Кодексі салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы



жүктеу 13.83 Mb.
Pdf просмотр
бет66/126
Дата28.04.2017
өлшемі13.83 Mb.
түріКодекс
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   126

7-тармағында

  көрсетілген  сомалар  осы  Кодекстің 



603-бабының  4-тармағында

 

көрсетілген  мөлшерде  салық  төлеушінің  осы  сомаларды  аударған  күнінен  бастап  әр  күн  үшін  өсімпұл 



есептен шығарыла отырып бюджетке төленуге жатады.  

  

2015.03.12.  №  432-V  ҚР 

Заңымен

  Кодекс  273-1-баппен  толықтырылды  (2016  ж.  1  қаңтардан  бастап 

қолданысқа енгізілді)

 

273-1-бап. Жекелеген жағдайларда қосылған құн салығының асып кетуін қайтару ерекшеліктері 

1.  Егер  қосылған  құн  салығының  асып  кетуі  салық  төлеуші  Қазақстан  Республикасының  аумағында 

алғаш  рет  пайдалануға  берілетін  өндірістік  мақсаттағы  ғимараттар  мен  құрылыстарды  салуға  байланысты 

сатып  алған  тауарлар,  жұмыстар,  көрсетілетін  қызметтер  бойынша  қалыптасса,  мұндай  салық  төлеушіге 

құрылыс  кезеңінде  қалыптасқан  қосылған  құн  салығының  асып  кеткен  сомасын  қайтару  осы  баптың  3-

тармағында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде жүзеге асырылады. 

Осы баптың мақсаттары үшін өндірістік мақсаттағы ғимараттарға: 

1) өнеркәсіптік ғимараттар мен қоймалар; 

2) көлік, байланыс және коммуникациялар ғимараттары; 

3) тұрғын үй емес ауыл шаруашылығы ғимараттары жатқызылады. 

Осы  баптың  мақсаттары  үшін  өндірістік  мақсаттағы  құрылыстарға,  спорт  пен  демалыс  орындарына, 

әкімшілік  мақсаттарға,  автомобильдер  қоюға  немесе  орынтұрағына  арналған,  сондай-ақ  мәдени-көңіл 

көтеру, қонақ үй, мейрамхана мақсаттарындағы құрылыстардан басқа құрылыстар жатқызылады. 

Өндірістік мақсаттағы ғимараттар мен құрылыстарды осы тармақтың екінші және үшінші бөліктерінде 

көрсетілген  ғимараттар  мен  құрылыстарға  жатқызу  техникалық  реттеу  саласындағы  мемлекеттік  уәкілетті 

орган белгілеген сыныптамаға сәйкес жүргізіледі. 


Осы  тармақтың  бірінші  бөлігінің  ережелері  Қазақстан  Республикасының  заңнамасына  сәйкес  «толық 

аяқталған» құрылыс кезінде де қолданылады. 

Бұл  ретте  құрылыс  кезеңі  деп  құрылыстың  басталуы  мен  ғимараттарды,  құрылыстарды  пайдалануға 

беру күні арасындағы уақыт кезеңі түсініледі. 

Осы баптың мақсаттары үшін мына күндердің ең ерте күні: 

1) құрылысты жүзеге асыруға келісімшарт (шарт) жасасқан күн; 

2)  жобалау  жұмыстарын  жүзеге  асыруға  келісімшарт  (шарт)  жасасқан  күн  құрылыстың  басталуы  деп 

танылады. 

Осы тармақтың ережелері бір мезгілде мынадай шарттар сақталған кезде: 

1)  салық  төлеуші  қызметін  арнайы  экономикалық  аймақтың  аумағында  жүзеге  асыратын  немесе 

инвестициялық басым жобаны іске асыратын жаңадан құрылған ұйым болып табылса;  

2)  құрылыс  осы  Кодекстің 



130-1-бабының  1-тармағында

  көрсетілген  ұзақ  мерзімді  келісімшарттың 

негізінде жүзеге асырылса; 

3) ғимараттар, құрылыстар негізгі құралдар деп танылса; 

4) ғимараттар, құрылыстар пайдалануға қабылданса, қолданылады. 

Осы  тармақта  көзделген  қосылған  құн  салығының  асып  кетуін  қайтару  туралы  талап  ғимараттар, 

құрылыстар  пайдалануға  берілген  салық  кезеңінен  кейінгі  салық  кезеңдері  үшін  қосылған  құн  салығы 

бойынша кезекті декларацияда осы Кодекстің 



46-бабының

 ережелері ескеріле отырып көрсетіледі. 

2. Егер қосылған  құн салығының асып  кетуі салық  төлеуші  геологиялық барлау  жұмыстарын жүргізу 

мен  кен  орнын  жайластыру  кезеңінде  сатып  алған  тауарлар,  жұмыстар,  көрсетілетін  қызметтер  бойынша 

қалыптасса,  мұндай  қосылған  құн  салығының  асып  кеткен  сомасын  қайтару  осы  баптың  3-тармағында 

белгіленген тәртіппен және мерзімдерде жүзеге асырылады. 

Бұл ретте геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу мен кен орнын жайластыру кезеңі деп кең таралған 

пайдалы  қазбаларды,  жерасты  суларын  және  емдік  балшықтарды  қоспағанда,  Қазақстан Республикасының 

заңнамасында айқындалған тәртіппен жер қойнауын пайдалануға арналған тиісті келісімшарт жасасқан күн 

мен  жер  қойнауын  пайдалануға  арналған  тиісті  келісімшарт  шеңберінде  өндірілген  пайдалы  қазбалардың 

экспорты басталған күн арасындағы уақыт кезеңі түсініледі. 

Осы  тармақтың  ережесі  қызметін  Қазақстан  Республикасының  заңнамасында  айқындалған  тәртіппен 

жасалған  жер  қойнауын  пайдалануға  арналған  келісімшарт  (кең  таралған  пайдалы  қазбаларды,  жерасты 

суларын және емдік балшықтарды барлауға және (немесе) өндіруге арналған келісімшарттарды қоспағанда) 

шеңберінде жүзеге асыратын салық төлеушілерге қатысты қолданылады. 

Салық  төлеуші  осы  тармақтың  бірінші  абзацында  көрсетілген  қосылған  құн  салығының  асып  кетуін 

қайтару  туралы  талапты,  кең  таралған  пайдалы  қазбаларды,  жерасты  суларын  және  емдік  балшықтарды 

қоспағанда,  жер  қойнауын  пайдалануға  арналған  тиісті  келісімшарт  шеңберінде  өндірілген  пайдалы 

қазбалардың экспорты басталған күнге тура келетін салық кезеңінен кейінгі салық кезеңдері үшін қосылған 

құн салығы бойынша кезекті декларацияда осы Кодекстің 



46-бабының

 ережелерін ескере отырып көрсетеді. 

3.  Осы  баптың  1  және  2-тармақтарында  көрсетілген  қосылған  құн  салығының  асып  кетуін  қайтару 

қосылған  құн  салығының  қайтаруға  ұсынылған  жинақталған  асып  кеткен  сомасының  анықтығы  расталған 

салық кезеңінен бастап теңдей үлестермен жиырма салық кезеңі ішінде жүзеге асырылады. 

4. Осы баптың ережелері қайтарылуы осы Кодекстің 



272-бабына

 сәйкес жүзеге асырылатын қосылған 

құн салығының асып кеткен сомасына, сондай-ақ қосылған құн салығының асып кетуін қайтарған кезде осы 

Кодекстің 



274-бабында

 көзделген қосылған құн салығының асып кетуін қайтарудың оңайлатылған тәртібін 

қолдануға құқығы бар салық төлеушілерге қолданылмайды. 

  

274-бапҚосылған құн салығының асып кеткен сомасын қайтарудың оңайлатылған тәртібі 

1.  Қосылған  құн  салығының  асып  кеткен  сомасын  қайтарудың  оңайлатылған  тәртібі  алдын-ала 

салықтық тексеру жүргізбей қосылған құн салығын қайтаруды жүзеге асыру болып табылады. 

2. Қосылған құн салығының асып кеткен сомасын қайтару туралы  талапты  көрсете отырып, қосылған 

құн салығы жөніндегі декларацияны табыс еткен:  



2012.26.12.  №  61-V  ҚР 

Заңымен___1)_тармақша_өзгертілді_(2013_ж._1_қаңтардан_бастап_қолданысқа___енгізілді)_(__бұр.ред.қара'>Заңымен

  1)  тармақша  өзгертілді  (2013  ж.  1  қаңтардан  бастап  қолданысқа 

енгізілді)  (

бұр.ред.қара

);  2014.28.11.  №  257-V  ҚР 

Заңымен

  1)  тармақша  жаңа  редакцияда  (2015  ж.  1 

қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (

бұр.ред.қара

 

1) 



ірі  салық  төлеуші

  мониторингінде  кемінде  қатарынан  он  екі  ай  тұрған  және  қосылған  құн 

салығының асып кеткен сомасын қайтару туралы талапты көрсете отырып, қосылған құн салығы бойынша 

декларацияны  табыс  ететін  күнге  салық  есептілігін  табыс  ету  бойынша  орындалмаған  салық  міндеттемесі 

жоқ  қосылған  құн  салығын  төлеушілердің  қосылған  құн  салығының  асып  кеткен  сомасын  қайтарудың 

оңайлатылған тәртібін қолдануға құқығы бар.  

Мониторингке  жататын,  осы  тармақшада  көзделген  талаптарға  сай  келетін  ірі  салық  төлеуші  бөліну, 

бөлініп  шығу,  қайта  құру  жолымен  қайта  ұйымдастырылған  кезде,  қосылған  құн  салығының  асып  кетуін 

қайтарудың оңайлатылған тәртібін қолдану құқығы қайта ұйымдастырылатын тұлғаның құқық мирасқорына 

(құқық мирасқорларына) өтеді. 

Егер  осы  тармақшада  өзгеше  белгіленбесе,  мониторингке  жататын,  осы  тармақшада  көзделген 

талаптарға сай келетін ірі салық төлеуші бірігу немесе қосылу жолымен қайта ұйымдастырылған кезде, егер 



бірігу немесе қосылу жолымен қайта ұйымдастырылатын барлық заңды тұлғалар қайта ұйымдастырылғанға 

дейін мониторингке  жататын ірі салық  төлеуші  болып  табылған  жағдайда,  қосылған құн салығының асып 

кеткен сомасын қайтарудың оңайлатылған тәртібін қолдану құқығы құқық мирасқорына өтеді. 

Мониторингке жататын ірі салық төлеуші - заңды тұлға Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешіміне 

сәйкес  бірігу  немесе  қосылу  арқылы  қайта  ұйымдастырылған  кезде  қосылған  құн  салығының  асып  кетуін 

қайтарудың оңайлатылған тәртібін қолдану құқығы құқық мирасқорына өтеді.  

Осы тармақшаның төртінші бөлігінің ережелері мына шарттар бір мезгілде сақталған кезде:  

бірігу  және  (немесе)  қосылу  жолымен  қайта  ұйымдастырылатын  заңды  тұлғалардың  біреуі 

мониторингке  жататын  ірі  салық  төлеуші  болса  және  осы  тармақшаның  бірінші  бөлігінде  көзделген 

талаптарға сәйкес келсе; 

бірігу  немесе  қосылу  жолымен  қайта  ұйымдастырылатын  заңды  тұлғалардың  бірінің  акцияларының 

бақылау пакеті қайта ұйымдастырылу күні ұлттық басқарушы холдингке тиесілі болса, қолданылады. 

Осы тармақшаның екінші, үшінші және төртінші бөліктерінде көрсетілген құқық мирасқорына (құқық 

мирасқорларына) қатысты қосылған құн салығының асып кетуін қайтарудың оңайлатылған тәртібін қолдану 

құқығы  мониторингке  жататын  ірі  салық  төлеушілердің  жаңа  тізбесі  қолданысқа  енгізілгенге  дейін 

қолданылады. 

Бұл  ретте  есепті  салық  кезеңінде  қалыптасқан  қосылған  құн  салығының  асып  кету  сомасының  70 

пайызынан аспайтын мөлшердегі қосылған құн салығының асып кетуі оңайлатылған тәртіппен қайтарылуға 

жатады; 

2011.19.01. № 395-IV ҚР 

Заңымен___3)_тармақша_жаңа_редакцияда_(__бұр.ред.қара___)__3)'>Заңымен'>Заңымен

  1-1)  тармақшамен  толықтырылды  (2011  жылғы  1  қаңтардан  бастап 

қолданысқа енгізілді)

 

1-1)  қосылған  құн  салығының  асып  кеткен  сомасын  қайтару  туралы  талап  көрсетiлген,  қосылған  құн 



салығы жөніндегі декларацияны табыс ету күнi салық есептілігiн табыс ету бойынша орындалмаған салық 

мiндеттемелерi  жоқ,  осы  Кодекстiң 



135-1-бабының  1-тармағында

  айқындалған  дербес  білім  беру 

ұйымдарының қосылған құн салығының асып кеткен сомасын қайтарудың оңайлатылған тәртібін қолдануға 

құқығы бар; 

2) 2014.28.11. № 257-V ҚР 

Заңымен

 алып тасталды 



(2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) 

(

бұр.ред.қара

 

2008.10.12   №  100-IV  ҚР  Заңның 



48-бабына

  сәйкес  274-баптың  2-тармағының  3)  тармақшасының 

қолданылуы 2022 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатылды 

 

2014.28.11. № 257-V ҚР 



Заңымен

 3) тармақша жаңа редакцияда (

бұр.ред.қара

 

3) 



тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану нәтижесінде

 осы бапта көзделген оңайлатылған тәртіпті 

қолдануға  құқығы  жоқ  төлеушілер  санатына  жатқызылмаған  тұлғалардың  қосылған  құн 

салығының асып кеткен сомасын қайтарудың оңайлатылған тәртiбiн қолдануға құқығы бар. 

3.  Оңайлатылған  тәртіппен  қосылған  құн  салығының  асып  кеткен  сомасын  қайтару  мынадай 

мерзімдерде: 

2011.19.01. № 395-IV ҚР 

Заңымен

 1) тармақша өзгертілді (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа 

енгізілді) (

бұр.ред.қара

)

 

1)  осы  баптың  2-тармағының  1)  және  1-1)  тармақшаларында  аталған  қосылған  құн  салығын 



төлеушілерге  -  салық  кезеңі  ішінде  қосылған  құн  салығының  асып  кеткен  сомасын  қайтару  туралы  талап 

көрсетілген  қосылған  құн  салығы  жөніндегі  декларацияны  салық  органына  табыс  ету  үшін  осы  Кодексте 

(ұзарту кезеңін ескере отырып) белгіленген соңғы күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде; 

2) 2014.28.11. № 257-V ҚР 



Заңымен

 алып тасталды 



(2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) 

(

бұр.ред.қара

 

3) осы баптың 



2-тармағының 3) тармақшасында

 аталған қосылған құн салығын төлеушілерге - салық 

кезеңі  ішінде  қосылған  құн  салығының  асып  кеткен  сомасын  қайтару  туралы  талап  көрсетілген  қосылған 

құн  салығы  жөніндегі  декларация  салық  органына  табыс  етілген  күннен  бастап  отыз  жұмыс  күні  ішінде 

жүргізіледі. 

  

275-бап.  Грант  қаражаттары  есебінен  сатып  алынған  тауарлар,  жұмыстар,  қызмет  көрсетулер 



бойынша төленген қосылған құн салығын қайтару  

1. Грант қаражаттары есебінен сатып алынған тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулер бойынша: 

1)  грант  алушыға  -  Қазақстан  Республикасының  грант  беру  туралы  халықаралық  шартына  сәйкес 

бенефициар болып табылатын мемлекеттік органға, егер Қазақстан Республикасының аталған халықаралық 

шартында өзгеше көзделмесе, орындаушыны тағайындаушыға; 

2)  орындаушыға  -  грантты  іске  асыру  үшін  грант  алушы  болып  тағайындалған  тұлғаға  (бұдан  әрі  - 

орындаушы) төленген қосылған құн салығын қайтару жүргізіледі. 

2.  Осы  баптың  1-тармағында  көзделген,  грант  қаражаты  есебінен  сатып  алынған  тауарларды, 

жұмыстарды,  қызмет  көрсетулерді  ұсынушыларға  төленген  қосылған  құн  салығын  қайтаруды  салық 

органдары, егер бір мезгілде мынадай шарттар сақталса:  

1) грант қаражаты есебінен тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулер сатып алынған грант мемлекеттер, 

мемлекеттердің үкіметтері, халықаралық ұйымдар желісі бойынша берілсе;  



2)  грант  тек  қана  тауарларды,  жұмыстарды,  қызмет  көрсетулерді  өткізу  үшін  беріліп,  олар  сол 

мақсаттарда ғана сатып алынса;  

3) тауарларды өткізу, жұмыстарды орындау, қызмет көрсетулер грант алушымен не грант мақсаттарын 

жүзеге  асыру  үшін  грант  алушы  тағайындаған  орындаушымен  жасалған  шартқа  (келісімшартқа)  сәйкес 

жүзеге  асырылса,  грант  қаражаттары  есебінен  сатып  алынатын  тауарлар,  жұмыстар,  қызмет  көрсетулер 

бойынша  төленген қосылған құн салығын қайтару  туралы 



салықтық өтініш

  берілген  күннен  бастап  отыз 

жұмыс күні ішінде қайтарады.  

3.  Осы  бапқа  сәйкес  қосылған  құн  салығын  қайтару  грант  алушыларға  немесе  орындаушыларға  осы 

Кодекстің 

599,

 

604-баптарында

 көзделген тәртіппен, қосылған құн салығының грант қаражаттары есебінен 

төленгенін растайтын құжаттар негізінде жүргізіледі.  

4. Осы бапқа сәйкес қосылған құн салығын қайтару үшін грант қаражаттары есебінен сатып алынатын 

тауарлар,  жұмыстар,  қызмет  көрсетулер  бойынша  төленген  қосылған  құн  салығын  қайтару  туралы 



салықтық  өтінішке

  қоса  грант  алушы  немесе  орындаушы  орналасқан  жері  бойынша  салық  органына 

мынадай құжаттарды:  

1)  Қазақстан  Республикасы  мен  шет  мемлекет,  шет  мемлекет  үкіметі  не  Қазақстан  Республикасының 

Үкіметі бекіткен тізбеге енгізілген халықаралық ұйым арасындағы грант беру туралы шарттың көшірмесін; 

2) грант алушы не орындаушы тауарларды,  жұмыстарды, қызмет көрсетулерді ұсынушымен жасасқан 

шарттың (келісімшарттың) көшірмесін; 

3) қосылған құн салығын қайтару туралы салықтық өтінішпен жүгінуі кезінде оның орындаушы ретінде 

тағайындалуын растайтын құжаттың көшірмесін; 

4)  тауарлардың,  жұмыстардың,  қызмет  көрсетулердің  тиеп  жөнелтілгенін  және  алынғанын  растайтын 

құжаттарды; 

5)  қосылған  құн  салығының  сомасын  бөлек  жазып  көрсете  отырып,  қосылған  құн  салығын  төлеуші 

болып табылатын ұсынушы жазып берген шот-фактураны

6) жүкқұжатын, тауар-көлік жүкқұжатын; 

7)  грант  алушының  немесе  орындаушының  материалдық  жауапты  адамының  тауарды  алғанын 

растайтын құжатты; 

8)  белгіленген  тәртіппен  ресімделген,  грант  алушы  немесе  орындаушы  орындаған  және  қабылдаған 

тауарлардың, жұмыстар мен қызмет көрсетулердің актілерін; 

9)  тауарларды,  жұмыстарды,  қызмет  көрсетулерді  алғаны  үшін  ақының  төленгенін,  оның  ішінде 

қосылған құн салығының төленгенін растайтын құжаттарды табыс етеді. 

Осы  бапта  көзделген  қосылған  құн  салығын  қайтаруды  қосылған  құн  салығын  төлеуші  болып 

табылмайтын грант алушы немесе орындаушы да жүргізеді. 

  

2010.30.06.  №  297-ІV  ҚР 

Заңымен___276-баптың_тақырыбы_өзгертілді_(2010_ж._1_шілдеден_бастап___қолданысқа_енгізілді)_(__бұр.ред.қара'>Заңымен

  276-баптың  тақырыбы  өзгертілді  (2010  ж.  1  шілдеден  бастап 

қолданысқа енгізілді) (

бұр.ред.қара

 

276-бап. Қазақстан Республикасында аккредиттелген дипломатиялық және оларға теңестірілген 



шет  мемлекеттердің  өкілдіктеріне,  шет  мемлекеттердің  консулдық  мекемелеріне  және 

олардың персоналына қосылған құн салығын қайтару 

2010.30.06. № 297-ІV ҚР 

Заңымен

  1-тармақ  өзгертілді  (2010  ж.  1  шілдеден  бастап  қолданысқа  енгізілді) 

(

бұр.ред.қара

 

1.  Қазақстан  Республикасында  аккредиттелген  дипломатиялық  және  оларға  теңестірілген  шет 



мемлекеттердің  өкілдіктеріне,  шет  мемлекеттердің  консулдық  мекемелеріне  (бұдан  әрі  -  өкілдіктер)  және 

дипломатиялық,  осы  өкілдіктердің  әкімшілік-техникалық  персоналына  жататын  адамдарға  (бұдан  әрі  - 

персонал),  олармен  бірге  тұратын  отбасы  мүшелерін  қоса  алғанда,  консулдық  лауазымды  адамдар, 

консулдық  қызметшілер  -  олармен  бірге  тұратын  отбасы  мүшелерін  қоса  алғанда,  Қазақстан 

Республикасының  аумағында  сатып  алған  тауарлар,  орындалған  жұмыстар,  қызмет  көрсетулер  үшін 

қосылған құн салығын қайтару, егер осындай қайтару Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын 

халықаралық  шарттарда  немесе  қосылған  құн  салығы  бойынша  жеңілдіктер  беру  кезінде  өзара  түсіністік 

принципін растайтын құжаттарда көзделген болса, жүргізіледі. 

Қосылған құн салығын қайтаруды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі бекіткен тізбеге 

енгізілген өкілдіктердің орналасқан жері бойынша салық органы жүзеге асырады. 

2.  Өзара  түсіністік  принципі  негізінде,  бірқатар  өкілдіктерге  қатысты  қосылған  құн  салығын 

қайтарудың мөлшері мен шарттары бойынша шектеулер белгіленуі мүмкін. 

Қосылған  құн  салығын  қайтару  бойынша  шектеулер  белгіленетін  өкілдіктердің 

тізбесін

  Қазақстан 

Республикасы Сыртқы істер министрлігі уәкілетті органның келісімі бойынша бекітеді.  

2009.16.11. № 200-ІV ҚР 

Заңымен___5-тармақ_жаңа_редакцияда_(2014_ж._1_қаңтардан_бастап_қолданысқа___енгізілді)_(__бұр.ред.қара'>Заңымен

 3-тармақ өзгертілді (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) 

(бұр.

ред

.қара)

 

3.  Егер  осы  баптың 



2-тармағында

  өзгеше  белгіленбесе,  қосылған  құн  салығын  қоса  алғанда,  осы 

Кодексте  белгіленген  тәртіппен  жазып  берілген  әрбір  жеке  шот-фактурада  және  төлеу  фактісін  растайтын 

құжаттарда  сатып  алынған  тауарлардың,  орындалған  жұмыстардың,  көрсетілген  қызметтердің  сомасы 

республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және шот-фактураны жазып беру күнi қолданыста болған 


айлық есептік көрсеткіштің 8 еселенген мөлшерін құраған және одан асып түскен жағдайларда, өкілдіктерге 

қосылған құн салығы қайтарылады.  

Осы  тармақта  белгіленген  шектеулер  байланыс,  электр  энергиясы,  су,  газ  және  өзге  де  коммуналдық 

қызмет көрсетулерді төлеуге қолданылмайды. 



2013.05.12. № 152-V ҚР 

Заңымен

 4-тармақ өзгертілді (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) 

(

бұр.ред.қара

 

4. Салық органдары өкілдіктер жасаған 



жиынтық ведомостардың (тізілімдердің)

 және қосылған құн 

салығының  төленгенін  растайтын  құжаттар  (осы  Кодексте  белгіленген  тәртіппен  жазып  берілген  шот-

фактуралар, төлеу фактісін растайтын құжаттар) көшірмелерінің негізінде қосылған құн салығын қайтаруды 

жүзеге асырады. 

Өкілдіктер персоналының мүшелеріне қатысты Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі 

берген аккредитттеу құжаттарының көшірмелері қосымша табыс етіледі. 

Өкілдіктер есепті тоқсан ішінде сатып алынған тауарлар, орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер 

бойынша жиынтық ведомостарды (тізілімдерді) уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша қағаз жеткізгіште 

тоқсан  сайын  жасайды,  мөрмен  куәландырылады  және  оған  басшы  не  өкілдіктің  соған  уәкілеттік  берген 

лауазымды адамы қол қояды. 

Өкілдіктер  жасаған  жиынтық  ведомостар  (тізілімдер)  қосылған  құн  салығының  төленгенін  растайтын 

құжаттардың  (осы  Кодексте  белгіленген  тәртіппен  жазып  берілген  шот-фактуралардың,  төлеу  фактісін 

растайтын  құжаттардың)  көшірмелерімен  қоса  есепті  тоқсаннан  кейінгі  айдың  ішінде,  өкілдік  персоналы 

мүшесінің  (мүшелерінің)  Қазақстан  Республикасында  болу  мерзімінің  аяқталу  жағдайларын  қоспағанда, 

Қазақстан  Республикасы  Сыртқы  істер  министрлігінің  дипломатиялық  өкілдіктермен  жұмыс  жөніндегі 

ұйымына беріледі. 

2013.05.12.  №  152-V  ҚР 

Заңымен

  5-тармақ  жаңа  редакцияда  (2014  ж.  1  қаңтардан  бастап  қолданысқа 

енгізілді) (

бұр.ред.қара

 

5. Өзара түсіністік қағидаты расталғаннан кейін Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің 



дипломатиялық өкілдіктермен жұмыс жөніндегі ұйымы Қазақстан Республикасында тіркелген өкілдіктердің 

орналасқан  жері  бойынша  салық  органына  қосылған  құн  салығының  төленгенін  растайтын  құжаттардың 

(осы Кодексте белгіленген тәртіппен жазылған шот-фактуралардың, төлеу фактісін растайтын құжаттардың) 

көшірмелерімен қоса жиынтық ведомостарды (тізілімдерді) ілеспе құжатпен бірге береді. 



2013.05.12.  №  152-V  ҚР 

Заңымен

  6-тармақ  жаңа  редакцияда  (2014  ж.  1  қаңтардан  бастап  қолданысқа 

енгізілді) (

бұр.ред.қара

 

6.  Өкілдіктерге  қосылған  құн  салығын  қайтаруды  салық  органдары  Қазақстан  Республикасы  Сыртқы 



істер министрлігінің дипломатиялық өкілдіктермен жұмыс жөніндегі ұйымынан жазбаша хабарламасы бар 

жиынтық  ведомостарды  (тізілімдерді)  және  қосылған  құн  салығының  төленгенін  растайтын  құжаттарды 

алғаннан кейін отыз жұмыс күні ішінде жүзеге асырады. 

Салық  органдары  жиынтық  ведомостарды  (тізілімдерді)  және  қосылған  құн  салығының  төленгенін 

растайтын  құжаттардың  көшірмелерін  тексергеннен  кейін  Қазақстан  Республикасы  Сыртқы  істер 

министрлігінің  дипломатиялық  өкілдіктермен  жұмыс  жөніндегі  ұйымына  қосылған  құн  салығын  қайтару 

және (немесе) қайтарудан бас тарту туралы хабарлайды.  

Қосылған  құн  салығының  сомаларын  қайтарудан  бас  тартылған  жағдайда,  салық  органдары  қандай 

бұзушылықтар жіберілгенін және оларға қандай құжаттар бойынша жол берілгенін хабарлайды. 

2009.16.11. № 200-ІV ҚР 


Каталог: upload -> medialibrary
upload -> Нұржан Қуантайұлы алаш Орда баспасөзі және жүсіпбек аймауытұЛЫ
upload -> Жансүгіров атындағы жму хабаршысы №4 /2012
upload -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
upload -> Л т т ы о а м д ы – с а я с и ж у р н а л журнал 1976 жылы Халықтар Достығы орденімен, 2002 жылы Қазақстан Журналистика Академиясының «Алтын Жұлдыз», 2008 жылы Қазақстан Журналистер Одағының сыйлығымен марапатталды
medialibrary -> «Мұнайшы» қоғамдық қоры
medialibrary -> Сақтау мерзімдерін көрсете отырып, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар қызметінде жасалатын үлгілік құжаттар тізбесін бекіту туралы
medialibrary -> Сақтау мерзімдерін көрсете отырып, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар қызметінде жасалатын үлгілік құжаттар тізбесін бекіту туралы

жүктеу 13.83 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   126




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет