Кодексі салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы



жүктеу 13.83 Mb.
Pdf просмотр
бет98/126
Дата28.04.2017
өлшемі13.83 Mb.
түріКодекс
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   126

Заңымен

  9-тармақ  жаңа  редакцияда  (2013  ж.  1  қаңтардан  бастап 

қолданысқа енгізілді) (

бұр.ред.қара

 

9. Қызметін арнайы экономикалық аймақтардың аумағында жүзеге асыратын ұйымдар жер учаскелерін 



пайдаланғаны үшін төлемді осы Кодекстің 

17-тарауында

 белгіленген ережелерді ескере отырып есептейді. 

  

482-бапСалық кезеңі 

Салық кезеңі осы Кодекстің 



148-бабына

 сәйкес айқындалады.  

  

483-бапСалық есептілігі 

2012.26.12.  №  61-V  ҚР 

Заңымен

  1-тармақ  жаңа  редакцияда  (2013  ж.  1  қаңтардан  бастап  қолданысқа 

енгізілді) (

бұр.ред.қара

)

 

1.  Дара  кәсіпкерлер  болып  табылмайтын  жеке  тұлғаларды,  сондай-ақ  мүлiк  салығы  бойынша  салық 



базасы осы Кодекстің 

406-бабына

 сәйкес есептелетін салық салу объектілері орналасқан және (немесе) жеке 

тұрғын  үй  құрылысына  бөлінген  жер  учаскелерi  бойынша  дара  кәсiпкерлерді  қоспағанда,  төлемақы 

төлеушілер  жер  учаскелерінің  орналасқан  жері  бойынша  салық  органдарына 



ағымдағы  төлемдер 

сомаларының есеп-қисабын

 ұсынады. 

2.  Төлемақы  төлеушілер  ағымдағы  төлемдер сомаларының  есеп-қисабын  есепті  салық  кезеңінің  20 

ақпанынан кешіктірмей табыс етеді. 

3.  Салық  кезеңі  басталғаннан  кейін  өтемін  төлеп  уақытша  жер  пайдалану  туралы  шарт  жасасқан 

тұлғалар  ағымдағы  төлемдер  сомаларының  есеп-қисабын  шарт  жасалған  айдан  кейінгі  айдың  20-сынан 

кешіктірмей табыс етеді. 

4.  Бірінші  салық  кезеңінде  ағымдағы  төлемдер  сомаларының  есеп-қисабымен  бірге  жер  қатынастары 

жөніндегі  уәкілетті мемлекеттік органмен немесе  арнайы  экономикалық аймақтың әкімшілігімен жасалған 

өтемін төлеп уақытша жер пайдалану туралы шарттың нотариат куәландырған көшірмесі табыс етіледі. 

Одан  кейінгі  кезеңдерде  шарттың  нотариат  куәландырған  көшірмесі  төлемақы  сомалары  немесе 

шарттың талаптары өзгерген кезде ғана табыс етіледі. 

 5.  Уақытша  жер  пайдалану  туралы  шарттың  қолданылу  мерзімі  аяқталған  соң  немесе  салық  кезеңі 

басталғаннан  кейін  жергілікті  атқарушы  орган  немесе  арнайы  экономикалық  аймақтың  әкімшілігі  оны 

бұзған  кезде,  ағымдағы  төлемдер  сомаларының  есеп-қисабы  шарттың  қолданылу  мерзімі  аяқталған 

(бұзылған) күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірілмей табыс етіледі. 

  

  

70-тарау. ЖЕР ҮСТІ КӨЗДЕРІНІҢ СУ РЕСУРСТАРЫН  ПАЙДАЛАНҒАНЫ ҮШІН ТӨЛЕМАҚЫ 



  

484-бапЖалпы ережелер 

1.  Жер  үсті  көздерінің  су  ресурстарын  пайдаланғаны  үшін  төлемақы  (бұдан  әрі  -  төлемақы)  жер  үсті 

көздерінен суды ала отырып немесе оны алмай, арнаулы су пайдаланудың барлық түрлері үшін алынады. 

2.  Арнаулы  су  пайдалану  су  қорын  пайдалану  және  қорғау  саласындағы уәкілетті  мемлекеттік  орган 

беретін рұқсат беру құжатының негізінде жүзеге асырылады. 

3.  Ресімделген  рұқсат  құжатсыз  арнаулы  су  пайдалану  суды  алудың  нақты  көлемі  белгіленген 

лимиттерден асып түсетін су пайдалану ретінде қарастырылады.  

4. Су пайдаланудың арнаулы түрлері Қазақстан Республикасының су 



заңнамасында

 белгіленеді. 



2009.30.12.  №  234-ІV  ҚР 

Заңымен

  5-тармақ  өзгертілді  (2010  жылғы  1  қаңтардан  қолданысқа  енгiзiлдi) 

(бұр.

ред

.қара)

 

5. Cу қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдардың өңірлік органдары 



өзінің орналасқан жері бойынша салық органдарына  уәкілетті орган белгілеген 

нысан

  бойынша  төлемақы 

төлеушілер мен салық салу объектілері туралы мәліметтерді тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейінгі екінші 

айдың 25-інен кешіктірмей табыс етеді. 

  

485-бап. Төлемақы төлеушілер 

Мынадай: 

1)  жер  үсті  көздерінен  және  теңіз  суларынан  механикалық  және  өзі  ағып  жатқан  суды  алу  жөніндегі 

стационарлық, жылжымалы және жүзбелі құрылғыларды пайдалана отырып; 

2) гидравликалық электр станцияларын пайдалана отырып; 

3) балық шаруашылығын жүргізу үшін су шаруашылығы құрылғыларын пайдалана отырып; 

4)  2011.21.07.  №  467-ІV  ҚР 

Заңымен

  алып  тасталды 



(2012  жылғы  1  қаңтардан  бастап  қолданысқа 

енгізілді) (

бұр.ред.қара

 

5) су көлігі мұқтаждары үшін жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдалануды жүзеге асыратын жеке 



және заңды тұлғалар (бұдан әрі - бастапқы су пайдаланушылар) төлемақы төлеушілер болып табылады. 

  

486-бап. Салық салу объектілері 

1. Мыналар салық салу объектілері болып табылады: 


1) мыналарды: 

бөгеттерге және басқа да тірек гидротехникалық және су реттеуші құрылғыларға шоғырландырылатын 

су көлемін; 

ағынды  бассейнаралық  бұруды  жүзеге  асыратын  арналарда  және  ағынды  реттеуді  жүзеге  асыратын 

ернеуден  тыс  cу  қоймаларында  сүзуге  және  булануға  кететін,  су  шаруашылығы  жүйелерінің  жобалық 

деректері  негізінде су қорын пайдалану  және  қорғау саласындағы  уәкілетті мемлекеттік орган растаған су 

шығындарын; 

су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының 

заңнамасында белгіленген тәртіппен бекіткен табиғат қорғау және (немесе) санитарлық-эпидемиологиялық 

су ағызу көлемін; 

су тасқынын, су басуды және су астында қалуды болғызбау мақсатында жүзеге асырылатын, су қорын 

пайдалану және қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган растаған суару жүйелеріне мәжбүрлі түрде 

су жинау көлемін қоспағанда, жер үсті су көзінен алынған судың көлемі; 

2) өндірілген электр энергиясының көлемі; 

3) су көлігімен тасымалдау көлемі; 

4)  2011.21.07.  №  467-ІV  ҚР 



Заңымен

  алып  тасталды 



(2012  жылғы  1  қаңтардан  бастап  қолданысқа 

енгізілді) (

бұр.ред.қара

 

2.  Төлемақы  кеме  тіркемесінсіз  сүректі  ағызуға,  рекреацияға,  жер  қазатын  техниканы  қолдануға, 



батпақты құрғатуға қолданылмайды. 

  

487-бап. Төлемақы мөлшерлемелері 

2009.16.11. № 200-ІV ҚР 

Заңымен

 1-тармақ өзгертілді (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) 

(бұр.

ред

.қара) 

 

1.  Төлемақы  мөлшерлемелерін  облыстардың, 



республикалық  маңызы  бар  қалалардың

  және 


астананың

 жергілікті өкілді органдары су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік 

орган бекіткен 

төлемақы есеп-қисабының әдістемесі

 негізінде белгілейді. 

2. Су алудың нақты көлемі cу қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган 

белгілеген су пайдалану лимиттерінен асып кеткен жағдайда, осы баптың 1-тармағында көзделген төлемақы 

мөлшерлемелері осындай асып кенткен бөлігінде бес есе ұлғайтылады. 

  

488-бапЕсептеу мен төлеу тәртібі 

1.  Төлемақы  сомасын  су  пайдаланудың  нақты  көлемі  мен  белгіленген  мөлшерлемелерді  негізге  ала 

отырып, төлеушілер дербес есептейді. 



2011.21.07.  №  467-ІV  ҚР 

Заңымен

  2-тармақ  өзгертілді  (2012  жылғы  1  қаңтардан  бастап  қолданысқа 

енгізілді) (

бұр.ред.қара

 

2.  Төлеушілер  (шаруа  немесе  фермер  қожалықтары  үшін  арнаулы  салық  режимін  қолданатын  салық 



төлеушілерден  басқа)  нақты  пайдаланылған  су  көлемі  үшін  ағымдағы  төлемақы  сомаларын  су  қорын 

пайдалану  және  қорғау  саласындағы  уәкілетті  мемлекеттік  орган  белгілеген  ай  сайынғы  су  пайдалану 

лимиттерінің негізінде есепті тоқсаннан кейін екінші айдың 25-інен кешіктірмей бюджетке төлейді. 

3.  Төлемақы  сомасы  рұқсат  құжатында  көрсетілген  арнаулы  су  пайдаланылатын  жер  бойынша 

бюджетке төленеді. 

  

489-бап.  Салық  төлеушілердің  жекелеген  санаттарының  төлемақыны  есептеуі  мен  төлеуінің 



ерекшеліктері 

1.  Шаруа  немесе  фермер  қожалықтары  үшін  арнаулы  салық  режимін  қолданатын  салық  төлеушілер 

төлемақы төлеуді осы Кодекстің 

446-бабында

 белгіленген мерзімде жүргізеді. 

2.  Жеке  және  заңды  тұлғалар  тірек  гидротехникалық  және  суды  реттейтін  құрылыстары  бар  су 

объектілерінде  су  көліктерімен  тасымалдау  көлеміне  жүк  тасымалының  тонна/километрі  үшін  төлемақы 

төлейді. 

3.  Жылу  энергетикасы  кәсіпорындары  тұрғын  үй-пайдалану  және  коммуналдық  қажеттеріне  жылу 

энергиясын  өндіруге  жұмсалатын  су  үшін  төлемақы  мөлшерін  тұрғын  үй-пайдалану  және  коммуналдық 

қызмет көрсету ұйымдары үшін көзделген мөлшерлемелер бойынша айқындайды. 

4. Агрегаттарды суыту (суды қайталап тұтыну) үшін технологиялық қажеттерге су алу лимиті шегінде 

су алатын жылу энергетикасы кәсіпорындары төлемақы мөлшерін тұрғын үй-пайдалану және коммуналдық 

қызмет көрсету ұйымдары үшін көзделген мөлшерлемелер бойынша айқындайды. Суды қайтарусыз тұтыну 

төлемақысының  мөлшері  өнеркәсіп  кәсіпорындары  үшін  белгіленген  мөлшерлемелер  бойынша 

айқындалады. 

  

490-бапСалық кезеңі 

Салық кезеңі осы Кодекстің 

148-бабына

 сәйкес айқындалады. 

  

491-бап. Салық есептілігі 


1. Төлемақы төлеушілер арнаулы су пайдалану орны бойынша салық органдарына 

декларация

  табыс 


етеді. 

2.  Төлемақы  төлеушілер,  осы  баптың  3-тармағында  аталғандарды  қоспағанда,  тоқсан  сайын  есепті 

тоқсаннан кейінгі екінші айдың 15-інен кешіктірмей декларация табыс етеді. 

3. Шаруа  немесе  фермер  қожалықтары  үшін  арнаулы  салық  режимін  қолданатын  салық  төлеушілер 

төлемақы жөніндегі декларацияны табыс етпейді. 

4. Декларациялар салық органына табыс етілгенге дейін cу қорын пайдалану және қорғау саласындағы 

уәкілетті мемлекеттік органның өңірлік органында куәландырылады. 

  

  



71-тарау. ҚОРШАҒАН ОРТАҒА ЭМИССИЯ  ҮШІН ТӨЛЕМАҚЫ 

  

492-бапЖалпы ережелер 

1.  Қоршаған  ортаға 

эмиссия  үшін  төлемақы

  (бұдан  әрі  -  төлемақы)  қоршаған  ортаға  эмиссия  үшін 



арнайы табиғат пайдалану

 тәртібімен алынады. 



2009.16.11. № 200-ІV ҚР 

Заңымен

 2-тармақ өзгертілді (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) 

(бұр.

ред

.қара) 

 

2.  Қозғалмалы  көздерден  шығатын  ластағыш  заттар  шығарындыларын  қоспағанда,  арнайы  табиғат 



пайдалану  қоршаған  ортаны  қорғау  саласындағы уәкілетті  мемлекеттік  орган  немесе  облыстардың, 

республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі - рұқсат 

құжатын  беретін  орган)  беретін  экологиялық  рұқсат  (бұдан  әрі  -  рұқсат  құжаты)  негізінде  жүзеге 

асырылады. 

3.  Белгіленген  тәртіппен  ресімделмеген  рұқсат  құжатынсыз  қоршаған  ортаға  эмиссиялар,  қозғалмалы 

көздерден  шығатын  ластағыш  заттар  шығарындыларын  қоспағанда,  қоршаған  ортаға  белгіленген 

эмиссиялар нормативтерінен артық қоршаған ортаға эмиссиялар ретінде қарастырылады. 

2009.16.11.  №  200-ІV  ҚР 

Заңымен

  (2010  ж.  1  қаңтардан  бастап  қолданысқа  енгiзiлді)  (бұр.

ред

.қара); 

2016.28.04.  №  506-V  ҚР 

Заңымен

  (ресми 

жарияланған

  күнінен  кейін  күнтізбелік  алпыс  күн  өткен  соң 

қолданысқа енгізілді) (

бұр.ред.қара

) 4-тармақ өзгертілді

 

4.  Қоршаған  ортаны  қорғау  саласындағы  уәкілетті  мемлекеттік  органның аумақтық  органдары  және 



облыстардың,  республикалық  маңызы  бар  қалалардың  және  астананың  жергілікті  атқарушы  органдары 

өзінің  орналасқан  жері  бойынша  салық  органдарына  уәкілетті  орган  белгілеген  нысан  бойынша  төлемақы 

төлеушілер мен салық салу объектілері туралы мәліметтерді тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі екінші 

айдың 15-інен кешіктірмей табыс етеді. 

Қоршаған  ортаны  қорғау  саласындағы  уәкiлеттi  мемлекеттік  органның  аумақтық  органдары  және 

облыстардың, республикалық маңызы  бар қалалардың және  астананың жергілікті атқарушы органдары  өзi 

орналасқан  жердегi  мемлекеттік  кіріс  органдарына  уәкiлеттi  орган  белгiлеген  нысан  бойынша  төлемақы 

төлеушілер мен салық салу объектілері туралы мәлiметтерді есептi тоқсаннан кейiнгi екiншi айдың 15-інен 

кешiктiрмей, тоқсан сайын ұсынады. 

Өндіріс  және  тұтыну  қалдықтарын  уақытша  сақтауға  қатысты  мәліметтерді  (уақытша  сақтаудың 

көлемдері,  белгіленген  мерзімдері,  орналастырудың  нақты  кезеңі)  қоршаған  ортаны  қорғау  саласындағы 

уәкiлеттi мемлекеттік органның аумақтық органдары өзi орналасқан жердегi мемлекеттік кіріс органдарына 

есептi тоқсаннан кейiнгi екiншi айдың 15-інен кешiктiрмей, тоқсан сайын ұсынады. 

  

493-бапТөлемақы төлеушілер 

1.  Қазақстан  Республикасының  аумағында  қызметін  арнайы  табиғат  пайдалану  тәртібімен  жүзеге 

асыратын жеке және заңды тұлғалар төлемақы төлеушілер болып табылады. 



2014.28.11.  №  257-V  ҚР 

Заңымен

  1-1-тармақпен  толықтырылды  (2015  ж.  1  қаңтардан  бастап 

қолданысқа енгізілді) 

 

1-1.  Шаруа  немесе  фермер  қожалықтары  үшін  арнаулы  салық  режимі  қолданылатын  қызметті  жүзеге 



асыру  нәтижесінде  қалыптасатын  қоршаған  ортаға  эмиссия  бойынша  -  бірыңғай  жер  салығын  төлеушілер 

төлемақы төлеушілер болып табылмайды. 



2012.26.12.  №  61-V  ҚР 

Заңымен

  2-тармақ  жаңа  редакцияда  (2009  ж.  1  қаңтардан  бастап  қолданысқа 

енгізілді) (

бұр.ред.қара

)

 

2.  Заңды  тұлға  өз  шешімімен  өзінің  құрылымдық  бөлімшесін  осындай  құрылымдық  бөлімшенің 



орналасқан  жері  бойынша  салық  салу  объектілері  жөніндегі  төлемақыны  дербес  төлеуші  ретінде  тануға 

құқылы. 


Егер  осы  бапта  өзгеше  белгіленбесе,  заңды  тұлғаның  осындай  тану  немесе  осындай  тануды  тоқтату 

туралы  шешімі  мұндай  шешім  қабылданған  жылдан  кейінгі  жылдың  1  қаңтарынан  бастап  қолданысқа 

енгізіледі. 

Егер жаңадан құрылған құрылымдық бөлімше төлемақыны дербес төлеуші ретінде танылған жағдайда, 

заңды тұлғаның мұндай тану туралы шешімі осы құрылымдық бөлімше құрылған күннен бастап немесе осы 

құрылымдық бөлімше құрылған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі. 

  


2011.03.12. № 505-ІV ҚР 

Заңымен

 494-бап жаңа редакцияда (

бұр.ред.қара

)

 

494-бап. Салық салу объектісі 

Қоршаған ортаға эмиссиялардың: 

1) ластаушы заттар шығарындыларының; 

2) ластаушы заттар төгінділерінің; 

3) өндіріс пен тұтынудың орналастырылған қалдықтарының; 

4)  мұнай  операцияларын  жүргізу  кезінде  түзілетін,  орналастырылған  күкірттің  белгіленген 

нормативтері шегінде және (немесе) одан да көп мөлшерде қоршаған ортаға эмиссиялардың  нақты  көлемі 

салық салу объектісі болып табылады. 

  

495-бап. Төлемақы мөлшерлемелері 



2009.16.11. № 200-ІV ҚР 

Заңымен

 1-тармақ өзгертілді (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) 

(бұр.

ред

.қара) 

 

1. Төлемақы  мөлшерлемелері  осы  баптың  7-тармағындағы  ережелер  ескеріле  отырып,  республикалық 



бюджет  туралы 

заңда

  белгiленген  және  салық  кезеңiнiң  бірiншi  күнi  қолданыста  болған  айлық  есептiк 

көрсеткiш (бұдан әрi осы баптың мәтiнi бойынша - АЕК) мөлшерін негізге ала отырып айқындалады. 

2.  Тұрақты  көздерден  ластағыш  заттардың  шығарындылары  үшін  төлемақы  мөлшерлемелері 

мыналарды құрайды: 

  

Рет 



№ 

Ластағыш заттардың түрлері 

1 тонна үшін төлемақы 

мөлшерлемелері (АЕК) 

1 килограмм 

үшін төлемақы 

мөлшерлемелері

 

(АЕК) 





1. 


Күкірт тотықтары  

10 


  

2. 


Азот тотықтары 

10 


  

3. 


Шаң және күл 

  



4. 

Қорғасын және оның қосындылары 

1993 

  

5. 



Күкіртсутек  

62 


  

6. 


Фенолдар 

166 


  

7. 


Көмірсутектер 

0,16 


  

8. 


Формальдегид  

166 


  

9. 


Көміртегі тотықтары 

0,16 


  

10. 


Метан 

0,01 


  

11. 


Күйе  

12 


  

12. 


Темір тотықтары 

15 


  

13. 


Аммиак 

12 


  

14. 


Алты валентті хром  

399 


  

15. 


Мыс тотықтары 

299 


  

16. 


Бенз(а)пирен  

  

498,3 



  

 2009.12.02. № 133-ІV ҚР 

Заңымен

 3-тармақ өзгертілді (бұр.

ред

.қара)

 

3.  Қазақстан  Республикасының 



заңнамасында

  белгіленген  тәртіппен  жүзеге  асырылатын  алауларда 

ілеспе  және  (немесе)  табиғи  газды  жағудан  ластағыш  заттардың  шығарындылары  үшін  төлемақы 

мөлшерлемелері мыналарды құрайды: 

  

№ Рет 


Ластағыш заттардың түрлері 

1 тонна үшін төлем ақы 

мөлшерлемелері (АЕК) 



1. 


Көмірсутектер 

2,23 


2. 

Көміртегі тотықтары 

0,73 

3. 


Метан 

0,04 


4. 

Күкірт диоксиды 

10 

5. 


Азот диоксиды 

10 


6. 

Күл 


12 

7. 


Күкіртті сутегі 

62 


8. 

Меркаптан 

9966 

  

2012.26.12. № 61-V ҚР 



Заңымен

  4-тармақ  өзгертілді  (2014  ж.  1  қаңтардан  бастап  қолданысқа  енгізілді) 

(

бұр.ред.қара

 

4.  Қозғалмалы  көздерден  атмосфералық  ауаға  ластағыш  заттардың  шығарындылары  үшін  төлемақы 



мөлшерлемелері мыналарды құрайды: 

  

Рет 



№  

Отын түрлері 

Пайдаланылған отынның  

1 тоннасы үшін мөлшерлеме  

(

АЕК



1. 



Этилденбеген бензин үшін 

0,33 


2. 

Дизель отыны үшін  

0,45 

3. 


Сұйытылған, сығылған газ, керосин үшін 

0,24 


  

5. Ластағыш заттардың шығарындылары үшін төлемақы мөлшерлемелері мыналарды құрайды: 

  

Рет 


№ 

Ластағыш заттардың түрлері 

1 тонна үшін төлемақы 

мөлшерлемелері 

(АЕК) 





1. 


Нитриттар 

670 


2. 

Мырыш 


1340 

3. 


Мыс 

13402 


4. 

Оттегіне биологиялық сұраныс  

5. 


Тұзды аммоний  

34 


6. 

Мұнай өнімдері 

268 

7. 


Нитраттар 

8. 



Жалпы темір  

134 


9. 

Сульфаттар (анион) 

0,4 

10. 


Өлшенген заттар 

11. 



Синтетикалық бетүсті-белсенді заттар 

27 


12. 

Хлоридтер (анион) 

0,1 

13. 


Алюминий 

27 


  

2009.12.02. № 133-ІV ҚР 

Заңымен

 6-тармақ өзгертілді (бұр.

ред

.қара); 2011.03.12. № 505-ІV ҚР 

Заңымен

 

6-тармақ  жаңа  редакцияда  (

бұр.ред.қара

);  2013.05.12.  №  152-V  ҚР 

Заңымен

  (2011  ж.  1  қаңтардан 

бастап  қолданысқа  енгізілді)  (

бұр.ред.қара

);  2014.28.11.  №  257-V  ҚР 

Заңымен

  (2015  ж.  1  қаңтардан 

бастап  қолданысқа  енгізілді)  (

бұр.ред.қара

)  6-тармақ  өзгертілді;  2014.29.12.  №  271-V  ҚР 

Заңымен

  6-

тармақ жаңа редакцияда (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (

бұр.ред.қара

 

6.  Өндіріс  пен  тұтыну  қалдықтарын  орналастырғаны  үшін  төлемақы  мөлшерлемелері  мыналарды 



құрайды: 

  

Р/с № 



Қалдықтардың түрлері 

Төлемақы мөлшерлемелері 

(АЕК) 

1 тонна 


үшін 

1 гигабек-керель 

(Гбк) үшін 



1. 



Өндіріс пен тұтыну қалдықтарын полигондарда, 

жинақтауыштарда, санкцияланған үйінділерде және арнайы 

бөлінген орындарда орналастырғаны үшін: 

  

  



1.1. 

Коммуналдық қалдықтар (тұрмыстық қатты қалдықтар, 

тазарту құрылыстарының кәріздік тұнбасы) 

0,19 


  

1.2. 


Осы тармақтың 1.3-жолында көрсетілген қалдықтарды 

қоспағанда, қауіптілік деңгейі ескеріле отырып, қалдықтар: 

  

  

1.2.1. 



«қызыл» тізім 

  



1.2.2. 

«жақұт» тізім 

  

1.2.3. 



«жасыл» тізім 

  



1.2.4. 

сыныпталмағандар 

0,45 

  

1.3. 



Төлемақысы есептелген кезде белгіленген қауіптілік деңгейі 

  

  



ескерілмейтін қалдықтар: 

1.3.1. 


Тау-кен өндіру өнеркәсібінің және карьерлерді игеру 

қалдықтары (мұнай мен табиғи газды өндіруден басқа): 

  

  

1.3.1.1. 



аршынды жыныстар 

0,002 


  

1.3.1.2. 

жанас таужыныстары 

0,013 


  

1.3.1.3. 

байыту қалдықтары 

0,01 


  

1.3.1.4. 

шлактар, шламдар 

0,019 


  

1.3.2. 


Құрамында пайдалы қазбалар бар кенді, концентраттарды, 

агломераттарды және шекемтастарды қайта өңдеу

қорытпалар мен металдар өндірісі кезінде металлургиялық 

қайта жасауда түзетілетін шлактар, шламдар 

0,019 

  

1.3.3. 



күл мен күлшлактар 

0,33 


  

1.3.4. 


ауыл шаруашылығы өндірісінің қалдықтары, оның ішінде 

көң, құс саңғырығы 

0,001 

  

2. 



Радиоактивті қалдықтарды орналастырғаны үшін, 

гигабеккерельмен (Гбк): 

  

  

2.1. 



Трансуранды 

  

0,38 



2.2. 

Альфа-радиоактивті 

  

0,19 


2.3. 

Бета-радиоактивті 

  

0,02 


2.4. 

Шынақты радиоактивті көздер 

  

0,19 


  

2011.03.12. № 505-ІV ҚР 


Каталог: upload -> medialibrary
upload -> Нұржан Қуантайұлы алаш Орда баспасөзі және жүсіпбек аймауытұЛЫ
upload -> Жансүгіров атындағы жму хабаршысы №4 /2012
upload -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
upload -> Л т т ы о а м д ы – с а я с и ж у р н а л журнал 1976 жылы Халықтар Достығы орденімен, 2002 жылы Қазақстан Журналистика Академиясының «Алтын Жұлдыз», 2008 жылы Қазақстан Журналистер Одағының сыйлығымен марапатталды
medialibrary -> «Мұнайшы» қоғамдық қоры
medialibrary -> Сақтау мерзімдерін көрсете отырып, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар қызметінде жасалатын үлгілік құжаттар тізбесін бекіту туралы
medialibrary -> Сақтау мерзімдерін көрсете отырып, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар қызметінде жасалатын үлгілік құжаттар тізбесін бекіту туралы

жүктеу 13.83 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   126




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет