Комитетінде тіркеліп 24. 12



жүктеу 2.26 Mb.

бет14/22
Дата09.01.2017
өлшемі2.26 Mb.
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   22

 

 

 

бостандықтың  биігіне  алып  шығар  жолды 



көрсетіп,  жөн  сілтеу.  Ахметке  дейінгі  ақындар 

өз халқының қайғы-қасіретін сезініп, жаны езіле 

жырлағанымен, құтқарудың жөнін айта алмады, 

ал  Ахмет  көрер  көзге,  сезер  жүрекке  мұны 

көрсетіп  ғана  қоймай,  нысана  етіп  қоя  білді. 

Бұның  басты  себебін  С.Қирабаев: «Олардың 

(Ахмет  Байтұрсынов,  Міржақып  Дулатов) 

бүкілроссиялық  дамудың  жаңа  бір  кезеңі  туға-

нын  дұрыс  танып,  соның  ыңғайымен  қазақ 

қоғамын  қозғалысқа  келтірудің  жолын  ізде-

уінен» [5, 78 б.], - деп біледі. 

Ахмет поэзиясындағы ағартушылық – ояну-

ға, ояну – қасіреттің  сырын білуге, бас кінәліні 

сезінуге, сезіну – бостандыққа жол ашар бұлқы-

нысқа жетеледі. Міне, Ахметтей поэзияның ұлы 

тұлғасы салған өлең өлкесіндегі сара жол осы. 

 

Ақын аз Байтұрсынов Ахметтей, 



Сөзі алтын, мағынасы меруерттей, 

Осыдан ғибрат алып жас жігіттер, 

Һәммасы өз халқына қызмет еткей! - 

 

деп  Міржақып  тегін  айтпаған.  Сұлтанмахмұт-



тың  сонау 1914 жылы  «өткірсің  наркескеннің 

алмасындай» деуі осыдан еді. 

Қашанда жаңа ой, жаңа жолдың қалыптасып 

кетуі,  көкейден  шыға  қалуы  қиын.  Ахаң  тағ-

дыры да, өлеңі де жасандылықтан сау. Ол еркін-

дік  үнін  өлең  арқылы  шырқау  биікке  көтерді. 

Абайдан  тәлім  алып  ғана  қоймай,  өзіндік  сара 

жолын  да  әкелді.  Қазақ  поэзиясына  Ахмет 

Байтұрсынұлы  әкелген  елдік,  еркіндік,  азаттық 

сарынын  Міржақып,  Мағжан,  Сұлтанмахмұт, 

Бернияз, Сәкен, Ілиястар аза-маттық абыроймен 

көтеріп  тың  ізденістермен  байытты,  жаңа 

рухани биіктерге көтерді. 

Ахмет  поэзиясының  арналы  бағыты,  қазақ 

әдебиетінде  алар  орны  жайлы  Міржақып 

Дулатов: «Ол  қарапайым  да  түсінікті  қазақ 

тілінде  азаттық  туралы,  ұлт  туралы,  езілген, 

артта қалған қазақ ұлты туралы жырлады. Ол – 

қарсылықшыл  ақын.  Ол  поэзиясын  қазақтарды 

езген 


монархиялық 

Ресейдің 

саясатымен 

күресудің  құралына  айналдырды.  Ішкі  сұлулы-

ғы  мен  мазмұны  жағынан,  жинақылығы  мен 

желілігі  жағынан  А.Байтұрсынұлы  жырлары 

қазақ әдебиетінде бірінші орын алады» [6.19 б.], 

-  деп  өлеңдері  өршіл  рухымен  дараланатын-

дығын атап өткен болатын. 

Тапшылдыққа  қанша  табынса  да,  Ахаңның 

қазақ  жазба  әдебиетіне  жаңа  сарын,  жаңа  үлгі 

әкелгенін  таныған,  Ғ.Тоғжановтың: «…Ахметті 

қазақ еңбекшілері ұмытпайды. Бір кезде «Сары 

маса»  болып  ызыңдап  оятқан  Ахметті  қадірлей 

біледі.  Көбіміз  сол  Ахметтің  бауырында 

өскенбіз. Сол кездегі Ахметтің әлі де ескірмеген 

үлгілі сөздері, үлгілі істері көп. Ахметтің тарихи 

ісіне,  тарихи  маңызы  бар  өлеңдерін  әлі  де  біз 

үлгі қыламыз. Абай, Ахмет сықылды өз тұсына 

ие  болған  тарихи  адамдарын  қазақ  еңбекшілері 

сыйламақ» [7, 29 б.], - дегеніне қосылмау қиын. 

Ендеше  ұлы  Абай  салған  сара  жолды  одан  әрі 

дамытып,  қазақ  поэзиясына  өзгеше  ойлы  өлең 

әкелген  Ахмет  Байтұрсынов  шығармашылығы 

кейінгі  ақын-жазушыларға  өзіндік  үлгі-өнеге 

болары  сөзсіз.  Қазақ  ой-санасының  қос  алыбы 

қоғамдық  дамудың  әр  кезеңінде  өмір  сүргені-

менен,  үнемі  ойы  үндес,  жүрегі  тілдес  екендігі 

айдан анық. 

ХХ  ғасырда  Абай  дәст‰рінен  ‰лгі  алып, 

қазақ поэзиясын әлемдік деңгейге көтерген бір-

туар  ақындар  д‰ниеге  келіп,  олардың  әрқай-

сысы  соны  ‰німен,  тың  тынысымен  қазақ 

поэзиясы айдынында емін-еркін ж‰зді. 

Поэзиясы  аз  да  болса  саздығымен,  қазақ 

өлеңінің  төл  табиғатынан  туған  тазалығымен, 

бір  естігенде-ақ  көңілге  қона  кетіп,  ойға  ұялай 

қалатын әрі бейнелі, әрі мағыналы сөз үлгісімен 

ерекшеленетін  Ахмет  Байтұрсынов,  жеке 

басының, әлеуметтік топтың, немесе белгілі бір 

таптың мүддесі емес, ел мұңы, ел шері, ел зары, 

ел  кегін  жырлаған  Міржақып  Дулатов,  заманы-

мыздың  атақты  жазушы  Мұхтар  Әуезов 

айтқандай “жарқыраған әшекейімен, Европалы-

ғымен”  тамсандырған  жыры  сұлу,  сезімі  сыр-

шыл  Мағжан,  терең  танымдық  өлеңдерімен, 

асқақ  романтикалық  эпикасымен  толғандырған 

Шәкәрім,  қазақ  ой-санасының  аспанына  жарық 

“күн” сәулесінің  нұрын шашуды,  өлең  өнерінің 

“толған  айы”  болуды  аңсап,  ұлтының  ұлы 

мұратын алға асыруға ұмтылып, поэзия көгінде 

жарық  жұлдыздай  жарқырап  өткен  Сұлтан-

махмұт  қазақ  әдебиетінің  “алтын  кезеңінде” 

өмір  сүріп,  туған  әдебиетімізге  қайталанбас 

туындылар  сыйлады.  Олардың  бәрі  Абайды 

поэзия  әлеміндегі  ұлы  ұстаз  тұтты.  Ұлы  ақын 

дәстүрін  жаңашылдықпен  дамытты.  Сол  арқы-

лы  қазақ  поэзиясында  мәңгілікке  өшпес  із 

қалдырды. 

ӘДЕБИЕТ 

1. «Қазақ», 1913, № 3 

2. «Қазақ», 1913, № 41 

3.  Мұхамедханов  Қ.  Абай  мұрагерлері. - Алматы: 

Атамұра, 1995. 

4.  Байтұрсынов  А.  Шығармалары. - Алматы: 

Жазушы, 1988. - 267 б. 

5.Қирабаев  С.  Әдебиетіміздің  ақтаңдақ  беттері. - 

Алматы: Білім, 1995. - 288 б.  

6.Дулатов  М.  Байтурсынов  Ахмет  Байтурсынович. 

Общество  изучение  киргизского  края.  Вып. 3. - 

Оренбург, 1922. 

7.Тоғжанұлы  Ғ.  Жүсіпбектің  сыны,  Мағжанның 

ақындығы туралы. - М., 1926. - 119 бет. 

                                                                  

    * * * 


Абай институтының хабаршысы.  № 3 (9). 2011

 

 

 

60

 



 

 

 



АБАЙ ШЫҒАРМАЛАШЫЛЫҒЫНЫҢ МӘДЕНИЕТАРАЛЫҚ ӨРІСІ 

                                       

 

 

 

 

 

 

 

 

М.Қожақанова 

АБАЙ ШЫҒАРМАЛАРЫНЫҢ МӘДЕНИЕТАРАЛЫҚ ӨРІСІ

Аннотация.  Мақалада  қарастырылған  мәселелер.  Мазмұн  мен  мағына.  Абай  шығармаларының 

поэтикалық  мәні.  Абай  шығармаларының  мәтінін  көркем  аударма  теориясында  қабылдау.  Түсіну 

мен  түсіндіру.  Аудармашы – мәдениетаралық  байланыстың  дәнекері. «Сегіз  аяқ»  мәтінінің  орыс, 

ағылшын  тілдеріндегі  аудармаларын  салыстыра  талдау.  Түпнұсқа  мен  аударма  нұсқаларының 

ерекшеліктері. 

Тірек сөздер. Мазмұн, мағына, мәтін, көркем аударма, түсіну, түсіндіру, мәдениетаралық байланыс, 

түпнұсқа.  

М.Кожаканова  

МЕЖКУЛЬТУРНОЕ ПОЛЕ ПРОИЗВЕДЕНИЙ АБАЯ 

Аннотация.  Вопросы,  рассматриваемые  в  статье.Значение  и  содержание.  Поэтическое 

значения  произведений  Абая.  Восприятие  текстов  произведений  Абая  в  теории 

художественного  перевода.

  Понимание  и  понятие.  Переводчик – соединитель  межкультурной 

связи

.

Сравнительный анализ перевода «Восместишие» на русском и английских языках.Особенности 

вариантов оргинала и перевода.

 

Ключевые слова: содержание, значение, текст, художественный перевод, понятие, межкультурная 

связь, оргинал. 

M.Kozhakanova 

INTERCULTURAL VIEW WORKS OF ABAI. 

Abstract.  The issues dealt in this article The context and content. The poetic value of Abai’s works. 

Application of Abai’s works into the literary translation theories. An understanding of the concept. 

Translator - connector of cross-cultural relations. Comparasion of " Segiz Ayak" in Russian and English 

versions. Features of orginal poems and their translation. 

Keywords: content, value, text, literary translation, the concept, intercultural communication, orginal. 

 

А

байдың  шығармашылық  мұрасын  тұтас-



тай алғанда да, жеке бір туындысын бөліп алып 

қарағанда  да  мазмұн  мен  мағынаның,  мәннің 

байлығы  мен  тереңдігі  ерекше  байқалады. 

Негізінде  Абайдың  әр  сөзінде  бай  мазмұн  бар, 

мазмұнның  түрлі  мағынасы  бар,  одан  келіп 

шыға-тын  поэтикалық  мән  бар.  Олардың 

әрқайсысының  мәнісін  тану,  қабылдау  оңай 

емес. Абайдың әр шығармасының, ақынның өзі 

айтқандай, «сырты  күміс,  іші  алтын»  болып 

келеді.  Басқаша  айтсақ,  ақын  шығармасының 

пішіні  келісті  болғанда,  мазмұны  одан  асып 

түседі.  Сондықтан  Абайдың  шығармасының 

мазмұны  мен  мағынасын,  мәнін  ұғу,  түсіну  өте 

қиын. Белгілі бір түсінігі, білім деңгейі жоқ кісі 

Абайдың  сөзін  де,  ойын  да  тиісті  деңгейде 

түсіне алмайды. Біздің бұл айтып отырғанымыз 

Абайды  қазақ  тілінде  оқитын  оқырмандардың 

қайбір  тобына  қатысты.  Ал  Абайды  қазақ 

тілінде  оқи  алмайтындардың  Абай  туралы 

түсінігі,  Абайдың  ақындығы  туралы  ұғымы 

мүлде  басқаша  болуы  мүмкін.  Осы  тұрғыдан 

келгенде,  Абайдың  көркемдік  әлемін  түсіну, 

оны қабылдау өз алдына зерттеу нысаны болуға 

лайықты,  іргелі  ғылыми  мәселелердің  бірі 

болып табылады.  


Абай институтының хабаршысы.  № 3 (9). 2011

 

 

 

61

 



Абай  шығармаларының  мәтінін  қабылдау 

өте  күрделі  психикалық  процесс  болып  табы-

лады.  Ақынның  қай  шығармасында  да  құбы-

лыстың,  заттардың,  жағдаяттар  мен  оқиға-

лардың  тұтастай  көрінісі  бейнеленеді.  Оларды 

қабылдау,  дәлірек  айтсақ,  эстетикалық  қабыл-

дау  әркімнің  парасат  деңгейіне  сай  жүзеге 

асады.  Ал  көркем  аударманың  теориясында 

қабылдау  ұғымы  түсіну  мен  пайымдаудың, 

бағалаудың  біртұтас  болмысы  ретінде  қарас-

тыруды  қажет  етеді.  Өйткені  қабылдау  ұғымы-

ның  өзі  аударматануда  толық  айқындалмаған 

ұғымдардың  қатарына  жатады.  Соған  қарамас-

тан  аудармашы  үшін  асыл  нұсқаның  мәтінін 

қабылдауды  аударма  үдерісінің  бірінші  әрі 

негізгі  кезеңі  ретінде  тануымыз  дұрыс.  Оған 

үстірт  қарауға  болмайды.  Бұл  кезеңнің  нәти-

желілігі  аударма  үдерісінің  кейінгі  сатыла-

рының бәрінің де сапалылығының басты шарты 

болып  есептеледі.  Жалпы,  қабылдау,  түсіну, 

пайымдау,  бағалау  мәтіндегі  мәнді  танудың 

бірден  бір  кепілі  десе  болғандай.  Мәтіндегі 

мәнді  танымай  тұрып  оны  нақтылау,  айқындау 

және аудару мүмкін емес.  

Абайдың  әр  шығармасы  тұтас  бір  күрделі 

құбылыстың  бейнесі  екендігі  туралы  жоғарыда 

айттық.  Ақынның  әр  шығармасының  өзі  де 

тұтас  бір  көркемдік  құбылыс  болып  табылады. 

Оны  сол  қалпында,  бүтін  күйінде  қабылдап 

түсіну  қиын.  Оны  түсіну  үшін  алдымен  оның 

жекеленген  құрамдас  бөліктерін  түсіну  қажет. 

Бүтіннің  бөлшегін  танымайынша  бүтінді  білу 

мүмкін  болмайды.  Сөйте  тұра  бүтіннің  бөлше-

гін  түсіну  үшін  бүтіннің  өзінің  мәнін  тануға 

тура келеді. Осы орайда қабылдау процессіндегі 

түсінудің  өзі  іргелі  мәселелердің  қатарынан 

орын  алады.  Түсіну  бар  жерде  түсіндіру  де 

болады.  Түсіну  мен  түсіндірудің  арақатынасын 

анықтау  да  үлкен  ізденіс  жұмыстарын  талап 

етеді.  Бұл  мәселе  туралы  түрлі  пікірлер  бар. 

Әдебиеттану  мен  аударматану  саласындағы 

зерттеушілердің  еңбектері  түсіну  мен  түсін-

дірудің  арасын  ажыратып  көрсетеді.  Мысалы,  

М.М.  Бахтин  түсіну  мен  түсіндірудің  басты 

айырмашылығын  былай  анықтайды: «Шығарма 

авторын  түсіну  дегеніміз - басқа  адамның 

әлемін,  бөтен  сананы,  яғни  басқа  субъектіні  

түсіну  деген  сөз.  Түсіну  кезінде - екі  сана,  екі 

субъект,  түсіндіру  кезінде  бір  сана,  бір  субъект 

болады.  Нысанға  қатысты  диалогтік  қарым-

қатынас  болмайды,  сондықтан  түсіндіруде  диа-

логтік сәттер жоқ (формальды - риторикалықтан 

басқасында). Ал түсінуде аздап диалогтік сипат 

болады» [1, 289 б]  М.М.Бахтиннің  түсіну  мен 

түсіндіру туралы пікірінің маңызы зор. Әсіресе, 

түсіну үдерісінде екі сана, екі субъект арасында 

болатын  диалогтік  қатынас  жайында  айтылған 

ойлардың  ғылыми  мәні  барын  ашық  айтуымыз 

керек. Ал нысанға қатысты түсіндіру үдерісінде 

диалогтік  қарым-қатынастың  болмайтыны  жө-

ніндегі 

тұжырымды 

бірыңғай 

қабылдау 

әрқашан  дұрыс  бола  бермеуі  мүмкін.  Мұның 

мәнісі  түсіну  нысаны  аударма  мәтін  болып 

келгенде  айқындала  түседі.  Өйткені  аударма 

мәтінді  түсінудің  өзі  түсіндірумен  егіз,  қатар 

жүзеге  асатын  процестердің  қатарына  жатады. 

Аударма мәтінді түсінуді біржақты қабылдамау 

керек.  Аударма  мәтінді  түсіну  асыл  нұсқадан 

тыс  жүзеге  аспайды.  Аударма  мәтін  мен  асыл 

нұс-қаның 

өзін 


қатар 

алып 


қарастыру 

нәтижесінде  ғана  толық  түсінікке  жетуге 

болады. Мұндай жағдайда түсінушінің алдында 

бір  емес,  екі  нысан  тұрады.  Оның  үстіне 

түсінуші  немесе  түсіндірушінің  екі  нысанды 

өзара  салыстырып  қабылдауы  барысында 

алатын түсінігінін өзі бір емес, бірнеше нұсқалы 

болып  келуі  мүмкін.  Мұның  өзі,  айналып 

келгенде,  аударма  мәтінді  түсінудің  өзі  оны 

түсіндірумен  егіз,  қатар  жүзеге  асатындығы 

туралы  жоғарыдағы  пікірі-мізді  толықтыра 

түседі.  Сөйтіп,  осы  айтыл-ғандардың  негізінде, 

аударма  мәтінді  түсіну  үдерісінде  түсіндіру 

үдерісінің  элементтері  бар  деген  тұжырым 

жасауға  болады.  Осы  тұрғыдан  келгенде, 

аударма  мәтінді  түсінудің  өзінде  де  диалогтік 

қарым-қатынас  орын  алады  деуіміз  орынды 

болмақ.  

Мәтінді  түсіну  дегеніміздің  өзін  дұрыс 

түсінуіміз керек. Мәтінді қабылдаушының түсі-

нігі  түпнұсқа  авторының  түсінігіне  неғұрлым 

сәйкес  болса,  соғұрлым  толық  түсінік  болмақ. 

Осы жерде мынаны ескеруге тура келеді. Автор 

өмір  құбылыстарын  суреттегенде,  оларды  өз 

шығармасында  барынша  толық  қамтып  көрсет-

пейді.  Көп  жайлар  шығармаға  енбей  қалады. 

Екінші  жағынан,  автор  белгілі  бір  көркемдік 

бейнелеу  тәсілдері  арқылы  шығарма  мәтінінде 

анық  көрініс  таппаған  жайлар  туралы  да  ой 

ұсынады. Автордың шығармасында суреттелген 

құбылыстардың  нақты  мазмұны  мен  мағына-

сынан  мұндай  ойлардың  мәнісін  аңғару  қиын. 

Сол  себепті  мәтінді  түсінушінің  түсіну  деңгейі 

автордың  түсіну  деңгейіне  жете  қабыл  болуы 

сирек  кездеседі.  Алайда  мәтінді  қабыл-

даушының  қаңдайы  да  автор  түсінгендей  дең-

гейге  жетуге  күш  салады,  авторша  түсіну  мүм-

кіндігін көздейді. Мұндай түсіну деңгейіне жету 

үшін, түсінуші:  

а)  түпнұсқа  мәтінді  терең  пайымдап,  ғылы-

ми  тұрғыдан  саралап  зерттеуі  қажет;  ә) 

түпнұсқа  қай  елдің  тілінде  жазылса,  сол  елдің 

мәдениетін  жете  білу  керек;  б)  түпнұсқа 

авторының 

идея-сын, 

шығармашылық 

ұстанымын, 

өмір 


шын-дығынан 

өнер 


Абай институтының хабаршысы.  № 3 (9). 2011

 

 

 

62

 



шындығын  жасау  концепциясын,  стилін  терең 

түсінуі шарт.  

Көрсетілген  талаптар  түпнұсқа  туындыны 

қабылдау, түсіну, пайымдау үшін аса  маңызды. 

Қабылдаушының біліктілігіне қойылатын басқа 

да талаптар бар. Осы талаптарға тиісті деңгейде 

жауап  бере  алған  жағдайда  ғана  аудармашы  өз 

міндеттерін  сәтті  орындауға  мүмкіндік  табады. 

Аударматануда  мұндай  түсініктің  алдамшы 

сипаты бары, шығармашылық үдеріс алдын ала 

пайымдалмай, санадан тыс өтетіні туралы пікір-

лер  де  бар.  Аударма  нақты  тұлғаның  шығар-

машылығы  болғандықтан,  бұл  пікірлердің  ау-

дармашы  еңбегіне  де  тікелей  қатысы  болады. 

Алайда  аудармашы  еңбегінің  кезеңдерін,  үде-

рістерін  алдын  ала  пайымдауға  болмайтыны, 

олардың  санадан  тыс  өтетіні  туралы  пікірлерге 

сыншылдықпен  қарауға  тура  келеді.  Өйткені 

шығармашылық  еңбек  үдерісінің  кезеңдері  мен 

сатыларын  пайымдауға  болмайтыны  туралы 

ойлар  мен  пікірлердің  ғылыми  негізі  әлсіз, 

дәлелі, дәйегі жоқ. 

Әрине,  аудармашы  мәдениетаралық  байла-

ныстың  дәнекері  қызметін  атқарады.  Бұл  қыз-

мет  үстінде  ол  түпнұсқаны  автордың  дәл  өзі 

секілді  танып,  біле  алмайды.  Бірақ  бұл  аудар-

машының  түпнұсқаны  мүлде  танып,  біле 

алмайтындығы  туралы  ойға  алып  келуге  тиіс 

емес.  Аудармашы  біліктілігі  неғұрлым  жоғары 

болса,  оның  түпнұсқаны  танып,  білу,  түсіну, 

түсіндіру  мүмкіншілігі  де  соғұрлым  мол 

болмақ. 


Оқырман  үшін  мұндай  біліктілік  міндетті 

емес.  Оқырманның  белгілі  бір  мәтінді  қабыл-

дауы, түсінуі мен аудармашының біліктілігі ара-

сында  үлкен  айырмашылықтар  бар.  Мәтіннің 

мазмұны айқын әрі ашық ғана емес, үнемі ақпа-

ратты  болып  келеді.  Оқырманның  подтексті, 

аллюзияны,  оқиғаның  немесе  сөздің  жасырын 

мәнін,  кейіпкердің  түптұлғасының  құбы-

луларын  түсінуі  үшін,  оған  өздігінше  зерттеу 

жүргізудің қажеті жоқ. Мысалы Абайдың «Сегіз 

аяғындағы»: 

 

Алыстан сермеп, 



Жүректен тербеп,  

Шымырлап бойға жайылған... [ 12, 62 б] 

 

секілді  тармақтардағы  әр  сөзді,  әр  суретті 



оқырман  өздігінше  қабылдап,  өздігінше  түсі-

неді.  Оның  түсінігіне  сын  айту  орынсыз.  Ал 

аудармашы бұл тармақтарды, олардағы әр сөзді, 

оның  тиісті  мағыналарын  терең  түсінуге, 

ғылыми  негізделген  жүйеде  бағалауға  міндетті. 

Бұл оңай жұмыс емес. «Алыстан сермеп» деген 

екі  сөзден  тұратын  бір  тармақтың  мағынасын 

анықтаудың  өзі  аудармашы  үшін  үлкен  қиын-

дыққа  түседі.  Алыстан  сермеудің  иесі,  дәлірек 

айтатын  болсақ,  осы  тармақтағы  қимылдың, 

істің  иесі - «қызыл  тіл».  Алыстан  сермейтін - 

«қызыл тіл». Ал тіл қалайша сермейді? Қалайша 

алыстан  сермейді?  Жалпы,  тіл  сермей  ме? 

Сермесе нені сермейді? Міне, осындай сұрақтар 

туындайтыны  заңды.  Бұл  сұрақтарға  қалай 

жауап  беруге  болады?  Оқырманның  ойында 

мұндай  сұрақтар  тумайды,  ол  мұндай  сұ-

рақтарға  жауап  та  іздеп  жатпайды.  Енді  осы 

тармақтың  орыс  тіліндегі  аудармасына  көңіл 

бөлетін болсақ, мынадай жол шығады: 

 

Издали зовет...



 [ 16, 112 б] 

 

Аудармашы - Л.Озеров.  Аудармашының 



ақындық  өнеріне,  аудармашылық  шеберлігіне 

мін тақпаймыз. Бірақ Абайдың «Сегіз аяғының» 

осы  сөз  болып  отырған  тармағы  орыс  тіліне 

лайықты  деңгейде  аударылмағанын  айтуды 

парыз  деп  білеміз.  Түпнұсқаның  мағынасы 

аудармада дұрыс берілмеген, тіпті бұрмаланған. 

Аудармашының «Издали зовет» деп отырғанын 

сөзбе-сөз қазақ тіліне кері аударғанда, мынадай 

мағына туады:  

 

Алыстан шақырады 



 

Осылайша  Абайдың  «Алыстан  сермеуі» 

Л.Озеровтің  түсінуінде  «Алыстан  шақырады» 

болып  шығады.  Сермеу  мен  шақырудың  мағы-

налары  екі  басқа.  Олар  бір-біріне  балама  бола 

алмайды.  Бұлардың  лексикалық  мағыналары 

әртүрлі.  Сермеу  сөзінің  лексикалық  мағынасы 

нақты  қимылды  білдіреді  және  ол  басқа 

көптеген сөздермен тіркесе алады. Ал бұл Абай-

дың қолдануында дерексіз мағынаны білдіреді. 

Осы  жолды  орыс  тіліне  аудармашылар  түр-

ліше аударады:  

 

Звенящий,  как  ключ,  Слепящий,  как  луч...



 

(В.Державин) [ 9, 56б] 

Далеко зовет...

(М.Касаткин) [ 10, 112 б] 

Зазываешь, далек

... (А.Кодар) [ 11, 99 б] 

 

Осы  аудармалардың  да  ешқайсысы  келісіп 



тұрған жоқ. Жалпы, аудармалардың бәрі белгілі 

дәрежеде  өзара  мағыналық  жағынан  үндеседі. 

Ал  нақты  алып  қарайтын  болсақ,  Державиннің 

аудармасы  басқа  аудармалардан  айтарлықтай 

ерекшеленеді.  Шақыру  туралы  ұғым  Касаткин-

нің, Озеровтің, Кодардың аудармаларында анық 

көрініс  тапқан  болса,  Державинде  басқаша, 

онда  кілттей  сылдырлау,  сәуледей  жарқырау 

туралы  мағына  бірінші  кезекке  шыққан. 

Түпнұсқадағы  алыстан  сермеу  туралы  ұғым 

осылай  өзгеріске  ұшырайды,  турасын  айтсақ, 

түпнұсқадағы  «алыстан  сермеудің»  ізі  де  жоқ 

болып кеткен. 


Абай институтының хабаршысы.  № 3 (9). 2011

 

 

 

63

 



Үшінші  тармақтағы  «Шымырлап  бойға 

жайылған»  ұғымы  да  белгілі  бір  сурет,  образ 

арқылы берілген. Осы тармақты тілдік тұрғыдан 

саралайтын  болсақ,  ондағы  сөздердің  арасында 

мынадай  қатынас  бары  белгілі  болады:  қимыл-

дың  иесі,  жоғарыда  көрсетілгендей,  тіл  болып 

табылады.  Ал  қимылдың  баяны  «жайылған» 

сөзінің  мағынасы  арқылы  белгілі  болады. 

«Бойға»  сөзі  осы  қимылдың  шартты  кеңістігін, 

мекенін білдіреді. «Шымырлап» сөзі қимылдың 

сынын,  орындалу  амалын  білдіреді.  Әр  сөздің 

лексикалық  мағынасы,  синтаксистік  қызметі 

анық,  түсінікті.  Ақын  өлеңдегі  сөздің  осындай 

мағынасы  мен  қызметін  шебер  қиыстыра  оты-

рып,  суретті,  бейнелі  мағынаға  қол  жеткізеді. 

Енді  осы  мағынаның  орыс  тіліндегі  баянына 

назар  аударатын  болсақ,  тағы  да  түпнұсқа  мен 

аударма  арасындағы  сәй-кессіздіктің  көрінісіне 

куә  болар  едік.  Мысалы,  осы  тармақтың  мағы-

насы Л.Озеровтің аудармасында былай беріледі: 

 

Заставляет нас трепетать... 



 

Осы тармақ басқа аудармашылардың аудар-

маларында  тағы  да  түрліше  пайымдалады, 

түрліше шешімін табады: 

 

Ты хлынешь, сердца обжигая



...(В.Державин) [ 

9, 56 б] 

Волнением полнит тело...

 (М.Касаткин) [ 10, 

112 б] 

Избавляя от боли и мук...



 (А.Кодар) [ 11, 99 б] 

 

Бір  мағынаны  төрт  аудармашы  төрт  түрлі 



жеткізеді.  Нақты  салыстырмалы  талдау  жаса-

ғанда, түпнұсқаның мағынасын төрт аудармашы 

да  лайықты  аударып  бере  алмайды.  Шақ,  жақ 

категориялары  да  сәйкес  келмейді.  Лексикалық 

мағына 

деңгейінде 



де 

сәйкестік 

жоқ. 

Л.Озеровтің  аудармасынан  «Бізді  толқуға  мәж-



бүр етеді» деген ойдың өзегі шықса, Державин-

нің  аудармасынан  «Жүректі  күйдіріп,  баурай-

сын»  деген  мағына  туады.  М.Касаткиннің 

аудармасынан  «денемді  толқуға  толтырады» 

деген  мағына  шығады.  Бұларды  Абайдың 

«шымырлап бойға жайылған» тармағының бала-

масы  ретінде  қабылдау  қиын.  Абайдың 

тармағынан шығатын мағына бір басқа: суретті, 

бейнелі,  мағынаға  бай.  Аударма  тармақтан 

шығатын  мағына  бұған  керісінше:  сурет  жоқ, 

бейне  жоқ,  мағына  басқа.  Қазақ  ортасынан 

шыққан  А.Қодардың  аудармасы  туралы  да 

осындай ой туады. Оның аудармасынан туатын 

мағына мынадай: «Ауру мен азаптан құтқарып». 

Анығын  айтқанда,  А.Қодардың  аудармасы 

мүлде  шектен  шығып  кеткен  сияқты  көрінеді. 

Түпнұсқада  мұндай  мағынаның  елесі  де  жоқ. 

Том  Боттинг  осы  үш  тармақты  ағылшын  тіліне 

былай тәржімалайды: 

 

You start your flight from a distance, 



Impinging on the soul’s resistance 

You penetrate all existence

. [ 14, 68 б] 

 

Мұны  қазақ  тіліне  сөзбе-сөз  кері  аудар-



ғанда, мынадай мағына туады: 

 

Сіз ұшуды алыстан бастайсыз, 



Жанның қарсылығынан өтесіз, 

Сіз барлық тіршілікке (болмысқа) жайыласыз 

(бойлайсыз). 

 

Кері  аудармада  көрініс  тапқан  мағына 



аудармашының  ойындағы  немесе  аудармасын-

дағы  мағынаға  толық  сай  келеді  деп  айта 

алмаймыз.  Оның  үстіне  Т.Боттингтің  аудар-

масының ағылшын тілді оқырмандары мәтіннен 

тыс,  контексте  ашылатын  кейбір  мағыналық 

реңктерді  де  түсініп,  қабылдауы  мүмкін  екен-

дігін жоққа шығармаймыз. Әйтсе де біз ұсынып 

отырған  кері  аудармада  Т.Боттингтің  аударма-

сының  негізгі  мағынасы  дұрыс  берілді  деп 

білеміз.  Осы  тұрғыдан  келгенде,  Т.Боттингтің 

аудармасында  түпнұсқаның  мағынасы  толық 

көрініс  таппаған.  Ақынның  поэтикалық  ойы 

ағылшын тілді оқырманға дұрыс жетпеген. Түп-

нұсқаның  мағынасы  өз  оқырмандары  үшін 

терең,  айқын  әрі  көп  қырлы.  Аталмыш 

аудармада  мұндай  тереңдік,  айқындық,  көп 

қырлылық  жоқ.  Бұл  аудармашының  түпнұсқа 

туындыны  қабылдауының,  түсінуінің  деңгейіне 

тікелей  байланысты  орын  алып  отырған  олқы-

лықтардың  қатарына  жатады.  Дегенмен  осы 

жерде 

Т.Боттингтің 



Абай 

шығармасын 

түпнұсқадан емес, оның орыс тіліндегі аударма-

сынан аударып отырғаның ескеруге тура келеді. 

Түпнұсқа туындыны ағылшын тіліне тікелей ау-

дарудың  маңызы  өте  зор  екендігінде  сөз  жоқ. 

Бірақ  ондай  аударма  жасайтын  аудармашыны 

іздеп  табу  қиын.  Осы  қиындық  Абайдың 

шығармасын  ағылшын  тіліне  оның  орыс 

тіліндегі  аудармасы  арқылы  ауда-руға  алып 

келген.  Енді  Абайдың  осы  шығар-масының 

орыс  тіліндегі  аудармасы  мен  соның  негізінде 

жасалған  ағылшын  тіліндегі  аудармасын  өзара 

салыстырып  талдайтын  болсақ,  түпнұсқаның 

мағынасы  бірден-бірге  өзгеріп  отырғанына  көз 

жеткізуге  болады.  Мысалы,  жоғарыда  берілген 

үзіндіге қарағанда, аудармашы ағылшын тілінің 

синтаксистік  құрылымына  сәйкес  сөйлемді 

есімдіктен бастауды ұйғарған. Ол негізсіз емес, 

өйткені  ағылшын  тілінде  мекен  пысықтауыш 

сөйлемнің соңында келеді. Бірақ аудармада осы 

тармақ  сәтті  шықпаған.  Оның  бірнеше  себебі 

бар.  Бір  себебі  ағылшын  тілді  оқырманның  

 


Абай институтының хабаршысы.  № 3 (9). 2011

 



1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   22


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал