Кодексі салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы


-бап. Төленген күмәнді міндеттемелер бойынша шегерім



жүктеу 13.83 Mb.
Pdf просмотр
бет24/126
Дата28.04.2017
өлшемі13.83 Mb.
түріКодекс
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   126

  

104-бап. Төленген күмәнді міндеттемелер бойынша шегерім  

Егер салық төлеуші бұрын табыс деп танылған күмәнді міндеттемелерді кредит берушіге төлесе, онда 

жүргізілген  төлемнің  шамасында  шегерім  жасауға  жол  беріледі.  Мұндай  шегерім  төлем  жасалған  салық 

кезеңінде бұрын табысқа жатқызылған шама шегінде жүргізіледі. 

Осы бапта көзделген шегерімдерге жатқызу тәртібі осы Кодекстің 

88-бабына

 сәйкес бұрын табыс деп 

танылған міндеттемелерді төлеген жағдайда да қолданылады.  

  

105-бап. Күмәнді талаптар бойынша шегерім 

2012.26.12.  №  61-V  ҚР 

Заңымен

  1-тармақ  жаңа  редакцияда  (2013  ж.  1  қаңтардан  бастап  қолданысқа 

енгізілді) (

бұр.ред.қара

)

 

1. Егер осы тармақта  өзгеше  белгіленбесе, заңды тұлғалар мен дара  кәсіпкерлерге, сондай-ақ тұрақты 



мекеме, филиал, өкілдік арқылы Қазақстан Республикасында қызметін жүзеге асыратын бейрезидент заңды 

тұлғаларға  тауарлар  өткізу,  жұмыстар  орындау,  қызметтер  көрсету  нәтижесінде  туындаған  талаптар  және 

талаптар туындаған кезден бастап үш жыл ішінде қанағаттандырылмаған талаптар күмәнді талаптар болып 

танылады.  Өткізілген  тауарлар,  орындалған  жұмыстар,  көрсетілген  қызметтер  бойынша  туындаған  және 

салық төлеуші-дебиторды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес банкрот деп тануға байланысты 

қанағаттандырылмаған талаптар да күмәнді талаптар болып танылады. 

Осы Кодекстің 

106-бабының  1-тармағына

  сәйкес  провизиялар  (резервтер)  құру  жөніндегі  шығыстар 

сомасын шегеруге құқығы бар салық төлеушілердің 2012 жылғы 31 желтоқсаннан кейін аударылған: 

1)  басқа  банктерде  орналастырылған  корреспонденттік  шоттардағы  қалдықтарды  қоса  алғанда, 

депозиттер бойынша сыйақыларды; 

2)  басқа  банктер  мен  клиенттерге  берілген  кредиттер  (қаржы  лизингін  қоспағанда)  бойынша 

сыйақыларды; 

3) құжаттамалық есеп-қисаптар мен кепілдіктер бойынша дебиторлық берешекті; 



4)  өтелмеген  аккредитивтер,  шығарылған  немесе  расталған  кепілдіктер  бойынша  шартты 

міндеттемелерді төлеу жөніндегі талаптары күмәнді талаптар болып танылмайды. 

2. Осы Кодекске сәйкес күмәнді деп танылған талаптар шегерімге жатады. 

Салық  төлеушінің  күмәнді  талаптарды  шегерімге  жатқызуы  бір  мезгілде  мынадай  талаптар  сақталған 

кезде жүргізіледі: 

1) талаптар туындауын растайтын құжаттардың болуы

2)  шегерімдерге  жатқызу  кезіне  бухгалтерлік  есепте  талаптардың  көрсетілуі  не  осындай  талаптарды 

алдыңғы кезеңдердегі бухгалтерлік есептегі шығыстарға (есептен шығаруға) жатқызу. 



2014.07.03. № 177-V ҚР 

Заңымен

 3-тармақ жаңа редакцияда (

бұр.ред.қара

 

3. Дебитор банкрот деп танылған жағдайда, осы баптың 2-тармағында көрсетiлген құжаттардан басқа, 



оған  қосымша  банкроттық  рәсімінің  аяқталғаны  туралы  сот  ұйғарымы  көшiрмесiнiң  болуы  қажет.  Салық 

төлеушi  жоғарыда  көрсетiлген  шарттар  сақталған  кезде,  банкроттық  рәсімінің  аяқталғаны  туралы  сот 

ұйғарымы  күшiне  енген  салық  кезеңiнiң  қорытындылары  бойынша  күмәндi  талаптың  сомасын  шегерiмге 

жатқызуға құқылы. 

4.  Күмәнді  талаптар  бұрын  тауарлар  өткізуден,  жұмыстар  орындаудан,  қызметтер  көрсетуден  түсетін 

табыс деп танылған табыстың мөлшері шегінде шегерімге жатқызылады.  



  

2013.05.12. № 152-V ҚР 

Заңымен

 105-1-баппен толықтырылды (2012 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа 

енгізілді) 

 

105-1-бап. Сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымының шегерімдері  

1.  Сақтандыру,  қайта  сақтандыру  ұйымы  мынадай  есептелген  шығыстарды  шегерімге  жатқызуға 

құқылы: 


1) сақтандыру, қайта сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру төлемдері; 

2) Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес қайтаруға жататын (қайтарылған) сатып 

алу сомалары мен сақтандыру сыйлықақылары (жарналар); 

3)  қайта  сақтандыру  шарттары  бойынша  қайта  сақтандырушыға  төленуге  жататын  (төленген) 

сақтандыру сыйлықақылары (жарналар); 

4) осы Кодекстің 



106-бабының 2-тармағына

 сәйкес сақтандыру, қайта сақтандыру шарттары бойынша 

сақтандыру резервтерін құру жөніндегі шығыстар

5)  сақтандыру,  қайта  сақтандыру  шарттары  бойынша  сақтандыру  агенттеріне  және  сақтандыру 

брокерлеріне төлемдер; 

6)  сақтандыру,  қайта  сақтандыру  ұйымының  табыс  алуға  бағытталған  қызметіне  байланысты  өзге 

шығыстары. 

2.  Осы  баптың  ережелері  сақтандыру,  қайта  сақтандыру  шарттары  бойынша  табыс  халықаралық 

қаржылық  есептілік  стандарттарына  және  Қазақстан  Республикасының  бухгалтерлік  есеп  пен  қаржылық 

есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес 2012 жылғы 1 қаңтарға дейін толық мөлшерде танылған 

осындай шарттарға қолданылмайды. 

3.  2012  жылғы  1  қаңтарға  дейін  күшіне  енген  жинақтаушы  сақтандыру,  қайта  сақтандыру  шарты, 

жинақтаушы  емес  сақтандыру,  өмірді  қайта  сақтандыру  шарты  бойынша  сақтандыру  жарналары  түріндегі 

табыстар халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік 

есеп  пен  қаржылық  есептілік  туралы  заңнамасының  талаптарына  сәйкес,  оның  ішінде  2011  жылғы  31 

желтоқсаннан кейін танылатын осындай шарттар бойынша: 

1)  осы  баптың  1-тармағының  1)  және  2)  тармақшаларында  көрсетілген  шығыстарды  шегеру  мынадай 

формула бойынша айқындалады: 

Р * (А/Б), мұнда: 

Р - есепті салық кезеңінде төлеуге жататын (төленген) шығыстар; 

А - 2011 жылғы 31 желтоқсаннан кейін есепті салық кезеңінде шығыстарды есептеу күніне дейін алуға 

жататын (алынған) сақтандыру жарналары; 

Б  -  шарттың  күшіне  енген  күнінен  бастап  есепті  салық  кезеңінде  шығыстарды  есептеу  күніне  дейін 

алуға жататын (алынған) сақтандыру жарналары; 

2)  осы  баптың  1-тармағының  3)  тармақшасында  көрсетілген  шығыстарды  шегеру  халықаралық 

қаржылық  есептілік  стандарттарына  және  Қазақстан  Республикасының  бухгалтерлік  есеп  пен  қаржылық 

есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап танылған сақтандыру 

сыйлықақысы (жарна) түріндегі табыс сомасынан аспауға тиіс. 

  

2009.13.02. 

№ 135-ІV

 ҚР Заңымен 106-бап редакцияда жазылды (бұр.

ред

.қара)

 

106-бап. Резервтік қорларға аударымдар бойынша шегерімдер 



2011.21.07 № 467-IV ҚР 

Заңына

 сәйкес 1-тармағының қолданысы 2009 ж. 1 қаңтардан бастап 2013 ж. 1 

қаңтарға дейін тоқтатылды, тоқтата тұру кезеңінде Заңның 2-бабының редакциясында қолданылады

 

2009.30.12 № 234-IV 



Заңымен

 (2009 ж. 1 қаңтардан қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.

ред

.қара); 2012.05.07. № 30-

V  ҚР 

Заңымен

  (

бұр.ред.қара

)  1-тармақ  өзгертілді;  2012.26.12.  №  61-V  ҚР 

Заңымен

  1-тармақ  жаңа 

редакцияда  (2013  ж.  1  қаңтардан  бастап  қолданысқа  енгізілді)  (

бұр.ред.қара

);  2014.07.03.  №  177-V  ҚР 

Заңымен

  (2013  ж.  1  қаңтардан  бастап  қолданысқа  енгізілді)  (

бұр.ред.қара

);  2014.02.07.  №  225-V  ҚР 

Заңымен

 (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді  және 2020 ж. 1 қаңтарға дейін қолданыста 

болады)  (

бұр.ред.қара

);  2015.27.04.  №  311-V  ҚР 

Заңымен

  (2015  ж.  1  қаңтардан  бастап  қолданысқа 

енгізілді және 2020 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылады) (

бұр.ред.қара

) 1-тармақ өзгертілді

 

1. Акцияларының бақылау пакеті ұлттық басқарушы холдингке тиесілі ұлттық даму институты болып 



табылатын  банкті  қоспағанда,  егер  осы  Кодекстің 

90-бабының  2-1-тармағында

  өзгеше  белгіленбесе, 

банктердің  халықаралық  қаржылық  есептілік  стандарттарына  және  Қазақстан  Республикасының 

бухгалтерлік  есеп  пен  қаржылық  есептілік  туралы 



заңнамасының

  талаптарына  сәйкес  және  уәкілетті 

органның  келісімі  бойынша  Қазақстан  Республикасының  Ұлттық  Банкі  бекіткен  тәртіппен  құрылған 

провизиялар (резервтер) бойынша шығыстар сомасын шегеруге құқығы бар.  

Провизиялар  (резервтер)  сомасын  айқындау  кезiнде  кепiлдiң  және  басқа  қамтамасыз  етудiң  құны 

қаржылық  есептiлiктiң  халықаралық  стандарттарына  және  Қазақстан  Республикасының  бухгалтерлiк  есеп 

пен  есептiлiк  туралы 

заңнамасының

  талаптарына  сәйкес  уәкiлеттi  органмен  келiсу  бойынша  Қазақстан 

Республикасының  Ұлттық  Банкi  бекіткен  провизиялар  (резервтер)  құру  қағидаларында  белгіленген 

жағдайларда  және  тәртіппен өздерiне  қарсы провизия  (резерв)  құрылатын активтің, шартты  міндеттеменің 

мөлшерін азайтады. 

Кепілдің және басқа қамтамасыз етудің құнын айқындау 



тәртібін

 уәкілетті органның келісімі бойынша 

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілейді.  

Осы  тармақтың  ережелері,  өзара  байланысты  тараптардың  пайдасына  не  өзара  байланысты 

тараптардың  мiндеттемелерi  бойынша  үшiншi  тұлғаларға  берiлген  активтер  мен  шартты  мiндеттемелердi 

қоспағанда, мынадай активтерге, шартты міндеттемелерге: 

1)  басқа  банктерде  орналастырылған  корреспонденттік  шоттардағы  қалдықтарды  қоса  алғанда, 

депозиттерге,  сондай-ақ  осындай  депозиттер  бойынша  2012  жылғы  31  желтоқсаннан  кейін  есептелген 

сыйақыларға;  

2)  басқа  банктер  мен  клиенттерге  берілген  кредиттерге  (қаржы  лизингін  қоспағанда),  сондай-ақ 

осындай кредиттер бойынша 2012 жылғы 31 желтоқсаннан кейін есептелген сыйақыларға;  

3) құжаттамалық есеп-қисаптар мен кепілдіктер бойынша дебиторлық берешекке; 

4)  өтелмеген  аккредитивтер,  шығарылған  немесе  расталған  кепілдіктерге  қарсы  провизиялар 

(резервтер) бойынша қолданылады. 

Осы тармақтың ережелері:  

өзіне қатысты сот шешімімен қайта құрылымдау жүргізілген, дауыс беретін акцияларының 90 пайыздан 

астамы 2013 жылғы 31 желтоқсанда ұлттық басқарушы холдингке тиесілі банктің; 

өзіне қатысты сот шешімімен қайта құрылымдау жүргізілген, дауыс беретін акцияларының 90 пайыздан 

астамы  2013  жылғы  31  желтоқсанда  ұлттық  басқарушы  холдингке  тиесілі,  бұрын  банк  болып  табылған 

заңды тұлғаның пайдасына  берілген активтер мен шартты  міндеттемелерге  қарсы  провизиялар (резервтер) 

бойынша да қолданылады. 

2012.26.12. № 61-V ҚР 

Заңымен

 1-1-тармақпен толықтырылды (2012 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа 

енгізілді және 2018 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылады) 

 

1-1. 2012 жылғы 1 қаңтарға дейін берілген және күмәндi және үмiтсiз активтер деп танылған кредиттер 



(қарыздар)  бойынша  банктердiң  талап  ету  құқықтарын  сатып  алуға  банктiң  еншiлес  ұйымына  берiлген 

күмәндi  және  үмiтсiз  активтерге  қарсы  провизияларды  (резервтердi)  құру  шығыстарының  сомаларын 

банктердiң шегеруге құқығы бар. 

Бас банктiң күмәндi және үмiтсiз активтерiн сатып алатын еншiлес ұйымды құруға немесе сатып алуға 

берiлген  рұқсаттар  тiзбесi  Қазақстан  Республикасы  Ұлттық  Банкiнiң 

нормативтiк  құқықтық  актiсiмен

 

айқындалады. 



Бұл  ретте  қаржылық  есептіліктің  халықаралық  стандарттарына  және  Қазақстан  Республикасының 

бухгалтерлік  есеп  пен  есептілік  туралы  заңнамасы  талаптарына  сәйкес  күмәндi  және  үмiтсiз  активтер  деп 

танылған кредиттер (қарыздар) бойынша талап ету құқықтарын бас банктен сатып алуға бас банктің еншiлес 

ұйымға берген күмәндi немесе үмiтсiз активтерге қарсы провизиялар (резервтер) құру жөніндегі шығыстар 

сомасы шегерiмге жатады. 

Банктердiң  еншiлес  ұйымдарға  күмәндi  және  үмiтсiз  активтер  деп  танылған  кредиттер  (қарыздар) 

бойынша  талап  ету  құқықтарын  сатып  алуға  берген  активтерiн  күмәндi  және  үмiтсiз  активтер  санатына 

жатқызу  тәртiбiн,  сондай-ақ  бас  банктердiң  еншiлес  ұйымдарға  берген  активтерiне  қарсы  провизияларды 

(резервтердi) қалыптастыру 

тәртiбiн

 уәкiлеттi органмен келiсе отырып Қазақстан Республикасының Ұлттық 

Банкi белгiлейдi. 

Екiншi  деңгейдегi  банктердiң  кредиттiк  портфельдерiнiң  сапасын  жақсартуға  маманданған,  дауыс 

беретiн  акцияларының  жүз  пайызы  Қазақстан  Республикасының  Ұлттық  Банкiне  тиесiлi  ұйымнан  сатып 

алынған күмәндi және үмiтсiз активтерге қарсы провизиялар (резервтер) құру жөніндегі шығыстар сомасын 

банктер шегерiмге жатқызуға құқылы емес. 

2012.26.12. № 61-V ҚР 

Заңымен

 1-2-тармақпен толықтырылды (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа 

енгізілді) 

 

1-2. Акцияларының бақылау пакеті ұлттық басқарушы холдингке тиесілі ұлттық даму институты болып 



табылатын  банктерді  қоспағанда,  банктердің  есепті  салық  кезеңінің  соңында  айқындалған  серпінді  резерв 

мөлшері  мен  өткен  салық  кезеңінің  соңында  айқындалған  серпінді  резерв  мөлшерінің  арасындағы  оң 

айырма сомасын шегеруге құқығы бар. 



1-2-тармақтың  екінші  абзацының  қолданылуы  2013  ж.  1  қаңтардан  2017  ж.  1  қаңтарға  дейінгі  кезеңге 

тоқтатылды  және  тоқтатыла  тұру  кезеңінде  бұл  абзац  2014.07.03.  №  177-V  ҚР  Заңның 

4-бабының

 

редакциясында қолданылады (

бұр.ред.қара

)

 

Серпінді  резервтің  мөлшері  уәкілетті  органмен  келісу  бойынша  Қазақстан  Республикасының  Ұлттық 



Банкі белгілеген тәртіппен айқындалады. 

2012.26.12. № 61-V ҚР 

Заңымен

 1-3-тармақпен толықтырылды (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа 

енгізілді);  2014.07.03.  №  177-V  ҚР 

Заңымен

  1-3-тармақ  өзгертілді  (2013  ж.  1  қаңтардан  бастап 

қолданысқа енгізілді) (

бұр.ред.қара

 

1-3.  Банктік  қарыз  операцияларын  жүргізуге  арналған  лицензия  негізінде  банк  операцияларының 



жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың: 

1) қаржы лизингін; 

2)  өзара  байланысты  тараптардың  пайдасына  не  өзара  байланысты  тараптардың  міндеттемелері 

бойынша  үшінші  тұлғаларға  берілген  кредиттерді  (қарыздарды)  қоспағанда,  халықаралық  қаржылық 

есептілік  стандарттарына  және  Қазақстан  Республикасының  бухгалтерлік  есеп  пен  қаржылық  есептілік 

туралы  заңнамасының  талаптарына  сәйкес  және  уәкілетті  органның  келісімі  бойынша  Қазақстан 

Республикасының  Ұлттық  Банкі  бекіткен  тәртіппен  кредиттерге  (қарыздарға)  қарсы  құрылған 

провизияларды (резервтерді) құру бойынша шығыстар сомасын шегеруге құқығы бар.  

Провизиялар  (резервтер)  сомасын  айқындау  кезiнде  кепiлдiң  және  басқа  қамтамасыз  етудiң  құны 

қаржылық  есептiлiктiң  халықаралық  стандарттарына  және  Қазақстан  Республикасының  бухгалтерлiк  есеп 

пен  есептiлiк  туралы 

заңнамасының

  талаптарына  сәйкес  уәкiлеттi  органмен  келiсу  бойынша  Қазақстан 

Республикасының  Ұлттық  Банкi  бекіткен  провизиялар  (резервтер)  құру  қағидаларында  белгіленген 

жағдайларда  және  тәртіппен өздерiне  қарсы провизия  (резерв)  құрылатын активтің, шартты  міндеттеменің 

мөлшерін азайтады. 

Кепілдің және басқа қамтамасыз етудің құнын айқындау 



тәртібін

 уәкілетті органның келісімі бойынша 

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі айқындайды. 

2015.27.04.  №  311-V  ҚР 

Заңымен

  1-4-тармақпен  толықтырылды  (2015  ж.  1  қаңтардан  бастап 

қолданысқа енгізілді және 2020 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылады) 

 

1-4. Осы баптың 1-тармағының ережелері өзіне қатысты сот шешімімен қайта құрылымдау жүргізілген, 



дауыс беретін акцияларының 90 пайыздан астамы 2013 жылғы 31 желтоқсанда ұлттық басқарушы холдингке 

тиесілі, бұрын еншілес банк болып табылған заңды тұлғаға қолданылады. 



2008.10.12   № 100-IV ҚР Заңның 

23 бабына

 сәйкес 106-баптың 2-тармағының қолданылуы 2012 жылғы 1 

қаңтарға дейін тоқтатылды

 

2012.05.07. № 30-V ҚР 



Заңымен

  (

бұр.ред.қара

); 2013.05.12. № 152-V ҚР 

Заңымен

  (2012  ж.  1  қаңтардан 

бастап қолданысқа енгізілді) (

бұр.ред.қара

) 2-тармақ жаңа редакцияда; 2014.07.03. № 177-V ҚР 

Заңымен

 

2-тармақ өзгертілді (2012 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (

бұр.ред.қара

 

2.  Сақтандыру,  қайта  сақтандыру  ұйымдарының  есепті  салық  кезеңінің  соңында  Қазақстан 



Республикасының  сақтандыру  және  сақтандыру  қызметі  туралы  заңнамасына  сәйкес  еңбек  сіңірілмеген 

сыйлықақылар,  болмаған  залалдар,  мәлімделген,  бірақ  реттелмеген  залалдар,  болған,  бірақ  мәлімделмеген 

залалдар  бойынша  құрылған  сақтандыру  резервтерінің  мөлшері  мен  алдыңғы  салық  кезеңінің  соңындағы 

осындай  резервтердің  мөлшері  арасындағы  оң  айырма  ретінде  айқындалған  мөлшерде  еңбек  сіңірілмеген 

сыйлықақылар,  болмаған  залалдар,  мәлімделген,  бірақ  реттелмеген  залалдар,  болған,  бірақ  мәлімделмеген 

залалдар бойынша сақтандыру резервтерін құру жөніндегі шығыстардың сомасын шегеруге құқығы бар. 

Осы  тармақтың  ережелері  олар  бойынша  сақтандыру  сыйлықақылары  түріндегі  табыс  халықаралық 

қаржылық  есептілік  стандарттарына  және  Қазақстан  Республикасының  бухгалтерлік  есеп  пен  қаржылық 

есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес 2012 жылғы 1 қаңтарға дейін толық мөлшерде танылған 

сақтандыру, қайта сақтандыру шарттарына қолданылмайды. 



2012.26.11. № 57-V ҚР 

Заңымен

 3-тармақ жаңа редакцияда (2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа 

енгізілді) (

бұр.ред.қара

)

 

3.  Микроқаржы  ұйымдарының  өзара  байланысты  тарапқа  не  өзара  байланысты  тараптың 



міндеттемелері  бойынша  үшінші  тұлғаларға  берілген  активтерін  қоспағанда,  берілген  микрокредиттер 

бойынша күмәнді және үмітсіз активтерге қарсы провизияларды (резервтерді) құру жөніндегі шығыстардың 

сомасын шегеруге құқығы бар. 

Берілген  микрокредиттер  бойынша  активтерді  күмәнді  және  үмітсіз  активтерге  жатқызу  тәртібін, 

сондай-ақ  оларға  қарсы  провизиялар  (резервтер)  құру 

тәртібін

  уәкілетті  органмен  келісім  бойынша 

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі айқындайды. 

2011.21.07  №  467-IV  ҚР 

Заңына

  сәйкес  2009  ж.  1  қаңтардан  бастап  2013  ж.  1  қаңтарға  дейін 

тоқтатылды, тоқтата тұру кезеңінде 4-тармақ аталған Заңның 2-бабының редакциясында қолданылды

 

2009.30.12 № 234-IV 



Заңымен

 (2009 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.

ред

.қара); 2011.21.07 № 

467-IV  ҚР 

Заңымен

  (2013  ж.  1  қаңтардан  бастап  қолданысқа  енгізілді)  (

бұр.ред.қара

)  4-тармақ 

өзгертілді

 


4.  Ұлттық  басқарушы  холдингтің,  сондай-ақ  негізгі  қызмет  түрі  қарыз  операцияларын  жүзеге  асыру 

немесе  талап  құқықтарын  сатып  алу  болып  табылатын  және  дауыс  беретін  акцияларының  (қатысу 

үлестерінің)  жүз  пайызы  ұлттық  басқарушы  холдингке  тиесілі  заңды  тұлғалардың  өзара  байланысты 

тараптардың  пайдасына  не  өзара  байланысты  тараптардың  міндеттемелері  бойынша  үшінші  тұлғаларға 

берілген  активтер  мен  шартты  міндеттемелерді  (кредиттік  серіктестіктердің  активтері  мен  шартты 

міндеттемелерінен басқа) қоспағанда, мынадай күмәнді және үмітсіз активтерге, шартты міндеттемелерге:  

банктерде орналастырылған корреспонденттік шоттардағы қалдықтарды қоса алғанда, депозиттерге; 

банктер мен клиенттерге берілген кредиттерге (қаржы лизингін қоспағанда); 

құжаттық есеп-қисаптар мен кепілдіктер бойынша дебиторлық берешекке; 

өтелмеген аккредитивтер, шығарылған немесе расталған кепілдіктер бойынша шартты міндеттемелерге 

қарсы провизиялар (резервтер) құру жөніндегі шығыстар сомасын шегеруге құқығы бар. 

Провизиялар  (резервтер)  құру  жөніндегі  шығыстар  сомасының  шегерімі  Қазақстан  Республикасының 

Үкіметі бекіткен тәртіппен құрылған провизиялар (резервтер) сомасы шегінде жүзеге асырылады. 

Осы  тармақта  көрсетілген  заңды  тұлғалардың 



тізбесін

  және  мұндай  тізбені  қалыптастыру  тәртібін 

Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді. 

Осы  тармақтың  ережелері  осы  баптың  1,  2  және  3-тармақтарында  көрсетілген  салық  төлеушілерге 

қолданылмайды. 

  

2013.05.12. № 152-V ҚР 



Заңымен

 106-1-баппен толықтырылды (2012 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа 

енгізілді);  2014.07.03.  №  177-V  ҚР 

Заңымен

  106-1-бап  жаңа  редакцияда  (2012  ж.  1  қаңтардан  бастап 

қолданысқа енгізілді) (

бұр.ред.қара

 

106-1-бап. Қайта сақтандыру активтерін азайту бойынша шегерім 

Сақтандыру,  қайта  сақтандыру  ұйымдарының  осы  Кодекстің 

89-1-бабына

  сәйкес  бұрын  табыс  деп 

танылған  еңбек  сіңірілмеген  сыйлықақылар,  болмаған  залалдар,  мәлімделген,  бірақ  реттелмеген  залалдар, 

болған, бірақ мәлімделмеген залалдар бойынша  қайта  сақтандыру активтерінің азайтылған сомасын есепті 

салық  кезеңінің  соңында  Қазақстан  Республикасының  сақтандыру  және  сақтандыру  қызметі  туралы 

заңнамасына сәйкес еңбек сіңірілмеген сыйлықақылар, болмаған залалдар, мәлімделген, бірақ реттелмеген 

залалдар, болған, бірақ мәлімделмеген залалдар бойынша құрылған қайта сақтандыру активтерінің мөлшері 

мен  алдыңғы  салық  кезеңінің  соңындағы  осындай  активтердің  мөлшері  арасындағы  теріс  айырма  ретінде 

айқындалған мөлшерде шегерімге жатқызуға құқығы бар. 

  

107-бап. Кен орындарын әзірлеу салдарын жоюға арналған шығыстар бойынша шегерімдер және 



салдарды жою қорларына аударымдар сомасының шегерімдері  

1.  Қазақстан  Республикасының  заңнамасында  белгіленген  тәртіппен  жасалған  жер  қойнауын 

пайдалануға арналған келісімшарт негізінде қызметті жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушы жылдық 

жиынтық  табыстан  салдарды  жою  қорына  аударымдар  сомасын  шегеруге  құқығы  бар.  Көрсетілген 

шегерімге  жер қойнауын  пайдаланушының салық кезеңінде  Қазақстан Республикасының аумағындағы  кез 

келген банктегі арнаулы депозиттік шотқа іс жүзінде жүргізген аударымдардың мөлшерінде жол беріледі.  

Салдарды  жою  қорына  аударымдардың  мөлшері  мен  тәртібі  жер  қойнауын  пайдалануға  арналған 

келісімшартта белгіленеді.  

Жер  қойнауын  пайдалану  мәселелері  жөніндегі  уәкілетті  мемлекеттік  орган  жер  қойнауын 

пайдаланушының  салдарды  жою  қорының  қаражатын  мақсатсыз  пайдалану  фактісін  анықтаған  жағдайда 

мақсатсыз пайдаланылған қаражат сомасы оған жол берілген немесе ол анықталған және жойылмаған және 

осы  Кодекстің 



46-бабында

  белгіленген  талап  қою  мерзімінен  асып  кеткенде,  жер  қойынауын 

пайдаланушының сол салық кезеңіндегі жылдық жиынтық табысына енгізілуге жатады.  

2009.30.12  №  234-IV 

Заңымен

  2-тармақ  өзгертілді  (2009  жылғы  1  қаңтардан  қолданысқа  енгiзiлдi) 

(бұр.

ред

.қара)

 

2.  Жер  қойнауын  пайдаланушының  салық  кезеңі  ішінде  кен  орындарын  әзірлеу  салдарын  жоюға  іс 



жүзінде шеккен шығыстары, салдарды жою қорының арнайы депозиттiк шотта орналастырылған қаражаты 

есебінен жүргізілген шығыстарды қоспағанда, сол шығыстарды шеккен салық кезеңінде шегерімге жатады.  

3.  Салық  төлеушінің  Қазақстан  Республикасының  аумағындағы  кез  келген  екінші  деңгейдегі  банктегі 

арнайы  депозиттік  шотқа  аударылған,  қалдықтарды  орналастыру  полигондарын  жою  қорына 

аударымдардың сомасын жылдық жиынтық табыстан шегеруге құқығы бар.  

Қалдықтарды орналастыру полигондарын жою қорына аударымдардың мөлшері мен тәртібі, сондай-ақ 

қор қаражатын пайдалану тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгіленеді.  

Осы  мақсаттарға  уәкілеттік  берілген  мемлекеттік  орган  салық  төлеушінің  қалдықтарды  орналастыру 

полигондарының  салдарын  жою  қорының  қаражатын  мақсатсыз  пайдалану  фактісін  анықтаған  жағдайда 

мақсатсыз пайдаланылған қаражат сомасы  оған жол берілген салық кезеңіндегі салық төлеушінің жылдық 

жиынтық табысына енгізілуге жатады.  

  

2015.31.10. № 382-V ҚР 

Заңымен

 108-бап жаңа редакцияда (

бұр.ред.қара

)

 

108-бап.  Ғылыми-зерттеу  және  ғылыми-техникалық  жұмыстарға  арналған  шығыстар  бойынша 



шегерім 

Тіркелген  активтерді  сатып  алуға,  оларды  орнатуға  арналған  шығыстардан  және  күрделі  сипаттағы 

басқа  да  шығыстардан  басқа,  ғылыми-зерттеу  және  ғылыми-техникалық  жұмыстарға  арналған  шығыстар, 

сондай-ақ  жеке  кәсіпкерлік,  квазимемлекеттік  сектор  субъектілерінің  жоғары  оқу  орындарынан,  ғылыми 

ұйымдардан және стартап- компаниялардан оларды одан әрі коммерцияландыруға бағытталған лицензиялық 

шарт  немесе  айрықша  құқықты  басқаға  беру  шарты  бойынша  зияткерлік  меншік  объектілеріне  айрықша 

құқықтарды сатып алуға арналған шығыстары шегерімдерге жатады. 

Осындай шығыстарды шегерімдерге  жатқызуға  іс  жүзінде  орындалған ғылыми-зерттеу  және  ғылыми-

техникалық  жұмысқа  арналған  техникалық  тапсырма  және  осындай  жұмыстардың  аяқталған  кезеңдерін 

қабылдап  алу  актілері  немесе  уәкілетті  мемлекеттік  орган  заңнамада  белгіленген  тәртіппен  тіркеген 

лицензиялық шарт немесе басқаға беру шарты негіз болып табылады. 



  

2014.10.06. № 208-V ҚР 

Заңымен

 108-1-баппен толықтырылды (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа 

енгізілді); 2014.29.12. № 269-V ҚР 

Заңымен

 108-1-бап жаңа редакцияда (

бұр.ред.қара

)

 

108-1-бап.  Жер  қойнауын  пайдаланушының  дербес  кластерлік  қорға  ақша  аудару  жөніндегі 



шығыстарын шегеру 

Жер қойнауын пайдаланушы Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану 

туралы  заңнамасына  сәйкес  «Инновациялық  технологиялар  паркі»  инновациялық  кластеріне 

қатысушылардың жобаларын қаржыландыру үшін дербес кластерлік қорға ақша аударуға іс жүзінде шеккен 

шығыстарының  сомасын  төмендегідей  тәртіппен  айқындалатын  оң  айырма  мөлшерінде  шегерімдерге 

жатқызуға құқылы: 

есепті  салық  кезеңінің  алдындағы  салық  кезеңінің  қорытындылары  бойынша  келісімшарттық  қызмет 

бойынша жиынтық жылдық кірістің бір пайызынан аспайтын мұндай шығыстардың іс жүзіндегі сомасы, алу 

осы Кодекстің 

108-бабына

 сәйкес шегерімдерге жатқызылған шығыстар. 

  

109-бап.  Кепілдік  беру  жүйелеріне  қатысушылардың  сақтандыру  сыйлықақылары  мен 

жарналары бойынша шығыстарды шегеру  

1.  Жинақтаушы  сақтандыру  шарттары  бойынша  сақтандыру  сыйлықақыларын  қоспағанда, 

сақтанушының  сақтандыру  шарттары  бойынша  төлеуіне  жататын  немесе  төлеген  сақтандыру 

сыйлықақылары шегерімге жатады.  

2.  Жеке  тұлғалардың  депозиттеріне  міндетті  кепілдік  беру  жүйесіне  қатысушы  банктер  жеке 

тұлғалардың  депозиттеріне  кепілдік  беруге  байланысты  аударылған  міндетті  күнтізбелік,  қосымша  және 

төтенше жарналарының сомасын шегерімге жатқызуға құқылы. 

2008.10.12   № 100-IV ҚР Заңның 

23 бабына

 сәйкес 106-баптың 3-тармағының қолданылуы 2012 жылғы 1 

қаңтарға дейін тоқтатылды

 

3.  Сақтандыру  төлемдеріне  кепілдік  беру  жүйесіне  қатысушы  болып  табылатын  сақтандыру,  қайта 



сақтандыру  ұйымдары  сақтандыру  төлемдеріне  кепілдік  беруге  байланысты  аударылған  міндетті,  төтенше 

және қосымша жарналардың сомасын шегерімге жатқызуға құқылы.  

4.  Мақта  қолхаттары  бойынша  міндеттемелерді  орындауға  кепілдік  беру  жүйесіне  қатысушы  мақта 

өңдеу  ұйымдары  мақта  қолхаттары  бойынша  міндеттемелерді  орындауға  кепілдік  берумен  байланысты 

аударылған жыл сайынғы міндетті жарналар сомасын шегерімге жатқызуға құқылы.  

5.  Астық  қолхаттары  бойынша  міндеттемелерді  орындауға  кепілдік  беру  жүйесіне  қатысушы  астық 

қабылдау  кәсіпорындары  астық  қолхаттары  бойынша  міндеттемелерді  орындауға  кепілдік  берумен 

байланысты аударылған жыл сайынғы міндетті жарналар сомасын шегерімге жатқызуға құқылы. 



  

110-бап.  Қызметкерлердің  есепке  жазылған  табыстары  және  жеке   тұлғаларға  өзге  төлемдер 

бойынша шығыстарды шегеру  

2009.12.02.  №  133-ІV  ҚР 

Заңымен

  (2009  жылғы  1  қаңтардан  бастап  қолданысқа  енді)  (бұр.

ред

.қара); 

2012.26.12.  №  61-V  ҚР 

Заңымен

  (2013  ж.  1  қаңтардан  бастап  қолданысқа  енгізілді)  (

бұр.ред.қара

)  1-

тармақ өзгертілді

 

1. Осы Кодекстің 



163-бабының 2-бабында

 көрсетілген, жұмыс берушінің: 

1) мыналардың: 

тіркелген активтердің; 

преференциялар объектілерінің; 

амортизациялауға жатпайтын активтердің бастапқы құнына енгізілетіндерді; 



2015.03.12. № 432-V ҚР 

Заңымен

 2) тармақша жаңа редакцияда (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа 

енгiзiлді) (

бұр.ред.қара

 

2)  тауар-материалдық  қорлардың  өзіндік  құнына  енгізілетіндерді  және  халықаралық  қаржылық 



есептілік  стандарттарына  және  Қазақстан  Республикасының  бухгалтерлік  есеп  пен  қаржылық  есептілік 

туралы  заңнамасының  талаптарына  сәйкес  айқындалатын,  осындай  тауар-материалдық  қорлардың  өзіндік 

құны арқылы шегерімдерге жатқызылатындарды; 

3)  осы  Кодекстің 



122-бабының  3-тармағына

  сәйкес  кейінгі  шығыстар  болып  танылатындарды 

қоспағанда,  салық  салынуға  жататын  қызметкер  табысы  бойынша  шығыстары  (оның  ішінде  жұмыс 


берушінің  осы  Кодекстің 

192-бабы  1-тармағының  18),  19),  20)  және  21)  тармақшаларында

  көрсетілген 

қызметкер табысы бойынша шығыстары) шегерiмге жатады. 

2. Осы Кодекстің 



155-бабы 3-тармағының 2), 3), 7), 9) - 12), 14), 17) тармақшаларында

 айқындалған 

жеке тұлғаларға төлемдер түріндегі салық төлеушінің шығыстары шегерімге жатады.  

2013.21.06.  №  106-V  ҚР 

Заңымен

  3-тармақ  жаңа  редакцияда  (2014  ж.  1  қаңтардан  бастап  қолданысқа 

енгізілді) (

бұр.ред.қара

)

 

3.  Салық  төлеушінің  бірыңғай  жинақтаушы  зейнетақы  қорының  зейнетақы  қағидалары  бойынша 



төлеген міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру 

туралы 


заңнамасында

 белгіленген шекте шегерімге жатады. 

  

111-бап.  Табиғи  ресурстарды  геологиялық  зерттеуге  және  оларды  өндіруге  дайындық 

жұмыстарына  арналған  шығыстар  бойынша  шегерімдер  және  жер  қойнауын 

пайдаланушының басқа да шегерімдері 

2009.16.11. № 200-ІV ҚР 

Заңымен

 1-тармақ өзгертілді (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) 

(бұр.

ред

.қара); 2012.26.12. № 61-V ҚР 

Заңымен

 1-тармақ жаңа редакцияда (2009 ж. 1 қаңтардан бастап 

қолданысқа  енгізілді)  (

бұр.ред.қара

);  2015.03.12.  №  432-V  ҚР 

Заңымен

  1-тармақ  өзгертілді  (2016  ж.  1 

қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (

бұр.ред.қара

 

1.  Жер  қойнауын  пайдаланушының  коммерциялық  табудан  кейiн  өндiру  басталған  кезге  дейiн  нақты 



жүргізген,  бағалау,  абаттандыру  жөнiндегi  шығыстарды  қоса  алғанда,  пайдалы  қазбаларды  геологиялық 

зерделеуге,  барлауға, өндiруге  дайындық жұмыстарына  арналған шығыстары, жалпы  әкiмшiлiк шығыстар, 

төленген  қол  қойылатын  бонустың  сомалары,  оның  ішінде  осы  Кодекстің 

315-бабы  1-тармағының  1) 

тармақшасына

 сәйкес төленген қол қойылатын бонустың және коммерциялық табу бонусының сомалары, 

осы  Кодекстің 

116-бабы  2-тармағының  1-1),  2)  -  5),  7)  -  11),  11-1),  12)  және  13)  тармақшаларында

 

көрсетілген  активтерді  қоспағанда,  негiзгi  құралдар  мен  материалдық  емес  активтердi  сатып  алу  және 



(немесе)  құру  бойынша  шығындар  және  осы  Кодекске  сәйкес  шегерiмге  жататын  өзге  де  шығыстар 

амортизацияланатын  активтердің  жекелеген  тобын  құрайды.  Бұл  ретте  осы  тармақта  көрсетілген 

шығыстарға: 

1)  осы  Кодекстің 



116-бабы  2-тармағының  11-1),  2)  -  5),  7)  -  11),  11-1),  12)  және  13) 

тармақшаларында

  көрсетілген  активтерді  қоспағанда,  негiзгi  құралдар  мен  материалдық  емес  активтердi 

сатып  алу  және  (немесе)  құру  бойынша  шығындар  жатады.  Осындай  шығындарға  осы  Кодекстің 

118-

бабының 2-тармағына

 сәйкес осы активтердің бастапқы құнына енгізілетін шығындар, сондай-ақ осындай 

активтер бойынша осы Кодекстің 

122-бабына

 сәйкес жүргізілген кейінгі шығыстар; 

2)  басқа  да  шығыстар  жатады.  Бұл  ретте  осы  Кодексте  көзделген  жағдайларда  осы  тармақшада 

көрсетілген  амортизацияланатын  активтердің  жеке  тобына  жататын  шығыстардың  мөлшері  осындай 

шығыстарды  корпоративтік  табыс  салығының  мақсаттарына  орай  шегерімдерге  жатқызу  үшін  белгіленген 

нормалардан аспауға тиіс. 



2012.26.12. № 61-V ҚР 

Заңымен

 1-1-тармақпен толықтырылды (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа 

енгізілді)  

 

1-1.  Осы  баптың  1-тармағында  көрсетілген  шығыстар  пайдалы  қазбаларды  коммерциялық  табудан 



кейiн  өндiру  басталған  кезден  бастап  амортизациялық  аударымдар  түрінде  жылдық  жиынтық  табыстан 

шегерiледi.  Амортизациялық  аударымдардың  сомасы  салық  кезеңінің  соңында,  осы  тармақта  көзделген 

амортизацияланатын  активтер  тобы  бойынша  жинақталған  шығыстар  сомасына  жер  қойнауын 

пайдаланушының  қалауы  бойынша  айқындалатын,  бiрақ  25  пайыздан  аспайтын  амортизация  нормасын 

қолдану арқылы есептеледі. 

Көрсетілген  тәртіп,  егер  жер  қойнауын  пайдаланушы  барлауға  арналған  келісімшарт  шеңберінде  кен 

орнын  табу  мен  бағалау  негізінде  жасалған  өндіруге  арналған  келісімшарт  бойынша  қызметті  жүзеге 

асырған жағдайда да қолданылады. Барлауға арналған осындай келісімшарт бойынша соңғы салық кезеңінің 

соңында  қалыптасқан  амортизацияланатын  активтер  тобы  бойынша  жинақталған  шығыстар  сомасы  осы 

өндіруге  арналған  келісімшарт  шеңберінде  амортизациялық  аударымдар  түрінде  жылдық  жиынтық 

табыстан шегерімге жатады. 

Өндіруге  немесе  бірлесіп  барлау  мен  өндіруге  арналған  жеке  келісімшарт  шеңберінде  жер  қойнауын 

пайдалану қызметін аяқтау жағдайында, жер қойнауын пайдаланушы осы бапта белгіленген коммерциялық 

табудан  кейін  өндіруді  бастағаннан  соң  жер  қойнауын  пайдалану  бойынша  қызметті  аяқтаған  жағдайда 

соңғы  салық  кезеңінің  соңында  қалыптасқан  амортизацияланатын  активтер  тобының  құндық  балансы 

шегерілуге жатады. 

Осы  баптың  және  осы  Кодекстің 

111-1-бабының

  мақсаттары  үшін  коммерциялық  табудан  кейінгі 

өндіру: 

1)  барлауға  арналған,  сондай-ақ  қорлары  бекітілмеген  пайдалы  қазбаларды  бірлесіп  барлауға  және 

өндіруге  арналған  келісімшарттар  бойынша  -  Қазақстан  Республикасының  осы  мақсаттар  үшін  уәкілеттік 

берілген мемлекеттік органы қорларды бекіткеннен кейін пайдалы қазбаларды өндірудің басталғанын; 

2)  қосымша  геологиялық  зерттеуді  және  геологиялық-экономикалық  қайта  бағалауды  талап  ететін 

қорларды қоса алғанда, пайдалы қазбалардың қорлары мемлекеттік баланста тіркелген және осы мақсаттар 

үшін  уәкілеттік берілген мемлекеттік органның сараптамалық қорытындысымен расталған бірлесіп барлау 


мен  өндіруге  арналған  келісімшарттар  бойынша  -  егер  мұндай  жұмыстар  келісімшарттың  жұмыс 

бағдарламасында  көзделсе  және  жер  қойнауын  зерттеу  мен  пайдалану  жөніндегі  мемлекеттік  уәкілетті 

органмен  келісілген  болса,  осы  келісімшарттар  жасалғаннан  кейін  пайдалы  қазбаларды  өндірудің 

басталғанын білдіреді. 



2012.26.12. № 61-V ҚР 

Заңымен

 1-2-тармақпен толықтырылды (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа 

енгізілді);  2015.03.12.  №  432-V  ҚР 

Заңымен

  1-2-тармақ  өзгертілді  (2009  ж.  1  қаңтардан  бастап 

қолданысқа енгiзiлді) (

бұр.ред.қара

 

1-2.  Егер  ұңғыма  Қазақстан  Республикасының  жер  қойнауы  және  жер  қойнауын  пайдалану  туралы 



заңнамасына  сәйкес  оны  сынау  кезінде  көмірсутегі  шикізатының  өнеркәсіптік  ағынының  алынбауына 

байланысты  жойылған  болса  (бұдан  әрі  осы  тармақтың  мақсаты  үшін  -  өнімсіз  ұңғыма),  онда  осындай 

ұңғыманы салуға және жоюға нақты жүргізілген шығыстар қосылған құн салығы ескеріле отырып, мынадай 

тәртіппен шегерімге жатқызылады: 

1) коммерциялық табудан кейін өндіру басталған кезге дейін шегілген, өнімсіз ұңғыманы салуға және 

(немесе)  жоюға  арналған  шығыстар  немесе  осындай  шығыстардың  бір  бөлігі  осы  баптың  1-тармағында 

белгіленген тәртіппен шегерімге жатқызылады; 

2) коммерциялық табудан кейін өндіру басталған кезден соң шегілген, өнімсіз ұңғыманы  салуға  және 

(немесе)  жоюға  арналған  шығыстар  немесе  осындай  шығыстардың  бір  бөлігі  осындай  ұңғыма  жойылған 

салық кезеңінде шегерімге жатқызылады. 

Бұл  ретте  коммерциялық  табудан  кейін  өндіру  басталған  кезге  дейін  жүргізілген  өнімсіз  ұңғыманы 

салуға  және  (немесе)  жоюға  арналған  шығыстар  осы  баптың  1-тармағына  сәйкес  қалыптастырылған 

амортизацияланатын активтердің жеке тобынан алып тасталмайды. 

2.  Осы  баптың  1-тармағында  көрсетілген  шығыстар  жер  қойнауын  пайдаланушының  жер  қойнауын 

пайдалануға арнап жасалған келісімшарт шеңберінде жүзеге асырылатын қызмет бойынша: 

1)  осы  Кодекстің 



99-бабына

  сәйкес  жылдық  жиынтық  табыстан  алып  тастауға  жататын  табыстарды 

қоспағанда, геологиялық зерттеуді және өндіруге дайындық жұмыстарын жүргізу кезеңінде алынған; 

2) коммерциялық табудан кейін өндіру басталған кезге дейін өндірілген пайдалы қазбаларды өткізуден 

алынған;  

2012.26.12. № 61-V ҚР 

Заңымен

 3) тармақша жаңа редакцияда (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа 

енгізілді) (

бұр.ред.қара

 

3)  жер  қойнауын  немесе  оның  бір  бөлігін  пайдалану  құқығын  іске  асырудан  алынған  табыстарының 



сомасына азайтылады. 

3. Осы баптың 1-тармағында  белгіленген  тәртіп  жер қойнауын  пайдалану құқығын алуға  байланысты 

салық төлеуші шеккен материалдық емес активтерді сатып алуға арналған шығыстарға да қолданылады.  

  

2012.26.12. № 61-V ҚР 



Заңымен

  111-1-баппен  толықтырылды  (2009  ж.  1  қаңтардан  бастап  қолданысқа 

енгізілді);  2015.03.12.  №  432-V  ҚР 

Заңымен

  111-1-бап  жаңа  редакцияда  (2009  ж.  1  қаңтардан  бастап 

қолданысқа енгiзiлді) (

бұр.ред.қара

 

111-1-бап.  Коммерциялық  табудан  кейін  өндіру  басталған  соң  жерасты  ұңғымалық  сілтілеу 



әдісімен  уранды  өндіруге  дайындық  жұмыстарына  арналған  шығыстар  бойынша 

шегерімдер 

1. Коммерциялық табудан  кейін өндіру басталған кезден кейінгі  кезеңде жерасты  ұңғымалық сілтілеу 

әдісімен  уранды  өндіруге  пайдалану  блоктарын  (полигондарын)  дайындау  кезінде  жер  қойнауын 

пайдаланушы  нақты  шеккен  амортизацияланатын  активтерді  сатып  алуға  және  (немесе)  құруға  арналған 

шығындар  (шығыстар)  жер  қойнауын  пайдалануға  арналған  тиісті  келісімшарт  шеңберінде 

амортизацияланатын активтердің жекелеген тобын құрайды.  

Осы тармақта көрсетілген амортизацияланатын активтерге: 

1)  блоктарда  (полигондарда)  салынған  сорушы,  айдаушы  және  технологиялық  бақылау  ұңғымалары, 

пайдалану-барлау ұңғымалары, оның ішінде олар бойынша геофизикалық зерттеулер шығындары; 

2)  пайдалану  блоктарынан  (полигондарынан)  бастап  өнімдік  ерітінділерді  қайта  өңдеу  учаскесінің 

өнеркәсіптік  алаңындағы  құм  тоғанға  дейін  салынған  технологиялық  құбыржолдар,  оның  ішінде 

блоктардағы (полигондардағы) айдаушы және сорушы коллекторлар; 

3) блоктар (полигон учаскелері) арасына салынған технологиялық құбыржолдар; 

4) блоктарда (полигондарда) салынған технологиялық құбыржолдар; 

5) блоктарда (полигондарда) салынған қышқылданудың технологиялық тораптары; 

6) блоктарда (полигондарда) салынған өнімдік ерітінділерді тарату тораптары; 

7) блоктарда (полигондарда) салынған техникалық ерітінділерді қабылдау тораптары; 

8)  блоктарда  (полигондарда)  салынған  қышқылды  және  сұйық  реагенттер  қоймасын  қабылдау 

тораптары, сондай-ақ қышқылөткізгіштер; 

9) блоктарда (полигондарда) орнатылған, жабдық пен бақылау-өлшеу аппаратурасы бар технологиялық 

сорғы станциялары; 

10)  тау-кен  дайындық  жұмыстары  кезеңінде  блоктарда  (полигондарда)  орнатылған,  жабдық  пен 

бақылау-өлшеу аппаратурасы бар ерітінділерді айдауға арналған сорғылар; 


11) тау-кен дайындық жұмыстары кезеңінде салынған ұңғымаларда орнатылған басқару шкафтары бар 

батырып соратын сорғылар;  

12)  блоктарда  (полигондарда)  орнатылған  немесе  салынған  энергетикалық  жабдықтау  объектілері: 

трансформаторлық кіші станциялар, компрессорлық станциялар, әуе электр желілері, кәбелдік желілер; 

13) блоктарда (полигондарда) орнатылатын бақылау және процестерді автоматтандыру аппаратурасы; 

14) блоктардағы (полигондардағы) ауа құбырлары; 

15) блоктарға (полигондарға) және блоктар ішіндегі технологиялық кірме автожолдар; 

16)  блоктардағы  (полигондардағы)  құм  тоғандар  немесе  өнімдік  ерітінділер  және  сілтілендіру 

ерітінділері құйылатын ыдыстар; 

17) блоктардағы (полигондардағы) құмның ұшырылып әкетілуіне қарсы қорғаныс жатады. 

Осы тармақта көрсетілген амортизацияланатын активтер құнына активтерді сатып алуға және (немесе) 

құруға  арналған шығындар  (шығыстар), сондай-ақ  халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына  және 

Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына 

сәйкес осындай активтер құнына қосуға жататын басқа да шығындар (шығыстар) қосылады.  

Бұл  ретте  осы  Кодексте  көзделген  жағдайларда,  осы  тармақта  көрсетілген,  амортизацияланатын 

активтердің  жекелеген  тобына  жатқызылатын  шығыстардың  мөлшері  корпоративтік  табыс  салығының 

мақсаттары үшiн осындай шығыстарды шегерiмдерге жатқызу үшін белгіленген нормалардан аспауға тиіс. 

2.  Осы  баптың  1-тармағында  көрсетілген  шығындар  (шығыстар)  пайдалы  қазбаларды  коммерциялық 

табудан  кейiн  өндiру  басталған  кезден  бастап  амортизациялық  аударымдар  түрінде  жылдық  жиынтық 

кірістен шегерiледi.  

Бұл  ретте  осы  бапқа  сәйкес  есептелген  амортизациялық  аударымдар  сомасы  салық  төлеушiнiң 

бухгалтерлiк  есебінің  деректері  бойынша  есептелген  активтердің  осындай  тобының  амортизациялық 

аударымдар сомасы шегінде шегерімге жатқызылады. 

Амортизациялық  аударымдар  сомасы  осы  баптың  1-тармағына  сәйкес  құрылған  амортизацияланатын 

активтер  тобын  есепке  алу  әдісіне  сәйкес  блоктар  немесе  жалпы  кен  орны  (полигон)  бойынша  мына 

формула бойынша айқындалады:  

  

С1 + С2 + С3  



S = ──────── * V4, мұнда: 

V1 + V2 + V3 

  

S - амортизациялық аударымдар сомасы



С1 - амортизацияланатын активтердің жекелеген тобының салық кезеңiнiң басындағы құны; 

C2 - ағымдағы салық кезеңінде жүргізілген, осы баптың 1-тармағында көрсетілген өндіруге дайындық 

жұмыстарына арналған шығындар (шығыстар); 

С3  -  жер  қойнауын  пайдалану  құқығын  иемденуге  байланысты  үшінші  тұлғалардан  сатып  алынған 

немесе  жарғылық  капиталға  салым  ретiнде  алынған,  амортизацияланатын  активтердің  осы  баптың  3-

тармағында көрсетілген жекелеген тобының құны; 

V1 - уран қорларының салық кезеңiнiң басындағы өндіруге дайын нақты көлемі; 

V2  -  салық  кезеңінде  өндіруге  дайындық  жұмыстарының  барлық  көлемі  аяқталған  уран  қорларының 

өндіруге дайын нақты көлемі; 

V3  -  жер  қойнауын  пайдалану  құқығын  иемденуге  байланысты  үшінші  тұлғалардан  сатып  алынған 

немесе жарғылық капиталға салым ретiнде алынған уран қорларының өндіруге дайын нақты көлемі; 

V4  -  салық  кезеңінде  жер  қойнауындағы  нормаланатын  ысыраптар  ескеріле  отырып,  уранның  өтелген 

қорларының нақты көлемі. 

2009  жылғы  салық  кезеңі  үшін  амортизацияланатын  активтердің  жекелеген  тобының  салық  кезеңінің 

басындағы  құны  деп  2009  жылғы  1  қаңтардағы  жағдай  бойынша  осы  баптың  1-тармағына  сәйкес 

айқындалатын, уран өндіруге дайындық бойынша жинақталған шығындар (шығыстар) сомасы танылады. 

2009  жылдан  кейінгі  салық  кезеңдерінде  амортизацияланатын  активтердің  жекелеген  тобының  салық 

кезеңінің басындағы құны көрсетілген активтер тобының алдыңғы салық кезеңінің соңындағы құны болып 

табылады, ол мынадай тәртіппен айқындалады: 

амортизацияланатын активтердің жекелеген тобының салық кезеңінің басындағы құны,  

қосу 

ағымдағы  салық  кезеңінде  жүргізілген,  өндіруге  дайындық  жұмыстарына  осы  баптың  1-тармағында 



көрсетілген шығындар (шығыстар), 

қосу 


осы  баптың  3-тармағында  көрсетілген,  амортизацияланатын  активтердің  тобын  үшінші  тұлғалардан 

сатып алу бойынша шығындар

қосу 

осы 


баптың 

3-тармағында 

көрсетілген, 

жарғылық 

капиталға 

салым 


ретінде 

алынған 


амортизацияланатын активтер тобының құны, 

алу 


салық кезеңіндегі амортизациялық аударымдар сомасы. 

2009  жылғы  салық  кезеңі  үшін  уран  қорларының  салық  кезеңінің  басындағы  өндіруге  дайын  нақты 

көлемі  2009  жылғы  1  қаңтардағы  жағдай  бойынша  уран  қорларының  өндіруге  дайын  нақты  көлемі  деп 

танылады. 

2009 жылдан кейінгі салық кезеңдерінде уран қорларының салық кезеңінің басындағы өндіруге дайын 

көлемі  қорлардың  алдыңғы  салық  кезеңінің  соңындағы  өндіруге  дайын  нақты  көлемі  болып  табылады,  ол 

мынадай тәртіппен айқындалады: 

уран қорларының салық кезеңінің басындағы өндіруге дайын нақты көлемі,  

қосу  


салық кезеңінде өндіруге дайындық жұмыстарының барлық көлемі аяқталған уран қорларының нақты 

көлемі,  

қосу 

жер  қойнауын  пайдалану  құқығын  иемденуге  байланысты  үшінші  тұлғалардан  сатып  алынған  немесе 



жарғылық капиталға салым ретiнде алынған уран қорларының өндіруге дайын нақты көлемі, 

алу 


салық  кезеңінде  жер  қойнауындағы  нормаланатын  ысыраптар  ескеріле  отырып,  уранның  өтелген 

қорларының көлемі. 

Егер пайдалану блогы жұмысының бүкіл кезеңінде уранның өтелген қорларының нақты көлемінің саны 

осы  пайдалану  блогының  уран  қорларының  өндіруге  дайын  нақты  көлемінің  санынан  аз  болса,  осы 

пайдалану  блогы  активтерінің  амортизацияланатын  тобы  құнының  қалған  бөлігі  салық  төлеушінің 

бухгалтерлік  есебінде  өндірудің  және  бастапқы  қайта  өңдеудің  (байытудың)  өндірістік  өзіндік  құнына 

шығарылатын салық кезеңінде шегерімге жатқызылады. 

Өндіруге  немесе  бірлесіп  барлау  мен  өндіруге  арналған  жекелеген  келісімшарт  шеңберінде  жер 

қойнауын  пайдалану  қызметін  аяқтау  жағдайында,  жер  қойнауын  пайдаланушы  коммерциялық  табудан 

кейін  өндіруді  бастаған  соң  жер  қойнауын  пайдалану  қызметін  аяқтаған  жағдайда  амортизацияланатын 

активтердің  жекелеген  тобының  салық  кезеңінің  соңындағы  құны  осындай  қызмет  аяқталған  салық 

кезеңіндегі шегерімге жатады. 

3.  Осы  бапта  белгiленген  тәртiп  амортизацияланатын  активтердің  осы  баптың  1-тармағында 

көрсетілген, жер қойнауын пайдалану құқығын иемденуге байланысты үшінші тұлғалардан сатып алынған 

және (немесе) жарғылық капиталға салым ретiнде алынған, жекелеген тобына да қолданылады. 

Осы  баптың  1-тармағында  көрсетілген,  амортизацияланатын  активтердің  жекелеген  тобын  үшінші 

тұлғалардан сатып алуға байланысты келіп түскен кезде халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына 

және  Қазақстан  Республикасының  бухгалтерлік  есеп  пен  қаржылық  есептілік  туралы 



заңнамасының

 

талаптарына сәйкес айқындалатын оның сатып алу құны мұндай активтер тобының құны болып табылады. 



Амортизацияланатын  активтердің  осы  баптың  1-тармағында  көрсетілген  жекелеген  тобын  жарғылық 

капиталға салым ретінде алған кезде заңды тұлғаның құрылтай құжаттарында көрсетілген салымның құны 

мұндай активтер тобының құны болып табылады. 

  

112-бап.  Жер  қойнауын  пайдаланушының  қазақстандық  кадрларды  оқытуға  және  өңірлердің 



әлеуметтік саласын дамытуға арналған шығыстары бойынша шегерім  

1.  Жер  қойнауын  пайдаланушының  қазақстандық  кадрларды  оқытуға  және  өңірлердің  әлеуметтік 

саласын  дамытуға  іс  жүзінде  шеккен  шығыстары  жер  қойнауын  пайдалануға  арналған  келісімшартта 

белгіленген сома шегінде шегерімдерге жатқызылады.  

2.  Осы  баптың  1-тармағында  көрсетілген,  коммерциялық  табудан  кейін  өндіру  басталғанға  дейін  жер 

қойнауын  пайдаланушы  іс  жүзінде  шеккен  шығыстар  жер  қойнауын  пайдалануға  арналған  келісімшартта 

белгіленген сома шегінде осы Кодекстің 

111-бабында

 белгіленген тәртіппен шегерімге жатқызылады.  

3. Осы баптың мақсатына орай жер қойнауын пайдаланушы іс жүзінде шеккен шығыстар деп: 

1)  қазақстандық  кадрларды  оқытуға  -  Қазақстан  Республикасының  азаматтарын  оқытуға,  біліктілігін 

арттыруға  және  қайта  даярлауға  бағытталған  сома,  сондай-ақ  осы  мақсатқа  арнап  мемлекеттік  бюджетке 

аударылған қаражат танылады; 

2)  өңірдің  әлеуметтік  саласын  дамытуға  -  өңірдің  әлеуметтік  инфрақұрылым  объектілерін  дамытуға 

және  қолдауға  жұмсалған  шығыстар,  сондай-ақ  осы  мақсатқа  арнап  мемлекеттік  бюджетке  аударылған 

қаражат танылады.  

  

113-бап. Теріс бағамдық айырма сомасының оң бағамдық айырма сомасынан асып кетуін шегеру 

Теріс  бағамдық  айырманың  сомасы  оң  бағамдық  айырманың  сомасынан  асып  кеткен  жағдайда  асып 

кету шамасы шегерімге жатады.  

Бағамдық  айырманың  сомасы  халықаралық  қаржылық  есептілік  стандарттарына  және  Қазақстан 

Республикасының  бухгалтерлік  есеп  және  қаржылық  есептілік  туралы  заңнамасының  талаптарына  сәйкес 

айқындалады.  



  

2009.16.11. № 200-ІV ҚР 

Заңымен

  114-бап  өзгертілді  (2009  ж.  1  қаңтардан  бастап  қолданысқа  енгiзiлді) 

(бұр.

ред

.қара);  2011.21.07.  №  467-ІV  ҚР 

Заңымен

  114-бап  жаңа  редакцияда  (2012  жылғы  1  қаңтардан 

бастап қолданысқа енгізілді) (

бұр.ред.қара

 


114-бап. Салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің шегерімі 

1. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, есепті салық кезеңінде мыналар: 

1)  есепті  салық  кезеңінде,  есепті  салық  кезеңі  және  (немесе)  есепті  салық  кезеңінің  алдындағы  салық 

кезеңдері үшін есепке жазылған және (немесе) есептелген шекте;  

2)  есепті  салық  кезеңінің  алдындағы  салық  кезеңдерінде,  есепті  салық  кезеңі  үшін  есепке  жазылған 

және (немесе) есептелген шекте Қазақстан Республикасының немесе өзге мемлекеттің бюджетіне төленген 

салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер шегерімге жатады. 

Бұл  ретте  салықтың  және  бюджетке  төленетiн  басқа  да  мiндеттi  төлемдердің  төленген  сомалары  осы 

Кодекстiң 

599

  және 


601-баптарында

  белгiленген  тәртiппен  есепке  жатқызу  жүргiзілгені  ескеріле  отырып 

айқындалады. 

Салықты  және бюджетке  төленетiн басқа да мiндеттi  төлемдерді есептеу және  есепке  жазу Қазақстан 

Республикасының  немесе  өзге  мемлекеттің  (өзге  мемлекеттің  бюджетіне  төленетін  салық  және  басқа  да 

міндетті төлемдер үшін) салық заңнамасына сәйкес жүргізіледі. 

2. Мыналар: 

1) жылдық жиынтық табыс айқындалғанға дейін алып тасталатын салықтар; 

2)  Қазақстан  Республикасының  аумағында  және  басқа  мемлекеттерде  төленген  корпоративтік  табыс 

салығы мен заңды тұлғалардың табыстарына салынатын салықтар

3) жеңiлдiктi салық салынатын елдерде төленген салықтар; 

4) үстеме пайдаға салынатын салық шегерімге жатпайды. 

  

115-бап. Шегерімге жатпайтын шығындар  

Мыналар:  

1) табыс алуға бағытталған қызметке байланысты емес шығындар;  

2011.21.07. № 467-ІV ҚР 

Заңымен

 2) тармақша өзгертілді  (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа 

енгізілді)  (

бұр.ред.қара

);  2014.28.11.  №  257-V  ҚР 

Заңымен

  2)  тармақша  жаңа  редакцияда  (2015  ж.  1 

қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (

бұр.ред.қара

 

2) соттың үкімінде немесе қаулысында көрсетілмеген салық төлеушілермен жасалған не сот азаматтық-



құқықтық  тәртіппен  жарамды  деп  таныған  мәмілелер  бойынша  шығыстарды  қоспағанда,  соттың  заңды 

күшіне  енген  үкімінің  немесе  қаулысының  негізінде  жалған  кәсіпорын  деп  танылған  салық  төлеушімен 

жасалған операциялар бойынша сот қылмыстық деп анықтаған әрекет басталған күннен бастап жүргізілген 

шығыстар; 



2014.28.11. № 257-V ҚР 

Заңымен

 3) тармақша жаңа редакцияда (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа 

енгізілді) (

бұр.ред.қара

 

3)  осы  Кодекстің 



579-бабында

  айқындалған  тәртіппен  әрекетсіз  деп  танылған  салық  төлеушімен  оны 

әрекетсіз деп тану туралы бұйрық шығарылған күннен бастап жасалған операциялар бойынша шығыстар; 

2014.03.07. № 227-V ҚР 

Заңымен

 4) тармақша жаңа редакцияда (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа 

енгізілді) (

бұр.ред.қара

)

 

4)  сот  жеке  кәсіпкерлік  субъектісі  шот-фактура  және  (немесе)  өзге  құжат  жазу  бойынша  әрекетті 



(әрекеттерді) іс жүзінде жұмыстарды орындамай, қызметтер көрсетпей, тауарларды тиеп-жөнелтпей жасады 

деп таныған мәміле (операция) бойынша шығыстар; 



2013.05.12.  №  152-V  ҚР 

Заңымен

  4-1)  тармақшамен  толықтырылды  (2014  ж.  1  қаңтардан  бастап 

қолданысқа енгізілді) 

 

4-1) соттың заңды күшіне енген шешімі негізінде жарамсыз деп танылған мәміле бойынша шығыстар; 



5) мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша бюджетке енгізілуге жататын (енгізілген) тұрақсыздық 

айыптарын  (айыппұлдарды,  өсімпұлдарды)  қоспағанда,  бюджетке  енгізілуге  жататын  (енгізілген) 

тұрақсыздық айыптары (айыппұлдар, өсімпұлдар); 

6)  осы  Кодексте  шегерімге  жатқызу  нормалары  белгіленген  шығыстардың  көрсетілген  нормаларды 

қолдана отырып есептелген шегерімнің шекті сомасынан асып кету сомасы;  

2011.21.07. № 467-ІV ҚР 

Заңымен

 7) тармақша өзгертілді (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа 

енгізілді) (

бұр.ред.қара

 

7) Қазақстан Республикасының  немесе  өзге мемлекеттің (өзге мемлекеттің бюджетіне  төленген салық 



және басқа да міндетті төлемдер үшін) салық заңнамасында белгіленген мөлшерден тыс есептелген (есепке 

жазылған) және төленген, салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің сомасы; 

8)  осы  Кодекстің 

97-бабының  2-тармағында

  көзделген  әлеуметтік  сала  объектілерін  сатып  алу, 

өндіру, салу, монтаждау, орнату жөніндегі шығындар және олардың құнына енгізілетін басқа да шығындар, 

сондай-ақ оларды пайдалану жөніндегі шығыстар

9) егер осы Кодексте өзгеше көзделмесе, салық төлеуші өтеусіз негізде беретін мүліктің құны. Өтеусіз 

орындалған  жұмыстардың,  көрсетілген  қызметтердің  құны  осындай  жұмыстар  орындауға,  қызметтер 

көрсетуге байланысты шеккен шығыстар мөлшерінде айқындалады; 

10)  есепке  жатқызылуға  жататын  қосылған  құн  салығы  сомасының  осы  Кодекстің 



267-бабын

 

қолданатын  салық  төлеушіде  туындайтын,  салық  кезеңі  ішінде  есепке  жазылған  қосылған  құн  салығы 



сомасынан асып кетуі; 

11)  осы  Кодекстің 

106



107-баптарында

  көзделген  шегерімдерді  қоспағанда,  резервтік  қорларға 

аударымдар;  

12)  кәсіпорынды  мүліктік  кешен  ретінде  сатып  алу-сату  шарты  бойынша  берілетін  тауарлық-

материалдық қорлардың құны;  

13)  өнімді  бөлу  туралы  келісімшарт  бойынша  қызметті  жүзеге  асыратын  жер  қойнауын 

пайдаланушының төленген қосымша төлемінің сомасы; 

14) осы Кодекстің 

87-бабына

 сәйкес салық төлеушінің амортизацияға жатпайтын активтердің бастапқы 

құнына қосылатын шығындары шегерімге жатпайды.  

2012 жылғы 1 қаңтардан бастап 2018 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңінде 2008.10.12  № 100-IV ҚР Заңның 

64-бабына

 сәйкес 115-бап екінші бөлікпен толықтырылды 

 

Бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алатын банктің еншілес ұйымы: 



осы  ұйымның  Қазақстан  Республикасының  банктер  және  банк  қызметі  туралы 

заңнамасына

  сәйкес 

алған  және  мұндай  ұйымға  күмәнді  және  үмітсіз  активтер  бойынша  талап  ету  құқықтарын  берген  банкке 

аударылған ақша түріндегі; 

Қазақстан  Республикасының  банктер  және  банк  қызметі  туралы  заңнамасында  көзделген  қызмет 

түрлерін жүзеге асырумен байланысты емес шығыстарды шегерімге жатқызуға құқылы емес. 

  


Каталог: upload -> medialibrary
upload -> Нұржан Қуантайұлы алаш Орда баспасөзі және жүсіпбек аймауытұЛЫ
upload -> Жансүгіров атындағы жму хабаршысы №4 /2012
upload -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
upload -> Л т т ы о а м д ы – с а я с и ж у р н а л журнал 1976 жылы Халықтар Достығы орденімен, 2002 жылы Қазақстан Журналистика Академиясының «Алтын Жұлдыз», 2008 жылы Қазақстан Журналистер Одағының сыйлығымен марапатталды
medialibrary -> «Мұнайшы» қоғамдық қоры
medialibrary -> Сақтау мерзімдерін көрсете отырып, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар қызметінде жасалатын үлгілік құжаттар тізбесін бекіту туралы
medialibrary -> Сақтау мерзімдерін көрсете отырып, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар қызметінде жасалатын үлгілік құжаттар тізбесін бекіту туралы

жүктеу 13.83 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   126




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет