Комитетінде тіркеліп 24. 12



жүктеу 2.26 Mb.

бет13/22
Дата09.01.2017
өлшемі2.26 Mb.
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   22

 

 

54

 



деген  ел  жастарына  қояр  талабы  шын  мәнінде 

жүзеге  асты  десек,  оны  Шәкәрім,  Ахмет, 

Міржақып, Мағжан, Сұлтанмахмұт, т.б. шығар-

машылық тұлғалар болмысынан табамыз. 

Өздерінің  ақындық  жолының  бастауында-

ақ,  олар  Абай  үмітін  жалғастыруды  шығар-

машылық мақсат тұтты. Қалай болғанда да өлең 

сөз  деп  танылған  сөз  өнері  арқылы  халқына 

септігін  тигізудің  қамын  ойлады.  Сөйтіп,  ұлы 

ұстаз  міндет  артқан  ақындық  өнерпаздықты 

мирас  етіп,  оның  дертпен  тең  екенін  жанымен 

түсінді.  Елге  ой  айтуға  өлеңді  оңтайлы  көріп, 

соны  дұрыс  санап,  сөзінің  діттеген  жеріне 

жетеріне  сенім  артты.  Елді  оятуды  мақсат 

тұтқанын  өздеріне  бақыт  санады.  Мәселен, 

Ахаңның  «Жазушы  қанағаты»  атты  өлеңіндегі 

мына жолдар осының куәсі: 

 

Бұл сөзді біреу алмас, біреу алар, 



Құлағын біреу салмас, біреу салар. 

Теп-тегіс көпке ұнау оңай емес, 

Кейіне жарамаса, кейіне жарар. 

Қайсысы ықыласын салып тыңдап, 

Жаратпай қайсыбірі теріс қарар. 

Дүниеде сүйгенім бар, күйгенім бар. 

Солардан аз да болса белгі қалар [4, 57]. 

 

“Ызыңдап  ұшқан  сары  масаның”  тірлігін 



өмір-күресте  арқау  еткен  Шәкәрім,  Ахмет, 

Міржақып,  Сұлтанмахмұт,  Мағжанның    «бал 

араның» тынымсыз еңбегіндей  ісі түбі жарыққа 

шықты.  Олар  бүгінгі  дүниеде  «рухани  көсем» 

атанып, 

болашақ 


ұрпақтың 

бой 


түзер 

бәйтерегіне айналды. 

Абайдың  төл  шәкіртіне  саналатын  Шәкәрім 

өлеңдерінде  айырықша  көзге  түсетін  ерекшелік 

- азатшыл, күресшіл рух. Бұл қасиет оған Абай-

дан  жұққан.  Абай  поэзиясынан  үйренген  үлгі 

екендігіне мына жолдар дәлел бола алады: 

 

Патша құдай, сиындым, 



Тура баста өзіңе. 

Жау жағадан алғанда, 

Жан көрінбес көзіме. 

Арғын, найман жиылса, 

Таңырқаған сөзіме. 

Қайран сөзім қор болды 

Тобықтының езіне. 

 

Ұлы  ақын  өз  заманында  жұрт  түсінбей  қор 



болғандығын аһ ұра өкінішпен еске ала отырып, 

«Жау  жағадан  алғанда,  жан  көрінбес  көзіме» 

деп  рухының  биіктігін  танытады.  Сол  бір  рух 

биіктігі  Шәкәрімнің  қай  өлеңінде  болсын  көрі-

ніс тауып жатады. 

Шәкәрім  сонымен  бірге  Абайдың  қоғам 

туралы  толғамын,  адам  болмысын  танудағы 

ізденісін,  адамдық,  азаматтық  имандылықты, 

ар-ұжданды,  адамгершілікті  уағыздау  өнегесін, 

білім  мен  өнер  шашпақ  үлгісін,  теңіздей  терең 

ойшылдығын  ұлы  ұстаз  дәстүрін  сақтай  оты-

рып,  жаңаша  жаңғыртып,  жасампаздықпен  да-

мытты.  Ол  ұстаз  ұстанған  ұлы  мақсатты  айқын 

аңғарып,  ақын  ағаның  жан-дүниесін  өзіндей 

тани білді. Сондықтан да ойлары үндес шығып, 

сырлары  бір  бірлік  бойынан  табылып  жатты. 

Абайдың  көзі  тірісінде  жазылған  «Жастарға» 

атты өлеңінде Шәкәрім: 

 

Кел, жастар, біз бір т‰рлі жол табалық, 



Арам айла, зорлықсыз мал табалық, 

Өшпес өмір, таусылмас мал берерлік, 

Бір білімді данышпан жан табалық. 

...Сақ болалық, бір шоқып, бір қаралық! 

Қарауылдар мезгіл ғой, тұр, қаралық! 

Ж‰з айтқанмен, өзгенің бәрі надан, 

Жалыналық Абайға ж‰р баралық, - 

 

деп,  ұстаз  ұлылығын  танып,  жастарды  Абай 



төңірегіне  топтастырып,  данадан  тәлім  алуға 

‰ндесе,  кейінгі  өлеңдерінде  ұстаз  болмысымен 

тіпті  ‰ндесіп,  оның  рухын  терең  ұғынғандығын 

дәлелдей т‰седі. 

 

Кім жалғыз, д‰ниеде есті жалғыз, 



Болмаған соң мұңдасар бір сыңары. 

Жалтақтап жалғыз Абай өткен жоқ па?! 

Табылды ма қазақтан соның пары? 

 

Бұл  «бұл  қазақтан  мұңдасар  жан  таппаған» 



Абай  рухымен  астасу  емей,  не?  Ұстаз  жанын 

таныса, Шәкәрімдей танысын! 

ХІХ  ғасырдың  екінші  жартысынан  бастап 

к‰рт  алға  басқан  ағартушылық  ой-сананың 

өрістеуі  Абай  арқылы  қазақ  поэзиясына  аза-

маттық 


ой-толғанысты 

әкелген 


болатын. 

Шәкәрім  де  ұлы  ұстаз  ұстанған  осы  бағытты 

дамытты.  Азаматтық  поэзияға  тән  биік  асқақ-

тық,  өмір  құбылысына  терең  ‰ңілген  таным-

толғам  Шәкәрім  өлеңдерінің  басты  идеялық 

тұғырына  айналды.  Ақынның  шынайы  азамат-

тық  болмысын,  ақындық  сенім  көзін  айқын-

дайтын  басты  тақырыптар – қоршаған  орта, 

табиғат әлемі, тартысты қоғам, қоғамдағы адам, 

оның болмысындағы қадір-қасиет, адамгершілік 

қағидалары  және  мінез-құлық,  тәрбие  негізі. 

Шәкәрім  ‰шін  нағыз  адам  деген  атқа  лайық 

жандар – ең  биік  идеал.  Шәкәрімнің  сыршыл 

поэзия  арқылы  адамдық  болмысты  тануға  ұм-

тылған  азаматтық  ірі  мақсатының  бірі – 

ұлтының бойына бәле болып жабысқан осы бір 

жағымсыз  қасиеттерден  арылту. «‡йретуден 

жалықпау»  қағидасын  ұстанған  Абайды  дана 

ұстаз  таныған  Шәкәрім  ұлы  ақын  ұсынған 

адамды  адамдыққа  тәрбиелеу  атты  жанды 

идеяны одан әрі дамытты. Данышпан Абай: 

 

Болмашы кекшіл, 



Болсайшы көпшіл. 

Жан аямай кәсіп қыл!

 - 

 


Абай институтының хабаршысы.  № 3 (9). 2011

 

 

 

55

 



деп  нақыл  айтса,  Шәкәрім  де  ұлтқа  қызмет 

етуді адам баласының ең басты міндеті, қасиетті 

парызы санайды. 

 

Адамдық борышың, 



Халқыңа еңбек қыл. 

Ақ жолдан айнымай, 

Ар сақта, оны біл. 

 

Мұнда  ол  өзінің  өмірлік  тәжірибесін  алға 

тартады.  Шәкәрім  өлеңдеріндегі  азаматтық 

тұлғаның  болмысын  айыратын  көрсеткіште 

осыған тығыз байланысты. Яғни ұлт алдындағы 

борыш  ұғымы  алдыңғы  қатарға  шығып, 

азаматтың  халқына  сіңірген  еңбегіне  қарай 

бағалануы.  Ал  өмірде  адам  болып  қалу  ‰шін, 

адамгершілікті  жоғалтпау  ‰шін  не  қажет?! 

Адамның  адам  болып  қалуы – әлемдегі  сөз 

өнерін  қадір  тұтқан  бұрынғы-соңғы  бар  сурет-

керді  толғандырған  киелі  мәселе.  Замананың 

заңғар жазушысы Шыңғыс Айтматов бұл сұрақ-

ты ХХ ғасыр биігінен адамзат алдына қоя білді. 

“Қашан  адам  қалады  адам  болып?!  Соғыста  да 

сол сұрау, бейбіт к‰нде де сол сұрау!” деген ұлы 

толғаныс  адам  өнер  атты  ұлы  ‰рдісті  жанына 

арқау  еткелі  бері  “к‰н  тәртібінен”  бір  т‰скен 

емес.  Бұл  сұрақ  қазақтың  ұлы  ақындары  Абай 

мен  Шәкәрімді  де  өмірді  сөзбен  өрнектеген 

суреткер  ретінде  толғандырмай  қоймасы  хаһ. 

«Адам  деген  даңқым  бар,  Адам  қылмас 

халқым»  бар  к‰ңіренген  Абай  ұйықтаған  ойды 

т‰ртпек  ниетпен  адамның  адам  болып  қалуын 

көздеп,  талай  даналықты  алға  жайып  салды. 

Ұлы  ақынның  адам  болып  қалу  ‰шін  ұсынған 

бес қағидасын:  

 

Өсек, өтірік, мақтаншақ, 



Еріншек, бекер мал шашпақ - 

Бес дұшпаның білсеңіз. 

Талап, еңбек, терең ой, 

Қанағат, рақым, ойлап қой - 

Бес асыл іс көнсеңіз. 

 

Шәкәрім  “Талап  пен  ақыл”  өлеңінде  сегізге 



жеткізеді: 

 

Сабыр, сақтық, ой, талап болмаған жан, 



Анық төмен болмай ма хайуаннан. 

Ынсап, рахым, ар, ұят табылмаса, 

Өлген артық д‰ниені былғаған. 

 

Шәкәрім  Абайдағы  өнер-ғылымға  ‰ндеудің 



арнасын  отаршылдықтың  езгісіндегі  ұлтының 

бостандығы  жолындағы  к‰реске  бұруға  ұм-

тылып, ол жолдағы ел мен ер бірлігінің атқарар 

міндетін  айқындауды  шығарма-шылығының 

негізгі  өзегіне  айналдырады.  Жаңа  ізденістерге 

бет  бұрады.  Осы  бетбұрыстан  кейінгі  өз 

шығармаларына  азаттық  ойды  арқау  еткен 

Ахмет,  Міржақыптарға  ой  салған  алғашқы 

идеялардың  көрінісі  бой  көрсетеді.  Әрине, 

Шәкәрім  шығармалары  тікелей  азатшылдық 

к‰ресті  меңземегенмен,  осы  ойдың  өміршең 

болуына, 

өзінен 

кейінгілердің 



шығарма-

шылығынан  мол  орын  алуына  септігі  аз  болған 

жоқ.  Азаттық  ойдың,  ұлт-азаттық  идеяның 

орнығуына  ‰лкен  әсер  етті. «Қош»  атты 

өлеңінде: 

 

Мен қайғы жедім ғой, 



Қапы өтті дедім ғой. 

Қазағым, қам ойлан, 

Сен де адам едің ғой, - 

 

дейді  Шәкәрім.  Бұдан  біз  ел-жұрт  қамын 



ойлаған  тұлғаның  халқына  қайырылуын  көре-

міз.  Мұнда  ‰мітсіздіктен  гөрі  сенім  басым. 

Туған халқының бойындағы ұлы к‰штің бұлқы-

нысына  сенеді  ақын,  сол  сеніміне  ‰мітті  серік 

етеді.  Тұлғаның  толығарына,  елінің  оянарына 

ақын ‰лкен сеніммен қарайды. 

Әдебиеттегі  жаңашылдық  пен  дәст‰р  ұғым-

дарының  нақты  белгісін  осы  Шәкәрім  шығар-

машылығынан 

көреміз. 

Дәст‰р 

дегеніміз 



М.Әуезовтің  сөзімен  айтқанда: «…мағынасына 

характер де, т‰р де, оқу мен өсу де,  дами т‰сіп 

өзгеру  де,  мазмұн  мен  сыртқы  сипат  көрік-к‰й 

мәселесі - бәрі де кіретін нәрсе». 

Бұл  тұрғыдан  келгенде  Шәкәрімнің  Абай-

дың інісі ғана емес, дарынды шәкірті екендігін, 

ұлы  ақын  дәст‰рін  өзіне  тән  өрнегімен  әрлеп 

алға  апарушы  екендігін  алғаш  айтып,  ғылыми 

тұжырым  берген  Мұхтар  Әуезов  болды.  Шы-

нында  Абай  мен  Шәкәрім  арасындағы  шығар-

машылық байланыс аса терең. Ол - құрғақ елік-

теушілік  емес,  бірін-бірі  толықтырған  өнерге 

тамырластық. 

Шәкәрім  шығармашылығында  таза  ағарту-

шылық  тақырыптың  да  орны  ерекше.  Шәкәрім 

жәй оқуға шақырушы емес, Шәкәрім ‰шін оқу-

білім,  ғылым  жолы.  Оның  бұл  ойлары  “Сен 

ғылымға”, “Сынатарсың  өзіңді”, “Ғылымсыз 

адам  хайуан”  т.б.  өлеңдерінда  анықта,  нақты 

көрініс  тапқан.  Ол - әйтеуір  оқудың  жоқшысы 

емес, сол оқу апарар танымның жол басшысы.  

 

Ғылымсыз адам - айуан, 



Не қылсаңда ғылым біл. 

Ғылымға да керек жан, 

Ақылсыз болса ғылым тұл. 

 

Шәкәрімнің  ғылымға  ‰ндеудегі  мақсаты 



тым 

алыста. 


Ол - алдыңғы 

толқын 


қалыптастырған  ағартушылық  бағытты  одан  да 

әрі  жетілдірмек  ниетте  ж‰рген  “Жаңа  жолдың 

басшысы”. “Оқу  білім  бұлағы,  білім  өмір 

шырағы”  деген  қағи-даны  ұстанған,  білім 

шырағының  таным  шам-шырағына  айналуын 

аңсаған ұлы ағартушы.  

 

‡ш-ақ т‰рлі өмір бар: бәрі де мас, 



Абай институтының хабаршысы.  № 3 (9). 2011

 

 

 

56

 



Бір рәуішті болады шал менен жас. 

Ең керекті дегенің - ортаншы өмір, 

Т‰гел қолың жетпейтін бір жанталас. 

 

Қапы өткізбе сол кездің бір сағатын, 



Өкінішті қалмайды кетсе ағатың. 

К‰ні-т‰ні дей көрме, ғылым ізде, 

Қалсын десең артыңда адам атың, - 

 

дейді  Шәкәрім. “‡ш-ақ  т‰рлі  өмір  бар”…  Осы 



бір  жолдарда  адам  өмірінің  б‰кіл  болмысы 

айқындалып  тұр.  Ақын  өмірдің  ортаншысын 

көрсету,  соған  негізгі  ойдың  салмағын  сала 

меңзеуі  арқылы,  адамды  ізденіске,  білімге  тал-

пындырады.  Осынау  екі  шумақ  арқылы  т‰йін-

делген  тұжырымда,  ақынның  ағарту-шылық  ой 

идеясының  тұтқасы  жатыр.  Ол – ізденіс,  ол – 

еңбек. 


Ал  еңбек  тақырыбы – Шәкәрімнің  б‰кіл 

ағартушылық  болмысы  мен  даналық  ойының  

дәні де нәрі. Абай “еңбек т‰бі зейнет” деген ұлы 

қағиданы ұстанып, “Еңбек етсең ерінбей, тояды 

қарның  тіленбей”  деген  қанатты  сөз  қалдырса, 

Шәкәрімдегі  еңбек  ізденіспен  тығыз  байла-

нысты.  Шәкәрімдегі  ой  “Инемен  құдық  қазған-

ды”  меңзейді.  Және  ол  ‰немі  алға  ұмтылысты 

жақтайды,  соған  ‰ндейді.  Оған  ‰лгі  ретінде 

Абай жолын ұсынады.  

Шәкәрімді  ақын  ретінде  де,  дана  ойшыл 

ретінде  де  толғантқан,  тұңғиық  ойдың  тереңіне 

тартқан  тылсым  сырдың  бірі – «өмір»  ұғымы. 

Ол  ақынның  «Д‰ние  мен  өмір», «Өмір», 

«Тумақ,  өлмек – тағдырдың  шын  қазасы», 

«Өмір  сырын  көздесең», «Анадан  алғаш 

туғанымда», «‡ш-ақ  т‰рлі  өмір  бар…»  өлең-

дерінің  тақырыбына  арқау  болған.  Қашанда 

болмасын, қай заманда болмасын ақындар адам 

ғұмырына  өз  өресі  жеткен  биіктен  ой  жіберуге 

тырысып-ақ 

баққан. 


Ежелгі 

жыраулар, 

жыраулық  толғам  мен  ақындық  айқындықты 

ұштастырған Бұқар толғауларынан мұны айқын 

байқаймыз. Абай да, Шәкәрім де бұдан тыс қала 

алмайды. Д‰ниеге келу мен кетудің мәні не де?.. 

Өмір соңы өкініштен тұра ма?.. Өкінбестей айла 

бар  ма?..  Міне,  Шәкәрімді  толғандырған  осы 

сұрақтар.  Адам  баласының  д‰ниеге  келуінің 

өзінен  Шәкәрім  оның  өмір  жолының  бар  мәнін 

ашып береді. 

 

Анадан алғаш туғанымда, 



Жыладым неге дыбыстап?

 - 


 

деп басталатын өлеңінде ақын адам өмірінің 

мың құбылған астарлы сырына ‰ңіледі. Сәбилік 

т‰йсік  пен  есейген  сезімнің  тоғысынан  өмір 

атты ұлы ұғымның мәнін ашуға ұмтылады. Әлгі 

сұрақтың  жауабы  қандай  болмақ?  Жауабы 

мынау: 

 

«Мұқтаждық өмір жолы бұл» деп, 



Мұңайтып ақыл жылатқан. 

«Жас өмір қызық оны біл» деп, 

Алдамшы ‰міт уатқан. 

 

Ақын  ойынша  өмір  қиындығын  жеңер 



жалғыз  к‰ш - алғы  к‰ннен  жақсылық  к‰тер 

‰міт. ‡міт  алға  жетелейді.  Бірақ  ‰мітке  «серік» 

қажет,  ол - «серік» - «өмір  өлімге  тұсалғанға» 

шейінгі аралықтағы қажет қасиеттер. 

 

Еңбекке шыда, ебін тап та, 



«Сабырдың т‰бі - сары алтын». 

Өзімшіл болма, көпті ардақта, 

Адамның бәрі өз халқың. 

 

Ынсап пен мейрім, әділетті, 



Жаныңдай көріп, жан сақта. 

Ол жолда өлсек, неміз кетті 

Мақсатқа жетпей қалсақ та. 

 

Ұлы Абай өмір туралы: 



 

Жас қартаймақ, жоқ тумақ, туған өлмек, 

Тағдыр жоқ, өткен өмір қайта келмек. 

Басқан із, көрген қызық артта қалмақ, 

Бір құдайдан басқаның бәрі өзгермек, - 

 

деп,  толғанса,  Шәкәрімнің  де  өмір  туралы 



тұжырымы  осылай  өріледі.  Бірақ  Шәкәрім  та-

нымының  бір  сыры – ол  өмірдің  алдамшы 

екенін  біле  тұра,  оны  өкінбестей  өткізудің 

нақты мысалдарын алға тартуында. 

 

Тумақ, өлмек – тағдырдың шын қазасы, 



Ортасы өмір, жоқтық ғой - екі басы. 

Сағымдай екі жоқтың арасында, 

Тіршілік деп аталар біраз жасы. 

 

Иә,  өмірге  келдің,  кеттің,  белгі  бар  ма?! 



Белгі  қалуы  м‰мкін  бе?  Сағым  д‰ние  сағым 

к‰йінде қала бермек пе… Өкініш! Ал осы сағым 

д‰ниені  сағынышты  өмірге  айналдыруға  бола 

ма?  Болады.  Ол  ‰шін  Шәкәрім  жеті  нәрсені 

бұлжытпай орындауды ұсынады. 

 

Өмірдің өкінбейтін бар айласы, 



Ол айла - қиянатсыз ой тазасы. 

Мейрім, ынсап, әділет, адал еңбек, 

Таза ж‰рек, тату дос - сол жарасы. 

 

Шәкәрім – нағыз  лирик  ақын.  Оның  лири-



касы сыршыл сезімге толы. Өлеңдері көркемдік 

бояуы  қанық,  ж‰ректің  қылын  шертетін  нәзік-

тікке бай болып келеді. Абай өлеңдерінен табы-

латын  суреткерлікке  тән  белгілер  Шәкәрімнің 

лирикасынанда  бой  көрсетіп  отырады.  Өйткені 

Шәкәрім – Абай  дәст‰рін,  оның  сөз  өнеріндегі 

‰лгі-өрнегін  жаңашылдықпен  байытып,  дәст‰р 

мен  жаңашылдық  бірлігінен  жаңа  жол,  соны 

соқпақ тапқан ақын. 

«Әкесінің  баласы – адамның  дұшпаны. 

Адамның  баласы – бауырың»деген  Абай  қағи-


Абай институтының хабаршысы.  № 3 (9). 2011

 

 

 

57

 



дасын  Шәкәрім – б‰кіл  өмір  бойы  берік  ұстап 

өткен адам. Ақын:  

 

Адамның маған бәрі бір, 



Не мұсылман, не кәпір. 

Тамам адам бір бауыр, 

Бөлінбесе өлген соң. 

Мен ұлтшыл емеспін, 

Жақыным мынау демеспін, 

Ашылсын анық көмескім, 

Айтайын кезі келген соң,

 - 


 

дейді. 


Шәкәрім  поэзияны  сөз  өнерінің  ең  озық 

‰лгісі  деп  біледі.  Ұлы  Абай  «өлең  сөздің  пат-

шасы,  сөз  сарасы»  десе,  Шәкәрім  өлеңді  «қос-

пасыз,  таза  к‰міске»  теңейді.  Сондықтан  да  ол 

өлең  өнерінің  асыл  қасиетін  ардақтап  өткен. 

Оған  өз  шығармашылығы  арқылы  мысқалдай 

болса  да  нұқсан  келтірмеуге  тырысып  баққан. 

Шәкәрім – поэзия  өлкесінде  өз  биігінен  еш 

төмендемеген, қазақ өлеңін биікке көтерген ХХ 

ғасырдың  ең  айтулы  ақыны.  Ол  ақындықтағы 

Абай  дәст‰рін  өрістете  отырып,  қазақ  поэзия 

әлеміне  өзіндік  өшпес  өрнегін  салып  кетті. 

Өзінің поэзияға, өлеңге қойған мына талабының 

өресінен шыға білді. 

 

Ерікті билеп алсын айтылған жыр, 



Сырты-г‰л, жарасымды ішінде - сыр, 

Жаныңның ләззат алар жарығындай, 

Мәңгілік өшпейтұғын төгілсін нұр. 

 

Өлеңнен сезім терген, сыр терген, сол арқы-

лы  санаға  ақыл  құйып,  нәр  берген  Шәкәрім 

асыл  сөзі  арқылы  кейінгіге  өсиет  қалдырып, 

өнеге беріп кетті.  

 

Адам ‰шін еңбегім, 



Өмірден бар тергенім. 

Қалағанын қарап ал, 

Мұрам сол, жастар бергенім!- 

 

деп өзі айтқандай, соңына мол мұра қалдырып, 



таңдауды  да,  толғауды  да  кейінгі  ұрпаққа 

аманат етті. 

ХХ  ғасыр  басындағы  Абай  дәстүрін  биікке 

көтеріп,  жаңашылдықпен  дамытқан,  сөйтіп 

қазақ  поэзиясында  өзіндік  дәстүрін  қалып-

тастырған  ұлы  ақынның  бірі – Мағжан 

Жұмабаев.  Мағжанның  бүкіл  өмірінің  мәніне 

айналған  Абай  поэзиясы - рух  биіктігінің  бел-

гісі. Абай мен Мағжан – ой-сана, ел алдындағы 

ұлы міндетті ұғу, рух бірлігі жағынан өте жақын 

ақындар.  Өйткені  Мағжан  «ақынның  ақының» 

ретінде  Хакім  Абайдың  сыр  мен  сезімге  толы 

көңіл күй лирикасын, адамның ішкі болмысына 

терең  бойлаған  сыршылдығын,  жан  тербетер 

сезімнің  терең  ирімдерін  жүрекке  дөп  жеткізер 

сезімшілдігін,  жансызға  жан  бітірер  сурет-

керлігін  шебер  игеріп,  оны  «европалық  әше-

кеймен»  үлбіретіп,  өзіндік  үлгі  тауып,  өзгеше 

өріспен  ұштастырды.  Қазақтың  дәст‰рлі  поэ-

зиясынан  қанып  ішіп,  Абайдай  ұлы  рухани 

ұстаз  тапқан  Мағжан  өз  шығармашылығының 

алғашқы кезеңінде еліктеуімен бірге, өз ‰рдісін 

табуға  тырысты. ‡йрену  мен  ізденуді  ұштас-

тырған дарынды ақын өзіне деген сенімді шеге-

лей т‰сті. 

Қазақ  өлең  өнерінің  жарық  жұлдызы 

«Алтын  хакім  Абайға»  арнаған  өлеңінде 

жасырын  тұрған  лирикалық  қаһарманнан  біз 

осындай сенімді байқаймыз. 

 

Тыныш ұйықта қабіріңде, уайым жеме! 



«Қор болды қайран сезім босқа» деме, 

Артында қазақтың жас балалары мен 

Сөзіңді көсем қылып ж‰рер жеңге! 

Мағжанның  «Артыңда  қазақтың  жас  бала-

лары»  сөздерінен  Абай  ізін  басқан  ұрпақтың 

атынан  сөйлеген  ақынның  сертті  ‰нін  аңға-

рамыз. Абай арқылы ақындықты пайғамбарлық, 

хакімділік деп т‰сінген ақынның олар тудырған 

туындыларды “қасиетті сөз” деп білгенін, оның 

ермек  ‰шін  жазылмайтынын,  жан  мен  ар 

тазалығынан  жаралатынын,  сондықтан  да 

теңдессіз  биік  өнер  екендігін  әу  бастан  таны-

ғанын төменгі өлең жолдарынан байқаймыз. 

 

Жанымның жаны, 



Тәнімнің қаны, 

Тіршілігім сенімен,  

Ойландым - тоймадым, 

Іздедім - қоймадым, 

Кеңес біраз менімен, 

Естісе сені - жан ұйыр, 

Бағаңды білмес көп сиыр! 

 

Ақынның  «Өлең»  атты  шағын  өлеңінен 



алынған  бұл  үзіндіден  Абай  үлгі  шашқан  өлең 

өнеріне  деген  құштарлық  пен  оның  құдіретіне 

деген  шексіз  сүйіспеншілік  сезіліп  тұрған  жоқ 

па?! 


Міржақып өлең өнерінің Абай таныған құді-

ретін  мойындау  арқылы  оны  ұлттың  санасын 

азаттық    күреске  оятудың  күшті  құралы  деп 

біліп,  өз  поэзиясына  азатшылдықты  арқау  етуі 

негізінде Абаймен іштей үндесіп, өлең өлкесіне 

өзіндік рух септі. 

Сұлтанмахмұт  әлеуметтік  өмірдегі  теңсіздік 

көрінісін  шыншылдықпен  суреттей  біліп, 

қоғам-дық  қайшылықтың  негізін  «көкірек 

көзімен»  көріп,  нақты  танып-біліп,  ащы 

шындықты  ақын-дар  пайғамбары  санаған 

Абайша  айта  алып,  шыншылдыққа  суарылған 

азатшыл ойдың өрісін кеңейтті. 

Қарап  отырсақ,  ХХ  ғасыр  басындағы  ақын-

дар Абай мұрасынан үлгі-өнеге ала отырып, ұлы 

тұлғаның  сан  қырлы,  мол  сырлы  поэзиясынан 

жандарына  жақын,  рухына  үйлес,  өз  ой-пікі-


Абай институтының хабаршысы.  № 3 (9). 2011

 

 

 

58

 



рімен  үндес  келер  тұсын  үйіріп  әкетіп,  жаң-

ғырта да жаңаша дамытқанын байқаймыз. 

Иә,  бірінің-бірі  жалғасы  іспетті  Ұстаз  бен 

шәкірттер  шығармашылық  байланысы - үлкен 

ізденістерге  апарар  сара  жол.  Соның  шынайы 

көрінісін  Ахмет  Байтұрсынұлы  поэзиясынан 

табамыз. Ахмет шығармашылығы - қазақ өлеңі-

нің  реформаторы  ұлы  Абай  мұрасының  тікелей 

жалғасы.  Оның  қай  өлеңін  алып  қарасақ  та,  не 

тақырып  шешімінде,  не  сөз  саптау  мәнерінде, 

не өлең құрылысында Абай ақын өнегесі  сезіл-

мейтін  тұс  кемде-кем.  Ең  бастысы - олардағы 

идеялық  үндестіктің  бірінен  екіншісінде  жал-

ғасын  тауып,  уақыт  талабына  орай  жаңа-

шылдықпен дамытылып отыратындығы.  

Ахмет  бас  ақынға  қоғамның  ең  көкейкесті 

мәселелерін  қозғаған  ой-толғам,  отарлық 

қыспа-ғындағы  ұлттың  қамын  ойлаған  тұстан 

үндесіп,  азаматтық  ұстанымынан  туындаған 

азаттық  сарынды  алға  тартуымен  жаңаша  жол 

тапты. 

Елдің  бетке  ұстар  азаматтарын  бірлікке  ша-



қырып, күреске үндеген Ахмет өлеңдері бостан-

дықты,  азаттықты  аңсаған  әлемнің  алдыңғы 

қатарлы прогресшіл үнімен ұштасып жатады. 

 

Мен бұқтым-жаттым, 



Сен бұқтың-жаттың, 

Кім істемек қызмет?! 

Ауызбен айтып, 

Істерге қайтып, 

Жоламасақ не міндет? 

 

Осы  Ахаңның  өзіне  тән  сарын,  өзі  салған 



жол  дейтін  күресшілдік  рухтың  өзінде  Абай 

тәлімінің  астары  жатқандығы  айқын.  Абайдың 

атақты  «Сегіз  аяғындағы  мына  жолдар  соның 

куәсіндей: 

 

Біріңді қазақ, бірің дос, 



Көрмесең істің бәрі бос. 

Малыңды жауға, 

Басыңды дауға, 

Қор қылма, қорға татулас. 

 

«Сегіз аяқ» демекші, осы өлең үлгісінде жа-



зылған  Ахметтің  «Жиған-тергенін»  осынау 

Абайдың даналық туындысының дүниеге қайта 

келген  бір  сыңары  деп  бағалауға  болатындай. 

Өзгені  былай  қойғанда,  екі  ақынның  сөз  бас-

тауларына  дейін  егіздің  сыңарындай  төгіліп 

түсуі ғажап келісім емес пе?! 

Абай:  

 

Алыстан сермеп, 



Жүректен тербеп, 

Шымырлап бойға жайылған. 

Қиуадан шауып, 

Қисынын тауып, 

Тағыны жетіп қайырған. 

Толғаулы тоқсан қызыл тіл, 

Сөйлеймін десең өзің біл. 

 

Ахмет: 



 

Оюын ойып, 

Орындап қойып, 

Түр салғандай өрнекке. 

Қиыннан қиып, 

Қиырдан жиып, 

Құрап, сөзді термекке. 

Еңбекке егіз, тіл мен жақ, 

Ерінбесең, сөйлеп бақ! 

 

Ахметтің  тек  ағартушылық,  өнер-білім,  кү-



реске үндеген өлеңдерінде ғана емес, терең фи-

лософиялық  түйін  түйген  өлеңдерінде  де  таны-

мы,  түйсінуі  Абаймен  сабақтас  өріліп  жатады. 

Оның  «Н.  Қ.  Ханымға  (Нәзипа  Құлжановаға 

арнаған)  өлеңінде  бұл  жай  тіпті  жақындық 

танытады. 

Бұл өлеңінде Ахмет: 

 

Тән көмілер, көмілмес еткен ісім, 



Ойлатындар мен емес бір күнгісін, 

Жұрт ұқпаса, ұқпасын жабықпаймын, 

Ел бүгіншіл, менікі ертеңгі үшін, - 

 

деген  зор  сенім  мен  үлкен  философиялық  ой 



түйеді. 

Азаттық  үшін  күрес  жолындағы  сансыз 

қиындықтар, жазықсыз жапа шегу мен қудалау, 

қиын  тағдыры  мен  арпалысты  өмір,  бостан-

дықтың  мәні  мен  мақсаты  жайлы  толғаулар 

ақынды  осындай  өмір  мен  өлім,  бүгін  мен 

болашақ туралы терең тұжырымға алып келеді. 

Ол  ғұмырын  арнаған  игі  істің  жемісі  мен 

жеңісін  ертеңінен  күтеді.  Алға  жетелген  ақ 

арман  биігінде  мерт  болудан  қамықпай,  тәні 

өлгенмен,  рухы  өлместігіне  сеніп,  бүгіннен 

келешектің  жалғасын  көреді.  Осы  арқылы 

адамның  өмірі  мен  өлімі  жайлы - «менің  мен 

«менікінің»  айрылғанын,  өлді  деп  ат  қойыпты 

өңкей  білмес»  деп  ұлы  Абай  түйген  ойды 

өрістете түседі. 

«Н.  Қ.  Ханымға»  өлеңінен  біз  елінің  ертеңі 

үшін, жарқын болашағы үшін бойындағы барын 

сарп  етер,  ештеңесін  аямайтын  қаһарман  кү-

рескер бейнесін танимыз: 

 

Шаршайды деп ойлама шалдыққаннан, 



Ұзақсынып жатпаспын жалыққаннан. 

Жұрт қолымнан келмесе өкпелемес, 

Барым сақтап, мен аяп алып қалман. 

 

Ұлы  Абайдан  тәлім  алып,  өлең  құдіреті 



арқылы  халқына  ой  салып,  саналы  іс-әрекетке, 

күреске  үндеу – Ахмет  поэзиясы  әкелген  жаңа 

арна. Сондықтан ол қазақ поэзиясында бастаған 

жаңа  бағыт – ұлттық  бірлік  пен  ұлттық  азат-

тықты жырлау. Құр жырлау, құрғақ ойбай емес, 


Абай институтының хабаршысы.  № 3 (9). 2011

 



1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   22


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал