей  өз 

тәжірибесі  негізінде  өніп-өрбігендей  әсер 

қалдырады: 

 

Күшік асырап ит еттім, 



Ол балтырымды қанатты. 

Біреуге мылтық үйреттім, 

Ол мерген болды, мені атты

 [3, 289]. 



 

Әр  екі  тармақта  өзара  шектесіп,  шендесіп, 

қатар жарысып жатқан екі түрлі тұтасқан образ 

бар. Олардың арасындағы қайшылық, конфликт 

ақынның  «мені» мен  басқа  «біреу»  арасындағы 

қатынас  арқылы  ашылады.  Әр  образды  түзетін 

сөздердің,  сөз  тіркестерінің,  тармақтардың  өз 

мағынасы  бар:  лексикалық;  грамматикалық; 

стилистикалық.  Солардың  бәрі  тұтаса  келіп, 

бір-тұтас  образға  ұласқан  да,  одан  белгілі  бір 

жасы-рынулы,  астарлы  мағына  туған.  Ақын 

жасаған  образдың  осы  мағынасынан  өлеңнің 

бастапқы  екі  тармағының  мәні  ашылады. 

Кейінгі 


екі 

тар-мақтың 

мағыналық-

құрылымдық  табиғаты  жайында  да  осыны 

айтуға  болады.  Кісінің  бо-йындағы  опасыздық, 

сатқындық,  сұмпайылық  туралы  ойдың  мәнін 

жеткізу үшін, алғашқы екі тармақ та жеткілікті. 

Ал  осы  ойдың  мәнін  бір  образ  (хайуан  образы) 

арқылы  бір  кеңістікте,  екінші  образ  (адам 

образы) 


арқылы 

екінші 


кеңістікте 

ашу 


құбылыстың  жасырын,  бүркеулі  мағынасының 

мәнін  келесі  бір  деңгейде  барын-ша  толық, 

толымды  сипаттауға  мүмкіншілік  берген.  Бұл 

тәсіл  өмірдің  нақты  шындығы  тура-лы  түйінді 

ойды  бірнеше  сатылы  деңгейде  ұтымды 

бейнелеп  көрсетудің  таптырмас  поэти-калық 

құралы  қызметін  атқарады.  Сөз  бен  су-реттің, 

ой  мен  образдың  осындай  көп  мағыналы, 

бірнеше қатпарлы интерсубъективті  мәні ақын-

ның  «Қыран  құс  не  алмайды,  салса  баптап» 

өлеңінің  поэтикалық  жүйесінде  де  айшықты 

көрініс тапқан. 

«Қыран құс не алмайды, салса баптап» өле-

ңінде  дәстүрлі  қазақ  қоғамындағы  саятшылық 

суреті  берілген.  Біреу  баптаған  қыран  құсын 

қияға  жібергенде,  біреу  жанамалап  келіп, 

күйкентайын  қосады,  екінші  біреу  кимелеп  ке-

ліп,  қарғасын  жібереді.  Күйкентай  шықылық-

тап,  қыранның  үстінде  ұшса,  қарға  қарқылдап, 

қыранның  артына  түседі.  Екеуінің  бірі  шықы-

лықтап, бірі қарқылдап құр ұшқаны болмаса, не 

құс  алмайды,  не  аң  алмайды,  қыранға  да 

алдырмайды.  Күйкентай  мен  қарғаның  иелері 

осыған  мәз,  қуанғаннан  ыржақтап,  түні  бойы 

құстарын  мақтап  күпілдейді.  Тұтасқан  сурет. 

Айқара ашылған мінез. Мазмұн бай. Мазмұннан 

туындап  әрі  мазмұнды  байытып  тұрған  мағы-

нада  да  үлкен  мән  бар.  Бірақ  ол  көзге  көрін-

бейді,  көңілге  де  қона  қоймайды.  Қазақтың 

саятшылық  салтында  аң  мен  құсқа  күйкентай 

мен  қарғаны  баптап  салатын  әдет  жоқ.  Осыдан 

келіп,  ақынның  сөзбен  салған  суретінің 

астарлы,  метамағынасы  туралы  ой  туады.  Осы 

ойдың  желісін  ұстағанда,  өлеңдегі  саятшылық 

та,  қыран  да,  күйкентай  мен  қарға  да 

метаобраздар  екендігі  жайында  қорытынды 

жасауға  тура  келеді.  Оны  ашып,  қауызын 

аршып  айтар  болсақ,  ақын  өлеңінде  адам 

өмірінің  нақты  өз  шындығы  көрініс  тапқаны, 

«саятшылықтың»  аты  саятшылық  болғанда,  өзі 

қазақтың 

тұрмыс-тіршілігіндегі 

шындық 

өмірдің  нақ  өзі  екендігі,  қыранның  да, 



күйкентайдың  да,  қарғаның  да,  олардың 

иелерінің  де  түрлі  дәрежедегі,  түрлі  деңгейдегі 

жеке  тұлғалардың,  қолдарында  азды-көпті, 

үлкенді-кішілі 

биліктері, 

билікке 


жетпек 

ниеттері 

бар 

адамдардың 



жалпыланған, 

дерексізденген 

мінез-құлқы, 

іс-әрекеттері  

екендігі,  ал  олардың  құс  салып,  күйкентай  мен 

қарға  қосып  алмақ  болып  іздеп  жүргендері 

мақсат (мал, мансап, билік, мақтан, т.б.) екендігі 

туралы  ойға  тоқтар  едік.  Осы  реттен  келгенде, 

өлеңнің жұмбақ сипаты, метафоралық табиғаты, 

поэтикалық  жасырын  мағынасы  айқындала 

түседі 

де, 


ақынның 

образды 


ойының 

Абай институтының хабаршысы.  № 3 (9). 2011                                                                                          


1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал