Кодексі салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы



жүктеу 13.83 Mb.
Pdf просмотр
бет125/126
Дата28.04.2017
өлшемі13.83 Mb.
түріКодекс
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   126

48  бабына

  сәйкес  660-баптың  қолданылуы  2012  жылдың  1  қаңтарына 

дейін тоқтатылды 

 

660-бап. Салық төлеуші сұрау салған құжат дайындығының жай-күйін қарауға қол жеткізуі үшін 



терминалдар  желісін дамыту 

1. Салық органдары салық төлеушілерге (салық агенттеріне) сұрау салынған құжаттың: 

1) 2014.16.05. № 203-V ҚР 

Заңымен

 алып тасталды 



(ресми 

жарияланған

 күнінен кейін алты ай өткен 

соң қолданысқа енгізілді) (

бұр.ред.қара

 

2) салық міндеттемелерін орындау бойынша бюджетпен есеп айырысулардың жай-күйі туралы дербес 



шоттан  көшірме  жазбаның  дайындығының  жай-күйін  қарауға  қол  жеткізуді  ұсыну  үшін  терминалдар 

желісін дамытуды қамтамасыз етеді. 

2.  Салық  төлеуші  (салық  агенті)  сұрау  салған  құжат  дайындығының  жай-күйін  қарауға  қол  жеткізу 

салық органдарында орнатылған терминалдар арқылы беріледі. 

3. Терминалдарға қол жеткізу жұмыс күндері жүргізіледі.  

  

661-бап.  Салық  міндеттемесін  орындау  бойынша  бюджетпен  есеп  айырысуды  жүзеге  асыру 



тәртібі туралы мәліметтерді  табыс ету 

Салық  органдары  салық  төлеушілерге  (салық  агенттеріне)  төлем  құжатын  толтыру  тәртібі  туралы, 

төлем  құжатын  толтыруға  қажетті  деректемелер  туралы  мәліметтерді  қоса  алғанда,  салық  міндеттемесін 

орындау бойынша бюджетпен есеп айырысуды жүзеге асыру тәртібі туралы мәліметтерді береді. 



  

2008.10.12   №  100-IV  ҚР  Заңның 

48  бабына

  сәйкес  662-баптың  қолданылуы  2012  жылдың  1  қаңтарына 

дейін тоқтатылды 

 

662-бап. Салық органдарының хабарламаларымен жұмыс істеуге арналған орталықтар 

1. Салық органдары осы Кодекстің 

607-бабы 2-тармағының1) және 5) тармақшаларында

 көзделген 

салық  органдарының  хабарламаларымен  жұмыс  істеуге  арналған  орталықтар  желісін  құруды  және 

дамытуды қамтамасыз етеді. 

2. Аталған орталықтардың көмек көрсетуі бөлінген телефон желілері арқылы, сондай-ақ салық төлеуші 

(салық агенті) салық органына келіп жүгінген кезде тікелей көрсетіледі. 

3. Орталықтарға ақпарат алу үшін телефон желісі бойынша қоңырау соғу тегін негізде жүргізіледі. 

4. Орталықтар жұмыс күндері жұмыс істейді. 

  

663-бап. Салық органдары интернет-ресурстарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету 

1. Салық органдары  салық  төлеушілерге  (салық агенттеріне) интернет-ресурс  арқылы  ақпаратты  тегін 

негізде алуына көмектеседі. 

2.  Салық  төлеушілердің  (салық  агенттерінің)  салық  міндеттемелерін  орындау  мәселелері  бойынша 

көмек  көрсету  салық  органдарының  интернет-ресурстарында  ақпараттық  және  нұсқаулық  материалдарын 

орналастыру жолымен жүргізіледі. 

3.  Салық  органдарының  интернет-ресурстары  тәулік  бойына  демалыс  және  мереке  күндерінде  де 

жұмыс істейді.  



  

2008.10.12   №  100-IV  ҚР  Заңның 

48  бабына

  сәйкес  664-баптың  қолданылуы  2012  жылдың  1  қаңтарына 

дейін тоқтатылды 

 

664-бап. Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, әлеуметтік аударымдарды 



төлеу, міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын аудару 

үшін  банкоматтар  желісі  мен  өзге  де  электрондық  құрылғылар  желілерін  дамытуға 

көмек (материалдық көмектен басқа) көрсету 

1. Салық органдары мынадай операцияларды жасауға: 

1)  салық  және  бюджетке  төленетін  басқа  да  міндетті  төлемдерді  төлеуді,  әлеуметтік  аударымдарды, 

міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын аударуды; 

2) бюджетке төлеуге жататын салық сомасы туралы ақпарат алуды; 

3)  салық  және  бюджетке  төленетін  басқа  да  міндетті  төлемдерді  төлеу  үшін  деректемелерімен  бірге 

төлем құжатын алуға мүмкіндік беретін банкоматтар желісі мен өзге де электрондық құрылғылар желілерін 

дамытуға көмек (материалдық көмектен басқа) көрсетеді. 

2.  Осы  баптың  1-тармағында  көрсетілген  операциялар  қоғамдық  жерлерде  орналастырылған  және 

салық  органдарымен,  банктермен  және  банк  операцияларының  жекелеген  түрлерін  жүзеге  асыратын 

ұйымдармен байланысы бар банкоматтар және өзге де электрондық құрылғылар арқылы жүргізіледі. 

  

665-бап.  Салық  органдарының  салық  төлеушілерге  (салық  агенттеріне)  олардың  салықтық  



міндеттемелерін орындауы бойынша берілетін көмек  туралы ақпаратты тарату тәртібі 

Салық органдары салық төлеушілерге (салық агенттеріне) көрсетілетін көмек туралы ақпаратты: 

1) салық органдарының офистерінде

2) бұқаралық ақпарат құралдарында ақпарат орналастыру жолымен таратады. 

  


  

21-БӨЛІМ. ТЕКСЕРУ НӘТИЖЕЛЕРІНЕ ЖӘНЕ 

САЛЫҚ ОРГАНДАРЫ ЛАУАЗЫМДЫ  АДАМДАРЫНЫҢ ӘРЕКЕТІНЕ (ӘРЕКЕТСІЗДІГІНЕ) 

ШАҒЫМ ЖАСАУ 

 

93-тарау. ТЕКСЕРУ НӘТИЖЕЛЕРІ ТУРАЛЫ  ХАБАРЛАМАҒА ШАҒЫМ ЖАСАУ ТӘРТІБІ 

  

666-бап.  тексеру  нәтижелері  туралы  хабарламаға  салық  төлеушілердің  (салық  агенттерінің) 

шағымдарын  қарайтын органдар 

1.  Осы  Кодексте  көзделген  ережелерге  сәйкес,  тексеру  нәтижелері  туралы  хабарламаға  салық 

төлеушінің (салық агентінің) шағымын қарауды салық қызметінің жоғары тұрған органы жүргізеді.  

2013.05.12.  №  152-V  ҚР 

Заңымен

  2-тармақ  жаңа  редакцияда  (2014  ж.  1  қаңтардан  бастап  қолданысқа 

енгізілді) (

бұр.ред.қара

)

 

2.  Салық  төлеушінің  (салық  агентінің)  уәкілетті  органның  тексеру  нәтижелері  туралы  хабарламаға 



шағымын  қарауды  осы  Кодекстің 

667  -  675-баптарында

  белгіленген  тәртіппен  тікелей  уәкілетті  орган 

жүргізеді. 

3. Салық төлеуші (салық агенті) тексеру нәтижелері туралы хабарламаға сотқа шағым жасауға құқылы.  

  

667-бап. Салық төлеушінің (салық агентінің) шағым беру тәртібі 

2009.30.12.  №  234-ІV  ҚР 

Заңымен

  1-тармақ  жаңа  редакцияда  (2010  жылғы  1  қаңтардан  қолданысқа 

енгiзiлдi)  (бұр.

ред

.қара);  2013.05.12.  №  152-V  ҚР 

Заңымен

  1-тармақ  өзгертілді  (2014  ж.  1  қаңтардан 

бастап қолданысқа енгізілді) (

бұр.ред.қара

)

 

1.  Салық  төлеушiнің  (салық  агентінің)  тексеру  нәтижелері  туралы  хабарламаға  шағымы  салық 



төлеушiге  (салық агентіне)  хабарлама  тапсырылған  күннен  кейінгі күннен бастап отыз жұмыс күнi iшiнде 

салық қызметінің жоғары тұрған органына берiледi. 

Бұл ретте салық төлеушi (салық агентi) шағымның көшiрмесiн салықтық тексеру жүргiзген салық 

органына жiберуге тиiс. 

Салық органына шағым беру күнi оны беру тәсiлiне қарай: 

1) өзi келу тәртібімен - салық органдары шағымды алған күн; 

2)  почтамен  -  почтаның  немесе  өзге  де  байланыс  ұйымының  қабылдау  туралы  белгiсi  қойылған  күн 

болып табылады. 

2.  Осы  баптың  1-тармағында  белгіленген  мерзімді  дәлелді  себеппен  өткізіп  алған  жағдайда  шағым 

беруші  салық  төлеушінің  (салық  агентінің)  өтініші  бойынша  шағымды  қараушы  жоғары  тұрған  салық 

органы бұл мерзімді қалпына келтіруі мүмкін. 

2012.26.12. № 61-V ҚР 

Заңымен

  3-тармақ  өзгертілді  (2013  ж.  1  қаңтардан  бастап  қолданысқа  енгізілді) 

(

бұр.ред.қара

)

 

3. Жоғары тұрған салық органы шағым берудің өткізіп алған мерзімін қалпына келтіру мақсатында оған 



қатысты  салықтық  тексеру  жүргізілген  жеке  тұлғаның,  сондай-ақ  салық  төлеушінің  (салық  агентінің) 

басшысының  және  (немесе)  бас  бухгалтерінің  (ол  болған  жағдайда)  уақытша  еңбекке  жарамсыздығын 

дәлелді себеп ретінде таниды. 

Осы  тармақтың  ережесі  оған  қатысты  салықтық  тексеру  жүргізілген  жеке  тұлғаларға,  сондай-ақ 

ұйымдық  құрылымы  жоғарыда  көрсетілген  тұлғалар  болмаған  кезде  олардың  орнын  ауыстыратын 

тұлғалардың болуын көздемейтін салық төлеушілерге (салық агенттеріне) қолданылады. 

Бұл ретте, салық төлеуші (салық агенті) шағым берудің өткізіп алған мерзімін қалпына келтіру туралы 

өтінішке осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген адамдардың уақытша еңбекке жарамсыздық кезеңін 

растайтын  құжатты  және  осындай  салық  төлеушінің  (салық  агентінің)  ұйымдық  құрылымын  белгілейтін 

құжатты қоса беруге тиіс. 



2012.26.12.  №  61-V  ҚР 

Заңымен

  4-тармақ  жаңа  редакцияда  (2013  ж.  1  қаңтардан  бастап  қолданысқа 

енгізілді) (

бұр.ред.қара

)

 

4.  Шағым  берудің  өткізіп  алған  мерзімін  жоғары  тұрған  салық  органының  қалпына  келтіруі  туралы 



салық төлеушінің (салық агентінің) өтініші салық төлеуші (салық агенті) шағым мен өтінішті осы баптың 3-

тармағында  көрсетілген  адамдардың  уақытша  еңбекке  жарамсыздық  кезеңі  аяқталған  күннен  бастап  он 

жұмыс күнінен кешіктірмей берген жағдайда ғана қанағаттандырылады. 

2011.21.07.  №  467-ІV  ҚР 

Заңымен

  5-тармақ  өзгертілді  (2012  жылғы  1  қаңтардан  бастап  қолданысқа 

енгізілді) (

бұр.ред.қара

 

5.  Жоғары  тұрған  салық  органына  шағым  берген  салық  төлеуші  (салық  агенті)  осы  шағым  бойынша 



шешім  қабылданғанға  дейін  оны  өзінің  жазбаша  өтініші  негізінде  кері  қайтарып  ала  алады.  Салық 

төлеушінің  (салық  агентінің)  шағымды  кері  қайтарып  алуы  осы  баптың  1-тармағында  белгіленген  мерзім 

сақталған жағдайда оны қайтадан шағым беру құқығынан айырмайды. 

Салық төлеушінің (салық агентінің) тақырыптық тексеру жүргізуді тағайындаған күннен бастап шағым 

бойынша шешім шығарылғанға дейінгі кезеңде шағымды қайтарып алуды жүргізуге құқығы жоқ. 

  

668-бап. Салық төлеуші (салық агенті) шағымының нысаны мен  мазмұны 



1. Салық төлеушінің (салық агентінің) шағымы жазбаша нысанда беріледі. 

2. Шағымда:  



2009.30.12.  №  234-ІV  ҚР 

Заңымен

  1-тармақ  жаңа  редакцияда  (2010  жылғы  1  қаңтардан  қолданысқа 

енгiзiлдi) (бұр.

ред

.қара)

 

1) салық төлеушiнiң (салық агентiнiң) шағымға қол қойған күнi; 



2) шағым берілетін жоғары тұрған салық органының атауы;  

3)  шағым  беретін  тұлғаның  тегі,  аты,  әкесінің  аты  (ол  болған  жағдайда)  не  толық  атауы,  оның 

тұрғылықты жері (орналасқан жері);  

4) сәйкестендіру нөмірі;  

5) салықтық тексеру жүргізген салық органының атауы;  

6)  шағым  беруші  тұлға  өз  талаптарын  негіздейтін  мән-жайлар  және  осы  мән-жайларды  растайтын 

дәлелдер;  

7) қоса тіркелген құжаттардың тізбесі көрсетілуге тиіс. 

3. Шағымда дауды шешу үшін маңызы бар өзге де мәліметтер көрсетілуі мүмкін. 

4. Шағымға салық төлеуші (салық агенті) не оның өкілі болып табылатын адам қол қояды. 

5. Шағымға: 

1) 2014.28.11. № 257-V ҚР 



Заңымен

 алып тасталды 



(2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) 

(

бұр.ред.қара

 

2) салық төлеуші (салық агенті) өз талаптарын негіздейтін мән-жайларды растайтын құжаттар;  



3) іске қатысы бар өзге де құжаттар қоса тіркеледі. 

  

669-бапШағымды қараудан бас тарту 

1. Жоғары тұрған салық органы: 

1)  салық  төлеуші  (салық  агенті)  шағымын  осы  Кодекстің 



667-бабының  1-тармағында

  белгіленген 

шағым жасау мерзімін өткізіп алып берген; 

2) салық төлеушінің (салық агентінің) шағымының нысаны мен мазмұны осы Кодекстің 



668-бабында

 

белгіленген талаптарға сәйкес келмеген; 



3) салық төлеуші (салық агенті) үшін шағымды оның өкілі болып табылмайтын адам берген

4)  салық  төлеуші  (салық  агенті)  шағымда  жазылған  мәселелер  бойынша  сотқа  талап-арыз  берген 

жағдайларда салық төлеушінің (салық агентінің) шағымын қараудан бас тартады. 

2009.16.11. № 200-ІV ҚР 

Заңымен

  2-тармақ  жаңа  редакцияда  (2010  ж.  1  қаңтардан  бастап  қолданысқа 

енгiзiлді)  (бұр.

ред

.қара);  2015.03.12.  №  432-V  ҚР 

Заңымен

  2-тармақ  өзгертілді  (2016  ж.  1  қаңтардан 

бастап қолданысқа енгізілді) (

бұр.ред.қара

 

2.  Осы  баптың  1-тармағының  1),  2)  және  3)  тармақшаларында  көзделген  жағдайларда  жоғары  тұрған 



салық  органы  шағым  келiп  түскен  күннен  бастап  он  жұмыс  күнi  iшiнде  салық  төлеушiнi  (салық  агентiн) 

шағымды қараудан бас тарту туралы жазбаша түрде хабарландырады. 

Осы баптың 1-тармағының 4) тармақшасында көзделген жағдайда жоғары тұрған салық органы салық 

төлеушінің (салық агентінің) сотқа  жүгіну фактісі белгіленген күннен бастап он  жұмыс күні ішінде салық 

төлеушіні  (салық  агентін)  шағымды  қараудан  бас  тарту  туралы  мұндай  бас  тартудың  себебін  көрсете 

отырып жазбаша түрде хабардар етеді. 



2009.16.11. № 200-ІV ҚР 

Заңымен

  3-тармақ  жаңа  редакцияда  (2010  ж.  1  қаңтардан  бастап  қолданысқа 

енгiзiлді) (бұр.

ред

.қара); 2015.03.12. № 432-V ҚР 

Заңымен

 3-тармақ өзгертілді (

бұр.ред.қара

 

3.  Осы  баптың  1-тармағының  1),  2)  және  3)  тармақшаларында  көзделген  жағдайларда  жоғары  тұрған 



салық  органының  шағымды  қараудан  бас  тартуы,  егер  салық  төлеушi  (салық  агентi)  жол  берiлген 

бұзушылықтарды  жойса,  оны  осы  Кодекстiң 



667-бабының  1-тармағында

  белгiленген  мерзiм  шегiнде 

қайтадан шағым беру құқығынан айырмайды. 

  

670-бап. Жоғары тұрған салық органына жіберілген шағымды қарау тәртібі 



2015.03.12.  №  432-V  ҚР 

Заңымен

  1-тармақ  жаңа  редакцияда  (2016  ж.  1  қаңтардан  бастап  қолданысқа 

енгізілді) (

бұр.ред.қара

 

1. Салық төлеушiнiң (салық агентінің) шағымы бойынша - шағым тiркелген күннен бастап отыз жұмыс 



күнiнен аспайтын мерзiмде,  ал мониторингке жататын  ірі салық төлеушілердің шағымдары  бойынша, осы 

Кодекстің 



672-бабына

  сәйкес  шағымды  қарау  мерзімдерін  ұзарту  және  тоқтата  тұру  жағдайларын 

қоспағанда, шағым тiркелген күннен бастап қырық бес жұмыс күнiнен аспайтын мерзiмде уәжделген шешiм 

шығарылады. 



2009.17.07. 

№ 188-IV

 ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.

ред

.қара)

 

2.  Жоғары  тұрған  салық  органы  салық  төлеушінің  (салық  агентінің)  шағымын  қарау  кезінде 



тақырыптық тексеру, сондай-ақ осы Кодекстің 

675-бабында

 белгіленген тәртіппен қайта қосымша  тексеру 

тағайындауға құқылы. 

2015.03.12.  №  432-V  ҚР 

Заңымен

  3-тармақ  жаңа  редакцияда  (2016  ж.  1  қаңтардан  бастап  қолданысқа 

енгізілді) (

бұр.ред.қара

 

3. Шағымды қарау мерзімі осы Кодекстің 



672-бабында

 белгіленген тәртіппен ұзартылуы және (немесе) 

тоқтатыла тұруы мүмкін. 


4. Шағым салық төлеуші (салық агенті) шағымданған мәселелер шегінде қаралады. 

2009.17.07. 

№ 188-IV

 ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.

ред

.қара)

 

5.  Салық  төлеуші  (салық  агенті)  шағымды  қарауға  салықтық  тексеру  барысында  көрсетілмеген 



құжаттарды ұсынған жағдайда жоғары тұрған салық органы мұндай құжаттардың дұрыстығын тақырыптық 

тексеру барысында анықтауға құқылы. 

6.  Жоғары  тұрған  салық  органы  салық  төлеушінің  (салық  агентінің)  шағымын  қарау  кезінде  қажет 

болған жағдайда:  

1)  салық  төлеушіге  (салық  агентіне)  және  (немесе)  салықтық  тексеру  жүргізген  салық  органына 

шағымда  жазылған  мәселелер  бойынша  жазбаша  нысанда  қосымша  ақпарат  не  түсініктеме  беру  туралы 

сұрау салу жіберуге;  

2)  осындай  органдар  мен  заңды  тұлғалардың  құзыретіне  жататын  мәселелер  бойынша  мемлекеттік 

органдарға  және  мемлекет  жүз  пайыз  қатысатын  заңды  тұлғаларға,  сондай-ақ  шетел  мемлекеттерінің 

құзыретті органдарына сұрау салу жіберуге; 

3) шағымда жазылған мәселелер бойынша салық төлеушімен (салық агентімен) кездесу өткізуге; 

2009.16.11.  №  200-ІV  ҚР 

Заңымен

  4)  тармақша  өзгертілді  (2010  ж.  1  қаңтардан  бастап  қолданысқа 

енгiзiлді) (бұр.

ред

.қара) 

 

4) салықтық тексеру жүргізуге қатысқан салық органдарының қызметкерлерінен туындаған мәселелер 



бойынша қосымша ақпарат және (немесе) түсініктеме сұратуға құқылы. 

7. Жоғары тұрған салық органының шағымды қарау бойынша өз өкілеттіктерін жүзеге асыруы кезінде 

оның  қызметіне  араласуға  және  шағымды  қарауға  қатысатын  лауазымды  адамдарға  қандай  да  бір  ықпал 

етуге тыйым салынады. 

  

671-бапШағымды қарау нәтижелері бойынша шешім шығару 

2013.05.12.  №  152-V  ҚР 

Заңымен

  1-тармақ  жаңа  редакцияда  (2014  ж.  1  қаңтардан  бастап  қолданысқа 

енгізілді) (

бұр.ред.қара

)

 

1. Салық қызметінің жоғары тұрған органы шағымды мәнi бойынша қарау аяқталған соң жазбаша түрде 



дәлелдi  шешiм  шығарады  және  оны  салық  төлеушiге  (салық  агентіне)  хабарламасы  бар  тапсырыс  хатпен 

пошта  арқылы  жiбередi  немесе  қолын  қойғызып  тапсырады,  ал  көшiрмесiн  салықтық  тексеру  жүргізген 

салық органына жібередi. 

2.  тексеру  нәтижелері  туралы  хабарламаға  салық  төлеушінің  (салық  агентінің)  шағымын  қарау 

қорытындысы бойынша жоғары тұрған салық органы мына шешімдердің бірін шығарады: 

1)  шағым  жасалған  тексеру  нәтижелері  туралы  хабарлама  өзгеріссіз,  ал  шағым  қанағаттандырусыз 

қалдырылсын;  

2)  шағым  жасалған  тексеру  нәтижелері  туралы  хабарламаның  толық  немесе  бір  бөлігінің  күші 

жойылсын.  

3.  Шағымды  қарау  нәтижелері  бойынша  шағым  жасалған  хабарламаның  бір  бөлігінің  күші  жойылған 

жағдайда салықтық тексеру жүргізген салық органы тексеру нәтижелері туралы хабарламаға және (немесе) 

хабарламаға шағымды қарау нәтижелері бойынша шығарылған жоғары тұрған салық органының шешіміне 

салық төлеушінің (салық агентінің) шағымын қарау қорытындылары туралы хабарлама шығарады және оны 

осы Кодекстің 



607-бабында

 белгіленген мерзімде салық төлеушіге (салық агентіне) жібереді. 

Осы Кодексте белгіленген негізде және тәртіппен шығарылған жоғары тұрған салық органының шешімі 

салық органдарының орындауы үшін міндетті. 



  

2015.03.12. № 432-V ҚР 

Заңымен

 672-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап 

қолданысқа енгізілді) (

бұр.ред.қара

 

672-бап. Шағымды қарау мерзімін тоқтата тұру және (немесе) ұзарту 

1. Шағымды қарау мерзімі мынадай жағдайларда: 

2009.17.07. 

№ 188-IV

 ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.

ред

.қара)

 

1) тақырыптық және қайта тақырыптық тексеру жүргізгенде - олар аяқталғанға дейін; 



2)  мемлекеттік  органдарға  және  мемлекет  жүз  пайыз  қатысатын  заңды  тұлғаларға,  сондай-ақ  шетел 

мемлекеттерінің  құзыретті  органдарына  сұрау  салулар  жіберген  кезде  жауап  алған  кезге  дейін  тоқтатыла 

тұрады. 

2. Жоғары тұрған салық органы тоқтатыла тұру себептерін көрсете отырып, шағымды қарау мерзімінің 

тоқтатыла тұратыны туралы салық төлеушіні (салық агентін) жазбаша түрде хабардар етеді. 

2015.03.12. № 432-V ҚР 

Заңымен

 3-тармақпен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа 

енгізілді) 

 

3.  Осы  Кодекстің 



670-бабының  1-тармағында

  белгіленген  шағымды  қарау  мерзімі  салық  төлеуші 

(салық агенті) шағымға қосымшалар ұсынған жағдайда он бес жұмыс күніне ұзартылады. 

  

673-бап. Жоғары тұрған салық органы шешімінің нысаны мен мазмұны 

Жоғары тұрған салық органының шағымдарды қарау нәтижелері бойынша шешімінде:  

1) шешім қабылданған күн;  

2) салық төлеушінің (салық агентінің) шағымын қараған салық органының атауы;  


3)  шағым  берген  салық  төлеушінің  (салық  агентінің)  тегі,  аты,  әкесінің  аты  (ол  болған  жағдайда)  не 

толық атауы;  

4) сәйкестендіру нөмірі; 

5) шағым жасалған тексеру нәтижелері туралы хабарламаның қысқаша мазмұны;  

6) шағымның мәні;  

7) шағым бойынша шешім шығару кезінде жоғары тұрған салық органы басшылыққа алған Қазақстан 

Республикасы заңнамасының нормаларына сілтеме жасалған негіздеме көрсетілуге тиіс. 

  

2009.16.11. № 200-ІV ҚР 



Заңымен

  674-бап  өзгертілді  (2010  ж.  1  қаңтардан  бастап  қолданысқа  енгiзiлді) 

(бұр.

Каталог: upload -> medialibrary
upload -> Нұржан Қуантайұлы алаш Орда баспасөзі және жүсіпбек аймауытұЛЫ
upload -> Жансүгіров атындағы жму хабаршысы №4 /2012
upload -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
upload -> Л т т ы о а м д ы – с а я с и ж у р н а л журнал 1976 жылы Халықтар Достығы орденімен, 2002 жылы Қазақстан Журналистика Академиясының «Алтын Жұлдыз», 2008 жылы Қазақстан Журналистер Одағының сыйлығымен марапатталды
medialibrary -> «Мұнайшы» қоғамдық қоры
medialibrary -> Сақтау мерзімдерін көрсете отырып, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар қызметінде жасалатын үлгілік құжаттар тізбесін бекіту туралы
medialibrary -> Сақтау мерзімдерін көрсете отырып, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар қызметінде жасалатын үлгілік құжаттар тізбесін бекіту туралы

жүктеу 13.83 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   126




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет