Кодексі салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы



жүктеу 13.83 Mb.
Pdf просмотр
бет34/126
Дата28.04.2017
өлшемі13.83 Mb.
түріКодекс
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   126

Заңымен

  151-8-баппен  толықтырылды  (2013  ж.  1  қаңтардан  бастап  қолданысқа 

енгізілді)

 


151-8-бап.  Қызметін  «Қорғас  -  Шығыс  қақпасы»  арнайы  экономикалық  аймағының  аумағында 

жүзеге асыратын ұйымдарға салық салу 

2015.27.10.  №  362-V  ҚР 

Заңымен

  1-тармақ  жаңа  редакцияда  (2016  ж  1  қаңтардан  бастап  қолданысқа 

енгізілді) (

бұр.ред.қара

 

1.  Осы  Кодекстің 



150-бабының  1-тармағы  бірінші  бөлігінің  5)  тармақшасын

  қолдану  мақсатында 

«Қорғас - Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағының экономикалық қызмет түрлері: 

1) мыналарды: 

сусындар шығаруды; 

темекі бұйымдарын өндіруді

жиһаздан  басқа,  ағаш  және  тығын  бұйымдарын  өндіруді;  сабаннан  және  тоқуға  арналған 

материалдардан жасалған бұйымдарды өндіруді; 

жазылған материалдарды басып шығаруды және тыңдатып-көрсетуді

жиһаздар шығаруды; 

машиналар мен жабдықтарды жөндеуді және орнатуды қоспағанда, өңдеуші өнеркәсіп; 

2) қойма шаруашылығы және қосалқы көлік қызметі; 

3) жобалау-сметалық құжаттама шегінде осы тармақтың 1) тармақшасында көзделген қызмет  түрлерін 

жүзеге асыру үшін тікелей арналған объектілерді салу және оларды пайдалануға беру болып табылады. 



2015.27.10. № 362-V ҚР 

Заңымен

 2-тармақ өзгертілді (2016 ж 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) 

(

бұр.ред.қара

 

2. Қызметін «Қорғас-Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағының аумағында жүзеге асыратын 



ұйымдардың  салықтарды  және  жер  учаскелерін  пайдаланғаны  үшін  төлемдерді  есептеуі  кезінде  арнайы 

экономикалық  аймақтың  аумағында  орналасқан  және  осы  баптың  1-тармағының  1)  және  2) 

тармақшаларында көзделген қызмет түрлерін жүзеге асыруда пайдаланылатын салық салу объектілері және 

(немесе) салық салуға байланысты объектілер бойынша: 

жер салығын есептеу кезінде тиісті мөлшерлемелерге 0 коэффициент; 

уақытша  өтеулі  жер  пайдалану  (жалдау)  шартында  көрсетілген,  бірақ  «Қорғас  -  Шығыс  қақпасы» 

арнайы  экономикалық  аймағының  жұмыс  істеу  мерзімінен  аспайтын  мерзімге  жер  учаскелерін 

пайдаланғаны үшін төлемақыны есептеу кезінде тиісті мөлшерлемелерге 0 коэффициент; 

мүлікке салынатын салықты есептеу кезіңде салық салу объектілерінің орташа жылдық құнына 0 пайыз 

мөлшерлеме қолданылады.  



2014.28.11.  №  257-V  ҚР 

Заңымен___(2015_ж._1_қаңтардан_бастап_қолданысқа_енгізілді)_(__бұр.ред.қара'>Заңымен

  (2015  ж.  1  қаңтардан  бастап  қолданысқа  енгізілді)  (

бұр.ред.қара

)

2015.27.10.  №  362-V  ҚР 

Заңымен

  (2016  ж  1  қаңтардан  бастап  қолданысқа  енгізілді)  (

бұр.ред.қара

)  3-

тармақ өзгертілді

 

3.  Егер  осы  тармақта  өзгеше  белгіленбесе,  қызметін  «Қорғас-Шығыс  қақпасы»  арнайы  экономикалық 



аймағының аумағында жүзеге асыратын ұйым бюджетке төленуге жататын корпоративтiк табыс салығының 

сомасын  айқындау  кезiнде  осы  Кодекстiң 



139-бабына

  сәйкес  есептелген  корпоративтiк  табыс  салығының 

сомасын 100 пайызға азайтады. 

Осы  тармақтың  ережелері  осы  баптың  1-тармағының  3)  тармақшасында  көрсетілген  қызмет  түрін 

жүзеге асырудан алынған (алынуға жататын) табыстар бойынша есептелген корпоративтік табыс салығына 

қолданылмайды. 

Егер  осы  баптың  1-тармағының  3)  тармақшасында  көрсетілген  қызмет  түрін  жүзеге  асыратын  ұйым, 

сондай-ақ  осы  баптың  1-тармағының  1)  және  2)  тармақшаларында  көрсетілген  қызмет  түрлерінің  біреуін 

жүзеге асыратын болса, мұндай ұйым корпоративтік табыс салығы бойынша салықтық міндеттемені есептеу 

мақсатында,  осы  баптың  1-тармағының  3)  тармақшасында  көрсетілген  қызмет  түрін  жүзеге  асырудан 

алынған  табыстар мен осы  баптың 1-тармағының 1) және  2) тармақшаларында  көзделген қызмет  түрлерін 

жүзеге асырудан алынған табыстар бойынша бөлек есепке алуды жүргізеді. 

  

2012.26.12. № 61-V ҚР 

Заңымен

  151-9-баппен  толықтырылды  (2013  ж.  1  қаңтардан  бастап  қолданысқа 

енгізілді)

 

151-9-бап. Қызметін «Павлодар» арнайы экономикалық аймағының аумағында жүзеге асыратын 



ұйымдарға салық салу 

2015.27.10.  №  362-V  ҚР 

Заңымен

  1-тармақ  жаңа  редакцияда  (2016  ж  1  қаңтардан  бастап  қолданысқа 

енгізілді) (

бұр.ред.қара

 

1.  Осы  Кодекстің 



150-бабының  1-тармағы  бірінші  бөлігінің  5)  тармақшасын

  қолдану  мақсатында 

«Павлодар» арнайы экономикалық аймағының экономикалық қызмет түрлері: 

1) мыналарды: 

тамақ өнімдерін өндіруді

сусындар шығаруды; 

темекі бұйымдарын өндіруді; 

жиһаздан  басқа,  ағаш  және  тығын  бұйымдарын  өндіруді;  сабаннан  және  тоқуға  арналған 

материалдардан жасалған бұйымдарды өндіруді; 

жазылған материалдарды басып шығаруды және тыңдатып-көрсетуді; 

жиһаздар шығаруды; 


машиналар мен жабдықтарды жөндеуді және орнатуды қоспағанда, өңдеуші өнеркәсіп; 

2) жобалау-сметалық құжаттама шегінде осы тармақтың 1) тармақшасында көзделген қызмет түрлерін 

жүзеге асыру үшін тікелей арналған объектілерді салу және оларды пайдалануға беру болып табылады. 

2015.27.10. № 362-V ҚР 

Заңымен

 2-тармақ өзгертілді (2016 ж 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) 

(

бұр.ред.қара

 

2.  Қызметін  «Павлодар»  арнайы  экономикалық  аймағының  аумағында  жүзеге  асыратын  ұйымдардың 



салықтарды  және  жер  учаскелерін  пайдаланғаны  үшін  төлемдерді  есептеуі  кезінде  арнайы  экономикалық 

аймақтың  аумағында  орналасқан  және  осы  баптың  1-тармағының  1)  тармақшасында  көзделген  қызмет 

түрлерін жүзеге  асыруда пайдаланылатын салық салу объектілері  және  (немесе) салық салуға  байланысты 

объектілер бойынша: 

жер салығын есептеу кезінде тиісті мөлшерлемелерге 0 коэффициент; 

уақытша  өтеулі  жер  пайдалану  (жалдау)  шартында  көрсетілген,  бірақ  «Павлодар»  арнайы 

экономикалық аймағының жұмыс істеу мерзімінен аспайтын мерзімге жер учаскелерін пайдаланғаны үшін 

төлемақыны есептеу кезінде тиісті мөлшерлемелерге 0 коэффициент; 

мүлікке салынатын салықты есептеу кезіңде салық салу объектілерінің орташа жылдық құнына 0 пайыз 

мөлшерлеме қолданылады. 



2015.27.10.  №  362-V  ҚР 

Заңымен

  3-тармақ  жаңа  редакцияда  (2016  ж  1  қаңтардан  бастап  қолданысқа 

енгізілді) (

бұр.ред.қара

 

3.  Егер  осы  тармақта  өзгеше  белгіленбесе,  «Павлодар»  арнайы  экономикалық  аймағының  аумағында 



қызметiн  жүзеге  асыратын  ұйым  бюджетке  төленуге  жататын  корпоративтік  табыс  салығының  сомасын 

айқындау  кезінде  осы  Кодекстің 



139-бабына

  сәйкес  есептелген  корпоративтік  табыс  салығының  сомасын 

100 пайызға азайтады. 

Осы  тармақтың  ережелері  осы  баптың  1-тармағының  2)  тармақшасында  көрсетілген  қызмет  түрін 

жүзеге асырудан алынған (алынуға жататын) табыстар бойынша есептелген корпоративтік табыс салығына 

қолданылмайды. 

Егер  осы  баптың  1-тармағының  2)  тармақшасында  көрсетілген  қызмет  түрін  жүзеге  асыратын  ұйым, 

сондай-ақ  осы  баптың  1-тармағының  1)  тармақшасында  көрсетілген  қызмет  түрлерінің  біреуін  жүзеге 

асыратын  болса,  мұндай  ұйым  корпоративтік  табыс  салығы  бойынша  салықтық  міндеттемені  есептеу 

мақсатында,  осы  баптың  1-тармағының  2)  тармақшасында  көрсетілген  қызмет  түрін  жүзеге  асырудан 

алынған  табыстар  мен  осы  баптың  1-тармағының  1)  тармақшасында  көзделген  қызмет  түрлерін  жүзеге 

асырудан алынған табыстар бойынша бөлек есепке алуды жүргізеді. 

  

2012.26.12. № 61-V ҚР 

Заңымен

 151-10-баппен толықтырылды (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа 

енгізілді) 

 

151-10-бап.  Қызметiн  «Тараз  химиялық  паркі»  арнайы  экономикалық  аймағының  аумағында 



жүзеге асыратын ұйымдарға салық салу  

2015.27.10.  №  362-V  ҚР 

Заңымен

  1-тармақ  жаңа  редакцияда  (2016  ж  1  қаңтардан  бастап  қолданысқа 

енгізілді) (

бұр.ред.қара

 

1.  Осы  Кодекстің 



150-бабының  1-тармағы  бірінші  бөлігінің  5)  тармақшасын

  қолдану  мақсатында 

«Тараз химиялық паркі» арнайы экономикалық аймағының экономикалық қызмет түрлері: 

1) мыналарды: 

тамақ өнімдерін өндіруді; 

сусындар шығаруды; 

темекі бұйымдарын өндіруді; 

жиһаздан  басқа,  ағаш  және  тығын  бұйымдарын  өндіруді;  сабаннан  және  тоқуға  арналған 

материалдардан жасалған бұйымдарды өндіруді; 

жазылған материалдарды басып шығаруды және тыңдатып-көрсетуді; 

жиһаздар шығаруды; 

машиналар мен жабдықтарды жөндеуді және орнатуды қоспағанда, өңдеуші өнеркәсіп; 

2) жобалау-сметалық құжаттама шегінде осы тармақтың 1) тармақшасында көзделген қызмет түрлерін 

жүзеге асыру үшін тікелей арналған объектілерді салу және оларды пайдалануға беру болып табылады. 



2015.27.10. № 362-V ҚР 

Заңымен

 2-тармақ өзгертілді (2016 ж 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) 

(

бұр.ред.қара

 

2.  Қызметiн  «Тараз  химиялық  паркi»  арнайы  экономикалық  аймағының  аумағында  жүзеге  асыратын 



ұйымдардың  салықтарды  және  жер  учаскелерiн  пайдаланғаны  үшiн  төлемдердi  есептеуi  кезiнде  арнайы 

экономикалық  аймақтың  аумағында  орналасқан  және  осы  баптың  1-тармағының  1)  тармақшасында 

көзделген  қызмет  түрлерiн  жүзеге  асыру  кезiнде  пайдаланылатын  салық  салу  объектiлерi  және  (немесе) 

салық салуға байланысты объектiлер бойынша: 

жер салығын есептеу кезiнде тиiстi мөлшерлемелерге 0 коэффициент; 

уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) шартында көрсетілген, бірақ «Тараз химиялық  паркі» арнайы 

экономикалық аймағының жұмыс істеу мерзімінен аспайтын мерзімге жер учаскелерін пайдаланғаны үшін 

төлемақыны есептеу кезінде тиісті мөлшерлемелерге 0 коэффициент; 



мүлiкке салынатын салықты есептеу кезiнде салық салу объектiлерiнiң орташа жылдық құнына 0 пайыз 

мөлшерлеме қолданылады. 



2014.28.11.  №  257-V  ҚР 

Заңымен

  (2015  ж.  1  қаңтардан  бастап  қолданысқа  енгізілді)  (

бұр.ред.қара

)

2015.27.10.  №  362-V  ҚР 

Заңымен

  (2016  ж  1  қаңтардан  бастап  қолданысқа  енгізілді)  (

бұр.ред.қара

)  3-

тармақ өзгертілді

 

3.  Егер  осы  тармақта  өзгеше  белгіленбесе,  қызметін  «Тараз  химиялық  паркі»  арнайы  экономикалық 



аймағының аумағында жүзеге асыратын ұйым бюджетке төленуге жататын корпоративтiк табыс салығының 

сомасын  айқындау  кезiнде  осы  Кодекстiң 



139-бабына

  сәйкес  есептелген  корпоративтiк  табыс  салығының 

сомасын 100 пайызға азайтады. 

Осы  тармақтың  ережелері  осы  баптың  1-тармағының  2)  тармақшасында  көрсетілген  қызмет  түрін 

жүзеге асырудан алынған (алынуға жататын) табыстар бойынша есептелген корпоративтік табыс салығына 

қолданылмайды. 

Егер  осы  баптың  1-тармағының  2)  тармақшасында  көрсетілген  қызмет  түрін  жүзеге  асыратын  ұйым, 

сондай-ақ  осы  баптың  1-тармағының  1)  тармақшасында  көрсетілген  қызмет  түрлерінің  біреуін  жүзеге 

асыратын  болса,  мұндай  ұйым  корпоративтік  табыс  салығы  бойынша  салықтық  міндеттемені  есептеу 

мақсатында,  осы  баптың  1-тармағының  2)  тармақшасында  көрсетілген  қызмет  түрін  жүзеге  асырудан 

алынған  табыстар  мен  осы  баптың  1-тармағының  1)  тармақшасында  көзделген  қызмет  түрлерін  жүзеге 

асырудан алынған табыстар бойынша бөлек есепке алуды жүргізеді. 

  

152-бап. Салық кезеңі және салық есептілігі 

Салық және  бюджетке  төленетін басқа  да міндетті төлемдер бойынша  салық кезеңі,  салық есептілігін 

берудің тәртібі мен мерзімдері осы Кодекске сәйкес айқындалады. 

  

  



2014.12.06.  №  209-V  ҚР 

Заңымен

  кодекс  17-1-тараумен  толықтырылды  (2015  ж.  1  қаңтардан  бастап 

қолданысқа енгiзiлді)

 

17-1-тарау. ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ БАСЫМ ЖОБАНЫ ІСКЕ АСЫРАТЫН ҰЙЫМҒА САЛЫҚ САЛУ 

  

152-1-бап. Жалпы ережелер 

1. Осы Кодекстің мақсаттары үшін бір мезгілде мынадай шарттарға сәйкес келетін заңды тұлға: 



2015.29.10.  №  376-V  ҚР 

Заңымен

  1)  тармақша  өзгертілді  (2016  ж.  1  қаңтардан  бастап  қолданысқа 

енгізілді) (

бұр.ред.қара

)

 

1) жаңадан құрылған заңды тұлға инвестициялық басым жобаны іске асыруды және салықтар бойынша 



преференциялар  беруді  көздейтін  инвестициялық  келісімшартты  Қазақстан  Республикасының 

инвестициялар саласындағы 



заңнамасына

 сәйкес жасаса және инвестициялық басым жобаны іске асырса; 

2)  жүзеге  асырылатын  қызмет  түрлері  инвестициялық  басым  жобаны  іске  асыру  үшін  айқындалған 

қызметтің басым түрлерінің тізбесіне толық көлемде сәйкес келсе

3)  инвестициялық  басым  жобаны  іске  асыру  жөніндегі  қызметті  жүзеге  асырудан  алынуға  жататын 

(алынған) кірістер заңды тұлғаның жиынтық жылдық кірісінің кемінде 90 пайызын құраса, инвестициялық 

басым жобаны іске асыратын ұйым болып табылады. 

2015.03.12.  №  432-V  ҚР 

Заңымен

  2-тармақ  жаңа  редакцияда  (2016  ж.  1  қаңтардан  бастап  қолданысқа 

енгізілді) (

бұр.ред.қара

 

2. Егер Қазақстан Республикасы салық заңнамасының өзгерістері және (немесе) толықтырулары салық, 



алым  және  төлемақы  мөлшерлемелерін  ұлғайтуды  көздейтін  болса,  инвестициялық  басым  жобаны  іске 

асыруға  арналған  инвестициялық  келісімшарт  жасасқан  ұйым,  осы  Кодекстің  ережелеріне  сәйкес  салық 

төлеуші салық есептілігін инвестициялық басым жобаны іске асыруға байланысты қызмет бойынша ұсынуға 

міндетті болатын салық міндеттемелерін осы инвестициялық келісімшартты жасасу күні қолданыста болған 

мөлшерлемелер бойынша айқындайды.  

Осы  тармақтың  ережелері  осы  Кодекстің 



152-2-бабының  1-тармағын

  қолдану  үшін  белгіленген 

мерзімде қолданылады. 

2015.29.10. № 376-V ҚР 

Заңымен

 3-тармақ өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) 

(

бұр.ред.қара

)

 

3. Инвестициялық басым жобаны іске асыруға арналған инвестициялық келісімшарттың қолданылуын 



мерзімінен  бұрын  тоқтату  жағдайлары  Қазақстан  Республикасының  инвестициялар  саласындағы 

заңнамасына сәйкес айқындалады. 

4.  Инвестициялық  басым  жобаны  іске  асыруға  арналған  инвестициялық  келісімшарттың  қолданысы 

мерзімінен  бұрын  тоқтатылған  жағдайда,  салықтар  бойынша  преференциялар  және  салық  заңнамасы 

тұрақтылығының кепілдігі оны жасасқан күннен бастап күшін жояды.  

Инвестициялық  келісімшарт  мерзімінен  бұрын  тоқтатылған  кезде  салық  төлеуші  инвестициялық 

келісімшарт бұзылған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей, осы инвестициялық келісімшарт 

жасалған  күннен  бастап  оны  бұзу  күнін  қоса  алғанда,  салық  кезеңдері  үшін  бюджетке  төленуге  жататын 

салықтар мен төлемдер сомаларын ұлғайтуды көздейтін қосымша салық есептілігін табыс етуге міндетті. 

  


152-2-бап. Инвестициялық басым жобаны іске асыратын ұйымға салық салу 

1. Инвестициялық басым жобаны іске асыратын және арнаулы салық режимін қолданбайтын ұйым: 

1) осы Кодекстің 

139-бабына

 сәйкес есептелген корпоративтік табыс салығын 100 пайызға азайтады; 

2)  топтардың  (кіші  топтардың)  құндық  баланстары  бойынша  амортизациялық  аударымдарды  осы 

Кодекстің 



120-бабының  2-тармағында

  белгіленген  амортизацияның  шекті  нормаларының  кемінде  50 

пайызы  мөлшерінде  амортизация  нормаларын  салық  кезеңінің  соңында  топтардың  (кіші  топтардың) 

осындай құндық баланстарына қолдану арқылы айқындайды. 

Осы  тармақтың  ережелері  инвестициялық  басым  жобаны  іске  асыруға  арналған  инвестициялық 

келісімшартта корпоративтік табыс салығын 100 пайызға азайту көзделген жағдайда қолданылады. 

Осы тармақтың қолданылуының шекті мерзімі: 

1) инвестициялық басым жобаны іске асыруға арналған инвестициялық келісімшарт жасалған жылдың 

1 қаңтарынан басталады; 

2) инвестициялық басым жобаны іске асыруға арналған инвестициялық келісімшарт жасалған жылдан 

кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап есептелетін қатарынан келетін он жылдан кешіктірмей аяқталады. 

2. Инвестициялық басым  жобаны іске асыратын ұйым инвестициялық басым жобаны іске асыру үшін 

пайдаланылатын  жер  учаскелері  бойынша  жер  салығын  есептеген  кезде  жер  салығының  тиісті 

мөлшерлемелеріне 0 коэффициентін қолданады. 

Осы  тармақтың  ережелері  инвестициялық  басым  жобаны  іске  асыруға  арналған  инвестициялық 

келісімшартта  жер  салығының  мөлшерлемелеріне  0  коэффициентін  қолдану  көзделген  жағдайда 

қолданылады. 

Осы тармақтың қолданылуының шекті мерзімі: 

1) инвестициялық басым жобаны іске асыруға арналған инвестициялық келісімшарт жасалған айдың 1 

күнінен басталады; 

2) инвестициялық басым жобаны іске асыруға арналған инвестициялық келісімшарт жасалған жылдан 

кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап есептелетін, қатарынан келетін он жылдан кешіктірмей аяқталады. 

Осы  тармақтың  бірінші  бөлігінің  ережелері  инвестициялық  басым  жобаны  іске  асыру  үшін 

пайдаланылатын жер учаскесін немесе оның бір бөлігін (ондағы үйлермен, құрылыстармен, ғимараттармен 

бірге  не  оларсыз)  мүліктік  жалдауға  (жалға  беруге),  өзге  де  негіздерде  пайдалануға  беру  жағдайларында 

қолданылмайды. 

3.  Инвестициялық  басым  жобаны  іске  асыратын  ұйым  Қазақстан  Республикасының  аумағында  алғаш 

рет  пайдалануға  берілген  объектілер  бойынша  мүлік  салығын  салық  базасына  0  пайыз  мөлшерлемесі 

бойынша есептейді. 

Осы тармақтың ережелері: 



2015.29.10.  №  376-V  ҚР 

Заңымен

  1)  тармақша  өзгертілді  (2016  ж.  1  қаңтардан  бастап  қолданысқа 

енгізілді) (

бұр.ред.қара

)

 

1)  халықаралық  қаржылық  есептілік  стандарттарына  және  Қазақстан  Республикасының  бухгалтерлік 



есеп  пен  қаржылық  есептілік  туралы  заңнамасының  талаптарына  сәйкес  негізгі  құралдар  құрамында 

ескерілетін  және  Қазақстан  Республикасының  инвестициялар  саласындағы  заңнамасына  сәйкес  жасалған 

инвестициялық  келісімшартқа  қосымша  болып  табылатын  жұмыс  бағдарламасында  көзделген  активтерге 

қатысты қолданылады; 

2)  инвестициялық  басым  жобаны  іске  асыруға  арналған  инвестициялық  келісімшартта  мүлік  салығын 

салық базасына 0 пайыз мөлшерлемесі бойынша есептеу көзделген жағдайда қолданылады. 

Осы тармақтың қолданылуының шекті мерзімі: 

1)  бірінші  актив  халықаралық  қаржылық  есептілік  стандарттарына  және  Қазақстан  Республикасының 

бухгалтерлік  есеп  пен  қаржылық  есептілік  туралы  заңнамасының  талаптарына  сәйкес  негізгі  құралдар 

құрамында ескерілген айдың 1 күнінен басталады; 

2)  бірінші  актив  халықаралық  қаржылық  есептілік  стандарттарына  және  Қазақстан  Республикасының 

бухгалтерлік  есеп  пен  қаржылық  есептілік  туралы  заңнамасының  талаптарына  сәйкес  негізгі  құралдар 

құрамында  ескерілген  жылдан  кейінгі  жылдың  1  қаңтарынан  бастап  есептелетін  қатарынан  келетін  сегіз 

жылдан кешіктірмей аяқталады. 

Осы  тармақтың  бірінші  бөлігінің  ережелері  салық  салу  объектілерін  пайдалануға,  сенімгерлікпен 

басқаруға немесе мүліктік жалдау (жалға беру) жағдайларында қолданылмайды. 

  

  

2015.03.12.  №  432-V  ҚР 



Заңымен

  5-бөлім  17-2-тараумен  толықтырылды  (2016  ж.  1  қаңтардан  бастап 

қолданысқа енгізілді) 

 

17-2-тарау. ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЖОБАНЫ ІСКЕ АСЫРАТЫН ҰЙЫМҒА 



САЛЫҚ САЛУ 

  

152-3-бап. Жалпы ережелер 

1. Осы Кодекстің мақсаттары үшін бір мезгілде мынадай шарттарға сай келетін заңды тұлға: 

1) Қазақстан Республикасының инвестициялар саласындағы заңнамасына сәйкес заңды тұлға: 



инвестициялық  стратегиялық  жобаның  іске  асырылуын  көздейтін  инвестицияларды  жүзеге  асыруға 

арналған инвестициялық келісімшартты 2015 жылғы 1 қаңтарға дейін; 

салықтар  бойынша  преференцияларды  көздейтін,  көрсетілген  инвестициялық  келісімшартқа  қосымша 

келісім жасаса; 

2)  заңды  тұлғаның  инвестициялық  стратегиялық  жоба  бойынша  жүзеге  асырылатын  қызметі 

инвестициялық  басым  жобаны  іске  асыру  үшін  айқындалған  басым  қызмет  түрлерінің  тізбесіне  сәйкес 

келсе; 

3)  заңды  тұлға  осы  Кодексте  көзделген  бөлек  салықтық  есеп  жүргізу  қағидаттарына  сәйкес, 



инвестициялық  стратегиялық  жоба  шеңберінен  тыс  алған  (шеккен)  кірістері  мен  шығыстарынан  бөлек, 

инвестициялық  стратегиялық  жоба  шеңберінде  берілген  объектілерді  пайдалану  кезінде  алған  (шеккен) 

кірістері мен шығыстары бойынша бөлек есеп жүргізсе, инвестициялық стратегиялық жобаны іске асыратын 

ұйым болып табылады. 

2.  Егер  Қазақстан  Республикасы  салық  заңнамасының  өзгерістері  және  (немесе)  толықтырулары 

салықтар,  алымдар  және  төлемдер  мөлшерлемелерін  ұлғайтуды  көздейтін  болса,  инвестициялық 

стратегиялық  жобаны  іске  асыратын  ұйым,  осы  Кодекстің  ережелеріне  сәйкес  салық  төлеуші  салық 

есептілігін  инвестициялық  стратегиялық  жобаны  іске  асыруға  байланысты  қызмет  бойынша  ұсынуға 

міндетті  болатын  салықтар  және  бюджетке  төленетін  басқа  да  міндетті  төлемдер  бойынша  салық 

міндеттемелерін  инвестициялық  стратегиялық  жоба  үшін  инвестициялық  преференцияларды  көздейтін 

инвестициялық  келісімшартқа  қосымша  келісім  жасасу  күні  қолданыста  болған  мөлшерлемелер  бойынша 

айқындайды. 

Осы  тармақтың  ережелері  осы  Кодекстің 


Каталог: upload -> medialibrary
upload -> Нұржан Қуантайұлы алаш Орда баспасөзі және жүсіпбек аймауытұЛЫ
upload -> Жансүгіров атындағы жму хабаршысы №4 /2012
upload -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
upload -> Л т т ы о а м д ы – с а я с и ж у р н а л журнал 1976 жылы Халықтар Достығы орденімен, 2002 жылы Қазақстан Журналистика Академиясының «Алтын Жұлдыз», 2008 жылы Қазақстан Журналистер Одағының сыйлығымен марапатталды
medialibrary -> «Мұнайшы» қоғамдық қоры
medialibrary -> Сақтау мерзімдерін көрсете отырып, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар қызметінде жасалатын үлгілік құжаттар тізбесін бекіту туралы
medialibrary -> Сақтау мерзімдерін көрсете отырып, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар қызметінде жасалатын үлгілік құжаттар тізбесін бекіту туралы

жүктеу 13.83 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   126




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет