Комитетінде тіркеліп 24. 12



жүктеу 2.26 Mb.

бет15/22
Дата09.01.2017
өлшемі2.26 Mb.
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   22

 

 

64

 



өлеңнің басындағы екі шумақты қабылдау сипа-

тына  байланысты  анықталады.  Оның  мәнісі - 

ағылшын тілді оқырман осы жолдар тірі адамға 

арналғандай  әсер  алады.  Түпнұсқадағы  «Алыс-

тан  сермеп»  орыс  тіліндегі  аудармада  «Издали 

зовет» (Л.Озеров)  болса,  ағылшын  тіліндегі 

аудармада  «Алыстан  ұшу»  секілді  мағынада 

беріледі  (Алыстан  сермеп  →  Издали  зовет  → 

You start your flight from a distance - Алыстан 

сермеп  →  Алыстан  шақырады  →  Сіз  алыстан 

ұшасыз).  

Ағылшын  тіліндегі  артық  сөз  қосулар  түп-

нұсқаның  көлемін  ұлғайтып  жіберген  және 

толықтыру,  орын  ауыстыру  сияқты  трансфор-

мацияның  түрлері  пайдаланылған.  Егер  аудар-

машы  алғашқы  тармақта “start - бастау” 

етістігін  және  «сіз»  есімдігін  қоспай,  өлеңді 

ағылшын  тілінің  ережесіне  сәйкес  есімшеден 

бастаса  түпнұсқаның  құрылымына  аса  зиян 

келмес  еді.  Мысалы,  осы  жолды  есімше 

тұлғамен  былай аударуға болады: 

 

Flying from a distance... [ 14, 68 б] 



Алыстан ұшып...

 

 



«Жанның  қарсылығына  жетесіз»  мағынасы 

түсініксіз,  осы  жерде  аудармашы  қандай  қар-

сылықты айтып отыр? - деген сұрақ туындайды. 

Егер  аудармашы  түпнұсқаның  мағынасын  ашу 

үшін толықтырулар жасап, өз жанынан қосатын 

болса, оның да ретті  жері бар. Т. Боттингтің  өз 

жанынан қосуы, керісінше, мағынаны бұрмалап, 

оқырманды шатастырып отыр. Жүректі ол орыс 

тіліндегі  аудармаға  сүйене  отырып  «душа»  деп 

алған.  Үшінші  тармақтағы  «Барлық  тіршілікке 

енесіз»,  бұл  жолдағы  «тіршілік»  жалпы  мағы-

нада  қолданылып  тұр, «тіршілікті»  түп-нұсқа-

дағы  «бойға»  балама  етіп  алу  қиын.  Абайдың 

қимылдың  сының  білдіретін  бейнелі  сөзі 

(«шымырлап»)  жоғалған.  Енді  осы  тармақ-

тардың татар тіліндегі аудармасына көңіл бөле-

тін болсақ, мынадай жолдар шығады: 

 

Ерактан балкып, 



Йөрәктән калкып, 

Яндырып тәнгә таралган

 [ 18, 23 б] 

 

Аудармашы - Мәһмүд  Максүд.  Тармақ-



тарды  сөзбе-сөз  қазақ  тіліне  кері  аударып 

көрейік: 

 

Жырақтан балқып, (жарқырап) 



Жүректен қалқып, 

Жандырып тәнге таралған. 

 

«Сермеу»  мен  «балқу» (жарқырау)  сөз-



дерінің  түркі  тілдеріндегі  мағыналары,  қол-

данылатын  аясы  әртүрлі.  Түпнұсқадағы  сөз 

жүректен  қалқып  тұрған  жоқ,  жүректі  тербетіп 

тұр. «Тербептің» қазақ тілінің түсіндірме сөзді-

гінде  «қозғау  салу, әсер ету, тебіренту» сияқты 

анықтамалары  берілген.  Татар  тілінде  де  ла-

йықты  баламалар  жоқ  емес  (тирбәтү,  селкү, 

юату,  кагу).  Осы  баламалардың  ішіндегі  «тир-

бетү»  сөзінің  мағынасы  түпнұсқаға  жақын 

келеді,  бірақ  аудармашының  «тербеп»  сөзіне 

«қалқып»  сөзін  балама  етіп  алуы  жеке  сөз 

қолданысы  болуы  мүмкін. «Шымырлап»  сөзін 

«жандырып»  деп  аударуда  да  түпнұсқадағы  

мағынадан  алшақтық  бар  сияқты  көрінеді. 

Әйтсе  де  аудармада  Абайдың  айтып  отырған 

ойының  мағынасы,  белгілі  дәрежеде,  көрініс 

тапқан  деп  білуіміз  керек  сияқты.  Бұл  жолдар 

ұйғыр тіліне мынадай үлгіде аударылған: 

 

Жирақтин шилтәп, 



Жүрәктин тәврәп, 

Чимирлап тәнгә йейилған. 

 

Аудармашы - И.Жәлилов.  Тармақтардың 



сөзбе-сөз қазақ тіліне кері аудармасынан мына-

дай мағына туады: 

 

Жырақтан сілтеп 



Жүректі тербеп 

Шымырлап тәнге жайылған

 

Ұйғыр  тілінің  лексикасында  түпнұсқадағы 



«сермеу»  сөзіне  сәйкес  бірліктің  болмауынан 

аудармашы  «сілтеп»  деп  алған  деуге  болар  еді, 

бірақ  түркі  тектес  халықтардың  тілінде,  со-

лардың  ішінде  ұйғыр  тілінде  «сермеу»  сөзінің 

болмауы  мүмкін  емес  сияқты  болып  көрінеді. 

Өйткені 


«сермеу» 

сөзі 


түркі 

тектес 


халықтардың бәріне де жат емес. Бұл ойымызға 

негіз болатын тіректі түркі тектес халықтардың 

екі  тілді  және  түсіндірме  сөздіктерінен 

табуымызға  болады.  Осы  тұрғыдан  келгенде, 

Абайдың  «сермеп»  деген  сөзін  қырғыз 

аудармашысы  А.Токомбаев  секілді  өзгеріссіз 

алуға  да  болар  еді.  Ал  «Жүректі  тербеп, 

Шымырлап тәнге жайылған» деген тармақтарда 

аудармашы 

түпнұсқаның 

лексикалық 

мағынасын,  бейнелілігін,  бояуын,  көркемдігін 

түркі  тектес  халықтардың  тілде-рінде  ертеден 

бар  балама  сөздерге  сай  сақтауға  тырысқан. 

Түрік  тіліне  З.Исмаил  осы  тар-мақтарды  былай 

тәржімалаған: 

 

Uzaktan çağirir, 



Yüreği oynatir 

Eritir, bedene yayilir

 [ 19, 139 б] 

 

Қазақ тіліндегі сөзбе - сөз кері аудармасы: 



 

Алыстан шақырады 

Жүректі толқытады 

Балқытып, денене жайылады

  



З.  Исмаил  «Алыстан  сермеуді» «Алыстан 

шақырады»  деп  береді.  Аудармашының  Абай 



Абай институтының хабаршысы.  № 3 (9). 2011

 

 

 

65

 



өлеңінің  алғашқы  тармағының  мағынасын  осы-

лай  түсініп,  осылай  аударуының  негізінде 

қандай  себеп  жатқаны  бізге  белгісіз.  Сермеу 

сөзі түркі тектес халықтардың тілінде бар екені-

не  күмән  келтіру  қиын.  Өйткені  бұл  сөздің 

шығу төркіні көшпенді тұрмыс болмыстарымен 

сабақтас.  Салыстырмалы  талдау  барысында 

З.Исмаилдың 

«алыстан 

шақырадысы» 

Л.Озеровтың  аудармасындағы  «издали  зовет-

пен»  сәйкеседі.  Алайда  З.Исмаил  Абайдың  осы 

өлеңін  оның  орыс  тіліндегі  осы  аудармасынан 

(Л.Озеров)  тәржімеледі  деуге  негіз  жоқ. 

Біздіңше,  З.Исмаил  Абайдың  «алыстан  сер-

меуін»  қолдың  қимылымен  байланысты  түсін-

генге  ұқсайды.  Рас, «қол  сермеу», «қол  сілтеу» 

сөздері  түркі  тектес  халықтардың  тілдерінде 

түрлі  мағынада  қолданылады.  Соған  орай  бұл 

сөздерді түркі тілді оқырмандардың өзі әрқалай 

қабылдап  түсінеді.  Осы  тұрғыдан  келгенде, 

З.Исмаил  «алыстан  сермеудің»  түрік  тіліндегі 

баламасы  ретінде  «алыстан  шақыруды»  таң-

даған  болуы  ғажап  емес.  Оның  үстіне  қазақ 

тіліндегі  «алыстан  сермеудің»  түрік  тіліндегі 

лайықты  баламасы  да  осындай  болуы  мүмкін. 

Бірақ  түрік  тіліндегі  сөздіктермен  жұмыс  істеу 

барысында  сермеу  сөзіне «seğirtmek»  сөзі 

лайықты  балама  бола  алатындығын  байқадық. 

«Seğirtmek»  қазақ  тіліне  ұша  жөнелу,  ұмтылу, 

шұғыл  бет  алу  болып  аударылады.  Түпнұсқа-

дағы  «алыстан  сермеп»  тармағын  түрік  тіліне 

«Uzaktan seğirtir»  деп  аударса  «сермеудің» 

нақты  контекстегі  мағынасы  сақталады  деп 

ойлаймыз.  Дегенмен  З.Исмаидың  аудармасын 

оқып отырған қазақ оқырманының ойында «қол 

бұлғау»  ишарасынан  туған  мағынаның  елесі 

қалады. Ал «қол сілтеу» ишарасының мағынасы 

көңілден  тыс  қалады.  Екінші  жағынан,  қазақ 

оқырманы  түрік  пен  қазақ  тілдері  туыстас 

болғандықтан,  аудармашыға  біраз  ізденіп,  түп-

нұсқаның  мағынасын  тиісті  деңгейінде  беруіне 

де  болар  еді  дегендей  ойда  қалады.  Әйтсе  де, 

аудармада  түпнұсқаның  негізгі  мағынасы  сақ-

талған  деп  айтуымыз  орынды  болмақ.  Қырғыз 

тіліне  бұл  тармақтарды  аудармашы  А.Током-

баев былай тәржімалайды: 

 

Алыстан сермеп, 



Жүрөктү термеп, 

Чымырап бойго жайылган

 [17, 62 б] 

 

Қырғыз  тіліндегі  аударма  түпнұсқамен  то-



лық  сәйкес  келеді.  Түпнұсқаның  мағынасы  ау-

дармада  өзгертілмей  сол  қалпында  берілген, 

әйтсе де «жүректі тербеу» бір басқа да, «жүрек-

тен тербеу» бір басқа. Алғашқысы нақты, дено-

таттық төркіні затты, айқын. Абайдың «жүректі 

тербеп»  деген  тіркесті  пайдалануына  болар  еді, 

бірақ  ақын  «жүректі  тербеп»  тіркесі  беретін 

мағынадан  «жүректен  тербеп»  тіркесі  беретін 

мағынаны  қолайлы  көреді.  Біздіңше,  Абайдың 

осы таңдауында үлкен суреткерлік ұстанымның 

негізі бар. Өйткені «жүректен тербеп» тіркесінің 

мағынасының  нақты  денотаттық  төркіні  затты, 

деректі  емес,  абстрактылы.  Бұл  жерде  тек  қана 

«жүректің  тербелуі»  немесе  «жүректі  тербеу» 

туралы  мағына  жоқ,  белгілі  бір  құбылыстың, 

мәтін негізінде нақты айтатын болсақ, адамның 

тұтас болмысының «жүректен тербелуі» туралы 

мағына бар. 

«Сегіз  аяқтың»  келесі  шумағында  Абайдың 

белгілі бір сәттегі сезімі, көңіл күйі, толғанысы 

да  айқын  көрінеді. Аудармада Абайдың сезімін 

дәл  сол  қалпында  жеткізу  оңай  емес,  дегенмен 

де  аудармашылар  шамалары  келгенше  түп-

нұсқаның  мағынасын,  эмоциялық  мазмұнын 

лайықты  беруге  ұмтылған.  Ақын  халық  жағда-

йының  түзеліп,  жақсаруына  тағы  да  жол  көр-

сетіп,  ақылын  айтады,  бірақ  айтылған  сөздерді 

тыңдайтын  құлақ,  ұғатын  сананың  жоқ  екенін 

көргенде,  көңілі  қалып,  жалғызсырайды,  сыр-

ласарға, мұңдасарға жан таппай күйзеледі. Мы-

салы, мына жолдарға назар аударайық:  

 

Жартасқа бардым, 



Күнде айғай салдым, 

Онан да шықты жаңғырық. 

Естісем үнін, 

Білсем деп жөнін, 

Көп іздедім қаңғырып. 

Баяғы жартас - бір жартас, 

Қаңқ етер, түкті байқамас

 [12, 112 б] 

 

Осы  шумақ  Л.Озеровтың  аудармасында 



былай беріледі: 

 

Я с утеса кричал, 



Мне простор отвечал -  

Отвечали горы и дол. 

Но, услышав звук, 

Я искал вокруг: 

Как, откуда тот звук пришел? 

Был все тот же утес подо мной, -  

Отклик  есть,  но  отклик  пустой

  (Озеров) [16, 

139 б]. 

 

Қазақ  тіліне  осы  шумақты  сөзбе-сөз  кері 



аударғанда, мынадай мағына шығады: 

 

Мен жартастан айқайладым 



Маған жазық жауап берді - 

Таулар мен аңғарлар(алқап) жауап берді. 

Бірақ дауысты естіп, 

Мен жан-жақтан іздедім: 

Қалай, қайдан сол үн келді? 

Астымда сол баяғы жартас болды. 

Үн бар, бірақ бос үн. 

 

Лирикалық  кейіпкер  түпнұсқада  жартасқа 

барса,  аудармада  жартастың  үстінде  тұрады. 


Абай институтының хабаршысы.  № 3 (9). 2011

 

 

 

66

 



Ақын  жартастан  шыққан  жаңғырық  туралы 

айтатын  болса,  аудармашы  «жаңғырықтың» 

(эхо)  орнына  «үнді» (звук)  алады.  Абай  жаң-

ғырықтың үнін естігісі келіп, оның жөнін білгісі 

келіп «көп іздедім қаңғырып» десе, Л. Озеров « 

сол  үн  қалай,  қайдан  келді  деп  жан-жақтан 

іздеді» деген ойды береді. Абайдың «қаңқ етер, 

түкті байқамасын» Л.Озеров «Үн бар, бірақ бос 

үн». (Отклик  есть,  но  отклик  пустой)  түрінде 

аударады.  Осы  салыстырулардан  мынадай  жай 

белгілі  болады:  Абайдың  айтып  отырған  ойы, 

оның  мағынасы,  мәні  аудармада  өз  деңгейінде 

көрініс таппаған. Қайсібір сөздердің лексикалық 

мағынасы  өзгерген,  қайсібір  сөздердің  эмо-

циялық мазмұны жойылып кеткен, енді бір сөз-

дердің  мағынасы  ауа  жайылып,  ақынның  ойы-

ның  бұрмалануына  алып  келген.  Нәтижесінде 

түпнұсқаның  поэтикалық  мағынасы  жүдеп, 

кедейленіп шыққан. Мінсіз поэтикалық жүйенің 

келісімі  бұзылған.  А.Кодардың  аудармасына 

көңіл бөліп көрейік: 

 

Я к утесу ходил, 



Криком там исходил, 

Эхо долго катало мой крик. 

Изучая тот звук, 

Я прошел путь наук, 

Мне казалось, я много постиг. 

Но утес, он на то и утес, 

Крик  мой  канув,  нигде  не  пророс

  (А.Кодар)[ 

11,104б] 

 

Шумақтың  сөзбе-сөз  қазақ  тіліне  кері 



аудармасы: 

 

Мен жартасқа бардым, 



Айқай салдым 

Жаңғырық менің айқайымды ұзақ уақыт жаңғыртып 

тұрды. 

Сол дауысты зерттей келе, 



Мен ғылым жолынан өттім, 

Мен көп нәрсеге жеткен сияқты едім. 

Бірақ жартас, ол сол үшін  жартас, 

Менің айқайым жоғалып, жалғасын таппады. 

 

Түпнұсқада  «баяғы  жартас - бір  жартас» 



дегенде,  тыңдаушыларының  бұрын  қаңдай 

болса,  әлі  сондай  екені,  өзгерістің  жоқтығы 

туралы  айтылған.  А.Қодар  болса  «менің 

айқайымды  жоқ  қылды  жартас»  деп,  ақынның 

жартастан  шыққан  жаңғырықты  зерттеп,  ғы-

лыммен  айналысқаны,  көп  нәрсеге  қол  жеткіз-

гендей  болғаны  туралы  ой  ұсынады.  Қазақ 

арасынан  шыққан  аудармашы  А.Қодардың 

«Баяғы  жартас,  сол  жартас»  деген  қазақтың 

қарапайым  сөзінің  мәнісін  түсінбеуі  немесе 

түсінгенімен аудармада оның мағынасын дұрыс 

жеткізбеуі - аудармашы  үшін  үлкен  кемшілік. 

Егер қазақ тілді аудармашының өзі түпнұсқаны 

түсінбесе,  онда  орыс  тілді  аудармашыларға  мін 

тағып,  сын  айтудың  өзі  орынсыз  сияқты  болып 

көрінеді.  М.Касаткиннің  аудармасы  бұдан  өз-

гешелеу: 

 

К утесу иду, 



Зову как в бреду,  

И эхо летит с заката; 

Услышав ответ, 

Ищу я хоть след, 

Сочувствие друга и брата. 

Но отклика нет - и молчит утес, 

Не  ведает он ни  тоски,  ни слез

  (М.Касаткин) [ 

10, 118 б]. 

 

Шумақтың  қазақ  тіліне  сөзбе-сөз  кері 



аударғанда беретін мағынасы: 

 

Жартасқа бара жатырмын 



Шақырамын сандырақтағандай 

батыстан жаңғырық ұшады; 

Жауапты естіп, 

Мен ізін болса да, іздеймін, 

Досым мен бауырымның көңіл білдіргенін 

Үн жоқ - жартас сөйлемейді, 

Ол жабырқауды да, жасты да білмейді. 

 

Түпнұсқа мен аударманы өзара салыстырып 



қарайтын  болсақ,  көптеген  кемшіліктер  бары 

көзге  түседі.  Аудармашы  түпнұсқаның  шақ  ка-

тегориясын  сақтамаған  және  орынсыз  өзгер-

тулер  жасаған.  Мысалы,  аудармадағы  мына 

жолдарға  назар  аударайық: «Ищу  я  хоть  след, 

сочувствие  друга  и  брата».  Түпнұсқаға  келетін 

болсақ,  лирикалық  кейіпкер  досынан,  бауыры-

нан жанашырлық іздеп жүрген жоқ. Мұндай ой 

түпнұсқада  мүлде  кездеспейді.  Аудармашы 

түпнұсқаның мағынасын бұрмалаған. Бұл жерде 

аудармашының  шығармашылық  еркіндігі  тура-

лы  айту  артық  емес.  Алайда  аудармашының 

еркіндігінде де шек болу керек, әсіресе түпнұс-

қадағы  мағына  мен  мәннің  сақталуы  аса 

маңызды.  Мына  жерде  бұл  талап  орындалған 

деп  айта  алмаймыз.  Аудармашының  жасаған 

еркін аудармасы шектен шығып кеткен. Түпнұс-

қадағы  «естісем  үнін»  тіркесінің  мағынасы 

анық,  онда  дәл  осы  шақта  үнді  есту  туралы 

қалау,  ізденіс  бар,  ал  оның  естілгені  туралы 

мәлімет  жоқ,  яғни  әлі  ешқандай  үн  жоқ. 

Аудармада  осы тіркес  кері мағынаға ие  болған, 

анығын  айтқанда  түпнұсқадағы  естілмеген  үн 

(жауап) естіліп қойған болып шығады (услышав 

ответ).  Сөйтіп  аудармада  түпнұсқадағы  мағы-

наға  мүлде  қарама  қарсы  ой  айтылған.  Бұл, 

әрине,  ақынның  айтқан  ойы  емес.  Автордың 

жанынан  қосқаны.  Аудармада  бұдан  басқа  да 

осы  секілді  ауытқулар  бар.  Мысалы,  түпнұс-

қадағы  «онан  да  шықты  жаңғырық»  тармағы 

«батыстан  жаңғырық  ұшады» (и  эхо  летит  с 

заката) дегендей болып аударылады. Аудармада 

жаңғырық  шықпайды,  нақтырақ  айтсақ,  ол 


Абай институтының хабаршысы.  № 3 (9). 2011

 

 

 

67

 



ұшып  келеді.  Мұнда  аудармашы  түпнұсқада 

жоқ  кейіптеу  тәсілін  қолданған.  Абайдың 

«баяғы  жартас  сол  жартасының»  орыс  тіліндегі 

баламасын  төрт  аудармашы  да  таба  алмаған. 

Аудармашылардың  барлығы  «Естісем  үнін, 

Білсем  деп  жөнін»  деген  тармақтар  беретін 

мағынаны  жартастан  шығатын  жаңғырықпен 

бай-ланыстырып,  үн  мен  жаңғырықтың  екі 

бөлек  екенін  түсінбеген.  Абайдың  талданып 

отырған  шығармасының  оның  орыс,  ағылшын 

тілдеріндегі 

аударма-ларымен 

салыстырып 

пайымдағанда  белгілі  болатын  кемшіліктер, 

олқылықтар  түрліше.  Ең  бастысы  аудар-

машылар  түпнұсқаның  негізгі,  басты  деген 

мағыналық  жүйесін  дұрыс  жеткізе  алмаған. 

Аудармадағы  толықтыру,  қысқартулар  түпнұс-

қаның  мазмұнын  түгелдей  өзгертіп  жіберген. 

Мұның себебі әрқалай болуы мүмкін, солардың 

ішінде  біздің  ойымызша,  аудармашылардың 

түпнұсқаның тілін жете білмеуі бірінші кезекте 

тұрады.  

Абайдың  шығармаларын  орыс  тіліне  ауда-

рудың белгілі бір қалыптасқан дәстүрі бар. Бұл 

жерде  мынадай  факторларды  ескеруге  тура 

келеді.  Біріншіден,  Абайдың  өмірі  мен  шығар-

машылығы  туралы  орыс  тілінде  жазылған  бір-

қатар  зерттеу  еңбектері  бар.  Абайдың  заманы, 

дәуірі,  қоғамы  туралы  да  орыс  тілді  автор-

лардың еңбектері жоқ емес. Орыс тілінде қазақ 

әдебиетінің  мәселелері  жайында  жарық  көрген 

зерттеулер  аз  емес.  Осының  бәрі  Абайдың 

шығармаларын  орыс  тіліне  аударушылар  үшін 

үлкен  көмек  екені  анық.  Екіншіден,  Абайдың 

шығармаларын  орыс  тіліне  аударушылар  үшін 

Абайдың өмірі мен шығармашылығының Қазақ-

стандағы зерттеушілерімен де, Абайдың шығар-

маларын  қазақ,  орыс  тілдерінде  жақсы  білетін 

ақындармен  де  пікірлесуіне,  кеңесуіне  мүмкін-

шіліктер  мол.  Басқаша  айтқанда,  Абайдың 

шығармаларын  орыс  тіліне  ойдағыдай  аударуға 

қажетті  жағдайлар  бар.  Соған  қарамастан  ақын 

шығармаларының  орыс  тіліндегі  аудармасында 

елеулі  олқылықтар  барын  жоққа  шығаруға 

болмайды.  Ақын  шығармаларының  орыс  тілін-

дегі  аудармасының  сапасы  осындай  деңгейде 

болғанда,  оның  ағылшын  тіліндегі  аударма-

сының  деңгейі  қандай  болатыны,  бол-ғаны 

ойландырмай қоймайды. Ақынның «Сегіз аяғы-

ның»  жоғарыда  пайымдалған  тармақтарының 

ағылшын  тіліне  аударылу  деңгейін  қарас-

тырғанда,  түпнұсқаның  мазмұны  мен  пішіні 

бірдей бұзылғанына көз жеткізуге болады.  

Аудармашы  Т.Боттинг    «Сегіз  аяқтың»  біз 

сөз етіп отырған жолдарын былай аударады: 

 

At mountains I shouted and cried. 



I sought for an answer, and each time I tried 

I heard many voices resounding again

 [ 14, 72 б] 

 

Т.Боттингттің осы аудармасы мен Л.Озеров-



тің  аудармасының  қазақ  тіліне  сөзбе-сөз  кері 

аудармасын  (сөзбе-сөз  кері  аударған - біз) 

салыстырғанда, мынадай жолдар шығады: 

  

Таулардан мен айқайладым 



Әр кезде жауап іздеуге тырыстым  

Мен  тағы  да  даңғырлаған  көп  дауыстар  естідім

 

(Т.Боттинг) 



Мен жартастан айқайладым 

Маған жазық жауап берді - 

Таулар  мен  аңғарлар  (алқап)  жауап  берді

 

(Л.Озеров) 



 

Енді  осы  жолдарды  салыстырмалы  түрде 

талдап  көрейік.  Абай  «жартасқа  бардым»  десе, 

Л.Озеровтің  аудармасында  жартасқа  бару 

туралы  мәлімет  жоқ.  Оның  есесіне  аудармашы 

«жартастан айқайладым» дегенді ұсынады. Түп-

нұсқаны  аңғарып  қарағанда,  онда  жартастан 

айқайлау  туралы  ой  жоқ.  Абай  өз  өлеңінде 

«жартастан  айқайладым»  демейді, «жартасқа 

бардым»  дейді.  Абай  жартасқа  шықпаған, 

жартасқа барған. Жартасқа бару және жартастан 

айқайлау - бұл  екеуі  екі  түрлі  мағынаны 

білдіреді.  Қазақтың  дәстүрлі  мәдениетінде  дені 

дұрыс  адам  жартасқа  шығып  бекерден  бекер 

айқайламайды.  Түпнұсқада  жазықтың,  таудың, 

жауап беретіндігі туралы ой жоқ. Түпнұсқадағы 

«жаңғырық» пен аудармадағы «жауап» екеуінің 

қолданылатын аясы екі түрлі. Жаңғырық жауап 

бола  алмайды,  жауап  жаңғырық  бола  алмайды. 

Жаңғырыққа  келетін  болсақ,  ол  жартастан 

шығады.  Аудармашылар  айтып  отырған  жауап 

(жаңғырық) таудан да, даладан да келеді. Дұры-

сында  жауап  (жартастан  шыққан  жаңғырық) 

таудан да, даладан да келмейді, тауға да, далаға 

да естіледі. 

Көріп  отырғанымыздай  Л.Озеров  шектен 

тыс  еркін  аударма  жасаған,  нәтижесінде  түп-

нұсқаның  мағынасы  бұрмаланған.  Мұндай 

аудармадан  кейін  ағылшын  тіліне  Л.Озеровтің 

нұсқасынан  тәржімалаған  Т.Боттинг  аударма-

сының  жақсы  шықпауының  себебі  түсінікті 

болады.  Т.Боттинг  те  «жартасқа  бармайды», 

таулардан  айқайлайды.  Жартастың  ағылшын 

тілінде «rock» деген баламасы бар, бірақ аудар-

машы «таулар» деп жалпылама әрі көпше түрде 

берген.  Бұл  аудармашының  дәл  баламасын 

табуға немқұрайлы қарағандығынан деп білеміз. 

Түпнұсқада  «жаңғырық  шығады»,  аудармада 

болса  «көп  даңғырлаған  дауыстар»  естіледі. 

Даңғырлаған  дауыстың  бәрі  жаңғырық  емес, 

яғни  даңғырлаған  дауысты  жаңғырық  деп  тану 

қиын.  Түпнұсқада  жаңғырықтың  саны  жоқ, 

жаңғырықтың  көп  немесе  аз  екендігі  туралы 

ақпарат  берілмеген.  Тауда  жаңғырық  естіледі, 



Абай институтының хабаршысы.  № 3 (9). 2011

 

 

 

68

 



үн  жаңғырады.  Т.Боттинг  аудармадағы  кемші-

ліктері  түпнұсқаны  ағылшын  тіліне  қазақ  тілі-

нен емес, орыс тілінен сатылы түрде аударудан 

туындаған.  Жоғарыда  келтірілген  шумақтың 

соңында Абай: 

 

Баяғы жартас - сол жартас,  



Қаңқ етер, түкті байқамас,

 - дейді. 

Келтірілген  тармақта  аудармашыға  өлеңді 

тәржімалауға  қиындық  тудыратындай  күрделі 

ұғымдар  жоқ.  Қазақтың  қарапайым  сөзінің 

мәні-сін аудармашының түсінбеуі немесе түсін-

генімен  аудармада  жеткізе  алмауы,  аудармаға 

зиянын  тигізбей  қоймаған.  Біз  жоғарыда  ағыл-

шын  аудармашысы  Т.Боттинг  өлеңді  Л.Озеров-

тың  аудармасынан  тәржімалағандығын  айттық, 

бірақ  осы  тармақтарды  Т.Боттинг  В.Державин-

нің  аудармасынан  тәржімалады  деген  ой 

туындайды.  Бұл  жағдай  Т.Боттинг  түпнұсқаны 

ағылшын 


тіліне  аудару  барысында  тек  

Л.Озеровтің  аудармасымен  шектелмей,  В.Дер-

жавиннің де жұмысын пайдаланғандығы туралы 

болжам жасауға алып келеді. Мысалы, осы тар-

мақтарды  ағылшын  тіліне  Т.Боттинг  мынадай 

үлгіде аударған:  

 

 

I found all around dead rock and bleak stone 



That answered my call with a low hollow moan

 [ 


14, 75 б] 

 

Т.Боттингтің  осы  аудармасы  мен  В.Дер-



жавиннің  аудармасының  қазақ  тіліне  сөзбе-сөз 

кері аудармасын  (сөзбе-сөз кері аударған - біз) 

салыстырғанда, мынадай жолдар шығады:  

 

Айналамнан  жаны  жоқ  жартас  пен  мұңды  тасты 



таптым 

Менің  шақыруыма  жәй  ыңырсып,  жауап  берді 

(Т.Боттинг)  

Барлық жаңғырық жансыз дауыс, 

Айналамда  әлі  баяғы  қайырымсыз  жартастар

 

(В.Державин) 



 

Түпнұсқадағы  жартас  туралы  ұғымның,  ол 

ұғымды  білдіретін  тілдік  бірліктердің  қара-

пайым,  ұғымға  жеңіл  екендігін («баяғы  жартас, 

сол  жартас»)  айттық.  Осы  қарапайым  тілдік 

бірліктер  беретін  мағына  аудармада  түсініксіз, 

ұғымға  ауыр,  ақынның  ойынан  алыс  мәлі-

меттердің тобына айналып кеткен («айналамнан 

жаны  жоқ  жартас  пен  мұңды  тасты  таптым») 

Т.Боттинг «жартас» сөзінің алдына «жаны жоқ», 

«тас» сөзінің алдына «мұнды» деген эпитеттерді 

қосқан.  Сонымен  бірге  аудармашы  «мұнды 

тасты» «таптым»  деп  өз  бетімен  кетеді. 

Түпнұсқада  да,  оның  орыс  тіліндегі  аударма-

ларында  да  (Л.Озеров,  В.Державин) «жартас» 

пен  «тасты»  табу  туралы  түсінік,  мәлімет  жоқ, 

мұны  аудармашы  Роттенберг  өз  жанынан 

қосқан.  Түпнұсқада  жартастың  қай  жақта 

тұрғаны туралы да (айнала) мәлімет берілмеген. 

Ағылшын 


тіліндегі 

аудармада 

жартасқа 

қатысты  «жаны  жоқ»  эпитетінің  түпнұсқада 

айтыл-мағаны  белгілі. «Жаны  жоқ»  сөзін 

жартасқа 

қатысты 

айту 


әдеби 

тілдің 


нормасының талап-тарына жауап бере алмайды. 

Тіл  мәдениетінен  хабары  бар  адам  «жаны  жоқ 

жартас» деп айтпайды. Осы тұрғыдан келгенде, 

Т.Боттингтің  аудармашылық  шешімі  сәтті 

болып шықпаған. Бірақ бұған Т.Боттингті кінәлі 

санаудың  жөні  жоқ.  Т.Боттинг  бұл  суретті 

(«жаны 

жоқ 


жартас») 

В.Державиннің 

аудармасынан  тапқан.  Сөйтіп  Абай  өлеңінің 

орыс  тіліндегі  аударма-сында  орын  алған 

кемшілік  Т.Боттингтің  аудармасында  сол 

қалпында  көрініс  тапқан.  Түпнұсқадағы  «қаңқ 

етер»  еліктеуіш  сөзін  аудармада  «жауап  берді» 

деп  береді. «Қаңқ  ету» «жауап  беруге»  балама 

бола  алмайды.  Абайдың  айтып  отырғаны 

жартастың  айқайға  жауап  бермегені, «қаңқ» 

етіп  түкті  байқамауы.  Аудармадағы  жартастың 

«жауап  беруі»  Абайдың  осы  айтқан  ойын 

(«Қаңқ етер, түкті байқамас») жоққа шығарады. 

Жалпы  еліктеуіш  сөздердің    көркем  туын-

дыда  өзіндік  қызметі  болады.  Сондықтан  оның 

аударылу  мәселесіне  үстірт  қарауға  болмайды. 

Осы  тұста  аударма  зерттеушілерінің  еліктеуіш 

сөздердің  аударылуы  туралы  пікіріне  назар 

аударайық. И. Левый: « еліктеуіш сөздерді ауда-

руға  немесе  басқа  сөзбен  орнын  ауыстыруға 

келмейді,  оларды  тек  фонетикалық  транскрип-

циямен беру керек» деген пікір айтады. [ 14, 75 

б] 

С. Флорин болса, аударма тілінде қиын оқы-



латын  немесе  дыбысталуы  мен  мағынасы 

адекватты  емес  еліктеуіш  сөздерді  транскрип-

циямен  бере  алмаймыз.  Мұндай  жағдайда  ау-

дармашы  соавтордың  роліне  еніп,  функцио-

налды  «дыбыстық  эквивалент»  орнатуы  керек-

тігін айтады. [ 14, 75 б] 

Абай  қолданған  «қаңқ  етер»  сөзінің  шығу 

төркіні  тереңде  жатыр,  бұл  сөздің  түпкі  мағы-

насы түрлі тарихи жағдайлармен байланысуы да 

мүмкін.  Бұл  еліктеуіш  сөздің  нақты  осы 

контекстегі мағынасын жеткізу үшін, С.Флорин 

айтып  өткендей,  аудармашы  орыс  тіліндегі  ды-

быстық баламасын табуы керек еді.  

Түпнұсқадағы  «түкті  байқамас»  тіркесі 

аудармада  мүлде  берілмеген.  Бұл  тармақты  ау-

дармашы  Т.Боттинг  «Менің  шақыруыма  жәй 

ыңырсып,  жауап  берді»  деп  өз  тарапынан  қосу 

әдісімен  аударған. Мұндай мағына  орыс  нұсқа-

сында  да  жоқ.  Абай  жартасты  немесе  тасты 

шақырмайды,  тек  түкті  байқамайтындығын 

айтады.  Демек  аудармашы  түпнұсқаның  мағы-

насына да, құрылымына да нұқсан келтірген.  



Абай институтының хабаршысы.  № 3 (9). 2011

 



1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   22


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал