Кодекстің бүкіл мәтіні бойынша «салауаттылығы», «салауаттылық»


-1-бап. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық



жүктеу 5.01 Kb.
Pdf просмотр
бет3/16
Дата22.04.2017
өлшемі5.01 Kb.
түріКодекс
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
7-1-бап. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық
 
                саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның
 
                құзыреті
 
      1. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік 
орган:
 
      1) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында мемлекеттік 
саясатты іске асыру;
 
      2) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы 
саласындағы нормативтік құқықтық актілерді және есепке алу мен есеп  құжаттамасының 
нысандарын әзірлеу және өз құзыреті шегінде бекіту;
 
      3) регламенттерді әзірлеу және бекіту;
 
      4) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мониторингті 
жүзеге асыру;
 
      5) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қызметті 
жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдарының қызметін үйлестіру;
 
      6) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында ведомстволық 
статистикалық байқауды қамтамасыз ету;
 
      7) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы электрондық 
ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелерді, ақпараттық-коммуникациялық желілерді құру 
және олардың жұмыс істеуін қамтамасыз ету, оларға жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан 
Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасына сәйкес қол жеткізуін ұйымдастыру;
 
      8) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында ғылымның дамуын 
қамтамасыз ету және ғылыми қызметті үйлестіру;
 
      9) жергілікті атқарушы органдардың басшыларымен халықтың санитариялық-
эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қызметтің түпкі нәтижелеріне қол жеткізуге 
бағытталған меморандумдар жасасу;
 
      10) санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізу тәртібін айқындау;
 
      11) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы ғылыми 
ұйымдарды мемлекеттік аттестаттауды ұйымдастыру және өткізу;
 
      12) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында біліктілік 
емтихандарын өткізуді ұйымдастыру;
 
      13) шаруашылық және (немесе) өзге де қызметі мен тұрмысының ерекше шарттары бар 
халыққа шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантин енгізу;
 
      14) Қазақстан Республикасында қолдануға тыйым салынған әлеуетті қауіпті химиялық, 
биологиялық заттардың тіркелімін жүргізу тәртібін айқындау;
 
      14-1) қалдықтардың адамға және қоршаған ортаға әсер ету дәрежесі бойынша (уыттылық 
дәрежесі бойынша) олардың қауіптілік сыныптарын айқындау;
 
      15) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы бірлескен 
халықаралық жобаларды іске асыру;
 
      16) жеке және заңды тұлғалардың халықтың санитариялық-эпидемиологиялық 
саламаттылығы мәселелері жөніндегі өтініштерін қарау;
 
      17) халықты гигиеналық оқытуды ұйымдастыру;
 
      18) тағамнан улану, инфекциялық және басқа да аурулар кезінде өз құзыреті шегінде 
санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыру 
және жүзеге асыру;
 
      19) мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылау және қадағалау объектісінің 
халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық 
актілерге және гигиеналық нормативтерге сәйкестігі (сәйкес еместігі) 
туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытындылар беру;
 
      20) инфекциялық ауруларға эпидемиологиялық бақылауды жүзеге асыру;
 

      21) Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес 
әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау және әкімшілік жазалар қолдану;
 
      22) Қазақстан Республикасының аумағында мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық 
бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру;
 
      22-1) тағамға биологиялық активті қоспалардың жарнамасына бақылау жасау;
 
      23) халықты профилактикалық егудің жүргізілуін бақылауды жүзеге асыру;
 
      24) жобалардың мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық сараптамасын жүргізу;
 
      25) аумақты немесе оның бір бөлігін ауру таралмаған немесе аурудың таралуы төмен 
деңгейде деп айқындау;
 
      26) Кеден одағының кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан 
Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде санитариялық-карантиндік 
пункттер құру;
 
      27) эпидемиялық маңызы бар объектілердің тізбесін бекіту;
 
      28) тәуекелге бағалау жүргізуге құқығы бар барлық ұйымдар үшін бірыңғай 
әдіснаманы, тәуекелге бағалау жүргізу тәртібін айқындау;
 
      29) техникалық регламенттерде белгіленген талаптардың сақталуын бақылау;
 
      30) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қызметті 
жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдарының қызметіне мемлекеттік бақылауды жүзеге 
асыру;
 
      31) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қызметті 
жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдарының басшыларын аттестаттауды жүргізу 
тәртібін айқындау;
 
      32) санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауға жататын тамақ өнімдерінің 
қауіпсіздігі саласындағы нормативтік-техникалық құжаттама жобаларын келісу;
 
      33) санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды бере отырып, Қазақстан Республикасының 
тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы заңнамасында белгіленген талаптарға тамақ 
өнімдерін әзірлеу (жасау), өндіру (дайындау), оның айналымы, кәдеге жарату мен жою 
процестерінің (сатыларының) сәйкестігін, әзірлеу (жасау), өндіру (дайындау), оның 
айналымы, кәдеге жарату және жою кезінде пайдаланылатын машиналар мен жабдықтардың, 
материалдар мен бұйымдардың сәйкестігін келісу;
 
      34) халықтың декреттелген тобындағы адамдарды гигиеналық оқыту қағидаларын әзірлеу 
және бекіту;
 
      35) тамақ өнімдерін өндіру объектілеріне есептік нөмірлер беру және олардың 
тізілімін жүргізу тәртібін айқындау;
 
      36) «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында 
көзделген тәртiппен халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы 
қызметтi жүзеге асырудың басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламалар қабылдауды, 
сондай-ақ рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттiк электрондық тiзiлiмiн жүргiзуді 
жүзеге асыру;
 
      37) балалар тағамы өнімдерін, тамаққа тағамдық және биологиялық активті 
қоспаларды, генетикалық түрлендірілген объектілерді, бояғыштарды, дезинфекциялау, 
дезинсекциялау және дератизациялау құралдарын, сумен және тамақ өнімдерімен жанасатын 
материалдар мен бұйымдарды мемлекеттік тіркеу және қайта тіркеу тәртібін айқындау 
жөніндегі функцияларды жүзеге асырады.
 
      2. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік 
орган осы Кодексте, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы 
Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де 
функцияларды жүзеге асырады.
 
      
Ескерту. 2-тарау 7-1-баппен толықтырылды - ҚР 06.04.2015 
№ 299-V
 Заңымен (алғашқы 
ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 
өзгеріс енгізілді - ҚР 29.03.2016 
№ 479-V
 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін 

күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 21.04.2016 
№ 504-V
 Заңымен 
(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа 
енгізіледі).
 
      8-бап. Әскери-медициналық (медициналық),сот-медициналық,
 
              сот-наркологиялық, сот-психиатриялық бөлімшелері
 
              бар орталық атқарушы органдар мен өзге де орталық
 
              мемлекеттік органдардың құзыреті
 
      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми 
жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
 
      Әскери-медициналық (медициналық), сот-медициналық, сот-наркологиялық, сот-
психиатриялық бөлімшелері бар орталық атқарушы органдар мен өзге де орталық мемлекеттік 
органдар өз құзыреті шегінде:
 
      1) денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
 
      2) әскери-медициналық (медициналық), сот-медициналық, сот-наркологиялық, сот-
психиатриялық бөлімшелердің қызметіне басшылық жасауды жүзеге асырады;
 
      3) әскери-медициналық (медициналық) бөлімшелерде әскери-медициналық (медициналық) 
қамтамасыз ету тәртібін бекітеді;
 
      4) әскери-медициналық (медициналық), сот-медициналық, сот-наркологиялық, сот-
психиатриялық бөлімшелердің басшыларын лауазымдарына тағайындайды және лауазымдарынан 
босатады;
 
      5) денсаулық сақтау саласындағы электрондық ақпараттық ресурстардың және 
ақпараттық жүйелердің, ақпараттық-коммуникациялық желілердің құрылуы мен жұмыс істеуін 
қамтамасыз етеді;
 
      6) әскери-медициналық (медициналық) бөлімшелерде медициналық көмек көрсету 
тәртібін бекітеді;
 
      7) әскери-медициналық (медициналық), сот-медициналық, сот-наркологиялық, сот-
психиатриялық бөлімшелердегі ұйымдар мен бөлімшелердің құрылымын, олардың қызметі туралы 
ережені, үлгілік штаттарды және штат нормативтерін әзірлейді және бекітеді;
 
       8) 
алып тасталды - ҚР 03.07.2013 
№ 124-V
 Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан 
кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
 
      9) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік 
органға әскери-медициналық (медициналық) бөлімшелердің аумағында шектеу іс-шараларын, 
оның ішінде карантинді енгізу (оны тоқтату) туралы ұсыныстар енгізеді;
 
      10) әскери-медициналық (медициналық) бөлімшелерде тиісті контингентке медициналық 
қарап-тексеру жүргізудің тәртібі мен кезеңділігін белгілейді;
 
      11) Әскери-дәрігерлік комиссияның құрамын және ол туралы ережені бекітеді;
 
      12) Әскери-дәрігерлік сараптама жүргізу қағидаларын және Әскери-дәрігерлік 
сараптама органдары туралы ережені бекітеді.
 
      
Ескерту. 8-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 03.07.2013 
№ 124-V
 (алғашқы ресми 
жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 

239-V
 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа 
енгiзiледi); 06.04.2015 
№ 299-V
 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он 
күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
 
      9-бап. Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және
 
              астананың жергілікті мемлекеттік басқару
 
              органдарының құзыреті
 
      1. Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті өкілді 
органдары:
 
       1) 
алып тасталды - ҚР 03.07.2013 
№ 124-V
 Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан 
кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
 

      2) ауылдық жерге жұмысқа жіберілген медицина және фармацевтика қызметкерлерін 
әлеуметтік қолдау шараларының жүйесін, сондай-ақ оларға бюджет қаражаты есебінен 
әлеуметтік қолдау көрсетудің тәртібі мен мөлшерлерін айқындайды;
 
      3) денсаулық сақтау мен медициналық білім берудің жергілікті бюджеттерін және 
олардың атқарылуы туралы есептерді бекітеді;
 
      4) азаматтарға емделу үшін елді мекен шегінен тысқары жерлерге бюджет қаражаты 
есебінен тегін немесе жеңілдікпен жол жүруді ұсыну туралы шешім қабылдайды;
 
      5) азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емделу кезінде тегін және 
жеңілдікті шарттармен дәрілік заттарды, бейімделген емдік өнімдерді, медициналық 
мақсаттағы бұйымдарды қосымша беру туралы шешім қабылдайды;
 
      6) денсаулық сақтау ұйымдарының дамуы мен жұмыс істеуіне бағытталған іс-шараларды 
бекітеді;
 
      7) донорларға қосымша көтермелеу беру туралы шешім қабылдайды;
 
      8) мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарын уәкілетті орган бекіткен ең төменгі 
нормативтерден артық қосымша кадрмен және материалдық-техникалық қамтамасыз ету туралы 
шешімді оларды толық көлемінде орындау шартымен қабылдайды;
 
      9) саламатты өмір салтын және дұрыс тамақтануды қалыптастыруға жәрдемдеседі;
 
      10) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес азаматтардың құқықтары мен заңды 
мүдделерін қамтамасыз ету жөніндегі өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
 
      2. Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті 
атқарушы органдары:
 
      1) тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік 
саясатты іске асырады;
 
       2) 
алып тасталды - ҚР 03.07.2013 
№ 124-V
 Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан 
кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
 
      3) Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандардың тегін медициналық 
көмектің кепілдік берілген көлемін алу құқығын іске асыруын қамтамасыз етеді;
 
      3-1) уақытша бейімдеу және детоксикациялау орталықтарындағы адамдарды күтіп-бағуға 
бақылауды жүзеге асырады;
 
      3-2) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік денсаулық сақтау 
ұйымдарының қызметіндегі тұрақтылықты және тегін медициналық көмектің кепілдік берілген 
көлеміне арналған бюджет қаражатының пайдаланылуын қамтамасыз етеді;
 
      3-3) денешынықтырумен және спортпен айналысу, сауықтыру және демалу үшін 
инфрақұрылымның қолжетімділігін қамтамасыз етеді;
 
      3-4) саламатты өмір салтын ынталандыру жөніндегі іс-шаралар кешенін ұйымдастырады;
 
      3-5) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, тұрмыстық және жол-көліктік 
жарақаттанудың профилактикасы жөніндегі шараларды қабылдайды;
 
      3-6) денсаулық сақтау ресурстарын тиімді жоспарлау мен пайдалануды қамтамасыз 
етеді;
 
      3-7) медициналық көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру жөніндегі шараларды 
қабылдайды;
 
      3-8) халықтың денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі ақпаратқа қолжетімділігін 
қамтамасыз етеді;
 
      4) қан мен оның компоненттерінің ерікті өтеусіз донорлығын дамыту жөніндегі 
шаралардың іске асырылуын қамтамасыз етеді;
 
      
РҚАО-ның ескертпесі!
 
      4-1) тармақшаны алып тастау көзделген - ҚР 16.11.2015 
№ 406-V
 Заңымен (01.01.2017 
бастап 
қолданысқа
 енгізіледі).
 
      4-1) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде жоғары 
мамандандырылған медициналық көмек алу үшін тұрақты тұратын елді мекеннен тысқары 
жерлерге шығатын азаматтардың жекелеген санаттарына облыстардың, республикалық маңызы 

бар қалалардың және астананың жергілікті өкілді органдары айқындайтын тізбе бойынша ел 
ішінде жол жүру ақысын төлейді;
 
      5) денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарын құрады;
 
      5-1) уәкілетті органмен келісу бойынша облыстардың, республикалық маңызы бар 
қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті 
органдарының басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
 
      6) мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарының кадрмен қамтамасыз етілуін бақылауды 
ұйымдастырады;
 
      6-1) жас мамандарды әлеуметтік қолдау және бекіту шараларын қоса алғанда, 
мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарын кадрлық қамтамасыз ету бойынша шаралар қолданады;
 
      7) денсаулық сақтау ұйымдарының желісін салу және дамыту, оларды қаржылық және 
материалдық-техникалық қамтамасыз ету бойынша, оның ішінде дәріханалардың мемлекеттік 
желісін дамыту және дәріханалық қоймалар құру бойынша шаралар қолданады;
 
      8) денсаулық сақтаудың мемлекеттік және мемлекеттік емес секторларының қызметін 
үйлестіреді;
 
      9) төтенше жағдайлар, төтенше жағдай режимін енгізу кезінде тегін медициналық 
көмек көрсетуді, дәрілік заттармен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен қамтамасыз 
етеді;
 
      10) денсаулық сақтау саласындағы өңіраралық және халықаралық ынтымақтастықты 
жүзеге асырады;
 
      
РҚАО-ның ескертпесі!
 
      11) тармақша жаңа редакцияда көзделген - ҚР 29.03.2016 
№ 479-V
 Заңымен (01.07.2016 
бастап қолданысқа енгізіледі).
 
      РҚАО-ның ескертпесі!
 
      11) тармақшаның бұл редакциясы 01.07.2016 дейін қолданыста болады - ҚР 29.03.2016 
№ 479-V
 Заңымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптың 
2-тармағынан
 қараңыз).
 
      11) сот-медициналық, сот-наркологиялық сараптамаларын қоспағанда, Қазақстан 
Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес фармацевтикалық 
қызметтi, денсаулық сақтау саласындағы есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың 
айналымымен байланысты қызмет түрлерін, сондай-ақ медициналық қызметтi лицензиялауды 
жүзеге асырады;
 
      12) денсаулық сақтау саласындағы кадрларды даярлауды, олардың бiлiктiлiгiн 
арттыруды және оларды қайта даярлауды қамтамасыз етедi;
 
      13) денсаулықты нығайту, аурулардың профилактикасы, саламатты өмір салтын және 
дұрыс тамақтануды қалыптастыру үшін қажетті іс-шараларды жүзеге асырады;
 
      14) белгіленген ұлттық стандарттарды сақтай отырып, халыққа білікті және 
мамандандырылған медициналық көмек көрсетуді, оның ішінде әлеуметтік мәні бар аурулардың 
және айналадағыларға қауіп төндіретін аурулардың профилактикасын және олардан емдеуді, 
оған қоса тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде дәрімен 
қамтамасыз етуді ұйымдастырады;
 
      15) мүмкіндігі шектеулі балаларды ата-анасының немесе өзге заңды өкілдерінің 
келісімімен психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияларға жіберуді 
қамтамасыз етеді;
 
      16) өз құзыреті шегінде денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге 
асырады;
 
      17) уәкілетті органмен денсаулық сақтау саласындағы қызметтің түпкі нәтижелеріне 
қол жеткізуге бағытталған меморандум жасасады және оны іске асырады;
 
      18) туберкулезбен ауыратын азаматты мәжбүрлеп емдеуге жіберу туралы сот шешімін 
орындауға жәрдемдеседі;
 
      18-1) медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы бөлшек саудада 
өткiзуді жүзеге асыратын субъектілердің тізілімін жүргізеді;
 

      18-2) медициналық және фармацевтикалық қызметпен айналысу, сондай-ақ денсаулық 
сақтау саласындағы есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына 
байланысты қызмет түрлері бойынша Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар 
туралы заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
 
      18-3) медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы көтерме саудада 
өткiзуді жүзеге асыратын денсаулық сақтау субьектілерінің тізілімін жүргізеді;
 
      18-4) профилактикалық дезинсекция мен дератизация жүргізеді (инфекциялық және 
паразиттік аурулар табиғи ошақтарының аумағындағы, сондай-ақ инфекциялық және паразиттік 
аурулардың ошақтарындағы дезинсекция мен дератизацияны қоспағанда);
 
      18-5) фармацевтикалық білімі бар маман болмаған жағдайда, аудан орталығынан 
шалғайдағы елді мекендерде алғашқы медициналық-санитариялық, консультациялық-
диагностикалық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарындағы дәріхана пункттері және 
жылжымалы дәріхана пункттері арқылы дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды 
өткізуді жүзеге асыру үшін медициналық білімі бар мамандарды оқытуды жүргізеді;
 
      18-6) осы Кодекстің 15-бабының 4-тармағында көрсетілген денсаулық сақтау 
саласындағы мамандарды кәсіптік құзыреттілігіне аттестаттауды өткізеді;
 
      18-7) тіндердің (тін бөлігінің) және (немесе) ағзалардың (ағзалар бөлігінің) 
ерікті түрде өтеусіз донорлығын дамыту жөніндегі шараларды іске асыруды қамтамасыз 
етеді;
 
      18-8) «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында 
көзделген тәртiппен денсаулық сақтау саласындағы қызметтi жүзеге асырудың басталғаны 
немесе тоқтатылғаны туралы хабарламалар қабылдауды, сондай-ақ рұқсаттар мен 
хабарламалардың мемлекеттiк электрондық тiзiлiмiн жүргiзуді жүзеге асырады;
 
      19) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының 
заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге 
асырады.
 
      
Ескерту. 9-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2010.12.29 
N 372-IV
 (алғашқы ресми 
жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2011.07.05 

452-IV
 (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.07.10 
№ 31-V
 (алғашқы ресми 
жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.07.10 

36-V
 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа 
енгізіледі), 13.06.2013 
N 102-V
 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн 
өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен; 03.07.2013 
№ 121-V
 (алғашқы ресми 
жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Конституциялық 
заңымен; 03.07.2013 
№ 124-V
 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн 
өткен соң қолданысқа енгізіледі); 16.05.2014 
№ 203-V
 (алғашқы ресми жарияланған күнінен 
кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 
N 239-V
 (алғашқы ресми 
жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 
06.04.2015 
№ 299-V
 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң 
қолданысқа енгізіледі); 29.03.2016 
№ 479-V
 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін 
күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
 
      10-бап. Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және
 
               астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік
 
               басқарудың жергілікті органдарының құзыреті
 
      Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың денсаулық сақтауды 
мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары өз өкілеттігі шегінде:
 
      1) денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
 
      2) Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау, білім және ғылым саласындағы 
заңнамасының орындалуын қамтамасыз етеді;
 
      3) азаматтарды және оралмандарды тегін медициналық көмектің кепілдік берілген 
көлемі шеңберінде уақытша бейімдеу және детоксикациялау жөніндегі медициналық қызметтер 

көрсетуді қоса алғанда, медициналық көмекпен және дәрілік заттармен, медициналық 
мақсаттағы бұйымдармен қамтамасыз етеді;
 
      4) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қызметті 
жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдарын қоспағанда, денсаулық сақтау субъектілерінің 
қызметіне мониторинг пен бақылауды ұйымдастырады және жүзеге асырады;
 
      5) денсаулық сақтау бюджеттік бағдарламаларының әкімшілері функциясын жүзеге 
асырады;
 
      
РҚАО-ның ескертпесі!
 
      6) тармақша жаңа редакцияда көзделген - ҚР 16.11.2015 
№ 406-V
 Заңымен (01.01.2017 
бастап 
қолданысқа
 енгізіледі).
 
      6) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету бойынша 
медициналық және фармацевтикалық қызметтер берушілерді таңдауды және олардың шығындарын 
өтеуді жүзеге асырады;
 
      7) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету шеңберінде дәрілік 
заттарды, профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфикациялаушы) 
препараттарды:
 
      амбулаториялық деңгейде – уәкілетті орган бекітетін тізбеге сәйкес;
 
      стационарлық деңгейде – дәрілік формулярлар шегінде Қазақстан Республикасының 
Үкіметі айқындайтын тәртіппен сатып алуды және сақтауды жүзеге асырады;
 
      8) медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы, медициналық емес 
жабдықтарды, санитариялық көлікті, сондай-ақ мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарына 
күрделі жөндеу жүргізуге арналған қызметтер көрсетуді сатып алуды ұйымдастырады;
 
      9) мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарын кадрмен қамтамасыз етуді ұйымдастырады;
 
      10) мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарын жарақтандыруды қамтамасыз етеді;
 
      11) денсаулық сақтау саласындағы өңірлік электрондық ақпараттық ресурстар мен 
ақпараттық жүйелердің, ақпараттық-коммуникациялық желілердің құрылуы мен жұмыс істеуін 
қамтамасыз етеді;
 
      12) жергілікті бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік денсаулық 
сақтау ұйымдарындағы клиникалық базаларды жоғары және орта медициналық оқу орындарына 
береді;
 
      13) төтенше жағдайлар кезінде тегін медициналық көмек көрсетуді, дәрілік заттармен 
және медициналық мақсаттағы бұйымдармен қамтамасыз етуді ұйымдастырады;
 
      14) денсаулық сақтау саласындағы кадрларды даярлау, олардың бiлiктiлiгiн арттыруды 
және оларды қайта даярлау жөнiндегi қызметтi ұйымдастырады және үйлестiредi;
 
      15) гигиеналық оқытуды, саламатты өмір салты мен дұрыс тамақтануды насихаттау мен 
қалыптастыруды ұйымдастырады;
 
      16) халықты әлеуметтік маңызы бар аурулардың және айналадағыларға қауіп 
төндіретін аурулардың таралуы туралы хабардар етеді;
 
      17) азаматтардың денсаулығын сақтау мәселелері бойынша халықаралық және үкіметтік 
емес қоғамдық бірлестіктермен өзара іс-қимыл жасайды;
 
      18) тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде статистикалық әдіснама талаптарын 
сақтай отырып денсаулық сақтау саласындағы ведомстволық статистикалық байқауды жүзеге 
асырады;
 
      19) ведомстволық бағынысты мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдары басшыларының 
кәсіптік құзыреттілігіне аттестаттау жүргізеді.
 
      Ескерту. 10-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2010.03.19 
№ 258-IV
, 2010.12.29 
N 372-
IV
 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа 
енгiзiледi), 2012.06.28 
№ 22-V
 (2012.07.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 03.07.2013 
№ 
124-V
 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа 
енгізіледі); 06.04.2015 
№ 299-V
 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он 
күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
 

      10-1-бап. Дене шынықтыру мен спорт саласындағы уәкілетті
 
                 органның спорттық медицина мәселелері бойынша
 
                 құзыреті
 
      1. Дене шынықтыру мен спорт саласындағы уәкілетті орган:
 
      1) спорттық медицина ұйымдарының қызметіне басшылықты жүзеге асырады;
 
      2) республикалық спорттық медицина ұйымдарының басшыларын лауазымдарға 
тағайындайды және лауазымдарынан босатады;
 
      3) уәкілетті органға спорттық медицина ұйымдарының аумағында шектеу іс-шараларын, 
оның ішінде карантинді енгізу (тоқтату) туралы ұсыныстар енгізеді;
 
      4) спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының құрама командаларының спорттық 
іс-шараларға дайындалуын медициналық қамтамасыз етуге қатысады;
 
      5) спорттық медицина ұйымдарының қызметін қамтамасыз етеді;
 
      6) халықтың дене бітімі дамуының деңгейін айқындайды;
 
      7) спорттық жарыстарға қатысу үшін спортшыларды медициналық тексеру тәртібін 
әзірлейді және бекітеді;
 
      8) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы 
Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де 
өкілеттіктерді жүзеге асырады.
 
      2. Дене шынықтыру мен спорт саласындағы уәкілетті орган уәкілетті органмен келісу 
бойынша:
 
      1) спорттық іс-шараларды өткізу кезінде, спортшылардың қарқынды дене 
жүктемелерінен, ауыруларынан және жарақаттануларынан кейін қалпына келтіру іс-шаралары 
кезеңінде спортшылар мен жаттықтырушыларды медициналық қамтамасыз ету және оларға 
медициналық көмек көрсету тәртібін әзірлейді және бекітеді;
 
      2) спорттық медицина ұйымдарының құрылымын және олардың қызметі туралы ережелерді 
әзірлейді және бекітеді.
 
      
Ескерту. 2-тарау 10-1-баппен толықтырылды - ҚР 03.07.2014 
N 229-V
 Заңымен (алғашқы 
ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
 
      11-бап. Денсаулық сақтау саласындағы ұлттық холдингтің
 
               функциялары
 
      1. Денсаулық сақтау саласындағы ұлттық холдингтің функциялары:
 
      1) денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысу;
 
       2) 
алып тасталды - ҚР 03.07.2013 
№ 124-V
 Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан 
кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
 
      3) медициналық көмектің барлық түрін көрсету;
 
      4) инновациялық медициналық технологияларды байқаудан өткізу, оларды Қазақстан 
Республикасының медициналық ұйымдарына және денсаулық сақтау саласындағы білім беру 
ұйымдарына енгізу және трансферттеу;
 
      5) дәрілік заттарға, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техникаға 
клиникаға дейінгі (клиникалық емес) және клиникалық зерттеулер жүргізуге қатысу;
 
      6) стандарттарды әзірлеуге және оларды денсаулық сақтау ұйымдарына енгізуге 
қатысу;
 
      7) консалтингтік, ақпараттық-консультациялық, электрондық және басқа да 
қызметтерді көрсету;
 
      8) денсаулық сақтау саласындағы халықаралық ынтымақтастық;
 
      9) денсаулық сақтау саласындағы жобаларға қатысу;
 
      10) құрылтай құжаттарында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру болып 
табылады.
 
      2. Денсаулық сақтау саласындағы ұлттық холдинг өзіне жүктелген функцияларды 
орындау мақсатында Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген 
коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпия болып табылатын мәліметтерді жария 

етуге қойылатын талаптарды сақтай отырып, мемлекеттік органдардан ақпарат сұратуға және 
алуға құқылы.
 
      
Ескерту. 11-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 03.07.2013 
№ 124-V
 Заңымен (алғашқы ресми 
жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
 
      
РҚАО-ның ескертпесі!
 
      2-тарауды 11-1-баппен толықтыру көзделген - ҚР 16.11.2015 
№ 406-V
 Заңымен 
(01.01.2017 бастап 
қолданысқа
 енгізіледі).
 
      12-бап. Денсаулық сақтау саласындағы ведомствоаралық өзара
 
               іс-қимыл
 
      1. Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру мақсатында 
мемлекеттік органдар мен ұйымдар денсаулық сақтау саласындағы реттеуді жүзеге асыратын 
мемлекеттік органдарға өз құзыреті шегінде көмек көрсетуге міндетті.
 
      2. Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік органдардың, халықаралық және басқа да 
ұйымдардың өзара іс-қимылын қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі 
жанынан мәртебесі мен өкілеттігін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын 
денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі ұлттық үйлестіруші орган құрылады. Жергілікті 
атқарушы органдар жанынан мәртебесі мен өкілеттігін жергілікті атқарушы органдар 
айқындайтын денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі өңірлік үйлестіруші органдар құрылады.
 
      3. Апаттар медицинасы саласындағы мемлекеттік денсаулық сақтау органдары мен 
ұйымдарын үйлестіруді және олардың өзара іс-қимылын азаматтық қорғау 
саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.
 
      4. Орталық атқарушы органдар әзірлейтін, халықтың денсаулығы және денсаулық сақтау 
жүйесі мәселелерін тікелей немесе жанама түрде қозғайтын нормативтік құқықтық актілер 
мен нормативтік құжаттар уәкілетті органмен міндетті түрде келісілуге жатады.
 
      5. Денсаулық сақтау саласындағы нормативтік құқықтық актілер ведомстволық 
тиесілігіне қарамастан, органдар мен ұйымдардың орындауы үшін міндетті болып табылады.
 
      6. Ведомстволық медициналық қызметтері бар мемлекеттік органдар ведомстволық 
бағынысты денсаулық сақтау ұйымдарының (бөлімшелерінің) қызметі және бекітіп берілген 
контингенттің денсаулық жағдайы жөніндегі ведомстволық есептіліктің денсаулық сақтауды 
мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарына табыс етілуін қамтамасыз етеді.
 
       7. 
Алып тасталды - ҚР 06.04.2015 
№ 299-V
 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін 
күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
 
      8. Денсаулық сақтаудың ақпараттық жүйелерiнiң басқа мемлекеттiк органдардың 
ақпараттық жүйелерiмен ақпарат алмасу мәселелерi бойынша интеграциясы Қазақстан 
Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
 
      9. Ведомстволық медициналық қызметтері бар мемлекеттік органдар ведомстволық 
медициналық ақпараттық жүйелердің техникалық параметрлерін, сондай-ақ электрондық 
ақпараттық ресурстардың мазмұнын уәкілетті органмен келісуді қамтамасыз етеді.
 
      Ескерту. 12-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2010.03.19 
№ 258-IV
; 11.04.2014 
№ 189-
V
 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа 
енгізіледі); 06.04.2015 
№ 299-V
 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он 
күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.11.2015
 № 419-V 
(01.01.2016 бастап қолданысқа 
енгізіледі) Заңдарымен.
 

жүктеу 5.01 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет