Кодексі салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы



жүктеу 13.83 Mb.
Pdf просмотр
бет35/126
Дата28.04.2017
өлшемі13.83 Mb.
түріКодекс
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   126

152-2-бабының  1-тармағын

  қолдану  үшін  белгіленген 

мерзімде қолданылады. 

3.  Инвестициялық  стратегиялық  жобаны  іске  асыруға  арналған  инвестициялық  келісімшарттың 

қолданылуын  мерзімінен  бұрын  тоқтату  жағдайлары  Қазақстан  Республикасының  инвестициялар 

саласындағы заңнамасына сәйкес айқындалады.  

4.  Инвестициялық  стратегиялық  жобаны  іске  асыруға  арналған  инвестициялық  келісімшарттың 

қолданылуы  мерзімінен  бұрын  тоқтатылған  жағдайда  салықтар  бойынша  преференциялар  және  Қазақстан 

Республикасы салық заңнамасының тұрақтылығына кепілдік  беру инвестициялық стратегиялық жоба үшін 

инвестициялық  преференцияларды  көздейтін,  көрсетілген  инвестициялық  келісімшартқа  қосымша  келісім 

жасасқан күннен бастап күшін жояды. 

Инвестициялық  стратегиялық  жобаны  іске  асыруға  арналған  инвестициялық  келісімшарт  мерзімінен 

бұрын  тоқтатылған  кезде  салық  төлеуші  инвестициялық  келісімшарт  бұзылған  күннен  бастап  күнтізбелік 

отыз  күннен  кешіктірмей,  осы  инвестициялық  келісімшарт  жасалған  күннен  бастап  оның  бұзылған  күнін 

қоса  алғанда,  салық  кезеңдері  үшін  бюджетке  төленуге  жататын  салықтар  сомасын  ұлғайтуды  көздейтін 

қосымша салық есептілігін ұсынуға міндетті. 

  

152-4-бап. Инвестициялық стратегиялық жобаны іске асыратын ұйымға салық салу 

1.  Инвестициялық  стратегиялық  жобаны  іске  асыратын  және  арнаулы  салық  режимін  қолданбайтын 

ұйым: 

1) инвестициялық стратегиялық жоба шеңберінде жүзеге асырылатын қызметтен түсетін, осы Кодекстің 



139-бабына

 сәйкес есептелген корпоративтік табыс салығын 100 пайызға азайтады; 

2)  инвестициялық  стратегиялық  жоба  шеңберінде  жүзеге  асырылатын  қызметте  пайдаланылатын 

тіркелген  активтер  топтарының  (кіші  топтарының)  құндық  баланстары  бойынша  амортизациялық 

аударымдарды  осы  Кодекстің 

120-бабының  2-тармағында

  белгіленген,  амортизацияның  шекті 

нормаларының  кемінде  50  пайызы  мөлшерінде  амортизация  нормаларын  салық  кезеңінің  соңында 

топтардың (кіші топтардың) осындай құндық баланстарына қолдану арқылы айқындайды. 

Осы тармақтың ережелері инвестициялық стратегиялық жобаны іске асыруды көздейтін инвестициялық 

келісімшартқа  қосымша  келісімде  корпоративтік  табыс  салығын  100  пайызға  азайту  көзделген  жағдайда 

қолданылады. 

Осы тармақтың қолданылуының шекті мерзімі: 

1)  инвестициялық  стратегиялық  жоба  үшін  инвестициялық  преференцияларды  көздейтін 

инвестициялық келісімшартқа қосымша келісім жасалған жылдың 1 қаңтарынан басталады; 

2)  инвестициялық  стратегиялық  жоба  үшін  инвестициялық  преференцияларды  көздейтін 

инвестициялық  келісімшартқа  қосымша  келісім  жасалған  жылдан  кейінгі  жылдың  1  қаңтарынан  бастап 

есептелетін қатарынан он жылдан кешіктірілмей аяқталады. 

2. Инвестициялық стратегиялық жобаны іске асыратын ұйым инвестициялық стратегиялық жобаны іске 

асыру  үшін  пайдаланатын  жер  учаскелері  бойынша  жер  салығын  есептеу  кезінде  жер  салығының  тиісті 

мөлшерлемелеріне 0 коэффициентін қолданады. 

Осы тармақтың ережелері инвестициялық стратегиялық жобаны іске асыруға арналған инвестициялық 

келісімшартта  жер  салығының  мөлшерлемелеріне  0  коэффициентін  қолдану  көзделген  жағдайда 

қолданылады. 

Осы тармақтың қолданылуының шекті мерзімі: 



1)  инвестициялық  стратегиялық  жобаны  іске  асыруға  арналған  инвестициялық  келісімшарт  жасалған 

айдың 1 күнінен басталады; 

2)  инвестициялық  стратегиялық  жобаны  іске  асыруға  арналған  инвестициялық  келісімшарт  жасалған 

жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап есептелетін қатарынан жеті жылдан кешіктірілмей аяқталады. 

Осы  тармақтың  бірінші  бөлігінің  ережелері  инвестициялық  стратегиялық  жобаны  іске  асыру  үшін 

пайдаланылатын жер учаскесін, немесе оның бөліктерін (ондағы үйлермен, ғимараттармен, құрылыстармен 

бірге  не  оларсыз)  мүліктік  жалдауға  (жалға),  өзге  де  негіздерде  пайдалануға  берілген  жағдайларда 

қолданылмайды. 

3.  Инвестициялық  стратегиялық  жобаны  іске  асыратын  ұйым  Қазақстан  Республикасының  аумағында 

пайдалануға  алғаш  рет берілген объектілер бойынша мүлік салығын салық базасына  0  пайыз мөлшерлеме 

бойынша есептейді. 

Осы тармақтың ережелері: 

1)  халықаралық  қаржылық  есептілік  стандарттарына  және  Қазақстан  Республикасының  бухгалтерлік 

есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес негізгі құралдар құрамында есепке 

алынатын  және  Қазақстан  Республикасының  инвестициялар  саласындағы  заңнамасына  сәйкес  жасалған 

инвестициялық стратегиялық жобаны іске асыруға арналған инвестициялық келісімшартқа қосымша болып 

табылатын жұмыс бағдарламасында көзделген активтерге қатысты қолданылады; 

2)  инвестициялық  стратегиялық  жобаны  іске  асыруға  арналған  инвестициялық  келісімшартта  мүлік 

салығын салық базасына 0 пайыз мөлшерлеме бойынша есептеу көзделген жағдайда қолданылады. 

Осы тармақтың қолданылуының шекті мерзімі: 

1)  бірінші  актив  халықаралық  қаржылық  есептілік  стандарттарына  және  Қазақстан  Республикасының 

бухгалтерлік  есеп  пен  қаржылық  есептілік  туралы 



заңнамасының

  талаптарына  сәйкес  негізгі  құралдар 

құрамында есепке алынған айдың 1 күнінен басталады; 

2)  бірінші  актив  халықаралық  қаржылық  есептілік  стандарттарына  және  Қазақстан  Республикасының 

бухгалтерлік  есеп  пен  қаржылық  есептілік  туралы  заңнамасының  талаптарына  сәйкес  негізгі  құралдар 

құрамында  есепке  алынған  жылдан  кейінгі  жылдың  1  қаңтарынан  бастап  есептелетін,  қатарынан  жеті 

жылдан кешіктірілмей аяқталады. 

Осы тармақтың бірінші бөлігінің ережелері салық салу объектілерін пайдалануға, сенімгерлік басқаруға 

немесе жалға берілген жағдайларда қолданылмайды. 

  

  



6-БӨЛІМ. ЖЕКЕ ТАБЫС САЛЫҒЫ 

  

18-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР 

  

153-бап. Төлеушілер 

1.  Осы  Кодекстің 



155-бабына

  сәйкес  айқындалатын  салық  салу  объектілері  бар  жеке  тұлғалар  жеке 

табыс салығын төлеушілер болып табылады. 

2.  Ойын  бизнесіне  салықты,  тіркелген  салықты  төлеушілер  осы  Кодекстің 



411



420-баптарында

 

көрсетілген  қызмет  түрлерін  жүзеге  асырудан  түсетін  табыстар  бойынша  жеке  табыс  салығын  төлеушілер 



болып табылмайды. 

3. Шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер осы 

арнаулы  салық  режимі  қолданылатын  қызметті  жүзеге  асырудан  түсетін  табыстар  бойынша  жеке  табыс 

салығын төлеушілер болып табылмайды. 



  

154-бап. Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын шетелдіктің және азаматтығы 

жоқ адамның табыстарына салық салу ерекшеліктері 

2009.12.02.  №  133-ІV  ҚР 

Заңымен___(2012_жылғы_1_қаңтардан_бастап_қолданысқа_енгізілді)_(__бұр.ред.қара'>Заңымен___(2009_ж._1_қаңтардан_бастап_қолданысқа_енгiзiлді)_(бұр.__ред'>Заңымен___(2009_жылғы_1_қаңтардан_бастап_қолданысқа_енді)_(бұр.__ред'>Заңымен

  (2009  жылғы  1  қаңтардан  бастап  қолданысқа  енді)  (бұр.

ред

.қара); 

2009.16.11.  №  200-ІV  ҚР 

Заңымен

  (2009  ж.  1  қаңтардан  бастап  қолданысқа  енгiзiлді)  (бұр.

ред

.қара); 

2011.21.07. № 467-ІV ҚР 

Заңымен

 (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (

бұр.ред.қара



1-тармақ  өзгертілді;  2012.26.12.  №  61-V  ҚР 

Заңымен

  1-тармақ  жаңа  редакцияда  (2013  ж.  1  қаңтардан 

бастап қолданысқа енгізілді) (

бұр.ред.қара

)

 

1.  Қазақстан  Республикасының  резиденті  болып  табылатын  шетелдіктің  немесе  азаматтығы  жоқ 



адамның (бұдан әрі - резидент шетелдік тұлға) табыстарынан төлем көзінен жеке табыс салығын есептеуді, 

ұстауды және аударуды, сондай-ақ салық есептілігін табыс етуді салық агенті осы Кодекстің 



158-бабында

 

көзделген  мөлшерлемелер  бойынша  осы  тарауда,  осы  Кодекстiң 



19-тарауында

  және 


202-бабында

 

белгiленген тәртіппен жүргізеді. 



Осы  тарауға  және  осы  Кодекстің 

19-тарауына

  сәйкес  төлем  көзінен  жеке  табыс  салығын  есептеу 

кезінде осы Кодекстің 

166-бабында

 көзделген салық шегерімдері қолданылады. 

2.  Резидент  шетелдік  тұлға  Қазақстан  Республикасынан  тысқары  жерлердегі  көздерден  алатын 

табыстарға осы Кодекстің 



178-бабында

 және 


27-тарауында

 белгіленген тәртіппен салық салуға жатады. 

  


2011.21.07. № 467-ІV ҚР 

Заңымен

 154-1-баппен толықтырылды (2012 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа 

енгізілді)

 

154-1-бап. Бейрезидент жеке тұлғалардың табыстарына салық салу тәртібі 

Бейрезидент жеке тұлғалардың табыстарынан жеке табыс салығын есептеу, ұстау және аудару, сондай-

ақ салық есептілігін табыс ету осы Кодекстің 



25-тарауында

 белгіленген тәртіппен жүргізіледі. 

  

155-бап. Салық салу объектілері 

1. Жеке тұлғаның: 

1) төлем көзінен салық салынатын табыстар; 

2)  төлем  көзінен  салық  салынбайтын  табыстар  түріндегі  табыстары  жеке  табыс  салығы  салынатын 

объектілер болып табылады. 

2.  Салық  салу  объектілері  осы  Кодекстің 



156-бабында

  көзделген  түзетулер  ескеріле  отырып,  салық 

салуға  жататын  табыстар  мен  осы  бөлімде  көзделген  тәртіппен  және  мөлшердегі  жағдайларда  салық 

шегерімдері арасындағы айырма ретінде айқындалады. 



2015.03.12. № 432-V ҚР 

Заңына

 сәйкес 3-тармақтың қолданысы 2015 ж. 1 қаңтарға дейін тоқтатылды, 

тоқтата тұру кезеңiнде 3-тармақ 2015 ж. 1 қаңтардан бастап 2016 ж. 1 қаңтарға дейін осы Заңның 

2-

бабының 1) тармақшасының

 редакциясында қолданылды (

бұр.ред.қара

), 3-тармақ 2016 ж. 1 қаңтардан 

бастап  2016  ж.  1  шілдеге  дейін  2015.03.12.  №  432-V  ҚР  Заңның 

2-бабының  2)  тармақшасының

 

редакциясында қолданылды (

бұр.ред.қара

), (2016 ж. 1 шілдеге дейін қолданылған 

редакцияны

 қараңыз)

 

3. Жеке тұлғаның кірісі ретінде мыналар қарастырылмайды: 



1)  Қазақстан  Республикасының  заңнамасында  белгiленген  мөлшерлерде  бюджет  қаражаты  есебiнен 

төленетiн атаулы әлеуметтiк көмек, жәрдемақылар мен өтемақылар; 

2)  жеке  тұлғаның  өмiрi  мен  денсаулығына  келтiрiлген  зиянды  Қазақстан  Республикасының 

заңнамасына сәйкес өтеу

3) жұмыскерлердің жұмысы жол бойында өтетін, жол жүру сипатына ие, қызмет көрсетілетін учаскелер 

шегіндегі  қызметтік  сапарлармен  байланысты  болатын  жағдайларда  -  оларға  осындай  жұмыстың  әрбір 

күніне  республикалық  бюджет  туралы  заңда  белгіленген  және  мұндай  төлемдерді  есепке  жазу  күні 

қолданыста болатын 



айлық есептік көрсеткіштің

 0,35 мөлшеріндегі өтемақы төлемдері; 

4)  егер  осы  бапта  өзгеше  белгіленбесе,  қызметтiк,  оның  ішінде  Қазақстан  Республикасының 

заңнамасына сәйкес жұмыскерді оқыту, біліктілігін арттыру немесе қайта даярлау мақсатындағы iссапарлар 

кезiндегі: 

осы Кодекстің 



101-бабының 1), 2) және 4) тармақшаларында

 белгіленген өтемақылар; 

Қазақстан  Республикасы  шегіндегі  іссапар  бойынша  -  іссапарда  болған  күнтізбелік  қырық  күннен 

аспайтын кезең ішінде - іссапарда болған әрбір күнтізбелік күн үшін республикалық бюджет туралы заңда 

белгіленген  және  тиісті қаржы  жылының 1 қаңтарында қолданыста  болатын айлық есептік көрсеткіштің 6 

еселенген мөлшерінен аспайтын тәуліктік өтемақылар; 

Қазақстан  Республикасынан  тысқары  жердегі  іссапар  бойынша  -  іссапарда  болған  күнтізбелік  қырық 

күннен аспайтын кезең ішінде - іссапарда болған әрбір күнтізбелік күн үшін республикалық бюджет туралы 

заңда  белгіленген  және  тиісті  қаржы  жылының  1  қаңтарында  қолданыста  болатын 

айлық  есептік 

көрсеткіштің

 8 еселенген мөлшерінен аспайтын тәуліктік өтемақылар; 

5)  Қазақстан  Республикасы  Ұлттық  Банкі  бюджетінің  қаражаты  (шығыстар  сметасы)  есебінен 

қамтылатын  мемлекеттік  мекемелерді  қоспағанда,  мемлекеттік  мекемелер  Қазақстан  Республикасының 

заңнамасында  белгіленген  мөлшерде  жүргізетін  қызметтік,  оның  ішінде  Қазақстан  Республикасының 

заңнамасына сәйкес жұмыскерді оқыту, біліктілігін арттыру немесе қайта даярлау мақсатындағы іссапарлар 

кезіндегі өтемақылар; 

6)  Қазақстан  Республикасы  Ұлттық  Банкі  бюджетінің  қаражаты  (шығыстар  сметасы)  есебінен 

қамтылатын  мемлекеттік  мекемелер  Қазақстан  Республикасының  заңнамасында  көзделген  мөлшерде  және 

тәртіппен жүргізетін қызметтік, оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жұмыскерді 

оқыту, біліктілігін арттыру немесе қайта даярлау мақсатындағы іссапарлар кезіндегі өтемақылар; 

7) жұмыскер басқа жерге жұмысқа ауысқан не жұмыс берушімен бiрге басқа жерге көшкен кездегi жол 

жүру,  мүлкiн  көшiру,  күнтізбелік  отыз  күннен  аспайтын  мерзімге  үй-жай  жалдау  бойынша  құжатпен 

расталған шығыстардың өтемақылары; 

8)  жұмыс  берушiнiң  кіріс  алуға  бағытталған  қызметті  жүзеге  асырумен  байланысты  емес  және  нақты 

жеке тұлғаларға бөлінбейтін шегерiмдерге жатқызылмайтын шығыстары; 

9)  мұндай  жұмыстың  күнтізбелік  әрбір  күні  үшін  республикалық  бюджет  туралы  заңда  белгiленген 

және тиiстi қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын 



айлық есептік көрсеткіштің

  2  еселенген 

мөлшерінде  далалық  жағдайда  геологиялық-барлау,  топографиялық-геодезиялық  және  iздестiру 

жұмыстарымен айналысатын жұмыскерлердiң далалық жабдықталымы; 

10) жұмыс берушiнiң вахталық әдiспен жұмыс iстейтiн адамдардың өндiрiс объектiсiнде болу кезеңiнде 

жұмыстарды  орындауы  мен  ауысымаралық  демалысы  үшiн  жағдай  жасай  отырып,  олардың  тұрмыс-

тiршiлiгiн қамтамасыз ету үшiн: 

тұрғын үйді мүліктік жалдау (жалға алу) бойынша; 



осы  тармақтың  4)  тармақшасында  белгiленген  тәулiктiк  өтемақылар  шегiнде  тамақтануға  арналған 

шығыстары; 

11) жұмыскерлердi Қазақстан Республикасында тұратын (болатын) жерiнен жұмыс орнына дейiн және 

керi қарай жеткiзуге байланысты шығыстар; 

12)  Қазақстан  Республикасының  заңнамасында  белгiленген 

нормалар

  бойынша  берiлген  арнаулы 

киiмнiң,  арнаулы  аяқкиiмнiң,  басқа  да  жеке  қорғаныш  және  алғашқы  медициналық  көмек  құралдарының, 

сабынның,  зарарсыздандыру  құралдарының,  сүт  немесе  құны  соған  тең  басқа  да  емдеу-профилактикалық 

тамақтануға арналған тамақ өнiмдерiнiң құны; 

13)  сақтандырудың  міндетті  түрін  реттейтін  Қазақстан  Республикасының  заңнамалық  актісіне  сәйкес 

жұмыс  берушімен  жасасылған,  жұмыскер  еңбек  (қызметтік)  міндеттерін  атқарған  кезде  оны  жазатайым 

оқиғалардан міндетті сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру төлемдері; 

14) материалдық залалды өтеудің сот шешiмi бойынша тағайындалатын сомалары; 

15) төлем көзiнен осындай салықтың ұсталғанын растайтын құжаттар болған кезде бұрын төлем көзiнен 

жеке табыс салығы салынған дивидендтердің, сыйақылардың, ұтыстардың сомалары; 

16)  бірыңғай  жинақтаушы  зейнетақы  қоры  және  ерікті  жинақтаушы  зейнетақы  қорлары 

салымшыларының  жасасылған  жинақтаушы  сақтандыру  шарты  бойынша  сақтандыру  сыйлықақыларын 

(аннуитетті)  төлеу  үшiн  өмiрдi  сақтандыру  бойынша  сақтандыру  ұйымдарына  жiберілген  зейнетақы 

жинақтарының  сомалары,  сондай-ақ  Қазақстан  Республикасының  заңнамасында  көзделген  тәртiппен 

сақтандыру  ұйымдарына  жіберілген,  зейнетақы  аннуитеті  шарттары  бойынша  құнын  өтеп  сатып  алу 

сомалары; 

17) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген мөлшерде міндетті зейнетақы жарналарын, 

міндетті  кәсіптік  зейнетақы  жарналарын  және  әлеуметтік  аударымдарды  уақтылы  ұстамағаны  (есепке 

жазбағаны) және (немесе) аудармағаны үшiн есебіне жазылған өсiмпұл сомалары; 

18) гуманитарлық көмек түрiнде алынған мүлiктiң құны; 

19) Қазақстан Республикасында мемлекеттiк тiркелуге жататын және меншік құқығында бір жыл және 

одан  да  ұзақ  уақыт  болатын  механикалық  көлік  құралдары  мен  тіркемелерді  өткізу  (заңды  тұлғаның 

жарғылық капиталына салым ретінде беру) кезіндегі құн өсімі

20)  меншік  құқығы  тіркелген  күннен  бастап  бір  жыл  және  одан  да  ұзақ  уақыт  Қазақстан 

Республикасының  аумағында  меншік  құқығында  болатын  тұрғынжайларды,  саяжай  құрылыстарын, 

гараждарды, жеке қосалқы шаруашылық объектілерін өткізу (заңды тұлғаның жарғылық капиталына салым 

ретінде беру) кезіндегі құн өсімі; 

21)  бір  жыл  және  одан  да  ұзақ  уақыт  Қазақстан  Республикасының  аумағында  меншік  құқығында 

болатын, осы Кодекстің 



180-1-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында

 көрсетілген объектілер орналасқан, 

меншік құқығы туындаған күннен бастап өткізу (заңды тұлғаның жарғылық капиталына салым ретінде беру) 

күніне  дейін  нысаналы  мақсаты  жеке  тұрғын  үй  құрылысы,  саяжай  құрылысы,  жеке  қосалқы 

шаруашылықты жүргізу, гараж салу болып табылатын жер учаскелерін және (немесе) жер үлестерін өткізу 

(заңды тұлғаның жарғылық капиталына салым ретінде беру) кезіндегі құн өсімі; 

22) егер жер учаскесін және (немесе) жер үлесін сатып алуға және иеліктен шығаруға арналған құқық 

белгілейтін құжаттарды жасау күндері арасындағы кезең бір жылды және одан да ұзақ уақытты құраса, осы 

Кодекстің 

180-1-бабы  1-тармағының  1)  тармақшасында

  көрсетілген  объектілер  орналаспаған,  меншік 

құқығы туындаған күннен бастап өткізу (заңды тұлғаның жарғылық капиталына салым ретінде беру) күніне 

дейін нысаналы мақсаты жеке тұрғын үй құрылысы, саяжай құрылысы, жеке қосалқы шаруашылықты, бау-

бақша  шаруашылығын  жүргізу,  гараж  салу  болып  табылатын  Қазақстан  Республикасының  аумағында 

орналасқан  жер  учаскелерін  және  (немесе)  жер  үлестерін  өткізу  (заңды  тұлғаның  жарғылық  капиталына 

салым ретінде беру) кезіндегі құн өсімі; 

23)  Қазақстан  Республикасының  заңнамасына  сәйкес  мемлекеттік  мұқтаждар  үшін  құнын  өтеп  сатып 

алынған мүлік құнының өсімі; 

2015.03.12.  №  432-V  ҚР 

Заңымен___24)_тармақша_жаңа_редакцияда_(2016_ж._1_шілдеден_қолданысқа___енгізілді)_(__бұр.ред.қара'>Заңымен

  24)  тармақша  жаңа  редакцияда  (2016  ж.  1  шілдеден  қолданысқа 

енгізілді) (

бұр.ред.қара

)

 

24)  егер  көрсетілген  шығыстар  жалдау  төлемінен  бөлек  жүргізілген  жағдайда,  дара  кәсіпкер  болып 



табылмайтын жалға алушы жеке тұлғаның шеккен немесе дара кәсіпкер болып табылмайтын жалға беруші 

жеке  тұлғаға  тұрғын  үйді,  тұрғын  үй-жайды  (пәтерді)  мүліктік  жалдау  (жалға  алу)  кезінде  оның  өтеген 

мынадай:  

Қазақстан  Республикасының  тұрғын  үй  заңнамасына  сәйкес  кондоминиум  объектісінің  ортақ  мүлкін 

күтіп-ұстауға; 

«Тұрғын  үй  қатынастары  туралы»  Қазақстан  Республикасының 



Заңында

  көзделген  коммуналдық 

көрсетілетін қызметтер ақысын төлеуге; 

тұрғын үйді, тұрғын үй-жайды (пәтерді) жөндеуге шығыстары; 

25)  опционды  орындау  кезінде  опционның  базалық  активінің  нарықтық  құнының  опционды  орындау 

бағасынан асып түсуі. Опционды жеке тұлғаға беруге негіз болған тиісті құжатта опционның базалық активі 

тіркелген баға опционды орындау бағасы болып табылады

26)  егер  мұндай  тауар  бірлігінің  құны  республикалық  бюджет  туралы  заңда  тиісті  қаржы  жылына 

белгіленген  және  осындай  беру  күні  қолданыста  болатын 

айлық  есептік  көрсеткіштің

  5  еселенген 



мөлшерінен  аспайтын  болса,  жарнама  мақсатында  өтеусіз  (оның  ішінде  сыйға  тарту  түрінде)  берілген 

тауардың құны; 

27)  адамдарды  қабылдау  және  оларға  қызмет  көрсету  бойынша  осы  Кодекстің 

102-бабына

  сәйкес 

жүргізілген өкілдік шығыстар; 

28)  заңды  тұлғалардан  және  дара  кәсіпкерлерден  алынған,  оның  ішінде  жұмыскердің  өз  жұмыс 

берушісінен алған кредиттерді (қарыздарды, микрокредиттерді) пайдаланғаны үшін сыйақыны үнемдеуден 

түсетін материалдық пайда; 



2015.03.12.  №  432-V  ҚР 

Заңымен

  29)  тармақша  жаңа  редакцияда  (2016  ж.  1  шілдеден  қолданысқа 

енгізілді) (

бұр.ред.қара

)

 

29) мұндай тұлғаға кредит (қарыз, микрокредит) беруден кейін басталған мынадай: 



қарыз алушы жеке тұлға соттың күшiне енген шешiмiнің негiзiнде хабарсыз кеткен, әрекетке қабiлетсiз, 

әрекет  қабiлетi  шектеулi  деп  танылған  немесе  соттың  күшiне  енген  шешiмiнің  негiзiнде  ол  қайтыс  болды 

деп жарияланған; 

қарыз  алушы  жеке  тұлғаға  I  немесе  II  топтағы  мүгедектiк  белгiленген,  сондай-ақ  қарыз  алушы  жеке 

тұлға қайтыс болған жағдайда; 

асыраушысынан,  жүктілігіне  және  босануына  байланысты,  жаңа  туған  баланы  (балаларды)  асырап 

алуына,  бала  бір  жасқа  толғанға  дейін  оның  күтіміне  байланысты  кірісінен  айырылған  жағдайларда 

«Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының 



Заңына

 сәйкес әлеуметтік төлемдер 

алатын қарыз алушы жеке тұлғаның көрсетілген төлемдерден басқа кірісі болмаған; 

қарыз  алушы  жеке  тұлғаның  және  қарыз  алушы  жеке  тұлғамен  бірлесіп  банк  (микроқаржы  ұйымы) 

алдында  ортақ  немесе  субсидиарлық  жауапты  болатын  үшінші  тұлғалардың  мүлкі,  оның  ішінде  ақшасы, 

бағалы  қағаздары  немесе  өндіріп  алу  қолданылуы  мүмкін  кірістері  болмаған  жағдайда  атқарушылық 

құжатты  банкке  (микроқаржы  ұйымына)  қайтару  туралы  сот  орындаушысының  қаулысы  заңды  күшіне 

енген  және  оның  мүлкін  немесе  кірістерін  анықтау  бойынша  сот  орындаушысы  қабылдаған,  Қазақстан 

Республикасының атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы 


Каталог: upload -> medialibrary
upload -> Нұржан Қуантайұлы алаш Орда баспасөзі және жүсіпбек аймауытұЛЫ
upload -> Жансүгіров атындағы жму хабаршысы №4 /2012
upload -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
upload -> Л т т ы о а м д ы – с а я с и ж у р н а л журнал 1976 жылы Халықтар Достығы орденімен, 2002 жылы Қазақстан Журналистика Академиясының «Алтын Жұлдыз», 2008 жылы Қазақстан Журналистер Одағының сыйлығымен марапатталды
medialibrary -> «Мұнайшы» қоғамдық қоры
medialibrary -> Сақтау мерзімдерін көрсете отырып, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар қызметінде жасалатын үлгілік құжаттар тізбесін бекіту туралы
medialibrary -> Сақтау мерзімдерін көрсете отырып, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар қызметінде жасалатын үлгілік құжаттар тізбесін бекіту туралы

жүктеу 13.83 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   126




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет