Кодексі салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы



жүктеу 13.83 Mb.
Pdf просмотр
бет17/126
Дата28.04.2017
өлшемі13.83 Mb.
түріКодекс
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   126
§ 1. Салық есептілігі 

  

63-бап. Жалпы ережелер 

2013.05.12.  №  152-V  ҚР

 

Заңымен

  1-тармақ  жаңа  редакцияда  (2015  ж.  1  қаңтардан  бастап  қолданысқа 

енгізілді) (

бұр.ред.қара

)

 

1.  Салық  есептілігі  -  салық  төлеушінің  (салық  агентінің)  осы  Кодексте  белгіленген  тәртіпке  сәйкес 



салық  органдарына  табыс  етілетін,  салық  төлеуші  туралы,  салық  салу  объектілері  және  (немесе)  салық 

салуға  байланысты  объектілер  туралы,  сондай-ақ  салық  міндеттемелерін,  міндетті  зейнетақы  жарналарын, 

міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, әлеуметтік аударымдарды есептеу туралы мәліметтерді қамтитын 

құжаты. 


Салық есептілігі уәкілетті орган бекіткен пішімді-логикалық бақылау 

талаптарына

 сәйкес жасалады. 



2010.30.06.  №  297-ІV  ҚР 

Заңымен

  (2010  ж.  1  шілдеден  бастап  қолданысқа  енгізілді)  (

бұр.ред.қара

)

2011.05.07. № 452-IV ҚР 

Заңымен

 (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (

бұр.ред.қара



2-тармақ  өзгертілді;  2013.05.12.  №  152-V  ҚР 

Заңымен

  2-тармақ  жаңа  редакцияда  (2013  ж.  1 

желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (

бұр.ред.қара

)

 

2. Салық есептілігі салық  төлеуші (салық агенті) салықтардың, бюджетке төленетін  басқа да міндетті 



төлемдердің  түрлері,  міндетті  зейнетақы  жарналары,  міндетті  кәсіптік  зейнетақы  жарналары  және 

әлеуметтік аударымдар бойынша жасауға және табыс етуге жататын салық декларацияларын, есептеулерін, 

оларға  қосымшаларды,  сондай-ақ  мониторингке  жататын 

ірі  салық  төлеушілер

  табыс  ететін  мониторинг 

бойынша  есептілікті,  импортталған  тауарлар  бойынша  жанама  салықтар  жөніндегі 

декларацияны

тауарларды  әкелу  және  жанама  салықтардың  төленгені  туралы 



өтініштерді

  қамтиды.  Салық  есептілігінің 

нысандарын  және  оларды 

жасау  қағидаларын

  осы  Кодекстің 



65  -  67-баптарының

  ережелерін  ескере 

отырып, уәкілетті орган бекітеді. 

2010.30.06. № 297-ІV ҚР 

Заңымен

 3-тармақ өзгертілді  (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) 

(

бұр.ред.қара

)

 

3.  Импортталатын  тауарлар  бойынша  жанама  салықтар  жөніндегі  декларацияны,  тауарларды  әкелу 



және  жанама  салықтардың  төленгені  туралы  өтінішті  қоспағанда,  салық  есептілігі  мынадай  түрлерге 

бөлінеді: 



2013.05.12. № 152-V ҚР 

Заңымен

 1) тармақша жаңа редакцияда (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа 

енгізілді) (

бұр.ред.қара

)

 

1) бастапқы есептілік - салық төлеушіні тіркеу есебіне қою жүргізілген және (немесе) осы тұлға салық 



төлеуші  (салық  агенті)  болып  табылатын  салықтардың  және  бюджетке  төленетін  басқа  да  міндетті 

төлемдердің  белгілі  бір  түрлері  бойынша  салық  міндеттемесі,  сондай-ақ  міндетті  зейнетақы  жарналарын, 

міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстау мен аудару және әлеуметтік аударымдарды есептеу 

мен төлеу бойынша міндеттеме алғаш туындаған салық кезеңі үшін тұлға табыс ететін салық есептілігі; 



2009.16.11.  №  200-ІV  ҚР 

Заңымен

  (2010  ж.  1  қаңтардан  бастап  қолданысқа  енгiзiлді)  (бұр.

ред

.қара); 

2014.28.11.  №  257-V  ҚР 

Заңымен

  (2015  ж.  1  қаңтардан  бастап  қолданысқа  енгізілді)  (

бұр.ред.қара

)  2) 

тармақша өзгертілді

 


2) кезекті есептілік  - салық төлеушіні тіркелу есебіне қою жүргізілген және (немесе) осы тұлға салық 

төлеуші (салық агенті) болып табылатын салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің 

белгілі  бір  түрлері  бойынша  салық  міндеттемесі,  міндетті  зейнетақы  жарналарын,  міндетті  кәсіптік 

зейнетақы  жарналарын  есептеу,  ұстау  мен  аудару  және  әлеуметтік  аударымдарды  есептеу  мен  төлеу 

бойынша  міндет  алғаш  туындаған  салық  кезеңінен  кейінгі  салық  кезеңдері  үшін,  сондай-ақ  салық  кезеңi 

iшiнде  салық  салу  объектiлерi  шығып  қалған  жағдайда  -  салық  кезеңiнiң  қорытындылары  бойынша  тұлға 

табыс ететін салық есептілігі;  

Осы Кодекстің 



37-1-тарауының

  мақсаттарына  орай  тауарларды  импорттаған  тұлға  осындай  тауарлар 

есепке  қабылданған  салық  кезеңі  үшін  табыс  ететін  салық  есептілігі  импортталған  тауарлар  бойынша 

жанама салықтар жөніндегі кезекті декларация болып табылады

3) қосымша есептілік  - осы өзгерістер және (немесе) толықтырулар жататын салық кезеңі үшін бұрын 

табыс етілген салық есептілігіне осы тұлға салық төлеуші (салық агенті) болып табылатын салықтың және 

бюджетке  төленетін  басқа  да  міндетті  төлемдердің  түрлері  бойынша,  сондай-ақ  міндетті  зейнетақы 

жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша өзгерістер және 

(немесе) толықтырулар енгізілген кезде тұлға табыс ететін салық есептілігі;  

4)  хабарлама  бойынша  қосымша  есептілік  -  салық  органы  камералдық  бақылау  нәтижелері  бойынша 

бұзушылықтарды  анықтаған  салық  кезеңі  үшін  бұрын  табыс  етілген  салық  есептілігіне  осы  тұлға  салық 

төлеуші  (салық  агенті)  болып  табылатын  салықтың,  бюджетке  төленетін  басқа  да  міндетті  төлемдердің 

түрлері  бойынша,  сондай-ақ  міндетті  зейнетақы  жарналары,  міндетті  кәсіптік  зейнетақы  жарналары  және 

әлеуметтік аударымдар бойынша өзгерістер  және (немесе) толықтырулар енгізген кезде тұлға табыс ететін 

салық есептілігі; 

2009.16.11.  №  200-ІV  ҚР 

Заңымен

  5)  тармақша  өзгертілді  (2010  ж.  1  қаңтардан  бастап  қолданысқа 

енгiзiлді) (бұр.

ред

.қара)

 

5) тарату есептілігі - салық төлеуші қызметін тоқтатқан немесе қайта ұйымдастырылған кезде осы тұлға 



салық  төлеуші  (салық  агенті)  болып  табылатын  салықтың,  бюджетке  төленетін  басқа  да  міндетті 

төлемдердің түрлері бойынша, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және 

әлеуметтік  аударымдар  бойынша,  сондай-ақ  тіркелу  есебінен  шығарылған  кезде  қосылған  құн  салығы 

бойынша тұлға табыс ететін салық есептілігі.  



  

64-бап. Салық есептілігін жасау ерекшеліктері  

2009.16.11. №  200-ІV ҚР 

Заңымен

  1-тармақ  жаңа  редакцияда  (2010  ж.  1  қаңтардан  бастап  қолданысқа 

енгiзiлді) (бұр.

ред

.қара)

 

1. Осы Кодексте көзделген жағдайларда салық салудың әртүрлi шарттары белгiленген қызмет түрлерiн 



жүзеге асыратын салық төлеушiлер әрбір қызмет түрi бойынша бөлек салық есептілігiн жасайды. 

Күнтiзбелiк  жыл  iшiнде  ауыл  шаруашылығы  өнімін  өндірушілер  және  ауыл  шаруашылығы 

кооперативтері  үшін  арнаулы  салық  режимінен  жалпыға  бірдей  белгiленген  тәртiпке  ауысқан  салық 

төлеушiлер көрсетiлген күнтiзбелiк жылда: 

арнаулы салық режимiн; 

жалпыға бірдей белгiленген тәртiптi қолданған кезеңi үшiн салық есептілігiн жеке-жеке жасайды. 

2.  Осы  Кодексте  бөлек  салықтық  есепке  алуды  жүргізу  қажеттілігі  көзделген  жер  қойнауын 

пайдаланушылар осы Кодексте көзделген тәртіппен салық есептілігін жасайды.  



2011.05.07.  №  452-IV  ҚР 

Заңымен

  3-тармақ  өзгертілді  (2012  жылғы  1  қаңтардан  бастап  қолданысқа 

енгізілді)  (

бұр.ред.қара

);  2013.05.12.  №  152-V  ҚР 

Заңымен

  3-тармақ  жаңа  редакцияда  (2013  ж.  1 

желтоқсаннан  бастап  қолданысқа  енгізілді)  (

бұр.ред.қара

);  2014.07.03.  №  177-V  ҚР 

Заңымен

  3-тармақ 

өзгертілді  (2014  ж.  1  қаңтардан  бастап  қолданысқа  енгізілді)  (

бұр.ред.қара

);  2014.29.09.  №  239-V  ҚР 

Заңымен

  (

бұр.ред.қара

);  2014.28.11.  №  257-V  ҚР 

Заңымен

  (2015  ж.  1  қаңтардан  бастап  қолданысқа 

енгізілді) (

бұр.ред.қара

) 3-тармақ жаңа редакцияда

 

3.  Егер  салық  төлеуші  олар  үшін  уәкілетті  орган  салық  есептілігінің  әртүрлі  нысандарын  белгілеген 



салық төлеуші санаттарына жататын болса, онда мұндай салық төлеуші өзі жатқызылатын салық төлеушінің 

әрбір санаты үшін көзделген нысандар бойынша салық есептілігін жасауға тиіс. 

  

65-бапКорпоративтік табыс салығы бойынша салық есептілігін белгілеу ерекшеліктері  

2009.16.11.  №  200-ІV  ҚР 

Заңымен

  (2012  ж.  1  қаңтардан  бастап  қолданысқа  енгiзiлді)  (

бұр.ред.қара

)

2009.30.12.  234-ІV  ҚР 

Заңымен 

 (2012  жылғы  1  қаңтардан  қолданысқа  енгiзiлдi)  (

бұр.ред.қара

)

2011.05.07. № 452-IV ҚР 

Заңымен

 (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (

бұр.ред.қара

)

2013.05.12. № 152-V ҚР 

Заңымен

 (2013 ж. 1 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (

бұр.ред.қара

) 1-

тармақ өзгертілді

 

1.  Уәкілетті  орган  корпоративтік  табыс  салығы  бойынша  декларацияның  нысандарын  салық 



төлеушілердің мынадай санаттарының әрқайсысы үшін: 

1) 2014.28.11. № 257-V ҚР 



Заңымен

 алып тасталды 



(2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) 

(

бұр.ред.қара

 

2) коммерциялық емес ұйымдар;  



3) 2014.28.11. № 257-V ҚР 

Заңымен

 алып тасталды 



(2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) 

(

бұр.ред.қара

 

4)  ережелерiнде  салық  режимiнiң  тұрақтылығы  тiкелей  көзделген,  өнiмдi  бөлу  туралы  келісім 



(келісімшарт) немесе Қазақстан Республикасының Президентi бекiткен жер қойнауын пайдалануға арналған 

келісімшарт бойынша қызметтi жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылар; 

4-1) мыналарды: 

кең  таралған  пайдалы  қазбалар,  жерасты  сулары  мен  емдiк  балшықтар  бойынша  жер  қойнауын 

пайдалану жөніндегі операцияларды жүзеге асыратындарды; 

осы  тармақтың  4)  тармақшасында  көрсетiлгендердi  қоспағанда,  жер  қойнауын  пайдалануға  арналған 

келісімшарттар бойынша қызметтi жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылар; 

2014.28.11. № 257-V ҚР 

Заңымен

 5) тармақша жаңа редакцияда (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа 

енгізілді) (

бұр.ред.қара

 

5)  өздеріне  декларация  толтыру  және  табыс  ету  жөніндегі  міндет  белгіленген,  осы  тармақтың  2),  4) 



және  4-1)  тармақшаларында  көрсетілмеген  корпоративтік  табыс  салығын  басқа  да  төлеушілер  үшін  жеке-

жеке осы декларацияға қосымшалармен қоса бекітеді. 

2. Корпоративтік табыс  салығы бойынша декларация салық төлеушілердің жылдық жиынтық табысқа 

енгізілген  табыстардың  корпоративтік  табыс  салығын,  шегерімге  жатқызылған  шығыстарды,  олардың 

түзетілімдерін,  салық  салынатын  табысты  (залалды),  салық  салынатын  табысты  азайтатын  табыстар  мен 

шығыстарды,  шеккен  залалдарды,  салық  кезеңі  үшін  есептелген  салық  сомасын  және  салық  кезеңі  үшін 

есептелген салық сомасын азайтатын салықтар сомасын декларациялауына арналған. 

Корпоративтік  табыс  салығы  бойынша  декларацияға  қосымшалар  салықтық  бақылау  мақсатына  орай 

салық  органдары  пайдаланатын  салық  міндеттемесін  есептеу  туралы  ақпаратты  егжей-тегжейлі  көрсетуге 

арналған.  

Корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияға қосымшалардың нысандары мынадай:  

1) құн өсімінен түсетін табыстар (залалдар) жөніндегі;  

2)  күмәнді  міндеттемелер,  күмәнді  талаптар  бойынша  табыстар  мен  шығыстар,  міндеттемелерді  және 

талаптарды есептен шығару, оның ішінде кредиторлар мен дебиторлар бойынша есептен шығару жөніндегі; 

3)  сыйақылар  бойынша  табыстар  мен  шығыстар  жөніндегі  ақпаратты  қамтуы  мүмкін.  Сыйақылар 

бойынша шығыстар жөніндегі осы қосымшаның нысаны сыйақы алушылар бойынша белгіленуі мүмкін; 

4)  өткізілген  тауарлар,  орындалған  жұмыстар,  көрсетілген  қызметтер  бойынша  шығыстар  жөніндегі 

ақпаратты  қамтуы  мүмкін.  Осы  қосымшаның  нысаны  қосылған  құн  салығын  төлеушілер  болып 

табылмайтын тұлғалар үшін өнім берушілер бойынша белгіленуі мүмкін; 

5)  свопты  қоспағанда,  туынды  қаржы  құралдары  бойынша  табыстар  (залалдар)  жөніндегі  ақпаратты 

қамтуы мүмкін. Осы қосымшаның нысаны келісімшарт жасаушы агенттер бойынша белгіленуі мүмкін; 

2012.26.12. № 61-V ҚР 

Заңымен

 6) тармақша жаңа редакцияда (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа 

енгізілді) (

бұр.ред.қара

 

6)  бейрезидент  заңды  тұлғаның  тұрақты  мекеме  арқылы  Қазақстан  Республикасында  қызметті  жүзеге 



асыруға байланысты есептен шығарылуға жататын басқару және жалпы әкімшілік шығыстары жөніндегі; 

7) инвестициялық салық преференциялары жөніндегі;  



2015.16.11. № 403-V ҚР 

Заңымен

 8) тармақша өзгертілді (

бұр.ред.қара

 

8) салық салынатын табысты азайтатын табыстар мен шығыстар жөніндегі ақпаратты қамтуы мүмкін. 



Осы қосымшаның нысаны өтеусіз берілген мүлікті, қайырымдылық көмекті алушылар бойынша белгіленуі 

мүмкін;  

9)  амортизациялық  аударымдар,  жөндеуге  жұмсалатын  шығыстар  және  тіркелген  активтер  бойынша 

басқа да шегерімдер жөніндегі;  

10)  шетелдік  көздерден  алынатын  табыстар  жөніндегі,  жеңілдікті салық салынатын елдерде тіркелген 

немесе орналасқан компаниялар пайдасының немесе пайдасының бір бөлігінің сомалары жөніндегі, сондай-

ақ  төленген  шетелдік  салық  және  есепке  жатқызылу  сомасы  жөніндегі  ақпаратты  қамтуы  мүмкін.  Осы 

қосымшаның нысаны осындай табыстар алынған тұлғалар бойынша белгіленуі мүмкін; 

11) алынған стандартты салық жеңілдіктері бойынша салық міндеттемесін есептеу жөніндегі; 

12) халықаралық шарттарға сәйкес салық салудан босатылуға жататын табыстар жөніндегі ақпаратты;  

13)  корпоративтік  табыс  салығы  бойынша  декларациямен  табыстар  мен  шығыстар  туралы  есепті 

салыстыруды; 

14) своп бойынша табыстар (залалдар) жөніндегі ақпаратты қамтуы мүмкін. Осы қосымшаның нысаны 

келісімшарт жасаушы агенттер бойынша белгіленуі мүмкін; 

15)  мүлікті  сенімгерлікпен  басқару  құрылтайшылары  және  (немесе)  сенімгерлікпен  басқару 

туындайтын өзге жағдайларда пайда алушылар бойынша салық салу объектілері және (немесе) салық салуға 

байланысты объектілер, салық міндеттемесі туралы; 

2009.16.11.  №  200-ІV  ҚР 

Заңымен

  16)  тармақша  өзгертілді  (2012  ж.  1  қаңтардан  бастап  қолданысқа 

енгiзiлді) (

бұр.ред.қара

)

 

16)  резиденттің  Қазақстан  Республикасының  шегінен  тысқары  жерлерде  орналасқан  тұрақты 



мекемелері  шегерімге  жатқызатын,  резиденттің  басқарушылық  және  жалпы  әкімшілік  шығыстары 

жөніндегі; 



2009.16.11.  №  200-ІV  ҚР 

Заңымен

  17)  тармақшамен  толықтырылды  (2012  ж.  1  қаңтардан  бастап 

қолданысқа  енгiзiлді);  2011.21.07.  №  467-ІV  ҚР 

Заңымен

  17)  тармақша  өзгертілді  (2012  жылғы  1 

қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (

бұр.ред.қара

 

17)  өздерiне  қатысты  осы  Кодекстiң 



58-бабында

  және  (немесе) 



448-бабының  4-тармағында

  бөлек 


есепке алуды жүргiзу көзделген салық салу объектiлерi және (немесе) салық салуға байланысты объектiлер 

туралы, қызмет түрлерi бойынша корпоративтiк табыс салығын есептеу жөніндегі ақпаратты; 



2011.21.07.  №  467-ІV  ҚР 

Заңымен

  18)  тармақшамен  толықтырылды  (2012  жылғы  1  қаңтардан  бастап 

қолданысқа енгізілді)

 

18)  корпоративтiк  табыс  салығын  төлеушінің  халықаралық  қаржылық  есептiлiк  стандарттарына  және 



Қазақстан  Республикасының  бухгалтерлiк  есеп  және  қаржылық  есептiлiк  туралы  заңнамасының 

талаптарына  сәйкес  жасалған  жылдық  қаржылық  есептiлiгінде  көрсетілуге  тиісті  мәліметтерді  қамтуы 

мүмкін. 

3.  Корпоративтік  табыс  салығы  бойынша  декларацияға  қосымшалардың  нысандары  салық 

төлеушілердің  жекелеген  санаттары  бойынша  осы  баптың  2-тармағында  көрсетілген  ақпаратқа  қосымша 

мынадай:  

1)  сақтандыру,  қайта  сақтандыру  ұйымдары,  өзара  сақтандыру  қоғамдары  үшін  -  құрылған 

провизиялардың  (резервтердің)  мөлшерлерін  азайтудан  алынатын  табыстар  және  провизияларды 

(резервтерді) құру бойынша шығыстар жөніндегі;  

2) коммерциялық емес ұйымдар үшін:  

өтеусіз  алынған  (берілген)  мүлік  бойынша  табыстар  мен  шығыстар  жөніндегі,  кіру  жарналары 

жөніндегі,  мүшелік  жарналар  жөніндегі  ақпаратты  қамтуы  мүмкін.  Осы  қосымшаның  нысаны  өтеусіз 

мүлікті  берген  және  алған  тұлғалар  бойынша,  кіру  жарналарын,  мүшелік  жарналарды  енгізген  және  алған 

тұлғалар бойынша белгіленуі мүмкін; 

коммерциялық емес ұйымды ұстауға жұмсалатын шығыстар жөніндегі; 

іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге жұмсалатын шығыстар жөніндегі;  



2011.21.07. № 467-ІV ҚР 

Заңымен

 3) тармақша өзгертілді (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа 

енгізілді) (

бұр.ред.қара

 

3)  жер  қойнауын  пайдалануға  арналған  келісімшарттар  немесе  өнімді  бөлу  туралы  келісімшарттар 



бойынша қызметті жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылар үшін: 

Кен орындарын әзірлеу салдарын жою қорына аударымдар жөніндегі;  

таза  табысты  бөлу  және  әрбір құрылтайшының, қатысушының үлесін сақтай отырып,  резидент заңды 

тұлғаның жарғылық капиталын ұлғайтуға бағытталған таза табыс жөніндегі;  

салық  салу  объектілері  және  (немесе)  салық  салуға  байланысты  объектілер  жөніндегі,  жер  қойнауын 

пайдалануға арналған әрбір келісімшарт бойынша корпоративтік табыс салығын жеке есептеу жөніндегі;  

салық  салу  объектілерін  және  (немесе)  салық  салуға  байланысты  объектілерді,  осы  Кодекстің 

308-1-

бабында

  көзделген  жер  қойнауын  пайдалануға  арналған  келісімшарттар  бойынша  салық  сомасын  есептеу 

ерекшеліктері жөніндегі;  

табиғи ресурстарды геологиялық зерттеуге, барлауға және өңдіруге  дайындық жұмыстарына арналған 

шығыстар  және  жер  қойнауын  пайдаланушылардың  басқа  да  шығыстары  жөніндегі  ақпаратты  қамтуы 

мүмкін; 


4)  банктер  және  лицензияның  негізінде  банк  операцияларының  жекелеген  түрлерін  жүзеге  асыратын 

ұйымдар  үшін,  сондай-ақ  мұндай  операцияларды  Қазақстан  Республикасының  заңнамалық  актілерінде 

белгіленген өкілеттіктері шегінде лицензиясыз жүзеге асыратын тұлғалар үшін:  

тауарлар,  жұмыстар,  көрсетілетін  қызметтер  түрлері  бойынша  тауарлар  өткізуден,  жұмыстар 

орындаудан, қызметтер көрсетуден түсетін табыстар жөніндегі;  

құрылған провизиялардың (резервтердің) мөлшерлерін азайтудан түсетін табыстар және провизияларды 

(резервтерді) құру бойынша шығыстар жөніндегі (осы Кодекстің 

106-бабына

 сәйкес шегерімге құқығы бар 

тұлғалар үшін); 

жеке тұлғалардың депозиттеріне кепілдік беру бойынша жарналар жөніндегі ақпаратты қамтуы мүмкін.  



2011.05.07. № 452-IV ҚР 

Заңымен

 (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (

бұр.ред.қара

)

2013.05.12. № 152-V ҚР 

Заңымен

 (2013 ж. 1 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (

бұр.ред.қара

) 4-

тармақ өзгертілді

 

4. Уәкілетті орган корпоративтік табыс салығының сомасы есеп-қисаптарының мынадай нысандарын: 



1) декларация тапсырылғанға дейінгі кезеңде төленуге жататын корпоративтік табыс салығы бойынша 

аванстық төлемдер сомасының есеп-қисабын

2) декларация тапсырылғаннан кейінгі кезеңде төленуге жататын корпоративтік табыс салығы бойынша 

аванстық төлемдер сомасының есеп-қисабын; 

3)  резиденттің  табысынан  төлем  көзінен  ұсталатын  корпоративтік  табыс  салығы  бойынша  есеп-

қисапты; 

4)  бейрезиденттің  табысынан  төлем  көзінен  ұсталатын  корпоративтік  табыс  салығы  бойынша  есеп-

қисапты бекітеді. 

5.  Осы  баптың  4-тармағының  1),  2)  тармақшаларында  көрсетілген  есеп-қисаптар  ағымдағы  салық 

кезеңінде  корпоративтік  табыс  салығы  бойынша  аванстық  төлемдердің  сомасын  есептеуге  арналған  және 



оны осы Кодексте корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдердің сомасын есептеу және төлеу 

бойынша міндеттеме белгіленген салық төлеушілер табыс етеді.  

6.  Осы  баптың  4-тармағының  3),  4)  тармақшаларында  көрсетілген  есеп-қисаптарды  салық  агенттері 

салықтық бақылау мақсатына орай пайдаланылатын салық міндеттемесін есептеу туралы ақпаратты көрсету 

үшін табыс етеді. 

Резиденттің  табысынан  төлем  көзінен  ұсталатын  корпоративтік  табыс  салығы  бойынша  есеп-қисапқа 

қосымшаның нысанында табыс алушылар бойынша мынадай: 

1) төленетін табыс сомасы; 

2) төленген табыс сомасы; 

3) корпоративтік табыс салығының мөлшерлемесі; 

4) төлем көзінен ұсталатын салық сомасы; 

5) іс жүзінде төленген салық сомасы туралы ақпарат қамтылуы мүмкін. 

Бейрезиденттің  табысынан  төлем  көзінен  ұсталатын  корпоративтік  табыс  салығы  бойынша  есеп-

қисапқа қосымшаның нысанында табыс алушылар бойынша мынадай: 

1) салық төлеуші туралы жалпы сәйкестендіру деректері; 

2)  салық  салу  объектілері,  оның  ішінде  халықаралық  шартқа  сәйкес  салық  салудан  босатылған  салық 

салу объектілері туралы; 

3) салық мөлшерлемесі туралы; 

4) халықаралық шарттарды қолдану туралы; 

5) Қазақстан Республикасында қызметті жүзеге асыру кезеңі туралы; 

6)  осы  Кодекске  немесе  халықаралық  шартқа  сәйкес  есептелген  салық  сомасы  туралы  ақпарат 

қамтылуы мүмкін. 



Каталог: upload -> medialibrary
upload -> Нұржан Қуантайұлы алаш Орда баспасөзі және жүсіпбек аймауытұЛЫ
upload -> Жансүгіров атындағы жму хабаршысы №4 /2012
upload -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
upload -> Л т т ы о а м д ы – с а я с и ж у р н а л журнал 1976 жылы Халықтар Достығы орденімен, 2002 жылы Қазақстан Журналистика Академиясының «Алтын Жұлдыз», 2008 жылы Қазақстан Журналистер Одағының сыйлығымен марапатталды
medialibrary -> «Мұнайшы» қоғамдық қоры
medialibrary -> Сақтау мерзімдерін көрсете отырып, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар қызметінде жасалатын үлгілік құжаттар тізбесін бекіту туралы
medialibrary -> Сақтау мерзімдерін көрсете отырып, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар қызметінде жасалатын үлгілік құжаттар тізбесін бекіту туралы

жүктеу 13.83 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   126




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет