Кодексі салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы



жүктеу 13.83 Mb.
Pdf просмотр
бет85/126
Дата28.04.2017
өлшемі13.83 Mb.
түріКодекс
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   126

Заңымен

  3-2-тармақ  жаңа  редакцияда  (2016  ж.  1 

қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (

бұр.ред.қара

)

 

3-2. Технологиялық парктер Қазақстан Республикасының 



Кәсіпкерлік кодексінде

 көзделген қызметтің 

негізгі  түрін  жүзеге  асыру  үшін  бөлінген  жер  учаскелері  бойынша  жер  салығын  есептеу  кезінде  жер 

салығының тиісті мөлшерлемелеріне 0,1 коэффициентін қолданады. 

Осы тармақтың ережелерін бір мезгілде мынадай шарттарға сәйкес келетін: 

1)  Қазақстан  Республикасының  индустриялық-инновациялық  қызметті  мемлекеттік  қолдау 

саласындағы заңнамасына сәйкес құрылған

2)  осындай  технологиялық  парктердің  дауыс  беретін  акцияларының  (жарғылық  капиталға  қатысу 

үлестерінің)  елу  және  одан  көп  пайызы  технологиялық  дамыту  саласындағы  ұлттық  даму  институтына 

тиесілі технологиялық парктер қолдануға құқылы. 



2013.03.12.  №  151-V  ҚР 

Заңымен

  3-3-тармақпен  толықтырылды  (2014  ж.  1  қаңтардан  бастап 

қолданысқа  енгізілді);  2014.28.11.  №  257-V  ҚР 

Заңымен

  3-3-тармақ  жаңа  редакцияда  (2015  ж.  1 

қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (

бұр.ред.қара

 

3-3. Осы Кодекстің 



135-3-бабы 1-тармағы 1) тармақшасы

 екінші абзацының талаптарына сай келетін 

заңды  тұлға  халықаралық  мамандандырылған  көрме  объектілеріне  бөлінген  және  халықаралық 

мамандандырылған көрменің аумағында орналасқан жер учаскелері бойынша жер салығын есептеген кезде 

жер салығының тиісті мөлшерлемелеріне 0 коэффициентін қолданады. 

Осы  тармақтың  бірінші  бөлігінің  ережелері  осы  Кодекстің 



135-3-бабы  1-тармағының

  үшінші 

абзацында  көрсетілген  заңды  тұлғаларға  жер  учаскесі  немесе  оның  бір  бөлігі  (онда  орналасқан  үйлермен, 

ғимараттармен,  құрылыстармен  бірге  не  оларсыз)  мүліктік  жалдауға  (жалға  беруге),  өзге  де  негіздерде 

пайдалануға  тапсырылған  жағдайларды  қоспағанда,  жер учаскесі немесе  оның бір бөлігі (онда орналасқан 

үйлермен,  ғимараттармен,  құрылыстармен  бірге  не  оларсыз)  мүліктік  жалдауға  (жалға  беруге),  өзге  де 

негіздерде пайдалануға тапсырылған жағдайларда қолданылмайды.  

Осы  тармақтың  ережелері  Қазақстан  Республикасының  аумағында  өткізілетін  халықаралық 

мамандандырылған көрмені өткізу аяқталған салық кезеңінен кейінгі салық кезеңдеріне қолданылмайды. 

2014.28.11.  №  257-V  ҚР 

Заңымен

  4-тармақ  жаңа  редакцияда  (2009  ж.  1  қаңтардан  бастап  қолданысқа 

енгізілді) (

бұр.ред.қара

)

 

4.  Егер  осы  баптың  4-1-тармағында  өзгеше  белгіленбесе,  осы  баптың  2-тармағында  көрсетілген  жер 



салығын  төлеушiлер  жер  учаскесiн  немесе  оның  бiр  бөлiгiн  (онда  орналасқан  үйлермен,  ғимараттармен, 

құрылыстармен бiрге не оларсыз) жалға, өзге де негiздерде пайдалануға беру немесе оларды коммерциялық 

мақсаттарда  пайдалану  кезiнде  салықты  0,1  коэффициентті  қолданбай,  осы  Кодекстің 

55-тарауында

 

белгiленген тәртіппен есептейдi. 



2014.28.11.  №  257-V  ҚР 

Заңымен

  4-1-тармақпен  толықтырылды  (2009  ж.  1  қаңтардан  бастап 

қолданысқа  енгізілді);  2015.03.12.  №  432-V  ҚР 

Заңымен

  4-1-тармақ  жаңа  редакцияда  (2016  ж.  1 

қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (

бұр.ред.қара

 

4-1.  Осы  Кодекстің 



135-бабының  2-тармағында

  айқындалған  заңды  тұлғалар  жалға  алғаны, 

пайдаланғаны  үшін  төлемақысы  мемлекеттік  бюджетке  түсетін  жер  учаскесін  немесе  оның  бір  бөлігін 

(ондағы үйлермен, ғимараттармен, құрылыстармен бірге не оларсыз) жалға, өзге де негіздерде пайдалануға 

беру  кезінде  осындай  оъектілер  бойынша  жер  салығын  есептеген  кезде  жер  салығының  тиісті 

мөлшерлемелеріне 0,1 коэффициентін қолданады. 



2013.05.12.  №  152-V  ҚР 

Заңымен

  5-тармақ  жаңа  редакцияда  (2013  ж.  1  қаңтардан  бастап  қолданысқа 

енгізілді) (

бұр.ред.қара

 

5. Қызметiн арнайы экономикалық аймақтардың аумақтарында жүзеге асыратын ұйымдар жер салығын 



осы Кодекстiң 

17-тарауында

 белгiленген ережелердi ескере отырып есептейдi. 

6. 2015.03.12. № 432-V ҚР 

Заңымен

 алып тасталды 



(2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) 

(

бұр.ред.қара

 

  



  

55-тарау. САЛЫҚТЫ ЕСЕПТЕУ ТӘРТІБІ ЖӘНЕ ТӨЛЕУ МЕРЗІМДЕРІ 

  

388-бап. Салықты есептеу мен төлеудің жалпы тәртібі 



2010.21.01.  №  242-IV 

Заңымен

  1-тармақ  өзгертілді  (2011  жылғы  1  қаңтардан  бастап  қолданысқа 

енгізілді)  (

бұр.ред.қара

);  2015.03.12.  №  432-V  ҚР 

Заңымен

  1-тармақ  жаңа  редакцияда  (2015  ж.  1 

қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (

бұр.ред.қара

 

1.  Салықты  есептеу  әрбiр  жер  учаскесi  бойынша  салық  базасына  тиiстi  салық  мөлшерлемесін  жеке 



қолдану арқылы жүргiзіледi. 

2009.16.11. № 200-ІV ҚР 

Заңымен

  2-тармақ  жаңа  редакцияда  (2009  ж.  1  қаңтардан  бастап  қолданысқа 

енгiзiлді) (бұр.

ред

.қара) 

 


2.  Егер  осы  тарауда  өзгеше  белгiленбесе,  мемлекет  жер  учаскесiне  меншiк  құқығын,  тұрақты  немесе 

бастапқы  өтеусiз  уақытша  жер  пайдалану  құқығын  берген  кезде,  жер  салығы  салық  төлеушiге  жер 

учаскесiне осындай құқықтар берiлген айдан кейiнгi айдан бастап есептеледi. 

3.  Жер  учаскесін  иелену  құқығы  немесе  пайдалану  құқығы  тоқтатылған  жағдайда,  жер  салығы  жер 

учаскесін пайдаланудың нақты кезеңі үшін есептеледі. 

4. Бюджетке жер салығын төлеу жер учаскесінің орналасқан жері бойынша жүргізіледі. 



2015.03.12.  №  432-V  ҚР 

Заңымен

  5-тармақ  жаңа  редакцияда  (2016  ж.  1  қаңтардан  бастап  қолданысқа 

енгізілді) (

бұр.ред.қара

 

5.  Салық  жылы  iшiнде  елдi  мекендi  қоныстың  бiр  санатынан  басқасына  ауыстыру  кезiнде  осындай 



ауыстыру  жүргізілген  салық  кезеңі  үшін  жер  салығы  осы  елді  мекен  осындай  ауыстыруға  дейін 

жатқызылған елді мекен санаты үшін белгіленген мөлшерлемелер бойынша есептеледі. 



2015.03.12.  №  432-V  ҚР 

Заңымен

  6-тармақ  жаңа  редакцияда  (2016  ж.  1  қаңтардан  бастап  қолданысқа 

енгізілді) (

бұр.ред.қара

 

6.  Әкімшілік-аумақтық  бірліктің  шекаралары  өзгерген  кезде  осындай  өзгеріске  байланысты  аумағы 



басқа  әкімшілік-аумақтық  бірліктің  шекарасына  ауыстырылған  елді  мекенде  орналасқан  жер  учаскелері 

бойынша осындай өзгеріс жүргізілген салық кезеңі үшін жер салығы осындай өзгеріс күніне дейін осы елді 

мекен болған шекарадағы елді мекен санаты үшін белгіленген мөлшерлемелер бойынша есептеледі. 

7.  Салық  төлеушілер  орналасқан  жер  учаскелері  бонитетінің  балдарын  анықтау  мүмкін  болмаған 

жағдайда,  жер  салығының  мөлшері  шектесіп  орналасқан  жерлердің  бонитет  балы  негізге  алына  отырып 

айқындалады. 

8.  Ортақ  үлестік  меншіктегі  салық  салу  объектілері  бойынша  салық  олардың  осы  жер  учаскесіндегі 

үлесіне барабар есептеледі. 



2011.21.07.  №  467-ІV  ҚР 

Заңымен

  9-тармақпен  толықтырылды  (2012  жылғы  1  қаңтардан  бастап 

қолданысқа енгізілді)

 

9. Кондоминиум объектісінің бір бөлігі болып табылатын жер учаскесіне кондоминиум объектісінің бір 



бөлігі болып табылатын жалпы мүлікте үй-жайдың (ғимараттың бір бөлігінің) әрбір меншік иесінің үлесіне 

барабар жер салығы салынуы тиіс. 

Бұл ретте: 

1)  жалпы  мүліктегі  тұрғын  үй  меншік  иесінің  үлесіне  сәйкес  келетін  жер  учаскесінің  бөлігіне  осы 

Кодекстің 

381-бабында

  келтірілген  кестенің  4-бағанында  белгіленген  елді  мекендердің  жерлеріне  базалық 

салық мөлшерлемелері бойынша жер салығы салынуы тиіс; 

2)  жалпы  мүліктегі  тұрғын  үй  емес  үй-жайдың  (тұрғын  үй  емес  ғимараттың  бір  бөлігінің)  меншік 

иесінің үлесіне сәйкес келетін жер учаскесінің бір бөлігіне осы Кодекстің 

381-бабында

 келтірілген кестенің 

3-бағанында белгіленген елді мекендердің жерлеріне базалық салық мөлшерлемелері бойынша жер салығы 

салынуы тиіс. 

  

389-бапЗаңды тұлғалардың салықты есептеу тәртібі мен төлеу мерзімдері 

1.  Заңды  тұлғалар  жер  салығының  сомаларын  салық  базасына  тиісті  салық  мөлшерлемесін  қолдану 

арқылы дербес есептейді. 

2.  Заңды  тұлғалар  салық  кезеңі  ішінде  жер  салығы  бойынша  ағымдағы  төлемдерді  есептеуге  және 

төлеуге міндетті. 

3. Ағымдағы төлемдердің сомасы ағымдағы жылдың 25 ақпанынан, 25 мамырынан, 25 тамызынан, 25 

қарашасынан кешіктірілмей тең үлестермен төленуге жатады. 

Жаңа құрылған салық төлеуші  құрылған күннен кейінгі кезекті мерзім ағымдағы  төлемдерді төлеудің 

бірінші мерзімі болып табылады. 

Ағымдағы  төлемдерді  төлеудің  соңғы  мерзімінен  кейін  құрылған  салық  төлеушілер  ағымдағы  салық 

кезеңі үшін салық сомасын осы баптың 9-тармағында көзделген мерзімдерде төлейді. 

4. Ағымдағы  төлемдердің мөлшері  салық  кезеңінің  басында  болған  салық  салу  объектілері  бойынша 

салық базасына тиісті салық мөлшерлемелерін қолдану арқылы айқындалады. 

2009.30.12 № 234-IV 

Заңымен

  (2010  жылғы  1  қаңтардан  қолданысқа  енгiзiлдi)  (бұр.

ред

.қара); 2011.21.07. 

№  467-ІV  ҚР 

Заңымен

  (2010  жылғы  1  қаңтардан  бастап  қолданысқа  енгізілді)  (

бұр.ред.қара

)  5-тармақ 

өзгертілді

 

5.  Жер  салығын  төлеу  бойынша  салық  міндеттемелері  туындаған  күннен  кейінгі,  осы  баптың 



3-

тармағында

  белгіленген  кезекті  мерзім  салық  міндеттемелері  туындаған  кезде  салық  кезеңі  ішінде 

салықтың ағымдағы сомаларын төлеудің бірінші мерзімі болып табылады.  

Осы Кодекстің 



373-бабы 3-тармағының 3) және 7) тармақшаларында

 аталған заңды тұлғалар салық 

салу  объектілерін  пайдалануға  немесе  жалға  берген  кезде  салық  салу  объектілерін  пайдалануға, 

сенімгерлiкпен  басқаруға  немесе  мүліктік  жалдау  (жалға  беру)  күнінен  кейінгі  кезекті  мерзім  салықтың 

ағымдағы сомасын төлеудің бірінші мерзімі болып табылады. 

2009.30.12 № 234-IV 

Заңымен

  (2010  жылғы  1  қаңтардан  қолданысқа  енгiзiлдi)  (бұр.

ред

.қара); 2011.21.07. 

№  467-ІV  ҚР 

Заңымен

  (2010  жылғы  1  қаңтардан  бастап  қолданысқа  енгізілді)  (

бұр.ред.қара

)  6-тармақ 

өзгертілді

 


6.  Ағымдағы  төлемдерді  төлеудің  соңғы  мерзімінен  кейін  салық  міндеттемелері  туындаған  кезде 

түпкілікті  есеп  айырысу  және  салық  сомасын  төлеу  осы  баптың  9-тармағында  көзделген  мерзімдерде 

жүргізіледі. 

Осы Кодекстің 



373-бабының 3-тармағының 3) және 7) тармақшаларында

 аталған заңды тұлғаларға 

пайдалануға,  сенімгерлiкпен  басқаруға  немесе  жалға  берілген  салық  салу  объектілері  бойынша  ағымдағы 

төлемдерді төлеудің соңғы мерзімінен кейін түпкілікті есеп айырысу мен салық сомасын төлеу осы баптың  

9-тармағында көзделген мерзімдерде жүргізіледі.  

7.  Салық  кезеңі  ішінде  жер  салығы  бойынша  міндеттемелер  өзгерген  жағдайда,  ағымдағы  төлемдер 

салық  міндеттемелерінің  өзгеру  сомасына  жер  салығын  төлеудің  алдағы  мерзімдері  бойынша  тең 

үлестермен түзетіледі. 



2015.03.12. № 432-V ҚР 

Заңымен

 8-тармақ өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) 

(

бұр.ред.қара

 

8.  Салық  салу  объектілеріне  құқықтар  салық  кезеңінің  ішінде  берілген  жағдайда,  салық  сомасы  жер 



учаскесіне иелік етудің нақты кезеңі үшін есептеледі. 

Осы құқықтарды беретін тұлғаның жер учаскесіне іс жүзінде иелік еткен кезеңі үшін төлеуге жататын 

салық сомасы құқықтарды мемлекеттік тіркеуге  дейін немесе тіркеген кезде бюджетке енгізілуге тиіс. Бұл 

ретте  бастапқы  төлеуші  ағымдағы  жылдың  1  қаңтарынан  бастап  өзі  жер  учаскесін  беретін  айдың  басына 

дейін  салық  сомасын  есептейді.  Одан  кейінгі  төлеуші  өзінің  жер  учаскесіне  құқығы  пайда  болған  айдың 

басынан басталатын кезең үшін салық сомасын есептейді. 

Жер  учаскесіне  құқықтарды  мемлекеттiк  тiркеу  кезінде  меншік  құқығын  беретін  тұлғаның  осындай 

объектіні иеленген нақты кезең үшін төленуге жататын салық сомасы мұндай тіркеу жасалғанға дейін осы 

Кодексте белгіленген тәртіппен бюджетке енгiзілуге тиіс. 

9. Салық төлеуші салық кезеңі үшін декларацияны табыс ету мерзімі басталғаннан кейін күнтізбелік он 

күннен кешіктірмей түпкілікті есеп айырысуды жүргізіп, жер салығын төлейді 

  

2009.30.12.  №  234-ІV  ҚР 



Заңымен

  390-бап  жаңа  редакцияда  (2010  жылғы  1  қаңтардан  қолданысқа 

енгiзiлдi) (бұр.

ред

.қара)

 

390-бап. Жекелеген жағдайларда салықты есептеудiң, төлеудiң және салық есептілігiн табыс 



етудiң ерекшелiктерi 

1. Бірнеше салық төлеушiлердiң пайдалануындағы  үйлер, құрылыстар мен ғимараттар орналасқан жер 

учаскелерi үшiн жер салығы олардың бөлек пайдалануындағы үйлер мен құрылыстардың алаңына барабар 

әр салық төлеушi бойынша жеке есептеледi. 



2011.21.07.  №  467-ІV  ҚР 

Заңымен

  2-тармақ  өзгертілді  (2010  жылғы  1  қаңтардан  бастап  қолданысқа 

енгізілді) (

бұр.ред.қара

 

2.  Осы  Кодекстiң 



373-бабы  3-тармағының  3)  және  7)  тармақшаларында

  аталған  заңды  тұлғалар 

үйдiң  бір  бөлiгiн  не  ғимараттың  бір  бөлiгiн  пайдалануға,  сенімгерлiкпен  басқаруға  немесе  жалға  берген 

кезде  жер  салығы  осы  жер  учаскесiнде  орналасқан  барлық  үйлердiң,  ғимараттардың  жалпы  алаңындағы 

пайдалануға,  сенімгерлiкпен  басқаруға  немесе  жалға  берiлген  үйдiң  бір  бөлiгi  не  ғимараттың  бір  бөлiгi 

алаңының үлес салмағына қарай есептелуге жатады. 

3.  Тұрғын  үй  қорының  құрамындағы  жылжымайтын  мүлiктi  заңды  тұлға  сатып  алған  жағдайда,  жер 

салығы тұрғын үй қоры, соның iшiнде оның жанындағы құрылыстар мен ғимараттар алып жатқан жерлердi 

қоспағанда,  елдi  мекендердiң  жерлерiне  осы  Кодекстiң 

381-бабында

  белгiленген  салықтың  базалық 

мөлшерлемелері бойынша есептелуге жатады. 

4.  2011.21.07.  №  467-ІV  ҚР 



Заңымен

  алып  тасталды 



(2011  жылғы  1  қаңтардан  бастап  қолданысқа 

енгізілді) (

бұр.ред.қара

 

  



2009.30.12.  №  234-ІV  ҚР 

Заңымен

  391-бап  жаңа  редакцияда  (2010  жылғы  1  қаңтардан  қолданысқа 

енгiзiлдi) (бұр.

ред

.қара)

 

391-бапЖеке тұлғалардың салықты есептеу тәртібі және төлеу мерзiмдерi 



2010.02.04.  №  262-IV  ҚР 

Заңымен

  (

жарияланғанынан

  кейін  алты  ай  өткен  соң  қолданысқа  енгізілді) 

(бұр.

ред

.қара); 2011.21.07. № 467-ІV ҚР 

Заңымен

 (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) 

(

бұр.ред.қара

);  2014.28.11.  №  257-V  ҚР 

Заңымен

  (2015  ж.  1  қаңтардан  бастап  қолданысқа  енгізілді) 

(

бұр.ред.қара

) 1-тармақ өзгертілді

 

1.  Егер  осы  бапта  өзгеше  белгіленбесе,  жеке  тұлғалар  (осы  тармақтың  екiншi  бөлiгiнде  аталған 



тұлғаларды  қоспағанда)  төлеуге  жататын  жер  салығын  есептеудi  салық  органдары  тиiстi  салық 

мөлшерлемелері  мен  салық  базасын  негiзге  ала  отырып,  ағымдағы  жылдың  1  тамызынан  кешіктірмей 

жүргiзедi. 

Осы тармақтың ережелерi:  

дара кәсiпкерлерге; 

осы Кодекстiң 



396-бабының 1-тармағында

 көзделген  объектілерді және салық базасы осы Кодекстің 



406-бабына

  сәйкес  есептелетін  объектілерді  қоспағанда,  меншік  құқығындағы  ғимараттар  (ғимарат 

бөліктері) орналасқан жер учаскелері бойынша жеке тұлғаларға (оның iшiнде жекеше нотариустарға, жеке 

сот орындаушыларына, адвокаттарға, кәсіби медиаторларға) қолданылмайды. 



2.  Салық  кезеңi  iшiнде  салық  салу  объектілеріне  құқықтар  берiлген  жағдайда,  салық  сомасы  осы 

Кодекстiң 



389-бабы 8-тармағының

 ережелерi ескерiле отырып есептеледi. 

3. Жеке тұлғалар салық органдары есептеген жер салығын бюджетке ағымдағы жылдың 1 қазанынан 

кешiктiрмей төлейдi. 

4. Салық мiндеттемелерi ағымдағы жылдың 1 қазанынан кейiн  туындаған кезде, салық сомасын төлеу 

салық салу объектiсiне меншiк құқығы мемлекеттік тiркелгеннен кейiн отыз жұмыс күнiнен кешiктiрiлмей 

жүргiзiледi. 

2015.03.12.  №  432-V  ҚР 

Заңымен

  5-тармақ  жаңа  редакцияда  (2016  ж.  1  қаңтардан  бастап  қолданысқа 

енгізілді) (

бұр.ред.қара

 

5.  Дара  кәсiпкерлер  кәсіпкерлік  қызметте  пайдаланатын  (пайдалануға  жататын)  жер  учаскелерi 



бойынша жер салығын осы Кодекстiң 

389-бабында

 белгiленген тәртiппен есептейдi және төлейді.  



2012.26.12.  №  61-V  ҚР 

Заңымен

  (2014  ж.  1  қаңтардан  бастап  қолданысқа  енгізілді)  (

бұр.ред.қара

)

2015.03.12.  №  432-V  ҚР 

Заңымен

  (2016  ж.  1  қаңтардан  бастап  қолданысқа  енгізілді)  (

бұр.ред.қара

)  6-

тармақ жаңа редакцияда

 

6. Шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимiн қолданатын дара кәсiпкерлер өз қызметiнде 



пайдаланатын  (пайдалануға  жататын)  жер  учаскелерi  бойынша  жер  салығын  осы  Кодекстiң 

389-бабында

 

белгiленген  тәртiппен  есептейдi.  Бұл  ретте  жер  салығы  салық  кезеңі  үшін  декларация  ұсыну  мерзімі 



басталғаннан кейін күнтізбелік он күннен кешiктiрілмей төленуге жатады. 

2011.21.07.  №  467-ІV  ҚР 

Заңымен

  7-тармақпен  толықтырылды  (2011  жылғы  1  қаңтардан  бастап 

қолданысқа енгізілді)  (

бұр.ред.қара

); 2014.28.11. № 257-V ҚР 

Заңымен

  7-тармақ  жаңа  редакцияда  (2015 

ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (

бұр.ред.қара

 

7.  Осы  Кодекстiң 



396-бабының  1-тармағында

  көзделген  объектілерді  және  салық  базасы  осы 

Кодекстің 

406-бабына

  сәйкес  есептелетін  объектілерді  қоспағанда,  меншік  құқығындағы  ғимараттар 

(ғимарат бөліктері) орналасқан жер учаскелері бойынша жеке тұлғалар (оның iшiнде жекеше нотариустар, 

жеке сот орындаушылары, адвокаттар, кәсіби медиаторлар) жер салығын патент негізіндегі арнаулы салық 

режимін қолданатын дара кәсіпкерлер үшін осы бөлімде белгіленген тәртіппен есептейді және төлейді. 

2015.03.12. № 432-V ҚР 

Заңымен

 8-тармақпен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа 

енгізілді)

 

8.  Салық  кезеңі  ішінде  осы  Кодекстің 



373-бабы  3-тармағы  4)  тармақшасының

  ережелерін  қолдану 

құқығы  туындаған  кезде  олар  мұндай  құқық  туындаған  айдың  бiрiншi  күнінен  бастап  салық  кезеңi 

аяқталғанға дейiн немесе мұндай құқық тоқтатылған айдың бiрiншi күніне дейiн қолданылады. 

Салық кезеңі ішінде осы Кодекстің 373-бабы 3-тармағы 4) тармақшасының ережелерін қолдану құқығы 

тоқтатылған кезде олар мұндай құқық тоқтатылған айдың бiрiншi күнінен бастап қолданылмайды. 

  

56-тарау. САЛЫҚ КЕЗЕҢІ ЖӘНЕ САЛЫҚ ЕСЕПТІЛІГІ 

  

2011.21.07.  №  467-ІV  ҚР 



Заңымен

  392-бап  өзгертілді  (2012  жылғы  1  қаңтардан  бастап  қолданысқа 

енгізілді) (

бұр.ред.қара

 

392-бапСалық кезеңі 

Жер салығын есептеу үшін салық кезеңі осы Кодекстің 

148-бабына

 сәйкес айқындалады. 

  

393-бапСалық есептілігі 

2009.30.12.  №  234-ІV  ҚР 

Заңымен

  1-тармақ  жаңа  редакцияда  (2009  жылғы  1  қаңтардан  қолданысқа 

енгiзiлдi) (бұр.

ред

.қара); 2011.21.07. № 467-ІV ҚР 


Каталог: upload -> medialibrary
upload -> Нұржан Қуантайұлы алаш Орда баспасөзі және жүсіпбек аймауытұЛЫ
upload -> Жансүгіров атындағы жму хабаршысы №4 /2012
upload -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
upload -> Л т т ы о а м д ы – с а я с и ж у р н а л журнал 1976 жылы Халықтар Достығы орденімен, 2002 жылы Қазақстан Журналистика Академиясының «Алтын Жұлдыз», 2008 жылы Қазақстан Журналистер Одағының сыйлығымен марапатталды
medialibrary -> «Мұнайшы» қоғамдық қоры
medialibrary -> Сақтау мерзімдерін көрсете отырып, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар қызметінде жасалатын үлгілік құжаттар тізбесін бекіту туралы
medialibrary -> Сақтау мерзімдерін көрсете отырып, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар қызметінде жасалатын үлгілік құжаттар тізбесін бекіту туралы

жүктеу 13.83 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   126




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет