Комитетінде тіркеліп 24. 12



жүктеу 2.26 Mb.
Pdf просмотр
бет22/22
Дата09.01.2017
өлшемі2.26 Mb.
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22

 

 

95

 



Жалғыз қайтіп барасың. 

Жалғыздық ісі қиынды 

Менің жайым мінеки. 

Танымаған ешкімді, 

Сіз кеткен соң, көкежан, 

Кемпір, шалдың қасында. 

Өзім жалғыз, өзім жас, 

Боламын кімге сыйымды?

 («Қыз Жібек»). 



 

Жыр  ырғағына  тән  айрықша  жеделдік,  ек-

пінділік  ондағы  сөздің  құйылып,  төгіліп  оты-

ратыны  оның  өлең  өлшеміндегі,  бунақ  кесте-

сіндегі өзгешеліктерімен тығыз байланысты» [8, 

138 б.]. 

Зәки  Ахметов  кейінде  лирикалық  өлеңнің 

жыр  атауын  алып  жүргенін  айтады.  Осында 

Абай  өлеңінің  өлшемі 7-8 буынды  болып 

келгенімен,  дәстүрлі  жырдан  қара  үзіп  кеткен 

өзгешелігін  қалыптастырған  қандай  қисындар, 

тек ой алымы, сөйлем құру тәсілі ме, әлде және 

де  бір  құпиялар  бар  ма  еді  деген  ойлар 

көлденеңдейді.  Жауапты,  әрине,  Абай  өлеңінен 

іздейміз.  Егер  айырым  белгі  тапсақ  (шумақ-

аралық  желілі  ұйқас,  ұйқастың  басқа  түрлері 

тұрғысынан  басқа  да),  ауызша  өлең  мен  жазба 

өлеңнің  жасалу  заңдылығының  тағы  бір  шарты 

танылар еді, теориялық негізге тартылар еді. 

Абайдың  бір  шоғыр  өлеңі  дәстүрлі  жыр 

өлшемі,  жыр  ырғағы,  жыр  құрылымы,  жыр 

ұйқасы  түрімен  шығарылғанын  байқау  қиын 

емес. Мәселен: «Абыралыға» арнау өлеңі. 

 

Мен / жасымнан / көп көрдім 



а 

Мұсылманды, / кәпірді 

 

б 

Абыралыдай көрмедім 

 

а 

Намаз білмес пақырды 

 

б 

Қира әтін оқытып   

 

в 

Көріп едім, шатылды.   б 

Ниет қыла білмейді,  

 

г 

Не қылады нәпілді.  

 

в 

 

Намазшамның артынан 



 

а 

Құржаң-құржаң етеді 

 

б 

Жер ұшық берген кісідей 

 

в 

Тоңқаңдай ма, не етеді 

 

б 

Нәпіл түгіл намазы -  

 

г 

Бәрі желге кетеді.  

 

б 

 

Еннатайка кәлкәусар,   а 



Пашол дереу, күнәһар 

 

а 

Аяғын ойлап айтқаны 

 

б 

«Әні-шаны күлантар»   а 

 

Осы оқумен намаздың  

 

в 

Қай жерінде сауап бар?  

а 

Тегін ойлап байқасаң,   г 

Мұнда еш жоқ, құлақ бар.    

а 

 

Абайдың  осында  халық  поэзиясымен  аста-



сып жатқан ұқсас үлгілері туралы Зәки Ахметов 

айтады. «Сонымен бірге ұлы ақынның таңдаулы  

 

шығармаларынан  халық  поэзиясының  өлең 



өрнегі  мен  сөз  кестесіне  жақындық  белгілер 

табуға болатынын көреміз. Мұны жыр өлшемін, 

оның  түйдек  ұйқасын  өте  ұтымды  ширатып, 

өзінше  қолдануынан  бір  көрсек,  ұйқаста  бірі-

мен-бірі үйлес көп етістіктерді тізіп келтіруінен 

және байқаймыз. Ал мұндай етістіктерден құра-

латын  ұйқастардың  халық  поэзиясында  да 

кездесетіні  мәлім.  Мысал  үшін  «Қыз  Жібек» 

және 

«Алпамыс» 



жырларының 

үзінділер 

алайық: 

 

Солқылдады қара жер, 



Көк жорға ит басса, былқылдап 

Ұршықтай соны бұлтылдап, 

Құйындай шаңы бұрқылдап...»

 [8, 138 б.]. 

 

Осы  бір  тұста  З.  Ахметов  ұйқастың («Қыз 



Жібек», «Алпамыс» жыры мен Абайдың «Жаз» 

өлеңіндегі - Қ.М.)  осы  түрінің  халық  поэзия-

сында ізі барын анықтауда деп ден қойған. 

Атап  өткен  «Абыралыға»  арнау  өлеңіндегі 

халық  поэзиясы  үлгісінен  біршама  қара  үзің-

кіреп кеткен өзгешелік - ұйқасты сөздердің етіс-

тіктен ғана құрылмағандығы. 

«Сап, сап, көңілім, сап, көңілімде» де соңғы 

бунақты  құрап  тұрған  сөз,  сөз  тіркестері  бір-

ыңғай сөз табынан алынып отырмаған. 

 

... Сап, сап, көңілім, сап, көңілім! 

Сана қылма бекерге. 

Сан қылғанмен пайда жоқ, 

Дүние даяр өтерге, 

Ажал даяр жетерге. 

 

Абайдың  біршама  аударма  өлеңі  де 7-8 



буынды  өлшеммен  келіп  отырады.  Мұндағы 

соңғы  бунақтар  көбіне  етістік,  есім  сөздермен 

келіп отырып ұйқасады. 

Абайдың  сөз  түрлендіру  жасампаздығы 

осындай, 7-8 буынды  дәстүрлі  негізден  оза, 

өзгеріп  туған  жыр  үлгісіндегі  өлеңдерінде  аса 

көзге  ұрып  тұрады. «Интернатта  оқып  жүр», 

«Ғылым  таппай  мақтанба», «Сабырсыз,  арсыз, 

еріншек», «Бөтен  елде  бар  болса», «Желсіз 

түнде  жарық  ай», «Ішім  өлген,  сыртым  сау», 

«Болыс  болдым,  мінеки», «Біреуден  біреу 

артылса», «Мәз  болады  болысың», «Білімдіден 

шыққан  сөз», «Сәулең  болса  кеудеңде», 

«Айтым  сәлем,  Қаламқас», «Қыз  сөзі», 

«Жастықтың  оты,  қандайсың»,  т.б.  көпшілік 

шығармасы - бұған дәлел. Ескеретін бір мәселе 

7-8 буынды туындыларды шумақ жөніне, ұйқас 

түріне  қарай  бір  үлгіде  абаб  ажыратып 

қарағанымыздай,  шумақтағы  тармақ  саны, 

ұйқас 


түрлеріне 

қарай 


жүйелеп, 

арғы 


негіздермен  сабақтастыра  зерделеуді  қазіргі 

өлеңтану  ғылымының  нәтижелері  бағытында 

жетілдіре  түссе - Абай  стилі,  Абай  сөзжасамы, 


Абай институтының хабаршысы.  № 3 (9). 2011

 

 

 

96

 



Абай  енгізген  өлеңдегі  өзгеріс  әлі  де  ашыла, 

айқындала түсетіндей. Мәселен: 

 

Амал жоқ - қайттым білдірмей, 

Япырмау, қайтіп айтамын? 

Қоймады дертің күйдірмей, 

Не салсаң да тартамын

 



Талайсыз, бақсыз мен сорлы, 

Еріксіз аттап ұяттан. 

Қорлыққа көндім бұл құрлы, 

Байқалар  халім  бұл  хаттан...

 («Татьянаның 

хаты»)  

мен 


 

Арғы атасы қажы еді 

Бейіштен тартқан шәрбәтті. 

Жарықтықтың өнері 

Айтуға тілді тербетті. 

Адалдық, ақыл жасынан 

Қозғапты, тыныштық бермепті. 

Мал түгіл жанға мырза еді 

Әр қиынға сермепті. 

Мұңды, шерлі, жоқ-жітік 

Аңсап ...... кернепті, -

 («Әбдірахман өлгенде») 

немесе: 

 

Тұла бойың ұят-ар едің, 



Ескеріп істеп, ойлаған. 

Тәуекелге нар едің, 

Талаппен терең бойлаған. 

Ерлікке де бар едің 

Үйренуге тоймаған. 

Жаның жас, ойға кәрі едің, 

Атаңның атын жоймаған. 

Замана неткен тар едің, 

Сол 

қалқамды 

қоймаған?!

  («Әбдірахман 

өліміне»),  

 

т.б. ұйқас жөні, шумақ  жігі  әркелкі,  бір қалып-



тан шықпаған туындылардың дәстүрлі негіздері 

де әр тарапқа тартып жатқаны анық.  

Осы  бағытта  да  абайтанудағы,  қазақ  өлең-

тануындағы  басты  нәтижелерді  негіз  ете  оты-

рып,  қайшы  пікірлер  болса,  себебін  жалықпай 

саралап тың пайымдауларға бару - қажеттілік.  

Бейсенбай Кенжебаев назар аударған, Абай-

ға ғана тән шығармашылық өріс деп бөліп атап 

көрсеткен  ерекшеліктің  ХІХ  ғасырдағы,  одан 

ілгерідегі қазақ өлеңінде балама үлгілері бар ма, 

жоқ  па  деген  де  сауал  тұрғысында  да  нақтылы 

салыстыру,  саралаулар  жасау - абайтанудағы 

нақтылы бір мәселені айқындай түсер еді.  

«Сонымен  бірге,  Абай  қазақтың  өзінен  бұ-

рынғы  өлеңдерінің  шумағы,  ұйқасы  негізінде 

жаңа  шумақтар,  ұйқастар  ойлап  шығарды. 

Абайдан  бұрынғы  қазақ  өлеңдерінің  шумағы, 

көбінше,  үш  түрлі  болып:  а)  үш  тармақты,  б) 

төрт  тармақты,  в)  көп  тармақты  болып  келуші 

еді;  көп  тармақты  болғанда  айнымалы:  біресе 

6,8,10  тармақты,  біресе 12,14,16 тармақты 

болып  келуші  еді.  Абай  осыларды  бір  ізге  кел-

тіріп,  нақпа-нақ  етіп,  өзінше  шумақтап,  өзінше 

ұйқастырды.  Атап  айтқанда,  Абай 17 өлең 

жырын,  әлгіндей,  өзінше  шумақтап,  өзінше  ұй-

қастырған» [6, 148 б.]. 

Б.Кенжебаев  бұл  он  жеті  өлеңнің  шумақ 

жағынан  үш  түрлі: 6 тармақты, 7 тармақты, 8 

тармақты  болып  келетінін, 7 өлең 6 тармақты, 

үш түрлі ұйқасты (аа-а-а, абабвв, аабааб); 4 өлең 

жеті  тармақты,  үш  түрлі  ұйқасты  (аабб - вва, 

абабвв,  абабввв); 8 тармақты  үш  өлең,  өлең 

ұйқасы  (аабввбгг,  ааабвбвб)  және 3 өлең  шу-

мағы ұйқасы әр жерде әр түрлі болып келетінін 

көрсеткен. 

Көбіне  Абай  енгізген  жаңалық,  қазақ  өле-

ңіне енгізген түр деп, кейінде осы  Б.Кенжебаев 

тоқталған  өлеңдер,  ғалым  өзі  олай  деп  айтпа-

ғанымен,  қабылданып  та  жүрді.  Негізінде  бұл 

өлеңдердің  бар  түрдің  түрленген  үлгісі  болуы 

да,  немесе  осы  үлгілердің  Абай  дәуіріндегі  бар 

үлгілер  болуы  ықтималдығы  да  ескеріле 

бермеген. 

Кейінде  Құлмат  Өмірәлиев  Бейсенбай 

Кенжебаев Абайдағы «өзінше шумақтап, өзінше 

ұйқастырған» 17 өлеңнің  бірі - «Келдік  талай 

жерге  ендіге»  қатысты  мынадай  қисындар 

айтады. 


«Дулатта  тақырыбы,  сөз  сарыны,  стиль 

жағынан  жоғарғы  өлеңдерден  бөліп  алғысыз, 

бірақ өлеңнің құрылысы, өлшем-өрнегі жағынан 

бөлек  бір  өлең  бар.  Ол - «Қылжың,  қалжақ 

туысқан».  Осы  өлең  Абайдың  «Келдік  талай 

жерге  енді»  деген  өлеңін  еске  түсіреді» [1, 98 

б.]. 

Бұл  өлең  жайлы  өлеңде  тұрақты  шумақтың 



жоқтығын, ұйқас  жөні  де  өзгеше  екендігін  айт-

қан  М.Әуезов  пікірін  негіз  ете  отырып  Құлмат 

Өмірәлиев мына жайға назар аудартады: «Дулат 

өлеңі  де  шумағы  жағынан  тұрақсыздығымен 

(шумақ  жолы  аз-көп  боп  келе  беруімен),  әр 

шумақтың ең соңғы жолындағы ұйқас пен келе-

сі  шумақтың  соңғы  жолындағы  ұйқасы  үйлесіп 

келуімен, яғни әрі шумақ іші ұйқасты жолы, әрі 



шумақ аралық желілі ұйқасты жолы бар ерекше 

өрнегімен  М.Әуезов  сипаттаған  Абай  өлеңіне 

өте ұқсас» [1, 98 б.]. 

Ғалым  бұл  жаңа  үлгі  дейді.  Осында  ілге-

рідегі Бұхардың Абылайға арнауының бірі «Ал, 

тілімді алмасаң» толғауының үлгісі көрінеді дер 

едік. 

 

Ал тілімді алмасаң, 



Ай, Абылай, Абылай, 

Сені алғаш көргенде  

Тұрымтайдай ұл едің, 

Түркістанда жүр едің. 

Әбілмәмбет патшаға 

Қызметкер болып тұр едің. 

Абай институтының хабаршысы.  № 3 (9). 2011

 

 

 

 

Қалтақтап жүріп күнелтіп, 



Үйсін Төле билердің 

Түйесін баққан құл едің. 

 

Бөгембайға қаратып: 



 

Уа, сен Қанжығалы Бөгембай, 

Тоқымы кетпес ұры едің. 

Түн қатып және жүр едің, 

Қабанбайдан бұрын найзаңды, 

Қай жерде жауға тіредің? - деген. 

 

Құлмат Өмірәлиев Дулаттың «Қылжақ, қыл-



жақ туысқан» атты 1 шумағы - 11 тармақты, 2-8, 

3-6, 4-8, 5, 8-5, 9-10, 10-2, 11-4 тармақты болып 

келген  өлеңін  талдауда  «шумақаралық  желілі 

ұйқас» дегенді қолданады. Және бұл ұйқас үлгі-

сі  Дулат  ортағасырлық  негізден  жаңғыртып 

тапқан түр деген мағынада жеткізеді. 

Осында  Шортанбай толғауларындағы  «Сөй-

те ме деп қорқамынның» шумақ аралата қайта-

ланып  келіп  отыруын,  жыраулық  поэзиядағы 

шумақ (түйдек - Қ.М.) аралық «Ұмыттың ба со-

ны,  Абылай!», «Батырың  өтті,  Бөгембай!»,  т.б. 

қайталаулардың Дулат, Абай қолданысымен ұқ-

састығы  да,  айырмасы  да  айқын  байқалатынын 

айтар едік. Үлгі ұқсас. Бірақ Дулат, Абай үлгісі 

сөйлемді  қайталап  отыруды  қомсынады,  олар 

шығарған  жазба  өлең  ауызша  туынды  тәсілін 

ілгері  оздырып,  жұтынған  өлеңнің  жымдасып 

кірігіп  кеткен  құрамы  мәнінде  жетілдіріп,  тия-

нақтаған.  

Осы  тұста  әдебиет  теоретиктері  айтатын 

әдістің  қайталануы,  атильдің  даралығы  деген 

мәселе тұр. 

Ауызша  мен  жазбашаның  айқын  айырым 

белгілеріне бастайтын қисындар тұр. 

Көреген ғалым Қажым Жұмалиев туған әде-

биетінің көкейтесті жайларын түбегейлі қозғап, 

қопарып көтерген. Жадағай, шаң қауып қалатын 

көлденең  пікірден  аулақ  тұғырлы  ұстанымдары 

әдеби мұраны бағалау мен тануда негізді тиянақ 

болып  отыру  мәнін,  құнын  әсте  ортайтпаған 

Қажым  Жұмалиевтің  мына  бір  түйінінде  де 

қалың астар бар. 

«... Қорыта келгенде, көркем әдебиеттің аты 

мәлім  авторы  болды,  ал  аттары  мәлім  ақын-

дардың біріншісі екіншісінің шығармасына әсе-

рін  тигізіп,  өзекті  сарындары  сабақтасып,  жал-

ғасып,  бір-бірімен  байланысты  болып  отыруы,  

 

 



 

бұлардың  көпшілігінің  жаза  білетін  сауаты  бар 

адамдар болып (қазақ жағдайында әуелде жазба 

түрінде  қалдыру  мүмкіншіліктерінің  де  бар-

лығы),  көркем  әдебиет  ер  жеткен  сананың 

сәулесі болуы - міне осылардың бәрін жинақтай 

келгенде  бұлар  жазба  әдебиеттің  өзіне  тән 

ерекшеліктері болып табылады» [10, 248 б.]. 

«Қазақ эпосы мен әдебиет тарихының мәсе-

лелері»  монографиясында  ғалым  «тарихи  әде-

биет» деген ұғымды әдебиет тарихы деген мәсе-

лені  жазба  әдебиет  мәселесімен  тұтастыра  қа-

растырғаны  белгілі. «Әдебиет  тарихын  Бұхар-

дан  бастаймыз,  себебі...»  деп  келтіретін  тұжы-

рымдары  қазақ  әдебиеті  тарихының  ілгергі 

замандарға  іргесін  кеңейткен  бүгінгі  танылу 

қалпының  мазмұнына  толық  сәйкес  келіп  жат-

қанын  көрмеуге  болмайды.  Бұл - өз  алдына 

үлкен әңгіме. 

Ауызша мен жазба  әдебиетті айырудың көп 

қисынының  ХІХ  ғасыр  ғана  емес,  қазақ  әде-

биетінің бар тарихындағы орталық тұлға Абайға 

барып соғып, сол тұстан айғақтала түсіп жатуы 

- әдеби дамудың тарихи фактісі. 

Қазақ поэзиясының қанға біткен құнарымен 

қуаттанып,  еркеленіп  шыққан  Абайдың  асыл 

сөзі - ұлттық құндылық. 

ӘДЕБИЕТ

 

1.  Өмірәлиев  Қ.  Қазақ  поэзиясының  жанры  мен 

стилі  (ХІХ  ғ.  бірінші  жартысы). - Алматы:  Ғылым, 

1983. - 240 б. 

2.Уәлиханов Ш. Таңдамалы. - Алматы, 1985. – 570б. 

3.  Жұмалиев  Қ.  Қазақ  әдебиеті  тарихының 

мәселелері  және  Абай  поэзиясының  тілі. – Алматы: 

Қазмемәдеббас, 1960. - 364 б. 

4.  Баласағұн  Ж.  Құтты  білік / Көне  түркі  тілінен 

аударған, алғы сөзі мен түсініктерін жазған А.Егеубай. 

- Алматы: Өлке, 2006. - 640 б.  

5.  Әбдірәсілқызы  А.  Қожа  Ахмет  Йассауидің 

ақындық  әлемі  (монография). - Алматы:  Кие» 

лингвотану инновациялық орталығы, 2007. - 264 б. 

6.  Кенжебаев  Б.  Түрік  қағанатынан  бүгнгі  дейін... 

/Құрастырып,  алғы  сөзін  жазған  ф.ғ.д.,  профессор 

Қ.Ергөбек. - Алматы: Ана тілі, 2004. - 344 б.  

7.  Кенжебаев  Б.  Әдебиет  белестері:  Зерттеулер, 

мақалалар. - Алматы: Жазушы, 1986. - 400 б.  

8.  Ахметов  З.  Өлең  сөздің  теориясы. - Алматы: 

Мектеп, 1973. - 212 б. 

9. Байтұрсынұлы А. Ақ жол. - Алматы, 1991. - 494б.  

10.  Жұмалиев  Қ.  Қазақ  эпосы  мен  әдебиет 

тарихының мәселелері. - Алматы, 1958. - 289 б. 

 

 

 

 

 

                                                                      * * * 

 

 

 



 

Абай институтының хабаршысы.  № 3 (9). 2011

 

 

 

98

 



 

«Абай институтының хабаршысы» журналына авторлардың мақала жариялау 

ережелері

 

1. Мақала авторы, автор туралы ақпарат, ғылым докторының мақалаға берілген рецензиясы, ақы төлеу туралы 



түбіртек  көшірмесі  пошта  арқылы  редакция  мекенжайына  арнайы  хатпен  жіберіледі  немесе  қолма  қол 

ұсынылады. Әр бетте мақала авторының растайтын қолы қойылып, сонғы бетіне кадр бөлімінің мөрі басылады. 

Сондай-ақ мақаланың электронды нұсқасы 

Abai_instkaznu@mail.ru

 мекенжайы бойынша қабылданады.  

2.  Мақалаларға  қазақ,  орыс,  ағылшын  тілдерінде,  барлығы  100  сөзден    аспайтын  т‰йін-резюме-abstract  және 

кілт сөздер берілуі тиіс. 

3.  Мақала  А-4  форматта WORD редакторында, «Times New Roman» қаріптерінде  (шрифт)  терілуі  тиіс,  қаріп 

өлшемі – 12, жол аралығы (интервал) – 1. 

4. Сол жағынан 20 мм, жоғары, төменгі және оң жағынан – 20 мм қалдырылып жазылады.  

5. Материал көлемі суреттер мен библиографияны қосқанда 4-8 беттен аспауы керек.  

6.  Мақала  тақырыбы  бас  әріппен,  бір  қатардан  соң  автор(лар)  туралы  толық  мәлімет,  яғни  1)  аты-жөні; 2) 

ғылыми  дәрежесі

; 3) ғылыми  атағы; 4) мансабы; 5) қызмет  орны; 6) ізденушінің  оқу  орны; 7) магистрант, 

докторант мамандығының шифры мен атауы;  8) мекен-жайы; 9) байланыс телефоны; 10)  электронды поштасы 

толық жазылады Бірлесіп жазылған мақалаға авторлардың қолдары қойылғаннан кейін  негізгі мәтін бір қатар 

тасталып жазылады. 

8. Магистрант, докторанттар үшін оқу орнынан мөр басылған анықтама қағазы талап етіледі. 

9. Ғылым докторының мақалаға берілген рецензиясына (ғылым кандидаттары мен ғылыми атағы жоқ адамдар 

үшін) кадр бөлімінің мөрі басылып, рецензия берушінің қолы қойылады.  

10.  Сілтеме  жасалған  әдебиеттер  мен  дереккөздер  тік  жақшада  рет  саны  бойынша  беттері  көрсетіліп,  тізімі 

мақаланың  соңында  беріледі  (мысалы [1,7]).Барлық  цитаталарға  да  сілтеме  берілуі  тиіс.  Баспада  жарық 

көрмеген жұмыстарға библиографиялық сілтеме жасалмайды. Авторлар цитата мазмұнын толық сақтауына, 

әдебиеттер тізімінің растығына жауап береді.   

11.  Библиографиялық  тізім  алфавит  бойынша  жазылады.  Пайдаланған  әдебиеттер  тізімі  мақала  соңында  

беріледі  және  мақаланың  жалпы  көлеміне  кіреді.  Олардың  рәсімделуі  арнайы  библиографиялық  ережелер 

бойынша  мемлекеттік  стандарт  (ГОСТ) 7.1 – 2003 «Библиографиялық  жазба.  Библиографическое  описание. 

Жалпы ережелер мен құрастыру тәжірибесі» бойынша жасалады. Пайдаланған әдібиеттер тізімін берген кезде 

мына мәліметтер міндетті түрде көрсетілуі тиіс:  

·        кітаптар үшін – автордың аты-жөні, кітаптың толық атауы, шығарылған баспасы мен шығарылған жері, 

жылы, том немесе шығарылымы және жалпы бет саны;  

·        мерзімдік басылымдағы мақалалар үшін – автордың аты-жөні, мақала аты, журналдың (жинақ) толық 

аты, жылы (жинақ үшін баспа аты), том, номері (шығарылым), мақаланың бірінші және сонғы беті;    

·         мерзімдік  емес  басылымдағы  (кітаптардағы)  мақалалар  үшін    автордың  аты-жөні,  мақала  аты, 

кітаптың (жинақтың) толық атауы, шығарылған баспасы мен шығарылған жері, жылы, мақаланың бірінші және 

сонғы беті;    

·        конференцияларда жасалған (семинар, симпозиум) баяндамалар мен тезистер үшін – автордың аты-

жөні,  баяндама  атауы,  жинақ  немесе  конференция  материалдарының  толық  атауы,  конференция  орны  мен 

өткен мерзімі, том, номері (шығарылым), тезис пен баяндама мәтінінің бірінші және сонғы беті;    

·        диссертациялар үшін – автордың аты-жөні, мамандықтың толық аты мен шифры, қорғаған уақыты мен 

жері.  

Библиографиялық жазбаларды жүргізу үлгілері:  

1)  Гиндин  И.Ф.,  Гефтер  М.Я.,  Требования  дворянства  и  финансово-экономическая  политика  царского 

правительства в 1880-1890-х годах // Исторические заметки. 1957. № 4. С. 34-64. 

2) Дәдебаев Ж. Жазушы еңбегі. – Алматы: Қазақ университеті, 2001, - 336 б.  

3)  Четвериков  Н.С.  Сглаживание  динамических  рядов / Статистический  анализ  экономической 

статистики. М.: Наука, 1973. С. 106-135.  

4) Жұмабаев М. Ақан сері // Сана. – 1924. – №1. – 12-13 бб. 

12.   Мақаладағы  барлық  қысқартулар  термин  толық  жызылғаннан  кейін  ғана  көрсетіледі.  Жалпыға 

бірдей түсінікті қысқартулар (аббревиатуралыр) қолданылып, халықаралық номенклатура бойынша терминдер 

пайдаланған абзал.  

13.   Мақалалар  авторға  қайтарылмайды.  Жоғарыда  аталған  талаптарға  сай  келмейтін  мақалалар 

редакция  алқасы  шешімімен  баспаға  жіберілмейді.  Қабылданбаған  мақала  авторына  тиісті  хабарлама 

жіберіледі.  

 

Редакция  алқасы  авторлардың  жоғарыда  аталған  талаптар  мен  үлгілер  бойынша  мақала 



рәсімдеуге баса назар аударуын сұрайды.  

жүктеу 2.26 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет