Комитетінде тіркеліп 24. 12



жүктеу 2.26 Mb.

бет18/22
Дата09.01.2017
өлшемі2.26 Mb.
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22

 

 

77

 



көзімен  қарамасқа  амал  жоқ.  Ақынның 

өлеңіндегі  мына  тармақтағы  ой  да  жадағай 

аударылған: 

 

Ары бар, ақылы бар, ұяты бар 



Ата-ананың қызынан ғапыл қалма

 [1,61] 


 

Но, если это дочь людей хороших, 

Не будь глупцом, не упускай - женись!

 [7,39]. 

 

Ақын  қыздың  ата-анасы  туралы  «ары  бар, 



ақылы  бар,  ұяты  бар»  деген  кісі  қасиетін  тара-

зылап,  анықтайтын  сөздерді  бекер  айтып  отыр-

ған жоқ. Ары бар, ақылы бар, ұяты бар ата-ана 

тәрбиелеп  өсірген  қыз  да  жаман  болмайды. 

Мұндай  ұғым  қазақта  күні  бүгінге  дейін  бар. 

Аударма «ары бар, ақылы бар, ұяты бар» деген 

кісі  қасиетін  анықтайтын  бірнеше  ұғымның, 

түсініктін  орнына  аудармашы  «жақсы» (хоро-

ших  людей)  деген  бір  ғана  ұғымды  жеткізеді. 

Әрине, «жақсы  ата-ана»  ұғымы  мен  «ары  бар, 

ақылы  бар,  ұяты  бар  ата-ана»  ұғымы  арасында 

едәуір  өзгешелік  барын  жоққа  шығаруға  бол-

майды. Сонымен бірге Абайдың танымында ар-

ұят,  ақыл  туралы  толғамдар  оның  дүниетаны-

мын,  философиялық  тұрғысын  танытатын  эсте-

тикалық  категориялармен  ұштасады.  Бір  ғана 

айтып  қоя  салған  сөз  не  ұғым  болса,  онда  оны 

аудармашы осы үлгіде де аударуы мүмкін және 

одан  айтарлықтай  олқылықты  көре  қою  да 

қиын.  Ал  мұндай  ұғымдар  мен  түсініктер 

ақынның  дүниетанымын,  ақындық-азаматтық 

тұрғысын  белгілейтін  ұғымдармен  астасып, 

сабақтасып  жатқан  жағдайда,  оларды  басқа  бір 

қарапайым  сөзбен  немесе  ұғыммен  алмастыру 

орынсыз болып табылады. 

Аудармадағы  мазмұн мен  түпнұсқадағы ма-

ғына  арасында  ешқандай  жақындық  жоқ.  Тіпті 

аударманың  Абайдың  өлеңіне  қатысы  барын 

анықтау  мүмкін  емес.  Сірә,  аудармашының  өзі 

де  Абайдың  айтып  отырған  сөзінің  мәнісін 

толық  түсінбеген  болса  керек.  Мұндай  олқы-

лықтар  аудармашы  түпнұсқада  суреттелген 

оқиғалар,  құбылыстар  тобын  тани  алмағанда, 

түпнұсқаның тілін, мазмұны мен пішінін мүлде 

байымдай  алмағанда,  сондай-ақ  оны  танып-

білуге талпынып, тер төгіп еңбектене алмағанда 

ғана туады. Өлең сөздің аудармасы тек ақынмен 

сөз  жарыстыру  немесе  ақынның  өлеңінің 

мазмұнын өзінше баяндау емес, ол - өнер, өнер 

болғанда да өте биік өнер қатарына жатады [8]. 

Мұндай өнерге өнерпаздың көзімен қарап, өнер-

паздың көңілімен бұрылып қарау шарт. 

Аударма өзінің болмыс-бітімімен де, қоғам-

дағы  көркемдік-эстетикалық  және  әлеуметтік 

қызметімен  де  түпнұсқамен  етене  байланысты. 

Оның  қызметінің  қандайын  да  түпнұсқаның 

болмыс-бітімінен,  табиғатынан  бөліп  тастап, 

жеке-дара қарастыруға, бағалауға, сондай-ақ қа-

былдауға  болмайды.  Екінші  жағынан,  түпнұс-

қаның  көркемдік-эстетикалық  және  әлеуметтік 

қызметі  мен  мәнін  аударманың  дәл  осындай 

қызметімен  салыстырып  қана  қоймай,  оларға 

бір талап, бір өлшеммен қарау тағы да орынсыз 

болып  табылады.  Түпнұсқаның  табиғатындағы 

мазмұндық  және  пішіндік  құбылыстардың 

негіз-гі  желісі  аудармада  көрініс  тапқанмен, 

оның  көзге  көрінбейтін,  тек  көңілмен  ғана 

танып  біле-тін,  белгілі  ұлттық  тілдің  табиғи 

ерекшелігінен  туындап  жататын  ішкі  байлығы, 

сөз  бен  сөздің,  ой  мен  ойдың  жанасуынан 

тұтанып  жататын  қосымша  поэтикалық  мағына 

аудармаға  өте  сирек  көшеді.  Бұл  қажет 

болмағандықтан емес, аудармашының ақындық 

мүмкіншілігінің 

шек-теулілігінен. 

Осының 


салдарынан 

аударманың 

түпнұсқадан 

алшақтауы,  тіпті  «жаттануы»  келіп  туады. 

Аударма  мен  түпнұсқа  арасындағы  мұндай 

ерекшеліктердің 

негізінде 

олардың 


бірін 

екіншісіне  қарсы  қойып,  олардың  бір-біріне 

сәйкестігін  немесе  сәйкессіздігін  үзілді-кесілді 

тұжырымдау аударма теориясы үшін бірден бір 

дұрыс  шешім  бола  бермейді.  Аударма  мен 

түпнұсқа  арасындағы  сәйкестік  пен  сәйкес-

сіздікті  өзара  тығыз  байланыста,  даму,  өзгеріс 

үстіндегі  құбылыс  ретінде  пайымдаған  абзал. 

Өйткені  әдебиет  үшін  аударманың  дәлдігі 

қанша  бағалы  десек  те,  айналып  келгенде,  ше-

шуші  пікір  оны,  аударма  туындыны,  қабыл-

даудың,  эстетикалық  қабылдаудың  сипатына 

орай түйінделеді. 

«Әсемпаз  болма  әр  неге» - ақынның  жас-

тарды  адамгершілікке,  кісілікке  шақырған,  тәр-

биелік 


мәні 

жоғары 


өлеңдерінің 

бірі. 


Жастардың  бойына  лайықты  қасиеттерді, 

олардың  еліне,  халыққа  пайдалы  болуына  жол 

ашатын  адам-гершілік  өлшемдерін  насихаттай 

отырып,  ақын  ақыл,  қайрат,  шафқат  секілді 

гуманистік 

сипат-тағы 

қасиеттерді 

бөліп 


көрсетіп,  олардың  халық  игілігіне,  ізгі  жолға 

жұмсаудың маңызын жоға-ры бағалайды. Ақын 

ұстаздық  сөзін,  адамгер-шілік  қағидаларын 

«терең 


түрдегі 

мораль 


философиясымен 

байланыстыра  айтады» [5, 162]. Өлеңде  адам 

болам  деген  кісінің  өмірден  өз  орнын  табуына, 

орын 


болғанда, 

кісілігімен, 

биік 

адамгершілігімен,  өнерімен,  білімімен  ел 



игілігіне  қызмет  жасау  арқылы  айқындалатын 

орынды  табуына  жол  нұсқаған  ғибрат  бар. 

Дүниенің  бір  кетігіне  кірпіш  болып  қаланудың 

мағынасында  «сол  кетікті  толтырудың  өнерін 

біл дегенді, қара күшпен емес, біліммен меңгер 

дегенді  ұсынады» [9, 243; 10, 88]. Бұл – Абай-

дың  өмірлік  тұрғысы  мен  ақындық  нысана-

сындағы  ірі,  биік  идеялардың  бірі.  Оны 



Абай институтының хабаршысы.  № 3 (9). 2011

 

 

 

78

 



білдіретін, оның мәнісін ашатын бірнеше ойлар, 

тақырыпшалар  өлең  желісінде  өзара  тұтасып 

жатыр.  Аудармада  оларды  ретімен,  жүйесімен 

жеткізгенде  ғана  түпнұсқаның  идеялық  мазмұ-

ны, ақынның ұстаздық  ғибратының  мәні дұрыс 

ашылады.  Вс.  Рождественский  бұл  орайда  көп 

еңбек  сіңірген.  Аударманың  көркемдік  сипаты 

жоғары.  Абайтану  саласындағы  зерттеу  еңбек-

терде  осы  өлеңнің  мазмұны  мен  мәні,  идеясы 

туралы  айтылған  ойлар  аудармаға  да  қатысты 

қабылдана  ма,  аударма  туралы  да  осы  ойларды 

іркілмей  айтуға  бола  ма  деген  сұрақтардың 

тууы 

заңды. 


Жалпы 

алғанда, 

абайтану 

ғылымында  бұл  өлеңге  қатысты  түйінделген 

басты  ойлар-дың  қорытындысы  аудармаға 

қатысты айтуға да лайықты. Алайда аудармадан 

өлеңнің  басты  идеялық  мазмұнын  табумен 

қанағаттанбау  керек.  Өлеңнің  мазмұндық 

желісін  түзетін  то-лып  жатқан  үлкенді-кішілі 

жекелеген ойлар мен толғаныстардың сипаты да 

аудармада  қажетті  поэтикалық  қуатпен  берілуі 

шарт. 


Осы  ретте  аудармашылардың  түпнұсқаның 

табиғатын  қаншалықты  дәл  сақтағаны  немесе 

дәл  сақтай  алмағаны  арнайы  талдауды  талап 

етеді. 


 

Әсемпаз болма әр неге, 

Будь разборчив в пути своем, 

Өнерпаз болсаң, арқалан. 

Если ты талантлив - гордись.  

Сен де бір кірпіш, дүниеге 

И надежным лишь кирпичом  

Кетігін тап та, бар, қалан! 

В стену строящуюся ложись. 

 

Қайрат пен ақыл жол табар, 



Убегающий видит путь, 

Қашқанға да, қуғанға. 

Догоняющий вслед спешит. 

Әділет, шапағат кімде бар – 

Воля с разумом их ведут. 

Сол жарасар туғанға. 

Справедливость - вот свет души. 

 

Бастапқы екеу соңғысы, 



Если воля есть, умживет. 

Біте қалса қазаққа, 

Доброты же правды нет, - 

Алдың - жалын, артың - мұз, 

Впереди огонь, сзади лед, 

Барар едің қай жаққа?[1,205] 

И никак не уйти от бед

 [7,111]. 

 

Өлеңнің әр тармағын түпнұсқа мен аударма 



бойынша  салыстырып  қарағанда,  аудармашы-

ның кейде орынды, оралымды, кейде орынсыз іс 

жасағаны  белгілі  болады.  Әр  тармақтың  нақты 

мазмұнын  ұстанып,  аудармадан  соны  іздеген 

жағдайда,  аудармашының  әр  жолына  сын 

айтуға  болады.  М.С.Сильченко  өлеңнің  жолма-

жол 

аудармасын 



жасағанда, 

түпнұсқаға 

Вс.Рождес-твенскийден 

әлдеқайда 

жақын 

барады  әрі оның мазмұнын да дұрыс жеткізеді. 



Өлеңнің 

бастап-қы 

екі 

тармағандағы 



өзгешеліктерге  назар  аудармай,  кейінгі  екі 

тармақтың  аударылу  жайына  назар  аударып 

көрейік. 

М.С.Сильченко 

бұл 

жолдардың 



аудармасын жолма-жол былай береді: 

 

Ты ведь только кирпич во вселенной, 



Иди (на свое место) и точно ложись

 [11,181]. 

 

М.С.Сильченко  әр  тармақтың  мағынасын 



дәл беруге тырысқанмен, айтарлықтай нәтижеге 

жете алмаған. Бірінші тармақтың мазмұны бел-

гілі  дәрежеде  түпнұсқаға  жақын.  Алайда  мына 

жолдардан  «сен  де  бір  әлемдегі  кірпішсің»  де-

ген ұғым туады. Ақынның дүние деп отырғаны 

әлем  (вселенная)  емес,  өмір  дегенді  білдіреді. 

Екіншіден,  ақынның  айтып  отырған  «дүние» 

сөзі  қандай  оймен,  қай  тармақтағы  ойдың  маз-

мұнымен  сабақтасып  жатқанын  жолма-жол 

аудармашы тап басып ажырата алмаған. Соның 

нәтижесінде бұл аудармадан «сен де бір кірпіш-

сің  дүниедегі,  бар  да,  орнынды  тауып  жат» 

деген  мағына  туады.  Оның  үстіне  екінші  тар-

мақтың  аудармасын  жолма-жол  аударма  қата-

рында  тану  қиын.  Ал  Вс.Рождественскийдің 

аудармасынан  гөрі  жатық,  түпнұсқаның  мазмұ-

нын  тура  болмаса  да,  бір  шама  сақтай  алған. 

Әйтсе  де  оның  аудармасынан  түпнұсқадағы 

мазмұннан  өзгеше, «қаланып  жатқан  қабырғаға 

мықты  бір  кірпіш  болып  жата  қал»  деген 

сияқты  тым  қарабайыр  ой  туындайды.  Әрине, 

түпнұс-қамен таныс емес орыс тілді оқушы осы 

аудар-маның  өзінен  де  үлкен  ой  тауып,  үлкен 

толға-нысқа  түсуі  ғажап  емес.  Ол  оқушының 

білім  деңгейіне,  таным  дәрежесіне  тікелей 

байла-нысты.  Әйтсе  де  түпнұсқаның  мазмұнын 

мүм-кіндігінше дәл жеткізген аударма қатарына 

бұны  да  қосуға  болмайды.  Абай  бұл  жерде  өз 

тілінде еркін айтқан ойының бейнелі табиғатын 

аудармада жоғалтып алып отыр. Екінші шумақ-

ты  тұтастай  және  әрбір  тармақ  бойынша  са-

лыстырып  шыққанда,  бұдан  да  өрескел  ауыт-

қулардың  беті  ашылады.  Бұл  жерде  тағы  да 

М.С.Сильченконың  жолма-жол  аудармасына 

сүйенген дүрыс. Ол бұл шумақтың екі тармаған 

мына тәртіппен аударған: 

 

Энергия и разум откроют путь 

И убегающему, и настигающему

 [11,181]. 

 

Бірінші 



жол 

түпнұсқаның 

мазмұнын, 

шынында  да,  дәлме-дәл,  тура  жеткізіп  түр.  Ал 

екінші жолдың соңғы сөзі түпнұсқадағы «қуған-

ға»  сөзінің  мағынасын  жеткізетін  балама  сөз 

қатарына  жатпайды.  Дегенмен  М.С.  Сильченко 


Абай институтының хабаршысы.  № 3 (9). 2011

 

 

 

79

 



бұл  екі  тармақтың  негізгі  мазмұнын  дұрыс 

берген.  Вс.Рождественскийдің  аудармасынан 

көркемдік  тапқанмен,  мұндай  дәлдікті  табу 

қиын.  Тіпті  бұл  екі  тармақ  түпнұсқадан  мүлде 

алшақтап, мүлде басқа мағынаны білдіретін сөз-

дердің  тобына  айналып  кеткен.  Бұдан  түпнұс-

қадағы  мазмұн  мен  аудармадағы  мазмұн  ара-

сында  ешқандай  жақындық  жоқтығы  көзге 

түседі. Шумақтың кейінгі екі тармағы туралы да 

осыны айтқан дұрыс деп ойлаймыз. 

Шумақтағы басты, өзекті ойды ұстап тұрған 

екі  ұғым  бар.  Олардың  бірі - қайрат,  екіншісі - 

ақыл.  Аудармада  бұл  екі  ұғым  жоқ.  Осы  шу-

мақтағы  және  бір  басты,  өзекті  ойды  ұстап 

тұрған келесі жұп ұғымдар - әділет пен шапағат. 

Аудармада  бұл  екі  ұғым  да  жалаңаш,  жадағай 

күйге түскен. Өлеңнің мағыналық-құрылымдық 

жүйесінде  бұл  аталған  ұғымдар  ақынның  айтар 

ойының  негізін  құрайды  және  бір  шумақтан 

келесі  шумаққа  жалғасып  жатады.  Мына  шу-

мақта  бұл  ұғымдардан  көз  жазып  қалған  ау-

дармашы  келесі  шумақты  аударуға  келгенде, 

одан ары қарай адасады. Екінші шумақтағы қай-

рат  пен  ақыл,  әділет  пен  шапағат  үшінші  шу-

мақта  тура  аталмайды,  ақын  оларды  «бастапқы 

екеу»  және  «соңғы»  деп  басқа  сөздер  арқылы 

береді.  Бұл  ұғымдардан  әуелде  көз  жазып 

қалған  аудармашы  кейінгі  шумақтағы  бұл  сөз-

дердің  мәнісіне  терең  бойлай  алмай,  тағы  да 

өзінше жырлап кетеді. Оның үстіне аудармашы 

ақынның  осы  шумақтың  алғашқы  екі  тармағын 

тіпті  орыс  тілінің  талаптарына  сай  бермегені 

байқалады.  Әйтпесе  дәл  осындай  өлең  тармақ-

тарын  немесе  синтаксистік  құрылымды  орыс 

тіліне  лайықты  деуге  бола  ма?  Біздіңше,  бол-

майды.  Бұл  секілді  аударма  түпнұсқаның  маз-

мұнын  кедейлендіреді,  ақынның  шығармашы-

лық даралығын жояды. 

Жоғарыда 

аталғандай 

ауытқушылық 

өлеңнің  түрік  тіліндегі  аудармасында  да 

кездеседі.  Түрік  тілі  орыс  тілі  сияқты  емес, 

қазақ тілімен негізі бір, түбірі бір, қазіргі шақта 

да лексикалық қоры үндес тіл қатарына жатады. 

Соған 


қарамастан 

өлеңді 


түрік 

тіліне 


аударушылар  ақын  өлеңінің  кейбір  нәзік 

иірімдерін тап басып тани алмаған секілді. Оған 

мына  үзінді  мысал  бола  алады:  Абайдың 

«Бастапқы  екеу  соңғысыз»  деген  тар-мағын 

аудармашы  өзінше  бағалап,  бұлардың  мәнін 

орын-орнына  қояды.  Бірақ  «бастапқы  екеудің» 

орнына  аудармашылар  үш  ұғым-үш  қасиетті 

қатар 


алады. 

Абайдың 


айтып 

отырған 


«бастапқы  екеуінің»  үстіне  «соңғының»  бірін 

қосып  жібереді.  Сонда  аудармада  «қайрат, 

ақыл, әділет» үшеуі туралы айтылады [7, 96-97]. 

Абай  бұл  үшеуін  қатар  алған  емес,  алғашқы 

екеуі  қазақта  болып,  соңғысы  болмаса  деген 

ұғым  осылайша  бұзылған.  Оның  үстіне 

аудармашы-лар осы үшеуінің қазақтың бойында 

болуы  туралы  емес,  болмауы  туралы  ұғымды 

береді де, бұл үшеуі қазақта болмаса, сонда ғана 

оның  алды  жалын,  арты  мұз  болатындай 

түсінікті ұсынады. Біздіңше, аудармашылар бұл 

үш  ұғымды  бекер  бір  қатардағы  құбылыстар 

ретінде  таныған.  Абайдың  ұғымында  бұл  қаси-

еттер, «бастапқы  екеу»  және  «соңғысы»  қазақ-

тың  бойына  қатар  бітер  болса,  онда  қазақтың 

қасиеті мүлде  басқаша сипатымен ерекшеленер 

еді. «Соңғысы»  болмай, «бастапқы  екеу» 

бойында  болғанда  ғана  қазақтың  алды  жалын, 

арты  мұз  секілді  күйі  туындайды.  Мұның  өзі 

ақынның  ойын,  өлеңнің  мазмұнын,  құрылым 

жүйесін мүлде басқа бағытқа бұрған. 

«Әсемпаз  болма  әрнеге»  өлеңінің  бастапқы 

мағыналық  бөлімінде  ақын  адам  алдына  нақты 

бір  міндет  қойып,  оған  белгілі  бір  халықтық 

маңызы бар пайдалы істі атқаруды парыз етеді. 

Екінші  мағыналық  бөлімде  бұл  міндет  пен  па-

рызды  атқару  үшін  кісілік  қасиеттерді - қайрат 

пен  ақыл,  әділет  пен  шапағат - көрсетеді.  Осы 

бөлімнің  жалғасы  болып  табылатын  келесі 

шумақта  адам  бойында  осы  қасиеттердің  бас-

тапқы  екеуі - қайрат  пен  ақыл - болып,  кейінгі 

екеуі  табылмаған  жағдайда,  кісінің  адамгер-

шілік негізі сұйылып, бағыт-бағдарсыз, нысана-

тұрғысыз  өмір  кешетіні  жайында  терең 

әлеуметтік  ой  түйінделеді.  Мұндағы  әділет  пен 

шапағаттың  шет  қалуы,  кісі  бойынан  табыл-

мауы  туралы  ойдың  негізінде  ақынның  жүрек 

туралы  ойлары,  жүрек  туралы  үстанған 

эстетикалық биік нысанасы бар [12, 279-281]. 

Ақынның  "Он  жетінші  сөзі», «Әуелде  бір 

суық  мұз - ақыл  зерек», «Жүректе  қайрат 

болма-са»  және  басқа  шығармалары  кісі 

бойындағы  осындай  асыл  қасиеттердің  адам 

өміріндегі, 

қоғам, 

әлеумет 


тіршілігіндегі 

маңызы  туралы  тұтасқан  ой-пікір  жүйесін 

баяндайды. 

Ақынның 


эстетикалық 

биік 


нысанасын,  қоғамдық  пікірін,  дүниетанымын, 

адамгершілік  келбетін  таны-татын  бұл  секілді 

танымдық  мәні  жоғары  пікірлерді  аудармада 

жүйесін бұзбай, олардың арасындағы бірлік пен 

тұтастықты  сақтай  отырып  жеткізу - аса 

маңызды шығармашылық міндет. 

«Әсемпаз  болма  әр  неге»  өлеңіндегі  «қай-

рат»  сөзін  М.С.Сильченко  «энергия»  деп,  Вс. 

Рождественский  «воля»  деп  аударады.  Қайрат 

пен  воля  екеуі  қазақ  ұғымында  бір  сөз 

болмағанмен, өзара шектес, жақын. «Әуелде бір 

суық  мұз - ақыл  зерек»  өлеңін  орыс  тіліне 

аударған  А.  Штейнберг  те  бұл  сөзді  осылай 

аударады.  Екі  аудармашының  да  ақын  шығар-

машылығында орталық желіні түзетін, ақынның 

көзқарасын  аңғартатын  танымдық  сипаттағы 



Абай институтының хабаршысы.  № 3 (9). 2011

 

 

 

80

 



ұғымды бірдей, біркелкі аударуы орынды болып 

шыққан.  Ал  түпнұсқаның  жалпы  мазмұны  ау-

дармада  қалай  шыққанын,  ақынның  дүние-

танымын,  зор  толғанысының  мәнісін  аудар-

машылардың  қалай,  қандай  дәрежеде  бере 

алғанын байқау үшін, мынадай салыстыруларға 

назар аударайық: 

 

Әуелде бір суық мұз - ақыл зерек, 



Жылытқан тұла бойды ыстық журек. 

Тоқтаулылық, талапты шыдамдылық, 

Б ұ л  қайраттан шығады, білсең керек. 

Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста, 

Сонда толық боласың елден бөлек

 [1, 128]. 

 

Острый разум чист, словно пласт ледяной, 



В непослушливом сердце - кипучий зной. 

Терпеливую мысль и пылкую страсть 

В силах ты обуздать лишь волей одной. 

Только тот, кто сердце и разум скует 

Непреклонной волей, - достигнет высот

 [7, 76-

77]. 


 

Нақты,  дәл  аудару  талабы  тұрғысынан  кел-

генде,  аударманың  мазмұнына,  мағынасына  қа-

тысты  бірқатар  сын  айтуға  болады.  Тіпті  түп-

нұсқаның  негізгі  мазмұнын  жеткізу,  ақынның 

ойының  нақты  мәнін  жеткізу  бағытында  да 

келіспей жатқан жайлар жеткілікті екені көрініп 

түр. Ақын зерек ақыл мен суық мұз арасындағы 

қатынасты  тепе-тең  ұстап,  бұл  екі  ұғымды 

метафоралық қатынаста алған болса, аудармада 

бұл  теңеуге  айналып  кеткен.  Теңеудің  образы 

«чист,  словно  пласт  ледяной»  болуы  да  түп-

нұсқаға  сай  келмейді.  Зерек  сөзінің  мағынасы 

қазақ  ұғымында  өткір  ұғымымен  жанаспайды, 

бұлар - екі  түрлі  сөз,  екі  түрлі  ұғым.  Аудар-

машының «острый» деп отырғаны «зерек» деген 

түсінік  бермейді, «өткір»  деген  ұғымды  білді-

реді. Өткірлік тура мағынасында затқа, құралға, 

қаруға  және  басқа  осындай  заттық  мәнді 

білдіретін  бұйымдарға  қатысты  қолданылады. 

Адамға,  оның  қасиетіне,  болмыс-бітімін  анық-

тайтын  құбылыстарға  қатысты  айтылғанда,  ол 

тура  емес,  бұрма,  ауыспалы  мағынада  қолда-

нылады.  Ал  «зерек»  сөзі  білдіретін  ұғым  затқа 

немесе  жануарға  байланысты  емес,  тек  қана 

адамның  ішкі  қасиетінің  ерекшелігіне  байла-

нысты  қолданылады.  Сондықтан  «зерек»  сөзі 

мен  «өткір» (острый)  арасында  үлкен  эмоция-

лық  мазмұн  айырмашылығы  бар.  Ол  айырма-

шылықтарды  ескермеу,  көңілден  таса  қалдыру 

түпнұсқа  мазмұнының  аудармада  сұйылып 

жетуіне  алып  келеді.  Екіншіден,  ақынның 

дүниетанымында  адамның  жаны  мен  тәні - екі 

түрлі,  екі  деңгейдегі  құбылыс.  Жан  мен  жүрек, 

ақыл  мен  қайрат  болмаса,  адамның  денесі  де 

бір, бос қуыс та бір. Ақынның: «Адам - бір боқ 

көтерген  боқтың  қабы» [1, 288], - деуінде 

осындай  сыр  бар.  Сондықтан  «Жылытқан  тұла 

бойды  ыстық  жүрек»  тармағының  мазмұнына 

ерекше мән беріп қараған жөн. Бұл арада «тұла 

бой»  және  оны  жылытқан  «ыстық  жүрек» 

екеуінің  арасындағы  қатынас  еш  әлсіремеген 

күйі аударылуына ерекше назар аударған дұрыс. 

Аудармашы  бұл  аталған  логикалық  қатынас-

тарға, «тұла  бой»  мен  «ыстық  жүрек» 

арасындағы  осындай  терең  мағынаға  тиісті 

көңіл  бөлмеген.  Аудармашының  пайымдауын-

дағы осы тармақтардың мағынасын қазақшалар 

болсақ,  мынадай  ой  түзіледі: «Асау  жүректе - 

қайнаған  ыстық».  Шындығында,  ақын  жүректе 

қайнаған ыстық барын айтып отырған жоқ, ыс-

тық  жүректің  тұла  бойды  жылытатыны  туралы 

ой  тастап  отыр.  А.Штейнберг  жүректе  ыстық 

барын айтады да, сол ыстық жүректің ең басты 

қызметін, «тұла  бойды  жылытқан»  қасиетін, 

аударма мәтініне енгізбейді. 

Өлеңнің  кейінгі  тармақтарындағы  ойлар  да 

бұрмаланған. «Тоқтаулылық,  талапты  шыдам-

дылық  қайраттан  шығады»  деген  ақын  ойында 

тағы  да  терең  мағына  бар.  Ол  жеке  тұрған  ой 

емес,  ақынның  басқа  өлеңдерінің  ішкі  мазмұ-

нымен,  жоғарыда  айтқанымыздай,  сабақтасып, 

тұтасып  жатқан  ой.  Қайраттан  шығатын  осын-

дай  қасиеттер  аудармада  «қайратпен  бағынды-

ратын»  құбылыстарға  айналған.  Қайраттан 

шығатын 


қасиет 

және 


қайратпен 

бағындыратын,  бұғаулайтын  қасиет - бұлар  да 

екі 

түрлі 


бол-мысты 

білдіреді. 

Келесі 

тармақтарда ақын «ақыл, қайрат, жүректі бірдей 



ұста»  десе,  аудармашы  мұны  «жүрек  пен 

ақылды  қайратпен  құрсаулап  ұста»  деген 

сияқты  мазмұнда  жет-кізеді.  Ақыл,  қайрат, 

жүректі тең ұстау мен ақыл, жүректі қайратпен 

бұғаулап  ұстау - бұлардың  арасында  да 

ешқандай жақындық жоқ. Оның үстінде «ақыл, 

қайрат,  жүректі  бірдей  ұстау»  қатардағы  бір 

ойды  білдірмейді,  ол  ақынның  дүниетанымын, 

ақындық,  қоғамдық-әлеуметтік,  эстетикалық 

нысанасы-ның  негізін  құрайды.  Олай  болса, 

мұндай маз-мұндағы өлең жолдарын дәл осылай 

аударуға  бола  ма?  Біздіңше,  аудармашы  бұл 

өлеңді  үлкен  жауапкершілікпен,  ақынның 

дүниетанымына,  ақындық  әлеміне,  оның  әрбір 

ойына 

терең 


бойлай 

отырып, 


оларды 

зерттеушілік  зердемен  терең  зерделей  отырып 

қана аударуы қажет еді. 

Берілген үзіндінің соңғы тармағында («Сон-

да толық боласың елден бөлек») ақынның және 

бір  күрделі,  терең  танымын  аңғартатын  ұғым 

жатыр.  Ол – толық  адам  туралы  ұғым.  Толық 

адам  туралы  ұғым  ақынның  бір  ғана  шығар-

масының  емес,  тұтас  ақындық  ойының  өзекті 

желісі  болып  табылады [13, 246-258]. Аудар-

мада  бұл  ұғым  да  сейіліп,  көзге  түспей,  көрін-


Абай институтының хабаршысы.  № 3 (9). 2011

 



1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал