Кодексі салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы


§ 2. Патент негізіндегі арнаулы салық режимі



жүктеу 13.83 Mb.
Pdf просмотр
бет90/126
Дата28.04.2017
өлшемі13.83 Mb.
түріКодекс
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   126
§ 2. Патент негізіндегі арнаулы салық режимі 

  

  

2009.16.11. № 200-ІV ҚР 

Заңымен

  429-бап  өзгертілді  (2010  ж.  1  қаңтардан  бастап  қолданысқа  енгiзiлді) 

(бұр.

ред

.қара);  2012.26.12. №  61-V  ҚР 

Заңымен

  429-бап  жаңа  редакцияда  (2013  ж.  1  қаңтардан  бастап 

қолданысқа енгізілді) (

бұр.ред.қара

 

429-бап. Қолдану шарттары 

Патент  негізінде  арнаулы  салық  режімін  осы  Кодекстің 

428-бабы  3  және  4-тармақтарында

 

көрсетілген тұлғалар болып табылмайтын және мынадай шарттарға сай келетін: 



1) қызметкерлердің еңбегін пайдаланбайтын; 

2) жеке кәсіпкерлік нысанында қызметті жүзеге асыратын; 



3) тармақша 2014 ж. 1 қаңтардан бастап 

қолданысқа енгізілді

 

3) салық кезеңіндегі шекті табысы республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиiстi қаржы 



жылының 1 қаңтарында қолданыста болған ең төменгi жалақының 300 еселенген мөлшерiнен аспайтын дара 

кәсiпкерлер қолданады. 

  

430-бап. Салық кезеңі 

Күнтізбелік жыл салық кезеңі болып табылады. 

  

2009.16.11.  №  200-ІV  ҚР 

Заңымен

   (2010  ж.  1  қаңтардан  бастап  қолданысқа  енгiзiлді)  (бұр.

ред

.қара); 

2011.05.07. № 452-IV ҚР 

Заңымен

 (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (

бұр.ред.қара

)

2011.21.07.  №  467-ІV  ҚР 

Заңымен

  (2011  жылғы  1  шілдеден  бастап  қолданысқа  енгізілді)  (

бұр.ред.қара



431-бап  өзгертілді;  2012.26.12.  №  61-V  ҚР 

Заңымен

  431-бап  жаңа  редакцияда  (2013  ж.  1  қаңтардан 

бастап қолданысқа енгізілді) (

бұр.ред.қара

 

431-бап. Қолдану тәртібі 

1.  Патент  негізінде  арнаулы  салық  режімін  қолдану  үшін  орналасқан  жері  бойынша  салық  органына 

патент құнының есеп-қисабын (осы тараудың мақсатында бұдан әрі - есеп-қисап) ұсынады. 

Есеп-қисапты қағаз жеткізгіште немесе электрондық нысанда, оның ішінде «электрондық үкімет» веб-

порталы арқылы: 

1) жаңадан құрылған дара кәсіпкерлер - дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебі туралы салықтық өтінішпен 

бір мезгілде; 

2)  жалпыға  бірдей  белгіленген  тәртіптен  немесе  өзге  де  арнаулы  салық  режімінен  ауысуды  жүзеге 

асыратын дара кәсіпкерлер - патент негізінде арнаулы салық режімін қолдану айының 1 күніне дейін; 

3)  кезекті  патентті  алу  үшін  патент  негізінде  арнаулы  салық  режімін  қолданатын  дара  кәсіпкерлер  - 

алдыңғы  патенттің  қолданылу  мерзімі  немесе  салық  есептілігін  табыс  етуді  тоқтата  тұру  мерзімі  өткенге 

дейін ұсынады. 

Дара  кәсіпкер  ретінде  мемлекеттік  тіркелген  күн  жаңадан  құрылған  дара  кәсіпкерлер  үшін  патент 

негізінде арнаулы салық режімін қолдану басталатын күн болып табылады. 

Осы  тармақтың  2)  тармақшасында  көрсетілген  дара  кәсіпкерлер  үшін  есеп-қисап  тапсырылған  айдан 

кейінгі  айдың  бірінші  күні  патент  негізінде  арнаулы  салық  режімін  қолдану  мерзімі  басталатын  күн  және 

патенттің қолданылу мерзімінің басталатын күні болып табылады. 



2014.28.11.  №  257-V  ҚР 

Заңымен

  2-тармақ  жаңа  редакцияда  (2015  ж.  1  қаңтардан  бастап  қолданысқа 

енгізілді) (

бұр.ред.қара

 

2. Есеп-қисап патент құнын есептеу үшін салық есептілігі болып табылады. 



Патент құны осы Кодекстің 

432-бабының 1-тармағына

 сәйкес есептеледі. 

Салық төлеуші патент құнын төлеуді есеп-қисапты табыс еткенге дейін жүргізеді. 

Патент  құны  банктер  немесе  банк  операцияларының  жекелеген  түрлерін  жүзеге  асыратын  ұйымдар 

арқылы төленген жағдайда, төлем құжатының деректемелері сұрау салуда көрсетілген кезде «электрондық 


үкіметтің»  веб-порталында  қалыптастырылатын  «электрондық  үкіметтің»  төлем  шлюзінің  хабарламасы 

электрондық нысанда табыс етілетін есеп-қисапқа қоса беріледі. 

Патент  құнының  төленгенін  растайтын  құжаттар  есеп-қисап  қағаз  жеткізгіште  берілген  кезде  табыс 

етіледі. 

Электрондық  нысанда,  оның  ішінде  «электрондық  үкімет»  веб-порталы  арқылы  табыс  етілген  есеп-

қисапта  дара  кәсіпкерлер  патент  құнына  қосылатын  салықтар  және  төлемдер  сомаларын  төлеу  бойынша 

төлем құжаттарынан мәліметтерді көрсетеді. 

Дара  кәсіпкерлер  есеп-қисапты  табыс  еткеннен  кейін  салық  органы  есеп-қисап  табыс  етілген  күннен 

кейінгі бір жұмыс күні ішінде салық органының ақпараттық жүйесінде патент қалыптастыруды жүргізеді. 

Патент нысанын уәкілетті орган бекітеді. 

Егер  осы  тармақта  өзгеше  көзделмесе,  патент  негізіндегі  арнаулы  салық  режимі  бір  салық  кезеңі 

шегінде кемінде бір ай қолданылады. 

Патент негізіндегі арнаулы салық режимін: 

1) ағымдағы салық кезеңінің соңғы айында жаңадан тіркелген; 

2)  ағымдағы  салық  кезеңінің  соңғы  айында  салық  есептілігін  табыс  етуді  тоқтата  тұру  мерзімі 

аяқталғанға дейін немесе аяқталғаннан кейін қызметін қайта бастаған дара кәсіпкерлер бір айдан аз мерзім 

ішінде қолданады. 

3.  Патент  негізінде  арнаулы  салық  режімін  қолданатын  дара  кәсіпкерлердің  салық  есептілігін 

тапсыруды тоқтата тұруы үшін осы Кодекстің 

74-бабында

 белгіленген тәртіппен салық өтінішін орналасқан 

жері бойынша салық органына тапсырады. 

4. Патенттің қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты жалпыға бірдей белгіленген тәртіпке немесе 

өзге  де  арнаулы  салық  режіміне  ауысу  туралы  шешім  қабылданған  жағдайда,  дара  кәсіпкерлер  патенттiң 

қолданылу мерзiмi аяқталғанға дейiн орналасқан жері бойынша салық органына қолданылатын салық салу 

режімі туралы хабарламаны табыс етедi. 

Бұл ретте: 

1)  патенттiң  қолданылу  мерзiмiнiң  соңғы  күнi  патент  негізінде  арнаулы  салық  режімiн  қолдануды 

тоқтату күнi болып табылады

2) патенттiң қолданылу мерзiмi аяқталған күннен кейiнгi күн салық төлеушi таңдаған жалпыға бірдей 

белгiленген тәртiпті немесе өзге де арнаулы салық режімi қолданыла бастайтын күн болып табылады. 

5. Егер осы баптың 6-тармағында өзгеше белгіленбесе, патенттің қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін, 

оның  ішінде  салық  есептілігін  табыс  етуді  тоқтата  тұру  кезеңінде  жалпыға  бірдей  белгіленген  тәртіпке 

немесе  өзге  де  арнаулы  салық  режіміне  ауысу  туралы  шешім  қабылданған  жағдайда,  дара  кәсіпкерлер 

орналасқан жері бойынша салық органына қолданылатын салық салу режімі туралы хабарлама табыс етеді. 

Бұл ретте: 

1) қолданылатын салық салу режімі туралы хабарлама табыс етілген айдың соңғы күнi патент негізінде 

арнаулы салық режімiн қолдануды тоқтату күнi болып табылады; 

2) қолданылатын салық салу режімі туралы хабарлама табыс етілген айдан кейiнгi айдың бірінші күні 

салық  төлеушi  таңдаған  жалпыға  бірдей  белгiленген  тәртiптi  немесе  өзге  де  арнаулы  салық  режімiн 

қолдануды бастау күнi болып табылады. 

6.  Патенттің  қолданылу  мерзімі  аяқталғанға  дейін  патент  негізінде  арнаулы  салық  режімін  қолдануға 

мүмкіндік  бермейтін  шарттар  туындаған  жағдайда,  дара  кәсіпкерлер  шарттармен  сәйкессіздік  туындаған 

күннен  бастап  бес  жұмыс  күні  ішінде  жалпыға  бірдей  белгіленген  тәртіпке  немесе  өзге  де  арнаулы  салық 

режіміне көшу үшін қолданылатын салық салу режімі туралы хабарламаны орналасқан жері бойынша салық 

органына табыс етуге міндетті. 

Бұл ретте: 

1)  мұндай  шарттар  туындаған  айға  қатысты  алдыңғы  болып  табылатын  айдың  соңғы  күнi  патент 

негізінде арнаулы салық режімiн қолдануды тоқтату күнi болып табылады; 

2) мұндай шарттар туындаған айдың бірінші  күні жалпыға бірдей  белгiленген  тәртiптi  немесе  өзге де 

арнаулы салық режімiн қолдануды бастау күнi болып табылады. 

7.  Салық  органы  салық  төлеушiлердiң  осы  Кодекстiң 

429-бабында

  белгiленген  талаптарға  сәйкес 

келмеуі  фактiсiн  анықталған  кезде,  мұндай  салық  төлеушiлердi  жалпыға  бірдей  белгiленген  тәртiпке 

ауыстырады. 

Камералдық бақылау барысында осындай сәйкес келмеу фактісі анықталған жағдайда салық органдары 

жалпыға бірдей белгiленген тәртiпке ауыстырылғанға дейін салық төлеушіге осы Кодекстің 



607

  және 


608-

баптарында

  белгіленген  мерзімдерде  және  тәртіппен  камералдық  бақылау  нәтижелері  бойынша  салық 

органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны жібереді. 

Бұл ретте: 

1) мұндай сәйкессіздік туындаған айға қатысты алдындағы болып табылатын айдың соңғы күнi патент 

негізінде арнаулы салық режімiн қолдануды тоқтату күнi болып табылады; 

2) мұндай сәйкессіздік  туындаған айдың бірінші күні  жалпыға  бірдей белгiленген тәртiптi  қолдануды 

бастау күнi болып табылады. 

  


2012.26.12.  №  61-V  ҚР 

Заңымен

  432-бап  жаңа  редакцияда  (2013  ж.  1  қаңтардан  бастап  қолданысқа 

енгізілді) (

бұр.ред.қара

 

432-бап. Патент құнын есептеу 

1.  Патент  құнына  жеке  табыс  салығының  (төлем  көзінен  ұсталатын  жеке  табыс  салығынан  басқа), 

әлеуметтік  салықтың,  міндетті  зейнетақы  жарналары  мен  әлеуметтік  аударымдардың  төленуге  жататын 

сомалары қосылады. 

Жеке табыс салығы мен әлеуметтік салықтың патент құнына қосылатын сомаларын есептеу салық салу 

объектісіне 2 пайыз мөлшеріндегі мөлшерлемені қолдану жолымен жүргізіледі. Есептелген сома:  

1) есептелген соманың 1/2 бөлігі мөлшерінде - жеке табыс салығы

2)  әлеуметтік  аударымдар  шегеріліп,  есептелген  соманың  1/2  бөлігі  мөлшерінде  әлеуметтік  салық 

түрінде бюджетке төленуге жатады. 

Патент  құнына  қосылатын  міндетті  зейнетақы  жарналары  мен  әлеуметтік  аударымдарды  есептеу 

«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» және «Міндетті әлеуметтік сақтандыру 

туралы» Қазақстан Республикасының 

заңдарына

 сәйкес жүргізіледі. 

Әлеуметтік  аударымдар  сомасы  әлеуметтік  салық  сомасынан  асып  түскен  кезде  әлеуметтік  салық 

сомасы нөлге тең болады. 

2.  Егер  патенттің  қолданылу  мерзімі  ішінде  нақты  алынған  табыс  сомасы  есеп-қисапта  көрсетілген 

табыс  мөлшерінен  асса,  дара  кәсіпкерлер  бес  жұмыс  күні  ішінде  асқан  сомаға  қосымша  салық  есептілігі 

түрінде есеп-қисапты тапсыруға және осы сомадан салықтар төлеуді жүргізуге міндетті. 

Егер нақты алынған табыс сомасы осы Кодекстің 



429-бабының 3) тармақшасында

 белгіленген табыс 

мөлшерінен асқан жағдайда, осы тармақтың ережелері қолданылмайды. 

Аталған  есеп-қисаптың  негізінде  бұрын  қалыптастырылған  патенттің  орнына  жаңа  патент 

қалыптастырылады. 

3.  Егер  осы  Кодекстің 



431-бабының  5  және  6-тармақтарына

  сәйкес  оның  мерзімінен  бұрын 

тоқтатылатын  жағдайларын  ескере  отырып,  патенттің  қолданылу  мерзімі  ішінде  нақты  алынған  табыс 

сомасы  есеп-қисапта  көрсетілген  табыстың  мөлшерінен  аз  болса,  дара  кәсіпкерлер  патент  құнының  азаю 

сомасына қосымша салық есептілігі түрінде есеп-қисап табыс етуге құқылы. 

Аталған жағдайда артық төленген салық сомаларын қайтару салық органы жүргізген хронометраждық 

зерттеп тексеруден кейін осы Кодекстің 

602-бабында

 белгіленген тәртіппен жүргізіледі. 

4.  Нақты  алынған  табыс  сомасы  осы  Кодекстің 

429-бабының  3)  тармақшасында

  белгіленген  шекті 

табыс  сомасынан  асқан  жағдайда,  осы  Кодекстің 

431-бабының  6  және  7-тармақтарында

  белгіленген 

жалпыға бірдей белгіленген тәртіпті немесе өзге де арнаулы салық режімін қолдануды бастау күнінен бастап 

алынған дара кәсіпкердің табысына тиісінше  жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен немесе арнаулы салық 

режімінде белгіленген тәртіппен салық салынады. 

5. Дара кәсiпкер iс-әрекетке қабiлетсiз деп танылған жағдайды қоспағанда, патенттiң қолданылу мерзiмi 

өткенге  дейiн  кәсiпкерлiк  қызмет  тоқтатылған  кезде,  салықтардың  енгiзiлген  сомасы  қайтарылуға  және 

қайта есептеуге жатпайды.» 

  

  

§ 3. Оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимі 



  

2012.26.12.  №  61-V  ҚР 

Заңымен

  433-бап  өзгертілді  (2013  ж.  1  қаңтардан  бастап  қолданысқа  енгізілді) 

(

бұр.ред.қара

 

433-бап. Қолдану шарттары 

Осы  Кодекстің 

428-бабының  3  және  4-тармақтарында

  көрсетілген  тұлғалар  болып  табылмайтын 

және мынадай шарттарға сай келетін дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар: 

2012.26.12.  №  61-V  ҚР 

Заңымен

  1)  тармақша  өзгертілді  (2014  ж.  1  қаңтардан  бастап  қолданысқа 

енгізілді) (

бұр.ред.қара

 

1) дара кәсіпкерлер үшін: 



дара  кәсіпкердің  өзін  қоса  алғанда,  қызметкерлердің  шекті  орташа  тізімдік  саны  салық  кезеңі  ішінде 

жиырма бec адам болса; 

«салық кезеңі үшін шекті табысы республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы 

жылының  1  қаңтарындағы  жағдай  бойынша  қолданыста  болған  ең  төменгі  жалақының  1400  еселенген 

мөлшерін құраса; 

2012.26.12.  №  61-V  ҚР 

Заңымен

  2)  тармақша  өзгертілді  (2014  ж.  1  қаңтардан  бастап  қолданысқа 

енгізілді) (

бұр.ред.қара

 

2) заңды тұлғалар үшін: 



қызметкерлердің шекті орташа тізімдік саны салық кезеңі ішінде елу адам болса

салық кезеңі үшін шекті табысы республикалық  бюджет туралы заңда белгіленген  және тиісті қаржы 

жылының  1  қаңтарындағы  жағдай  бойынша  қолданыста  болған  ең  төменгі  жалақының  2800  еселенген 

мөлшерін құраса, оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режімін қолданады. 

  


2012.26.12.  №  61-V  ҚР 

Заңымен

  434-бап  жаңа  редакцияда  (2014  ж.  1  қаңтардан  бастап  қолданысқа 

енгізілді) (

бұр.ред.қара

 

434-бап. Салық кезеңі 

Жартыжылдық салық кезеңі болып табылады. 

  

2009.16.11.  №  200-ІV  ҚР 



Заңымен

  (2010  ж.  1  қаңтардан  бастап  қолданысқа  енгiзiлді)  (бұр.

ред

.қара); 

2012.26.12. № 61-V ҚР 

Заңымен

 (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (

бұр.ред.қара

) 435-бап 

жаңа редакцияда

 

435-бап. Қолдану тәртібі 

1. Жаңадан құрылған дара кәсіпкерлерді қоспағанда, оңайлатылған декларация негiзiнде арнаулы салық 

режімiн  қолдану  үшiн  салық  төлеушiлер  орналасқан  жерi  бойынша  салық  органына  қолданылатын  салық 

салу режімі туралы хабарламаны табыс етеді. 

Қолданылатын салық салу режімі туралы хабарламаны: 

1)  жаңадан  құрылған  (пайда  болған)  заңды  тұлғалар  заңды  тұлға  әділет  органында  мемлекеттік 

тіркелгеннен кейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей; 

2)  осы  бөліктің  3)  тармақшасында  көрсетілгендерді  қоспағанда,  салық  төлеушілер  жалпыға  бірдей 

белгіленген  тәртіптен  немесе  өзге  де  арнаулы  салық  режімінен  ауысқан  кезде  -  оңайлатылған  декларация 

негізінде арнаулы салық режімін қолдану айының бірінші күніне дейін; 

3) патент негізінде арнаулы салық режімінен ауысқан кезде дара кәсіпкерлер: 

патент негізінде арнаулы салық режімін қолдану шарттарына сәйкессіздік туындаған күннен бастап бес 

жұмыс күні ішінде; 

өзге  жағдайларда  -  патенттің  қолданылу  немесе  салық  есептілігін  тапсыруды  уақытша  тоқтата  тұру 

мерзімі аяқталғанға дейін табыс етеді. 

2. Оңайлатылған декларация негiзiнде арнаулы салық режімiн қолдануды бастау күні: 

1)  жаңадан  құрылған  дара  кәсіпкерлер  үшін  -  салық  органдарында  дара  кәсіпкер  ретінде  мемлекеттік 

тіркеу күні; 

2)  осы  баптың  1-тармағының  1)  тармақшасында  көрсетілген  салық  төлеушілер  үшін  -  әділет 

органдарында мемлекеттік тіркелген күн; 

3)  осы  баптың  1-тармағының  2)  тармақшасында  көрсетілген  салық  төлеушілер  үшін  -  қолданылатын 

салық салу режімі туралы хабарлама табыс етілген айдан кейінгі айдың бірінші күні; 

4) осы баптың 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген салық төлеушілер үшін: 

осы  Кодекстің 

431-бабының  4-тармағына

  сәйкес  патенттің  қолданылу  мерзімі  өткен  күннен  кейінгі 

күн; 

осы Кодекстің 



431-бабының 5-тармағына

 сәйкес қолданылатын салық салу режімі туралы хабарлама 

табыс етілген айдан кейінгі айдың бірінші күні; 

осы  Кодекстің 



431-бабының  6-тармағына

  сәйкес  патент  негізінде  арнаулы  салық  режімін  қолдану 

шарттарына сәйкессіздік туындаған айдың бірінші күні болып табылады. 

3. Оңайлатылған  декларация негізінде арнаулы  салық  режімінен  жалпыға  бірдей  белгіленген тәртіпке 

немесе  өзге  де  арнаулы  салық  режіміне  ауысу  туралы  шешім  қабылданған  жағдайда,  оның  ішінде  салық 

есептілігін тапсыруды тоқтата тұру кезеңінде салық төлеушілер орналасқан жері бойынша салық органына 

қолданылатын салық салу режімі туралы хабарламаны табыс етеді. 

Бұл ретте: 

1)  қолданылатын  салық  салу  режімі  туралы  хабарлама  тапсырылған  айдың  соңғы  күнi  оңайлатылған 

декларация негізінде арнаулы салық режімiн қолдануды тоқтату күнi болып табылады; 

2) қолданылатын салық салу режімі туралы  хабарлама  тапсырылған айдан кейiнгi  айдың бірiншi  күнi 

жалпыға  бірдей  белгiленген  тәртiптi  немесе  өзге  де  арнаулы  салық  режімін  қолдануды  бастау  күнi  болып 

табылады. 

4.  Осы  Кодекстiң 



433-бабында

  белгiленген  шарттарға  сай  келмеген  жағдайда,  салық  төлеушілер 

шарттарға  сай  келмеу  туындаған  күннен  бастап  бес  жұмыс  күні  ішінде  орналасқан  жері  бойынша  салық 

органына жалпыға бірдей белгіленген тәртіпке немесе өзге салық режіміне ауысу үшін қолданылатын салық 

салу режімі туралы хабарламаны табыс етуге міндетті. 

Бұл ретте: 

1)  осы  Кодекстің 

433-бабында

  белгіленген  шарттарға  сәйкессіздік  туындаған  айға  қатысты  алдыңғы 

болып табылатын айдың соңғы күні оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режімiн қолдануды 

тоқтату күнi болып табылады; 

2)  осы  Кодекстің 

433-бабында

  белгіленген  шарттарға  сәйкессіздік  туындаған  айдың  бірiншi  күнi 

жалпыға  бірдей  белгiленген  тәртiптi  немесе  өзге  де  арнаулы  салық  режімін  қолдануды  бастау  күнi  болып 

табылады. 

5. Салық органы салық төлеушiлердiң осы Кодекстiң 

433-бабында

  белгiленген  талаптарға  сай  келмеу 

фактiсiн анықтаған кезде, осы салық төлеушiлердi жалпыға бірдей белгiленген тәртiпке ауыстырады. 

Камералдық  бақылау  барысында  мұндай  сәйкессiздiк  фактiсi  анықталған  жағдайда,  салық  органдары 

жалпыға бірдей белгiленген тәртiпке ауыстырылғанға дейiн салық төлеушiге осы Кодекстiң 

607

  және 


608-

баптарында

  белгiленген  мерзiмдерде  және  тәртiппен  камералдық  бақылау  нәтижелерi  бойынша  салық 

органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама жiбередi. 

Бұл ретте: 

1)  осы  Кодекстің 

433-бабында

  белгіленген  шарттарға  сәйкессіздік  туындаған  айға  қатысты  алдыңғы 

болап табылатын айдың соңғы күні оңайлатылған декларация негізінде арнаулы  салық режімiн қолдануды 

тоқтату күнi болып табылады; 

2)  осы  Кодекстің 

433-бабында

  белгіленген  шарттарға  сәйкессіздік  туындаған  айдың  бірiншi  күнi 

жалпыға бірдей белгiленген тәртiптi қолдануды бастау күнi болып табылады. 

  

436-бапСалықтарды оңайлатылған декларация бойынша есептеу 

1.  Салықтарды  оңайлатылған  декларация  негізінде  есептеуді  салық  төлеуші  салық  салу  объектісіне 

есепті салық кезеңінде 3 пайыз мөлшеріндегі мөлшерлемені қолдану арқылы дербес жүргізеді. 



2009.16.11. № 200-ІV ҚР 

Заңымен

 2-тармақ өзгертілді (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) 

(бұр.

ред

.қара)

 

2.  Егер  есепті  кезеңнің  қорытындылары  бойынша  қызметкерлердің  орташа  айлық  жалақысы 



республикалық бюджет туралы 

заңда

 белгiленген және салық кезеңiнiң бірiншi күнi қолданыста болған ең 

төмен  жалақының,  дара  кәсіпкерлерде  кемінде  2  еселенген,  заңды  тұлғаларда  кемінде  2,5  еселенген 

мөлшерін  құраса,  осы  баптың  1-тармағына  сәйкес  салық  кезеңі  ішінде  есептелген  салық  сомасы 

қызметкерлердің  орташа  тізімдік  санын  негізге  ала  отырып,  әрбір  қызметкер  үшін  салық  сомасының  1,5 

пайызы мөлшеріндегі сомаға азайтылу жағына қарай түзетілуге жатады. 



2012.26.12.  №  61-V  ҚР 

Заңымен

  3-тармақ  жаңа  редакцияда  (2013  ж.  1  қаңтардан  бастап  қолданысқа 

енгізілді) (

бұр.ред.қара

 

3.  Осы  Кодекстің 



435-бабының  4  және  5-тармақтарында

  көрсетілген  жағдайлар  туындаған  кезде, 

салық  төлеушінің  жалпыға  бірдей  белгіленген  тәртіпті  немесе  өзге  де  арнаулы  салық  режімін  қолдануды 

бастаған  күнінен  бастап  алынған  табысы  тиісінше  жалпыға  бірдей  белгіленген  тәртіппен  немесе  өзге  де 

арнаулы салық режімінде белгіленген тәртіппен салық салуға жатады.  

4. 2012.26.12. № 61-V ҚР 



Каталог: upload -> medialibrary
upload -> Нұржан Қуантайұлы алаш Орда баспасөзі және жүсіпбек аймауытұЛЫ
upload -> Жансүгіров атындағы жму хабаршысы №4 /2012
upload -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
upload -> Л т т ы о а м д ы – с а я с и ж у р н а л журнал 1976 жылы Халықтар Достығы орденімен, 2002 жылы Қазақстан Журналистика Академиясының «Алтын Жұлдыз», 2008 жылы Қазақстан Журналистер Одағының сыйлығымен марапатталды
medialibrary -> «Мұнайшы» қоғамдық қоры
medialibrary -> Сақтау мерзімдерін көрсете отырып, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар қызметінде жасалатын үлгілік құжаттар тізбесін бекіту туралы
medialibrary -> Сақтау мерзімдерін көрсете отырып, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар қызметінде жасалатын үлгілік құжаттар тізбесін бекіту туралы

жүктеу 13.83 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   126




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет