Кодексі салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы



жүктеу 13.83 Mb.
Pdf просмотр
бет30/126
Дата28.04.2017
өлшемі13.83 Mb.
түріКодекс
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   126

  

2010.21.01. № 242-IV 

Заңымен

 140-бап өзгертілді (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) 

(

бұр.ред.қара

)

 

140-бап.  Салық  төлеушілердің  жекелеген  санаттарының  корпоративтік  табыс  салығын  есептеу 



және төлеу ерекшеліктері  

Ауыл  шаруашылығы  өнімін,  акваөсіру  (балық  өсіру  шаруашылығы)  өнімін  өндірушілер  және  ауыл 

шаруашылығы  кооперативтері  үшін  арнаулы  салық  режимін  қолданатын  салық  төлеуші  корпоративтік 

табыс салығын есептеуді осы Кодекстің 



451-бабында

 белгіленген ерекшеліктерді ескере отырып жүргізеді. 



  

141-бап. Аванстық төлемдер сомасын есептеу 

1. Егер осы баптың 2-тармағында өзгеше белгіленбесе, салық төлеушілер корпоративтік табыс салығы 

бойынша аванстық төлемдерді осы Кодексте белгіленген тәртіппен ағымдағы салық кезеңі ішінде есептейді 

және төлейді. 



2009.30.12  №  234-IV 

Заңымен

  2-тармақ  өзгертілді  (2010  жылғы  1  қаңтардан  қолданысқа  енгiзiлдi) 

(бұр.

ред

.қара)

 

2. Мыналар: 



2009.12.02.  №  133-ІV  ҚР 

Заңымен

  (2009  жылғы  1  қаңтардан  бастап  қолданысқа  енді)  (бұр.

ред

.қара); 

2009.16.11.  №  200-ІV  ҚР 

Заңымен

  (2010  ж.  1  қаңтардан  бастап  қолданысқа  енгiзiлді)  (бұр.

ред

.қара); 

2011.21.07. № 467-ІV ҚР 

Заңымен

 (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (

бұр.ред.қара



1) тармақша өзгертілді

 

1)  егер  осы  тармақта  өзгеше  көзделмесе,  түзетулер  ескеріле  отырып,  алдыңғы  салық  кезеңінің 



алдындағы салық кезеңіндегі жылдық жиынтық табысы Республикалық Бюджет туралы 

Заңда

 белгiленген 



және  алдыңғы  қаржы  жылының  алдындағы  қаржы  жылының  1  қаңтарында  қолданыста  болатын  айлық 

есептік көрсеткіштің 325000 еселенген мөлшеріне тең сомадан аспайтын салық төлеушілер;  



2009.16.11.  №  200-ІV  ҚР 

Заңымен

  2)  тармақша  өзгертілді  (2010  ж.  1  қаңтардан  бастап  қолданысқа 

енгiзiлді) (бұр.

ред

.қара) 

 

2)  егер  осы  баптың  11-тармағында  өзгеше  белгiленбесе,  жаңадан  құрылған  (пайда  болған)  салық 



төлеушілер - әділет органында мемлекеттік (есептік) тіркеу жүзеге асырылған салық кезеңі ішінде, сондай-

ақ кейінгі салық кезеңі ішінде

3)  салық  төлеушілер  ретінде  салық  органдарында  жаңадан  тіркелген  Қазақстан  Республикасында 

қызметін филиал, өкілдік құрмай, тұрақты  мекеме  арқылы  жүзеге  асыратын бейрезидент заңды тұлғалар  - 

салық  органдарында  тіркеу  жүзеге  асырылған  салық  кезеңі  ішінде,  сондай-ақ  кейінгі  салық  кезеңі  кезеңi 

iшiнде; 


2009.30.12  №  234-IV 

Заңымен

  4)  тармақшамен  толықтырылды  (2010  жылғы  1  қаңтардан  қолданысқа 

енгiзiлдi);  2011.19.01.  №  395-IV  ҚР 

Заңымен

  (2011  жылғы  1  қаңтардан  бастап  қолданысқа  енгізілді) 

(

бұр.ред.қара

); 2011.21.07. № 467-ІV ҚР 

Заңымен

 (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) 

(

бұр.ред.қара

) 4) тармақша өзгертілді

 

4) осы Кодекстiң 



134-бабы 1-тармағының

 талаптарына сай келетiн салық төлеушiлер



2011.19.01.  №  395-IV  ҚР 

Заңымен

  5)  тармақшамен  толықтырылды  (2011  жылғы  1  қаңтардан  бастап 

қолданысқа енгізілді); 2011.21.07. № 467-ІV ҚР 

Заңымен

 5) тармақша өзгертілді (2012 жылғы 1 қаңтардан 

бастап қолданысқа енгізілді) (

бұр.ред.қара

 

5) осы Кодекстiң 



135-1-бабының 1-тармағының

 талаптарына сай келетiн салық төлеушiлер; 



2011.21.07.  №  467-ІV  ҚР 

Заңымен

  6)  тармақшамен  толықтырылды  (2012  жылғы  1  қаңтардан  бастап 

қолданысқа енгізілді)

 

6) осы Кодекстің 



135-бабы 2 және 3-тармақтарының

 талаптарына сай келетін салық төлеушілер;  



2011.21.07.  №  467-ІV  ҚР 

Заңымен

  7)  тармақшамен  толықтырылды  (2012  жылғы  1  қаңтардан  бастап 

қолданысқа  енгізілді);  2014.28.11.  №  257-V  ҚР 

Заңымен

  7)  тармақша  өзгертілді  (2014  ж.  1  қаңтардан 

бастап қолданысқа енгізілді) (

бұр.ред.қара

 

7) осы Кодекстің 



150-бабы 1-тармағының

 талаптарына сай келетін салық төлеушілер; 



2014.28.11.  №  257-V  ҚР 

Заңымен

  8)  тармақшамен  толықтырылды  (2014  ж.  1  қаңтардан  бастап 

қолданысқа енгізілді)

 

8)  Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің  шешімімен  құрылған,  жарғылық  капиталына  мемлекет  жүз 



пайыз  қатысатын  және  Қазақстан  Республикасының  сауда  қызметін  реттеу  туралы  заңнамасына  сәйкес 

Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық мамандандырылған көрмені ұйымдастыру және өткізу 

жөніндегі  қызметті  жүзеге  асыратын  заңды  тұлға  корпоративтік  табыс  салығы  бойынша  аванстық 

төлемдерді  есептемейді  және  төлемейді,  оның  ішінде  алдыңғы  салық  кезеңі  үшін  корпоративтік  табыс 

салығы  жөніндегі  декларацияны  тапсырғанға  дейінгі  және  кейінгі  кезеңдері  үшін  төленуге  жататын 

корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомасының есеп-қисабын табыс етпейді. 

Осы  тармақшаның  ережелері  Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің  шешімімен  құрылған  заңды  тұлға 

әзірлеген  және  халықаралық  мамандандырылған  көрмені  өткізу  туралы  халықаралық  шарт  ережелерінің 

орындалуын  бақылау  үшін  құрылған  халықаралық  үкіметаралық  ұйым  бекіткен  тіркеу  дерекнамасында 

көрсетілген,  Қазақстан  Республикасының  аумағында  халықаралық  мамандандырылған  көрменің  аяқталу 

күніне тура келетін салық кезеңінен кейінгі салық кезеңдеріне қолданылмайды. 

2015.24.11.  №  422-V  ҚР 

Заңымен

  2-1-тармақпен  толықтырылды  (2016  ж.  1  қаңтардан  бастап 

қолданысқа енгізілді)

 

2-1.  Жылдық  жиынтық  табысты  айқындау  кезінде  осы  баптың  2-тармағы  1)  тармақшасының 



мақсаттары  үшін  мемлекеттік  ислам  арнайы  қаржы  компаниясының  осы  Кодекстің 

396-бабы  2-

тармағының 6) тармақшасында

 көрсетілген  жылжымайтын мүлікті  және осындай мүлік орналасқан  жер 

учаскелерін жалға тапсырудан және (немесе) өткізу кезінде алынған кірістері ескерілмейді. 

2009.30.12 № 234-IV 

Заңымен

 3-тармақ жаңа редакцияда (2009 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгiзiлдi) 

(бұр.

ред

.қара);  2015.03.12.  №  432-V  ҚР 

Заңымен

  3-тармақ  өзгертілді  (2016  ж.  1  қаңтардан  бастап 

қолданысқа енгізілді) (

бұр.ред.қара

 

3. Алдыңғы салық кезеңі үшін корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияны тапсырғанға дейiнгi 



кезеңде  төленуге  жататын,  осы  баптың  4  және  4-1-тармақтарына  сәйкес  есептелген  (есепке  жазылған) 

корпоративтік  табыс  салығы  бойынша  аванстық  төлемдер  сомасы  осы  Кодекстің 



142-бабының  2-

тармағында

  белгіленген  мерзімдерде  есепті  салық  кезеңінің  бірінші  тоқсанының  әрбір  айы  үшін  теңдей 

үлестермен төленеді. 

Алдыңғы салық кезеңi үшiн корпоративтiк табыс салығы жөніндегі декларацияны тапсырғанға дейiнгi 

кезең iшiнде төленуге жататын, осы баптың 6 және 7-тармақтарына сәйкес есептелген корпоративтiк табыс 

салығы  бойынша  аванстық  төлемдер  сомасы  есептi  салық  кезеңiнiң  екiншi,  үшiншi,  төртiншi  тоқсандары 

iшiнде теңдей үлестермен төленедi. 

Осы  баптың  8-тармағына  сәйкес  жүргiзiлетiн  корпоративтiк  табыс  салығы  бойынша  аванстық 

төлемдердiң  түзетiлген  сомасы  корпоративтiк  табыс  салығы  бойынша  аванстық  төлемдердi  төлеу  мерзiмi 

басталмаған есептi салық кезеңiнiң айларына тең бөлiнедi. 



2008.10.12   № 100-IV ҚР Заңның 

16 бабына

 сәйкес 141-баптың 4-тармағының қолданылуы 2012 жылғы 1 

қаңтарға дейін тоқтатылды; 2015.03.12. № 432-V ҚР 

Заңымен

 4-тармақ өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан 

бастап қолданысқа енгізілді) (

бұр.ред.қара

 

4.  Алдыңғы  салық  кезеңі  үшін  корпоративтік  табыс  салығы  бойынша  декларацияны  табыс  еткенге 



дейінгі  кезең  ішінде  төлеуге  жататын  корпоративтік  табыс  салығы  бойынша 

аванстық  төлемдер 

сомасының

 есеп-қисабы есепті салық кезеңінің бірінші тоқсаны үшін есепті салық кезеңінің 20 қаңтарынан 

кешіктірілмей, салық төлеуші орналасқан жердегі салық органына табыс етіледі. 

Алдыңғы салық кезеңі үшін корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияны табыс еткенге дейінгі 

кезең ішінде төлеуге жататын корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомасы өткен салық 

кезеңі  үшін  аванстық  төлемдер  сомаларының  есеп-қисабында  есептелген  аванстық  төлемдердің  жалпы 

сомасының төрттен бірі мөлшерінде есептеледі. 

Егер  салық  төлеуші  алдыңғы  салық  кезеңі  үшін  корпоративтік  табыс  салығы  бойынша  декларация 

тапсырғанға  дейінгі  кезеңде  төленуге  жататын  корпоративтік  табыс  салығы  бойынша  аванстық  төлемдер 

сомасын есептеуде аванстық төлемдер сомасын төмендетсе, салық органы көрсетілген кезең үшін аванстық 

төлемдер  сомасын  есепке  жазуды  осы  тармақтың  екінші  бөлігінде  белгіленген  тәртіппен  айқындалған 

аванстық  төлемдер  сомасы  мен  осындай  есептеуде  көрсетілген  аванстық  төлемдер  сомасы  арасындағы  оң 

айырма  мөлшерінде  осы  Кодекстің 

142-бабының  2-тармағында

  белгіленген  төлеу  мерзімдері  бойынша 

жүргізуге құқылы. 

2009.30.12  №  234-IV 

Заңымен

  4-1-тармақпен  толықтырылды  (2010  жылғы  1  қаңтардан  қолданысқа 

енгiзiлдi)

 

4-1.  Егер  салық  төлеушi  алдыңғы  салық  кезеңiнде  корпоративтiк  табыс  салығы  бойынша  аванстық 



төлемдердi  есептемесе,  алдыңғы  салық  кезеңi  үшiн  корпоративтiк  табыс  салығы  жөніндегі  декларацияны 

тапсырғанға  дейiнгi  кезең  iшiнде  төленуге  жататын  корпоративтiк  табыс  салығы  бойынша  аванстық 

төлемдер  сомасы  ағымдағы  салық  кезеңi  үшiн  корпоративтiк  табыс  салығының  болжамды  сомасы  негiзге 

алына отырып есептеледi. 

5.  Алдыңғы  салық  кезеңі  үшін  корпоративтік  табыс  салығы  бойынша  декларацияны  табыс  еткеннен 

кейінгі  кезең  ішінде  төлеуге  жататын  корпоративтік  табыс  салығы  бойынша 



аванстық  төлемдер 

сомасының

 есеп-қисабын есепті салық кезеңінің екінші, үшінші, төртінші тоқсандары үшін салық төлеуші 

оны табыс еткен күннен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде табыс етеді. 

2008.10.12   №  100-IV  ҚР  Заңның 

16  бабына

  сәйкес  141-бабы  6-тармағының

 

қолданылуы  2012  жылғы  1 

қаңтарға дейін тоқтатылды

 

6.  Алдыңғы  салық  кезеңі  үшін  корпоративтік  табыс  салығы  бойынша  декларацияны  табыс  еткеннен 



кейінгі кезең үшін төлеуге  жататын корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомасы осы 

Кодекстің 



139-бабының  1-тармағына

  және 


199-бабына

  сәйкес  өткен  салық  кезеңі  үшін  есептелген 

корпоративтік табыс салығы сомасының төрттен үші мөлшерінде есептеледі. 

2009.30.12  №  234-IV 

Заңымен

  7-тармақ  өзгертілді  (2009  жылғы  1  қаңтардан  қолданысқа  енгiзiлдi) 

(бұр.

ред

.қара)

 

7. Корпоративтiк табыс салығы бойынша аванстық төлемдердi есептеу және төлеу бойынша осы бапта 



көзделген  мiндеттілік  қолданылатын,  алдыңғы  салық  кезеңінің  қорытындылары  бойынша  залал  шеккен 

немесе  салық  салынатын  табысы  жоқ  салық  төлеушілер  алдыңғы  салық  кезеңі  үшін  корпоративтік  табыс 

салығы бойынша декларацияны табыс еткен күннен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде салық органына 

ағымдағы  салық  кезеңіндегі  корпоративтік  табыс  салығының  болжамды  сомасын  негізге  ала  отырып, 

аванстық төлемдер сомасының есеп-қисабын табыс етуге міндетті. 

2009.30.12  №  234-IV 

Заңымен

  8-тармақ  өзгертілді  (2009  жылғы  1  қаңтардан  қолданысқа  енгiзiлдi) 

(бұр.

ред

.қара)

 

8.  Салық  төлеушiлер  есептi  салық  кезеңi  iшiнде  алдыңғы  салық  кезеңi  үшiн  корпоративтiк  табыс 



салығы бойынша декларация тапсырғанға дейiнгi кезең үшiн төлеуге жататын корпоративтiк табыс салығы 

бойынша  аванстық  төлемдер  сомасының  қосымша  есеп-қисабын  қоспағанда,  корпоративтiк  табыс  салығы 

бойынша  аванстық  төлемдер  сомасының  қосымша  есеп-қисабын  табыс  етуге  құқылы.  Бұл  ретте,  алдыңғы 

салық  кезеңi  үшiн  корпоративтiк  табыс  салығы  бойынша  декларация  тапсырғаннан  кейiнгi  кезең  үшiн 

төлеуге  жататын  корпоративтiк  табыс  салығы  бойынша  аванстық  төлемдер  сомасының  қосымша  есеп-

қисабы  есептi  салық  кезеңіндегі  табыстың  болжамды  сомасын  негiзге  ала  отырып  жасалады  және 

корпоративтiк  табыс  салығы  бойынша  аванстық  төлемдердi  төлеу  мерзiмi  басталмаған  есептi  салық 

кезеңiнiң айлары үшiн табыс етiледi. 

Корпоративтік  табыс  салығы  бойынша  аванстық  төлемдер  сомасының  қосымша  есеп-қисаптарында 

көрсетілген түзетулер ескеріле отырып, алдыңғы салық кезеңі үшін корпоративтік табыс салығы бойынша 

декларацияны  табыс  еткеннен  кейінгі  кезең  үшін  төлеуге  жататын  корпоративтік  табыс  салығы  бойынша 

аванстық төлемдер сомасының теріс мәні болмауы керек.  

Алдыңғы  салық  кезеңі  үшін  корпоративтік  табыс  салығы  бойынша  декларацияны  табыс  еткеннен 

кейінгі  кезең  үшін  төлеуге  жататын  корпоративтік  табыс  салығы  бойынша  аванстық  төлемдер  сомасының 

қосымша есеп-қисабы салық кезеңінің 20 желтоқсанынан кешіктірілмей табыс етілуі мүмкін. 

2009.16.11. № 200-ІV ҚР 

Заңымен

  9-тармақ  жаңа  редакцияда  (2009  ж.  1  қаңтардан  бастап  қолданысқа 

енгiзiлді) (бұр.

ред

.қара) 

 


9. Алдыңғы салық кезеңi үшiн корпоративтiк табыс салығы бойынша декларацияны табыс ету мерзiмiн 

ұзарту кезiнде: 

1)  алдыңғы  салық  кезеңi  үшiн  корпоративтiк  табыс  салығы  бойынша  декларацияны  тапсырғаннан 

кейiнгi кезең үшiн төленуге жататын корпоративтiк табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомасы осы 

баптың 6-тармағында белгiленген тәртiппен, оның iшiнде алдыңғы салық кезеңi үшiн корпоративтiк табыс 

салығы бойынша декларацияны табыс ету мерзiмi ұзартылған кезең үшiн есептеледi; 

2)  салық  төлеушi  алдыңғы  салық  кезеңi  үшiн  корпоративтiк  табыс  салығы  бойынша  декларацияны 

тапсырғаннан  кейiнгi  кезең  үшiн  төленуге  жататын  аванстық  төлемнiң  болжамды  сомасын  негiзге  ала 

отырып, көрсетiлген декларацияны табыс ету мерзiмi ұзартылатын кезең үшiн аванстық төлемнiң сомасын 

төлейдi. 

Көрсетiлген декларацияны  табыс ету мерзiмi ұзартылатын  кезең үшiн аванстық  төлемдердiң алдыңғы 

салық  кезеңiне  арналған  корпоративтiк  табыс  салығы  бойынша  декларацияны  тапсырғаннан  кейiнгi  кезең 

үшiн  төленуге  жататын  корпоративтiк  табыс  салығы  бойынша  аванстық  төлемдер  сомасының  есебiмен 

есептелген  сомасы  мен  алдыңғы  салық  кезеңi  үшiн  корпоративтiк  табыс  салығы  бойынша  декларацияны 

табыс  ету  мерзiмi  ұзартылатын  кезең  үшiн  төленген  аванстық  төлем  сомасы  арасындағы  оң  айырма 

корпоративтiк табыс салығы бойынша аванстық төлем жөніндегі берешек деп танылады. 

10. 2009.30.12 № 234-IV 

Заңымен

 алып тасталды



 (бұр.

ред

.қара)



2009.16.11.  №  200-ІV  ҚР 



Заңымен

  11-тармақпен  толықтырылды  (2010  ж.  1  қаңтардан  бастап 

қолданысқа енгiзiлді) 

 

11. Бөлiну немесе бөлiнiп шығу жолымен қайта құрылу нәтижесiнде жаңадан пайда болған заңды тұлға 



осындай  қайта  ұйымдастырылу  жүзеге  асырылған  салық  кезеңiнде,  сондай-ақ  егер  бөлiну  немесе  бөлiнiп 

шығу  жолымен  қайта  ұйымдастырылған  заңды  тұлға  осындай  қайта  ұйымдастырылу  жүзеге  асырылған 

салық  кезеңiнде  корпоративтiк  табыс  салығын  есептеген  жағдайда,  келесi  екi  салық  кезеңi  iшiнде 

корпоративтiк табыс салығы бойынша аванстық төлемдердi есептейдi. 

Бөлiну  немесе  бөлiнiп  шығу  жолымен  қайта  ұйымдастырылу  жүзеге  асырылған  салық  кезеңiнде, 

сондай-ақ келесi екi салық кезеңi iшiнде алдыңғы салық кезеңi үшiн корпоративтiк табыс салығы бойынша 

декларацияны  табыс  еткенге  дейiнгi  және  одан  кейiнгi  кезең  үшiн  төленуге  жататын  корпоративтiк  табыс 

салығы бойынша аванстық төлемдер сомасын бөлiну немесе бөлiнiп шығу жолымен қайта ұйымдастырылу 

нәтижесiнде  жаңадан  пайда  болған  заңды  тұлға  ағымдағы  салық  кезеңi  үшiн  корпоративтiк  табыс 

салығының болжамды сомасын негiзге ала отырып есептейдi. 



2013.05.12. № 152-V ҚР 

Заңымен

 12-тармақпен толықтырылды (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа 

енгізілді) 

 

12. Осы баптың ережелері осы Кодекстің 



51-2-бабында

 көрсетілген салық  төлеуші сот бекіткен қайта 

құрылымдау  жоспарына  сәйкес  кредиторлар  алдындағы  міндеттемелерін  қайта  құрылымдауды  жүзеге 

асыратын салық кезеңі ішінде осындай салық төлеушіге қолданылмайды. 

  

142-бап. Корпоративтік табыс салығын төлеу мерзімдері мен тәртібі 

1. Салық төлеушілер корпоративтік табыс салығын төлеуді орналасқан жері бойынша жүзеге асырады. 

Қазақстан  Республикасында  қызметін  тұрақты  мекеме  арқылы  жүзеге  асыратын  бейрезидент  заңды 

тұлғалар корпоративтік табыс салығын төлеуді тұрақты мекеменің орналасқан жері бойынша жүргізеді. 



2009.30.12  №  234-IV 

Заңымен

  2-тармақ  өзгертілді  (2009  жылғы  1  қаңтардан  қолданысқа  енгiзiлдi) 

(бұр.

ред

.қара)

 

2.  Осы  Кодекстің 



141-бабының  1-тармағында

  көрсетілген  салық  төлеушілер  корпоративтік  табыс 

салығы  бойынша  аванстық  төлемдерді  бюджетке  осы  Кодекстің 

148-бабында

  белгіленген  салық  кезеңі 

ішінде,  осы  Кодекстің 

141-бабына

  сәйкес  айқындалған  мөлшерде  әр  айдың  25-інен  кешіктірмей,  әрбір  ай 

үшiн енгізуге міндетті. 

3.  Салық  кезеңі  ішінде  бюджетке  енгізілген  аванстық  төлемдер  сомасы  есепті  салық  кезеңі  үшін 

корпоративтік табыс салығы жөніндегі декларация бойынша есептелген корпоративтік табыс салығын төлеу 

есебіне есепке жатқызылады. 

Салық төлеуші салық кезеңінің қорытындысы бойынша корпоративтік табыс салығы бойынша төлемді 

декларация табыс ету үшін белгіленген мерзімнен кейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей жүзеге асырады. 

  

  

15-тарау. ТӨЛЕМ КӨЗІНЕН ҰСТАЛАТЫН КОРПОРАТИВТІК ТАБЫС САЛЫҒЫ 



  

143-бап. Төлем көзінен ұсталатын табыстар 

1. Төлем көзінен ұсталатын табыстарға, егер осы баптың 



2-тармағында

 өзгеше көзделмесе, мыналар: 



2009.12.02.  №  133-ІV  ҚР 

Заңымен

  1)  тармақша  жаңа  редакцияда  (2009  жылғы  1  қаңтардан  бастап 

қолданысқа енді) (бұр.

ред

.қара)

 

1) Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғасы, Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты 



мекеме  арқылы  жүзеге  асыратын  бейрезидент  заңды  тұлға  Қазақстан  Республикасының  резидент  заңды 

тұлғасына,  Қазақстан  Республикасында  қызметін  тұрақты  мекеме  арқылы  жүзеге  асыратын  бейрезидент 

заңды тұлғаға төлейтін ұтыстар


2009.30.12  №  234-IV 

Заңымен

  2)  тармақша  өзгертілді  (2010  жылғы  1  қаңтардан  қолданысқа  енгiзiлдi) 

(бұр.

ред

.қара)

 

2)  осы  тармақтың  2-1)  тармақшасында  көрсетiлгендердi  қоспағанда,  бейрезиденттердiң  осы  Кодекстiң 



192-бабына

  сәйкес  айқындалатын,  осындай  бейрезиденттердiң  тұрақты  мекемесімен  байланысты  емес 

Қазақстан Республикасындағы көздерден алған табыстары; 

2009.30.12 № 234-IV 

Заңымен

  2-1)  тармақшамен  толықтырылды  (2010  жылғы  1  қаңтардан  қолданысқа 

енгiзiлдi)

 

2-1) осы Кодекстiң 



192-бабы

 1-тармағының 9) тармақшасында көрсетiлген, бейрезиденттiң филиалына, 

өкiлдiгiне немесе тұрақты мекемесiне төленетiн табыстар; 

2009.12.02.  №  133-ІV  ҚР 

Заңымен

  3)  тармақша  жаңа  редакцияда  (2009  жылғы  1  қаңтардан  бастап 

қолданысқа  енді)  (бұр.

ред

.қара);  2014.28.11.  №  257-V  ҚР 


Каталог: upload -> medialibrary
upload -> Нұржан Қуантайұлы алаш Орда баспасөзі және жүсіпбек аймауытұЛЫ
upload -> Жансүгіров атындағы жму хабаршысы №4 /2012
upload -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
upload -> Л т т ы о а м д ы – с а я с и ж у р н а л журнал 1976 жылы Халықтар Достығы орденімен, 2002 жылы Қазақстан Журналистика Академиясының «Алтын Жұлдыз», 2008 жылы Қазақстан Журналистер Одағының сыйлығымен марапатталды
medialibrary -> «Мұнайшы» қоғамдық қоры
medialibrary -> Сақтау мерзімдерін көрсете отырып, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар қызметінде жасалатын үлгілік құжаттар тізбесін бекіту туралы
medialibrary -> Сақтау мерзімдерін көрсете отырып, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар қызметінде жасалатын үлгілік құжаттар тізбесін бекіту туралы

жүктеу 13.83 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   126




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет