Кодексі салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы



жүктеу 13.83 Mb.
Pdf просмотр
бет100/126
Дата28.04.2017
өлшемі13.83 Mb.
түріКодекс
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   126

Заңымен

  1-1-тармақпен  толықтырылды  (2014  ж.  1  қаңтардан  бастап 

қолданысқа енгізілді)

 

1-1.  Қазақстан  Республикасында  аң  аулаған  кезде  шетелдіктер  үшін  төлемақы  сомасы  белгіленген 



мөлшерлемелерге  және  10  коэффициентіне  көбейтілген  жануарлар  саны  (су  жануарларының  жекелеген 

түрлерi үшiн салмағы) негізге алына отырып есептеледі. 



2009.16.11. № 200-ІV ҚР 

Заңымен

  2-тармақ  жаңа  редакцияда  (2010  ж.  1  қаңтардан  бастап  қолданысқа 

енгiзiлді) (бұр.

ред

.қара) 

 

2.  Төлемақы  сомасы  жануарлар  дүниесiн  пайдалануға  рұқсат  алу  орны  бойынша  бюджетке  төленедi. 



Төлем банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар арқылы аудару 

жолымен рұқсат алғанға дейiн жүргiзiледi. 

3. Төлемақының төленген сомалары қайтарылуға жатпайды. 

  


  

73-тарау. ОРМАНДЫ ПАЙДАЛАНҒАНЫ ҮШІН ТӨЛЕМАҚЫ 

  

503-бап. Жалпы ережелер 

1.  Орманды  пайдаланғаны  үшін  төлемақы  (бұдан  әрі  -  төлемақы)  мемлекеттік  орман  қорының 

учаскелерінде орманды пайдаланудың мынадай түрлері үшін алынады: 

1) ағаш дайындау

2) шайыр және ағаш шырындарын дайындау; 

3)  қосалқы  ағаш  ресурстарын  (ағаштар  мен  бұталардың  қабықтарын,  бұтақтарын,  томарларын, 

тамырларын, жапырақтарын, бүршіктерін) дайындау; 

4)  орманды  жанама  пайдалану  (шөп  шабу,  мал  жаю,  марал  шаруашылығы,  аң  шаруашылығы,  ара 

ұялары  мен  омарта  орналастыру,  көкөніс  шаруашылығы,  бақша  шаруашылығы  және  өзге  де  ауыл 

шаруашылығы дақылдарын өсіру, дәрілік өсімдіктер мен техникалық шикізаттар, жабайы өсетін жемістер, 

жаңғақтар, саңырауқұлақтар, жидектер және  басқа  да  тағамдық өнімдер, мүк, орман төсемдері мен түскен 

жапырақтар, қамыс дайындау және жинау); 

5) мемлекеттік орман қоры учаскелерін: 

мәдени-сауықтыру, рекреациялық, туристік және спорт мақсаттары; 

аңшылық шаруашылығы қажеттері; 

ғылыми-зерттеу мақсаттары үшін пайдалану. 

2012.25.01.  №  548-IV  ҚР 

Заңымен

  6)  тармақшамен  толықтырылды  (2013  жылғы  1  қаңтардан  бастап 

қолданысқа енгізілді)

 

6) ағаш және бұта тұқымдылары мен арнайы мақсаттағы плантациялық екпелердің егілетін материалын 



өсіру үшін мемлекеттік орман қоры учаскелерін пайдалану. 

2.  Мемлекеттік  орман  қоры  учаскелерінде  орман  ресурстарын  пайдалану  тәртібі  Қазақстан 

Республикасының орман заңнамасында белгіленеді. 

3. Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман пайдалану құқығы Қазақстан Республикасының орман 

заңнамасында  белгіленген  тәртіппен  және  мерзімдерде  берілетін  ағаш  кесу  билеті  мен  орман  пайдалану 

билетінің (бұдан әрі - рұқсат құжаты) негізінде беріледі. 



2012.25.01. № 548-IV ҚР 

Заңымен

 4-тармақ жаңа редакцияда (

бұр.ред.қара

)

 

4.  Мемлекеттiк  орман  иеленушiлер:  жергілікті  атқарушы  органдардың  орман  шаруашылығы 



мемлекеттік  мекемелері;  орман  шаруашылығы  саласындағы  уәкілетті  органның  орман  шаруашылығы 

мемлекеттік  мекемелері  мен  мемлекеттік  ұйымдары;  ерекше  қорғалатын  табиғи  аумақтар  саласындағы 

уәкілетті  органның  табиғат  қорғау  мекемелері;  көлік  саласындағы  уәкілетті  мемлекеттік  органның  және 

автомобиль  жолдары  саласындағы  уәкілетті  мемлекеттік  органның  мемлекеттік  ұйымдары  ведомстволық 

бағыныстылығына  сәйкес тоқсан сайын,  есептi тоқсаннан кейiнгi екiншi  айдың 15-iнен кешiктiрмей өзiнiң 

орналасқан  жерi  бойынша  салық  органдарына  уәкiлеттi  орган  белгiлеген  нысан  бойынша  төлемақы 

төлеушілер мен салық салу объектілері туралы мәлiметтер бередi. 

  

504-бап. Төлемақы төлеушілер 

1.  Мемлекеттік  орман  иеленушілер,  Қазақстан  Республикасының 

заңнамалық  актісінде

  белгіленген 

тәртіппен  орман  пайдалану  құқығын  алған  жеке  және  заңды  тұлғалар  төлемақы  төлеушілер  болып 

табылады. 

2.  Қазақстан  Республикасының 

Жер  кодексіне

  сәйкес  орман  өсіру  үшін  нысаналы  мақсатта  өз 

меншігіндегі немесе ұзақ мерзімді жер пайдалану құқығындағы жеке орман қорының учаскелерінде орман 

пайдалануды жүзеге асыратын жеке орман иеленушілер төлемақы төлеушілер болып табылмайды. 

  

505-бапСалық салу объектісі 

Мыналарды: 

1)  көшеттердің  құрамы  мен  нысанына  күтім  жасау  үшін  кесуді,  сондай-ақ  оның  жас  талдарының 

толықтығын реттеуді (жарықтандыру,  тазарту) және  құндылығы шамалы  ағаш көшеттерін қайта жөндеуге 

және  ландшафттарды  қалыптастыруға  байланысты  кесуді  жүзеге  асыру  кезінде  түбірімен  босатылатын 

сүрек көлемін; 

2) ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін алынған ағаш ресурстарының, шайырдың, қосалқы орман 

ресурстарының  көлемін  қоспағанда,  пайдалануға  берілетін  орман  пайдаланудың  көлемі  және  (немесе) 

мемлекеттік  орман  қоры  учаскелерінің,  оның  ішінде  ерекше  қорғалатын  табиғи  аумақтардағы  алаңы 

төлемақы салу объектісі болып табылады. 

  

Заңымен'>506-бап. Төлемақы мөлшерлемелері 

2009.16.11. № 200-ІV ҚР 

Заңымен

 1-тармақ өзгертілді (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) 

(бұр.

ред

.қара) 

 

1.  Осы  баптың  2-тармағында  көрсетілгендерді  қоспағанда,  төлемақы  мөлшерлемелерін 



орман 

шаруашылығы  саласындағы  уәкілетті  мемлекеттік  орган  айқындаған  тәртіпке

  сәйкес  жергілікті 



атқарушы органдар жасаған есеп-қисаптар негізінде облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың 

және астананың жергілікті өкілді органдары белгілейді. 



2009.16.11. № 200-ІV ҚР 

Заңымен

 2-тармақ өзгертілді (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) 

(бұр.

ред

.қара) 

 

2.  Түбірiмен  босатылатын  сүрек  үшiн  төлемақы  мөлшерлемесі  республикалық  бюджет  туралы 



заңда

 

белгiленген және орманды пайдалану құқығы туындайтын тиiстi қаржы жылының бірiншi күнi қолданыста 



болған 

айлық  есептiк  көрсеткiш

  (бұдан  әрi  осы  баптың  мәтiнi  бойынша  -  АЕК)  мөлшерi  негiзге  алына 

отырып, тығыз бір текше метр үшiн айқындалады және мыналарды құрайды: 

  

Рет 



№ 

Ағаш-бұта 

тұқымдастарының 

атаулары 

Жоғарғы бөлігіндегі дің кесіндісінің 

диаметріне қарай қабықсыз кәделі сүрек 

(АЕК) 

Қабықты 


отындық сүрек 

(АЕК) 


ірі (25 

см 


және 

одан 


жуан) 

орташа 


(13-тен 

24 см-ге 

дейін) 

ұсақ 


(3-тен 

12 см-


ге 

дейін) 






1. 

Қарағай 


1,48 

1,05 


0,52 

0,21 


2. 

Шренке шыршасы 

1,93 

1,37 


0,68 

0,27 


3. 

Сібір шыршасы, майқарағай 

1,34 

0,95 


0,48 

0,16 


4. 

Самырсын 

1,19 

0,85 


0,41 

0,15 


5. 

Балқарағай 

2,67 

1,91 


0,93 

0,23 


6. 

Ағаш тектес арша 

1,79 

1,26 


0,63 

0,27 


7. 

Емен, шаған 

2,67 

1,91 


0,93 

0,41 


8. 

Жабысқақ қара қандыағаш

үйеңкі, шегіршін, жөке 

0,60 


0,42 

0,21 


0,14 

9. 


Сексеуіл 

  

  



  

0,60 


10. 

Қайың 


0,69 

0,48 


0,23 

0,16 


11. 

Көктерек, ағаш тектес тал, терек 

0,52 

0,37 


0,18 

0,11 


12. 

Грек жаңғағы, шекілдеуік 

жаңғақ 

3,24 


2,32 

1,15 


0,35 

13. 


Өрік, аққараған, алша, долана, 

шие, 


жиде, шетен, алхоры, мойыл, 

тұт ағашы, алма ағашы, өзге де 

ағаш тұқымдастар 

1,90 


1,35 

0,68 


0,23 

14. 


Ағаш тектес арша, самырсын 

  

  



0,34 

0,18 


15. 

Жыңғыл 


  

  

0,3 



0,25 

16. 


Сары қараған, бұта тектес 

талдар, шырғанақ, жүзгін, 

шеңгел және өзге де бұталар 

  

  



0,19 

0,12 


  

3. Төлемақы мөлшерлемелеріне мынадай коэффициенттер қолданылады: 

1) кеспеағаш аймағының жалпыға ортақ пайдаланылатын жолдардан қашықтығына қарай: 

10 км-ге дейін - 1,30;  

10,1 - 25 км - 1,20; 

25,1 - 40 км - 1,00; 

40,1 - 60 км - 0,75;  

60,1 - 80 км - 0,55;  

80,1 - 100 км - 0,40; 

100 км-дан астам - 0,30; 

Кеспеағаш  аймағының  жалпыға  ортақ  пайдаланылатын  жолдардан  қашықтығы  кеспеағаш  ортасынан 

жолға дейінгі қысқа аралық бойынша картографиялық материалдар бойынша айқындалады және жергілікті 

жердің бедеріне қарай мынадай коэффициенттер бойынша түзету жасалады: 

жазық бедер - 1,1; 

жоталы бедер немесе батпақты жер - 1,25; 

таулы бедер - 1,5; 



2) аралық мақсатта пайдалану үшін ағаш кесуді жүргізу кезінде - 0,6; 

3) басты мақсатта пайдалану үшін іріктеп ағаш кесуді жүргізу кезінде - 0,8; 

4) сүректі 20 градустан жоғары беткейлі тау жоталарынан босату кезінде - 0,7. 

4. Сүректі түбірімен босату кезінде пайда болған кесінді қалдықтар үшін (ұшар басынан алынған ағаш) 

төлемақы  мөлшерлемесі  осы  баптың  2-тармағында  көрсетілген  тиісті  ағаш  тұқымының  отындық  сүрегі 

мөлшерлемесінің 20 пайызы мөлшерінде белгіленеді. 

  

507-бап. Есептеу мен төлеу тәртібі 

1. Төлемақы сомасын мемлекеттік орман иеленушілер есептейді және ол рұқсат құжатында көрсетіледі. 



2009.16.11. № 200-ІV ҚР 

Заңымен

 2-тармақ өзгертілді (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) 

(бұр.

ред

.қара) 

 

2. Төленуге тиіс төлемақы мөлшері: 



сүректі  түбірімен  босатқан  кезде  -  осы  Кодекстің 

506-бабында

  белгіленген  коэффициенттерді  ескере 

отырып, орман пайдалану көлеміне және төлемақы мөлшерлемелеріне негізделе отырып; 

орман  пайдаланудың  өзге  түрлері  кезінде  -  орман  пайдалану  көлеміне  және  (немесе)  алаңына, 

облыстардың,  республикалық  маңызы  бар  қалалардың  және  астананың  жергілікті  өкілді  органдары 

белгілейтін  орман  пайдаланудың  өзге  түрлері  үшін  төлемақы  мөлшерлемелеріне  негізделе  отырып 

айқындалады. 

3.  Төлемақы  сомасы  бюджетке  орман  пайдалану  объектісі  орналасқан  жері  бойынша  мынадай 

мерзімдерде: 

1)  ұзақ  мерзімді  орман  пайдалану  кезінде  -  орман  пайдаланудың  жыл  сайынғы  көлемінің  жалпы 

сомасының тең үлестерімен тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейінгі айдың 20-сынан кешіктірілмей; 

2) қысқа мерзімді орман пайдалану кезінде - рұқсат құжаттарын алғанға дейін немесе сол күні төленеді. 

Бұл ретте рұқсат құжатында төлем құжатының деректемелері көрсетіле отырып, ақы төлеудің жүргізілгені 

туралы белгі қойылады; 

3)  түбірімен  босатылатын  сүрек  үшін  -  жазылып  берілген  ағаш  кесу  билеттері  бойынша  жылдық 

төлемақы  сомасының  тең үлестерімен тоқсан сайын есепті тоқсаннан  кейінгі айдың 15-інен кешіктірілмей 

төленеді. 

4.  Егер  сүректі  түбірімен,  шайырды,  ағаш  шырындарын  және  қосалқы  орман  ресурстарын  босату 

кезінде дайындалған сүректің, шайырдың, ағаш шырындарының және қосалқы орман ресурстарының жалпы 

көлемі  ағаш  кесу  билетінде  көзделген  көлеммен  (алаңмен)  сәйкес  келмеген  жағдайда  мемлекеттік  орман 

иеленушілер  нақты  дайындалған  көлем  үшін  төлемақы  сомасын  қайта  есептеу  жүргізеді.  Қайта  есептеу 

кезінде белгіленген төлемақы сомасы оны төлеудің кезекті мерзімінде төленеді.  

5.  Кезекті  мерзімде  кесуге  берілетін  кесілмеген  ағаштар,  сондай-ақ  өткен  жылы  кесу  басталмаған 

кеспеағаш  аймағы  үшін  төлемақы  сомасын  төлеу  осы  Кодекстің 



506-бабында

  белгіленген  тәртіппен 

жүргізіледі. 

2011.05.07.  №  452-IV  ҚР 

Заңымен___9-тармақ_жаңа_редакцияда_(2013_ж._1_қаңтардан_бастап_қолданысқа___енгізілді)_(__бұр.ред.қара'>Заңымен

  6-тармақ  өзгертілді  (2012  жылғы  1  қаңтардан  бастап  қолданысқа 

енгізілді) (

бұр.ред.қара

); 2014.29.09. № 239-V ҚР 

Заңымен

 6-тармақ жаңа редакцияда (

бұр.ред.қара

 

6.  Төлемақы  сомасын  төлеу  банктер  немесе  банк  операцияларының  жекелеген  түрлерiн  жүзеге 



асыратын  ұйымдар  арқылы  аудару  не  оны  орман  шаруашылығы  саласындағы  уәкілетті  орган  белгілеген 

нысан

 бойынша 



қатаң есептілік бланкілерінің

 негізінде мемлекеттік орман иеленушілер кассасына қолма-

қол ақша енгізу арқылы жүргізіледі. 

7.  Қолма-қол  ақшамен  қабылданған  төлемақы  сомаларын  мемлекеттік  орман  иеленушілер  кейіннен 

оларды  бюджетке  есепке  алу  үшін  ақша  қабылдау  жүзеге  асырылған  операциялық  күннен  кейінгі  күннен 

кешіктірмей  банктерге  немесе  банк  операцияларының  жекелеген  түрлерін  жүзеге  асыратын  ұйымдарға 

тапсырады.  Егер  қолма-қол  ақшаның  күн  сайынғы  түсімдері  айлық  есептік  көрсеткіштің  10  еселенген 

мөлшерінен  аз  болған  жағдайда  бюджетке  есептелетін  ақшаны  тапсыру  ақша  қабылдау  жүзеге  асырылған 

күннен кейінгі үш операциялық күнде бір рет жүзеге асырылады. 

8.  Жеке  тұлғалар  төлемақы  сомасын  қолма-қол  ақшамен  төлеген  кезде  қатаң  есептілік  бланкілеріне 

мемлекеттік орман иеленушілердің сәйкестендіру нөмірі қойылады.  

2012.26.12.  №  61-V  ҚР 

Заңымен

  9-тармақ  жаңа  редакцияда  (2013  ж.  1  қаңтардан  бастап  қолданысқа 

енгізілді) (

бұр.ред.қара

)

 

9.  Қазақстан  Республикасының  Үкіметі  немесе  орман  шаруашылығы  саласындағы  мемлекеттік 



уәкілетті  орган  Қазақстан  Республикасының  орман  заңнамасына  сәйкес  өз  құзыреті  шегінде  ағаштардың 

қурауы  мен  құрып  кету  қатерi  төнген  кезде  орман  ресурстарын  пайдалануға  тыйым  салу  туралы  шешім 

қабылдаған  жағдайларды  қоспағанда,  төленген  төлемақы  сомаларын  қайтару  немесе  есепке  жатқызу 

жүргізілмейді.  

Бұл  ретте  төленген  төлемақы  сомасын  қайтаруды  немесе  есепке  жатқызуды  төлемақы  төлеушінің 

салықтық  өтініші  бойынша  оның  мемлекеттік  орман  иеленушілер  берген,  ағаш  кесу  билетінің,  орман 

пайдалануға арналған орман билетінің пайдаланылмағанын растайтын құжатты ол тапсырғанынан кейін осы 

Кодекстің 



599

  және 


602-баптарында

  белгіленген  тәртіппен  оның  төленген  жері  бойынша  салық  органы 

жүргізеді. 

  


  

74-тарау. ЕРЕКШЕ ҚОРҒАЛАТЫН ТАБИҒИ АУМАҚТАРДЫ  ПАЙДАЛАНҒАНЫ ҮШІН 

ТӨЛЕМАҚЫ 

  

508-бапЖалпы ережелер 



2012.26.12.  №  61-V  ҚР 

Заңымен

  1-тармақ  жаңа  редакцияда  (2013  ж.  1  қаңтардан  бастап  қолданысқа 

енгізілді) (

бұр.ред.қара

)

 

1. 



Ерекше  қорғалатын  табиғи  аумақтарды

  пайдаланғаны  үшін  төлемақы  (бұдан  әрі  -  төлемақы) 

(мемлекеттік  табиғи  ескерткіштердің,  мемлекеттік  табиғи  қаумалдардың,  мемлекеттік  қорықтық 

аймақтардың аумақтарын қоспағанда), ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың сыртқы шекаралары шегінде 

Қазақстан Республикасының ерекше  қорғалатын табиғи аумақтарын  «Ерекше  қорғалатын табиғи аумақтар 

туралы»  Қазақстан  Республикасының 



Заңында

  айқындалған  ғылыми,  экологиялық-ағарту,  мәдени-ағарту, 

оқыту, туристік, рекреациялық және шектеулі шаруашылық мақсаттарда пайдаланғаны үшін алынады. 

2012.26.12. № 61-V ҚР 

Заңымен___4-тармақ_өзгертілді_(2012_жылғы_1_қаңтардан_бастап_қолданысқа___енгізілді)_(__бұр.ред.қара'>Заңымен

 1-1-тармақпен толықтырылды (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа 

енгізілді)

 

1-1. Жер учаскелерінің нысаналы мақсатына және олардың қандай да бір жер санатына жататындығына 



қарамастан,  ерекше  қорғалатын  табиғи  аумақтардың  сыртқы  шекаралары  шегіндегі  жер  учаскелерінде 

орналасқан және осы Кодекстің 1-тармағында көрсетілген мақсаттарда пайдаланылатын ерекше қорғалатын 

табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін төлемақы алынады. 

2. Табиғат қорғау ұйымдары тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 15-інен кешіктірмей өзінің 

орналасқан  жері  бойынша  салық  органдарына  уәкілетті  орган  белгілеген 

нысан

  бойынша  төлемақы 

төлеушілер мен салық салынатын объектілер туралы мәліметтер береді.  

  

509-бапТөлемақы төлеушілер 

1. Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтарын пайдаланатын жеке және заңды 

тұлғалар төлемақы төлеушілер болып табылады. 

2. Мыналар: 

елді мекендерде тұрақты тұратын және (немесе) ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың шекарасында 

орналасқан саяжай учаскелері бар жеке тұлғалар

«Ерекше  қорғалатын  табиғи  аумақтар  туралы»  Қазақстан  Республикасының 



Заңында

  айқындалған 

табиғат қорғау ұйымдары төлемақы төлеушілер болып табылмайды. 

  

510-бап. Төлемақы мөлшерлемесі 



2009.16.11. № 200-ІV ҚР 

Заңымен

  1-тармақ  жаңа  редакцияда  (2010  ж.  1  қаңтардан  бастап  қолданысқа 

енгiзiлді) (бұр.

ред

.қара) 

 

1.  Республикалық  маңызы  бар  ерекше  қорғалатын  табиғи  аумақтарды  пайдаланғаны  үшiн  төлемақы 



мөлшерлемесі  республикалық  бюджет  туралы  заңда  белгiленген  және  ерекше  қорғалатын  табиғи 

аумақтарды пайдалану қажеттілігi туындайтын тиiстi қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған 0,1 

айлық есептiк көрсеткiш (бұдан әрi осы баптың мәтiнi бойынша - АЕК) есебiнен ерекше қорғалатын табиғи 

аумақта болған әрбір күн үшiн айқындалады. 



2009.16.11. № 200-ІV ҚР 

Заңымен

 2-тармақ өзгертілді (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) 

(бұр.

ред

.қара) 

 

2.  Жергілікті  маңызы  бар  ерекше  қорғалатын  табиғи  аумақты  пайдаланғаны  үшін  төлемақы 



мөлшерлемелерін  облыстардың,  республикалық  маңызы  бар  қалалардың  және  астананың  жергілікті 

атқарушы  органдарының  ұсынысы  бойынша  облыстардың,  республикалық  маңызы  бар  қалалардың  және 

астананың жергілікті өкілді органдары белгілейді.  

  

511-бапЕсептеу мен төлеу тәртібі  

1. Осы тармақта көзделген жағдайларды қоспағанда, төлемақы сомасын белгіленген мөлшерлемелерді 

және ерекше қорғалатын табиғи аумақта болған күн санын негізге ала отырып, төлемақы төлеушілер дербес 

есептейді. 

Ерекше  қорғалатын  табиғи  аумақтардың  шекарасындағы  жер  учаскелерінің  меншік  иелері  мен  жер 

пайдаланушы жеке және заңды тұлғалар: 

1) жұмыскерлерді пайдаланған кезде - әрбір жұмыскер үшін; 

2) ерекше қорғалатын табиғи аумақта стационарлық емдеу, демалыс мекемелері, спорттық-сауықтыру 

мекемелері  болған  кезде  -  осындай  мекемелерде  болатын  әрбір  жеке  тұлға  үшін  төлемақы  енгізеді.  Жеке 

тұлға төлемақы сомасының төленгенін растайтын құжат көрсеткен кезде қайталап төлемақы алынбайды. 

2.  Төлемақы  төлеушілердің  ерекше  қорғалатын  табиғи  аумақтарды  пайдалануына  оларда 



ақы  төлеу 

туралы

 растаушы құжаттар болған жағдайда ғана жол беріледі.  

3. Төлемақы сомасы ерекше қорғалатын табиғи аумақ орналасқан жер бойынша төленеді. 

2011.05.07.  №  452-IV  ҚР 

Заңымен

  4-тармақ  өзгертілді  (2012  жылғы  1  қаңтардан  бастап  қолданысқа 

енгізілді)  (

бұр.ред.қара

);  2012.26.12.  №  61-V  ҚР 

Заңымен

  (2013  ж.  1  қаңтардан  бастап  қолданысқа 

енгізілді) (

бұр.ред.қара

); 2014.29.09. № 239-V ҚР 

Заңымен

 (

бұр.ред.қара

) 4-тармақ жаңа редакцияда

 


4.  Төлемақы  сомасын  бюджетке  төлеу  банктер  немесе  банк  операцияларының  жекелеген  түрлерiн 

жүзеге  асыратын  ұйымдар  арқылы  аудару  не  оны  бақылау-өткiзу  пункттерiнде  не  Қазақстан 

Республикасының  ерекше  қорғалатын  табиғи  аумақтар  саласындағы  заңнамалық  актiсiнде  айқындалған 

табиғат  қорғау  ұйымдары  орнататын  өзге  де  арнайы  жабдықталған  орындарда  қоршаған  ортаны  қорғау 

саласындағы  уәкілетті  орган  белгiлеген  нысан  бойынша  қатаң  есептiлiк  бланкiлерiнiң  немесе  көрсетілген 

төлемді  растайтын  бақылау-кассалық  машина,  терминалдар  чектерiнiң  негiзiнде  қолма-қол  ақша  енгiзу 

арқылы жүргiзiледi. 

2009.12.02.  №  133-ІV  ҚР 

Заңымен

  5-тармақ   өзгертілді  (2009  жылғы  1  қаңтардан  бастап  қолданысқа 

енді) (бұр.

ред

.қара)

 

5.  Қолма-қол  ақшамен  қабылданған  төлемақы  сомаларын  «Ерекше  қорғалатын  табиғи  аумақтар 



туралы»  Қазақстан  Республикасының 

Заңында

  айқындалған  табиғат  қорғау  ұйымдары  кейіннен  оларды 

бюджет  есебіне  жатқызу  үшін  ақша  қабылдау  жүзеге  асырылған  операциялық  күннен  кейінгі  күннен 

кешіктірмей  банктерге  немесе  банк  операцияларының  жекелеген  түрлерін  жүзеге  асыратын  ұйымдарға 

тапсырады.  Егер  қолма-қол  ақшаның  күн  сайынғы  түсімі  айлық  есептік  көрсеткіштің  10  еселенген 

мөлшерінен кем болса, ақшаны тапсыру, ақша қабылдау жүзеге асырылған күннен кейінгі үш операциялық 

күнде бір рет жүзеге асырылады. 

6.  Жеке  тұлғалар  төлемақы  сомасын  қолма-қол  ақшалай  төлеген  кезде  қатаң  есептілік  бланкілеріне 

«Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасының 


Каталог: upload -> medialibrary
upload -> Нұржан Қуантайұлы алаш Орда баспасөзі және жүсіпбек аймауытұЛЫ
upload -> Жансүгіров атындағы жму хабаршысы №4 /2012
upload -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
upload -> Л т т ы о а м д ы – с а я с и ж у р н а л журнал 1976 жылы Халықтар Достығы орденімен, 2002 жылы Қазақстан Журналистика Академиясының «Алтын Жұлдыз», 2008 жылы Қазақстан Журналистер Одағының сыйлығымен марапатталды
medialibrary -> «Мұнайшы» қоғамдық қоры
medialibrary -> Сақтау мерзімдерін көрсете отырып, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар қызметінде жасалатын үлгілік құжаттар тізбесін бекіту туралы
medialibrary -> Сақтау мерзімдерін көрсете отырып, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар қызметінде жасалатын үлгілік құжаттар тізбесін бекіту туралы

жүктеу 13.83 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   126




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет