Кодексі салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы



жүктеу 13.83 Mb.
Pdf просмотр
бет22/126
Дата28.04.2017
өлшемі13.83 Mb.
түріКодекс
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   126

Заңымен

  8-тармақ  өзгертілді  (2012  жылғы  1  қаңтардан  бастап  қолданысқа 

енгізілді)  (

бұр.ред.қара

);  2012.26.12.  №  61-V  ҚР 

Заңымен

  8-тармақ  жаңа  редакцияда  (2013  ж.  1 

қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (

бұр.ред.қара

)

 

8.  Егер  осы  бапта  өзгеше  белгіленбесе,  заңды  тұлғаның  құрылтай  құжаттарында  көрсетілген,  бірақ  іс 



жүзінде енгізілген салым мөлшерінен аспайтын құн жарғылық капиталға салымның құны болып табылады. 

2011.21.07.  №  467-ІV  ҚР 

Заңымен

  8-1-тармақпен  толықтырылды  (2012  жылғы  1  қаңтардан  бастап 

қолданысқа енгізілді)

 

8-1. Бағалы қағаздарды өткізу кезінде құн өсімінен түсетін табыстар осы Кодекстің 



137-бабының 2, 3, 

4, 4-1 және 4-2-тармақтарының

 ережелері ескеріле отырып, жиынтық жылдық табысқа қосылады. 

9. 2012.26.12. № 61-V ҚР 

Заңымен

 алып тасталды 



(2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) 

(

бұр.ред.қара

)

 

2011.21.07.  №  467-ІV  ҚР 



Заңымен

  10-тармақ  өзгертілді  (2009  жылғы  1  қаңтардан  бастап  қолданысқа 

енгізілді) (

бұр.ред.қара

 

10. 2012.26.12. № 61-V ҚР 



Заңымен

 алып тасталды 



(2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) 

(

бұр.ред.қара

)

 

11.  Осы  баптың  2-тармағының  7)  және  8)  тармақшаларында  көрсетiлген  активтер  бойынша  құн  өсiмi 



әрбір актив бойынша: 

1) өткізу кезiнде - өткізу құны мөлшерiнде; 



2011.21.07. № 467-ІV ҚР 

Заңымен

 2) тармақша өзгертілді (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа 

енгізілді) (

бұр.ред.қара

 

2)  жарғылық  капиталға  салым  ретiнде  беру  кезiнде  -  заңды  тұлғаның  құрылтай  құжаттарында 



көрсетілген салым құны негізге алына отырып айқындалған актив құны мөлшерiнде; 

3) бірiгу, қосылу, бөлiну немесе бөлiнiп шығу жолымен заңды тұлғаны қайта ұйымдастыру нәтижесiнде 

шығып қалу кезiнде - беру актiсiнде немесе бөлiну балансында көрсетiлген құн мөлшерiнде айқындалады. 

2012.26.12.  №  61-V  ҚР 

Заңымен

  12-тармақ  жаңа  редакцияда  (2013  ж.  1  қаңтардан  бастап  қолданысқа 

енгізілді) (

бұр.ред.қара

)

 

12.  Егер  амортизацияға  жатпайтын  активтер  өтеусіз  алынған  болса,  онда  осы  Кодекске  сәйкес  осы 



баптың  4  және  7-тармақтарында  көрсетілген,  амортизацияға  жатпайтын  активтердің  бастапқы  құнын 

арттыруға  жататын  шығындарды  ескере  отырып  осы  активтердің  өтеусіз  алынған  мүліктің  құны  түрінде 

жылдық жиынтық табысқа енгізілген құны осы баптың мақсаты үшін бастапқы құн болып табылады. 

  

88-бап. Міндеттемелерді есептен шығарудан түсетін табыс  

1. Міндеттемелерді есептен шығарудан түсетін табысқа: 

1) салық төлеушінің міндеттемелерін оның кредиторының есептен шығаруы; 

2)  салық  төлеуші  таратылған  кезде  тарату  балансы  бекітілген  кезде  кредитор  талап  етпеген 

міндеттемелер; 

3)  Қазақстан  Республикасының заңнамалық  актілерінде  белгіленген  талап  қою  мерзімінің  өтуіне 

байланысты міндеттемелерді есептен шығару; 

4) соттың заңды күшіне енген шешімі бойынша міндеттемелерді есептен шығару жатады. 

2009.30.12 № 234-IV 

Заңымен

 2-тармақ жаңа редакцияда (2009 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгiзiлдi) 

(бұр.

ред

.қара)

 

2. Мiндеттемелердi есептен шығарудан түсетiн табыс сомасы салық төлеушiнiң бастапқы құжаттарына 



сәйкес:  

осы баптың 1-тармағының 1), 3) және 4) тармақшаларында көрсетiлген жағдайларда есептен 

шығарылған; 

осы  баптың  1-тармағының  2)  тармақшасында  көрсетiлген  жағдайда  тарату  балансын  бекiткен  күнi 

төленуге жататын мiндеттемелердiң сомасына (қосылған құн салығының сомасын қоспағанда) тең болады. 

3.  Осы  Кодекске  сәйкес  күмәнді  деп  танылған  міндеттемелерге  осы  баптың  1  және  2-тармақтарының 

ережелері қолданылмайды. 

4. Міндеттемелерді есептен шығарудан түсетін табысқа кәсіпорынды мүліктік кешен ретінде сатып алу-

сату шарты бойынша міндеттемелердің берілуіне байланысты олардың мөлшерін азайту жатпайды.  

  

2012.26.12.  №  61-V  ҚР 

Заңымен

  89-бап  жаңа  редакцияда  (2013  ж.  1  қаңтардан  бастап  қолданысқа 

енгізілді) (

бұр.ред.қара

)

 

89-бап. Күмәндi мiндеттемелер бойынша түсетін табыс  

1. Сатып алынған тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) бойынша, сондай-ақ осы Кодекстiң 

163-

бабының  2-тармағына

  сәйкес  айқындалатын,  қызметкерлердің  есепке  жазылған  табыстары  бойынша 

туындаған  және  осы  баптың  2-тармағында  белгіленген  тәртіппен  айқындалатын  үш  жылдық  кезең  iшiнде 

қанағаттандырылмаған  мiндеттемелер  күмәндi  деп  танылады.  Алынған  кредиттер  (қарыздар, 

микрокредиттер)  жөніндегі  күмәнді  міндеттемелер  бойынша  табысқа  алынған  кредиттің  (қарыздың, 

микрокредиттің) сомасы қосылмайды. 

Көрсетілген  күмәнді  міндеттемелер  осы  Кодекстің 

8-бөлімінде

  белгіленген  тәртіппен  есепке 

жатқызылудан  алып  тасталуға  жататын  қосылған  құн  салығын  қоспағанда,  салық  төлеушiнiң  жылдық 

жиынтық табысына енгізілуге жатады. 

2. Күмәнді міндеттеме бойынша табыс: 

1)  кредит  (қарыз,  микрокредит)  шарттары  бойынша  туындаған  күмәнді  міндеттемелер  бойынша  - 

кредит (қарыз, микрокредит) шартының талаптарына сәйкес сыйақы төлеу мерзімі басталған күннен кейінгі 

күннен бастап; 



2)  лизинг  шарттары  бойынша  туындаған  күмәнді  міндеттемелер  бойынша  -  лизинг  шартының 

талаптарына сәйкес лизингтік төлемді төлеу мерзімі басталған күннен кейінгі күннен бастап; 

3) қызметкерлердің есепке жазылған табыстары бойынша туындаған күмәнді міндеттемелер бойынша - 

осы  Кодекстің 



163-бабының  2-тармағына

  сәйкес  қызметкерлердің  табыстарын  есепке  жазған  күннен 

бастап; 

4) осы тармақтың 1) - 3) тармақшаларында көрсетілмеген күмәнді міндеттемелер бойынша: 

сатып  алынған  тауарлар  (жұмыстар,  көрсетілетін  қызметтер)  бойынша  орындау  мерзімі  айқындалған 

міндеттемелерді орындау мерзімі аяқталған күннен кейінгі күннен бастап; 

сатып алынған тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) бойынша орындау мерзімі айқындалмаған 

міндеттемелер  бойынша  тауарды  берген,  жұмыстарды  орындаған,  қызметтерді  көрсеткен  күннен  бастап 

есептелетін үш жылдық кезең аяқталған салық кезеңінде танылады. 

  

2013.05.12. № 152-V ҚР 



Заңымен

  89-1-баппен  толықтырылды  (2012  ж.  1  қаңтардан  бастап  қолданысқа 

енгізілді)

 

89-1-бап.  Сақтандыру,  қайта  сақтандыру  ұйымының  сақтандыру,  қайта  сақтандыру  шарттары 



бойынша табыстары 

1. Сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымының: 

1) сақтандыру сыйлықақылары (жарналары); 

2014.07.03. № 177-V ҚР 

Заңымен

 2) тармақша жаңа редакцияда (2012 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа 

енгізілді) (

бұр.ред.қара

 

2)  еңбек  сіңірілмеген  сыйлықақылар,  болмаған  залалдар,  мәлімделген,  бірақ  реттелмеген  залалдар, 



болған, бірақ мәлімделмеген залалдар бойынша құрылған қайта сақтандыру активтері; 

3) сақтандыру төлемдері бойынша шығыстарды өтеу

4)  осы  Кодекстің 

90-бабының  3-тармағында

  және 


95-бабында

  көрсетілген  табыстарды  қоспағанда, 

сақтандыру,  қайта  сақтандыру  шарттары  бойынша  өзге  табыстар  түріндегі  табыстары  сақтандыру,  қайта 

сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымының табыстары деп танылады. 

2.  Осы  баптың  ережелері  сақтандыру,  қайта  сақтандыру  шарттары  бойынша  сақтандыру 

сыйлықақылары  түріндегі  табыс  халықаралық  қаржылық  есептілік  стандарттарына  және  Қазақстан 

Республикасының  бухгалтерлік  есеп  пен  қаржылық  есептілік  туралы 

заңнамасының

  талаптарына  сәйкес 

2012 жылғы 1 қаңтарға дейін толық мөлшерде деп танылған осындай шарттарға қолданылмайды. 

2014.07.03.  №  177-V  ҚР 

Заңымен

  3-тармақ  жаңа  редакцияда  (2012  ж.  1  қаңтардан  бастап  қолданысқа 

енгізілді) (

бұр.ред.қара

 

3.  Есепті  салық  кезеңінің  соңында  Қазақстан  Республикасының  сақтандыру  және  сақтандыру  қызметі 



туралы  заңнамасына  сәйкес  еңбек  сіңірілмеген  сыйлықақылар,  болмаған  залалдар,  мәлімделген,  бірақ 

реттелмеген  залалдар,  болған,  бірақ  мәлімделмеген  залалдар  бойынша  құрылған  қайта  сақтандыру 

активтерінің мөлшері мен алдыңғы салық кезеңінің соңындағы осындай активтердің мөлшері арасындағы оң 

айырма  сақтандыру,  қайта  сақтандыру  ұйымының  еңбек  сіңірілмеген  сыйлықақылар,  болмаған  залалдар, 

мәлімделген,  бірақ  реттелмеген  залалдар,  болған,  бірақ  мәлімделмеген  залалдар  бойынша  құрылған  қайта 

сақтандыру активтері түріндегі табысы деп танылады. 

4.  Зиян  келтірген  тұлғаға  кері  талап  қою  (регресс)  құқығы  негізінде  сақтандыру  төлемдері  бойынша 

сақтандыру,  қайта  сақтандыру  ұйымының  және  (немесе)  қайта  сақтандыру  шартына  сәйкес  қайта 

сақтандыру ұйымының шығыстарын өтеу сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымының сақтандыру төлемдері 

бойынша шығыстарды өтеу түріндегі табысы деп танылады. 

Бұл  ретте  2012  жылғы  1  қаңтарға  дейін  күшіне  енген  жинақтаушы  сақтандыру,  қайта  сақтандыру 

шарты,  жинақтаушы  емес  сақтандыру,  өмірді  қайта  сақтандыру  шарты  бойынша  сақтандыру  жарналары 

түріндегі  табыстар  халықаралық  қаржылық  есептілік  стандарттарына  және  Қазақстан  Республикасының 

бухгалтерлік  есеп  пен  қаржылық  есептілік  туралы  заңнамасының  талаптарына  сәйкес,  оның  ішінде  2011 

жылғы  31  желтоқсаннан  кейін  танылатын  осындай  шарттар  бойынша  сақтандыру,  қайта  сақтандыру 

ұйымының сақтандыру төлемдері бойынша шығыстарды өтеу түріндегі табысы мынадай формула бойынша 

айқындалады: 

Т * (А/Б), мұнда: 

Т - есепті салық кезеңінде алуға жататын (алынған) сақтандыру төлемдері бойынша шығыстарды өтеу 

түріндегі табыс; 

А  -  2011  жылғы  31  желтоқсаннан  кейін  есепті  салық  кезеңінде  сақтандыру  төлемдері  бойынша 

шығыстарды өтеу түріндегі табысты тану күнін қоса алуға жататын (алынған) сақтандыру жарналары; 

Б  -  шарт  күшіне  енген  күннен  бастап  есепті  салық  кезеңінде  сақтандыру  төлемдері  бойынша 

шығыстарды өтеу түріндегі табысты тану күнін қоса алуға жататын (алынған) сақтандыру жарналары. 

  

2009.13.02. 

№ 135-ІV

 ҚР Заңымен 90-бап өзгертілді (бұр.

ред

.қара)

 

90-бап. Құрылған провизиялардың (резервтердің) мөлшерлерін азайтудан түсетін табыс  



2011.21.07 № 467-IV ҚР 

Заңына

 сәйкес 1-тармағының қолданысы 2009 ж. 1 қаңтардан бастап 2013 ж. 1 

қаңтарға дейін тоқтатылды. 

 


2013 ж. 1 қаңтардан бастап 2014 ж. 1 қаңтарға дейін тоқтата тұру кезеңінде 2011.21.07 № 467-IV ҚР 

Заңның 

7-бабының

 редакциясында қолданылды 

 

2009.16.11. № 200-ІV ҚР 



Заңымен

 1-тармақ өзгертілді (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) 

(бұр.

ред

.қара); 2012.26.11. № 57-V ҚР 

Заңымен

 1-тармақ жаңа редакцияда (2014 ж. 1 қаңтардан бастап 

қолданысқа  енгізілді)  (

бұр.ред.қара

);  2012.26.12.  №  61-V  ҚР 

Заңымен

  (2014  ж.  1  қаңтардан  бастап 

қолданысқа  енгізілді)  (

бұр.ред.қара

);  2014.07.03.  №  177-V  ҚР 

Заңымен

  (2014  ж.  1  қаңтардан  бастап 

қолданысқа енгізілді) (

бұр.ред.қара

) 1-тармақ өзгертілді

 

1.  Егер  осы  бапта  өзгеше  көзделмесе,  осы  Кодекстiң 



106-бабының  1,  1-3,  3  және  4-тармақтарына

 

сәйкес провизияларды (резервтердi) құру жөніндегі шығыстар сомасын шегеруге құқығы бар салық төлеушi 



құрған провизиялардың (резервтердiң) мөлшерлерiн азайтудан түсетiн табыстар деп: 

1)  борышкер  талапты  орындаған  кезде  орындау  сомасына  пропорционалды  мөлшерде  бұрын 

шегерiмдерге жатқызылған провизиялар (резервтер) сомасы; 

2)  цессия  шартын  жасасу  жолымен  басқаға  қайта  табыстау  туралы  шарттың,  жаңартпа,  талап  ету 

құқықтарын беру шартының негiзiнде және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген 

өзге де негiздерде борышкерге қойылатын талаптардың мөлшерiн азайтқан кезде талаптар мөлшерiн азайту 

сомасына пропорционалды мөлшерде бұрын шегерiмдерге жатқызылған провизиялар (резервтер) сомасы; 

3)  талаптарды  қайта  сыныптаған  кезде  қайта  сыныпталған  талаптың  сомасына  пропорционалды 

мөлшерде бұрын шегерiмдерге жатқызылған провизияларды (резервтердi) азайту сомасы танылады. 

2012.26.12. № 61-V ҚР 

Заңымен

 1-1-тармақпен толықтырылды (2012 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа 

енгізілді және 2018 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылады) 

 

1-1.  Осы  Кодекстің 



106-бабының  1-1-тармағына

  сәйкес  провизияларды  (резервтердi)  құру  жөніндегі 

шығыстар  сомасын  шегеруге  құқығы  бар  салық  төлеушi  құрған  провизиялардың  (резервтердiң) 

мөлшерлерiн азайтудан түсетiн табыстар деп: 

1)  борышкер  талапты  орындаған  кезде  орындау  сомасына  пропорционалды  мөлшерде  бұрын 

шегерiмдерге жатқызылған провизиялар (резервтер) сомалары; 

2)  цессия  шартын  жасасу  жолымен  басқаға  қайта  табыстау  туралы  шарттың,  талап  ету  құқығын 

жаңарту,  қайта  беру  шартының  негiзiнде  және  (немесе)  Қазақстан  Республикасының  заңнамасында 

көзделген  өзге  де  негiздерде  борышкерге  қойылатын  талаптардың  мөлшерiн  азайтқан  кезде  талаптар 

мөлшерiн  азайту  сомасына  пропорционалды  мөлшерде  бұрын  шегерiмдерге  жатқызылған  провизиялар 

(резервтер) сомалары; 

3)  талаптарды  қайта  сыныптаған  кезде  қайта  сыныпталған  талаптың  сомасына  пропорционалды 

мөлшерде бұрын шегерiмдерге жатқызылған провизияларды (резервтердi) азайту сомалары; 

4)  қаржылық  есептіліктің  халықаралық  стандарттарына  сәйкес  2017  жылғы  31  желтоқсандағы  жағдай 

бойынша  бухгалтерлік  есепте  көрсетілген,  күмәнді  және  үмітсіз  активтер  деп  танылған  кредиттер 

(қарыздар) бойынша банктердің талап ету құқықтарын сатып алуға банктің еншілес ұйымы ұсынған күмәнді 

және үмітсіз активтерге қарсы есепті және (немесе) алдыңғы салық кезеңдерінде шегерiмдерге жатқызылған 

провизиялар (резервтер) сомалары  танылады.  Осы тармақшада көрсетілген  провизиялардың (резервтердiң) 

сомалары 2017 жылға келетін салық кезеңі үшін банктің жылдық жиынтық табысына кіреді. 

2012.26.12. № 61-V ҚР 

Заңымен

 1-2-тармақпен толықтырылды (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа 

енгізілді)

 

1-2.  Есепті  салық  кезеңінің  соңында  айқындалған  серпінді  резервтің  мөлшері  мен  алдыңғы  салық 



кезеңінің  соңында  айқындалған  серпінді  резерв  мөлшерінің  арасындағы  теріс  айырма  провизиялардың 

(резервтердің) мөлшерін азайтудан түсетін табыс деп танылады.  

Осы тармақтың ережелері осы Кодекстің 

106-бабының  1-2-тармағына

  сәйкес  шегерімге  құқығы  бар 

салық төлеушілерге қолданылады. 

2008.10.12  № 100-IV ҚР Заңның 

13-бабына

 сәйкес 90-бабы 2-тармағының қолданылуы 2012 ж. 1 қаңтарға 

дейін тоқтатылды. 2014.07.03. № 177-IV ҚР Заңның 

2-бабына

 сәйкес 90-бабы 2-тармағының қолданылуы 

2012 ж. 1 қаңтардан 2013 ж. 1 қаңтарға дейінгі кезеңдегі редакцияны қараңыз

 

2012 жылғы 1 қаңтардан бастап 2013 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңінде 2008.10.12  № 100-IV ҚР Заңның 



59-бабына

  сәйкес  (

бұр.ред.қара

);  2012.26.12.  №  61-V  ҚР 

Заңымен

  (2013  ж.  1  қаңтардан  бастап 

қолданысқа енгізілді) (

бұр.ред.қара

) 2-тармақ өзгертілді

 

2-тармаққа өзгерістерді қараңыз: 

 

2012.26.11. № 57-V ҚР 

Заңын

 (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі); 

 

2014.07.03. № 177-IV ҚР 



Заңын

 (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)

 

2013  ж.  1  қаңтардан  бастап  2018  ж.  1  қаңтарға  дейінгі  кезеңде  2014.07.03.  №  177-IV  ҚР  Заңның 



3-

бабының

 редакциясында қолданылады (

бұр.ред.қара

)

 

2. Мынадай жағдайларда:  



2012.24.12. № 60-V ҚР 

Заңымен

 1) тармақша жаңа редакцияда (

бұр.ред.қара

 

1) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде  белгіленген  негіздер бойынша  сот шешімімен 



борышкер заңды тұлғаның таратылуына байланысты Бизнес-сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмiнен 

алып тасталған; 



2014.07.03. № 177-V ҚР 

Заңымен

 2) тармақша жаңа редакцияда (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа 

енгізілді) (

бұр.ред.қара

)

 


2)  борышкер  —  жеке  тұлға  күшiне  енген  сот  шешiмi  негiзiнде  хабарсыз  кеткен,  әрекетке  қабiлетсiз, 

әрекет  қабiлетi  шектеулi  деп  танылған  немесе  күшiне  енген  сот  шешiмi  негiзiнде  ол  қайтыс  болған  деп 

жарияланған; 

2014.07.03.  №  177-V  ҚР 

Заңымен

  2-1)  тармақшамен  толықтырылды  (2014  ж.  1  қаңтардан  бастап 

қолданысқа енгізілді) 

 

2-1) борышкер — жеке тұлғаға I, II топтағы мүгедектiк белгiленген, сондай-ақ борышкер — жеке тұлға 



қайтыс болған; 

3)  осы  Кодекстің 



106-бабының  1,  1-1,  1-3,  3  және  4-тармақтарына

  сәйкес  провизияларды 

(резервтерді)  құру  жөніндегі  шығыстар  сомасын  шегеруге  құқығы  бар  салық  төлеуші  алдында  жауапты 

болатын  борышкерде  және  борышкермен  бірлесіп  ортақ  немесе  субсидиарлық  жауапты  болатын  үшінші 

тұлғаларда  өндіріп  алуды  қолдануға  болатын  мүлік,  оның  ішінде  ақша,  бағалы  қағаздар  немесе  табыстар 

болмаған жағдайда, осы Кодекстің 



106-бабының 1, 1-1, 1-3, 3 және 4-тармақтарына

 сәйкес провизияларды 

(резервтерді)  құру  жөніндегі  шығыстар  сомасын  шегеруге  құқығы  бар  салық  төлеушіге  атқару  құжатын 

қайтару туралы сот орындаушысының қаулысы заңды күшіне енген және оның мүлкін немесе табыстарын 

анықтау бойынша сот орындаушысы қолданған, Қазақстан Республикасының атқарушылық іс жүргізу және 

сот орындаушыларының мәртебесі туралы заңнамасында көзделген шаралар нәтижесіз болған; 



2009.16.11. № 200-ІV ҚР 

Заңымен

 4) тармақша өзгертілді  (бұр.

ред

.қара)

 

4) соттың борышкердің мүлкіне, оның ішінде ақшасына, бағалы қағаздарына немесе табыстарына осы 



Кодекстің 

106-бабының  1,  1-1,  1-3,  3  және  4-тармақтарына

  сәйкес  провизияларды  (резервтерді)  құру 

жөніндегі шығыстар сомасын шегеруге құқығы бар салық төлеушінің өндіріп алуды қолдануынан бас тарту 

туралы сот шешімі заңды күшіне енген; 

4-1) 2012.26.12. № 61-V ҚР 

Заңымен

 2014 ж. 1 қаңтардан бастап алып тасталды 



(

бұр.ред.қара

 

4-2) 2014.16.05. № 203-V ҚР 



Заңымен

 2016 ж. 1 қаңтардан бастап алып тасталды 



(

бұр.ред.қара

 

2009.16.11.  №  200-ІV  ҚР 



Заңымен

  5)  тармақшамен  толықтырылды  (2012  ж.  1  қаңтардан  бастап 

қолданысқа енгiзiлді); 2014.07.03. № 177-V ҚР 

Заңымен

 5) тармақша жаңа редакцияда (

бұр.ред.қара

)

 

5)  борышкер  —  дара  кәсiпкердiң  Қазақстан  Республикасының  оңалту  және  банкроттық  туралы 



заңнамасына

 сәйкес банкрот деп танылуына байланысты дара кәсiпкер ретiнде тiркеу есебiнен алынған



2012  ж.  1  қаңтардан  бастап  2018  ж.  1  қаңтарға  дейінгі  кезеңінде  2008.10.12  №  100-IV  ҚР  Заңның 

61-

бабына

  сәйкес  6)  тармақшамен  толықтырылды;  2014.16.05.  №  203-V  ҚР 

Заңымен

  6)  тармақша  жаңа 

редакцияда  (2014  ж.  1  қаңтардан  бастап  қолданысқа  енгізілді  және  2018  ж.  1  қаңтарға  дейін 

қолданылады)  (

бұр.ред.қара

);  2015.27.04.  №  311-V  ҚР 

Заңымен

  6)  тармақша  өзгертілді  (2015  ж.  1 

қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді және 2020 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылады) (

бұр.ред.қара

)

 

6) банктің бастапқы құжаттарына сәйкес банк басқаға беруді жүргізген кредит (қарыз) бойынша талап 



ету  құқығының  құны  мен  кредит  (қарыз)  бойынша  талап  ету  құқығын  басқаға  берген  күні  банктің 

борышкерден  алуға  жататын  кредит  (қарыз)  бойынша  талап  ету  құны  арасындағы  терiс  айырма  бөлiгiнде 

банк кредит (қарыз) бойынша талап ету құқықтарын мынадай ұйымдарға: 

екінші  деңгейдегі  банктердің  кредиттік  портфельдерінің  сапасын  жақсартуға  маманданған,  дауыс 

беретін акцияларының жүз пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі ұйымға; 

2012  жылғы  1  қаңтарға  дейін  берілген  және  күмәнді  және  үмітсіз  активтер  деп  танылған  кредиттер 

(қарыздар) бойынша банктердің талап ету құқығын сатып алатын банктің еншілес ұйымына; 

егер  2016  жылғы  1  қаңтарға  дейін  жасалған  кредит  (қарыз)  бойынша  талап  ету  құқықтарын  басқаға 

беру  жөніндегі  мәмілеге  қатысатын  банктердің  бірі  -  өзіне  қатысты  сот  шешімімен  қайта  құрылымдау 

жүргізілген,  дауыс  беретін  акцияларының  90  пайыздан  астамы  2013  жылғы  31  желтоқсанда  ұлттық 

басқарушы  холдингке  тиесілі  банк  болып  табылған  және  егер  басқаға  беру  жүргізілген  кредит  (қарыз) 

бойынша  талап  ету  құқығының  құны  Қазақстан  Республикасының  бағалау  қызметі  туралы  немесе  шет 

мемлекеттің  заңнамасына  сәйкес  жүргізілген  бағалау  туралы  есепте  айқындалған  талап  ету  құқығының 

нарықтық құнынан төмен болмаған жағдайда, басқа банкке берген; 



2014.07.03.  №  177-V  ҚР 

Заңымен

  7)  тармақшамен  толықтырылды  (2014  ж.  1  қаңтардан  бастап 

қолданысқа енгізілді)

 

7) қаржылық есептiлiктiң халықаралық стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк 



есеп пен есептiлiк туралы 

заңнамасы

 талаптарына сәйкес төленбеген, мерзімі өткен кредит (қарыз) және ол 

бойынша  сыйақы,  құжаттамалық  есеп-қисаптар  мен  кепiлдiктер  бойынша  дебиторлық  берешек  түрінде 

борышкерге қойылатын талаптың мөлшерін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес есепті салық 

кезеңінде  борышкерге  салық  төлеушінің  мұндай  талап  қою  құқығын  толық  немесе  ішінара  тоқтатуы 

болмаған  жағдайда  осы  Кодекстің 



106-бабының  1-тармағына

  сәйкес  провизиялар  (резервтер)  құру 

бойынша шығыстар сомасын шегеруге құқығы бар салық төлеуші бухгалтерлік есепте азайтқан; 

8) 2016 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылды 



(

бұр.ред.қара

)

 

2014.02.07.  №  225-V  ҚР 



Заңымен

  2-1-тармақпен  толықтырылды  (2014  ж.  1  қаңтардан  бастап 

қолданысқа  енгізілді  және  2020  ж.  1  қаңтарға  дейін  қолданыста  болады);  2015.27.04.  №  311-V  ҚР 

Заңымен

  2-1-тармақ  өзгертілді  (2015  ж.  1  қаңтардан  бастап  қолданысқа  енгізілді  және  2020  ж.  1 

қаңтарға дейін қолданылады) (

бұр.ред.қара

)

 

2-1. Кредит (қарыз) бойынша борыш осы тармақта белгіленген тәртіппен және жағдайларда кешірілетін 



жағдайда,  осы  Кодекстің 

106-бабының  1-тармағына

  сәйкес  провизияларды  (резервтерді)  құру  бойынша 



шығыстар  сомаларын  шегеруге  құқығы  бар  банк  бұрын  шегерімге  жатқызылған  провизиялар  (резервтер) 

сомаларын провизиялардың (резервтердің) мөлшерін азайтудан түскен табыс деп танымайды. 

Осы тармақтың ережелері өзіне қатысты сот шешімімен қайта құрылымдау жүргізілген, дауыс беретін 

акцияларының  90  пайыздан  астамы  2013  жылғы  31  желтоқсанда  ұлттық  басқарушы  холдингке  тиесілі 

банкке немесе бұрын осындай банк болып табылған заңды тұлғаға қолданылады. 

Осы  тармақтың  ережелері  осы  Кодекстің 



106-бабының  1-тармағына

  сәйкес  бұрын  шегерімге 

жатқызылған провизияларды (резервтерді) борышқа қарсы құрған, мыналардан: 

негізгі борыш бойынша берешектен; 

2012  жылғы  31  желтоқсаннан  кейін  есептелген  сыйақы  бойынша  берешектерден  тұратын  кредит 

(қарыз) бойынша борышқа қолданылады. 

Осы тармақ бір мезгілде мынадай талаптар орындалған кезде: 

1) кредит (қарыз) 2009 жылғы 1 қазанға дейін берілсе; 

2)  кредит  (қарыз)  бойынша  борышкер  осы  тармақтың  екінші  бөлігінде  көзделген  банктің  басқару 

органы 2015 жылғы 1 қаңтарға дейін бекіткен және 2015 жылғы 1 ақпаннан кешіктірілмей уәкілетті органға 

ұсынылған,  борыштары  кешірілуге  жататын  кредиттер  (қарыздар)  бойынша  борышкерлердің  тізбесінде 

(тізбелерінде) көрсетілсе; 

3) кредит (қарыз) бойынша борышты кешіру осы тармақтың екінші бөлігінде көзделген банктің басқару 

органы 2015 жылғы 1 қаңтарға дейін бекіткен және 2015 жылғы 1 ақпаннан кешіктірілмей уәкілетті органға 

ұсынылған,  борыштары  кешірілуге  жататын  кредиттер  (қарыздар)  бойынша  борышкерлердің  тізбесінде 

(тізбелерінде) көрсетілген сома шегінде жүргізілсе; 

4) кредит (қарыз) бойынша бір және (немесе) одан да көп құжат болса: 

бейрезидентке берілген: 

шет  мемлекеттің  құқық  қорғау  органына  борышкер-жеке  тұлғаға  және  (немесе)  лауазымды  адамға 

немесе  борышкер-заңды  тұлға  қабылдаған  шешімдерді  өзге  түрде  тікелей  немесе  жанама  айқындауға 

мүмкіндігі бар тұлғаға қатысты қылмыстық іс қозғау туралы өтініш; 

Қазақстан  Республикасының  немесе  шет  мемлекеттің  сотына  борышты  өндіріп  алу  туралы,  кепілге 

өндіріп алуды қолдану және (немесе) кепілге қатысты жойылған құқықтарын қалпына келтіру туралы талап; 

борышкерде  және  банк  алдында  борышкермен  бірге  ортақ  немесе  субсидиарлық  жауаптылықта 

болатын  үшінші  тұлғаларда  өндіріп  алынуы  мүмкін  мүлік,  оның  ішінде  ақша,  бағалы  қағаздар  немесе 

табыстар болмаған және оның мүлкін немесе табыстарын анықтау бойынша қолданылған шаралар нәтижесіз 

болған жағдайда, атқару құжатын аталған банкке қайтару туралы сот орындаушысының заңды күшіне енген 

қаулысы немесе шет мемлекеттің өзге де құжаты

шет  мемлекет  сотының  борышты  өндіріп  алудан,  кепілге  қатысты  жойылған  құқықтарды  қалпына 

келтіруден, борышкердің мүлкіне, оның ішінде ақшасына, бағалы қағаздарына немесе табыстарына өндіріп 

алуды қолданудан бас тарту туралы заңды күшіне енген шешімі; 

шет мемлекет сотының борышкерді банкрот деп тану туралы заңды күшіне енген шешімі және (немесе) 

конкурстық іс жүргізудің аяқталуы туралы ұйғарымы; 

шет  мемлекеттің  құзыретті  органының  борышкерді  немесе  кепіл  берушіні  таратылуына  байланысты 

заңды тұлғалардың тізілімінен шығару туралы құжаты; 

резидентке берілген: 

Қазақстан Республикасының құқық қорғау органына борышкер-жеке тұлғаға және (немесе) лауазымды 

тұлғаға  немесе  борышкер-заңды  тұлға  қабылдаған  шешімдерді  өзге  түрде  тікелей  немесе  жанама 

айқындауға мүмкіндігі бар тұлғаға қатысты қылмыстық іс қозғау туралы арыз; 

банктің арызы бойынша Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарының шаралар жүргізгенін 

немесе  қылмыстық  іс  қозғалғанын  растайтын  құжат  болса,  кредит  (қарыз)  бойынша  борышты  кешіру 

жағдайына қолданылады. 

Осы  тармақшада  көзделген  құжаттардың  болуы  бейрезиденттерге  берілген  кредиттер  (қарыздар) 

бойынша: 

ипотекалық шарт жасасқан күні негізгі борышты толық қамтамасыз еткен кепіл мүлікті негізгі борыш 

сомасынан төмен бағамен соттан тыс тәртіппен сауда-саттықта сатқаннан кейін кредит бойынша өтелмеген 

борыш сомасын кешіру кезінде; 

талап  ету  құқығын  басқаға  беру  күні  бейрезидент  болып  табылатын  үшінші  тұлғаға  дисконтпен  банк 

кредит  (қарыз)  бойынша  талап  ету  құқығын  беру  кезінде,  егер  басқаға  беру  жүргізілген  кредит  (қарыз) 

бойынша  талап  ету  құқығының  құны  бағалаушы  мен  осындай  үшінші  тұлға  немесе  банк  не  банктің 

мүдделерін  білдіретін  немесе  осындай  банктің  мүдделерінде  мүлікті  басқару  үшін  шет  мемлекеттің  соты 

тағайындайтын  тұлға  арасындағы  шарт  бойынша  Қазақстан  Республикасының  бағалау  қызметі  туралы 

немесе шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес жүргізілген бағалау туралы есепте айқындалған банктің талап 

ету құқығының нарықтық құнына тең болса; 

банктің басқару органы мыналардың: 

Қазақстан Республикасы мен осындай шет мемлекет арасындағы қылмыстық және (немесе) азаматтық 

істер бойынша құқықтық көмек туралы келісімнің

кредиттің  (қарыздың)  берілгенін  растайтын  шарттың  түпнұсқасының  болмауына  байланысты  шет 

мемлекеттің құқық қорғау органына немесе сотына жүгіне алмайтындығын құжаттық растаған жағдайда; 


борышты  кешіру  күні  бейрезидент  болып  табылатын  борышкерге  кредит  (қарыз)  бойынша  борыш 

сомасы  мен  бағалаушы  және  борышкер  немесе  осындай  банк  арасындағы  шарт  бойынша  Қазақстан 

Республикасының немесе шет мемлекеттің бағалау қызметі туралы заңнамасына сәйкес жүргізілген бағалау 

туралы  есепте  айқындалған,  банктің  осы  тармақтың  екінші  бөлігінде  көрсетілген  талап  ету  құқығының 

нарықтық құны арасындағы айырма ретінде айқындалатын борышының бір бөлігін кешірген кезде, егер: 

кредит (қарыз) берілген шартқа борышкер қол қойған, борышының қалған бөлігін (бұдан әрі  - борыш 

қалдығын) өтеу шартымен борышының бір бөлігін кешіруді көздейтін өзгеріс болған; 

осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген банк: 

осы  Кодекстің 

90-бабының  1-тармағына

  сәйкес  құрылған  провизиялардың  (резервтердің)  мөлшерін 

азайтудан түсетін табысты борыш қалдығы мөлшерінде таныған; 

табысқа осы Кодекстің 



131

 және 


132-баптарында

 көзделген түзету жүргізбеген; 

борыштың бір бөлігі кешірілгеннен кейін құрылған борыш қалдығының сомасына қарсы провизиялар 

(резервтер) бойынша шығыстар сомасын шегерімге жатқызбаған жағдайда; 

5) кредит (қарыз) бойынша кредиттік бюрода Қазақстан Республикасының кредиттік бюро және кредит 

тарихын  қалыптастыру  туралы  заңнамасына  сәйкес  банк  берген,  кредит  (қарыз)  бойынша  борыш  сомасы 

туралы ақпарат болса; 

6)  кредит  (қарыз)  бойынша  бастапқы  бухгалтерлік  құжат  болса,  соның  негізінде  осындай  кредит 

(қарыз)  бойынша  осы  Кодекстің 

106-бабының  1-тармағына

  сәйкес  шегерімге  жатқызылған  провизиялар 

(резервтер) құрылған болса; 

7)  кредит  (қарыз)  бойынша  кредиттік  тіркелімде  Қазақстан  Республикасының  заңнамасында 

белгіленген  тәртіппен  банктің  Қазақстан  Республикасының  Ұлттық  Банкіне  берген  ақпараты  болса,  талап 

етілмейді. 

Бұл  ретте  кешірілуге  жататын  кредиттер  (қарыздар)  бойынша  борышкерлер  тізбесінде  әрбір  кредит 

(қарыз) бойынша: 

1) кредит дерекнамасының нөмірі; 

2) кредиттің (қарыздың) берілген күні; 

3)  қарыз  алушының  (қосалқы  қарыз  алушының)  тегі,  аты,  әкесінің  аты  (ол  болған  жағдайда)  және 

(немесе) атауы; 

4) кредит (қарыз) бойынша  2012 жылғы 31 желтоқсаннан кейін есептелген  сыйақы мен негізгі борыш 

бойынша кешірілуге жататын шекті борыш сомасы көрсетіледі. 

Осы  тармақтың  ережелері  банк  жұмыскеріне,  жұбайына  (зайыбына)  және  банк  жұмыскерінің  жақын 

туыстарына берілген кредиттерге (қарыздарға) қолданылмайды. 



2015.27.04.  №  311-V  ҚР 

Заңымен

  2-2-тармақпен  толықтырылды  (2015  ж.  1  қаңтардан  бастап 

қолданысқа енгізілді және 2020 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылады) 

 

2-2.  Осы  баптың  1  және  2-тармақтарында  көзделген  ережелер  өзіне  қатысты  сот  шешімімен  қайта 



құрылымдау  жүргізілген,  дауыс  беретін  акцияларының  90  пайыздан  астамы  2013  жылғы  31  желтоқсанда 

ұлттық басқарушы холдингке тиесілі, бұрын банк болып табылған заңды тұлғаға қолданылады. 



2008.10.12   №  100-IV  ҚР  Заңның 

23  бабына

  сәйкес  90-баптың  3-тармағының  қолданылуы  2012  ж.  1 

қаңтарға дейін тоқтатылды

 

2013.05.12.  №  152-V  ҚР 



Заңымен

  (2012  ж.  1  қаңтардан  бастап  қолданысқа  енгізілді)  (

бұр.ред.қара

)

2014.07.03.  №  177-V  ҚР 

Заңымен

  (2012  ж.  1  қаңтардан  бастап  қолданысқа  енгізілді)  (

бұр.ред.қара

)  3-

тармақ жаңа редакцияда

 

3. Есепті салық кезеңінің соңында еңбек сіңірілмеген сыйлықақылар, болмаған  залалдар, мәлімделген, 



бірақ  реттелмеген  залалдар,  болған,  бірақ  мәлімделмеген  залалдар  бойынша  Қазақстан  Республикасының 

сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнамасына сәйкес құрылған сақтандыру резервтерінің бұрын 

шегерімге  жатқызылған  мөлшері  мен  алдыңғы  салық  кезеңінің  соңындағы  осындай  резервтердің  мөлшері 

арасындағы  теріс  айырма  сақтандыру,  қайта  сақтандыру  ұйымының  сақтандыру  резервтерін  азайтудан 

түсетін табыс деп танылады. 

  

2012.26.12.  №  61-V  ҚР 



Заңымен

  91-бап  өзгертілді  (2013  ж.  1  қаңтардан  бастап  қолданысқа  енгізілді) 

(

бұр.ред.қара

); 2014.16.05. № 203-V ҚР 

Заңымен

  91-бап  жаңа  редакцияда  (2014 ж.  1  қаңтардан  бастап 

қолданысқа енгізілді және 2018 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылады) (

бұр.ред.қара

); 2015.27.04. № 311-V ҚР 

Заңымен

  91-бап  өзгертілді  (2015  ж.  1  қаңтардан  бастап  қолданысқа  енгізілді  және  2020  ж.  1  қаңтарға 

дейін қолданылады) (

бұр.ред.қара

)

 

91-бап. Талап ету құқығын басқаға беруден түсетін кіріс 

Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, мыналар: 

1)  талап  ету  құқығын  сатып  алатын  салық  төлеуші  үшін  -  негізгі  борышты  талап  ету  бойынша 

борышкерден алынуға жататын сома, оның ішінде талап ету құқығын басқаға берген күнгі негізгі борыштан 

тыс сома мен талап ету құқығын сатып алу құны арасындағы оң айырма; 

2)  талап  ету  құқығын  басқаға  берген  салық  төлеуші  үшін  -  салық  төлеушінің  бастапқы  құжаттарына 

сәйкес  басқаға  беру  жүргізілген  талап  ету  құқығының  құны  мен  борышкерден  талап  ету  құқығын  басқаға 

берген  күні  алынуға  жататын  талап  ету  құны  арасындағы  оң  айырма  талап  ету  құқығын  басқаға  беруден 

түсетін кіріс болып табылады. 



Талап  ету  құқығын  басқаға  беруден  түсетін  кіріс  талап  ету  құқығын  басқаға  беру  жүргізілген  салық 

кезеңінде танылады. 

Бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алатын еншілес ұйым үшін борышкер нақты төлеген 

сома  мен  талап  ету  құқығын  сатып  алу  құны  арасындағы  оң  айырма  күмәнді  және  үмітсіз  активтер  деп 

танылған кредиттер (қарыздар) бойынша талап ету құқығын басқаға беруден түсетін кіріс болып табылады. 

Егер  2016  жылғы  1  қаңтарға  дейін  жасалған  кредит  (қарыз)  бойынша  талап  ету  құқықтарын  басқаға 

беру жөніндегі осындай мәміленің тарапы болып табылатын банктердің бірі - өзіне қатысты сот шешімімен 

қайта  құрылымдау  жүргізілген,  дауыс  беретін  акцияларының  90  пайыздан  астамы  2013  жылғы  31 

желтоқсанда ұлттық басқарушы холдингке тиесілі банк болып табылған және егер басқаға беру жүргізілген 

кредит  (қарыз)  бойынша  талап  ету  құқығының  құны  Қазақстан  Республикасының  бағалау  қызметі  туралы 

немесе  шет  мемлекеттің  заңнамасына  сәйкес  жүргізілген  бағалау  туралы  есепте  айқындалған  талап  ету 

құқығының  нарықтық  құнынан  төмен  болмаған  жағдайда,  борышкер  нақты  төлеген  сома  мен  талап  ету 

құқығын  сатып  алу  құны  арасындағы  оң  айырма  күмәнді  және  үмітсіз  активтер  деп  танылған  кредиттер 

(қарыздар) бойынша талап ету құқығын басқаға беруден түсетін кіріс болып табылады. 

  

2009.12.02.  №  133-ІV  ҚР 

Заңымен

  (2009  жылғы  1  қаңтардан  бастап  қолданысқа  енді)  (бұр.

ред

.қара); 

2012.26.12. № 61-V ҚР 

Заңымен

 (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (

бұр.ред.қара

) 92-бап 

өзгертілді

 

92-бап. Тіркелген активтердің шығып қалуынан түсетін табыс  

Егер осы Кодекстің 

119-бабына

 сәйкес айқындалған кіші топтың (І топ бойынша) немесе топтың (ІІ, ІІІ 

және  ІV  топтар  бойынша)  шығып  қалған  тіркелген  активтерінің  құны  салық  кезеңінің  басындағы  кіші 

топтың (І топ бойынша) немесе топтың (ІІ, ІІІ және ІV топтар бойынша) салық кезеңінде түскен тіркелген 

активтер  құны  ескерілген  құндық  балансынан,  сондай-ақ  салық  кезеңінде  жұмсалған  және  осы  Кодекстің 

122-бабының 3-тармағына

 сәйкес ескерілетін кейінгі шығыстардан асып кетсе, асып кету шамасы жылдық 

жиынтық табысқа енгізілуге жатады. Осы кіші топтың (І топ бойынша) немесе топтың (ІІ, ІІІ және ІV топтар 

бойынша) құндық балансы салық кезеңінің соңында нөлге тең болады.  

Тіркелген  активтердің  шығып  қалуынан  түсетін  табыс  осы  Кодекстің 

119-бабына

  сәйкес  мұндай 

активтердің шығып қалуы орын алған салық кезеңінде танылады. 

  

93-бап.  Табиғи  ресурстарды  геологиялық  зерттеуге  және  өндіруге  дайындық  жұмыстарына 



жұмсалған  шығыстарды,  сондай-ақ  жер  қойнауын  пайдаланушылардың  басқа  да 

шығыстарын түзетуден түсетін табыс 

Егер  осы  Кодекстің 



111-бабына

  сәйкес  жеке  топты  құрайтын  шығыстарды  түзететін  табыстардың 

мөлшері салық кезеңінің басында салық кезеңінде жұмсалған шығыстар ескерілген жеке топтың мөлшерінен 

асып  кетсе,  асып  кету  шамасы  жылдық  жиынтық  табысқа  енгізілуге  жатады.  Бұл  топтың  мөлшері  салық 

кезеңінің соңында нөлге тең болады. 

  

2012.26.12.  №  61-V  ҚР 

Заңымен

  94-бап  жаңа  редакцияда  (2009  ж.  1  қаңтардан  бастап  қолданысқа 

енгізілді) (

бұр.ред.қара

)

 

94-бап.  Кен  орындарын  әзірлеу  салдарын  жою  қорына  аударымдар  сомасының  кен  орындарын 



әзірлеу салдарын жою жөнiндегi іс жүзіндегі шығыстар сомасынан асып кетуiнен түсетін 

табыс  

Егер  жер  қойнауын  пайдаланушының  жер  қойнауын  пайдалануға  арналған  келісімшарттың  бүкіл 

қолданылуы кезеңінде кен орындарын әзірлеу салдарын жою бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған 

келісімшарттың бүкіл қолданылуы кезеңіне қалыптастырылған кен орындары салдарын жою қоры есебінен 

жүргізілген  іс  жүзіндегі  шығыстары  көрсетілген  қорға  жүргізілген  аударымдардан  төмен  болса,  онда 

айырма  жер  қойнауын  пайдалануға  арналған  келісімшарттың  қолданылуы  аяқталған  салық  кезеңінің 

жылдық жиынтық табысына енгізілуге жатады. 

Бұл  ретте  жылдық  жиынтық  табысқа  енгізілуге  жататын  мұндай  айырманың  сомасы  жер  қойнауын 

пайдаланушының  жою  қорының  қаражатын  мақсатсыз  пайдалануына  байланысты  осы  Кодекстің 

107-

бабына

  сәйкес  жер  қойнауын  пайдалануға  арналған  келісімшарттың  қолданылу  кезеңінде  жер  қойнауын 

пайдаланушы жүргізген жылдық жиынтық табысты түзету сомасына азайтылады. 

  

95-бап. Бұрын жүргізілген шегерімдер бойынша алынған өтемақылар 

1. Бұрын жасалған шегерімдер бойынша өтемақы түрінде алынған табыстарға: 

1)  бұрын  шегерімге  жатқызылған  және  кейінгі  салық  кезеңдерінде  өтелген,  күмәнді  деп  танылған 

талаптар сомасы; 

2) мемлекеттік бюджет қаражатынан шығындарды (шығыстарды) жабуға арнап алынған сома; 

3)  осы  Кодекстің 



119-бабында

  көрсетілген  сақтандыру  төлемдерін  қоспағанда,  сақтандыру  ұйымы 

немесе нұқсан келтірген тұлға төлеген нұқсанды өтеу сомасы; 

4) бұрын шегерімге жатқызылған шығындарды өтеу бойынша алынған басқа да өтемақылар жатады. 

Алынған өтемақы ол алынған салық кезеңінің табысы болып табылады. 


2012.26.12. № 61-V ҚР 

Заңымен

 1-1-тармақпен толықтырылды (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа 

енгізілді) 

 

1-1.  Жеке  тұлға  олар  бойынша  салық  төлеуші  осы  Кодекстің 



133-бабының  1-тармағы  3) 

тармақшасының

  ережелерін  қолданған  оқыту  шығыстарын  өтеген  болса,  жеке  тұлға  мұндай  өтеуді  өзін 

оқыту  аяқталған  (еңбек  шарты  жасалған  күнінен  бастап  үш  жыл  өткенге  дейін  бұзылған)  салық  кезеңін, 

сондай-ақ  одан  кейінгі  салық  кезеңін  қамтитын  уақыт  кезеңі  ішінде  жүргізген  жағдайда,  мұндай  өтеу 

сомасы  алдыңғы  салық  кезеңдерінің  салық  салынатын  табысын  азайтуға  жатқызылған  осындай  шығыстар 

бөлігінде салық төлеушінің жылдық жиынтық табысына қосылады. 



2013.05.12.  №  152-V  ҚР 

Заңымен

  2-тармақ  жаңа  редакцияда  (2012  ж.  1  қаңтардан  бастап  қолданысқа 

енгізілді) (

бұр.ред.қара

 

2.  Қазақстан  Республикасының  азаматтық 



заңнамасына

  сәйкес  сақтандыру  ұйымының  сақтанушыға 

жинақтаушы емес сақтандыру шарттары бойынша  қайтаруына жататын немесе  қайтарған және сақтанушы 

бұрын шегерімге жатқызған сақтандыру сыйлықақыларының сомасы олар сақтанушыға қайтарылуға жатқан 

немесе қайтарылған сол салық кезеңінің жылдық жиынтық табысына жатқызылады. 

  

2009.30.12 № 234-IV 



Заңымен

  (2009  жылғы  1  қаңтардан  қолданысқа  енгiзiлдi)  (бұр.

ред

.қара); 2012.26.12. 

№ 61-V ҚР 

Заңымен

 (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (

бұр.ред.қара

) 96-бап өзгертілді; 

2015.03.12.  №  432-V  ҚР 

Заңымен

  96-бап  жаңа  редакцияда  (2016  ж.  1  қаңтардан  бастап  қолданысқа 

енгізілді) (

бұр.ред.қара

 

96-бап. Өтеусіз алынған мүлік  

1.  Егер  осы  Кодексте  өзгеше  белгіленбесе,  салық  төлеуші  өтеусіз  алған  кез  келген  мүліктің,  оның 

ішінде жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің құны оның кірісі болып табылады. 

2. Өтеусіз алынған мүлік, оның ішінде жұмыстар мен  көрсетілетін қызметтер түріндегі кіріс осындай 

мүлік алынған, жұмыстар орындалған, қызметтер көрсетілген салық кезеңінде танылады. 

3. Өтеусіз алынған мүліктің, оның ішінде жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің құны халықаралық 

қаржылық  есептілік  стандарттарына  және  Қазақстан  Республикасының  бухгалтерлік  есеп  пен  қаржылық 

есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес бухгалтерлік есеп деректері бойынша айқындалады. 

4.  Қоршаған  ортаны  қорғау  саласындағы  уәкілетті  орган  белгілеген  тәртіппен  Парниктік  газдар 

шығарындыларына  квоталар  бөлудің  ұлттық  жоспарына  сәйкес  алынған  парниктік  газдар 

шығарындыларына квота түрінде өтеусіз алынған мүліктің құны нөлге тең деп танылады. 

5.  Осы  Кодекстің 

100-бабының  11-тармағына

  сәйкес  алынған  мүліктің,  оның  ішінде  жұмыстардың, 

көрсетілетін қызметтердің құны өтеусіз алынған мүлік деп танылмайды. 

  

97-бап. Әлеуметтік сала объектілерін пайдалану кезінде алынған табыс  

1.  Әлеуметтік  сала  объектілеріне  осы  бапта  көзделген  қызмет  түрлерін  жүзеге  асыру  кезінде 

пайдаланылатын, салық төлеушіге меншік құқығында тиесілі мүлік жатады.  

2. Салық төлеушінің жылдық жиынтық табысына мынадай қызмет түрлерін: 

1) медициналық қызметті;  

2) бастауыш,  негізгі орта,  жалпы  орта, техникалық  және  кәсіптік, орта  білімнен  кейінгі,  жоғары  және 

жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру; қосымша білім беру саласындағы қызметті; 

3)  ғылым,  дене  тәрбиесі  және  спорт,  мәдениет  саласындағы,  тарихи-мәдени  мұраларды,  мұрағат 

құндылықтарын сақтау жөнінде қызметтер көрсету саласындағы қызметті; 

2009.30.12  №  234-IV 

Заңымен

  4)  тармақша  өзгертілді  (2009  жылғы  1  қаңтардан  қолданысқа  енгiзiлдi) 

(бұр.

ред

.қара)

 

4) қызметкерлердің, олардың отбасы мүшелерінің, өзара  байланысты  тараптар  қызметкерлерінің және 



отбасы  мүшелерінің  демалысын  ұйымдастыру,  сондай-ақ  тұрғын  үй  қорының  объектілерін  пайдалану 

жөніндегі  қызметті  жүзеге  асыру  кезінде  пайдаланылатын  әлеуметтік  сала  объектілерін  пайдалану  кезінде 

алынуға жататын (алынған) табыстардың іс жүзінде келтірілген шығыстардан асып кетуі енгізіледі.  

3.  Қызметкерлердің  қоғамдық  тамақтануын,  мектепке  дейінгі  тәрбиелеу  мен  оқытуды,  балаларды, 

қарттар  мен  мүгедектерді  әлеуметтік  қорғау  мен  әлеуметтік  қамсыздандыруды  ұйымдастыру  жөніндегі 

қызметті  жүзеге  асыру  кезінде  пайдаланылатын  әлеуметтік  сала  объектілерін  пайдалану  кезінде  алынған 

табыстар жылдық жиынтық табысқа енгізілуге жатады.  

  

98-бап. Кәсіпорынды мүліктік кешен ретінде сатудан түсетін табыс (залал) 

1. 


Кәсіпорынды мүліктік кешен ретінде

  сатудан  түсетін  табыс  кәсіпорынды  мүліктік  кешен  ретінде 

сатып алу-сату шарты бойынша өткізілу құны мен берілетін міндеттемелердің өткізілген күнгі бухгалтерлік 

есеп деректері бойынша  баланстық құнына азайтылған, берілетін активтердің баланстық құны арасындағы 

оң айырма ретінде айқындалады. 

2.  Кәсіпорынды  мүліктік  кешен  ретінде  сатудан  шегетін  залал  кәсіпорынды  мүліктік  кешен  ретінде 

сатып алу-сату шарты бойынша өткізілу құны мен берілетін міндеттемелердің өткізілген күнгі бухгалтерлік 

есеп деректері бойынша  баланстық құнына азайтылған, берілетін активтердің баланстық құны арасындағы 

теріс айырма ретінде айқындалады. 


Кәсіпорынды  мүліктік  кешен  ретінде  сатудан  шегетін  залалды  ауыстыру  осы  Кодекстің 

137-бабында

 

белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.  



  

99-бапЖылдық жиынтық табысты түзету 

1. Салық төлеушілердің жылдық жиынтық табысынан: 



2012.09.01. № 535-IV ҚР 

Заңымен

 (2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (

бұр.ред.қара

)

2014.28.11.  №  257-V  ҚР 

Заңымен

  (2015  ж.  1  қаңтардан  бастап  қолданысқа  енгізілді)  (

бұр.ред.қара

)  1) 

тармақша  жаңа  редакцияда;  2015.29.10.  №  376-V  ҚР 

Заңымен

  1)  тармақша  өзгертілді  (2016  ж.  1 

қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (

бұр.ред.қара

)

 

1) мыналарды: 



егер  осы  тармақтың  1-1)  тармақшасында  өзгеше  белгіленбесе,  тәуекелдік  инвестициялаудың  жабық 

пайлық  инвестициялық  қорлары  мен  тәуекелдік  инвестициялаудың  акционерлік  инвестициялық  қорлары 

төлейтіндерді; 

мұндай дивидендтер корпоративтік табыс салығын азайту жүргізілген салық кезеңіне кіретін кезең үшін 

есепке жазылған жағдайда, осы Кодекстің 

139-бабына

 сәйкес есептелген корпоративтік табыс салығын 100 

пайызға  азайтуды  жүргізетін  заңды  тұлға  (Қазақстан  Республикасының  инвестициялар  саласындағы 

заңнамасына

 сәйкес жасалған инвестициялық келісімшарт шеңберінде инвестициялық басым жобаны іске 

асырып жатқан ұйымды қоспағанда) төлейтіндерді қоспағанда, дивиденттер; 

1-1) мынадай шарттарды бір мезгілде орындаған кезде: 

дивидендтерді  есептеу  күніне  салық  төлеуші  тәуекелдік  инвестициялаудың  осындай  акционерлік 

инвестициялық қорының акцияларына немесе қатысу үлестеріне үш жылдан астам иелік етсе; 

технологиялық  дамыту  саласындағы  ұлттық  даму  институтының  тәуекелдік  инвестициялаудың 

осындай  акционерлік  инвестициялық  қорының  жарғылық  капиталына  қатысуы  жиырма  бес  пайыздан 

астамды құраса, тәуекелдiк инвестициялаудың акционерлiк инвестициялық қорлары төлейтiн дивидендтер; 

2)  жеке  тұлғалардың  депозиттеріне  міндетті  кепілдік  беруді  жүзеге  асыратын  ұйым  алған  банктердің 

міндетті күнтізбелік, қосымша және төтенше жарналарының сомасы; 

3)  Сақтандыру  төлемдеріне  кепілдік  беру  қоры  алған  сақтандыру  ұйымдарының  міндетті,  қосымша 

және төтенше жарналарының сомасы; 

4)  жеке  тұлғалардың  депозиттеріне  міндетті  кепілдік  беруді  жүзеге  асыратын  ұйым  мен  Сақтандыру 

төлемдеріне  кепілдік  беру  қоры  өздерінің  өтелген  депозиттер  мен  төленген  кепілдікті  және  өтемақылық 

төлемдер бойынша талаптарын қанағаттандыру тәртібімен алған ақша сомасы;  

5) 

Қазақстан  Республикасының  зейнетақымен  қамсыздандыру  туралы  заңнамасына

  сәйкес 

алынған және жеке зейнетақы шоттарына бағытталған инвестициялық табыстар; 

6) 


Қазақстан  Республикасының  міндетті  әлеуметтік  сақтандыру  туралы  заңнамасына

  сәйкес 

алынған  және  Мемлекеттік  әлеуметтік  сақтандыру  қорының  активтерін  ұлғайтуға  бағытталған 

инвестициялық табыстар;  



2012.09.01.  №  535-IV  ҚР 

Заңымен

  7)  тармақша  жаңа  редакцияда  (2012  жылғы  1  қаңтардан  бастап 

қолданысқа енгізілді) (

бұр.ред.қара

)

 

7)  Қазақстан  Республикасының  инвестициялық  қорлар  туралы 



заңнамасына

  сәйкес  инвестициялық 

қызметтен акционерлiк инвестициялық қорлар алған және акционерлік инвестициялық қордың кастодианы 

ескерген инвестициялық табыстар; 



2012.12.01. № 539-ІV ҚР 

Заңымен

 8) тармақша өзгертілді (

бұр.ред.қара

)

 

8)  Қазақстан  Республикасының  жобалық  қаржыландыру  және  секьюритилендіру  туралы  заңнамасына 



сәйкес секьюритилендіру мәмілесі бойынша арнайы қаржы компаниясы алған, борышты талап ету құқығын 

басқаға беруден алынған табыстар; 

9)  мүлікті  сенімгерлікпен  басқару  шарты  бойынша  сенімгерлікпен  басқару  құрылтайшысы  немесе 

сенімгерлікпен  басқару  туындайтын  өзге  жағдайларда  пайда  алушы  алатын  (алынуға  жататын),  мүлікті 

сенімгерлікпен басқарудан түсетін таза табыс; 

10)  мақта  қолхаттары  бойынша  міндеттемелердің  орындалуына  кепілдік  беру  қоры  мақта  өңдеу 

ұйымдарынан алатын жыл сайынғы міндетті жарналардың сомасы; 

11)  астық  қолхаттары  бойынша  міндеттемелерді  орындауға  кепілдік  беру  қоры  астық  қабылдау 

кәсіпорындарынан алатын жыл сайынғы міндетті жарналардың сомасы; 

2009.12.02. № 133-ІV ҚР 

Заңымен

 12) тармақша өзгертілді (бұр.

ред

.қара)

 

12)  мақта  (астық)  қолхаттары  бойынша  міндеттемелердің  орындалуына  кепілдік  беру  қоры  кепілдік 



төлемдерін жүзеге асыру жөніндегі талаптарды қанағаттандыру тәртібімен алатын ақша сомасы; 

2015.24.11.  №  422-V  ҚР 

Заңымен

  12-1)  тармақшамен  толықтырылды  (2016  ж.  1  қаңтардан  бастап 

қолданысқа енгізілді)

 

12-1)  мемлекеттік  ислам  арнайы  қаржы  компаниясының  осы  Кодекстің 



396-бабы  2-тармағының  6) 

тармақшасында

 көрсетілген жылжымайтын мүлікті және осындай мүлік орналасқан жер учаскелерін жалға 

тапсырудан және (немесе) өткізу кезінде алынған кірістері; 

2009.12.02. № 133-ІV ҚР 

Заңымен

 бап 13) тармақшамен толықтырылды

 


13)  инвестициялық  депозиттер  түрінде  алынған  ақшаны  басқару  процесінде  ислам  банкі  алған,  осы 

инвестициялық  депозиттер  депозиторларының  шоттарына  арналған  және  соларда  болатын  табыстар  алып 

тасталуға жатады. Мұндай табыстарға ислам банкінің сыйақылары қосылмайды;  

2009.12.02. № 133-ІV ҚР 

Заңымен

  14)  тармақшамен  толықтырылды;  2010.19.03.  №  258-ІV  ҚР 

Заңымен

 

14)  тармақша  өзгертілді  (2011  жылғы  1  қаңтардан  бастап  қолданысқа  енгізілді  және  2016  жылғы  1 

қаңтарға дейін қолданылды) (

бұр.ред.қара

 

14) Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы 



заңнамасына

 сәйкес құрылған ислам 

арнайы қаржылық компаниясы алған борышты талап ету құқығын беруден түсетін табыстар; 

14-1) 2012.26.12. № 61-V ҚР 



Заңымен

 2014 ж. 1 қаңтардан бастап алып тасталды 



(

бұр.ред.қара

 

14-2) 2012.26.12. № 61-V ҚР 



Заңымен

 2014 ж. 1 қаңтардан бастап алып тасталды 



(

бұр.ред.қара

 

14-3) 2014.16.05. № 203-V ҚР 



Заңымен

 2016 ж. 1 қаңтардан бастап алып тасталды 



(

бұр.ред.қара

 

15) 2010.19.03. № 258-ІV ҚР 



Заңымен

 2016 ж. 1 қаңтардан бастап алып тасталды 



(

бұр.ред.қара

 

2013.05.12.  №  152-V  ҚР 



Заңымен

  16)  тармақшамен  толықтырылды  (2014  ж.  1  қаңтардан  бастап 

қолданысқа  енгізілді);  2015.17.11.  №  407-V  ҚР 

Заңымен

  16)  тармақша  өзгертілді  (2016  ж.  1  қаңтардан 

бастап қолданысқа енгізілді) (

бұр.ред.қара

)

 

16) жеке тұлғалардың депозиттеріне мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйымның арнайы резерв 



активтерін инвестициялаудан алынған және оны ұлғайтуға бағытталған инвестициялық табыстары; 

2015.17.11.  №  407-V  ҚР 

Заңымен

  17)  тармақшамен  толықтырылды  (2016  ж.  1  қаңтардан  бастап 

қолданысқа енгізілді)

 

17)  трансұлттық  корпорациялардың  қатысуымен  бірлескен  кәсіпорындар  құру  үшін,  сондай-ақ 



шетелдік инвестициялық қорларға үлестік қатысу үшін ғана бюджеттен нысаналы аударым түрінде алынған, 

Қазақстан Республикасының инновациялық кластер туралы 



заңнамасымен

 айқындалған дербес кластерлік 

қордың кірісі алып тастауға жатады. 

2012  ж.  1  қаңтардан  бастап  2018  ж.  1  қаңтарға  дейінгі  кезеңінде  2008.10.12   №  100-IV  ҚР  Заңның 

62-

бабына

 сәйкес 99-бабының 1-тармағы екінші, үшінші және төртінші бөліктермен толықтырылды 

 

Бас  банктің  күмәнді  және  үмітсіз  актвитерін  сатып  алатын  банктің  еншілес  ұйымының  жылдық 



жиынтық  табысынан  Қазақстан  Республикасының  банктер  және  банк  қызметі  туралы 

заңнамасында

 

көзделген  қызмет  түрлерін  жүзеге  асырудан  түсетін,  мұндай  ұйымның  жылдық  жиынтық  табысына 



енгізілген  және  мұндай  ұйымға  күмәнді  және  үмітсіз  активтер  бойынша  талап  ету  құқықтарын  берген 

банкке аударылған табыстар алып тасталады. 

Бұл ретте, алуға жататын табыстарды Қазақстан Республикасының банктер және банк қызметі туралы 

заңнамасында көзделген қызмет түрлерін жүзеге асырудан түсетін табыстарға жатқызу уәкілетті органның 

келісімі бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген тәртіппен жүргізіледі. 

Банктің  жылдық  жиынтық  табысынан  талап  ету  құқықтарын  беруден  түсетін,  екінші  деңгейдегі 

банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданған, дауыс беретін акцияларының жүз 

пайызы  Қазақстан  Республикасының  Ұлттық  Банкіне  тиесілі,  кредиттер  (қарыздар)  бойынша  талап  ету 

құқықтары  мұндай  ұйымға  бұрын  берілген  ұйымнан  сатып  алуына  байланысты  алынған  табыстар  алып 

тасталады. 

2.  Тауарлық-материалдық  қорларды  бағалаудың  салық  төлеуші  осының  алдындағы  салық  кезеңінде 

қолданған әдісінен өзге әдіске ауысқан кезде салық төлеушінің жылдық жиынтық табысы бағалаудың жаңа 

әдісін  қолдану  нәтижесінде  түзілген  оң  айырма  сомасына  ұлғайтылуға  және  теріс  айырма  сомасына 

азайтылуға жатады. 

Салық  төлеуші  тауарлық-материалдық  қорларды  бағалаудың  өзге  әдісіне  ауысуды  салық  кезеңінің 

басынан бастап жүргізеді. 

  

  


Каталог: upload -> medialibrary
upload -> Нұржан Қуантайұлы алаш Орда баспасөзі және жүсіпбек аймауытұЛЫ
upload -> Жансүгіров атындағы жму хабаршысы №4 /2012
upload -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
upload -> Л т т ы о а м д ы – с а я с и ж у р н а л журнал 1976 жылы Халықтар Достығы орденімен, 2002 жылы Қазақстан Журналистика Академиясының «Алтын Жұлдыз», 2008 жылы Қазақстан Журналистер Одағының сыйлығымен марапатталды
medialibrary -> «Мұнайшы» қоғамдық қоры
medialibrary -> Сақтау мерзімдерін көрсете отырып, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар қызметінде жасалатын үлгілік құжаттар тізбесін бекіту туралы
medialibrary -> Сақтау мерзімдерін көрсете отырып, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар қызметінде жасалатын үлгілік құжаттар тізбесін бекіту туралы

жүктеу 13.83 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   126




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет