Комитета науки министерства образования и науки республики казахстан



жүктеу 5.8 Mb.

бет1/68
Дата14.09.2017
өлшемі5.8 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   68

ИНСТИТУТ ФИЛОСОФИИ, ПОЛИТОЛОГИИ И РЕЛИГИОВЕДЕНИЯ

КОМИТЕТА НАУКИ

МИНИСТЕРСТВА ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ 

РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН



«АКТУАЛЬНЫЕ ПРОБЛЕМЫ МОДЕРНИЗАЦИИ КАЗАХСТАНА»

Материалы Международной научной конференции

посвященной 80-летию академика НАН РК, 

доктора философских наук, профессора А.Н.Нысанбаева

«ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢҒЫРУЫНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ»

ҚР ҰҒА академигі, философия ғылымдарының докторы

профессор Ә.Н.Нысанбаевтың 80 жылдық мерейтойына 

арналған халықаралық ғылыми конференцияның 

материалдар жинағы

Алматы


2017

УДК 1/14

ББК 87


А 43

Рекомендовано Ученым советом Института философии,

политологии и религиоведения Комитета науки МОН РК

Редакционная коллегия:

 C.Е. Нурмуратов (ответственный редактор),

А. Сағиқызы, С.Ю. Колчигин, 

Е.Б. Токтаров 

Актуальные  проблемы  модернизации  Казахстана  =  Қазақстан 

жаңғыруының өзекті мәселелері. Материалы Международной научной кон-

ференции, посвященной 80-летию академика НАН РК, доктора философ-

ских наук, профессора А.Н. Нысанбаева / Под общ.ред. С.Е. Нурмуратова. 

– Алматы: Институт философии, политологии и религиоведения КН МОН 

РК, 2017 –  513 с. – каз., рус.

ISBN – 978-601-304-084-4

В  сборнике  содержатся  материалы  Международной  научной  конфе-

ренции, посвященной 80-летию академика НАН РК, доктора философских 

наук,  профессора  Абдумалика  Нысанбаевича  Нысанбаева.  Работа  конфе-

ренции  была  посвящена  актуальным  вопросам  модернизации  полити-

ческой системы Республики Казахстан, проблемам философии и методо-

логии  научного  познания,  исследованию  творческого  наследия  деятелей 

«Алаш», а также феномена религиозного образования в эпоху современно-

го постсекуляризма.

Рекомендуется  философам-исследователям,  ученым  и  преподавате-

лям вузов, докторантам и магистрантам, а также всем, кого интересуют про-

блемы развития современного общества.

УДК 1/14 

ББК87


ISBN – 978-601-304-084-4 

      © Институт философии, политологии

                                                                   и религиоведения КН МОН РК, 2017




Пленарная сессия

ПЛЕНАРНАЯ СЕССИЯ

4

Актуальные проблемы модернизации Казахстана.  

Материалы Международной научной конференции



Пленарная сессия

6

Актуальные проблемы модернизации Казахстана.  

Материалы Международной научной конференции



Пленарная сессия

АКАДЕМИК Ә. НЫСАНБАЕВ 80 ЖАСТА

Нұрмұратов С.Е.,

философия ғылымдарының докторы, професор (Алматы, Қазақстан)

Әбдімәлік  Нысанбайұлы  Нысанбаев  1937  жылы  мамырдың  1-інде 

Қызылорда  облысындағы  Сырдария  ауданының  Қарауылтөбе  ауылында 

шаруа отбасында дүниеге келді.

Н.В.  Гоголь  атындағы  Қызылорда  педагогика  институтындағы  (қазір 

Қорқыт  Ата  атындағы  мемлекеттік  университеті)  физика-математика 

факультетін бітірген. Сталиндік стипендияның иегері.

Қызылорда мемлекеттік педагогикалық университетін қызыл диплом-

мен тамамдағаннан кейін (қазіргі Қорқыт ата атындағы мемлекеттік универси-

тет) Қазақстанның Ғылым академиясына келіп жұмысқа тұрады. Жас жігіттің 

барлық арманы бойындағы өзінің тұлғалық әлеуетін, шығармашылық шабы-

тын ғылымға, білімге арнау, халқына, оның ұлттық руханиятына сыйлау, шы-

найы қызмет ету екеніне күмән келтіруге болмайды. 

1960-1961  жж.  Қазақ  КСР  Ғылым  академиясы  Химия  ғылымдары 

институтының аға лаборанты жұмысын атқарады.

 Академик Қаныш Сәтбаевтың басшылығымен әлемге танылған және 

талай  кәсіби  шебер  мамандар  қызмет  атқарған  Ұлттық  Ғылым  Академи-

ясы  еліміздегі  іргелі  зерттеулерді  жүргізудің  нағыз  үлгісі  болған  ғылыми 

кадрлардың шоғырланған ордасы болатын. 

1961 ж. Ә.Н. Нысанбаев Қазақ КСР Философия және құқық институ-

тына келді, онда алдымен аға лаборант, кейіннен кіші ғылыми қызметкер 

міндетін атқарды. Әбдімәлік Нысанбайұлы кейін Мәскеудегі КСРО Ғылым 

академиясы Философия институтының аспирантурасына оқуға жіберіледі.

Қазақ  зиялыларынң  ХХ  ғасырдағы  көрнекті  өкілі,  академик,  белгілі 

заңгер Салық Зиманов жетекшілік еткен «Философия және құқық инсти-

тутынан» бастау алған Әбекеңнің ғылыми шығармашылығы қазіргі кезеңге 

дейін табысты жалғасуда. Қаныш Имантайұлы мен Салық Зиманұлы жас 

маманның Мәскеуге барып аспирантурада оқуына себепкер болған көреген 

басшылар болатын. 

1964  жылы  желтоқсан  айында  танымал  философ  И.В.  Кузнецовтың 

басшылығымен  КСРО  Ғылым  академиясының  Философия  институтында 

«Математикадағы  ақиқаттың  табиғатын  ашудағы  сәйкестік  принципінің 

маңызы» атты кандидаттық диссертацияны мерзімінен бұрын қорғады.

1975  жылы  Қазақ  КСР  Ғылым  академиясы  Философия  және  құқық 

институтының қарауына «Математикалық білімді синтездеу мен дамытудың 

диалектикалық-логикалық принциптері» атты докторлық диссертациясын 

қорғады. 

Ә.Н.  Нысанбаевтың  барлық  өмірі  Қазақ  КСР  ҒА  Философия  және 

құқық институтымен тығыз байланыста болды. Мұнда ол аға лаборанттан 

кіші  және  аға  ғылыми  қызметкерге,  жаратылыстанудың  философиялық 

мәселелері  бөлімінің  (қазір  ғылым  және  техника  философиясы  бөлімі) 


8

Актуальные проблемы модернизации Казахстана.  

Материалы Международной научной конференции

меңгерушілігіне  және  1990  жылдан  ҚазКСР  ҒА  Философия  және  құқық 

институтының , ал 1991 жылдың аяғынан 2011 жылға дейін Философия және 

саясаттану  институтының  директорлығы  қызметін  атқарды.  1997  –  2003 

жылдары  еліміздің  Қазақ  энциклопедиясының  бас  редакторы  қызметін 

қоса атқарды. 

1974  ж.  ғалымның  еңбектері  Ш.Ш.  Уәлиханов  атындағы  бірінші 

сыйлыққа лайық деп танылды. Ал «Материалистік диалектиканың негізгі 

принциптері және олардың ғылыми танымда атқаратын қызметтерін зерт-

теу» атты монографиялық жұмыстар циклі үшін Ә.Н. Нысанбаевқа басқа 

ғалымдармен қатар Қазақ КСР-ның 1984 ж. ғылым мен техника саласындағы 

Мемлекеттік сыйлығы берілді. 

Өткен  ғасырдың  екінші  жартысында  Қазақстанда  бұрынғы  Одаққа, 

одан  қалды  әлемдік  философиялық  әлеуметке  ерекше  танылған,  өзін  ма-

мандар алдында мойындатқан «Алматы философия мектебі» қалыптасты. 

Академик  Ж.Әбділдин  бастаған  диалектикалық  логикамен  айналысатын 

топтың  ғылыми  ізденістері  мемлекет  тарапынан  да  жоғары  бағаланды. 

Міне солардың бел ортасында білікті маман Әбдімәлік Нысанбаев та болды. 

Ә.  Нысанбаев  өзінің  Мұрат  Сәбит  сияқты  және  т.б.  философия 

саласындағы  әріптестерімен  бірге  «Қазақстанның  мемлекеттік  сыйлығы» 

атағына 70-шы жылдар иегері болуы кездейсоқ оқиға емес еді. Әбекең өзінің 

ғылыми шығармашылық өмірбаянында белгілі бір ғылыми бағытты игеріп, 

көптеген ғылыми атақтар мен мемлекеттік марапаттауларға ие болды және 

көптеген  елдердің  ғылыми  орталықтарының  құрметті  мүшесі,  көптеген 

халқаралық деңгейдегі журналдардың редакциялық кеңесі мен алқасының 

мүшесі  болып  келгенін  атап  көрсетуге  болады.  Қазақстанның  ғылыми 

деңгейін, оның халқының даналық парасатын әлемге таныту үшін әлемдік 

ғылымның  интеграциялық  үрдістерінен  шеттеп  қалмауы  керек  екенін  ол 

өзінің қажырлы еңбегімен танытып келді. 

Өткен  ғасырдың  70-ші  жылдарынан  бастап,  Ә.Н.  Нысанбаев  ғылыми 

жетекшілік  жасап  келе  жатқан  ғылымның  логикасы  мен  әдіснамасы 

жөніндегі дербес философиялық мектеп ретінде өмір сүре бастады, тіпті ол 

уақыт өте келе халықаралық сипатқа ие болды. Мектептің құрылуы жаңа 

өзгеше әрі өзіндік тың ойды және пікірлестерді өз төңірегіне топтай, біріктіре 

алатын, оларға дем беруге қабілетті ғылымның үлкен ұйымдастырушысы 

болуды  талап  етеді.  Жаңа  мектеп  осы  замандағы  ғылыми  теорияларды 

олардың өзара ықпал етуі және әлеуметтік практикаға шығуы барысында 

зерттеуді,  ғылымның  бүтін  қоғамдық  құбылыс,  осы  заманғы  мәдениеттің 

құбылысы  ретіндегі  инварианттық  сипаттамаларын  айқындауды,  оларды 

зерделеуді өз алдына міндет етіп қойды. 

Жаңа  мектептің  ғылым  әлемінде  өз  орнын  табуы  –  оған  тән  өзіндік 

ойдың  ғана  емес,  бойында  ғылыми  талант  пен  күшті  мінез-құлық  мінсіз 

тоғысқан басшының - Ә.Н. Нысанбаевтың белсенділігі мен шығармашылық 

бастамасының  да  жемісі.  Канттың  жазғанындай,  мінез-құлық  иесі  болу 

дегеніміз – субъектінің бойында өзін-өзі өз санасы арқылы өзіне жүктелген 

практикалық  принциптерді  өзгеріссіз  орындауға  міндеттей  алатындай 





Пленарная сессия

ерік-жігер  қасиеттері  болуын  білдіреді.  Осындай  ерік-жігер  Әбдімәлік 

Нысанбайұлы тұлғасында толықтай көрініс береді.

Оның  ғылыми  еңбектері  мен  қағидаларын  Францияның,  Иранның, 

Ресейдің, АҚШ-ың, Түркияның, Қытайдың және басқа елдердің ғалымдары 

жоғары  бағалады.Оның  жетекшілігімен  және  тікелей  атсалысуымен 

отандық  ғалымдар  UNESCO,  TASIS,  Сорос-Қазақстан.  Түрксой  және  т.б. 

халықаралық  бағдарламалардың  шеңберінде  ел  үшін  пайдалы  ғылыми 

зерттеулермен айналысты.

1989  жылы  Ә.  Нысанбаев  Қазақ  КСР  Ғылым  академиясы  корреспон-

дент мүшесі атағына ие болса, кейін ҚР ҰҒА академигі болып сайланды

Іргелі зерттеулердің ұлтымыздың рухани әлемі үшін және академиялық 

ғылым  үшін  маңыздылығын  Әбекең  өзінің  көптеген  мақалалары  мен 

сұхбаттарында үнемі ескертіп жүреді. Ә.Нысанбаевтың тікелей бастамасы-

мен Институт ауқымында Қазақстанның тәуелсіздігін жариялаған кезеңнің 

алғашқы  жылдарында-ақ,  дәлірек  айтқанда  1991  жылы  қазақ  философи-

ясы  мәселелерін  кешенді  зерттеуге  арналған  бөлім  ашылды.  Бұл  ұлттың 

даналығына, оның руханиятының тарихына, тілі мен діліне деген бетбұрыс 

болатын. Бұрын ғылыми зерттеулер тек орыс тілінде жазылып, диссерта-

циялар  тек  орыс  тілінде  қорғалып  келсе,  енді  ғылыми  ортада  Әбдімәлік 

Нысанбаевтың  белсенді  басқаруымен  қазақ  тіліндегі  зерттеулер  мен 

қорғаулар көбейе бастайды. 

Ғылым Академиясында ғылымның барлық саласы бойынша дарынды 

мамандар  шоғырланып,  қазіргі  еліміздегі  білім  мен  ғылымның  іргетасын 

қалыптастырған болатын.

Әбекеңнің тікелей ұйымдастыруымен көптеген білікті мамандар осы 

игілікті іске тартылып, соның нәтижесінде көп томдық «Қазақ даласының 

ойшылдары» деген топтаманың жарыққа шығуына күш салынды. Қазіргі 

кезеңде ғалымның ғылыми жетекшілігімен терең зерттеліп жатқан «Қазақ 

философиясының тарихы» деген 5 томдық жинақтың 4 томы жарық көрді. 

Тәуелсіздіктің  алғашқы  жылдары  жазылған  дүниелердің  құндылығы 

негізінен ұлт руханияты бойынша істің бастамасы болғанында, яғни кеңестік 

түсініктегі ұлт философиясына деген көзқарастың қайта қаралып, ондаған 

жылдар бойы бұзылмай тұрған сеңнің іргесі сөгілгендей болуында еді. 

Ол  өзінің  шығармашылық  жолында  барлығы  600-ден  аса  ғылыми 

мақалалар мен 40-тан аса астам монографияларды жарыққа шығарды және 

оның ішінде 80-нен аса ғылыми туындыларын әлемнің 25 тілінде жарияла-

нып,  ондаған  дүниежүзінің  жетекші  елдерінде  беделді  халықаралық  кон-

ференцияларда  баяндамалар  жасаған  аса  көрнекті  маман.  Әбекең  АҚШ, 

Германия,  Қытай,  Түркия,  Ресей,  Иран,  Оңтүстік  Корея,  Ұлыбритания, 

Мысыр,  Украина,  Польша,  Болгария,  Франция  және  т.б.  елдерде  өзінің 

ғылыми  зерттеулерінің  нәтижелерін  көрнекті  мамандар  алдында  жария 

етті.  Еліміздің  философияны  дамыту  саласындағы  жетістіктерімен  әлемді 

ғылыми  көпшілікке  лайықты  деңгейде  таныстыра  білді  және  ол  әртүрлі 

ғылыми орталықтармен ғылыми байланыстар орнатып, әр қилы елдердің 


10

Актуальные проблемы модернизации Казахстана.  

Материалы Международной научной конференции

білікті  мамандарын  өзіміздің  елдің  ғылым  саласындағы  жас  ұрпағымен 

жүздесуіне, қатынасуына ат салысып келді.

Ә.Н.  Нысанбаев  1994  ж.  Қазақстан  Республикасы  Президенті  Н.Ә. 

Назарбаевтың  жарлығымен  оған  «Қазақстан  ғылымы  мен  техникасына 

еңбегі сіңген қайраткер» жоғары құрметті атағы берілді.

Қазақстан  Республикасы  Білім  министрлігінің  Ыбырай  Алтынсарин 

атындағы медалімен (1995), «Достық» және «Парасат» ордендерімен, Абы-

лайхан (1997), Мұстафа Шоқай (2000) алтын медальдарымен марапатталды. 

Тәуелсіздікке  қол  жеткізгеннен  бері  гуманитарлық  білім  саласын-

да  қазақ  халқының  ұлттық  санасының,  оның  диаспорасының  этникалық 

мәдениетінің мәселелері өзектене түсті. Әртүрлі саланың мамандары бірігіп 

қазақ диаспорасы мәселесін пәнаралық тұрғыда ғылыми-зерттеу деңгейінде 

қарастыруды  ұйымдастыруды  Әбекең  өткен  ғасырдың  тоқсаныншы  жыл-

дары  қолға  алған  болатын.  Соның  нәтижесінде  диаспоратану  ғылымы 

қалыптасуда, бірнеше ұжымдық еңбектер дүниеге келді. Мәселен, «Қазақ 

диаспорасы:  бүгіні  мен  ертеңі»  (Астана,  2005),  «Еуразиялық  интеграция 

және қазақ диаспорасы» (Алматы, 2007), «Жаһандану жағдайындағы шетел 

қазақтарының құндылықтық әлемінің өзгеруі» (2013).

1995  жылдың  мамырында  Қырғыз  Республикасы  президентінің 

жарлығымен  оған  «Қырғыз  Республикасы  ғылымына  еңбегі  сіңген 

қайраткер» құрметті атағы берілді. 

Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың жарлығымен 

«Қазақстан  Республикасы  тәуелсіздігіне  10,  20,  25  жыл»,  мерейтойлық 

медальдеріне ие болды.

Әрбір  халық  өзінің  ұлттық  энциклопедиясын  қалыптастырады.  Еге-

мен мемлекетіміздің дербес елдігін танытатын Әнұран, Елтаңба, Ту сияқты 

мемлекеттік рәміздер қатарында ұлттық энциклопедияның қалыптасуы да 

танылды. Ол да тәуелсіздігіміздің алғашқы жылдарындағы кезек күттірмес 

маңызды  істердің  бірі  болатын.  Энциклопедияның  дәстүрлі  рәміздік  си-

патымен  қатар,  мән-мағыналық,  мәтіндік  мазмұнының  байлығы  ұлт 

руханиятының  кемелденуі  үшін  оның  маңыздылығын  арттыра  түседі. 

Сондықтан Әбекең жетекшілік еткен мекеме Қазақ энциклопедиясы алдын-

да заманауи жаңа талаптарға лайықты, тәуелсіз мемлекетіміздің мәртебесін 

асқақтатуға  бағытталған,  тарихи  шынайы  деректерге  негізделген,  ғылыми 

ұстанымдар  мен  әдіснаманы  басшылыққа  ала  отырып,  тарихымыз  бен 

мәдениетіміздегі  ақтаңдақтардың  ақиқатын  ашып  көрсететін,  түбірінен 

жаңа, тәуелсіз елдің энциклопедиясын дайындау міндеті тұрды. Қазақстан 

Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тапсыр-

масы бойынша Үкімет шешімі қабылданған соң «Қазақ энциклопедиясының» 

Бас редакциясына Бас редактор болып Әбдімәлік Нысанбаев тағайындалды.

Әбекең  1997  жылдан  2003  жылға  Қазақ  энциклопедиясының  бас  ре-

дакторы  қызметін  қоса  атқарып  жүрген  шақта,  тәуелсіз  Қазақстанның 

негізгі кітаптарының бірі болып саналатын көп томдық «Қазақстан» Ұлттық 

энциклопедиясының  алғашқы  төрт  томының  шығуына  себепкер  болды. 

Оның тікелей ғылыми жетекшілігімен халқымыздың ұлттық руханияты үшін 



11 

Пленарная сессия

аса  маңызды  «Қорқыт  Ата»,  «Құрманғазы»,  «Мұхтар  Әуезов»,  «Қазақстан 

Республикасы.  Он  жылдық  шежіресі»,  «Қазақ»,  «Қазақстан  Республика-

сы.  Энциклопедиялық  анықтамалық»,  «Екімыңжылдық  дала  поэзиясы», 

«Түркістан» халықаралық энциклопедиялардың шығаруының өзі ұлтымызға 

деген  ізгі  ниеттің,  оның  рухани  дүниесіне  деген  өзіндік  құрметтің  көрінісі 

деуге болады. Халқымызды шынымен жақсы көрсек, оған деген құрметіміз 

жоғары  болса,  онда  оны  осылай  халықаралық  деңгейдегі  іспен,  нақты 

шығармашылық әрекеттермен танытқан жөн және оның рухани байлығын, 

өзін-өзі жете тануға талпынысын ғылыми жүйелейтін уақыт та келді. 

Ә. Нысанбаев «ұлттық энциклопедия ең алдымен сол ұлттың, халықтың 

дүниетанымы мен ұғымын жүйелейді, отандық ғылым мен білімнің, жал-

пы  қоғамның  жаңа  сатыға  көтерілуіне  негіз  қалайтын  іргетас»  деп  қазақ 

тіліндегі  ұлттық  ұғымдар  мен  түсініктерді,  терминдерді  қайта  жүйелеуге 

баса назар аударды. 

Қазақ  ұлттық  энциклопедиясының  дүниеге  келуі  тәуелсіз  еліміздің 

ғылыми мәдени өміріндегі елеулі құбылыс болды. Жаңа тұрпаттағы ұлттық 

энциклопедияның  тұжырымдамасын  дайындап,  жұмысты  өркениетті 

жолға  қойған,  редакцияның  кадрлық,  материалдық  жабдықталуын 

ұйымдастырған Әбекең еді. Әрине, Әбекеңмен бірге, энциклопедияның за-

ман талабына сай шығуы үшін аянбай тер төккен ұжымның да еңбегі зор 

болды. 


Жәлеләддин Руми алтын медалінің иегері (Түркия, 2000).

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Қазақстан 

Республикасы ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» белгісімен марапат-

талды (2004).

Халқымыздың  рухани  мәдениетін,  тілін  және  тарихын  жанданды-

ратын  қадамдардың  бірі  болып  саналатын  -  «Мәдени  мұра»  мемлекеттік 

стратегиялық  ұлттық  жобасы  2004  жылы  Қазақстан  Республикасының 

Президенті  Н.Ә.Назарбаевтың  басшылығымен  қолға  алынған  еді. 

Бағдарламаның басты мақсаты – халқымыздың ғасырлар бойы қордаланған 

рухани  байлығын  барынша  ғылыми  електен  өткізе  отырып  ғылыми 

жүйелеу  арқылы  оқырман  қауымға  ұсыну,  сонымен  қатар  әлемдік 

ғылыми  ойдың  үздік  үлгілері  мен  жетістіктері  негізінде  гуманитарлық 

білімнің  мемлекеттік  тілдегі  толыққанды  қорын  жасау  болатын.  Акаде-

мик  Әбдімәлік  Нысанбаевтың  ғылыми  жетекшілігімен  осы  мемлекеттік 

бағдарламаның  ауқымында  62  том  кітап  қазақ  тілінде  шығарылды.  Оның 

ішінде жиырма том қазақ халқының ежелгі дәуірден қазіргі кезеңге дейінгі 

философиялық мұрасын жинақтауға арналды (ұлт руханиятының тарихи 

және философиялық қайнар көздері өз тілімізде осы томдарда өрнектелген). 

Осы  маңызды  мемлекеттік  бағдарлама  бойынша  20  том  әлемдік 

философиялық  мұраның  ең  үздік  үлгілері  мен  үзінділері  түрінде 

жинақталып,  мемлекеттік  тілге  тікелей  тәржімеленді,  әл-Фарабидің 

негізінен  бұрын  жарияланбаған  шығармаларының  10  томы  және  әлемдік 

психологиялық  мұраның  10  томы,  сонымен  қатар  Шығыс  пен  Батыс  фи-

лософиясы  бойынша  жоғары  оқу  орындарының  студенттеріне  арналған 

2  оқу  құралы  жарық  көрді.  Жоғарыдағы  қазақ  руханияты  үшін  аса  жау-


12

Актуальные проблемы модернизации Казахстана.  

Материалы Международной научной конференции

апты  жұмыстың  басы-қасында  ғылыми  ұйымдастырушы,  бас  редактор 

ретінде  академик  Әбдімәлік  Нысанбаев  жүрді.  Көптеген  түсініктемелер 

мен мақалалар жазу, бұл томдардың әрбір бетін електен өткізу, олардың 

мазмұны  мен  формасына  толықтай  жауап  беру  тек  шығармашылық 

шынайылықты,  руханиятқа,  ұлттық  тілге  деген  деген  іңкәрлікті,  құрметті 

білдіреді.

Еліміздің  мемлекеттік  тәуелсіздігінің  орныққан  алғашқы  жиыр-

ма  бес  жылында  Қазақстандық  бірлік  пен  бірегейліктің  негізі  ретіндегі 

жалпыұлттық  идея,  ұлттық  тұрақтылық  пен  саяси  және  рухани 

қауіпсіздіктің  кепілі  сияқты  барлық  қазақстандықтарды  толғандырып 

келген  тақырыптарды  қозғауына  байланысты  Ә.  Нысанбаевтың  есімі 

көпшілікке ерекше танымал бола түсті. Академик Нысанбаевтың баспасөз 

бен  теледидарда,  радио  мен  газет  беттерінде  сөйлеген  сөздері,  оның 

ғылыми жетекшілігімен жарық көрген шығармалар, тәуелсіздік идеясына 

қатысты көптеген жеке және ұжымдық монографиялардың жариялануы – 

міне, осының барлығы республика өміріндегі маңызды оқиғаларға жатады. 

Жалпы Әбекең гуманитарлық салалар бойынша жас кадрларды, білікті ма-

мандарды дайындау ісіне де барынша қомақты үлес қосқан ұстаз. Ол фи-

лософия  және  саясаттану  бойынша  халықаралық  ғылыми  мектеп  құрды. 

Оның тәрбиелеген студенттері мен аспиранттары, магистранттары мен док-

торанттары еліміздің түкпір-түкпірінде, басқа елдерде де табысты қызмет 

атқаруда.

Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың жарлығымен 

«Қазақстан  Республикасы  Парламентіне  10  жыл»  мерейтойлық  медалін 

иеленді (2006). 

«Дарын» ұлттық компаниясының (Моңғолия, Улан-Батор) «Озат кісі» 

құрметті  атағы  берілді(2006),  «Түркі  әлеміне  қосқан  үлесі»  Халықаралық 

сыйлығының иесі (Түркия, 2006).

2016  жылы  ғалымның  таңдамалы  ғылыми  еңбектерінің  10  томдығы 

электрондық  нұсқада  жарық  көрді  (ҚР  БҒМ  ҒК  Философия,  саясаттану 

және дінтану институты сайты).

Академик  Ә.Н.  Нысанбаев  үлгілі,  зиялы  отбасының  отағасы  екенін 

атап өткеніміз орынды. Өмірлік зайыбы Нысанбаева Зейнеш Әшенқызы – 

химия ғылымдарының кандидаты. Ұлы Назар – заң ғылымдарының канди-

даты, қызы Динара – философия ғылымдарының кандидаты, қазіргі кезеңде 

Түркияда қызмет атқарады. Оның сонымен қатар бес тамаша немерелері 

4 шөбересі бар. Шыңғысхан – экономия ғылымдарының кандидаты, Дани-

яр – заңгер маман және қазіргі уақытта АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласында 

халықаралық  құқық  мамандығы  бойынша  магистратурадан  өтуде,  Ай-

жан  –  Президенттің  «Болашақ»  бағдарламасы  бойынша  Лондондағы 

университететті  бітіріп  келген  білікті  маман.  Әмір  мен  Дәмір  деген 

немерелерімен  қатар  Абылай,  Әлижан,  Әлнұр,  Аиши  деген  кішкентай 

шөберелер де өсуде. Осындай бақытты отбасының бірлігі нығайып, көрнекті 

ғалымның,  белгілі  философия  және  саясаттану  маманының  болашағы 

жарқын болсын, өзінің бойындағы шығармашылық әлеуетін паш ете түссін 

деп тілек айтқымыз келеді.


13 

Пленарная сессия

МОДЕРНИЗАЦИЯ 3.0 – ИЗМЕНЕНИЯ 

В ОБЩЕСТВЕННОМ СОЗНАНИИ

Шаукенова З.К

директор Казахстанского института стратегических исследований 

при Президенте Республики Казахстан, член-корреспондент НАН РК

доктор социологических наук, профессор (Астана, Казахстан)

Казахстан в своей новейшей истории переживал несколько направле-

ний модернизации. 

Первое направление – это построение новых институтов, в том числе 

в сфере внешней политики, межэтнических и межконфессиональных отно-

шениях, конституционном строительстве, механизме сдержек и противове-

сов, политических партиях и движениях, НПО, религиозных организациях. 

Казахстан создавался с нуля, не имея даже границ, то есть фундаменталь-

ного фактора идентификации – своей территории. Поэтому нужно было 

выстроить атрибуты государственности, очертить границы, договорившись 

об этом со всеми своими соседями. Сам по себе это сложный переговорный 

процесс, который Казахстан сумел успешно завершить в сжатые сроки. 

Второе направление модернизации – это переход от плановой эконо-

мики  к  рыночной,  создание  слоя  собственников,  формирование  среднего 

класса,  малого  и  среднего  бизнеса,  в  целом  пробуждение  предпринима-

тельской  инициативы  казахстанского  общества.  В  Казахстане  фактически 

создана новая экономика. ВВП страны увеличился в 25 раз. Доля бедного 

населения была сокращена с 46% в 2001 году до 2,5% в 2016 году. Размеры 

среднего класса по медианному уровню доходов от 220 до 630 долларов уве-

личились с 7% в 1991 году до 23% в 2016 году. Поменялась структура эко-

номики за счет создания сервисных отраслей, роста индустрии. Появилось 

новое поколение казахстанцев – 7,7 млн. граждан рождены после обретения 

Казахстаном Независимости.

Все изменения мы наблюдаем по жилищному и авто-буму, росту куль-

турных  потребностей,  туристической  активности,  в  целом  росту  рынка 

услуг. В конечном итоге экономический рост сказался на ощущениях ком-

фортности,  улучшении  социального,  медицинского,  инфраструктурного 

обеспечения  населения,  что  привело  к  увеличению  продолжительности 

жизни казахстанцев с 67,6 лет в 1991 году до 72 лет в 2017 году.

Казахстан вышел на магистральный путь своего развития. Страна нако-

пила солидный багаж социально-экономических, политических результа-

тов. Вместе с тем ощущалась необходимость принятия платформы модер-

низации общественного сознания, дополняющей политические реформы и 

модернизацию экономики. 

Модернизация – это изменение самой природы объекта, сущности, а 

не просто комбинация и наложение новых элементов. Готовых рецептов для 

модернизации нет. Чаще всего модернизацию отождествляют с вестерниза-

цией, хотя это не одно и то же. Модель вестернизации без модернизации 



14


  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   68


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал