Комитетінде тіркеліп 24. 12



жүктеу 2.26 Mb.

бет12/22
Дата09.01.2017
өлшемі2.26 Mb.
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   22

 

 

50

 



Автор мақаласында өзі пір тұтып, талантын, 

дарындылық  қасиетін  ерекше  бағалаған  Абай 

ақынды  сол  заманның  ақындарынан  даралап 

көрсетеді,  оның  артық  екенін  дәлелдейді. 

Жалпы  Ахмет  Байтұрсынов  қалың  жұртқа 

Абайды  таныстыру  мақсатында  оның  шығар-

маларын  газет  бетіне  жиі  жариялап  тұрған.  Ол 

“Қазақ”  газетін  екінші  Абай  мектебіне  айнал-

дырды.  Ахмет  айналасындағы  алаш  зиялылары 

өздерінің  шығармалары  арқылы  Абай  дәст‰рін 

әрі қарай жалғастырды. 

Абайды  әр  қырынан  ашуға  тырысқан 

мағыналы  мақалада  мынадай  жолдар  бар: 

«Орыс ақындарымен танысып, өлең орны қайда 

екенін  білгеннен  кейін,  Абай  өлеңге  басқа 

көзбен  қарап,  басқа  құрмет-ықыласпен  к‰тіп 

алып, төр т‰гіл тақтан орын берген. Бірақ басқа 

сөзден  өлеңнің  таққа  мінгендей  артықшылығы 

қандай, оны да көрсетіп, айтып қойған. Айтушы 

мен  тыңдаушының  көбі  надан  болғандықтан, 

өлең  болып  айтылып,  тыңдалып  ж‰ргендердің 

көбі  өлең  емес  екендігі,  өлең  жазушылар  болса 

да,  келістіріп  жазушылары  ішінде  бірен-саран 

таңдама  екендігі,  жұрт  мағыналы,  терең  сөзден 

гөрі  мағына  жоқ,  маңыз  жоқ,  желдей  гулеп, 

құлаққа  дыбысы  тиіп  өте  шығатын  жеңіл 

сөздерді таңдауға құмар екендігі Абайдың өлең 

жайынан  жазған  сөздерінде  көрсетілген» [2]. 

Мұндағы  Ахметтің  айтпағы  Абай  ақынның 

сыншылық  көзқарасының  өткірлігі  мен  нағыз 

ақынға  қажетті  де  керекті  шеберлікті  толық 

игерген жасампаздық тұлға екендігі. 

Замана  ауыртпалығын,  елдің  басына  т‰скен 

зорлық-зомбылықты  терең  сезініп,  ж‰регімен 

т‰сініп,  жырлай  білген  Абайды  «Қазақ»  газе-

тінің авторлары пір тұтқан, ұлы ұстаз тұтқан.  

Ахмет  Байтұрсынов  аталмыш  мақаласында 

Абай 


өлеңдерін 

қабылдау 

қиынға 

соғатындығын  айта  келіп, «…Абай  сөздері 



жалпы адамның т‰сінуіне ауыр екені рас, бірақ 

ол  ауырлық  Абайдың  айта  алмағанынан  болған 

кемшілік 

емес, 


оқушылардың 

т‰сінерлік 

дәрежеге 

жете 


алмағандығынан 

болатын 


кемшілік» [2], - деп  бір  т‰йіп  алады.  Сөйтіп, 

Абай 


сөзін 

ұғынудың 

қиындығы 

Абай 


поэзиясының жадағай жылтыр сөзден құралмай, 

ойлы,  мағынасы  тереңде  жатқан  сөз  ж‰йесі 

болғандықтан  деп  біледі.  Одан  әрі  осының  бір 

мысалына  Абайдың  «Көк  тұман  алдыңдағы 

келер заман», - деп басталатын өлеңін алады. 

 

Көк тұман алдыңдағы келер заман, 



‡мітті сәуле етіп көз көп қадалған. 

Көп жылдар көп к‰нді айдап келе жатыр, 

Сипат та, сурет те жоқ, көзім талған, - 

 

деп басталатын өлеңді «оқушылар т‰сінбесе, ол  



 

Абайдың ‰здік ілгері кетіп, оқушылары шаңына 

ере  алмағанын  көрсетеді», - дейді  автор.  Яғни, 

Ахмет  пайымдауынша  оқырманның  Абай  сөз-

дерін  т‰сінбеуінің  басты  себебі,  ақынның  өз 

заманындағы  талғам-танымнан  озық  кетіп,  сол 

тұстағы  оқырман  деңгейінен  ой  асырып  тұр-

ғандығынан. 

Асыл  сөздің  әрі  мен  нәрін  тап  басып 

танитын  сөз  өнерінің  білгірі: «Абай  сөзі 

заманындағы  ақындардың  сөзінен  оқшау,  олар 

сөзінен  ‰здік,  артық.  Ол  оқшаулық,  артықтық 

басқа  ақындардан  Абай  сөзінде  ғана  емес, 

өзінде  де  болған” [2], - дейді.  Сөйтіп  Ахмет 

Абайдың  өскен  ортасына,  тәлім-тәрбиесіне, 

өмір жолына көз жіберіп, осылардан қалыптасар 

адамдық болмысына ой тастап, одан туындаған 

пікірлерін ортаға салады. 

Жалпы,  Абайды  к‰ллі  қазақ  даласына,  ел-

жұртқа  таныстыруда,  оның  шығармаларын 

жариялап,  өнегелі  де  ғибратты  сөздерін  қазақ 

оқырмандарына  жеткізуде  «Қазақ»  газетінің 

және оны шығарушылардың еңбегі орасан зор. 

1903 жылы Абай сөздерімен алғаш танысқан 

Ахмет қызыға да тұщына оқи келе, құдіретті сөз 

иесінің  кемеңгерлік  болмысын  байқап,  байып-

тап, сөз асылының қыр-сырына әбден қаныққан 

соң, Абай өлеңдері тебіренткен тұнық сезім мен 

тың  ойларын  оқырманмен  бөлісуді  қалайды. 

Абайдың  әрқайсысы  дәуір  ж‰гін  арқалаған  сөз 

құдіретінің  құпиясына  ‰ңіліп,  Абай  әлемінің 

әсемдік сырын ашуға ұмтылады. 

«Әрбір  сөзі  оқырманға  сын»  Абай  ақын-

дығының  өзгелерден  оқ  бойы  озықтығы  оның 

өмірден т‰йгені мол көрегендігімен қатар, терең 

білімпаздығынан  деп  таныған  Ахмет,  Абай 

білімінің  құнары  европалық  ғылым-білімде  деп 

есептейді.  Абай  білімінің  негізі  жайлы  жаза 

келе: «Михайэлис пен Гроссқа кез болмаса, сол 

к‰йімен  бәлки  кетер  еді,  қандай  асыл,  қандай 

мағыналы,  қандай  терең  сөздер  жерге  көмілер 

еді.  Абай  сөздері  д‰ниеде  қалғаны  қазаққа  зор 

бақ» [2], - деген ой т‰йеді. 

Сонымен  бірге  Ахмет  осы    мақаласында 

ақын шеберлігінің сыры неде деген сұраққа жа-

уап іздестіреді. «Сөз жазатын адам әрі жазушы, 

әрі  сыншы  болуы  керек.  Сөздің  шырайлы, 

ажарлы  болуына  ойдың  шеберлігі  керек. 

Ұнамды,  дәмді,  орынды  болуына  сыншылық 

керек,  мағыналы,  маңызды,  болуына  білім 

керек.  Абайда  осы  ‰шеуі  де  болған».  Міне, 

Ахмет  тапқан  Абай  шеберлігінің  сыры 

осыларда  жатыр.  Жалпы  ақынға,  өнерпазға  тән 

қасиеттің  бәрі  бойына  жинақталған  Абай 

ақындығының  табысы  да,  табиғи  ерекшелігі  де 

әлгі  Ахаң  айтқан  ‰ш  нәрседен  қуат  алады, 

«сондықтан  да  өлеңі  қай  тарапынан  болса  да 

толық». 


Абай институтының хабаршысы.  № 3 (9). 2011

 

 

 

51

 



Ахмет  мақаласында  Абай  шығармашылық 

тұлға  ретінде  толық  болмысымен  көрінді.  Ол 

Абай  поэзиясының  төл  ерекшеліктерін  нақты 

мысалдар,  өлеңдерінде  өрілген  көркемдік 

белгілер  арқылы  ашып  көрсете  алды.  Сондық-

тан  да  бұл  мақала  қазақ  көркемсөз  танымының 

алғашқы  ірі  қадамы  болып  саналады.  Өйткені 

қазақ  сөз  өнерінде  жеке  ақын  шығар-

машылығына  эстетикалық  талдау  жасап,  биік 

көркемдік  талғамнан  өткізу – онша  жиі  кездесе 

бермеген  құбылыс.  Қазақ  әдебиетіндегі  осынау 

с‰рлеуді  алғаш  А.  Байтұрсынов  салып,  әдеби 

шығарманы  көркемдік-эстетикалық  тұрғыдан 

тануға  жол  ашқаны  қазақ  әдебиеттану  ілімінің 

қалыптасуына айрықша ықпал еткендігін жоққа 

шығара алмаймыз. 

Әрине,  Ахметке  дейін  де  баспасөз  бетінде, 

кейбір  жинақтарда  Абай  туралы  пікірлер 

жарияланып  тұрды.  Абай  ақындығына  баспа-

сөзде [«Дала  уалаяты»,1889, I. 48] алғаш  баға 

берген  Мәшһ‰р  Ж‰сіп  Көпеев. 1909 жылы 

Абайдың  Петербургта  шыққан  өлеңдер  жина-

ғына  Кәкітай  Ысқақов  «Абай  (Ибрахим) 

Құнанбай  ұлының  өмірі»  атты  алғы  сөз  жазды. 

Кәкітай  мұнда  Абайдың  ата-бабасы,  өскен 

ортасы  туралы  алғаш  рет  толымды  мәлімет 

береді.  Және  әкесі  Құнанбай  данышпандығы 

туралы  қысқаша  айтып  өтеді.  Оның  Абайды 

тану ‰шін ақынның өскен ортасын білудің мәні 

зор екенін жақсы сезінгендігі көрінеді. 

Кәкітай  сонымен  бірге  өз  мақаласында 

Абайдың  ұлылыққа  тән  өзгеше  мінезін, 

ақындық  лабораториясын  танытуға  айрықша 

көңіл бөледі. Бұл туралы Ол: «Абай өзі өлеңінің 

өнер екенін біліп жаза бастаған соң бұрынғы на-

дандықпен  өлеңді  өнер  орнына  жұмса-

мағандарды»  қатты  сынға  алғанын  ашық 

айтады.  Әсіресе,  оның  өзіндік  әдеби  мектеп 

қалыптастырғанын  баса  көрсетеді.  Бұл  туралы 

Кәкітай  былай  деп  жазады: «Абай  жазған 

өлеңдерінен басқа, әншейін отырғанда көбінесе 

өзінің қызықты көріп, көңілі рахат болатұғыны: 

сөзі  ұғар  бала-шағасы  уа  ғайри  жаңа  талап, 

байыпты  жас  жігіттер  ортасында  өзге  ел  сөзі, 

шаруа  сөзі  сөйленбей,  өзінің  білгенін  сезгенін 

айтып,  адамның  адамшылығы  қандай  мінезбен 

т‰зеледі, қандай қылықпен бұзылады, ғылымды 

қалай  іздеуге болады, өмірді қалай кешірсе жөн 

болады, бұрын қандай ғалымдар өткен, олардың 

артықша айтқан сөздері қандай, әйтеуір нет‰рлі 

нәсихатын  болсын  жастарға  ғибрат  болып, 

адамшылығы  т‰зелер  деген  сөзді  айтып 

отырудан  қанша  уақыт  болса  да  еш  жалықпай, 

ынталы  көңілмен  бек  рахаттанып  айтып, 

ұқтырып  отырушы  еді».  Бұл  Абай  ортасының 

өзіндік  сырын  ашқан  шындық  сөз.  Кәкітай 

сонымен  бірге  Абай  ақындығы  тәлім  алған 

бастау  бұлақтарға  да  жөн  сілтеп,  ол  оқыған 

орыс-батыс  ақындарының,  орыс-батыс  ғалым-

дарының  атын  атап,  т‰сін  т‰степ  те  кетеді.  Бұл 

дерегі  мол  тарихи  мәні  зор  нақты  мәліметтер 

болып  табылады.  Абайтанушы  ғалым  Қайым 

Мұхамедханов: «Абайды  танудың  басы  төңке-

рістен  бұрын  басталғанын  және  оны  бірінші 

бастаған  Кәкітай  болғанын  көреміз» [3,81], деп 

Кәкітай 


еңбегін 

қатты 


бағалайды. 

Шындығында,  осы  «Алғы  сөз»  Абайды  қазақ 

оқырмандарына алғаш кеңінен таныстырған сөз 

еді. 


Ал  орыс  оқырмандарына  Абай  есімі  бұдан 

сәл  ертерек  танылды.  Абай  өмірі  мен  твор-

чествосының  білгірі  Қайым  Мұхамедханов: 

«Абайдың көзі тірісінде, оны орыстың оқырман 

қауымына  тұңғыш  рет  таныстырған  адам – 

Әлихан  Бөкейханов»  екенін  айтады. «Россия. 

Полное  географическое  описание  нашего 

отечества»  атты  көп  томдық  кітаптың 1903 

жылы «Киргизский край» деген 18-томы жарық 

көрді.  Оның  авторларының  бірі  Әлихан 

Бөкейханов «Абайға ерекше тоқтап, қазақ жазба 

әдебиетінің көшбасшысы» атаған», - дейді. 

1905  жылы  «Семипалатинский  листок» 

газетінде, 1907 жылы басылып шыққан «Запис-

ки  Семипалатинского  Подотдела,  Западно - 

Сибирского  отдела  Императорского  Русского 

географического Общества» деп аталатын кітап-

та Абай өмірбаяны басылып шыққан, авторы Ә. 

Бөкейханов.  

Абай  туралы  және  бір  мақала 1908 жылы 

татар тіліндегі “Уақыт” газетінің 393-шы санын-

да  жарияланды.  Мақала  авторы  Міржақып 

Дулатов болатын. 

Жоғарыдағы  мақалалардың  қай-қайсысы  да 

өз  кезегінде  Абай  ақындығын  тануда  біршама 

қызмет  атқарғаны  талассыз.  Солай  дей  тұрған-

мен  де,  бұл  мақалаларда  тарихи  өмірбаяндық  

сипаттың  бел  алып  жатқандығын  байқау  қиын 

емес.  Оларда  Абай  ақындығының  ерекшелігі, 

оның  қазақ    поэзиясын  дамытудағы  атқарар 

қызметі  там-тұмдап  сөз  болғанмен  де  терең 

зерттеліп,  кеңінен  толғап  пікір  айтылған  жоқ. 

Ендеше,  шынайы  әдеби  талдаудан  өтіп,  зерделі 

ой,  зейінді  талғаммен  Абай  ақындығына 

ғылыми  тұрғыдағы  алғашқы  әділ  баға  А. 

Байтұрсынов мақаласында берілді. 

«Қазақ» газетінде жарияланған Абай туралы 

дерегі  бар  мақала  авторларының  бірі – Нәзипа 

Құлжанова.  Ол 1887 жылы  Торғайда  д‰ниеге 

келген.  Педагог,  мәдени  қайраткер,  журналист, 

аудармашы  болған.  Нәзипа  Қостанай  қаласын-

дағы  орыс-қазақ  әйелдер  гимназиясын  бітірген. 

Ол «Қазақ» газетіне оқу-ағарту, мәдениет мәсе-

лесі  туралы  мақалалар  жазып, «Айқап»  журна-

лы  мен  «Қазақ»  газетінің  бағдарламасы  туралы 


Абай институтының хабаршысы.  № 3 (9). 2011

 

 

 

52

 



пікірлерін  жариялап,  белсенді  арласып  ж‰рген. 

«Қазақ»  газетінің 1915 жылғы 101-санында 

«Нәзипа»  деп  қол  қойып, «Бір  керек  жұмыс» 

деген  мақаласын  жариялаған.  Мақалада  қазақ 

жерінде  әдебиет  кештер  және  басқа  да  т‰рлі 

ойындар  өткізу  турасы  сөз  болады. 13 ақпанда 

Семей  жерінде  өткен  әдебиет  кеші  және  сол 

кештің  рухани  тірегіне  айналған  Абай  туралы 

ой қозғалады. 

Мақаладан 

біз 

автордың 



көксегені 

халқының  рухани  баюы,  білімді  ел  қатарына 

қосылуы  екенін  байқаймыз. «Басқа  жоғары 

мәдениетті елдерге еліктеп біз де мәдени-әдеби 

кеш,  жиындарды  жиі  ұйымдастырып  тұрсақ 

деген  ниет»  деген  жолдар  осының  айғағы. 

Мақаланың  өн  бойынан  сол  кезеңдегі  өнер-

білімге  жақын,  жалпы,  қолына  қалам  ұстаған 

кез-келген  азаматтың  цензурадан  көздерін  аша 

алмай,  айтарын  айта  алмай  қиналғанын 

байқаймыз.  Нәзипа  Құлжанова  оқырмандарға 

«сендер тек сол жоспарыма қосылыңдар, бірігіп 

жұмыс істесек алға басамыз» деген ой тастайды.  

Газет  Абай  тұлғасына  қатысы  бар  біраз 

мақалалар жариялаған. Солардың бірі - газеттің 

1915  жылғы  №10-санында  «Қыр  баласы»  деп 

қол  қойылған  «Жаңа  кітаптар»  атты  мақала. 

Мақаланың авторы – Әлихан Бөкейханов. Мұн-

да ол соңғы шыққан кітаптармен таныстырады. 

Таныстырып  қана  қоймай,  олардың  мазмұнын 

т‰сіндіреді,  кітаптың  авторы  туралы  бірер 

деректер  беріп  кетеді.  Кітаптың  жазылу  жайы 

туралы да құнды ойлар айтады. 

«Записки 

Семипалатинского 

подотдела 

Западно-Сибирского  отдела  Императорского 

Русского  географического  Общества.  Выпуск 

VIII, 1942 г.  Цена 1 руб.», - деп  басталатын 

мақалада  автор  бұл  кітаптың  ұлы  Абайдың 

ұстазы - Евгений  Петрович  Михаэлиске 

арналып  жазылғандығы  туралы  айтады. «Бұл 

кітапта, – дейді  Әлихан  Бөкейханұлы, - Абай 

Михаэлиске  айтқан  көп  сөзі  болуға  лайық. 

Михаэлис  тәржіма  хәлін  жазған  Г.Б. «Қырда 

жоғалатын  қазақ  алтыны  Абайды  тапқан 

Михаэлис».  Шыныменен,  егер  Михаэлиспен 

Абай  өмірде  кедеспесе  Абай  өз  бойындағы 

б‰кіл  қабілет-дарынын  аша  алар  ма  еді.  Оны 

осындай  дәредеге  жеткізіп  отырған,  нағыз 

«Абай»  қылған – Шығыс  және  Батыс 

мәдениетін,  әдебиетін,  ғылымын  жете  танып-

білуі. Ал оны осы жолға т‰сірген – Михаэлис». 

Михаэлистің  хаттары  мен  әрт‰рлі  тақы-

рыптарда жазылған мақалалары топтастырылып 

берілген бұл кітаптың қазақ жұртына берері мол 

екендігіне  Әлихан  Бөкейханұлы  баса  назар 

аударады.  Ол  мақалалардың  барлығында  қазақ 

жері,  суы,  жануары,  Тарбағатай,  Алтай 

тауларының  табиғи  ерекшеліктері  туралы 

жазылғандығы, 

бұл 


деректердің 

келешек 


ұрпаққа  да  қалатын  мол  әрі  құнды  д‰ниелер 

екендігін көрсетеді. 

 

Уай, қаным, сен денеде аз к‰н қонақ, 



Заман жоқ көп тұруға, өмір шолақ. 

Жас мезгіл екі айналмас, мойынын бұрмас, 

Жұмыс ет, оқтай зырлап, қардай борап,

 - 


 

деген өлең жолдарымен аяқталған бұл мақалада 

өмірдің  өткінші  екенін, «аз  ғұмырыңда  оқу 

оқып,  білім  біл,  еңбектен»  деген  ой  меңзелген. 

Сол  арқылы  өсіп  келе  жатқан  жастарды 

еңбекс‰йгіштікке,  ғылым-білім  жолына  т‰суге 

‰гіттеу  мақсаты  білінеді.  Жалпы,  Әлихан 

Бөкейханұлының газет бетінде шыққан мақала-

лары немесе жасаған баяндамалары  мен жазған 

д‰ниелерінің 

мазмұнына 

‰ңілсек, 

басым 

көпшілігі танымдық тұрғыда жазылған.  



Абай  творчествосын  тану  мен  танытуда 

өзіндік 


орны 

бар 


мақаланың 

бірі – 


Міржақыптың  «Абай»  атты  мақаласы.  Ұлы 

Абайдың  қайтыс  болуына 10 жыл  толғанына 

орай  жазылған  бұл  мақаланың  мынадай  басты 

құндылықтары бар. Бірінші – Абай ақындығын, 

Абай  мұрасын,  Абайдың  ұлылығын  ұғынудың 

алғашқы  соқпағын  салушылардың  еңбегін 

көрсетіп,  зерттеушілер  есімін  нақты  атаумен 

бағалы.  Қашанда  әділдік  жақтаушысы,  өзгенің 

еңбегін  бағалауда  тура  жолдан  таймайтын 

Міржақып осы мақаласында Абайды алғаш елге 

танытушы  Әлихан  Бөкейханов  пен  Ахмет 

Байтұрсынов  екендігін  айтып,  оларды  тұңғыш 

Абайтану-шылар  ретінде  бағалайды.  Абай 

шығар-машылығы 

туралы 

т‰йіндеулерінде 



әдебиеттің  халық  өміріндегі  орны  жайында 

айтқан Ахметтің қадау-қадау пікірлерін дамыта 

оты-рып, «Тарихы,  әдебиеті  жоқ  халықтың 

д‰ниеде  өмір  с‰руі,  ұлттығын  сақтап,  ілгері 

басуы  қиын.  Әдебиеті,  тарихы  жоқ  халықтар 

басқаларға  сіңісіп,  жұтылып,  жоқ  болады.  Қай 

жұрттың  болса  да  жаны  әдебиет.  Жансыз  тән 

жасамақ  емес», - деп  т‰йеді.  Сондықтан  да  ол 

Абайды қазақ әдебиетінің асқар шыңына балап, 

Абайдың  ұмытылуы - қазақ  әдебиетінің 

ұмытылуы,  жоғалуы  деп  санайды.  Абайдың 

қазақ әде-биетінің алтын діңгегі екендігін, одан 

көз  жазып  қалу  болашақ  ұрпақ  алдында 

кешірілмес  к‰нә  екендігін  ескертеді.  Ақын 

Міржақып  Абай  ақындығын  терең  т‰сініп, 

«Әдебиетіміздің негізін қалаған бірінші кірпіш - 

Абай  сөзі,  Абай  ойы  боларға  керек.  Абайға 

шейін  қазақ  қолға  алып,  оқырлық  шын 

мәніндегі қазақ әдебиеті дерлік бір нәрсе болған 

жоқ  еді. ...Бәлки  мұнан  кейін,  Абайдан  ‰здік 

ақындар,  жазушылар  шығар,  бірақ  ең  жоғарғы 

ардақты  орын  Абайдікі,  қазақ  халқына  сәуле 



Абай институтының хабаршысы.  № 3 (9). 2011

 

 

 

53

 



беріп,  алғашқы  атқан  жұлдыз – Абай», - деп, 

Абай ақын-дығының әділ бағасын береді. 

Автор  осы  мақалада  Абай  есімін  ұмытпау 

тұрғысында  істеліп  жатқан  шараларды  қуана 

қарсы  алып,  сол  жолда  ізденіп  ж‰ргендердің 

ісін  құптайды.  Семейдегі  Абай  кешін  өткізген 

оқыған  қазақ  жастарының  ісінен  игіліктің 

бастамасын  көреді.  Сөйтіп,  Абайды  болашақта 

жан-жақты  таныр,  Абайды  жаттап  өсер  к‰ннің 

туарына сенім білдіреді.  

Адалжанды,  халқының  аяулы  перзенті  сол 

к‰ндерде  б‰гінгінің  жайын  сезгендей,  өз  рухы-

ның халқымен бірге екендігін де ескерте кетеді: 

«ол  к‰ндерді  біз  көрмеспіз,  бірақ  біздің  рухы-

мыз сезер». 

Міржақып атап өткен еске т‰сіру кеші Абай 

шығармаларын  насихаттаудағы  игілікті  шара-

лардың  бірі  еді.  Бұл  туралы  «Қазақ»  газетінде 

«Тілші»  деп  қол  қойған  автордың  мақаласы 

жарияланды.  Онда  «Бұл  жағрафия  жұмхриаты-

ның  көші  халықты  с‰йіндіріп,  көңілін  ашты: 

«Бізде  де  Абайдай  данышпан  адам  туады  екен-

ау, атағы қазақ т‰гіл орысқа да шығып, өзі өлсе 

де  терең  ойларын,  қымбат  сөздерін,  т‰рленген 

к‰йлерін  жұртына  мирас  қылып,  артына  қал-

дырғандай»  деп  жұрт  шаттанды», - деп  жазды. 

«Абай  туралы»  баяндаманы  «Нәзипа  ханум 

(Құлжанов  жамиһаты)  орысша  оқығанын»  да 

көрсете кетеді. 

Жалпы  алғанда, XX ғасырдың  басында  ең 

көп таралыммен тараған газеттің бетіндегі озық 

ойлы  қазақ  зиялыларының  Абай  жайлы  айтыл-

ған  келелі  ой-тұжырымдары  ұлтының  ұлы 

рухани  ұстаз  туралы  зерттеудің  қалыптасуына 

жаңа  жол  ашты.  Қазақ  әдебиеттану  ғылымын-

дағы абайтану дәуірі солардан бастау алады. Ол 

кейін кең арнаға, ұлы ағысқа айналды. 

Б‰гінде  абайтануда  тың  белестерге  көтеріл-

дік десек, ол ең алдымен осы ғылымның баста-

уында тұрған ұлылар еңбегінің нәтижесі. Соның 

жемісі.  Мұны  еш  ұмытуға  болмайды.  Ал,  абай-

танудағы қазақ зиялыларының «Оқшау сөздері» 

ХХ  ғасырдың  отызыншы  жылдарынан  бастап 

назардан  тыс  қалып  келген  тарихтан  белгілі. 

Оны  енді-енді  байыптай  бастадық.  Ештен  кеш 

жақсы  демей  ме?!.  Сең  қозғалды.  Ары  қарай  іс 

ж‰реріне еш к‰мән жоқ. Ұлылардың ұлылығын 

тануға кең жол ашылғай.  

 

ХХ ғасыр басындағы қазақ 

поэзиясындағы Абай дәстүрі 

 

ХХ  ғасыр  бас  кезіндегі  қазақ  ақын-жазу-

шыларының  б‰кіл  шығармашылығы  Абай  атты 

ұлы  арнадан  бастау  алады.  Сондықтан  ХХ 

ғасыр  басындағы  әдебиетті  сөз  еткенде, 

Шәкәрім,  Ахмет,  Міржақып,  Сұлтанмахмұт, 

Мағжан  сынды  ұлы  тұлғалар  поэзиядағы  Абай 

салған  дәст‰рдің  сан  қырын  ашып,  жаңа-

шылдықпен  жалғастырғанын  атап  өту  ләзім. 

Онсыз  сол  кездегі  поэзияның  даму  барысын, 

көтерілген биігін аша алмаймыз.  

«Абай - қазақтың  жаңа  реалистік  жазбаша 

поэзиясының,  әдебиетінің  негізін  салды.  Абай-

дың  ақындық  дарыны  аса  қуатты  және  сан 

қырлы.  Ол – керемет  суреткер  ақын  және 

сыршыл  лириканың  сирек  кездесетін  шебері. 

Сонымен бірге біз Абайды ойшыл ақын дейміз. 

Мұны  алдымен  ақынның  өмір  құбылыстарын 

терең  толғау  жағы  басым  келетін  өлеңдеріне 

қатысты  айтсақ,  сонымен  қатар  өмір,  адам 

тағдыры,  д‰ние,  заман  ағымы  жайлы  пікірлері, 

д‰ниетанымы  көбірек  көрінетін  өлеңдеріне 

қатысты,  яғни  ойшыл-философ  ақын  деген 

мағынада  айтамыз» - деп,  З.Ахметов  ұлы 

дарынға  ‰лкен  баға  береді  де: «Ақын  тұлғасы 

қаншалықты ірі болса, ықпалы соншалықты зор 

болатыны,  айналасына  т‰сетін  жарығы  да  мол 

болатыны анық», - деген тұжырым жасайды. 

Абай  өзінен  кейінгі  ақындардың  барлығына 

«Жарығын  т‰сірді»  десек,  өсіріп  айтқанымыз 

емес.  Өйткені  «Абай - қазақтағы  суретті,  сұлу 

сөздің  атасы,  тереңге  сырлы,  кең  мағыналы 

кестелі  өлеңнің  атасы.  Қазақ  өлеңіне  өрнек 

берген,  т‰рін  көбейтіп,  қалыбын  молайтқан – 

Абай. Ол қазақтың ішінен оқушы тапқан». Ұлы 

Мұхтар  Әуезовтің  бұл  ойларынан  артық  Абай 

болмысын тап басып тану қиын. Абай дәст‰рін 

жалғастырушылар  оның  осы  «оқушылары». 

Олар  ХХ  ғасыр  бас  кезіндегі  қазақ  поэзиясын 

әлемдік  деңгейге  көтерген  Шәкәрім,  Ахмет, 

Міржақып,  Сұлтанмахмұт,  Мағжан  сынды  бір 

туар  дарындар  еді.  Бұлардың  бәрі  өз  кезегінде 

Абай  ұлылығын  тануға  ұмтылып,  ақындығын 

бағалауға тырысқан болатын. Осы орайда Абай 

ақындығын  бағалаудағы  олардың  ұлы  ақынға 

берген атаулары да әрі қызық, әрі ой саларлық. 

Ең  жақын  шәкірті  Шәкәрім  «Ұлы  ұстаз»  тұтса, 

Ахмет  «Қазақтың  бас  ақыны»  деп  біледі, 

Мағжан  ‰шін  «Ақындар  хакімі»  болса, 

Сұлтанмахмұт «Ақындар пайғамбары» көреді. 

Абай  ұлылығын  тани  біліп,  ақындығына 

табынған  осынау  «оқушылар»  ұлы  ақын  дәс-

т‰рінің  әр  қырын,  әр  бағытын  өз  шығар-

машылық  м‰мкіндігіне,  ұстанған  мақсатына 

орай дамытып, жаңғыртып әкетті.  

Абай – сонымен қатар келер ұрпақтан үмітін 

еш  жоймаған  аса  зор  жасампаздық    тұлға.  Өзін 

өнеге  етер  ұрпақ  жайы  ұлы  арман  күйінде 

қалмасына сенген оның: 

 

Білімдіден шыққан сөз, 



Талаптыға болсын кез. 

Нұрын, сырын ұғуға, 

Көкірегінде болсын көз, - 

 


Абай институтының хабаршысы.  № 3 (9). 2011

 



1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   22


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал