Кодексі салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы



жүктеу 13.83 Mb.
Pdf просмотр
бет71/126
Дата28.04.2017
өлшемі13.83 Mb.
түріКодекс
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   126

бұр.ред.қара

); 2013.05.12. № 152-V ҚР 

Заңымен

  (2013  ж.  1  желтоқсаннан  бастап  қолданысқа 

енгізілді)  (

бұр.ред.қара

);  2014.28.11.  №  257-V  ҚР 

Заңымен

  (2015  ж.  1  қаңтардан  бастап  қолданысқа 

енгізілді) (

бұр.ред.қара

) 1) тармақша жаңа редакцияда

 

1)  тауарларды  әкелу  және  жанама  салықтардың  төленгені  туралы  өтінішті  (өтініштерді)  қағаз 



жеткізгіште (төрт данада) және электрондық нысанда не электрондық нысанда табыс етеді. 

Тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтініштің нысанын, оны толтыру және 

табыс ету қағидаларын уәкілетті орган бекiтедi

2)  импортталған  тауарлар  бойынша  жанама  салықтардың  іс  жүзінде  төленгенін  растайтын  банктің 

үзінді  көшірмесін,  және  (немесе)  импортталған  тауарлар  бойынша  жанама  салықтарды  төлеу  жөніндегі 

салық  міндеттемесінің  орындалуын  растайтын,  Қазақстан  Республикасының  банк  заңнамасында  көзделген 

өзге  де  төлем  құжатын  немесе  уәкілетті  орган  берген,  салық  төлеушіге  салық  төлеу  мерзімін  өзгертуге 

құқық берілгендігін растайтын өзге де құжатты, немесе осы Кодекстің 



276-15-бабының

 талаптарын ескере 

отырып, қосылған құн салығынан босатылғанын растайтын құжаттарды табыс етеді. 

Бұл  ретте  аталған  құжаттар  қосылған  құн  салығын  төлеудің  өзге  тәртібінде,  сондай-ақ  импортталған 

тауарлар  бойынша  қосылған  құн  салығы  бойынша  алдағы  төлемдер  шотының  есебіне  жатқызылуға  тиісті 

импортталған  тауарлар  бойынша  қосылған  құн  салығының  жеке  шоттарында  артық  төленген  төлемдер 

болған жағдайда, салық төлеуші салықтар мен төлемдердің басқа түрлері бойынша аталған артық төленген 

сомаларды  есепке  жатқызуға  немесе  есеп  айырысу  шотына  қайтаруға  өтініш  бермеген  болса,  табыс 

етілмейді. 

Лизинг  шарттары  (келісімшарттары)  бойынша  осы  тармақшада  көрсетілген  құжаттар  есепті  салық 

кезеңіне келетін, лизинг шартында (келісімшартында) көзделген лизингтік төлемнің мерзімі бойынша, осы 

тармақта белгіленген мерзімде табыс етіледі



2014.28.11. № 257-V ҚР 

Заңымен

 3) тармақша жаңа редакцияда (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа 

енгізілді) (

бұр.ред.қара

 

3) тауарлардың Кеден одағына мүше бір мемлекеттің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына 



өткізілгенін  растайтын,  тауарға  ілеспе  және  (немесе)  өзге  де  құжаттарды  табыс  етеді.  Егер  тауарлардың 

жекелеген  түрлерінің  өткізілуі,  оның  ішінде  тауарлардың  көлік  құралдарын  пайдаланбай  өткізілуі  үшін 

мұндай құжаттарды ресімдеу Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделмесе, көрсетілген құжаттар 

табыс етілмейді;  



2014.28.11. № 257-V ҚР 

Заңымен

 4) тармақша жаңа редакцияда (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа 

енгізілді) (

бұр.ред.қара

 


4)  егер  шот-фактураларды  шығару  (жазып  беру)  Кеден  одағына  мүше  мемлекеттің  заңнамасында 

көзделген  жағдайда,  тауарларды  тиеп-жөнелту  кезінде  Кеден  одағына  мүше  мемлекеттің  заңнамасына 

сәйкес ресімделген шот-фактураларды табыс етеді. 

Егер  шот-фактураларды  шығару  (жазып  беру)  Кеден  одағына  мүше  мемлекеттің  заңнамасында 

көзделмеген  болса  не  тауарлар  Кеден  одағына  мүше  мемлекет  болып  табылмайтын  мемлекеттің  салық 

төлеушісінен сатып алынса, онда шот-фактураның орнына сатушы шығарған (жазып берген), импортталған 

тауарлардың құнын растайтын өзге құжат табыс етіледі

5)  Кеден  одағына  мүше  мемлекеттің  аумағынан  Қазақстан  Республикасының  аумағына  импортталған 

тауарлар олардың негізінде сатып алынған шарттар (келісімшарттар), тауарлар лизингі (лизинг нысаналары) 

жағдайында - лизинг шарттары (келісімшарттары), зат түрінде қарыз берілген жағдайда - қарыз шарттары, 

тауарларды  дайындау  туралы  шарттар  (келісімшарттар),  алыс-беріс  шикізатын  өңдеуге  арналған  шарттар 

(келісімшарттар); 

6)  Қазақстан  Республикасының  салық  төлеушісіне  Кеден  одағына  мүше  басқа  мемлекеттің  салық 

төлеушісі не Кеден одағына мүше үшінші мемлекеттің аумағынан импортталған тауарларды өткізетін Кеден 

одағына мүше болып табылмайтын мемлекеттің салық төлеушісі берген (ұйымның басшысы (жеке кәсіпкер) 

қол  қойған  және  ұйымның  мөрімен  куәландырылған)  Кеден  одағына  мүше  үшінші  мемлекеттің  салық 

төлеушісі туралы мынадай мәліметтер: 

тұлғаны Кеден одағына мүше мемлекеттің салық төлеушісі ретінде сәйкестендіруші нөмір; 

Кеден одағына мүше мемлекеттің салық төлеушісінің (ұйымның (жеке кәсіпкердің) толық атауы; 

Кеден одағына мүше мемлекеттің салық төлеушісінің орналасқан (тұрғылықты) жері; 

келісімшарттың (шарттың) нөмірі мен күні; 

ерекшелік нөмірі мен күні туралы және импортталған тауарды сатып алу туралы Кеден одағына мүше 

осы  үшінші  мемлекеттің  салық  төлеушісімен  жасалған  шарт  (келісімшарт)  туралы  ақпараттық  хабарлама 

(осы Кодекстің 



276-18-бабының 2 - 5-тармақтарында

 көзделген жағдайларда). 

Егер одан тауар сатып алынатын Кеден одағына мүше мемлекеттің салық төлеушісі өткізетін тауардың 

иесі  болмаған  жағдайда  (комиссионер,  сенім  білдірілген  адам  болып  табылса),  онда  осы  тармақшаның 

екінші-алтыншы абзацтарында көрсетілген мәліметтер өткізілетін тауардың иесіне қатысты да табыс етіледі. 

Ақпараттық  хабарлама  шет  тілінде  табыс  етілген  жағдайда  қазақ  және  орыс  тілдеріне  аудармасының 

болуы міндетті. 

Егер  осы  тармақшада  көзделген  мәліметтер  осы  тармақтың  5)  тармақшасында  көрсетілген  шартта 

(келісімшартта) қамтылған жағдайда ақпараттық хабарлама табыс етілмейді; 

7) комиссия немесе тапсырма шарттары (келісімшарттары) (олар жасалған жағдайда); 



2014.28.11.  №  257-V  ҚР 

Заңымен

  8)  тармақша  өзгертілді  (2015  ж.  1  қаңтардан  бастап  қолданысқа 

енгізілді) (

бұр.ред.қара

 

8)  комиссия  немесе  тапсырма  шарттары  бойынша  Кеден  одағына  мүше  бір  мемлекеттің  аумағынан 



Қазақстан  Республикасының  аумағына  импортталған  тауарлар  олардың  негізінде  сатып  алынған  шарттар 

(келісімшарттар)  (қосылған  құн  салығын  комиссионер,  сенім  білдірілген  адам  төлейтін  жағдайларды 

қоспағанда, осы Кодекстің 

276-18-бабының 2 және 3-тармақтарында

 көзделген жағдайларда). 

Бөлшек  саудада  сатып  алу-сату  жағдайында  осы  тармақтың  3)  -  5)  тармақшаларында  көрсетілген 

құжаттар болмаған кезде Қазақстан Республикасының аумағына импортталған тауарлардың алынғанын (не 

сатып  алынғанын)  растайтын  құжаттар  (оның  ішінде  бақылау-касса  машинасының  чектері,  тауар  чектері, 

сатып алу актілері) табыс етіледі. 

Қазақстан  Республикасының  заңнамасында  көзделген  негіздер  бойынша  салық  төлеушінің  мөрі 

болмаған  жағдайларды  қоспағанда,  осы  тармақтың  2)  -  8)  тармақшаларында  көрсетілген  құжаттар  салық 

төлеушінің  басшысы  мен  бас  бухгалтерінің  (ол  болған  кезде)  не  салық  төлеушінің  шешімі  бойынша  оған 

уәкілеттік  берілген  өзге  да  адамдардың  қолтаңбаларымен,  сондай-ақ  мөрімен  куәландырылған 

көшірмелерде табыс етілуі мүмкін. 

Бұл  ретте  көрсетілген  құжаттардың  көшірмелері  соңғы  парағына  олардың  жалпы  саны  көрсетіле 

отырып,  тігілген,  нөмірленген  және  соңғы  парағын  салық  төлеушінің  басшысы  мен  бас  бухгалтерінің  (ол 

болған  кезде)  не  салық  төлеушінің  шешімі  бойынша  оған  уәкілеттік  берілген  өзге  де  адамдардың 

қолтаңбаларымен,  Қазақстан  Республикасының  заңнамасында  көзделген  негіздер  бойынша  салық 

төлеушінің мөрі болмаған  жағдайларды  қоспағанда,  сондай-ақ салық төлеушінің  мөрімен куәландырылған 

кітап (кітаптар) түрінде табыс етілуі мүмкін. 

Лизинг  шарттары  (келісімшарттары)  бойынша  салық  төлеуші  салық  органына  импортталған  тауарлар 

бойынша жанама салықтар жөніндегі декларациямен бір мезгілде осы тармақтың 1)  - 8) тармақшаларында 

көзделген  құжаттарды  импортталған  тауарларды  (лизинг  нысаналарын)  есепке  қабылдаған  айдан  -  салық 

кезеңінен  кейінгі  айдың  20-сынан  кешіктірмей  табыс  етеді.  Кейіннен  салық  төлеуші  салық  органына 

импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі декларациямен бір мезгілде осы тармақтың 1) 

және  2)  тармақшаларында  көзделген  құжаттарды  (олардың  көшірмелерін)  лизинг  шартында 

(келісімшартында)  көзделген  төлем  мерзімінің  айынан  -  салық  кезеңінен  кейінгі  айдың  20-сынан 

кешіктірмей табыс етеді. 

Егер лизинг шартында (келісімшартында) көзделген тауарлар (лизинг нысаналары) құнының бір бөлігін 

төлеу  мерзімі  Қазақстан  Республикасының  аумағына  тауарларды  (лизинг  нысанасын)  әкелгеннен  кейін 


басталған жағдайда, салық төлеуші салық органына осы тармақтың 1), 3)  - 5) тармақшаларында көзделген 

құжаттарды  импортталған  тауарлар  бойынша  жанама  салықтар  жөніндегі  декларациямен  бір  мезгілде 

импортталған тауарларды (лизинг нысаналарын) есепке қабылдаған айдан  - салық кезеңінен кейінгі айдың 

20-сынан  кешіктірмей  табыс  етеді.  Бұл  ретте  салық  төлеуші  импортталған  тауарлар  бойынша  жанама 

салықтар  жөніндегі  декларацияда  және  тауарларды  әкелу  және  жанама  салықтардың  төленгені  туралы 

өтініште қосылған құн салығы бойынша салық базасын көрсетпейді. 

Егер лизинг шарты (келісімшарты) бойынша тауарлар (лизинг нысаналары) құнының бір бөлігін төлеу 

мерзімінің  күні  Қазақстан  Республикасының  аумағына  тауарларды  (лизинг  нысаналарын)  әкелген  күнге 

дейін  белгіленген  жағдайда  салық  төлеуші  салық  органына  осы  тармақтың  1)  -  5)  тармақшаларында 

көзделген  құжаттарды  импортталған  тауарлар  бойынша  жанама  салықтар  жөніндегі  декларациямен  бір 

мезгілде импортталған тауарларды (лизинг нысаналарын) есепке қабылдаған айдан - салық кезеңінен кейінгі 

айдың 20-сынан кешіктірмей табыс етеді.  

Кейіннен  салық  төлеуші  салық  органына  осы  тармақтың  1)  және  2)  тармақшаларында  көзделген 

құжаттарды  (олардың  көшірмелерін)  импортталған  тауарлар  бойынша  жанама  салықтар  жөніндегі 

декларациямен бір мезгілде лизинг шартында (келісімшартында) көзделген төлем мерзімінің айынан - салық 

кезеңінен кейінгі айдың 20-сынан кешіктірмей табыс етеді. 

Импорталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі декларацияның нысанын, оны жасау және 

табыс ету қағидаларын уәкілетті орган бекітеді. 



2014.28.11.  №  257-V  ҚР 

Заңымен'>Заңымен___3-1-тармақпен_толықтырылды_(2015_ж._1_қаңтардан_бастап___қолданысқа_енгізілді);_2015.03.12._№_432-V_ҚР__Заңымен'>Заңымен

  3-1-тармақпен  толықтырылды  (2015  ж.  1  қаңтардан  бастап 

қолданысқа  енгізілді);  2015.03.12.  №  432-V  ҚР 

Заңымен

  3-1-тармақ  өзгертілді  (2016  ж.  1  қаңтардан 

бастап қолданысқа енгізілді) (

бұр.ред.қара

 

3-1. Импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі қағаз жеткізгіштегі және электрондық 



нысандағы  декларацияны,  тауарларды  әкелу  және  жанама  салықтардың  төленгені  туралы  қағаз 

жеткізгіштегі (төрт данада) және электрондық нысандағы өтінішті (өтініштерді): 

1) 2015.03.12. № 432-V ҚР 

Заңымен

 алып тасталды 



(2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) 

(

бұр.ред.қара

)

 

2015.03.12. № 432-V ҚР 



Заңымен

 2) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа 

енгізілді) (

бұр.ред.қара

)

 

2)  Кеден  одағына  мүше  мемлекеттердің  аумағынан  Қазақстан  Республикасының  аумағына  Қазақстан 



Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен қосылған құн салығын төлеуден босатылған және (немесе) 

уәкілетті орган белгілеген тәртіппен төлеудің өзге тәсілімен тауарларды импорттайтын тұлғалар

3) осы Кодекстің 

276-22-бабы 2-тармағының 2) тармақшасында

 көзделген жағдайда салық төлеуші

4) осы Кодекстің 

276-8-бабының 8-тармағында

 көзделген жағдайда салық төлеуші табыс етеді. 



2014.28.11.  №  257-V  ҚР 

Заңымен___5-тармақ_жаңа_редакцияда_(2015_ж._1_қаңтардан___бастап_қолданысқа_енгізілді)_(__бұр.ред.қара'>Заңымен

  3-2-тармақпен  толықтырылды  (2015  ж.  1  қаңтардан  бастап 

қолданысқа енгізілді) 

 

3-2.  Импортталған  тауарлар  бойынша  жанама  салықтар  жөніндегі  декларация  мен  тауарларды  әкелу 



және  жанама  салықтардың  төленгені  туралы  өтініш  (өтініштер)  электрондық  нысанда  ғана  табыс  етілген 

кезде, осы баптың 3-тармағының 2) - 8) тармақшаларында көрсетілген құжаттар табыс етілмейді. 

Осы тармақтың ережесі осы баптың 3-1-тармағында белгіленген жағдайларда қолданылмайды. 

2014.28.11. № 257-V ҚР 

Заңымен

 4-тармақ өзгертілді (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) 

(

бұр.ред.қара

 

4.  Импортталған  тауарлар  бойынша  қосылған  құн  салығы  салық  төлеушілердің  орналасқан  жері 



(тұрғылықты жері) бойынша салық кезеңінен кейінгі айдың 20-сынан кешіктірмей төленеді.  

Импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі декларация бойынша төлеуге есептелген 

жанама  салықтардың  сомасы  тауарларды  әкелу  және  жанама  салықтардың  төленгені  туралы  өтініште 

(өтініштерде) есептелген жанама салықтардың сомасына сәйкес келуі тиіс. 

Импортталған тауарлардың бағасы осы Кодекстің 

276-8-бабының 8-тармағына

 сәйкес ұлғайту жағына 

өзгертілген  жағдайда,  импортталған  тауарлар  бойынша  қосылған  құн  салығы  шартқа  (келісімшартқа) 

қатысушылар  импортталған  тауарлардың  бағасын  өзгерткен  айдан  кейінгі  айдың  20-сынан  кешіктірілмей 

төленеді. 

2011.05.07. № 452-IV ҚР 

Заңымен

 (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (

бұр.ред.қара

)

2013.05.12. № 152-V ҚР 

Заңымен

 (2013 ж. 1 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (

бұр.ред.қара

) 5-

тармақ  өзгертілді;  2014.28.11.  №  257-V  ҚР 

Заңымен

  5-тармақ  жаңа  редакцияда  (2015  ж.  1  қаңтардан 

бастап қолданысқа енгізілді) (

бұр.ред.қара

 

5. Тауарларды, оның ішінде алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу өнімдері болып табылатын тауарларды, 



лизинг  шарттары  (келісімшарттары)  бойынша  тауарларды  (лизинг  нысаналарын)  Кеден  одағына  мүше 

мемлекеттердің  аумағынан  Қазақстан  Республикасының  аумағына  импорттаған  кезде  жанама  салықтарды 

есептеу  мен  төлеу  үшін  салық  кезеңі  осындай  импортталған  тауарлар  есепке  қабылданған  немесе  лизинг 

шартында (келісімшартында) көзделген төлем мерзімі келетін күнтізбелік ай болып табылады. 

Бұл ретте салық кезеңі ішінде салық міндеттемесін орындауға жол беріледі. 

2011.21.07.  №  467-ІV  ҚР 

Заңымен

  (2011  жылғы  1  шілдеден  бастап  қолданысқа  енгізілді)  (

бұр.ред.қара

)

2012.26.12.  №  61-V  ҚР 

Заңымен

  (2013  ж.  1  қаңтардан  бастап  қолданысқа  енгізілді)  (

бұр.ред.қара

)  6-

тармақ жаңа редакцияда

 


6.  Импортталған  тауарлар  бойынша  жанама  салықтар  жөніндегі  декларация  осы  Кодекстің 

584-

бабының  5-тармағында

  көрсетілген  жағдайларда,  сондай-ақ  тауарлардың  әкелінгені  және  жанама 

салықтардың  төленгені  туралы  өтініш  ұсынылмаған  жағдайда  салық  органдарына  ұсынылмаған  деп 

саналады. 

Тауарлардың  әкелінгені  және  жанама  салықтардың  төленгені  туралы  өтініш  осы  Кодекстің 

584-

бабының  5-тармағында

  көрсетілген  жағдайларда,  сондай-ақ  импортталған  тауарлар  бойынша  жанама 

салықтар жөніндегі декларация табыс етілмеген жағдайда салық органдарына ұсынылмаған деп саналады. 

2011.21.07.  №  467-ІV  ҚР 

Заңымен

  (2011  жылғы  1  шілдеден  бастап  қолданысқа  енгізілді)  (

бұр.ред.қара

)

2011.05.07. № 452-IV ҚР 

Заңымен

  (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (

бұр.ред.қара

)

2014.29.09. № 239-V ҚР 

Заңымен

 (

бұр.ред.қара

) 7-тармақ өзгертілді; 2014.28.11. № 257-V ҚР 

Заңымен

 7-

тармақ жаңа редакцияда (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (

бұр.ред.қара

 

7.  Тауарларды  әкелу  және  жанама  салықтардың  төленгені  туралы  өтініште  салық  органдарының 



импортталған тауарлар бойынша қосылған құн салығын төлеу фактісін тиісті белгі қою арқылы растауы не 

растаудан уәжді бас тартуы уәкілетті орган көздеген жағдайларда және тәртіппен жүзеге асырылады. 

Қағаз жеткізгіште және электрондық нысанда табыс етілген өтініштер бойынша қосылған құн салығын 

төлеу фактісін растауды салық органы қағаз жеткізгіштегі өтініш келіп түскен күннен бастап он жұмыс күні 

ішінде осындай өтінішке тиісті белгі қою арқылы жүргізеді.  

Осы  баптың  3-2-тармағына  сәйкес  табыс  етілген  өтініштер  бойынша  қосылған  құн  салығын  төлеу 

фактісін растауды салық органы электрондық нысандағы өтініш келіп түскен күннен бастап он жұмыс күні 

ішінде  салық  төлеушіге  жанама  салықтардың  төлену  фактісін  растау  туралы  электрондық  нысанда 

хабарламаны жіберу арқылы жүргізеді. 

2014.28.11. № 257-V ҚР 

Заңымен

 8-тармақпен толықтырылды (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа 

енгізілді)

 

8.  Қағаз  жеткізгіште  және  электрондық  нысанда  табыс  етілген  өтініштер  бойынша  қосылған  құн 



салығын төлеу фактісін растаудан бас тартуды салық органы қағаз жеткізгіштегі өтініш келіп түскен күннен 

бастап  он  жұмыс  күні  ішінде  салық  қағаз  жеткізгіштегі  төлеушіге  уәжді  бас  тартуды  жіберу  арқылы 

жүргізеді.  

Осы  баптың  3-2-тармағына  сәйкес  табыс  етілген  өтініштер  бойынша  қосылған  құн  салығын  төлеу 

фактісін растаудан бас тартуды салық органы электрондық нысандағы өтініш келіп түскен күннен бастап он 

жұмыс күні ішінде салық төлеушіге электрондық нысандағы уәжді бас тартуды жіберу арқылы жүргізеді.  



2014.28.11. № 257-V ҚР 

Заңымен

 9-тармақпен толықтырылды (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа 

енгізілді)

 

9. Осы баптың 8-тармағында көрсетілген жағдайларда, салық төлеуші уәжді бас тартуды алған күннен 



бастап күнтізбелік он бес күн ішінде бұзушылықтарды жоя отырып, салық органына тауарларды әкелу және 

жанама салықтардың төленгені туралы өтінішті табыс етуге міндетті. 



2014.28.11. № 257-V ҚР 

Заңымен

 10-тармақпен толықтырылды (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа 

енгізілді)

 

10.  Осы  Кодекстің 



276-8-бабының  8-тармағына

  сәйкес  импортталған  тауарлардың  бағасы  ұлғаю 

жағына  өзгерген  жағдайда,  импортталған  тауарлар  бойынша  жанама  салықтар  жөніндегі  декларация  және 

тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтініш шартқа (келісімшартқа) қатысушылар 

импортталған  тауарлар  бағасын  өзгерткен  айдан  кейінгі  айдың  20-сынан  кешіктірілмей  қағаз  жеткізгіште 

және электрондық нысанда табыс етіледі. 

Бұл ретте импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі декларацияда және тауарларды 

әкелу  және  жанама  салықтардың  төленгені  туралы  өтініште  сатып  алынған  импортталған  тауарлардың 

өзгертілген құны көрсетіледі.  

Мыналар:  бағаны  өзгерту  туралы  шарт  (келісімшарт),  салық  салынатын  импорт  бойынша  және 

қосылған  құн  салығы  бойынша  өзгертілген  мән  қамтылған  қосымша  шот-фактура  (егер  шот-фактураны 

шығару  (жазып  беру)  Кеден  одағына  мүше  мемлекеттің  заңнамасында  көзделген  жағдайда)  және  (немесе) 

импортталған  тауарлар  бағасының  өзгергенін  растайтын  өзге  де  құжат  импортталған  тауарлар  бағасының 

ұлғайғанын растайтын құжаттар болып табылады. 

  

2012.26.12. № 61-V ҚР 

Заңымен

 276-21-бап өзгертілді (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) 

(

бұр.ред.қара

);  2014.28.11.  №  257-V  ҚР 

Заңымен

  276-21-бап  жаңа  редакцияда  (2015  ж.  1  қаңтардан 

бастап қолданысқа енгізілді) (

бұр.ред.қара

 

276-21-бап.  Кеден  одағында тауарлардың  экспорты кезінде  қосылған  құн  салығын  есептеу  және 



төлеу тәртібі 

1.  Егер  осы  бапта  өзгеше  белгіленбесе,  тауарлардың  Кеден  одағына  мүше  мемлекеттерге  экспорты 

немесе  алыс-беріс  шикізатын  қайта  өңдеу  бойынша  жұмыстарды  орындау  кезінде  қосылған  құн  салығын 

төлеуші  салық  органына  осы  Кодекстің 



270-бабында

  көзделген  қосылған  құн  салығы  жөніндегі 

декларациямен  бір  мезгілде  тауарларды  (оның  ішінде  алыс-беріс  шикізатын  қайта  өңдеу  өнімдерін) 

импорттаған Кеден одағына мүше мемлекеттің салық төлеушісінен алынған, тауарларды әкелу және жанама 

салықтардың  төленгені  туралы  қағаз  жеткізгіштегі  өтінішті  (өтініштерді),  сондай-ақ  қосылған  құн  салығы 

бойынша декларацияға қосымша болып табылатын көрсетілген өтініштердің тізбесін табыс етуге міндетті. 



Осы тармақта көрсетілген өтініш (өтініштер): 

1) тауарлардың экспорты кезінде оларды өткізу бойынша

2)  алыс-беріс  шикізатын  қайта  өңдеу  бойынша  жұмыстар  орындалған  жағдайда,  жұмыстарды, 

көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша айналым жасалған күннен бастап күнтізбелік бір жүз сексен күн 

ішінде салық органына табыс етіледі.  

2.  Салық  төлеушісі  тауарларды  импорттаған  Кеден  одағына  мүше  мемлекеттің  салық  органына 

тауарларды  әкелу  және  жанама  салықтардың  төленгені  туралы  өтініш  электрондық  нысанда  ғана  табыс 

етілген жағдайда, Қазақстан Республикасының салық органы тауарлар экспортын жүзеге асырған Қазақстан 

Республикасының салық төлеушісіне осындай өтінішті алғаны туралы хабарлама жібереді. 

Осы тармақта көрсетілген хабарлама осындай өтініш келіп түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде 

уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша жіберіледі. 

Бұл ретте осы баптың 1-тармағында көрсетілген тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені 

туралы өтініш (өтініштер) салық органына қағаз жеткізгіште табыс етілмейді. 

3. Тауарларды әкелу және  жанама  салықтардың төленгені туралы  өтініш  Қазақстан Республикасының 

салық  органына  осы  баптың  1-тармағында  көзделген  мерзімде  қағаз  жеткізгіште  табыс  етілмеген  не 

электрондық нысанда келіп түспеген кезде қосылған құн салығын төлеуші осы Кодекстің 



Каталог: upload -> medialibrary
upload -> Нұржан Қуантайұлы алаш Орда баспасөзі және жүсіпбек аймауытұЛЫ
upload -> Жансүгіров атындағы жму хабаршысы №4 /2012
upload -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
upload -> Л т т ы о а м д ы – с а я с и ж у р н а л журнал 1976 жылы Халықтар Достығы орденімен, 2002 жылы Қазақстан Журналистика Академиясының «Алтын Жұлдыз», 2008 жылы Қазақстан Журналистер Одағының сыйлығымен марапатталды
medialibrary -> «Мұнайшы» қоғамдық қоры
medialibrary -> Сақтау мерзімдерін көрсете отырып, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар қызметінде жасалатын үлгілік құжаттар тізбесін бекіту туралы
medialibrary -> Сақтау мерзімдерін көрсете отырып, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар қызметінде жасалатын үлгілік құжаттар тізбесін бекіту туралы

жүктеу 13.83 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   126




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет