Кодексі салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы



жүктеу 13.83 Mb.
Pdf просмотр
бет82/126
Дата28.04.2017
өлшемі13.83 Mb.
түріКодекс
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   126

Заңымен

  2-1-тармақпен  толықтырылды  (2014  ж.  1  қаңтардан  бастап 

қолданысқа енгізілді) 

 

2-1.  Қазақстан  Республикасында  2013  жылғы  31  желтоқсаннан  кейін  шығарылған  (жасалған  немесе 



құрастырылған)  немесе  Қазақстан  Республикасының  аумағына  2013  жылғы  31  желтоқсаннан  кейін 

әкелінген  жеңіл  автомобильдердің  қозғалтқыш  көлемі  үш 



айлық  есептік  көрсеткіш

  мөлшерлемесі 

бойынша салық салынатын 1 500-ден жоғары 2 000-ды қоса алғанда текше сантиметр, алты айлық есептік 

көрсеткіш  мөлшерлемесі  бойынша  салық  салынатын  2  000-нан  жоғары  2  500-ді  қоса  алғанда  текше 

сантиметр,  тоғыз  айлық  есептік  көрсеткіш  мөлшерлемесі  бойынша  салық  салынатын  2  500-ден  жоғары  3 

000-ды  қоса  алғанда  текше  сантиметр,  отыз  бес  айлық  есептік  көрсеткіш  мөлшерлемесі  бойынша  салық 

салынатын 3 000-нан жоғары 3 200-ді қоса алғанда текше сантиметр, қырық алты айлық есептік көрсеткіш 

мөлшерлемесі бойынша  салық салынатын 3200-ден жоғары  3 500-ді қоса алғанда  текше  сантиметр, алпыс 

алты  айлық  есептік  көрсеткіш  мөлшерлемесі  бойынша  салық  салынатын  3  500-ден  жоғары  4  000-ды  қоса 

алғанда  алғанда  текше  сантиметр,  жүз  отыз  айлық  есептік  көрсеткіш  мөлшерлемесі  бойынша  салық 

салынатын  4  000-нан  жоғары  5  000-ды  қоса  алғанда  текше  сантиметр,  екі  жүз  айлық  есептік  көрсеткіш 

мөлшерлемесі  бойынша  салық  салынатын  5  000-нан  жоғары  текше  сантиметр  болған  кезде  қозғалтқыш 

көлемінің тиісті төменгі шегінен асқан әрбір бірлікке салық сомасы 7 теңгеге ұлғайтылады. 

2014.28.11.  №  257-V  ҚР 

Заңымен

  2-2-тармақпен  толықтырылды  (2015  ж.  1  қаңтардан  бастап 

қолданысқа енгізілді) 

 

2-2.  Осы  баптың  мақсатында  Қазақстан  Республикасының  аумағына  әкелінген  жеңіл  автомобильдерді 



әкелу күні оларды бастапқы мемлекеттік тіркеу күні болып есептеледi. 

3.  Пайдаланылу  мерзiмiне  қарай  ұшу  аппараттарының  салық  мөлшерлемелеріне  мынадай  түзету 

коэффициенттерi қолданылады:  

1)  1999  жылғы  1  сәуiрден  кейiн  Қазақстан  Республикасының  шегiнен  тыс  жерлерден  сатып  алынған 

ұшу аппараттарына:  


пайдаланылу мерзiмi 5 жылдан жоғары 15 жылды қоса алғанда - 2,0;  

пайдаланылу мерзiмi 15 жылдан жоғары - 3,0;  

2) 1999 жылғы 1 сәуiрге дейiн сатып алынған, сондай-ақ 1999 жылғы 1 сәуiрден кейiн сатып алынған 

және  (немесе)  Қазақстан  Республикасында   1999  жылғы  1  cәуipгe  дейiн  пайдалануда  болған  ұшу 

аппараттарына:  

пайдаланылу мерзiмi 5 жылдан жоғары 15 жылды қоса алғанда - 0,5;  

пайдаланылу мерзiмi 15 жылдан жоғары - 0,3.  

4.  Көлiк  құралының  пайдаланылу  мерзiмi  көлiк  құралдарының  паспортында  (әуе  кемесiн  ұшуда 

пайдалану жөніндегі нұсқауда) көрсетiлген шығарылған жылы негiзге алына отырып есептеледi. 

5. Жүк және арнайы автомобильдер бойынша салықты есептеу үшін көлік құралын пайдалану жөніндегі 

нұсқаулықта  және  (немесе)  нұсқауда  көрсетілген  көлік  құралының  жүк  көтергіштігінің  көрсеткіші 

пайдаланылады.  Егер  көлік  құралын  пайдалану  жөніндегі  нұсқаулықта  (нұсқауда)  жүк  көтергіштігінің 

көрсеткіші  көрсетілмесе,  ол  көлік  құралының  рұқсат  етілген  ең  жоғарғы  массасы  мен  көлік  құралының 

жүктемесіз массасы (жабдықталған көлік құралының массасы) арасындағы айырма ретінде есептеледі. 

  

368-бап. Салықты есептеу тәртібі 

2009.12.02.  №  133-ІV  ҚР 

Заңымен

  (2009  жылғы  1  қаңтардан  бастап  қолданысқа  енді)  (бұр.

ред

.қара); 

2009.16.11.  №  200-ІV  ҚР 

Заңымен

  (2010  ж.  1  қаңтардан  бастап  қолданысқа  енгiзiлді)  (бұр.

ред

.қара); 

2010.21.01.  №  242-IV 

Заңымен

  (2011  жылғы  1  қаңтардан  бастап  қолданысқа  енгізілді)  (

бұр.ред.қара

)

2012.26.12.  №  61-V  ҚР 

Заңымен

  (2013  ж.  1  қаңтардан  бастап  қолданысқа  енгізілді)  (

бұр.ред.қара

)  1-

тармақ өзгертілді 

 

1-тармақ  2016  ж.  1  қаңтардан  бастап  2017  ж.  1  қаңтарға  дейін  2015.03.12.  №  432-V  ҚР  Заңының 



8-

бабының

 редакциясында қолданылады (

бұр.ред.қара

)

 

1. Салық төлеушi салық салу объектiлерiн, әрбiр көлiк құралы бойынша салық мөлшерлемесін негiзге 



ала  отырып,  салық  кезеңi  үшiн  салық  сомасын  өз  бетінше  есептейдi.  Жеке  тұлғалар  осы  Кодекстің 

369-

бабының 3-тармағында

 белгіленген мерзімде салықты төлемеген немесе толық төлемеген жағдайда, салық 

органдары  көлік  құралдарын  есепке  алуды  және  тіркеуді  жүзеге  асыратын  уәкілетті  органдар  ұсынатын 

мәліметтер негізінде салықты есептеуді жүргізеді. 

Ауыл  шаруашылығы  өнімін,  акваөсіру  (балық  өсіру  шаруашылығы)  өнімін  өндірушілер  және  ауыл 

шаруашылығы кооперативтері үшін арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілер жалпыға бірдей 

белгіленген  тәртіппен  есептелген  көлік  құралы  салығының  сомасын  осы  Кодекстің 

451-бабына

  сәйкес  70 

пайызға азайтады. 

Көлік  құралы  меншiк  құқығында,  шаруашылық  жүргiзу  құқығында  немесе  жедел  басқару  құқығында 

салық  кезеңiнен  аз  уақыт  болған  жағдайда,  салық  сомасы  көлiк  құралы  меншiк  құқығында,  шаруашылық 

жүргiзу құқығында немесе жедел басқару құқығында нақты болған кезең үшiн салықтың жылдық сомасын 

он екіге бөлу және көлiк құралы меншiк құқығында, шаруашылық жүргiзу құқығында немесе жедел басқару 

құқығында нақты болған айлардың санына көбейту арқылы есептеледi. 



2009.12.02.  №  133-ІV  ҚР 

Заңымен

  (2009  жылғы  1  қаңтардан  бастап  қолданысқа  енді)  (бұр.

ред

.қара); 

2009.16.11.  №  200-ІV  ҚР 

Заңымен

   (2010  ж.  1  қаңтардан  бастап  қолданысқа  енгiзiлді)  (бұр.

ред

.қара)  2-

тармақ згертілді 

 

2.  Салық  кезеңi  iшiнде  салық  салу  объектілеріне  меншiк,  шаруашылық  жүргiзу  немесе  оралымды 



басқару құқықтарын берген кезде салық сомасы мынадай тәртiппен есептеледi: 

1) беруші тарап үшін: 

салық  кезеңінің басында қолда  бар көлік  құралдары  бойынша салық сомасы  салық кезеңінің  басынан 

бастап көлік құралына меншік құқығын, шаруашылық жүргізу құқығын немесе оралымды басқару құқығын 

берген айдың бірінші күніне дейінгі кезең үшін есептеледі; 

салық кезеңінің ішінде сатып алынған көлік құралдары бойынша салық сомасы көлік құралына меншік 

құқығын,  шаруашылық  жүргізу  құқығын  немесе  оралымды  басқару  құқығын  алған  айдың  бірінші  күнінен 

бастап көлік құралына меншік құқығын, шаруашылық жүргізу құқығын немесе оралымды басқару құқығын 

берген айдың бірінші күніне дейінгі кезең үшін есептеледі; 

2009.12.02.  №  133-ІV  ҚР 

Заңымен

  2)  тармақша  згертілді  (2009  жылғы  1  қаңтардан  бастап  қолданысқа 

енді) (бұр.

ред

.қара)

 

2) алушы тарап үшін  - салық сомасы көлік құралына меншік құқығын, шаруашылық жүргізу құқығын 



немесе  жедел  басқару  құқығын  алған  айдың  бірінші  күнінен  бастап,  салық  кезеңінің  соңына  дейін  немесе 

алушы  тарап  одан  кейін  аталған  көлік  құралына  меншік  құқығын,  шаруашылық  жүргізу  құқығын  немесе 

жедел басқару құқығын берген айдың бірінші күніне дейінгі кезеңге есептеледі. 

3. 2015.03.12. № 432-V ҚР 



Заңымен

 алып тасталды 



(2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) 

(

бұр.ред.қара

 

2009.30.12 № 234-IV 



Заңымен

 4-тармақ жаңа редакцияда (2010 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгiзiлдi) 

(бұр.

ред

.қара)

 

4. Жеке тұлғалар сатып алу кезiнде Қазақстан Республикасында есепте тұрмаған көлiк құралын  сатып 



алған кезде салық сомасын көлiк құралына меншiк құқығы туындаған айдың бірiншi күнiнен бастап салық 

кезеңiнiң  соңына  дейiнгi  немесе  меншiк  құқығы  тоқтатылған  айдың  бірiншi  күнiне  дейiнгi  кезең  үшiн 

есептейдi. 

5.  Иелерінен  айдап  әкетілген  және  (немесе)  ұрланған  деп   саналған  көлік  құралдарын  тіркеу 

саласындағы уәкілетті мемлекеттік органда көлік құралын есептен шығару кезінде көлік құралына іздеу салу 

кезеңінде салық төлеуден босату үшін осы негіз бойынша көлік құралын есептен шығарылғанын растайтын 

құжат негіз болып табылады.  

Салық міндеттемесін орындау іздеу салынған көлік құралының иесіне қайтарылған кезден бастап, осы 

Кодекстің 



51-тарауында

 көзделген тәртіппен жүзеге асырылады. 



2009.30.12  №  234-IV 

Заңымен

  6-тармақпен  толықтырылды  (2010  жылғы  1  қаңтардан  қолданысқа 

енгiзiлдi)

 

6. Заңды тұлғалар салық кезеңiнiң басында меншiк құқығында, шаруашылық жүргiзу құқығында немесе 



оралымды басқару құқығында болған көлiк құралдары бойынша, сондай-ақ салық кезеңiнiң басынан бастап 

салық  кезеңiнiң  1  шiлдесiне  дейiнгi  кезеңде  мұндай  құқықтар  туындаған  және  (немесе)  тоқтатылған  көлiк 

құралдары бойынша ағымдағы төлемдердi: 

1) көлiк құралдарына меншiк құқығы, шаруашылық жүргiзу құқығы немесе оралымды басқару құқығы 

салық кезеңiнiң басынан бастап салық кезеңiнiң 1 шiлдесiне дейiнгi кезеңде туындаған және салық кезеңiнiң 

1  шiлдесiне  дейiн  тоқтатылмаған  жағдайда  -  көлiк  құралдарына  меншiк  құқығы,  шаруашылық  жүргiзу 

құқығы немесе оралымды басқару құқығы туындаған айдың бірiншi күнiнен бастап салық кезеңiнiң соңына 

дейiнгi кезең үшiн есептелген салық сомасы мөлшерiнде; 

2)  салық  кезеңiнiң  басынан  бастап  салық  кезеңiнiң  1  шiлдесiне  дейiнгi  кезеңде  көлiк  құралдарына 

меншiк құқығы, шаруашылық жүргiзу құқығы немесе оралымды басқару құқығы: 

тоқтатылған  жағдайда  -  салық  кезеңiнiң  басынан  бастап  көлiк  құралдарына  меншiк  құқығы, 

шаруашылық жүргiзу құқығы немесе оралымды басқару құқығы тоқтатылған айдың бірiншi күнiне дейiнгi 

кезең үшiн есептелген салық сомасы мөлшерiнде; 

туындаған  және  тоқтатылған  жағдайда  -  көлiк  құралдарына  меншiк  құқығы,  шаруашылық  жүргiзу 

құқығы  немесе  оралымды  басқару  құқығы  туындаған  айдың  бірiншi  күнiнен  бастап  мұндай  көлiк 

құралдарына меншiк құқығы, шаруашылық жүргiзу құқығы немесе оралымды басқару құқығы тоқтатылған 

айдың бірiншi күнiне дейiнгi кезең үшiн есептелген салық сомасы мөлшерiнде; 

3)  қалған  жағдайларда  -  жылдық  салық  сомасы  мөлшерiнде  есептейдi.  Бұл  ретте,  салық  кезеңiнiң  1 

шiлдесiнен бастап салық кезеңiнiң соңына дейiнгi кезеңде көлiк құралдарына меншiк құқығы, шаруашылық 

жүргiзу  құқығы  немесе  оралымды  басқару  құқығы  тоқтатылған  жағдайда,  декларацияда  салық  кезеңiнiң 

басынан бастап көлiк құралдарына меншiк құқығы, шаруашылық жүргiзу құқығы немесе оралымды басқару 

құқығы тоқтатылған айдың бірiншi күнiне дейiнгi кезең үшiн есептелген салық сомасы көрсетiледi. 

Заңды  тұлғалар  салық  кезеңiнiң  1  шiлдесiнен  бастап  салық  кезеңiнiң  соңына  дейiнгi  кезеңде  меншiк 

құқығы,  шаруашылық  жүргiзу  құқығы  немесе  оралымды  басқару  құқығы  туындаған  көлiк  құралдары 

бойынша  ағымдағы  төлемдердi  есептемейдi  және  ағымдағы  төлемдердiң  есеп-қисабын  табыс  етпейдi.  Бұл 

ретте,  декларацияда  осы  баптың  2-тармағының  2)  тармақшасында  белгiленген  тәртiппен  есептелген  салық 

сомасы көрсетiледi. 

  

2015.03.12. № 432-V ҚР 



Заңымен

 369-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап 

қолданысқа енгізілді) (

бұр.ред.қара

 

369-бап. Салық төлеу мерзiмдерi мен тәртібі 



2009.12.02. № 133-ІV ҚР 

Заңымен

 1-тармақ өгертілді (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енді) 

(бұр.

ред

.қара);  2009.30.12  №  234-IV 

Заңымен

  1-тармақ  жаңа  редакцияда  (2009  жылғы  1  қаңтардан 

қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.

ред

.қара)

 

1. Заңды тұлғалар ағымдағы төлемдер сомасын төлеудi ағымдағы төлемдердi енгізу арқылы салық салу 



объектілерінiң тiркелген жерi бойынша салық кезеңiнiң 5 шiлдесiнен кешiктiрмей жүргiзедi. 

2009.30.12  №  234-IV 

Заңымен

  2-тармақ  өзгертілді  (2009  жылғы  1  қаңтардан  қолданысқа  енгiзiлдi) 

(бұр.

ред

.қара)

 

2. Көлiк құралына меншік құқығын, шаруашылық жүргізу құқығын немесе оралымды басқару құқығын 



салық кезеңінің 1 шілдесінен кейін алған жағдайда, заңды тұлғалар салық кезеңі үшін декларацияны табыс 

ету  мерзімі  басталғаннан  кейінгі  күнтізбелік  он  күннен  кешіктірмей  көрсетілген  көлік  құралы  бойынша 

салық төлеуді жүргізеді. 

2009.16.11. № 200-ІV ҚР 

Заңымен

  3-тармақ жаңа редакцияда (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа 

енгiзiлді) (бұр.

ред

.қара); 2011.24.01. № 399-IV ҚР 

Заңымен

 3-тармақ өзгертілді (

бұр.ред.қара

); 2015.03.12. 

№  432-V  ҚР 

Заңымен

  3-тармақ  жаңа  редакцияда  (2016  ж.  1  қаңтардан  бастап  қолданысқа  енгізілді) 

(

бұр.ред.қара

 

3. Егер осы бапта өзгеше  белгіленбесе, салық кезеңінің 31 желтоқсанынан  кешіктірілмейтін  күн  жеке 



тұлғалар үшін бюджетке салық төлеу мерзімі болып табылады. 

Салық  салу  объектісі  болып  табылатын  көлік  құралына  қатысты  Қазақстан  Республикасының  жол 

жүрісі туралы заңнамасына сәйкес тіркеу әрекеттері жүзеге асырылған жағдайда, меншік құқығын беретін 

тұлға осындай объектіні иеленген нақты кезең үшін төленуге жататын салық сомасы көрсетілген әрекеттер 

жасалғанға дейін осы Кодексте белгіленген тәртіппен бюджетке енгізілуге тиіс. 


2015.03.12.  №  432-V  ҚР 

Заңымен

  3-1-тармақпен  толықтырылды  (2016  ж.  1  қаңтардан  бастап 

қолданысқа енгізілді) 

 

3-1. Жеке тұлғалар салық төлеуді тұрғылықты жері бойынша жүргізеді. 



4.  2009.16.11.  №  200-ІV  ҚР 

Заңымен

  алып  тасталды 



(2010  ж.  1  қаңтардан  бастап  қолданысқа 

енгiзiлді) (бұр.

ред

.қара) 

 

2009.30.12 № 234-IV 



Заңымен

 5-тармақ жаңа редакцияда (2009 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгiзiлдi) 

(бұр.

ред

.қара)

 

5. Көлiк құралының меншiк иесi атынан иелiктен шығару құқығымен көлiк құралын басқаруға арналған 



сенімхат негiзiнде сенім бiлдiрiлген болып табылатын жеке тұлғаның салық кезеңi үшiн көлiк құралдарына 

салық  төлеуi  көлiк  құралы  меншiк  иесiнiң  осы  салық  кезеңi  үшiн  салық  мiндеттемесiн  орындауы  болып 

табылады. 

  

  



52-тарау. САЛЫҚ КЕЗЕҢІ ЖӘНЕ САЛЫҚ ДЕКЛАРАЦИЯСЫ 

  

2010.26.11.  №  356-IV  ҚР 



Заңымен

  370-бап  өзгертілді  (2011  жылғы  1  қаңтардан  бастап  қолданысқа 

енгізілді) (

бұр.ред.қара

 

370-бап. Салық кезеңі 

Көлік  құралдары  салығын  есептеуге  арналған  салық  кезеңі  осы  Кодекстің 

148-бабына

  сәйкес 

айқындалады. 

  

371-бап. Салық есептілігі 

Төлеушілер  -  заңды  тұлғалар 

көлік  құралдары  салығы  бойынша ағымдағы  төлемдердің  есеп-

қисабын

  ағымдағы  салық  кезеңінің  5  шілдесінен  кешіктірмей,  сондай-ақ  



декларацияны

 есепті  жылдан 

кейінгі  жылдың  31  наурызынан  кешіктірмей  салық  салу  объектілерінің  тіркелген  жері  бойынша  салық 

органдарына табыс етеді. 

  

  

14-БӨЛІМ. ЖЕР САЛЫҒЫ 



  

53-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР 

  

372-бап. Жалпы ережелер 

1. Салық салу мақсатында барлық жерлер олардың нысаналы мақсатына және  мынадай санаттарға: 

1) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге; 

2) елді мекендер жерлеріне; 

3)  өнеркәсіп,  көлік,  байланыс,  қорғаныс  және  өзге  де  ауыл  шаруашылығы  емес  мақсаттағы  жерлерге 

(бұдан әрі - өнеркәсіп жерлері); 

4)  ерекше  қорғалатын  табиғи  аумақтар  жерлеріне,  сауықтыру,  рекреациялық  және  тарихи-мәдени 

мақсаттағы жерлерге (бұдан әрі - ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерлері); 

5) орман қорының жерлеріне; 

6) су қорының жерлеріне; 

7) босалқы жерлерге тиесілігіне қарай қарастырылады. 

2. 


Жердің 

қандай 


да 

болсын 


санатқа 

тиесілігі 

Қазақстан 

Республикасының 

жер 

заңнамасында белгіленеді. Елді мекендер жерлері салық салу мақсаты үшін мынадай екі топқа бөлінген: 



1) тұрғын үй қоры, соның ішінде олардың жанындағы құрылыстар мен ғимараттар орналасқан жерлерді 

қоспағанда, елді мекендер жерлері; 

2) тұрғын үй қоры, соның ішінде олардың жанындағы құрылыстар мен ғимараттар орналасқан жерлер. 

3. Жердің мынадай санаттары: 

1) ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлері; 

2) орман қорының жерлері; 

3) су қорының жерлері; 

4) босалқы жерлер салық салуға жатпайды. 

Аталған  жерлер  (босалқы  жерлерді  қоспағанда)  тұрақты  жер  пайдалануға  немесе  бастапқы  өтеусіз 

уақытша жер пайдалануға берілген жағдайда, олар осы Кодекстің 



385-бабында

 белгіленген тәртіппен салық 

салуға жатады. 

4. 2013.05.12. № 152-V ҚР 



Заңымен

 алып тасталды 



(2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) 

(

бұр.ред.қара

 

5. Жер салығы: 



2014.28.11. № 257-V ҚР 

Заңымен

 1) тармақша жаңа редакцияда (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа 

енгізілді) (

бұр.ред.қара

 

1)  сәйкестендіру  құжаттары:  меншік  құқығының  актісі,  тұрақты  жер  пайдалану  құқығының  актісі, 



өтеусіз уақытша жер пайдалану құқығының актісі; 

2) жер ресурстарын басқару жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган әр жылдың 1 қаңтарындағы жағдай 

бойынша берген жерлердің мемлекеттік сандық және сапалық есебінің деректері негізінде есептеледі. 

  

373-бапТөлеушілер 

1. Мынадай: 

1) жеке меншік құқығындағы

2) тұрақты жер пайдалану құқығындағы; 

3) бастапқы өтеусіз уақытша жер пайдалану құқығындағы салық салу объектілері бар жеке және заңды 

тұлғалар жер салығын төлеушілер болып табылады. 



2011.21.07. № 467-ІV ҚР 

Заңымен

 2-тармақ жаңа редакцияда (2011 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа 

енгізілді) (

бұр.ред.қара

); 2012.26.12. № 61-V ҚР 

Заңымен

 2-тармақ згертілді (2013 ж. 1 қаңтардан бастап 

қолданысқа енгізілді) (

бұр.ред.қара

 

2.  Заңды  тұлға  өз  шешімімен  өзінің  құрылымдық  бөлімшесінің  орналасқан  жерінде  салық  салынатын 



объектілер бойынша осындай құрылымдық бөлімшесін жер салығын дербес төлеуші деп тануға құқылы. 

Егер  осы  бапта  өзгеше  белгіленбесе,  заңды  тұлғаның  осындай  тану  немесе  осындай  тануды  тоқтату 

туралы  шешімі  осындай  шешім  қабылданған  жылдан  кейінгі  жылдың  1  қаңтарынан  бастап  қолданысқа 

енгізіледі. 

Егер  жаңадан  құрылған  құрылымдық  бөлімше  жер  салығын  дербес  төлеуші  деп  танылған  жағдайда, 

заңды тұлғаның осындай тану туралы шешімі осы құрылымдық бөлімшенің құрылған күнінен бастап немесе 

осы құрылымдық бөлімше құрылған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі. 

2009.12.02. № 133-ІV ҚР 

Заңымен

 3-тармақ згертілді (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енді) 

(бұр.

ред

.қара)

 

3. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе мыналар: 



1)  шаруа  немесе  фермер   қожалықтары   үшін  арнаулы  салық  режимі  қолданылатын  қызметте 

пайдаланылатын жер учаскелері бойынша бірыңғай жер салығын төлеушілер; 

2) мемлекеттік мекемелер; 

3) уәкілетті  мемлекеттік  органның қылмыстық  жазаларды  атқару  саласындағы  түзеу  мекемелерінің 

мемлекеттік кәсіпорындары; 

2012.26.12.  №  61-V  ҚР 

Заңымен

  (2014  ж.  1  қаңтардан  бастап  қолданысқа  енгізілді)  (

бұр.ред.қара

)

2013.05.12.  №  152-V  ҚР 

Заңымен

  (2009  ж.  1  қаңтардан  бастап  қолданысқа  енгізілді)  (

бұр.ред.қара

)  4) 

тармақша згертілді

 

4)  Ұлы  Отан  соғысына  қатысушылар  және  соларға  теңестірілген  адамдар,  Ұлы  Отан  соғысы 



жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағы ордендерімен 

және  медальдарымен  наградталған  адамдар,  1941  жылғы  22  маусым  -  1945  жылғы  9  мамыр  аралығында 

кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық 

еңбегі  мен  мінсіз  әскери  қызметі  үшін  бұрынғы  КСР  Одағы  ордендерімен  және  медальдарымен 

наградталмаған  адамдар,  мүгедектер,  сондай-ақ  бала  жасынан  мүгедектің  ата-анасының  біpeyі,  он  сегіз 

жасқа толғанға дейін жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар: 

тұрғын-үй  қоры,  соның  ішінде,  оның  жанындағы  құрылыстар  мен  ғимараттар  орналасқан  жер 

учаскелері; 

үй маңындағы жер учаскелері; 

өзіндік  (қосалқы)  үй  шаруашылығын  жүргізу,  бағбандық  үшін  берілген  және  құрылыс  алып  жатқан 

жерлерді қоса алғанда, саяжай құрылысына арналған жер учаскелері; 

гараждар орналасқан жер учаскелері бойынша; 



2009.30.12  №  234-IV 

Каталог: upload -> medialibrary
upload -> Нұржан Қуантайұлы алаш Орда баспасөзі және жүсіпбек аймауытұЛЫ
upload -> Жансүгіров атындағы жму хабаршысы №4 /2012
upload -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
upload -> Л т т ы о а м д ы – с а я с и ж у р н а л журнал 1976 жылы Халықтар Достығы орденімен, 2002 жылы Қазақстан Журналистика Академиясының «Алтын Жұлдыз», 2008 жылы Қазақстан Журналистер Одағының сыйлығымен марапатталды
medialibrary -> «Мұнайшы» қоғамдық қоры
medialibrary -> Сақтау мерзімдерін көрсете отырып, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар қызметінде жасалатын үлгілік құжаттар тізбесін бекіту туралы
medialibrary -> Сақтау мерзімдерін көрсете отырып, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар қызметінде жасалатын үлгілік құжаттар тізбесін бекіту туралы

жүктеу 13.83 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   126




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет